Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы « 24 » қарашадағы
№ 314 қаулысымен
бекітілген
«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
-
Жалпы ережелер
1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілетін қызметті берушісі денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – фтизиатр-дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11304) бұйрығымен бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, расталған, стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.
Анықтама «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.
Анықтаманың жарамдылық мерзімі – 10 (он) күнтізбелік күн.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
-
Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша iс-қимылды бастауға стандарттың 9 тармағында көзделген құжаттар тізбесі болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі негіз болады.
5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнiң құрамына кiретiн рәсімдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1 – іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау. Орындалу ұзақтығы– 10 (он) минут;
2 – іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында бар-жоғын тексеру. Орындалу ұзақтығы–20 (жиырма) минут;
3 – іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналына жазба енгізу. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут;
4 – іс-қимыл – фтизиатр-дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған анықтама беру. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 60 (алпыс) минуттан аспайды.
6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылдың нәтижесi «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексеру болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылдың нәтижесi мемлекеттік қызмет көрсету журналына жазба енгізу болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылдың нәтижесi фтизиатр-дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған анықтама беру болып табылады.
-
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара
iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:
1) көрсетiлетiн қызметті берушінің медициналық тіркеушісі;
2) көрсетiлетiн қызметті берушінің учаскелік фтизиатр-дәрігері.
8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:
1 – іс-қимыл – көрсетiлетiн қызметті берушінің медициналық тіркеушісі стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметті алушыдан құжаттар қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут;
2 – іс-қимыл – көрсетiлетiн қызметті берушінің учаскелік фтизиатр-дәрігері көрсетiлетiн қызметті алушының «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында бар-жоғына тексеру жүргізеді. Орындалу ұзақтығы –20 (жиырма) минут;
3 – іс-қимыл – көрсетiлетiн қызметті берушінің учаскелік фтизиатр-дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету журналына жазба енгізеді. Орындалу ұзақтығы –10 (он) минут;
4 – іс-қимыл – көрсетiлетiн қызметті берушінің учаскелік фтизиатр-дәрігері анықтамаға қол қойып, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған анықтаманы көрсетiлетiн қызметті алушыға береді. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |