Реферат Тақырыбы: Өртті жою Орындаған: Мырзахат а қабылдаған: Әбдісадықова т тобы: агр-18. 1 Қызылорда 2019 Жоспар

Loading...


бет2/2
Дата26.03.2020
өлшемі0.68 Mb.
түріРеферат
1   2

Өрттi сумен сөндiру


Өрт сөндiруге суды пайдалану, ең қарапайым, оңай әдiстердiң бiрi. Өрттiң жану шартына және жанып жатқан заттардың қасиетiне, түрiне байланысты суды бағытталған ағым, шашырату түрiнде пайдаланады. Үлкен қысымның әсерiмен шыққан су ағыны жалынды өшiредi. Ал суды шашыратып себу бағытталған ағымнан гөрi тиiмдiрек, себебi бұл ретте су үлкен ауқымды өшiре алады.

Өрттi көбiкпен сөндiру


Тез тұтанатын сұйықтарды, ток қуаты жүрiп тұрған қондырғыдағы өрттi сумен сөндiрмейдi, себебi электр тоғының ұру қауіпi бар. Яғни осы жағдайларда газ бен сұйықтан құрылған көбiктi пайдаланады. Көбiк, өзiнiң тығыздығы төмен болғандықтан, жанып жатқан заттардың бой-бойымен, сай-сайымен жылжи ағып, ауаның отқа келу жолын жабады әрi салқындатады.

Өрт сөндiруде көбiктiң екi түрiн пайдаланады:

- химия көбiгi – тұздардың судағы ерiтiндiлерiнен тұратын көмiрқышқыл газымен толтырылған көбiршiктер. Бұл көбiктi ПГ-50, ПН-100 деген көбiк генераторларынан тұздардың судағы құрғақ ерiтiндiсiнiң көбiк ұнтағын араластыру арқылы алады.

- ауалық-механикалық көбiк – бұл көбiк 3-5 атм қатты үш су ағымы ауа-көбiк ұнғысына келiп, көбiк шығарғышпен араласып шығады. Ауалық-механикалық көбiктi жанған кезде аса улы өнiмдердi шығаратын заттарды, тұтанғыш сұйықтарды өшiруге пайдаланады.

Көбiк генераторлары және ауалық-механикалық көбiк қондырғылары қолмен де, автоматпен де iске қосыла алады.

Өрттi газбен сөндiру


Газбен сөндiру құралдарына өртті көмiрқышқылмен және галоидтелінген көмiрсутегiмен сөндiрудi жатқызады. Сұйық түрiндегi көмiрқышқылы баллоннан шыққан соң, қар тәрiздес болып, -78,50С температурасындағы қатты күйге айналады. Ал қызған кезде лезде газ түріне қайта айналып, өз көлемiнен 400-500 есе үлкен көлемдi жабады. Көмiрқышқылы галоидтi көмiрсутегiне қарағанда заттарға да адамдарға да залалын тигiзбейдi, істеп тұрған электр қондырғыларындағы өрттердi сөндiруге жарайды.

Өрттi газбен сөндiруде төмендегі құралдарды пайдаланады:

- көмiрқышқылының автоматты қондырғыларын;

- жылжымалы көмiрқышқылы өртсөндiргiштерін;

- қол өртсөндiргiшiн.

Өрттi бумен сөндiру


Өрттi бумен сөндiру әдiсi жанып жатқан заттарға оттегiнiң келуiн шектеуге негiзделген. Будың 35 көлемдiк пайызы отқа жинақталған кезде жану тоқтайды. Өрт сөндiрудiң бұл әдiсi шағын өрттi тез сөндiруге болатын оңай әрi қолайлы әдiс болып есептеледi.

Егер өртсөндiргiш жоқ болса, үй тұрмыс жағдайында қолда бар құралдар пайдаланылады:

- су;

- құм, құм құрғақ әрi майда болу керек;



- киiз, киiз жанған затқа ауа жiбермеу үшiн, пайдаланады. Киiздiң орнына ауыр жүн, мауыты (сукно) жаймаларды, ескi пальтоларды және т.б. пайдалануға болады. Жанған жердi тез жауып, от өшкенше басып тұру керек.

Өрт сөндірудің химиялық құралдары

Өрт сөндірудің кең тараған құралдары болып: көмірқышқылы, сулағыштар, химиялық және ауалық-химиялық көбік, галойдталған көмірсутектер, түйіршікті қоспалар, бромэтилды қосылыстар, СО2, инертті газдар және т.б. табылады. Осы аталған өрт сөндіру құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі. Электр өткізгіштігіне қарай: электр өткізетіндер (көбік, су, бу) және электр өткізбейтіндер (түйіршіктер мен кейбір газ түрлері) болып бөлінеді. Уыттылығы жағынан: уытты еместер (су, көбік, түйіршіктер), орташа уыттылар (көмірқышқылы және азот) және уыттылар (бромэтилды қоспалар, фреондар) болып бөлінеді.

Өртті сөндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.

Сулағыштар жанатын нәрселердің (резеңке, көмір шаңы, шымтезек, талшықты жабдықтар және т.б.) суланғыштығын жақсарту үшін қолданылады. Бұл жерге сабынды, синтетикалық қоспаларды, амилсульфаттарды, алкилсульфонаттарды жатқызуға болады.

Көбік – жылуды аз өткізетін, қозғалмалы, жылуды сәулелендіру әсері бар, түтіндеудің тығыздығын төмендететін, бірақ механикалық төзімділігі төмен қасиеттерге ие.

Көбіктер – химиялық, ауа-механикалық және жоғары еселі болып бөлінеді.

Химиялық көбікті өрттің шығу көзіне жіберу алдында ерітінділерді (сілтілік және қышқылдық) араластыру немесе судың ағынымен көбіктенетін түйіршіктерді (көбік түзуші) араластыру арқылы алады. Көбікті түйіршік – күкірт қышқылдық аммоний мен натрий бикарбонатының, көбіктендіргіштер мен судың қоспалары. 1 кг түйіршік пен 10 литр судан 40-60 литрға дейін көбік алуға болады. ПО-1 ПГП түйіршіктерінен алған көбіктермен – мұнай өнімдерін; спирттер мен ацетондарды, ішіне 2% сабын қосылған ПГПС түйіршіктерімен өшіреді. Химиялық көбік жану аймағында оттегі мөлшерін 14% дейін азайтады, жабдықтардың беттерін жауып, оларды от жалынынан оқшаулайды, суытып, жануды тоқтатады.

Ауа-механикалық көбіктерді ауа-көбікті оқпанның көмегімен, суды қысылған ауамен және көбік түзгішпен араластыру арқылы алады. Ауа қысымына және көбік түзгіштердің қасиеттеріне байланысты орта және жоғары еселі көбіктерді алуға болады. Көбік еселігі – көбік көлемінің, өзі алынатын барлық сұйықтардың көлеміне қатынасы. 5-100 еселікті көбіктер аз және орта еселіліктілерге, ал 100-ден жоғарылары жоғары еселіліктілерге жатады.

Жоғары еселі көбіктерді, қысылған ауа мен су қоспасын және көбік түзгішті араластыру нәтижесінде, үздіксіз көбіктің пайда болуы әсерінен алады. Едәуір жоғары еселі (1000-ға дейін) көбікті алу үшін атмосферадан алынатын ауадан басқа, қосымша ауа (немесе инертті газ) пайдаланылады. Жоғары еселі көбіктің өртті сөндіру қабілеті басу әсеріне негізделген, себебі өрт ошағына көбіктің түсуі кезінде ол оның бүкіл ауданын жабады.

Инертті газдар (азот, аргон, гелий, түтіндік немесе өңделген газдар) газды-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде құралдар мен жабдықтарды толтыру үшін қолданылады.

Механикалық құралдар (брезент, киіз, құм, топырақ) жанатын заттар ысып үлгермеген жағдайда, яғни жанудың бас кезінде қолданылады.

Өртті химиялық құралдармен сөндіру үшін әртүрлі қол өрт сөндіргіштері, сонымен бірге жылжымалы және стационарлы өртті сөндіру қондырғылары пайдаланылады.



Қолмен сөндіруге арналған өрт сөндіргіштер

Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.

ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын. Баллондардың сиымдылығы - 8,7 және 9 л. Осы өрт сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады.

ОХП-10 өртсөндіргіші (1-сурет) ішінде стақан орнатылған (2), шойыннан пісірілген корпустан (1) тұрады. Стақан күкірт қышқылды темір тотығымен толтырылған.

Корпус мия экстракты бар екікөміртекті натрий қышқылының (сілті) қоспасымен толтырылады. Тұтқаны (3) 180°-қа бұрған кезде, соташық (4) резенке тығынды жоғары көтереді де, түбін жоғары қаратып аударғанда қышқылдық және сілтілік бөліктері араласады. Нәтижесінде, көміртек қос тотығы көбік түрінде түзіліп, шашырау арқылы жану ошағына бағытталады. Ағынның ұзындығы 8 м жетеді. Қышқылдық пен сілтілік бөліктерінің араласуы нәтижесінде келесі әрекеттесу жүреді:
Fe2(SO4)3+6NaHCO3 = 2Fe(OH)3+3Na2SO4+6CO2
Өрт сөндіргіштің корпусы бір жылдан кейін 25 % мөлшерде, 2 жылдан кейін 50 %, 3 жылдан кейін 100 % 2 МПа қысымда зерттеуден өтеді. Жылына бір рет зарядталынып тұрады.

ОХП-10 өрт сөндіргіші оңай жанғыш, жанатын сұйықтарды және қатты заттырдың көбін сөндіруге арналған. ОХП-10 өрт сөндіргішін сумен араласатын сұйықтарды сөндіру үшін қолданғанда оның әсері болмайды, көбіктің қасиеттері өзгереді. Химиялық көбікті құнды заттарды сөндіру үшін пайдаланбаған абзал, оның әсерінен олар бүлінеді. Көбіктік өрт сөндіргіштердің көбіктерінің ток өткізу қабілеті болғандықтан, электр құрылғыларын сөндіру үшін де пайдаланылмайды.

ОВП-5 және ОВП-10 типті (2-сурет) қолмен сондіруге арналған ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5 және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші қоспамен толтырылған сұйыққоймасы бар.

Балонның (2) қысу тұтқасын (3) бұрған кезде көміртек қос тотықты көбік cұптама (4) арқылы жоғары еселік қоспа шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 20 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді.

Өрт сөндіргіштің заряды химиялық бейтарап. Соның негізінде алынған жоғарғы еселі көбік те өрт сөндірілгеннен кейін жоғалады. Сол себепті өрт сөндіргіштің айналадағы заттарға зиянды әсері жоқ. Мұндай өрт сөндіргіштерді электроқондырғыларды, сілтілік металдар мен заттарды сөндіру үшін қолданбайды.

Кішігірім өрттердің барлық түрін сөндіруде қолданылатын, сиымдылығы 2, 5 және 8 л тең ОУ-2, ОУ-5 және ОУ-8 (3-сурет) қолмен сөндіруге арналған көмірқышқыл өрт сөндіргіштері.Бұл өрт сөндіргіштер қысым вентилінің маховикті айналдыруы арқылы іске қосылады. Қар тәрізді көмірқышқыл ағыны 2 м қашықтыққа 30-40 секунд уақыт ішінде әсер етеді. Балондағы көмірқышқыл сұйығы 6 мПа қысымда болады да, тұтқаның вентилін ашқанда ондағы қысым 0,98*105 Па дейін төмендейді. Нәтижесінде сұйық көмірқышқыл температураның төменгі көрсеткішінде газ тәрізді күйге өтеді. Сондықтан өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істегенде сақ болу керек.

Көмірқышқыл өрт сөндіргіштерді таразыға тарту арқылы тексеруден өткізеді. Егер салмағы 6,25 (ОУ-2); 13,35 (ОУ-5) және 19,7 (ОУ-8) кг аз болса, оларды зарядтау қажет.

Көмірқышқыл материалдарды бүлдірмейтіндіктен, оларды құнды заттарды және кітап сақтау орындарын сөндіру үшін пайдаланады. Ал ток өткізбеуіне байланысты (380 В дейін) электр құрылғыларын сөндіруде қолданады.

ОУБ-3а, ОУБ-7а (4-сурет) көмірқышқыл-бромэтил өрт сөндіргіштері, 3,2 және 7,4 л сиымдылықты шойын баллонан тұрады, оның ішінде 97% бромды этил мен 3% сұйық көмірқышқылы болады. Ерітінді 0,843 мПа қысымда болады. Вентильді ашу кезінде шығару түтігінен бұлт тәрізді өрт сөндіру заты шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 40 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді. Олар қатты, сұйық жанғыш және электр құрылғыларын сөндіру үшін қолданылады.

Өртті сумен сөндіру

Судың өртті сөндіру қасиеті

Су – өрт сөндірудің кең тараған, қолайлы құралы. Оның жылу сиымдылығы (бу түзілу жылуы 539 кал/сағ), термиялық тұрақтылығы өте жоғары (1700 °С), буланғанда көлемі мәнді үлкейеді (1 кг су буланғанда 1700 л бу түзеді).

Өртті сөндіру кезінде су кешенді ағын немесе жіңішке шашыраңқы күйде қолданылады.

Кешенделген су ағыны жалынды азайтып, жанып жатқан заттарды суландырады, сонымен қатар өрттің таралуына шектеу қояды. Осындай ағындар жанып жатқан бөліктерді бұзып, ұсақтайды. Жіңішке шашыраңқы ағындарда су тамшылары әр-түрлі көлемде болады, сол арқылы олардың соққылық және алысқа шашырау әсері аз болады. Бірақ сулану аймағының ауданы үлкейеді және судың жұмсалуы азаяды. Ұсақ дисперсті судың шашырауы судың аз мөлшерін қолдану және оны буға айналдыру арқылы жанған беттің тез сулануына негізделген. Шашыраңқы ағындармен жану аймағына өту мүмкін болса, жанып жатқан заттардың көп бөлігін сөндіруге болады. Суды шашыраңқы ағын түрінде пайдалану, өрт кезінде түтінді сейілту, құрылыс құрылғыларын суыту, жарылыс температурасы 45°С жоғары жанатын сұйықтарды сөндіру үшін кең қолданылады.

Бірақ, судың электр өткізу қабілеті жоғары болғандықтан, оны кернеу жүріп тұрған электр құрылғыларын және өртті сөндіру кезінде сумен әрекеттесетін жанғыш заттарды (K, Na, кальций карбиді) сөндіру үшін қолданбайды.

Жабық бөлмелерде жануды тоқтату үшін, ауадағы өртті сөндіру концентрациясы көлемі жағынан 30% жақын қаныққан ысыған буды қолданады.

Сумен қатты суланбайтын заттарды сөндіру кезінде суға сульфанол, сульфанат, пакалий немесе көбік түзгіштер сияқты суландырғыштарды араластырады. Судың салмағы бойынша 0,2-2% суландырғыштардың болуы, заттардың беттік керілуін 2 есе азайтып, оның өртті сөндіру қасиетін жоғарылатады. Осыдан, су шығыны 2-2,5 есе өртті сөндіру уақытымен қоса азаяды.

Өрт байланысы және дабыл беру

Дабыл беру және өрт байланысы өртті автоматты анықтауға, ол туралы өрт сөндіру құрылымындарына дер кезінде хабарлауға арналған.

Оған телефон, радиобайланыс, автоматты және қолмен басқаратын өрт дабыл беру құрылғысы, электр сиренасы, қоңырау, т.б. жатады.

Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады. Қолданылатын датчиктерге байланысты олар жылулық, түтіндік, күзетілмелі және аралас болып бөлінеді.

Өртке қарсы дабыл беру құрылғылары өртке қарсы және өртке қарсы күзетілмелі болып екіге бөлінеді. Күзетілмелі өртке қарсы дабыл беру құнды заттар сақталатын қоймаларда, адам көп жиналатын ғимараттарда және тұрғын үйлерде кеңінен қолданылады.

Негізгі өрт элементтері мен өрт бақылаушы дабыл беруге өрт хабарлаушы, қабылдағыш станция, байланыс сызығы, қор жинау көздері жатады.

Сигналды өрт жылу құрылғысы СТПУ-1 СТ-5 деп аталатын 5 сәулелік қабылдағыш станциядан және 25 ПТИМ-1 хабарлағыштан тұрады. Станцияға 220 В айналмалы ток беріліп тұрады. Ол -100С мен +350С температурада жұмыс істейді. Ал ауа ылғалдылығы 80 % дейін. Бақыланған аймақ 750 м2 жоғары болмауы керек.

Дабылды түтінді өрт СДПУ-1 құрылғысы өртті анықтауға, автоматты дабыл беруге (ол өрт туралы мәлемет береді) арналған. Ол СДПУ-1 өрт сөндіру құралдарының автоматты қосылуына арналған және әр бір сәулеге параллельді 10 өрт сөндіргіш аралас КИ-1 типті хабар берушілермен ДИ-1 типті түтіндік хабар берушілерге есептелген.

Құрылғы 220 В кернеулі айналмалы токтың келуімен немесе 24 В аккумулятордан қоректенеді. Құрылғы –100С мен +350С температуралы диапазонда салыстырмалы ылғалдылықтың 80 % -ға жеткеннен кейін жұмыс істейді.

Кешенді СКПУ-1 дабыл беру құрылғы түтін, жылу, ашық өртті анықтауға арналған және СИ-1, КИ-1, ИО-1 инфрақызыл хабарлағышпен хабарлайды. Өртке қарсы дабыл беру көлемі 50 сәуледен тұрады (әр бір блок 10 хабар берушіден құралған). Өнеркәсіп өртті хабарлағыштардан тәуелсіз қабылдағыш аппараттарды шығаруда. Олар хабарлағыштардың күйін автоматты бақылап отырады және сәулелікпен дыбысты дабыл берумен бірге оларды белгіленген жеріне жеткізеді. Өрт хабарлаушы құрылғы хабарлағышпен жұмыс істейді, ол жоғары температураға әсер етеді.


Сумен, ауа оттегісімен немесе бір-бірімен өзара әрекет өткенде, жарылуға және жануға қабілетті заттар мен материалдар үшін жарылыстың артық қысымын анықтау

Сумен, ауа оттегісімен немесе бір-бірімен өзара әрекет еткенде, жарылуға және жануға қабілетті заттар мен материалдар үшін, жарылыстың есептік артық қысымы DР Z = 1 шамалай отырып, жоғарыда берілген әдістеме және өзара әрекет кезінде (өзара әрекеттесу өнімдерінің соңғы қосылысқа дейін жануы ескеріліп) бөлінетін энергия шамасы H т ретінде немесе табиғи сынауларда тәжірибе бойынша анықталады. DР шамасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оны 5 кПа асатын етіп қабылдау керек.




Қорытынды
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.

Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т.б.) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр.

Қазiргi заманғы құрылысты көптеп салу жүйесi баспананың сапасын ылғи да қамтамасыз ете бермейдi: панелдердiң, есiктер мен терезелердiң қиылысында жылу кететiн, кемiргiштер кiретiн саңылаулар болуы мүмкiн. Квартиралар бiр-бiрiмен ұштасып жатқандықтан бiр жерден шыққан өрт екiншi жерге таралып кету қаупi әр уақытта да бар. Улы түтін желдеткіштер арқылы көп қабатты үйдің көбіне тарап кетуі де ғажап емес және т.с.с. Сондықтан кішкене төтенше жағдай бүкіл көп қабатты үйдің мәселесіне айналып, зардап шегушілердің қатары көбеюі мүмкін.

Баспана үшiн әрi зардабы зор ең қауiптiсi - өрт.



Қосымша



1-Сурет. ОХП-10 типті химиялық көбікті өртсөндіргіш.


2-сурет. ОВП-10 типті қолмен сөндіруге арналған ауа-көбікті өртсөндіргіш


3-сурет. ОУ-2 қолмен сөндіретін көмірқышқыл өрт сөндіргіш


.4-сурет. ОУБ-7 көмір қышқыл – бромэтил өрт сөндіргіші

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





  1. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.

  2. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі: Оқулық /құрастырушы С. Арпабеков. – Алматы, 2004. - бет

  3. Дүкенбаев К.Д. Өмір өзегі. – Алматы, 1996. – 272 б.

  4. Құсайнов А., Нұржанов Б., Шотанов Ж., Балабатыров С., Жұмақанов Т. Электр техника мен электр энергетика терминдері. – Алматы: Санат, 1994

  5. Жеңісбек Тұрғанов. Оңтүстік Қазақстан облысының орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының бас қызметкері статьясынан. 08.05.01





Достарыңызбен бөлісу:
1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...