Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

Loading...


жүктеу 93.68 Kb.
Дата28.01.2017
өлшемі93.68 Kb.
түріРегламент



Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы «30» мамырдағы

№ 124 қаулысымен бекітілген

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі – ХҚО);

2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес жетім балаға (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

ЭҮПда мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-да терминал арқылы кезек талонын алады – 15 минуттан аспайды. Нәтижесі – кезектегі реттік нөмірі;

2) ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 2 минуттан аспайды. Нәтижесі – құжаттардың толық топтамасы;

3) ХҚО қызметкері құжаттарды рәсімдеу барысында қателерді немесе Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасының толық еместігін анықтаған жағдайда, оларды кері қайтарудың себептерін жазбаша негіздей отырып, қайтарады;

4) ХҚО қызметкері анықтама беруді жүзеге асырады – 3 минуттан аспайды. Нәтижесі – анықтама.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) ХҚО қызметкері.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды рәсімдеу барысында қателерді немесе Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасының толық еместігін анықтаған жағдайда, оларды кері қайтарудың себептерін жазбаша негіздей отырып, қайтарады – 2 минуттан аспайды;

2) ХҚО қызметкері анықтаманы беруді жүзеге асырады – 3 минуттан аспайды.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет

көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті

алушы ХҚО-на Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.


Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып саналатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының мәліметтерін ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қол қойылған электрондық мәліметтер нысанында алады.
ХҚО қызметкері құжаттар түпнұсқалығының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
9. ХҚО арқылы рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы Регламентке қосымшаға (1-диаграмма) сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

10. Көрсетілетін қызметті берушінің ЭҮП арқылы және көрсетілетін қызметті алушының қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮПда жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің (ЭҮПда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен тіркелуді жүзеге асырады;

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы қызметті алу үшін ЭҮПда ЖСН мен пароль енгізу процесі (авторизациялау процесі);


3) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының тіркелгені туралы ЖСН мен пароль арқылы деректердің түпнұсқалығын ЭҮПда тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮПмен құрастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салудың нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекітуі, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 2-шарт – ЭҮПда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған)

электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының Стандартта көзделген және қызметтерді көрсету үшін негізделіп қоса берілген құжаттарын көрсетілетін қызметті берушімен тексеруі;

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭҮПмен қалыптастырылған (электрондық құжат түрінде хабарлама) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

11. ЭҮП, ХҚО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес 1, 2-диаграммаларда келтірілген.

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша 


ХҚО арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы 1 диаграмма

прямоугольник 1прямая соединительная линия 2прямая соединительная линия 3прямая соединительная линия 5прямая со стрелкой 7прямая со стрелкой 12
ХҚО
прямая соединительная линия 24 прямоугольник 27
ХҚО АЖО
прямая со стрелкой 40 прямая со стрелкой 44
3-процесс

5-процесс

6-процесс

4-процесс

ЭҮӨШ

АЖО


ЖТ МБД

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

2-процесс

7-процесс


1-процесс




загнутый угол 18



Қызмет беруші

ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық

өзара іс-қимылы 2 диаграмма
группа 1253


Шартты белгілер:



Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аяқтауыш қарапайым оқиға



Қате



Ақпараттық жүйе



Процесс




Шарт



Хабарлама ағыны




Басқару ағыны




Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат






Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аяқтауыш қарапайым оқиға



Қате



Ақпараттық жүйе



Процесс


Шарт



Хабарлама ағыны




Басқару ағыны




Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат

: media -> uploads
uploads -> «Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм-нің 2015 жылда атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер
uploads -> «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мм
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
uploads -> Аудандық әкімдіктің регламенті Жалпы ережелер
uploads -> Регламенттерін бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
uploads -> D-o-4 санаты үшін
uploads -> Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидалары
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...