Регламенті Жалпы ережелер "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "



жүктеу 122.33 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі122.33 Kb.

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


   1. Жалпы ережелер

      1. "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және аудандардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі - регламент)  1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 237 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – стандарт) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - стандарттың 1-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште тіркеу коды көрсетілген, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары бар анықтама (бұдан әрі - анықтама) немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап (бұдан әрі – бас тарту туралы дәлелденген жауап).
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға 
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде


көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініші болып табылады.


      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      анықтама алу кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы стандарттың 9–тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасы (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар топтамасын тексереді, анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты әзірлейді және оларды қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде әзірленген анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 15 (он бес) минут ішінде анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      келесі нысандар үшін анықтама алу кезінде:
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбырлар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге теміржолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттар топтамасы түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар топтамасын тексереді, анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты әзірлейді және оларды қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде әзірленген анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 15 (он бес) минут ішінде анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      анықтама алу кезінде:
      1) құжаттар топтамасын тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына жолдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
      3) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу;
      4) анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қою және тіркеуге жолдау;
      5) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру.
      келесі нысандар үшін анықтама алу кезінде:
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
      тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбырлар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге теміржолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары:
      1) құжаттар топтамасын тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына жолдау;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
      3) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу;
      4) анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапқа қол қою және тіркеуге жолдау;
      5) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде


көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:


      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі осы регламенттің 2–қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

   4. ХҚО-мен және (немесе) өзге де


көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік
қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығын сипаттау:


      1) ХҚО қызметкері 5 (бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің дұрыс толтырылуын және құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
      2) 1 - процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін ХҚО-ның қызметкерінің 1 (бір) минут ішінде ХҚО-ның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау процесі) енгізуі;
      3) 2 - процесс – ХҚО-ның қызметкерінің 2 (екі) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығаруы және ХҚО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің мәліметтерін (нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенімхатының мәліметтері толтырылмайды) енгізуі;
      4) 3 - процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұранысты 2 (екі) минут ішінде жолдауы;
      5) 1 - шарт - ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің және БНАЖ сенімхат мәліметтерінің бар болуын 1 (бір) минут ішінде тексеруі;
      6) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да мәліметтерінің және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама 2 (екі) минут ішінде қалыптастырылуы;
      7) 5 - процесс – ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) 2 (екі) минут ішінде жолдауы.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚО арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
      1) 6 - процесс - 2 (екі) минут ішінде ЭҮАШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;
      2) 2 - шарт – көрсетілетін қызметті берушінің 2 (екі) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының жалғаған құжаттар топтамасының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      3) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының 5 (бес) минут ішінде құжаттар топтамасында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру немесе көрсетілетін қызметті алушының ХҚО-ның қызметкері арқылы тиісті құжаттарды алғандығы туралы қолхат алуы;
      4) 8 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының ХҚО-ның қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (анықтама алу) алуы.
      ХҚО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-қимылдары осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен ХҚО өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын


беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті


берушілердің мекенжайлары



Атауы

Заңды мекенжайы

Байланыс телефоны

1

"Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Конаев көшесi, 70 үй

8(71136)
9-23-20

2

"Батыс Қазақстан облысы Бөрлi ауданының сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлi ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесi, 99 үй

8(71133)
2-02-57

3

"Бөкей ордасы ауданының сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесi, 31 үй

8(71140)
2-17-59

4

"Жаңақала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесi, 44 үй

8(71140)
2-18-37

5

"Батыс Қазақстан облысы Жәнiбек аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Жәнiбек ауданы, Жәнiбек ауылы, Иманова көшесi, 119 үй

8(71135)
2-14-09

6

"Зеленов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесi, 137 үй

8(71130)
2-33-79

7

"Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылы, Желтоқсан көшесi, 14 үй

8(71144)
3-16-77

8

"Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Курмангалиева көшесi, 19 үй

8(71145)
3-12-27

9

"Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Меңдалиев көшесi, 14 үй

8(71134)
3-13-43

10

"Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесi, 23 үй

8(71139)
2-15-57

11

"Теректi ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Теректiауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесi, 20 үй

8(71132)
2-31-30

12

"Шыңғырлау ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Шевцова көшесi, 18 үй

8(71137)
3-33-38

13

"Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi" мемлекеттік мекемесі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй

8(7112)
51-27-29


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет