Құрметті ауылдастар және жиналысқа қатысушылар!

Loading...


Дата10.04.2017
өлшемі40.49 Kb.
Ақтау ауылдық округінің әкімі

О.Насимуллиннің

ауылдық округ бойынша 2016 жылы

атқарылған жұмыстары

жөнінде баяндамасының желісі
Құрметті ауылдастар және жиналысқа қатысушылар!
Өткен 2016 жыл көптеген мерейлі мейрамдарға толы жыл болды. Бұл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, Желтоқсан оқиғасына 30 жыл. 2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихы ерекше. 1991 жылы 16 желтоқсанда күні көк туымыз желбіреп, тәуелсіздігін алып, исі қазақ көз жастарын ақ орамалмен сүртіп қуанышты күнді қарсы алған болатын. Міне содан бері 25 жыл болды, яғни ширек ғасыр өтті.  Қажырлы еңбектің арқасында еліміз уақыт өткен сайын өркендеп, дамып келе жатыр. Еліміздің көркеюіне әрбір азаматтың, әрбір қарапайым жұмысшының қосқан үлесі бар. Халқымызда «тірлік басқа болса да тілек бір, бармақ басқа болса да білек бір» деген сөз бар. Біздің округімізде өткен жылы өздеріңізбен бірлесіп көптеген жұмыстар атқарылды. Сіздерге атқарылған жұмыстар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

2016 жылдың наурыз айының 20-шы жұлдызында елімізде саяси науқан, яғни Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Және Маслихаттарының депуттарының сайлауы өтіп, оған ауылдық округ тұрғындары белсенділік танытып, барлығы 100% сайлауға келіп дауыс берді. Сайлаудың нәтижесі бойынша ауылымыздан Тасқала аудандық маслихатына Думан Ғазез кандидатурасын қолдап 64% пайыз, Батыс Қазақстан облыстық маслихатына Мергалиев Асқар Серікұлы кандидатурасына 78,2% пайыз, "Нұр Отан " партиясына 83% пайыз қолдап дауыс берген болатын.



Ауылдың әлеуметтік саласы:

Округ аумағында төрт елді мекен – Черная Падина, Қызылбас, Беленький, Ақтау ауылдарында – 1341 адам тұрып жатыр. Жалпы аула саны 291,  оның ішінде Ақтау ауылында – 258, Беленький елді мекенінде - 13, Черная Падина елді-мекенінде - 13, Қызылбас елді-мекенінде - 7.  Дүниеге келген балалар саны 13-ті құраса, қайтыс болған адамдар саны- 15. Округ бойынша жасына байланысты зейнеткерлер саны – 168 адам. 2 - Ұлы Отан соғысының ардагері, 3- ҰОС ардагерлерінің жесірлері, 12 – тыл еңбеккерлері, 3 – тың ардагерлері,13 – «Алтын алқалы» аналар, 11- «Күміс алқалы» аналар бар.



Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратының қызметі:

Ақтау ауылдық округі әкімі аппаратына 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан 9 өтініш түссе, олардың 7–жеке тұлғалардан, ал 2 – заңды тұлғалардан түсті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1 өтінішке (-10%) аз түскен болатын. Барлық түскен өтініштерге уақытылы жауаптар берілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны қосалқы шаруашылық туралы анықтама және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін 2016 жылы 120 адамға беріліп, 345 қызмет көрсетілді. Соның ішінде: жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру -328, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 17 қызмет көрсетілді. 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 41 мемлекеттік қызметке (+13%) артық көрсетілді.

Аппарат бойынша 83 өкім, 6 шешім шығарылды.



Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету:

2016 жылы – 28 тұлғадан өтініш түсіп, аудандық комиссия арқылы балалар жәрдемақысын 26 отбасы алса , ал атаулы әлеуметтік көмекті 1 отбасы алады.Әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істейтін 3 маман 10 еңбекке жарамсыз жалғызілікті жандар мен мүмкіндігі шектеулі  2 балаға қызмет көрсетіп, мемлекеттік, әлеуметтік, медициналық көмектен тыс қалмауына ықпал етуде. 2016 жылы «Аумақты дамыту бағдарламасы» бойынша 2 жұмыссыз аспаз мамандығы бойынша Орал қаласында 1 айлық оқу курстарында білім алып келді. Сонымен қатар 2016 жылы 46 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, ал 2015 жылы 48 адам тартылған болатын. Әлжуаз топтағы ауыл тұрғындары мен зейнеткерлер және мүгедектерді қамқорлыққа алу мақсатында, 2016 жылы 5 ақпанында ауылдың сегіз шаруа-қожалығымен екі жақты меморандумға қол қойылды.



«Өрлеу» жобасы іске асырылуда

Ақтау ауылында «Өрлеу» жобасы бойынша төрт отбасы қайтарымсыз қаржы алды. Жалпы төрт отбасының алған қаржы мөлшері 686 мың теңгені құрап отыр. Алынған қаржы есебінен әр бір отбасы жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін ірі қара мал, ұсақ мүйізді мал және үй құстарын алып, жеке шаруашылықтарын кеңейту жолында жұмыстанып жатыр.

«Қайырымдылық айлығы» аясындаАқтау ауылдық округінде тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, аз қамтылған. мүмкіндігі шектеулі жандарға және бала кезінен мүгедек балалары бар отбасыларға ауылдық округтің шаруа қожалық басшылары, ауыл тұрғындары, ауылдық мекемелер ұжымы демеушілік көрсетіп, азық-түлік өнімдерін, ұн, түрлі тәттілер, қой және шөп алып беріп, көмек көрсетті. Жұмсалған қаражаттың жалпы көлемі 398 600 теңге.



Білім беру саласы

Мектептің оқу-тәрбие жұмысы оқу жылының басында педагогикалық кеңесте бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. Мектепте 34 мұғалім еңбек етсе оның 3-і жоғары санатты, 15-сі І санатты, 9-ы ІІ санатты және 7-і санатсыз. Мектепті биыл 8 түлек аяқтап, 6-ауы ҰБТ қатысып, қорытынды 92 пайыз көрсеткішті көрсетіп, аудан бойынша 3 орынға табан тіреді. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша биылғы жылғы түлектер 2015 жылмен салыстырғанда 15,5 балл (+20%) жоғары балл жинады.

2016 жылдың наурыз айында республикалық бюджеттен 2 211 933 теңге бөлініп, соның 1 020 000 теңгесіне 17 компьютер және 280 000 теңге 4 ноутбук сатып алынып, 429 133 теңгеге 7 видеобақылау құрылғылары алынып, орнатылды. 374 000 теңгегеге интерактивті тақта және 108 800 теңгеге 1 процессор сатып алынған болатын. Мектепті ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 199 800 теңге бөлініп, мектеп ғимаратын ақтау және сырлау жұмыстары толықтай орындалды.

Аудандық білім бөлімінің №171 бұйрығы бойынша мектеп оқушыларын

жазғы демалыспен қамту үшін мектеп жанындағы «Айгөлек» демалыс лагері өз жұмысын маусымның 1 жұлдызында бастады. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен тұспа – тұс келетін салтанатты шара кезінде лагердің ашылуы өткізіліп, лагерь тәрбиеленушілеріне арналып ауылдық мәдениет үйінде концерттік бағдарлама оздырылды. «Айгөлек» демалыс лагері маусымның 1-і мен 28-і аралығында екі кезеңде жұмыс жасады. Аудандық «Шұғыла» демалыс лагерінің І,ІІ, ІІІ, ІV кезеңдеріне әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалалы жанұядан 6 оқушы жіберілді. «2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай, оқушылар арасында тарихи мәні зор,патриоттық тәрбие беретін шаралар өткізілді. Биылғы жылы мектепте аталып өтілетін маңызды мерекелік шараларды ұйымдастыруды және өткізуді мектеп директорына тапсырамын.

Мәдениет саласы бойынша

Округімізде 1 мәдениет  үйі, 3 кітапхана,1 орталықтандырылған модельдік кітапхана  жұмыс істейді Өткен жылы аталып өтілген меркелік шараларға тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ,7 наурыз күні ауылдық кітапханада өзім тыл ардагерлері мен ауылымыздың дамуы жолында ауыр қызметтер атқарған әйел-аналармен мерекелік дастархан басында кездесіп, отырыстың екінші бөлімі «Арулар асыл жандар» атты мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концерті.

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне орай, мерекелік концерт өтті. Казақстан, Достық, Жүсіпов көшелерінің тұрғындары мерекеге орай көшеге дастархан жайып, ауыл жастары өз өнерлерін көрсетіп, жәрмеңке ұйымдастырылды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне де ауылымыздың көркемөнерпаздарының «Бірлік туы әр қашанда берік болсын» атты мерекелік концерт өтті.

9 мамыр – Жеңістің 71 жылдық мерейтойына орай,. митинг өтіп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Митингтен соң мерекелік концерт пен ардагерлерге мерекелік түскі ас берілді. 1 маусым - Халықаралық балалар күніне орай, бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, суреттер салынып, концерт қойылды.



5 шілде күні Астана күні мерекесіне орай, мерекелік концерт тамашаланды. Салтанатты жиында "Нұр Отан" партиясына жаңадан қосылып жатқан 15 шаруа қожалық басшыларына партия билеттерін табысталды. Шара соңынан мерекелік концертпен аяқталды.

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, "Ата Заңым - асқақ рухым" атты салтанатты жиын мен меркелік концерт өтті

30 қараша күні Ақтау мәдениет үйінің көркем өнерпаздарының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт тамашаланды. Сонымен қатар Черная Падина,Беленький елді - мекеніне барып, тұрғындарға мерекелік концерт өткізді.

9 желтоқсан күні Ақтау ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған мәдениет үйінің көркемөнерпаздарымен ұйымдастырылған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты мерекелік концерт өтті. Ағымдағы жылы барлық мерекелік шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуді мәдениет үйі директорына тапсырамын.

Жастар арасында, ауыл тұрғындарымен өткізілген шаралар:

2016 жылдың 30 қаңтарында спорт шебері, ұстаз Досымғали Кабдешовты еске алуға арналған күрестен аудан біріншілігі өтті.

Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Ақтау мәдениет үйінде халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Сырлары жарасқан» атты жеңгелер мен қайын сіңлілердің аудандық байқауы өтті.

22 маусым - Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл толуына орай, Ақтау ауылдық модельдік кітапханасында "Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұлы Жеңістің тарихи маңызыдылығын және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында баяндамалар оқылып, видеороликтер көрсетілген болатын.

2016 жылы Орал қаласы және Тасқала ауылында ұйымдастырылған азық-түлік, ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне ауыл тұрғындары белсене атсалысып, өз өнімдерін ұсынды.

"100 Нақты көмек" жобасы аясында, 31 тамыз күні "Намыс" жастар қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен Ақтау ауылдық округі бойынша аз қамтылған 1 отбасының бүлдіршініне жаңа оқу жылына барлық оқу құралдары сатып алынып берілді.

11 қазанда Ақтау мәдениет үйінде Қайырымдылық айлығы аясында балаларға цирк көрсетілді. Соның ішінде бала кезінен мүгедек бүлдіршіндер циркті тегін тамашалаған болатын.

27 қараша күні ауылымыздың спорт белсендісі болған азамат Ахметов Өтеміс Шапенұлын еске алуға арналған ерлер арасында волейболдан жарыс өтті.

29 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауылдық округімізде шағын футбол алаңы салтанатты түрде ашылды.Ашу құрметі «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез және ауылымыздың спорт ардагері және жанашыры М.Иргалиевке берілді. Сондай-ақ облыс, аудан, ауыл деңгейінде өтетін мерекелік, спорттық шараларға, жарыстарға ауылымыздың тұрғындары қатысып, өз үлестерін қосып келеді.

«Халық денсаулығы- Қазақстанның старатегиялық мақсатарына жету үшін тартып алынбайтын табыстардың бірі».

Ауылымыздың денсаулық сақтау жүйесінде 1 дәрігерлік емхана, 2 фельдшерлік пункт бар, барлығы 7 орта медицина қызметкері жұмыс атқаруда. Скринингтік тексерістен жоспарлы түрде жүрек қантамыр, қант диабеті бойынша 103 адам өткізіліп, оның 10-ы қан қысымы бойынша және 1-еуі қан диабеті бойынша «Д» есебіне алынды. Диспансерлік бақылауда тұрған ауыл тұрғындары уақытылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп және жоспарлы күндізгі стационарлық емдерін алады. 2016 жылы 323 адам күндізгі стационарлық ем-шаралар алып, үйге шақыртып және белсенді қаралғаны 728 адам. Ауылымызда диспансерлік бақылауда 255 адам тұрады, соның ішінде қан қысымының көтерілуімен 159 адам, жүрек шиемия ауруымен 18, онкологиялық аурулар бойынша 3 адам есепте тұр. 2016 жылы флюрографиялық тексеруден жоспар бойынша 621 адам өтуге тиіс болса, тексеруден өткені 605 адам. Ауыл тұрғындарын флюрографиялық тексеруден тексеріліп тұруларына шақырамын.Ауылдық округ бойынша глаукомаға қарсы 165, өңеш пен асқазан ісік ауруларын алдын алуға 61, қуықасты безі обырын ерте анықтауға 20, жуан және жіңішке тік ішектердің ауруын алдын алуға 65 адам скринингтік тексерістен өтті. Маммографиядан 40, колькоскопиядан 36 әйел адам тексерістен өтті.

   «Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы экономикалық саясаттың негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады».

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 2 ауыл тұрғыны (И.Иргалиев пен Б.Темірбеков) 6 млн теңге көлемінде несие алып, ірі қара мал және қой шаруашылығын дамыту жолында жұмыстануда.

Ауылымызда 3 азық- түлік дүкені, 1 киім-кишек дүкені,1 наубайхана «С.Бисенгалиев» ЖК тұрмыстық-техникалық құралдарын жөндеу бойынша халыққа қызмет көрсетіп келеді.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ

Егін шаруашылығы:

Ауылдық округте 46 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 18 егін егумен,

қалғандары мал өсірумен, шөп шабумен айналысады. 2016 жылы егістік алқабы - 3721 га құраса, соның ішінде егілген: бидай -1718 га; арпа – 30 га; қара бидай - 499 га; құмай – 120 га; күнбағыс –270 га.2016 жылы егістік алқабы 2015 жылмен салыстырғанда 1202 га (-24,5%) аз егілді.

Мал азығын дайындау.

Ауылдық округ бойынша 8215 гектардан 6165 тонна өнім алынды.Мал азығын дайындауға жалпы 86 техника жұмылдырылды.



МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ақтау ауылдық округінде 2017 жылдың 1 қаңтарына мал басы статистикалық есеп бойынша ауыл тұрғындарында ірі қара мал 987 бас, ал 929 бас шаруа қожалықтарының малы. Ауыл тұрғындарында қой 1920 және ешкі 363, шаруа қожалықтары бойынша қой 1929 және ешкі 152 бас, ауыл тұрғындарында жылқы 111 бас болса, ШҚ бойынша 203, ауыл тұрғындарында құстар 1489, ШҚ бойынша 463 басты құрап тұр. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мал санағы 2016 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ІҚМ 5 басқа (+0,3%) өсті. Қой 902 басқа (+31%) өссе, ешкі 10 басқа (-1,9%) азайды, жылқы 41 басқа (+15%) өссе, құстар 93 (+5 %) басқа өсті.

Ақтау ауылдық округінде 2016 жылы ветеринарлық жұмыстар бойынша бруцеллезге қарсы 2650 бас ІҚМ, 6270 қой мен ешкі зерттеліп, зерттеу бойынша 7 ІҚМ анықталып, уақытында жойылды. 2016 жылға малдарды жұқпалы ауруларына қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп, құтырма ауруына қарсы 900 ІҚМ, 1615 бас қой мен ешкі, 290 бас жылқы егілді. Сібір жарасына қарсы 2170 ІҚМ, 3450 қой мен ешкі, 240 бас жылқы егілді. Қарасан ауруына қарсы 2500 ІҚМ егілді. Туберкулезге қарсы 3300 бас зерттеліп, пастереллез ауруына қарсы 2070 ІҚМ, 2225 қой мен ешкі, 120 бас жылқы егілді. 2016 жылы 20 бұралқы иттер ауланып жойылды.

Сібір жарасы ошағының орны қоршалды

Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Батыс Қазақстан облыстық

филиалының және Тасқала аудандық ветеринария бөлімінің қызметкерлері,

Ақтау ауылдық округіне қарасты, Беленький елді-мекенінің, Ақкүшік қыста-

ғы маңында 1967 жылы көмілген Сібір жарасының ошағының координаттарын анықтау жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде ошақ орны анықталып, қоршалды.

Мемлекет тарапынан көрсетілген көмектер

2016 жылы мемлекет тарапынан судан шөбін еккендері үшін

ШҚ басшысы Ержан Хайров 220 000 теңге, ал «Теміржан» ШҚ басшысы С.Сисенгалиева күнбағыс еккені үшін 2 160 000 теңге субсия алды. «Жемчужина Приволжия» элиталық кұздік бидай тұқымын алғаны үшін «Жәнібек» ШҚ басшысы Ержан Хайров 860 269 теңгеге және 300 га жерді гербицидпен өңдегені үшін 836 400 теңге субсидия алды. Жалпы 2016 жылы мал шаруашылығымен айналысатын 8 ШҚ («Шынбай» ШҚ, «Мақаш» ШҚ, «Жаңалық» ШҚ, «Даурен» ШҚ, «Темиржан» ШҚ, «Шағала» ШҚ, «Қорған», «Талғат» ШҚ ШҚ) 9 632 000 теңге субсидия алса, соның ішінде: асыл тұқымды бұқалар алғаны 1 694 000 теңге, ал мал басына асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін 7 938 000 теңге көлемінде мемлекеттік субсидия алды.

Абаттандыру, көгалдандыру және ауылдың санитарлық жағдайы

Көктем айында ауыл ішінен 200 тонна көң-қоқыс шығарылды. Ауыл саябағындағы теректер әктеліп, тазарту жұмыстары жүргізілді. Көктем және күз айларында тазалық акциясын жариялау жылдағы қалыптасқан дәстүрге айналып отыр. Биылғы жылы да аудан әкімінің елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту және санитарлық-экологиялық айлық өткізу туралы қаулысы негізінде, Ақтау ауылдық округі бойынша да 2016 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында «Тазалық – денсаулық кепілі» атты тазалық айлығының іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді. Тазалық айлығы аясында, ауылымыздың көркеюіне, абаттануына, ең таза мекен болуына 2016 жылы «Үздік көше» номинациясына Ардагерлер көшесі; «Үздік аула» номинациясына Жумашева Менслу. «Үздік ауыл» номинациясына Беленький ауылы ие болды. Сонымен қатар жоспарға сай, әр бейсенбі және сенбі күндері мекеме ұжымдары, жастар, ауыл тұрғындары сенбілік жұмыстарына қатысып, теректер әктеліп бапталды.



Санитарлық жағдай

Қаңтар –ақпан айлары аралығында жолды басқан қардан тазалау жұмыстарына аудан орталығынан арнайы техникалар жіберіліп, соның ішінде ауылымызға қарасты елді-мекендер бойынша қатынас жолды басқан қардан ашып, елді-мекен тұрғындарының орталыққа шығулары үшін мүмкіндіктер жасалды. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 1 жұмысшы тобы құрылып, кезекшілік кестесі бекітілді. 6 техника әзірленіп, төтенше жағдайдың алдын-алу бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, отырыстар ұйымдастырылған болатын. Жауған жауынның, еріген қардың суы өтетін арнайы құбырлар қардан тазартылып, көктемгі су тасқыны жүруі ықтимал, қауіпті жерлерді анықтап, қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар таратылып, хабарламалар ілінді. Ауылдық округ бойынша үлкен көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар ҰОС ардагерлері, қиын жағдайда қалған тұрғындардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлерінің алдындағы қарларын ашып, мүмкіндігінше жағдайлар жасалды.



Қоғамдық тәртіп

Ақтау ауылдық округі бойынша 2016 жылы ұсақ құқықбұзушылық

жасаған тұлғаларды ауылдық учаскелік инспектор тиісінше әкімшілік

жазаларға тартылып, хаттама толтырып, айыппұлдар салды.

- қоғамдық орындарда темекі шеккен 6 адам ұсталып, барлығына хаттама толтырылды.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 азаматқа аз, яғни азаматтардың құқықтық жауапкершілігінің артқандығының көрінісі.

- қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкен 17 адамға хаттама толтырылды.

- қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында 3 азаматқа ескертулер берілді.

- қоқыс қалдықтарын далаға шығармай, үйлерінің айналасына шығарып өртеген 28 ауыл тұрғынына хаттама толтырылып, ескертулер жасалды,

- иттерін байлаусыз ұстаған ауыл тұрғындарына 15 хаттама толтырылып, бір азаматқа 21210 теңге айыппұл салынып, 21210 теңге айыппұл қазіргі кезде өтелінді.Қалған азаматтарға ескертулер берілді.

- Жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзған ауыл тұрғындарына 25 хаттама толтырылды.

Барлық құқық бұзушылықтар бойынша 218 450 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 120 903 теңгесі өндірілді.Ақтау ауылдық округі бойынша ұрлық бойынша барлығы 4 қылмыс тіркеліп, 4-еуі ашылды.

Ауылдық округтегі бағдарлмаларды іске асыру

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Тәуелсіздіктің 25-жылдығы қарсаңында ауылымызда хоккей алаңының қорабы орнатылды. Хоккей алаңының қорабын орнату жұмыстарына 854,0 мың және су мұнарасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 199 мың теңге жұмсалды.Ақтау ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерінің ұсыныстары бойынша: бұлақ басына жаңадан 4 орындық орнатылды. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін 159 мың теңге бөлінген болатын.

«Ауылдық округтердегі автокөлік жолдарын қалпына келіру жұмыстарын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша, қысқы мезгілдерде Ақтау ауылдық округінің жолдарын қардан тазалау жұмыстарына 212,0 мың қаржы жұмсалсалса, өткен жылмен салыстырғанда 88 мың теңгеге аз қаржы жұмсалды.

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша Ақтау ауылында қараусыз қалған көне орыс мәйітін қоршауға 329,0 мың теңге бөлінді.



Қоғамдық келісім кеңесінің ұсынысымен ауылдың арғы бетіне қатынайтын жаяу жүргіншілер көпірі орнатылған болатын. Бұл жұмыстарға жергілікті өзін - өзі басқару, қолма - қол ақшаны бақылау шоты арқылы 155 мың теңге жұсалған болатын. Сонымен қатар, Ақтау ауылының кіре беріс жерінде ауылымыздың төлқұжаты орнатылып, бұл жұмыстарға 200,0 мың теңге жұмсалса, қоғамдық келісім кеңесінің шешімі бойынша, жергілікті өзін - өзі бақылау шоты арқылы мектеп оқушылары мен ауыл жастарына арнап спорттық киімдер (7 дана кимано, 8 дана қыздарға арналған волейбол формасы), құралдар (12 дана коньки, 12 дана клюшка, 11 дана шаңгы және 11 дана бәтеңке) сатып алынды. Осыған жұмсалған қаражат көлемі 860 000 теңге жұмсалды.

Подстанция және Набережная көшелеріндегі бөгеттерді нығайту және

қалпына келтіру жұмыстарына 411,0 мың теңге бөлініп және жұмыстар

жасалды. Ағымдағы жылдың 20 қараша күні көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ауылдың бір мәселесі, ауылдың орталық бөгеті бітелді.

Ақтау ауылының тазалығын үнемі сақтау үшін, 8 үгіт тақтайшалары орнатылды. Аталған жұмыстарды орындауға 161,0 мың теңге қаражат бөлінді.Ақтау ауылының Өмірзақов пен Ардагерлер көшелерінің жолдарына жергілікті опока төселді. Бұл екі көшеге опока төсеу үшін 200 мың теңге қаржы жұмсалған. Аталмыш жұмысты «Алиран» жеке кәсіпкерлігі жүргізді.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай шағын футбол алаңы бой көтерді. Бұл жұмыстарға 7 380 800 теңге бөлініп, «СтройЭнергоТелеком» ЖШС жайғастырды.

Есепті кезеңді қорытындылай келе, 2016 жылы ауылымызда атқарылған игі істер ауыл тұрғындарының ұсынысымен жасалынды.Жаңа объектілер ашылып, көптеген жұмыстар атқарылып, оң шешімін тапты. Ауылымыздың дамуы мен гүлденуі жолында алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. «Қашан да ішкі ынтымағы жарасқан ел озады»- демекші, ынтамағымыз мен бірлігіміз берік болсын!


Назар аударғандарыңызға рахмет!
Каталог: images -> files
files -> Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09
files -> Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
files -> Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
files -> Егемен Қазақстан
files -> «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы»
files -> Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы
files -> Регламенттерін бекіту туралы
files -> Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
files -> 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Заңның мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...