Реферат пәні: Тақырыбы: Орындаған: Қабылдаған: Қызылорда,2020ж

Loading...


Дата26.03.2020
өлшемі21.45 Kb.
түріРеферат



ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Пәні:


Тақырыбы:

Орындаған:

Қабылдаған:

Қызылорда,2020ж

Таңдап алған спорт түрі бойынша әңгіме құрастыр

(спортты таңдауың,қызығушылық,жетістіктерің,алдағы жоспарың,т.б)

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. 


Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. 
Осындай игі істер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т.Б.Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың» деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір-екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай-ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек. 
Ондағы негізгі идея қызмеркерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.

Ал менің таңдап алған спорт түріне келетін болсақ,мен кішкентай кезімнен шахматқа әуес,яғни қызығушылығым арта бастады.Неге шахмат? Кішкентай кезімде алғаш сол үйірмеге қатысқанымда оның фигураларына,мат және тең ойын түсуіме неге олай деген сияқты ой туындап,осы спорт түрін таңдадым.

Шахмат- ақыл- ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді,(мат) дегенді білдіреді екен. Əлемде ең ең кең таралған ойынның бірі болып саналады. шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. ойын тақтася 64 шаршыдан тұрады. ойынның басында əрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты шахмат фигуралары тұрады: бір патша, бір уəзір, екі піл, екі ат, екі тура жəне сегіз пешка болады. ойынның ең басты мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып , патшаға мат қою.Қазіргі кезде шахматтан үйірмелер ашылып жатыр. жəне балалар қатысып облыстық,қалалық, республикалық деңгейге дейін барып көзе ілініп жүргені сөзсіз. шахмат өте қиын ойындардың бірі. шахматты ойнау үшін ойлануға 1 күн тіпті 2-3 кін ойнауға тура келеді. өйткені ойлауға қажетті ойындардың бірі. ол математика саласына баланың математикаға түсінікпен қарайды. Міне, шахмат осындай керемет ойын. Неше жүрістен кейін, қай жерде, қалай, қай фигурамен мат қылатыны алдын-ала есептеледі.

- Шах!


-          ...?

-          Мат!

-          Қалай?

-          Солай!

-          ...жаңа ғана бастап едік қой?

-          Бұл Гарри Каспаровтың әдісі, төрт-ақ жүрістен кейін мат қоятын?!

Міне, шахмат осындай керемет ойын. Неше жүрістен кейін, қай жерде, қалай, қай фигурамен мат қылатыны алдын-ала есептеледі. Бұл жоспарсыз ойнауға болмайтын саяси ойын. Шахмат ежелде Үндістан жерінде пайда болып, кейін Парсы, Араб, Еуропа және Азия елдеріне кеңінен тараған деседі. Бірақ, атауы парсы тілінде сақталған. «Шах-мат», қазақша «Хан-өлді» деген мағынаны білдіреді. Аты жақсы емес. Әйтсе де, ойынның адамның ойлау жүйесіне әсері зор. Әр түрлі фигуралар, олардың дәрежелері, атқаратын қызметі, қимыл-қозғалысы, өз жерін қорғаудағы белсенділігі, қарсыласқа қауіптілігі, бәрі де шебер ұйымдастырылған.

Мұндағы басты тұлға – Король (Хан). Ол кетсе, ойын да бітеді. Сондықтан барлығы Карольдің бұйрығына бағынуға және оны кез-келген қауіптен қорғауға міндетті. Екінші тұлға – Ферзьа. Бұл пәтшәғардың жүрмейтін жері, баспайтын тауы жоқ. Тіке де, қиғаш та қалағанынша қадам жасайды. Онан кейінгі Арба (Ладья) мен Піл (Офицер). Бірі тіке, бірі қиғаш қалағанынша жүреді. Бұл үшеуі (ферьза, арба және піл) жаудың қасына барып та, тым алыста тұрып та шах береді. Өз жерінде тұрып өзгенің жеріндегі тұлғаларға бұйрық береді, қауіп төндіреді. Тіпті, тұрған орнынан бездіріп жібереді. Сондай алыстан бұйрық бергіш. Онан кейінгі мықты фигура Ат. Мұның қимыл-қозғалысы тіпті бөлек. Жүрісі «Г» тәрізді. Орағытып қасыңа жетіп келсе, құтылу қиын. Бұл шах бергенде, Король өзі қашып құтылмаса, оның жолын бөгеу мүмкін емес. Басқа фигуралардың алдын бөгей тұруға болады, атты олай алдай алмайсың. Егер ол Король мен Ферзьаның екеуіне де бірдей қауіп төндірсе, онда Корольді аман алып қалу үшін екіншісін қиясың. Екеуін бір оқпен атады. Сондықтан аттан келетін қауіп өте күшті десе де болады. Атты мықты пайдаланатындармен кездессең, қиынның қиыны. Енді ең соңғы фигура жай тас. (пешка-жаяу солдат). Кей жұрт оны қауқарсыз деп есептейді. Бірақ, бұл да едәуір қорған. Егер жай тас жаудың төріне шығып, ерлік жасаса, оның дәрежесін көтеріп, Ферзьа, Арба Ат, немесе Піл қылуға болады. Бірақ, Король бола алмайды. Тегі қара ғой, Хан емес. Бұл жерде Отан, шекара деген ұғым бар. Тақтаның бір беті ақтың, келесі беті қараның тарихи территориясы. Бір-бірінің жеріне кіріп, қарым-қатынас жасауға болғанымен, билетіп-төстетуге, ойран салдыруға болмайды.

Ең маңыздысы ұрыс алаңында бәрінің мақсат-мүддесі бір. Ол – жеңіс. Ойын барысында жаудан қауіп төнгенде, кез-келген тұлға (фигура) Карольін аман сақтап, жерін жаудан азат етіп, жеңіске жету үшін бастарын бәйгеге тігеді. Ешқайсысы өз отанына сатқындық жасамайды және әр фигура қарақан басының қамымен жүрмейді. Егер осылар орын алса, онда ойын көп ұзамай жеңіліспен аяқталады. Тіпті, жер бетінен біржола жойылады. Алауыздық, сатқындық, қарсы жақтың сойылын соғу да осыған апарады. Ал, ынтымақ, бірлік – жеңіске жетелейді.Айта кететін жағдай шахмат үш түрге бөлінеді: «классика»-бұл дегеніміз стандартты ойын,төбеде айтылып кеткендей шахматты 1-түн,2-түндеп ойнайды.Ал классикада қарсыласқа,өзіне бір жарым сағаттан,яғни қарсылас екеуі үш сағат ойнайды.Келесі түрі «рапид»-бұл он бес минуттық қарсылас екеуін есептегенде жарты сағаттық ойын.Үшінші түрі «блиц»-шапшаң бес минуттық ойын.

Ал, шахматтың ешқашан өзгермес заңдылығы – жеңсең де, жеңілсең де, ойын біткеннен кейін Кароль де, жәй тастар да, бәрі де бір қорапқа салынады. Бәрінің барар жері – бір жер.

Осы мысалдар арқылы мен өз спортымды осылай таңдадым.Ал жетістіктерімді айта кетсем:

Қазақстан Республикасының 2009-2013жылдар аралығында «Классикадан және блицтен» қола жүлдегер, «Рапидтен» күміс жүлдегер.

2014жылы Кубок Қазақстан жүлдегері

2016жылы Алматы қаласында IX Республикалық,Халықаралық Дармен Садуақасованың қола жүлдегері

2016жылы Шымкент қаласында өткен Кубок Қазақстанда ұлдар арасында қола жүлдегер,қыздар арасында алтын жүлдегері атандым.

2017жылы Қазақстан Республикасының Спорт шеберіне Кандидант атағы берілген болатын.

2019жылы рейтингтік жарыста ұлдар арасында 4-орын,қыздар арасында 1-орын.Рейтинг дегенге келетін болсақ,бұл арқылы балл жинап,әртүрлі шетелдік ұпайлармен салыстыруға болады.

Осы жетістіктерім арқасында қала және облыс әкімдерінен алғыс алдым.Қазіргі таңда оқып жатқан Университетімде Нұр-Сұлтан қаласына «Болашақ жол өзіңнен басталады»атты семинар тренингіне жолдама берді.Жастар жылы қорытындысында Ректорымыздың міндетін атқарушы Б.Ж.Абдикаримов «Қорқыт-Ата мемлекеттік Университетінің»төс белгісімен марапаттады.



Қазіргі таңда «Чемпион» шахмат клубында тренерлік қызметін атқарамын.Яғни мен өзімде бар білгенімді кішкентай балаларға үйреткім келеді және үйретудемін.Алдағы жоспарым өзімнің алғашқы шахмат жеке мектебін ашу,одан кейін үлкен шахмат Академиясын ашу.Бұл армандарымның бір бөлшегі. Арман деген - ақыл ойдың шыңы. Құс -ұшсам дейді, бала - өссем дейді, қыз - көрікті болсам дейді, жігіт - бақытты болсам дейді, қарт - жүзге жетсем дейді, ақылды - дана болсам дейді, ұстаз - шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай кетеді.Жалпы айтқанда армандай білу керек және ол орындалады мен сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...