Регламенті Жалпы жағдай



жүктеу 54.27 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі54.27 Kb.

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің

қаулысымен

БЕКІТІЛДІ

«_____»_________2014ж.

№_____



ШҚ облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық наркологиялық диспансер» ШЖҚ КМК «Наркологиялық есепке алу бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету

регламенті
1.Жалпы жағдай

1. ШҚ облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық наркологиялық диспансер» ШЖҚ КМК «Наркологиялық есепке алу бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді беруші (ары қарай-мемлекеттік қызмет көрсету) ары қарай- мемлекеттік қызмет көрсету наркологиялық диспансерден (емхана, анықтама үстелі) анықтаманы қағаз түрінде тіркеушімен беру қызметін ұсынуды реттейді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – автоматтандырылмаған.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ОНД есепте тұрғандығы немесе тұрмағандығы жайлы анықтама беру болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету қызметін беруші құрылымдық бөлімшелердің әрекеті тәртібінің сипаттамасы

Мемлекеттік қызмет көрсету «Денсаулық сақтау жүйесі мен халық денсаулығы туралы» 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Кодексі негізінде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету Кодекстің 123 бабы 2 тармағына сәйкес ерікті түрде жүргізіледі және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі тізіміне енгізілмеген.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді алушылар жеке тұлғалар (ары қарай тұтынушы) болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушыға өзі тікелей келген кезде - өкілетті мекеменің ғимаратында көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1)ОНД-да есепте тұрғандығы немесе тұрмағандығы жайлы анықтама беру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету өкілетті мекемеге тікелей келген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің (анықтама беру) тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Өкілетті мекемеге тікелей келіп, мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушыда болуы керек:

- жеке басын растайтын куәлігі немесе нотариуспен бекітілген жеке куәліктің көшірмесі;

- кәмелет жасына толмаған тұлғалардың туу туралы куәлігі, заңды өкілінің қасында болуы, заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаты;

- қамқоршының жеке басын растайтын куәлігі және сотпен өз бетімен әрекет ете алмайды деп танылған тұлғалардың қамқоршылығын растайтын құжаттар.

Куәландыру үш кезеңде жүзеге асырылады:

1) тұлғаны тұрғылықты мекен-жайы бойынша наркологиялық мекемеде қадағалауда болғандығы немесе болмағандығы жайлы мәліметтер базасы бойынша тексеру;

2) дәрігер-наркологтың қарауы;

3) анықтама беру.

Деректер базасынан мәлімет алғаннан кейін қорытынды алуға келген тұлға наркологиялық куәландыруға жіберіледі.

Куәландыру өткізудің уақыты тұлғаны тұрғылықты мекен-жайы бойынша наркологиялық мекемеде қадағалауда болғандығы немесе болмағандығы жайлы деректер базасынан мәлімет алған күннен бастап 30 минутттан аспауы қажет.

Қажет болған жағдайда куәландыру нарколог-дәрігерлердің 3 адамнан кем тұрмайтын комиссиясымен өткізіледі. Куәландырудың қорытындысы анықтамада жазылады және комиссия мүшелерінің қолы қойылып мөрмен бекітіледі және дәрігерлік кеңес комиссиясының журналында тіркеледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аймағының кез келген наркологиялық мекемесінде куәландырудан өтулеріне болады.

Наркологиялық мекеме тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама алуға келген тұлғаға мекен-жайы бойынша наркологиялық мекемеге куәландырудан өтетін тұлғаның мекеме мөрімен бекітілген арызының көшірмесін бірге тіркеп 3 жұмыс күнінен кешіктірмей сұраныс қағазын рәсімдейді.

Тұлғаның динамикалық қадағалауда тұрғандығы жайлы сұранысты алған наркологиялық мекеме 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жауап жіберуі қажет.

Қорытындымен берілген анықтамалар су белгілері, гильоширлы суреттері бар қатаң үлгідегі құжат болып табылады және журналға тіркеледі.

Қорытындыны беру жауапкершілігі ҚР заңнамаларына сәйкес мекеме басшысы мен нарколог-дәрігерге жүктеледі.

Өкілетті мекемеге мемлекеттік қызмет көрсетуді тікелей алу үшін келген тұтынушының сұранысы осы стандарттың 11 тармағында көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда қанағаттандырылмайды.
Жұмыс принципі

Өкілетті мекеменің қызметі Тұтынушыға деген қарым-қатынас бойынша келесі кезеңдерде негізделеді:

1) Адамның бостандығы мен конституциялық құқығын қадағалау;

2) заңдарды қадағалау;

3) Тұтынушымен жұмыс жасаған кезде деонтология мен әдеп принциптарын қадағалау;

4) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен өз уақытында орындалуы;

5) лауазымды тұлғалар мен көрсетілетін қызметтердің жолдауларды қарастыру кезінде әділ болуы.
4. Жұмыс нәтижелері

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы аталған стандарттың 3 қосымшасына сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

Өкілетті мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты маңызы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің сәйкес бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Тұтынушының таңдауы бойынша жолдау жолымен жіберіледі:

1) тікелей денсаулық сақтау басқармасына немесе облыстық наркологиялық диспансер басшыларына.

ОНД электрондық мекен-жайы мен телефондары

1)«ОНД» ШЖҚ КМК сенім телефоны 26-04-59;

2)«ОНД» ШЖҚ КМК басшылары бас дәрігер және оның орынбасары 26-51-89

3) Ішкі аудит бойынша эксперт дәрігер 26-43-23;

4) электрондық пошта vk_ond@mail.ru

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының телефондары мен электрондық поштасы ukiechouz@mail.ru ntktajy 52-32-34.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңмен бекітілген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

Мемлекеттік қызметтің сапасыз көрсетілуіне шағымдану белгілі бір лауазымды тұлғаға немесе бір субъектіге жолдануы қажет. Жолданған шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын растайтын құжат болған жағдайда), пошталық мекен-жай, күні және тұтынушының қолы көрсетілуі керек. Жолдауды берген кезде қызметіне шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы немесе субъектінің атауы, талаптар мен жолдаудың мотиві көрсетіледі.

Қабылданған шағым Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің ақпараттарды тіркеу журналында (электронды түрде) тіркеледі және Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы «Заңды және жеке тұлғалардың жолдауларын қарастыру тәртібі туралы» заңымен бекітілген мерзімде қарастырылады. Арыз жазған адамға жолдауды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, уақыт пен күні көрсетілген талон беріледі. Жолдауды қарастыру нәтижелері жайлы ақпарат шағымданушыға пошта бойынша жазбаша түрде жолданады.


6. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

1) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін «ОНД» басшысы және жауапты атқарушысы жауапты тұлға болып табылады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сұраныс жасалған күні ұсынылады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін іс-шаралар мазмұны, соның ішінде іс-шараларды өту кезеңдері:

1) 1 әрекет - Мемлекеттік қызмет көрсету ОНД есепте тұру сұрақтары бойынша дәрігер-наркологтың міндетті түрде қарауымен және журналға тіркеумен бірге жүзеге асырылады.

2) 2 әрекет – дәрігер наркологтың кеңес беруінен кейін анықтама беріледі.



Шараның өту уақыты – 30 минут.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет