Құрастырушы: э.ғ. к., Л. Р. Еспергенова Абай атындағы ҚазҰпу сқИ «Экономикалық мамандықтар» кафедрасының отырысында талқыланды, 2016 ж



жүктеу 250.49 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі250.49 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


АБАЙ атындығы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


БЕКІТЕМІН

Сорбонна-Қазақстан институтының директоры

__________Г.Б. Нурлихина

«_____» __________2016 ж

«6М050800 – Есеп және аудит» мамандығы бойынша

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы, 2016


Құрастырушы: э.ғ.к., Л.Р. Еспергенова _____________________

Абай атындағы ҚазҰПУ СҚИ «Экономикалық мамандықтар» кафедрасының отырысында талқыланды, «___» __________2016 ж., № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі: э.ғ.д., профессор Б.Д.Иманбердиев _______________










Қабылдау емтиханының бағдарламасы Сорбонна-Қазақстан институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді, № __ хаттама, «___» __________2016 ж.



«6М050800 – Есеп және аудит» мамандығы

бойынша магистратураға түсуге арналған

БАҒДАРЛАМА
ПӘН - БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЕГІЗДЕРІ
1Тақырып. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы
Есеп жүйесінің қалыптасу кезеңдері: ежелгі есеп жүйесінің пайда болуы, бухгалтерлік есептің қарапайым нысаны, қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің қалыптасуы мен дамуы. Екі жақты жазу жүйесінің пайда болуы. Қазақстан Республикасындағы меншік нысандары. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар қызметінің түрлері мен ерекшеліктері. Халықаралық есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері: есептің халықаралық тәжірибесін дамыту, қазіргі заманғы бухгалтерлік үлгілер, әлемнің экономикалық дамыған елдеріндегі есеп. Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі бухгалтерлік есептің орны. Бухгалтерлік есептің өзге пәндермен байланысы.
2 Тақырып. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйе ретіндегі мәні мен функциялары. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу. Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің мазмұны мен сипаттамасы. Бухгалтерлік есепті реттеуді жүзеге асырушы ұйымдар. Бухгалтерлік есептің дамуына әсер етуші ұйымдар. Бухгалтерлік есеп бойынша негізгі заңнамалық құжаттар. Қаржылық есептілік стандарттары есептік жұмыстардың әдіснамалық деңгейі ретінде. Бухгалтерлік есептің анықтамасы, оның мақсаты мен міндеттері. Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар. Есептің түрлері (жедел, статистикалық, салықтық). Есепте қолданылатын өлшеуіштер (заттай, еңбек, ақшалай). Бухгалтерлік ақпараттарды қолданушылар (ішкі және сыртқы). Бухгалтерлік есептің негізгі бөлімдері (қаржылық есеп, басқару есебі). Бухгалтерлік есептің базалық принциптері мен қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары.
3 Тақырып. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
Бухгалтерлік есептің пәні, даму тарихы мен әртүрлі анықтамалары. Ұйым капиталының айналымы. Бухгалтерлік есептің объектілері. Ұйымның ресурстарын түрлері мен қолдану уақытына қарай жіктеу. Ұйымның ресурстарын пайда болу көздері бойынша жіктеу. Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері (бухгалтерлік баланс, құжаттау, түгендеу, шоттар, екі жақты жазу, бағалау, калькуляция, есептілік). Әдістердің есептің пәнімен қамтамасыз етілуі. Кіріс туралы түсінік және оны тану әдістері. Есепті кезеңнің шығындары мен шығыстары арасындағы байланыс. Шығыстардың жіктелуі.
4 Тақырып. Бухгалтерлік баланс
Бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызы. Негізгі баланстық теңдеу. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны. Бухгалтерлік баланстың бөлімдері. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен сипаттамасы. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы мен сипаттамасы. Капиталдың құрамы мен сипаттамасы. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа тигізетін әсері. Бухгалтерлік баланстың жіктелуі. Бухгалтерлік баланс ұйымның қаржылық тұрақтылығы туралы ақпараттың көзі ретінде.

5 Тақырып. Бастапқы бақылау – бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі
Есептегі бастапқы бақылау. Бастапқы есептік ақпараттарды тасымалдауыштар. Құжаттар бастапқы ақпараттың көзі ретінде. Бастапқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі. Құжаттардың жіктелуі. Құжат айналымын басқару жүйесін ұйымдастыру. Бухгалтерлік есеп құжаттарын сақтау тәртібі және мерзімдері.

Түгендеу бухгалтерлік есеп әдісінің элементі ретінде. Түгендеу объектілері мен мақсаты. Түгендеу жүргізу мерзімдері. Түгендеу комиссиясы. Түгендеу жүргізу тәртібі. Түгендеу нәтижелерін құжаттық рәсімдеу. Түгендеу бойынша салыстыру тізімдемесін құрастыру. Түгендеу мәліметтерінің есептік мәліметтермен сәйкес келмеуін реттеу.


6 Тақырып. Шоттар және екі жақты жазу
«Операциялар», «трансакциялар» түсінігі. Бухгалтерлік шоттардың анықтамасы, арналуы, олардың құрылымы мен мазмұны. Екі жақты жазудың мәні. Синтетикалық және талдамалық есеп шоттары, олардың арналуы мен өзара байланысы. Шоттарды экономикалық мазмұны және құрылымы бойынша жіктеу: негізгі шоттар, реттеуші, бөліп-таратушы, калькуляциялық, операциондық-нәтижелік, қаржылық-нәтижелік, баланстан тыс шоттардың түсінігі және сипаттамасы. Қарапайым және күрделі бухгалтерлік жазулар. Синтетикалық және талдамалық есеп мәліметтерін салыстырып тексеру. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары. Есеп процедуралары және есептік цикл кезеңдері. Сынақ балансы, айналым тізімдемесі, шахматтық тізімдеме, маңызы мен құрастыру тәртібі. Трансформация және түзетуші жазбалар, бухгалтерлік шоттарды жабу үрдісі (трансформациялық кесте).
7 Тақырып. Құндық бағалау және ағымдағы бухгалтерлік есеп
Бағалау және бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін қалыптастырудағы оның рөлі. Бухгалтерлік бақылау объектілерін құндық бағалау. Бағалау принциптері (шыншылдығы және біртұтастығы).Бухгалтерлік есептегі бағалау әдістерін жіктеу. Калькуляция, оның түрлері мен мазмұны. Калькуляциялау объектілері. Калькуляциялау бірлігі. Шығындар баптары. Шығындардың жіктелуі: негізгі, үстеме, тікелей, жанама.Дайындау үрдістерінің есебі. Өндіріс үрдістерінің есебі. Сатып өткізу үрдісінің және қаржылық нәтижені қалыптастырудың есебі.
8 Тақырып. Бухгалтерлік есеп нысандары
Бухгалтерлік есеп тіркелімдері мен нысандары туралы жалпы түсінік. Есеп тіркелімдері: түрлері мен нысандары. Есеп тіркелімдерінің жіктелуі. Тіркелімдердегі жазбаларды түзету әдістері.. Бухгалтерлік есептің мемориалды-ордерлі нысаны: мемориалды ордерлер, тіркеу журналы, Бас кітап. Бухгалтерлік есептің журнал-ордерлі нысаны: журнал ордерлер, көмекші тізімдемелер, Бас кітап. Бухгалтерлік есептің компьютерлік нысаны. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған бухгалтерлік есеп нысандары. Жекелеген тіркелімдердегі мүліктерді ескергендегі жеңілдетілген нысан. Бухгалтерлік есептің қарапайым нысаны. Кірістер мен шығыстар Кітабын жүргізуді қарастыратын қарапайым нысан.
9 Тақырып. Қаржылық есептілік негіздері
Қаржылық есептіліктің түсінігі, мақсаты және түрлері, оларға қойылатын жалпы талаптар. Қаржылық есептілік элементтері: активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кірістер мен шығыстар. Қаржылық есептілік элементтерін тану және бағалау. Қаржылық есептіліктің құрамы, мекен жайы және оны ұсыну мерзімдері. Жылдық қаржылық есептілікті құрастырар алдындағы дайындық жұмыстары. Қаржылық жағдай туралы есеп (бухгалтерлік баланс): активтің мазмұны, оның баптарын бағалау; пассивтің мазмұны, оның көрсеткіштерін қалыптастыру тәртібі. Жиынтық кіріс туралы есеп (пайда және зиян туралы). Капиталдағы өзгерістер туралы есеп. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп. Есеп саясаты. Түсіндірме жазбалар.
10 Тақырып. Бухгалтердің кәсіби этикасы
Бухгалтердің құқықтары мен этикасы. «Бухгалтер» кәсібінің сипаттамасы. Халықаралық этика кодексінің негізгі талаптары мен принциптері. Бухгалтерия ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде. Бухгалтердің тарифтік-біліктілік сипаттамалары. Кассирдің тарифтік-біліктілік сипаттамалары. Кәсіби бухгалтерлерді дайындаудың халықаралық стандарттары. Бухгалтерия жұмысын автоматтандыру. Бухгалтерия және интернет. Қаржылық есеп бухгалтерияның негізгі бөлімшесі. Басқару есебі бухгалтерияның құпия бөлімшесі. Салық есебі бухгалтерияның фискалдық бөлімшесі.


ПӘН - ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 1

1Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі

Активтердің жіктелуі: қысқамерзімді активтер.Ақша қаражаттары мен оның баламаларын тану. Ақша қаражаттарын қолдануға шектеулер. Ақша қаражаттарына бақылау. Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру.


2 тақырып. Ақшаның уақыттық құны
Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар. Ақшаның болашақ құны. Ақшаның ағымдағы құны. Ануитеттер, олардың түрлері.
3 тақырып. Дебиторлық берешектер есебі
Дебиторлық берешектердің жіктелуі және оларды тану. Бастапқы бағалау. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі. Жеңілдіктер және тауарларды қайтару. Үмітсіз дебиторлық берешектерді есептен шығару. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері.

Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі. Қызметкерлердің берешектері, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар және басқа дебиторлық берешектер.


4 тақырып. Қорлардың және басқа активтердің есебі (2ХҚЕС)
Қорлардың анықтамасы және жіктелуі.Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау.Қорлар есебінің жүйелері (2ХҚЕС және 2 ҚЕҰС 12 бөлім). Қорлардың мерзімдік және үздіксіз есебінің айырмашылығы.

Басқа да активтер есебі: берілген аванстар, алдағы кезең шығыстары және басқа активтер.



5 тақырып. Негізгі құралдар есебі (16 ХҚЕС)
Негізгі құралдарды тану критерийлері. Негізгі құралдарды бастапқы бағалау. Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі

Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қолдану мерзімдері және есептеу әдістері, есепте бейнеленуі.

Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары. Негізгі құралдарды кейінгі бағалау. Негізгі құралдардың шығыс етілуі. Негізгі құралдар туралы ақпараттарды ашып көрсету.
6 тақырып. Материалдық емес активтердің есебі (38ХҚЕС)
Материалдық емес активтерді тану: бірегейлендіру, бақылау, болашақ экономикалық тиімділік. Материалдық емес активтердің келіп түсуі. Ұйым ішінде құрастырылған материалдық емес активтің өзіндік құны.

Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі бағалау: бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі, қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі.

Пайдалы қызмет ету мерзімі. Пайдалы қызмет ету мерзімі шектелмеген материалдық емес активтер. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.
7 тақырып. Активтердің құнсыздануы (36 ХҚЕС )
Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері. Орны толтырылатын құн. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн. Қолдану құндылығы. Басты (генерирующая) бірлік.

Құнсызданудан алынатын зиянды тану. Құнсызданудан алынатын зиянды қайта қалпына келтіру (реверсирование).

Активтердің құнсыздануының синтетикалық есебі.
8 тақырып. Ұйымның міндеттемелерінің есебі
Қаржы міндеттемелерінің есебі: банктік және басқа да займдар, дивидендтер мен қатысушылардың кірістері. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі. Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер есебі.

Кредиторлық берешектер есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; төленуге тиісті сыйақылар бойынша, Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 ХҚЕС). Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 ХҚЕС). Басқа да міндеттемелер есебі: алынған аванстар; алдағы кезең кірістері; шығарылатын топтың міндеттемелері, басқа да міндеттемелер.


9 тақырып. Түсім, кірістер мен шығыстарды тану
Түсім тану критериі. (18 ҚЕХС) Мәмілені бірегейлендіру. Тауарларды сатудан; қызмет көрсетуден алынатын; пайыздар, лицензиялық төлемдер мен дивидендтер түріндегі түсімді тану. Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі. Қаржыландырудан алынатын кірістер. Өзге де кірістер есебі. Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының есебі. Кезең шығындарының есебі. Өзге де шығыстар есебі. Қорытынды пайданы немесе залалды тану; жабылушы өткізбелер; корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі.

10 тақырып. Капитал мен резервтер есебі
Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 ХҚЕС) Меншікті және қарызға алынған капиталға бөлу. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар. Төленбеген капитал есебі. Қайта сатып алынған мешікті үлестік құралдар. Эмиссиондық кіріс есебі.

Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал; активтерді қайта бағалау резервтері, шетел валютасын қайта есептеу резервтері және басқа резервтер.

Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған залалды есепте және қаржы есептілігінде бейнелеу.
11 тақырып. Қаржы есептілігін ұсыну (1 ХҚЕС)
Қаржы есептілігінің мақсаты. Қаржы есептілігіндегі мәнділік және агрегирование. Баланс баптарының өзара есепке алынуы.

Қаржылық жағдай туралы (бухгалтерлік баланс)есепті ұсыну Баланс баптарын ұсынуға ең аз талаптар.

Жалпы толық кіріс туралы (пайда және залал туралы есеп) есепке қойылатын талаптар. Пайда және залал туралы есептің екі нысаны: шығындар сипаты бойынша және шығындар функциясы бойынша. Басқа да жиынтық пайда.

Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті ұсыну. Операциондық инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері.

Түсіндірме жазбаларда ақпаратты ашып көрсету. Есеп саясатының түсінігі және құрылымы. Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар: түзетілуші және түзетілмейтін.



ПӘН - БАСҚАРУ ЕСЕП 1





  1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік

Басқару есебі мәнін анықтау: тұжырымдамалардың белгілену тарихы. Басқару есебінің принциптері: шаруашылық қызмет деректерін көрсетудің нақты және риясыз тұжырымдамасы, нысаннан мазмұнының басымдылық тұжырымдамасы, оқшауланушылық принципі, үздіксіздік принципі, толықтылық принципі, уақыттылық принципі, салыстырмалық принципі, түсініктілік принципі, кезеңдік пиринципі, үнемділік принципі.

Баскару eceбiнің мақсаты. Басқару есебінің функциялары. Ұйымды ақпараттық ағындармен қамтамасыз ету функциялары: ақпаратты ұсыну, талдау, жоспарлау. Ақпартаттық ағындардың мазмұнын анықтаушы функциялар: үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Аталған функциялар шегіндегі басқару есебінің мақсаттары.

Қаржылық және басқару есебі жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы: есептің міндеттері; есептік рәсімдер шегінде ұсынылатын ақпараттар мәліметтерін пайдаланушылар; ақпараттардың уақытша шегі; ақпраттарды бейнелеу тәсілдері; базистік құрылым; таңдау еркі; міндеттілік; есепті дұрыс жүргізу жауапкершілігі; есептілікті құрастыру жиілігі; нақтылық; есеп объектілері.

Шешім қабылдаудағы басқару есебінің рөлі. Басқару есебінде ақпараттық ағындарды қалыптастыру. Басқару үрдісіндегі талдаушы - бухгалтердің рөлі. Кәсіби этика. Өндірістік есеп және оның басқарудағы рөлі. Басқару eceбiнің өндірістік есеппен байланысы.





  1. Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі

Шығындар - басқару есебінің негізгі бip oбъeктici ретінде. «Шығынның пайда болу орны», «шығынды тасымалдаушы», «жауапкершілік орталығы» туралы түсінік.

Қорларды бағалау үшін шығындардың жіктелуі: өнімге жұмсалатын шығындар мен кезең шығындары, тiкeлeй және жанама шығындар, өндірілген өнімдердің өзіндік құны туралы есеп.

Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: шығындар өзгерісі (мінез - құлқы), тұрақты және айнымалы шығындар, шартты-айнымалы және шартты-тұрақты шығындар, жиынтық шығындар мен ең үлкен және ең кіші мәнді әдіc, шоттар әдісі, инженерлік әдіс және регрессиялық талдау; релевантты және релевантты емес шығындар, қайтарылмайтын шығындар, альтернативті (баламалы) шығындар, инкрементті (өспелі) және маржиналды шығындар.

Бақылау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі: нақты шығындармен салыстырмалы нормативті (стандартты) шығындар, бақыланатын және бақыланбайтын шығындар.

Жауапкершілік орталықтары есебі. Шығындарды пайда болу орындары бойынша бақылау мақсатында шығындар орталықтары мен жауапкершілік орталықтары есебін ұйымдастыру.




  1. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

Heгiзгi өндіріс шығындарының eceбі. Материалдар eceбi. Материалдарды бақылау циклі. Қорлардың өзіндік құнын бағалау (альтернативті жүйелер және қорды басқару модельдері). Еңбекақы шығындарының есебі және еңбекақыдан аударымдар. Өндірістік үстеме шығындардың eceбi. Үстеме шығындарды үлестіру тәртібі. Көмекші өндіріс eceбi. Аяқталмаған өндіріс есебі, түгендеу және бағалау. Өндірістік шығындардың жиынтық есебі. Әкімшілік шығыстарының есебі. Өнімдерді сату мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар есебі.




  1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

Калькуляциялаудың мәні: калькуляциялау, калькуляция, калькуляциялау бірліктері. Калькуляциялау әдістерінің жіктелуі: шығындар есебінің жеделдігі бойынша, шығындардың өндірістік өзіндік құнға толық қосылуы бойынша, шығындар есебінің объектілері бойынша. Өзіндік құнды калькуляциялау және шығындар есебінің әдістерін таңдау. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері: нормативтік, шығындарды жинақтау тәсілі, жанама өнімдерге жұмсалатын шығындарды алып тастау тәсілі, шығындарды үлестірудің пропорционалды тәсілі, тікелей есептеу тәсілі, кұрамдастырылған тәсілі, коэффициенттік тәсілі.




  1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің тапсырыстық әдісі

Есептің тапсырыстық әдісі: колдану аясы мен оның ерекше айырмашылығы. Нақты және нормалық калькуляциялау. Тікелей шығындар eceбi (метериалдық және еңбек ақы шығындары) және оның тапсырысқа апару тәртібі. Өндірістік үстеме шығындар eceбi. Өткізілген өнім мен орындалған тапсырыс eceбi. Контракт, тапсырыс бойынша өзіндік құнды калькуляциялау. Ақауды жөндеу шығындары мен калдықтар есебі. Орындалған контрактан алынған пайда есебі. Тапсырыс бойынша толықтыру сомасы мен аякталмаған өндірісті бағалау.



6 тақырып. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің үрдіспе - үрдіс әдісі
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдіспе - үрдіс әдісі: колдану аясы мен оның ерекше айырмашылығы. Эквиваленттік бірліктің түciнiгi. Материалдық және қосылған шығындардың эквиваленттік бірліктерін есептеу.

Кезең басындағы аяқталмаған өндіріс. Әртүрлі деңгейдегі аяқталған өзіндік құн элементтері. Алдыңғы үрдістегі өнімнің өзіндік кұны. ФИФО және орташа өзіндік құн әдістері бойынша шығындарды калькуляциялау.

Үрдіспе - үрдіс калькуляциялау сатылары: өндірістің шартты көлемін есептеу; өнім бipлiгiнiң өзіндік құнын талдау; жиынтық өзіндік кұнды есептеу.
7 тақырып. Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау (Директ-костинг)
Шығындарды толық үлестіру (абзорпшен - костинг) мен айнымалы шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы.

Шығындарды толық үлестіру бойынша өзіндік құн калькуляция: өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі. Айнымалы шығындар бойынша бойынша өзіндік құн калькуляциясы. «Жартылай (қысқартылған) өзіндік кұн» түсінігі. «Директ - костинг» жүйесіндегі өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар. Толық шығындар есебі және «директ - костинг» жүйесіндегі есептік жазулар. Шығындар есебі әдісінің өзіндік құнға, пайдаға және өндірістік қорларды бағалауға әсері.

«Маржиналды табыс» түсінігі. Шығындардың толық есебі және маржиналды табыс кезіндегі пайда мен зиян туралы есеп. Операциондық пайданы есептеу тәртібі.

Шығындардың толық есебі жүйесімен салыстырғандағы «директ - костинг» жүйесінің артықшылықтары.

Калькуляциялаудың екі әдісінің пайда көлеміне әсерін салыстырмалы талдау.
8 тақырып. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісі
Шығындар есебі мен калькуляциялаудың нормативтік әдісінің мәні мен принциптері. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісінің жоспарлау, есеп, шығындарды бақылау, шешімдер қабылдау, талдаудағы рөлі. Нормалар, нормативтік калькуляция. Өнім бірлігінің нормативтік шығындары элементтері: тікелей материалдардың нормативтік кұны; материалдардьң тікелей нормативтік саны; нормативтік жумыс уақыты (тікелей еңбек шығыны бойынша); тікелей еңбек төлемінің нормативтік мөлшері; айнымалы және тұрақты үстеме шығындардьң нормативтік коэфициенті.

Тікелей материалдардың, тікелей еңбектің, үстеме шығындардың нормативтік шығындарын есептеу тәртібі. Нормативтік шығындарды өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда пайдалану.



Норма өзгерісінің есебі. «Стандарт - кост» жүйесі калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісінің жалғасы ретінде. Тікелей және жанама шығындар бойынша нормадан ауытқу есебі. Есеп объектілері бойынша нормадан ауытқу, норма өзгерісін үлестіру әдістері.
9 тақырып. Кешенді өндіріс шығындарын тарату әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Бірлесіп өндірілген және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөліну шығындары. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды үлестіру әдістері: натуралды бірлік әдісі, сату құны әдісі, өткізудің таза құны әдісі, жалпы пайданың тұрақты үлесі әдісі. Шешімдер қабылдаудағы кешенді шығындарды үлестіру жүйесінің кемшіліктері. Жанама өнімдер есебі.

«6М050800 – ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» Мамандығы бойынша магистратураға түсуге арналған сұрақтар тізімі
ПӘН - БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЕГІЗДЕРІ

  1. Екі жақты жазу жүйесінің пайда болуы.

  2. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің қалыптасуы мен дамуы.

  3. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық реттеу.

  4. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеттері.

  5. Есептің түрлері (жедел, статистикалық, салықтық).

  6. Бухгалтерлік ақпараттарды қолданушылар және қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары .

  7. Бухгалтерлік есептің негізгі бөлімдері (қаржылық есеп, басқару есебі).

  8. Бухгалтерлік есептің пәні және объектілері.

  9. Ұйымның ресурстарын түрлері мен қолдану уақытына қарай жіктеу.

  10. Ұйымның ресурстарын пайда болу көздері бойынша жіктеу.

  11. Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері.

  12. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны.

  13. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен сипаттамасы.

  14. Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен сипаттамасы.

  15. Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен сипаттамасы.

  16. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы мен сипаттамасы.

  17. Қысқа мерзімді міндеттемелердің құрамы мен сипаттамасы

  18. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы мен сипаттамасы

  19. Капиталдың құрамы мен сипаттамасы.

  20. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа тигізетін әсері.

  21. Құжаттар бастапқы ақпараттың көзі ретінде.

  22. Құжаттардың жіктелуі. Құжат айналымын басқару жүйесін ұйымдастыру.

  23. Түгендеудің мәні, оның түрлері және жүргізу тәртібі.

  24. Бухгалтерлік шоттардың анықтамасы, арналуы, олардың құрылымы мен мазмұны.

  25. Синтетикалық және талдамалық есеп шоттары, олардың арналуы мен өзара байланысы.

  26. Шоттарды экономикалық мазмұны бойынша жіктеу.

  27. Екі жақты жазудың мәні.

  28. Синтетикалық және талдамалық есеп мәліметтерін салыстырып тексеру.

  29. Бағалау және бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін қалыптастырудағы оның рөлі.

  30. Калькуляция, оның түрлері мен мазмұны.

  31. Дайындау үрдістерінің есебі.

  32. Өндіріс үрдістерінің есебі.

  33. Сатып өткізу үрдісінің және қаржылық нәтижені қалыптастырудың есебі.

  34. Тіркелімдердегі жазбаларды түзету әдістері.

  35. Қаржылық жағдай туралы есептілік (бухгалтерлік баланс): активтің мазмұны, оның баптарын бағалау; пассивтің мазмұны, оның көрсеткіштерін қалыптастыру тәртібі.

  36. Қаржылық жағдай туралы есептіліктің (бухгалтерлік баланстың) түрлері

  37. Қаржылық жағдай туралы есептілікте (бухгалтерлік баланста) ашылып көрсетілетің элементтері

  38. Жиынтық кіріс туралы есептілік (пайда және зиян туралы есептілік).

  39. Жиынтық кіріс туралы есептілікте (пайда және зиян туралы есепттілікте) ашылып көрсетілетің элементтері

  40. Жиынтық кіріс туралы есептілікті (пайда және зиян туралыесептілікті) құрастыру түрлері

  41. Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік.

  42. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік.

  43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті құрастыру түрлері

  44. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікте қарастырылатың қызмет түрлері

  45. Есеп саясаты. Түсіндірме жазбалар

  46. Есеп саясаты: түсініктеме және ашылып көрсетілетін аспектілері

  47. Бухгалтерлік есепте болатын қателер және оның түрлері

  48. Бухгалтерлік есепте болатын қателерді жөндеу түрлері

  49. Есеп саясатында болатын өзгерістер түрлері

  50. Есеп саясатында болатын міндетті түрде және өз еркімен болатың өзгерістер түрлері



ПӘН - ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 1


  1. Ақша қаражаттары мен олардың баламаларын тану.

  2. Ақша қаражаттары есебі

  3. Кассадағы нақты ақшаның есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі.

  4. Банктегі ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі.

  5. Қолма қолсыз есеп айырысу нысандары.

  6. Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар

  7. Ақшаның болашақ құны. Ақшаның ағымдағы құны. Ануитеттер, олардың түрлері

  8. Дебиторлық берешектердің есебі

  9. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.

  10. Жеңілдіктер және тауарларды қайтару

  11. Женілдіктердің түрлері және есебі

  12. Есеп беруге тиісті түлгалармен есеп айырысу есебі

  13. Өкілдік шығындары есебі

  14. Күмәнді дебиторлық берешектер түсінігі және оларды есептен шығару.

  15. Күмәнді берешектер бойынша резервтерді бағалау әдістері

  16. Қорлардың анықтамасы және жіктелуі.

  17. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау

  18. Қорлар есебі.

  19. Қорлар есебінің жүйелері (2ХҚЕС және 2 ҚЕҰС 12 бөлім). Қорлар есебінің мерзімдік және үздіксіз жүйелерінің айырмашылығы.

  20. Қорлардың есептен шығару әдістері

  21. Негізгі құралдарды тану критерийлері. Негізгі құралдарды бастапқы бағалау

  22. Негізгі құралдардың есебі

  23. Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі: бастапқы құжаттары, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі.

  24. Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары. Негізгі құралдарды кейінгі бағалау

  25. Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қолдану мерзімдері және есептеу әдістері, есепте бейнеленуі

  26. Негізгі құралдарды жөндеу түрлері және есебі

  27. Материалдық емес активтерді тану: бірегейлендіру, бақылау, болашақ экономикалық тиімділік

  28. Материалдық емес активтердің келіп түсуі: бастапқы құжаттары, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі. Ұйым ішінде құрастырылған материалдық емес активтің өзіндік құны

  29. Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері

  30. Орны толтырылатын құн. Сату бойынша шығындарды алып тастағандағы әділетті құн. Қолдану құндылығы. Басты (генерирующая) бірлік. Құнсызданудан алынатын зиянды тану.

  31. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі

  32. Кредиторлық берешектер есебі: жабдықтаушылар мен мердігерлерге; еншілес (қауымдасқан, бірлескен) ұйымдарға; филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге; төленуге тиісті сыйақылар бойынша, Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 ХҚЕС)

  33. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 ХҚЕС)

  34. Түсім тану критериі. (15 ҚЕХС) Мәмілені бірегейлендіру. Тауарларды сатудан; қызмет көрсетуден алынатын; пайыздар, лицензиялық төлемдер мен дивидендтер түріндегі түсімді тану

  35. Өнімдерді сатудан түскен табысты тану әдістері

  36. Қызмет көрсетуден алынған түскен табысты тану әдістері

  37. Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі.

  38. Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының есебі

  39. Кезең шығындарының есебі

  40. Қорытынды пайданы немесе залалды тану; жабылушы өткізбелер; корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Жабылмаған залалды есепте және қаржы есептілігінде бейнелеу.

  41. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар

  42. Акционерлік қоғамдағы жарғылық капитал есебі

  43. ЖШС жарғылық капитал есебі

  44. Ұйымның резервтерінің есебі: резервтік капитал; активтерді қайта бағалау резервтері, шетел валютасын қайта есептеу резервтері және басқа резервтер

  45. Қаржы есептілігінің мақсаты. Қаржы есептілігіндегі мәнділік және агрегирование. Баланс баптарының өзара есепке алынуы

  46. Қаржылық жағдай туралы (бухгалтерлік баланс)есепті ұсыну Баланс баптарын ұсынуға ең аз талаптар

  47. Капиталдағы өзгерістер туралы есептің құрылымы

  48. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті ұсыну. Операциондық инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары.

  49. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері

  50. Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.



ПӘН - БАСҚАРУ ЕСЕП 1


  1. Басқару қызметіндегі басқару есебінің рөлі. Бухгалтерлік ақпарттарды пайдаланушылар.

  2. Басқару және қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы.

  3. Баскару eceбiнің мақсаты. Басқару есебінің функциялары

  4. Шешімдер қабылдау үрдісі. Басқару үрдісіндегі бухгалтер - талдаушының рөлі.

  5. Өндірістік есеп және оның басқарудағы рөлі.

  6. Басқару есебінің өндірістік есеппен байланысы.

  7. Шығындар - басқару есебінің негізгі бip oбъeктici ретінде

  8. Экономикалық мазмұны бойынша өндірістік шығындардың жіктелуі.

  9. Шешімдер қабылдау мен жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.

  10. Бақылау мен реттеу үрдісін іске асыруға шығындардың жіктелуі.

  11. Жауапкершілік орталықтары түрлері

  12. Жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар есебі.

  13. Негізгі өндіріс шығындарының есебі: материалдар есебі, еңбекақы шығындары мен еңбекақыдан аударымдар eceбi, үстеме шығындар есебі және оны үлестіру.

  14. Материалдарық шығындар есебі

  15. Материалдарды есептен шығару әдістері

  16. Еңбекақы шығындары мен еңбекақыдан аударымдар eceбi

  17. Енбекақының түрлері және жүйелері

  18. Үстеме шығындар есебі

  19. Үстеме шығындар: түсінігі және үстеме шығындарды үлестіру ставкасы

  20. Үстеме шығындарды үлестіру тәртібі.

  21. Көмекші өндіріс eceбi

  22. Аяқталмаған өндірісті бағалау, түгендеу және есебі.

  23. Әкімшілік шығыстарының есебі.

  24. Калькуляциялау мәні. Өзіндік құнды калькуляциялау объектілері, калькуляциялық бірліктер.

  25. Калькуляция баптары бойынша өнімді өндіру шығындарының eceбi.

  26. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар есебінің әдістері.

  27. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің тапсырыстық әдісі.

  28. Тікелей шығындар eceбi (метериалдық және еңбек ақы шығындары)

  29. Өндірістік үстеме шығындар eceбi.

  30. Өткізілген өнім мен орындалған тапсырыс eceбi. Контракт, тапсырыс бойынша өзіндік құнды калькуляциялау.

  31. Процестік калькуляциялау

  32. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдіспе - үрдіс әдісі: колдану аясы мен оның ерекше айырмашылығы.

  33. Эквиваленттік бірліктің түciнiгi. Материалдық және қосылған шығындардың эквиваленттік бірліктері.

  34. Эквиваленттік өндіріс: нормативтік және нормативтен жоғары жоғалтулар.

  35. ФИФО және орташа өзіндік құн әдістері бойынша шығындарды калькуляциялау.

  36. Шығындарды толық үлестіру (абзорпшен - костинг) мен айнымалы шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы.

  37. Шығындар есебі әдісінің өзіндік құнға, пайдаға және өндірістік қорларды бағалауға әсері.

  38. Шығындардың толық есебі және маржиналды табыс кезіндегі пайда мен зиян туралы есеп.

  39. Операциондық пайданы есептеу тәртібі.

  40. Калькуляциялаудың екі әдісінің пайда көлеміне әсерін салыстырмалы талдау.

  41. Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялаудың мақсаттары.

  42. Нақты және нормативтік шығындар есебі.

  43. Нормативтер түрлері. Жеке нормативтерді белгілеу тәртібі. Норма өзгерісінің есебі.

  44. Тікелей және жанама шығындар бойынша нормадан ауытқу есебі.

  45. Есеп объектілері бойынша нормадан ауытқу, норма өзгерісін үлестіру әдістері.

  46. «Стандарт - кост» жүйесі калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісінің жалғасы ретінде.

  47. «Директ - кост» жүйесі калькуляциялау

  48. Бірлесіп өндірілген және жанама өнімдер түсінігі.

  49. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды үлестіру әдістері.

  50. Жанама өнімдер есебі.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет