Регламенті Жалпы ережелер «Наркологиялық диспансерден анықтама беру»

Loading...


жүктеу 52.09 Kb.
Дата28.03.2017
өлшемі52.09 Kb.
түріРегламент


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2014 жылғы «22» желтоқсандағы № 342 қаулысымен бекітілген



«Наркологиялық диспансерден анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет берушісі штаттық кестеде нарколог-дәрігер қарастырылған медициналық ұйымдар (бұдан әрі – қызмет беруші) болып табылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтаманы берген нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеушінің қолдары қойылған және дәрігер мен қызмет берушінің мөрімен куәландырылған, стандарттың 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналына тіркелген, наркологиялық диспансерден қағаз түрінде берілген анықтама.



  1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша iс-қимылды бастауға стандарттың 9 тармағында көзделген құжаттар тізбесі болған жағдайда, қызмет алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) қызмет берушіге жүгінуі негіз болады.

5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнiң құрамына кiретiн рәсімдердің (iс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1 іс-қимыл – қызмет алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

2 іс-қимыл – қызмет алушының диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімінде бар-жоғын тексеру. Орындалу ұзақтығы - 5 (бес) минут;

3 іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналына жазба енгізу. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

4 іс-қимыл – қызмет алушыға анықтаманы беру. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут.

Қызметті алушының қызмет берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 3 (үш) сағат.

6. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесi қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимылдың нәтижесi диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімінен тексеру болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимылдың нәтижесi мемлекеттік қызмет көрсету журналына жазба енгізу болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшiн негiз болады. Осы Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимылдың нәтижесi қызмет алушыға анықтаманы беру болып табылады.



  1. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:

1) қызмет берушінің медициналық тіркеушісі;

2) қызмет берушінің нарколог-дәрігері.

8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) сипаттамасы:

1 іс-қимыл – қызмет берушінің медициналық тіркеушісі стандарттың 9 тармағына сәйкес қызметті алушыдан (немесе сенімхат бойынша оның өкілінен) құжаттар қабылдайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

2 іс-қимыл – қызмет берушінің медициналық тіркеушісі қызмет алушының диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімінде бар-жоғын тексереді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

3 іс-қимыл – қызмет берушінің медициналық тіркеушісі мемлекеттік қызмет көрсету журналына жазба енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут;

4 іс-қимыл – қызмет берушінің медициналық тіркеушісі нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеушінің қолдары қойылған және дәрігер мен қызмет берушінің мөрімен куәландырылған анықтаманы қызмет алушыға береді. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) минут.

9. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес, әрбiр iс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

«Наркологиялық диспансерден

анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша

Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өтудің блок-схемасы

«Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2 қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы






Қызмет алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау

(5 (бес) минут)



Қызмет алушының диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімінде бар-жоғын тексеру, тіркеу журналына жазба енгізу.

(5 (бес) минут)



autoshape 94

autoshape 104
Нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеушінің қолдары қойылған және дәрігер мен қызмет берушінің мөрімен куәландырылған анықтаманы қызмет

алушыға беру.

(5 (бес) минут)


Шартты белгілер:







- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы





- қызмет алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы






- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу







: assets
assets -> Ережелер І қаза
assets -> Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама "Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "
assets -> Өндірістік оқыту шебері П. Курманов атындағы «Үздік дәнекерлеуші» атты облысаралық кәсіби шеберлік байқауының ережес І
assets -> Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09
assets -> «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік
assets -> Регламенті Жалпы ережелер «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
assets -> Регламенті Жалпы ережелер
assets -> «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Осы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...