Рефераты қызылорда, 2012ж Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік



жүктеу 245.25 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі245.25 Kb.
ӘОЖ 372.8:37.01:371.4:894.342(574.54)

Қолжазба құқығында

БАЙДІЛЛАЕВА ЖАНСАЯ ҚОЙШЫБАЙҚЫЗЫ

АБАЙ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙ-

ПІКІРЛЕРДІ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ

КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ


6М010300 – Педагогика және психология

мамандығы бойынша білім магистрі академиялық

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің «Педагогика» және «Психология» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

кандидаты, профессор Х.Е.Нұғманова

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты

С.Жанибекова

Диссертация 2012 жылдың күні сағат Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қ, Төлеби көшесі, №36, 7 оқу ғимараты, «Музыка-педагогикалық» факультеті, 4 қабат, дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің ҒТК танысуға болады.




КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жаткан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттың игіліктер негізінен тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.

Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын рухани мәдениетінімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Тәуелсіздік жолына түсіп, өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін халқымыздың ұлттық сана-сезімі мен ұлттың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Сондықтан елімізде жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанының себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу ешуақытты маңыздылығын жоймайды. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ.

Рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударуымыздың себебі де осы. Бұл процеске қоғам танушы ғалымдар–тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар мен қатар педагогтарда жан-жақты зерттеп келеді. Бәрінің мақсаты – тамыры тереңде жатқан ұлттық философиялық ой-санасының ерте дәуірлерден күні бүгінге дейінгі тарихын зерделеу, оның дамуына өріндік үлес қосу. Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың "ақтаңдақ" беттеріде ашылып рухани байлықтарымызбен төл мәдениетімізге және білім мен тәрбие беруге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отырғаны белгілі [1. 5].

Қазіргі уақытта әр саладағы Қазақстанның көрнекті ғалымдары Т.Қ.Айтқазин, Ж.Молдабеков, Т.Есімов, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, ғалым-педагогтар Т.Ә.Әлсатов, С.Қалиев, К.Қожахметова, С.Ғаббасов, Қ.Жарықбаев, К.Құнантаева, К.Шәймерденова, І.Халитова, Н.Әлқожаева, І.И.Төретаева, А.Елемесовалардың ғылыми зерттеулері мен жекелеген мақалаларында зерттелген.

Тек тәуелсіз Қазақстанда ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік туды.

Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпы ұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік байланысын қалыптастырудың, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих – халықтың зердесі, ол содан сусындап, әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын күш-қуат алады. Сондықтан да Абай мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер жас ұрпақ бойында адамгершілік, имандылық т.б. қасиеттерді қалыптастырып дамытуға, қадірлеуге, ұлттық мәдениетті дамытуға зор ықпал етеді. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, байыта түсетіні хақ.

Абай Құнанбаев мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен сайын маңызын жоймайтын зерттеудің көзі болып табылады.

Абай шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырып, оларды бүгінгі күнде жастардың адами қасиеттерін қалыптастырудың кәдесіне жаратуды көздедік.

А.Құдиярова, І.Халитова, А.Елемесов, Н.Әлқожаева зерттеулерінде Абай мұрасының тәлім-тәрбиелік жақтары туралы небір құнды пікірлер берілген. Оларды біз негізге алып, талдай келе, ғалым-педагогтардың еңбектерінде әлі де болса жеткіліксіз зерттеле қоймаған мәселені байқадық. Ол – «Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану».

Дегенмен, жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми еңбектерімен таныса келе, біз зерттеп отырған мәселе жеке-жеке қарастырылуы әлде де жеткіліксіз деп есептеп, жоғары оқу орындарындағы студенттерді Абай құндылықтарын пайдалану негізінде білім беріп, оларды кәсіби жағынан дайындауды көздедік. Бүгінгі күнде болашақ педагогтардың этнопедагогикалық білімін жетілдіру және олардың соның негізінде жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде Абай тағылымдарын тиімді пайдалану қажеттілігі арасында белгілі бір дәрежеде қайшылықтар туып отыр. Сондықтан біздің зерттеу проблемамызды айқындауға себеп болды. Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Абай Құнанбаев мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану» деп, таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігімізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде тиімді пайдалану.

Зерттеудің нысаны: жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп, талдап педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану.

Зерттеудің міндеттері:


  • Абай Құнанбаевтің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педагогикалық пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;

  • Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;

  • «Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану» атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің болжамы: егер А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми-әдістемелік жағынан негізделсе, педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде пайдаланылса, онда келешек маманның кәсіби дайындығының тиімділігіне белгілі бір дәрежеде оң ықпалын тигізеді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет теориясы, А.Құнанбаевтің философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлері, зерттеу проблемасына қатысты отандық және шетел педагог

ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының заңы, білім беру,

тәрбие тұжырымдары мен бағдарламалары.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерді оқу-тәрбиеде пайдаланудың жағдайын зерттеу, сауалнама, бақылау, эксперимент ұйымдастыру және нәтижесін қорыту.

Зерттеу көздері: А.Құнанбаевтің өлеңдері, қара сөздері, оқу орындарындағы іс-шаралар; (конференция, сұхбат, тәрбие жұмыстары т.б.)

Зерттеудің кезеңдері: тақырып анықталып, ғылыми-педагогикалық еңбектерге талдау жасалынып, педагогикалық әдістеме бойынша педагогикалық эксперимент өткізілді.(2011);

2012 жылы – эксперименттің қорытындысы жасалды, методикалық ұсыныстар жасалынып, диссертация мәтіні әдеби тұрғыда баяндау аяқталды.



Зерттеудің базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәнділігі: А.Құнанбаев шығармаларындағы философиялық, ағартушылық, діни және гуманистік ой-пікірлер талданып, оларды педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланудың мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу материалдарындағы жоғары оқу орындарында, педагогика және психология, филология, тарих мамандығында оқытуда педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы: диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, тұжырымдамалық аппараты негізделеді. «Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасы» деп аталатын бірінші тарауда Абай мұрасындағы дидактикалық ой-пікірлер; Абай шығармаларындағы тәрбие мәселелері жөнінде ой қозғалады.

Біз өз зерттеуімізде Абай мұраларын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғұламалар Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, М.Әуезов, ғалым-педагогтар Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Шәймерденова, Б.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, К.Құнантаева, Л.Халитова, А.Елемесовалардың еңбектеріне сүйендік. Аталған ғалымдар еңбектерінде ұлы ұстаздың тәлім-тәрбиелік ойлары туралы ғылыми тұжырымдар белгілі дәрежеде түрде қарастырылғандықтан, біз бұл зерттеуімізде Абайдың нақты шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың әдістемелік жолдарына тоқталуды жөн көрдік.

Абайдың дүниетанымы зерттеушілер назарын аударып, оқырман қауымның рухани қазынасына айналды. Профессор Т. Тәжібаевтың еңбектерінде Абайдың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы тұжырымдарына талдау жасалған. Ол Абайдың педагогикалық, психолиялық көзқарасын тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан жан-жақты ашып берді. Ақынның ағартушылық түрғыдағы ой-пікірлері туралы бірқатар зерттеулер жазылып, диссертациялар қорғалды. Абайдың педагогикалық көзқарасы мәселелерін арнайы тақырып етіп қозғамаса да М. О. Әуезов, Қ. Б. Жарықбаев, X. Сүйіншәлиев еңбектерінде ақынның ағартушылық тұжырымдары жайлы біршама құнды пікірлер ұшырасады. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми- теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қарасөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады. 

Абай еңбектерін педагогика, философия, психология, әдебиет, тарих тұрғысынан зерттеуші белгілі Қазақстандық ғалымдар С.Қирабаев, Х.Сүйіншәлиев, Г.Есімов, З.Ахметов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев т.б. тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің бар екендігін жан-жақты көрсетсе, Ш.Әлжанұлы, А.Көбесов, А.Дайрабаева, Т.Төретаева ақын мұрасындағы оқыту, оқу, яғни дидактика мәселелері де орын алғанын атап көрсеткен.

Абай шығармаларындағы оқу, оқыту, ғылым, білім мәселелерін бүгінгі дидактиканың талаптарымен сабақтастыруға тырыстық.

Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді.

Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деуге болады. Бұл қарасөздердің құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Әрине, қазіргі заман үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы және Абайдың сол кездегі күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныстары - ескірген. Қазіргі Бұл тұрғыдан қарасақ қарасөздердің мазмұны мен мұраттары тек тарихи жағынан бағалы болмақ. Ал, Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.

Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұны жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып отырады.

Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хикая да, тарихи эссе-очерк те табылады. Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: «...Ойыма келген нәрселерді жаза берейін... кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым» - деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады.

«Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану» деп аталатын екінші тарауда Абайдың педагогикалық ой-пікірлерін оқыту үдерісінде пайдалану; тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілді.

Абай шығармаларынан туған халқының жан дүниесі мен салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрінің лебі аңқып тұрады. Соның ішінде заманына қарай жаңадан енген халқының санасына, әдет пен ғұрпына жат қылықтармен бірге ғасырлардан бері келе жатқан кертартпалық, керенаулықты да өлтіре сынайды. Сөйтіп, халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, өнер, білім, ғылымды меңгеруге шақырады.

Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптап қарасақ, оның өз заманының озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет.

Абай Құнанбаев шығармалары педагогика ғылымының көптеген салаларына қатысты пікірлерге бай, сондықтан әлі де болса, ақын мұраларының оқу – тәрбие процесіне енгізу мәселелері жеткіліксіз есептейміз. Бұл мәселе аумағында Қ.Құнантаева, І.Халитовалар Абай мұрасы арқылы жас ұрпақтарды оқыту және тәрбиелеудің теориялық - әдіснамалық тұжырымдамасын жасады. Аталмыш ғалымдар ақын мұрасының мектепті оқытылуы мен ондағы тәрбие процесінде қолданылуын теориялық - әдіснамалық, тарихи – педагогикалық негізде қарастырған. Бұл зерттеудің құндылығын атай отырып, оның кейбір тұстарының әсіресе, жоғары оқу орнында болашақ педагогтарды кәсіби жағынан дайындалуда жеткіліксіз зерттелгендігін байқадық.

Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми-теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі -өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.

Ақынның қарасөздері мен нақылдары- ақын творчествосының елеулі саласы, өлеңдері мен мұңдас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Абайдың қарасөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп атау керек.

Болашақ педагогтарды мектепті оқу - тәрбие жұмысына дайындалуда педагогикалық пәндерді оқыту барысында Абайдың тәлім – тәрбиелік тағылымдарын тиімді пайдалану жолдарын анықтаудың мәні зор. Мұны төмендегі кесте арқылы бердік.

1-кесте. Педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланылатын Абай шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер





Р/с

Педагогика-лық пәндердің аттары

Пән бойынша тақырыптар

Абайдың еңбектерінің аттары

Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері

Абай тағылымдарын оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жолдары




1

2

3

4

5

1

Педагогика-лық мамандыққа кіріспе

- «Педагоги-калық мамандық-тың пайда болуы»;

- «педагоги-калық іс-әрекетке кәсіби дайындық»;

- «педагог тұлғасы және оның кәсіби қасиеттері»


«Сегіз аяқ», «Жас өспірім замандас қапы қалма», «Әсемпаз болма әрнеге»

- ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға;

- әрбір ғұламаның басқан ізінде бір-бір медресе жатыр;

- білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез;

- әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан, сенде бір кірпіш дүниеге тетігін тапта бар қалан.




Эссе жазу:

«Маманды-ғым – мақтаны-шым»

Абай өлеңдерін жатқа айтып, талдау жасау.







1

2

3

4

5

2

Педагогика

«Тұлға қалыптас-тыруға әсер ететін факторлар», «тәрбие мақсаттары, «эстетика-лық, адамгерші-

лік, имандылық, еңбек,

отбасы, экология тәрбиесі», «ғылым, білім, оқыту», «ақыл-ой тәрбиесі, патриоттық тәрбие», «тәрбие принцип-тері», «дидактика-ның принцип-тері», «отбасы тәрбиесі»


«Сегіз аяқ», «ғылым таппай мақтанба», «бірінші қара сөз», «он жетінші қара сөз», «он сегізінші қара сөз», «қалың елім, қазағым», «интернатта оқып жүр талай қазақ баласы», «насихат», «қыс», «жаз», «жазғы-тұрым», «ауылдың маңы терең сай», «желсіз түнде жарық ай», «жиырма жетінші қара сөзі», «оныншы қара сөзі»

- «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей,

- ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз.

- талаптан да білімнен өнер үйрен;

- білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл

- білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез;

- есектің артын жусаң да, мал тап;

- болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз,

- дүние де өзі малда өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз;

- махаббат, әділет, сезім

- кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ.

- баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.



17-ші, 18-ші, бірінші қара сөздеріне талдау жасау.

Пікірталас өткізу:

«ондай болмақ

қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз».


1-кесте (жалғасы)




1

2

3

4

5

3

Педагогика тарихы

«ХІХ ғасырдың екінші жартысын-дағы ағартушы-лар мұраларын-дағы педагогика-лық ойлар»;

«Әл-Фараби және Абай»



«10-шы қара сөзі», «37-ші қара сөзі», «25 сөз», «19-шы сөз»

- әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың;

- құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма;

- адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып адам болады.


«Адам баласы болса - бауырың» (пікірталас).

«Әл-Фараби мен Абайдың тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтас-тығы» (реферат)


1-кесте (жалғасы)




1

2

3

4

5

4

Әлеуметтік педагогика

- «Адамдар-ды әлеумет-тендіру»;

- «балалар-ды отбасын-да тәрбие-леудің негізгі шарттары»;

-«тұлғаны әлеуметтен-дірудегі мектептің рөлі»;

- «баланы еңбекке баулу».




«Сегіз аяқ», «жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «қалың елім, қазағым, қайран жұртым».

«түзу жолға мәдени прогрестік даму жолына шығу қажет», «адам баласын заман өсіреді, кімде кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі виноват»,

«атаның баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін»




«Елдің сиқын кімдер бұзады» (пікірталас).

«Дін – адамгерші-лік құралы» (шығарма).



1-кесте (жалғасы)




1

2

3

4

5

5

Педагогика-лық менеджмент

- «Мектепті басқарудың қағида-лары»;

- «білім беру жүйесіне басшылық жасау»;

- мектеп ісін басқаруға қойылатын талаптар т.б.


«24-шы сөз», «39-шы сөз», «38-шы сөз».

- Егер ісім өнсін десең ретін тап.

- биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шағады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.

- адамның адамшылығы істі бастағанды-ғынан білінеді;

- әрбір ғалым, хакім емес, әрбір хакім-ғалым;

- бас басыңа би болсаң, манар тауға симассың, басалқыңыз бар болса, жанған отқа күймессің.


«Ағайын тату болса аспандағы келер» (эссе жазу).

Тезисті аяқтау. «егер мен мектеп директоры болсам...»

Тренинг «педагоги-калық кеңес»


1-кесте (жалғасы)




1

2

3

4

5

6

Этнопедаго-гика

- «Абай шығарма-ларындағы этнопеда-гогикалық идеялар»;

- «этнопеда-гогиканың даму кезеңдері»;

-«этнопеда-гогикадағы тәрбие мақсаты, қағидалары» т.б.

- қазақтың мақал-мәтелдері



«44-шы сөз»,

«29-шы сөз»,

«24-шы сөз»,

«7-ші сөз»,

«6-шы сөз».


- Мал тапқан елдің жазығы жоқ;

- бірлік бар жерде, тірлік бар;

- ұят кімде болса, иман сонда;

- жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол;

- ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті;

- бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық;

- кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол;

- өнер алды-бірлік,

- ырыс алды-тірлік.


«Қазақтың тыйым сөздері» (реферат).

«адамгер-шілік, еңбек, иманды-лық, отансүй-гіштік» тақырып-тарына арналған шағын конкурс ұйымдас-тыру.



Болашақ мұғалімдердің Абай тәлім – тәрбиелік ойларын пайдалануға даярлықтарының деңгейін анықтау үшін қазақ тілі мен әдебиет, педагогика және психология мамандықтарында оқитын студенттерге төмендегідей сұрақтар қойдық:

1.Абай қай өлеңдерінде ғылым, білім, оқу туралы ойлар бар және олардың бірнешеуін атаңыз?

2. Абай қара сөздеріндегі тәрбие туралы ойлары қандай?

3.Абай адам мінезі туралы не деген?

4.Ұлы ақынның махаббат, табиғат, білімнің пайдасы туралы ойларына байланысты тәрбиелік іс-шаралар өткізуге даярлығыңыз қандай?

5.Абай айтқан «Толық адам» қандай болу керек?

Сауалнама арнаулы курс оқылмай тұрғанда және оқытылғаннан кейін өткізілді.
2-кесте. Болашақ мұғалімнің арнайы курстар мен семинарлар, тәрбиелік іс-шаралар бойынша оқу-тәрбие жұмысына даярлықтарының көрсеткіштері.
(Кестенің сұлбасы ғалым К.Бөлеевтің кітабынан алынды)






Педагогика және психология

Қазақ тілі және әдебиеті

Сұрақтар


Оқытылғанға дейін %

Оқытылған соң %

Оқытылғанға дейін %

Оқытылған соң %

1


11

80

17

87

2


4

74

13

91

3


6

64

14

79

4


2

77

11

86

5


7

71

11

82

"Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы тәлім – тәрбиелік ойларды педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану " атты арнаулы курс

Ж О С П А Р Ы

Д/с


Пәндердің аттары

Тақырыптар

лекция

Семи-нар

1

Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Абай шығармаларындағы педагогикалық идеялардың маңызы ақын ұстаз және оған қойылатын талаптар туралы

2

1

2

Жалпы педагогика

Абай Құнанбаев өлеңдеріндегі, қара сөздеріндегі адамгершілік, имандылық, еңбек,ақыл-ой тәрбиесі мәселелері.

2

2

3

Әлеуметтік педагогика

Абай шығармаларындағы отбасы тәрбиесі, қоршаған ортаның тәрбиеге әсері.

2

2

4

Педагогика тарихы

Абай шығармаларындағы оқу – тәрбиелік ойлардың бүгінгі ғылыми педагогиканың талаптарымен сабақтастығы.

2

2






Барлығы:


8 с





ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу барысында қол жеткен нәтиже бізге төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндіктер берді:

● жаңа қоғамымыздың әлеуметтік - саяси, экономикалық және рухани

дамуы өскелең ұрпақтың оқу мен тәрбие сапасын түпкілікті өзгертіп,

жақсартуды талап етеді;

● Абай ұстанған оқу, тәрбиелік қағидалардың қазіргі қоғам талаптарымен үндестігін байқап, жастарға ұлттық тәрбие беруді имандылық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиесін бүгінгі жас ұрпақ қажетіне жаратуды жүйелілікпен пайдалану қажет;

● зерттеу нәтижесінде Абайдың тәлім – тәрбиелік ойларын болашақ мұғалімдерді мектептегі оқу – тәрбие жұмысына дайындаудың жолдары көрсетілді;

● ақынның діни көзқарастарының тек «өз заманы үшін» ғана емес бүгінде де үлкен тәрбиелік мәні зор. М.Әуезов сөзімен айтсақ Абай діні – ол адамгершілік діні;

● ғұлама, ағартушы өзінің бүкіл өмірін қазақ елінің бірлігіне, әділдік орнатуға, зорлық – зомбылыққа жол бермеуге жұмсады десек артық айтқандық болмас;

● Абай еңбектеріндегі имандылық идеялар және ортағасырлық ойшылдар мұралармен сабақтасып, бастау алады;

● Абайша ақыл, ғылым, ар, мінез кімде басым – сол адам артық және бағалы;

ақын оқу, өнер – білімнін маңызын тек адамгершілік қасиет үшін керекті нәрсе деп қоймай, сонымен бірге, олардың адам тұрмысына, халықтың өмірі мен шаруасын керек нәрсе деп тұжырымдай, «құдайдан қорлық,пенделерден ұял, балам бала болсын десен оқыт»

● қазіргі қоғам жағдайында өзінің ата – тарихын, мәдениетін терең білетін жеке тұлғаны жан –жақты қалыптастыруда тарии білім мен тәрбие беру қажеттілігі айқындалады;

● ғұлама ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерінде дидактикалық ойлар мен тәрбиелік тұжырымдары талданып, оны болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың жолдары көрсетілді;

● Абайдың педагогикалық ой – пікірлерін жоғары оқу орындарының оқу – тәрбие процесінде жүзеге асыру мақсатында студенттер үшін «Абай Құнанбаев шығармаларындағы тәлім – тәрбиелік ойларды оқу тәрбие процесіне ендіру» атты арнайы курс бағдарламасы жасалады,ондағы тапсырмалар жүйесі студенттердің педагогикадан,психологиядан және тарихи педагогикадан алған теориялық білімдерін тәжірбием ен үйлесімді ұштастыруға мүмкіндік береді;

● «Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы педагогикалық ойларды жүзеге асыру бағдарламасы» оқу процесінде (проблемалық оқыту, іскерлік, рөлдік, т.б.), аудиториядан тыс ұйымдастырылатын іс - әрекеттерде, педагогикалық тәжірибе жинақтауда, кездесулер,дөңгелек стол, интерактивті (диалог, пікірталастар) жұмыс формасы мен әдістерін пайдалану, курстық жұмыстар, рефераттар студенттерге Абайдың педагогкалық еңбектерінен білім мен тәрбие берудегі кәсіби даярлығын қалыптастыруға және ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыруға ықпал етеді;

● зерттеу жұмысымызда Абай Құнанбаевтың еңбектерінде айқындалған тарихи – педагогикалық ой – пікірлерін бүгінгі педагогика тарихында саралап, жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби даярлығына пайдалану мүмкіндігі бар екендігіне көзіміз жетті;

● келешекте Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларындағы эстетикалық тәрбие, құқықтық және отбасы тәрбиенің проблемалары өз алдына зерттеуді талап етеді, бұлар жөнінде жұмыстар жазылып, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі мәні, маңызы жете зерттелер деген үміттеміз;

● сөз соңында миллиардтан асып кеткен Қытай халқы өздерінің ұлы ғұламасы Конфуцийдің бір өсиетін жоғалтпай елінің ұлттық саясаты етіп, ұстап отырғанда егемендкітің көк байрағы желбіреген елімізде қазақ халқы әрі ғұлама ақын, философ, әрі психолог Абай тағылымдарын ұлттық идеология етіп ұстаса артық болмас демекпіз, себебі, ақын мұрасындағы философиялық, педагогикалық, психологиялық ойлар бүгінгі күн талабымен сабақтасып жатыр.

РЕЗЮМЕ
Баидиллаева Жансая Коишибаевна

Использовать воспитывающие мысли и идеи наследия Абая в профессиональной подготовке будущих педагогов

6М010300-педагогика и психология


Актуальность иселедования

Возросший интерес к прошлому выдвинул перед историко – педагогической наукой глубокого изучения культурного наследия казахского народа, отражающего многовеновые наследия национальные традиции.

В настоящее время нам возврашены имено представителей литературных деятелей, педагогов, внесших большой вклад в дело обучения и воспитания подрастающего поколения.

По теме нашего иселедования имеется немало иссследований, которые посьяшены разным аспектам наследия выдающегося поэта казахского народа Абая Кунанбаева. Вместе с том, богатые возможносты его произведений в изучении педагогических крайне недостаточно используются в учебно – воспитательном процессе высших учебных заведениях; это опеределило выбор тему нашего исследывания.

Цель исследования: заключается в разработке теоретически обоснованной и практической опробированной методики использования педагогических идей выдающегося поэта второй половины XIX века в изучении педагогических дисциплин в вузе.

Предмет иселедования – педагогические дело – условия использования педагогического наследия Абая Кунанбаева в изучении педагогических дисциплин.

Научная новизна иселедования и теоретическая значимость исследования:



Значимость исселедования:

  • Анализированы философские, гуманистические и просветительские взгляды Абая и их возможносты воспользования в изучении педагогических дисциплин;

  • разработан спецкурс, определены и систематизированы педагогические идеи в поэзии и «словах назидания» А.Кунанбаева, их роль и значимость в педагогической теории.

Практическая значимость исследования:

- Результаты исселедования и литературное наследие Абая Кунанбаева можно использовать в профессиональной подготовке будущего педагога;

- Преподаватели вуза может использовать разработанный нами спецкурс в обучении и воспитании будущих педагогов.

RESUME
Baidillaeva ZHansaya Koishibaevna



To use nurturing thought and idea legacy Абая in professional preparation future teachers.

6М010300-pedagogy and psychology


Relevance of the study. Increased interest in the past put forward before the historical-pedagogical science study of the cultural heritage of Kazakh people, reflecting the mnogovenovye heritage of national traditions.

Now we vozvraseny owned by representatives of literary personalities, teachers who have made significant contributions to education and upbringing of the younger generation.

On our iseledovania there are many studies that pos′aseny different aspects of the heritage of an outstanding poet of the Kazakh people Abai Kunanbayev. However, the rich vozmoznosty of his works in the study of teaching very underused in the training and educational process of higher education; This is our issledyvaniâ operedelilo Select topic.

Objective: is grounded and practical methodology using oprobirovannoj pedagogical ideas of an outstanding poet of the second half of the XIX century in the study of teaching of disciplines in the University.

Object of study: teaching case-terms of use of the pedagogical heritage of Abai Kunanbayev in studying pedagogical disciplines.

Scientific novelty and theoretical significance of the study of iseledovania:



Significance of the study:

• Analyzed the philosophical, humanistic and educational views of Abai vozmoznosty and vospol′zovania in the study of teaching of disciplines;



∙ a special course, identified and systematized the teaching ideas in poetry and edifying words "A. Kunanbayev, their role and importance in pedagogical theory.

The practical significance of the study:

  • The results of a study and literary heritage of Abai Kunanbayev can be used in the training of future teachers;

  • High school teachers can use developed by us special course in teaching and educating future teachers.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет