Құрметті есептік кездесуге қатысушылар!



жүктеу 63.09 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі63.09 Kb.
Теңіз ауылдық округінің әкімі

А.Т. Жолмағамбеттің

2016 жылғы 20 қаңтарда

есептік кездесуде

сөйлейтін сөзінің тезистері

Құрметті есептік кездесуге қатысушылар!

2015 жыл аяқталып қалды, есептік кездесуде оның қорытындысын жасауға рұқсат етіңіздер.

Өткен жыл маңызды оқиғалармен есте қалды, оның ішінде бәрінен бұрын еліміз үшін басты уақиға – Президент сайлауы. Округте 2 учаскелік сайлау комиссиясы құрылып, жұмыс істеді. Сайлау сайлаушылардың жоғары деңгейде қатысуымен өтті.

Ел Президентінің 2015 жылдың 30 қарашасында жариялаған Жолдауы – барлық жағынан да көрнекті, рухтандыратын Жолдау. Мемлекет Басшысы өткен дағдарысты басымыздан қалайша өткізгенімізді есімізге салды және де қазіргімен күресудің лайықты жоспарын анық көрсетті. Елбасымыз халықтың күші мен еліміздің мүмкіндігі жоғары екенін және көптеген қиын жағдайдан жеңімпаз болып шығып жүргенімізді айрықша атады. Мемлекет Басшысының қазіргі Жолдауы Үкіметтің, барлық мемлекеттік құрылымдардың, бизнестің одан арғы қызметіне нақты басшылық жасайды. Президентіміз әрқайсысына мемлекеттің болашақ әл-ауқатын құру механизмін қарапайым әрі түсінікті етіп жеткізді. Ол үшін басты көмек - халқымыздың бірыңғай еркіндігі мен бірлігінің мызғымас дәстүрі болмақ.

Теңіз ауылдық округінің халқы 2016 жылғы 1 қаңтарда 911 адамды құрайды. Өткен жылы туғандар саны - 2, қайтыс болған - 9 адам.

2015 жылы ауылдық округте мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру және орындау жалғастырылды. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 1 қатысушы қаржыландырылды: ИП Чагаев А., мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша 5 сиыр сатып алды, қарыз сомасы 1 млн.теңгені құрды.



Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өндірісінде 2 ЖШС және 13 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Жаздық егіс аумағы 17349 га құрайды, егіс құрылымында 53,4% - дәнді, 46,5% - майлы дақылдар. Егіс кезеңінде жалпы алғанда 150 мм жауын-шашын түсті. Көктемгі егіс жұмыстары 10 маусымға дейін аяқталды. В 2015 жылы дәнді дақылдардың жазғы егісі 9273 мың га аумағында жүргізілді, ЖШС бойынша өнімділік - 20,4 ц/га, ш/қ бойынша - 15,8 ц\га.

Өсімдік шаруашылығы өнімділігі мен өнім сапасын арттыру үшін субсидияны округтің АШТӨ 124,7 млн теңге көлемінде алды, оның ішінде: «Азат и Д» ЖШС - 22,7 млн теңге, ТОО «АПК Group» ЖШС - 76,3 млн теңге, ШҚ – 25,7 млн теңге.

Ауылдық округ АШТӨ және тұрғындары шөп дайындауды белсенді жүргізді. Көп жылдық шөп түсімділігі 10-11 ц\га құрды. Шаруашылықтар бір жарым жылдық азық қорын жасады.

Экономикалық тұрақтылық машина-трактор паркін жаңартуға, өндіріске өз қаражаты мен қарызды инвестициялауға мүмкіндік береді. 2015 жылы «Азат и Д» ЖШС 3 «Акрос» комбайнын 50,0 млн. теңге сомасына, «Жармагамбетов Д.С.» ш/қ 2 МТЗ тракторын 6,1 млн.теңгеге сатып алды, «Тобылбаев Б.Р.» ш/қ 3,5 млн. теңге сомасына трактор, пресс-орауыш – 1,7 млн. теңге, «Шрайбер Р.В.» ЖК 5,5 млн.теңге сомасына МТЗ тракторын алды. Инвестиция 66,8 млн.теңгені құрды.

Халық шаруашылығында 01.01.2016 жылы 1090 бас ІҚМ, 503 жылқы, 1064 қой, 470 шошқа бар. Оның ішінде округтің 184 ауласы 162 мал ұстайды. Округтегі эпизоотиялық жағдай жалпы алғанда жақсы жағдайда. Мал дәрігерлік алдын алу іс-шаралар жоспары орындалды.

Тұқым жаңарту. Макишев К.К. ЖК 2015 жылы «Қарқын» ЖШС-нен әулиекөл тұқымы бұқасын алды. Жусупова А.С. ЖК 2015 жылы «Қарқын» ЖШС-нен әулиекөл тұқымы бұқасын алды. «Сыбаға» бағдарламасының қатысушысы да өндірушілерден бұқалар сатып алды.

Кәсіпкерлік. Округте 6 адам жұмыс істейтін 4 дүкен (аралас тауарлар сату) тіркелген және өз жұмысын табысты түрде жүзеге асыруда. Тұрғындардан сүт сатып алумен 1 жеке кәсіпкер айналысады.

Инфрақұрылым және абаттандыру. Елді мекендерді санитариялық тазалау және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, оның барысында ТҚҚ тастайтын жерге 1 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. «Меңдіқара 2011» ЖШС күшімен 2,8 мың куб.м. көлеміндегі қоқысты жабу жұмысы жүргізілді. 12 мемлекеттік және жеке мекеме аумағы тәртіпке келтірілді. Ағаштар отырғызылды. Округ халқы ауылды санитариялық тазалау мен абаттандыруға қатысады, жеке ауладан көң шығарылады, шарбақтарды сырлау, аулаларға іргелес аумақтарды тазарту жүргізіледі.

Қаңғырған малдар мен байланбаған иттер мәселе тудыратын жағдайлар болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін полицияның учаскелік инспекторы жануарлардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, «Емдеу» МКК қызметкерлерінің күшімен қаңғыбас иттерді ұстау және ұйықтату үнемі жүргізіледі.

Жыл ішінде әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мүгедектер қажетіне қарай бейімделді. 1 нысан бейімделді.Жұмыстар тартылған қаражат есебінен жүргізілді.

Жылыту маусымына дайындық барысында әлеуметтік нысандарды көмірмен қамту 100%-ға жетті.



Білім. Округте Теңіз негізгі мектебі жұмыс істейді, 52 бала білім алуда, мектепке дейінгі дайындыққа 6 бала қатысады. Негізгі мектепте жарты күн болатын шағын орталық бар.

Спорт. Ауылдық округтің спортшылары ауданда өткізілетін спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. Введен ауылында өткен «Тың-Целина 2015» аудандық спартакиадада жалпы командалық 9-орын алды.

Пошта. Пошталық бөлім 2 елді мекенге қызмет көрсетеді. Зейнетақы, жәрдемақы, жалақы уақытында беріледі. 2016 жылдың 1-жартыжылдығында мерзімді басылымға жазылу жүргізілді.

Денсаулық сақтау. Округте халыққа медициналық көмекті Теңіз ФАП көрсетеді, пункт кадрлармен жинақталған.

Дәріханалық пункт дәрі-дәрмекпен жеткілікті мөлшерде қамсыздандырылған. Барлық алдын алу іс-шаралары уақытында жүргізіледі, өз автокөлігі бар.



Мәдениет. Ауылдық округ аумағында 3 мәдениет мекемесі бар (2 кітапхана және 1 ауыл клубы), онда мемлекеттік мерекелер мен мерейтой күндеріне арналған іс-шаралар жүргізіледі.

Салық төлемдерін жинау. 2015 жылы салықтың барлық түрінен 468282 теңге жиналды.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың бақылау шотында 2015 жылы 291700 теңге болған.


Халықты әлеуметтік қорғау.

Теңіз ауылдық округі аумағында 102 зейнеткер, 1,2,3-топтағы 20 мүгедек, 12 көп балалы ана тұрады. Әлеуметтік қызметкер жалғыз басты және жалғыз тұратын 5 зейнеткерге қызмет көрсетеді. Жыл сайын Мемлекет балаларға және аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетеді, ауыл әкімі аппаратында халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы беру жөнінде учаскелік комиссия жұмыс істейді.


2015 жыл ішінде он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын 15 отбасы болды, оларда - 33 бала тұрады. Төленген мемлекеттік жәрдемақы 740311 теңгені құрайды.

2015 жылы 2 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстармен қамтылды.



Теңіз ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы

Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты өз жұмысын мемлекеттік мекеме туралы ереже, жұмыс тәртібі, жұмыс жоспарлары негізінде жүргізеді.

Ауылдық округ әкімімен 28 өкім қабылданды, шешімдер – жоқ, прокуратурамен қарсылық бірдірілген нормативтік актілер жоқ. Жеке және заңды тұлғалардан 2 өтініш тіркелген.

Әкім аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы 91 анықтама, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы 34 анықтама берілді. Барлық анықтамалар белгіленген мерзімде берілді.

Ауылдық округ аппаратында мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекетіне қатысты азаматтар өтініштерін жинау үшін жәшік орнатылған. Азаматтардан мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін бұзуы туралы өтініштері мен шағымдары түскен жоқ.

36 нотариалдық әрекет жасалды. Мемлекеттік баж сомасы 6857,8 теңгені құрайды.

Әскери міндеттілер және әскерге шақырушылармен жұмыс жүргізілуде.

Түрлі мемлекеттік, облыстық, аудандық бағдарламалар бойынша әзірленген Іс-шаралар жоспарлары орындалуда.



ЖШС, шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен бірге әлеуметтік нысандарды жөндеу, ардагерлер және зейнеткерлермен жұмыс жасау, қоғамдық-саяси сипаттағы мерекелер және іс-шараларды жүргізу, қыс кезеңінде жолды күтіп ұстау, азық және жанармаймен қамсыздандыру мәселелері шешілуде.
2016 жылы бізге

1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандану жолында: өсу, реформа, даму» Қазақстан халқына Жолдауын зерделеу;

2. Елді мекендерді абаттандыру жұмысын жалғастыру: билбордтарды орнату және жаңарту, көктем және күз мезгілінде ағаштарды отырғызу, спорт алаңын абаттандыру, көшелерді жарықтандыру;

3. Ауылдық тұтыну кооперативін құруда ықтимал мүдделі тұлғаларды тарту бойынша жұмысты белсендіру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет