„Ұраным алаш!



жүктеу 2.22 Mb.
бет11/11
Дата15.01.2017
өлшемі2.22 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мен бұлай ойлаймын: Біз кеңес жағындамыз. Қазақ үшін пайдалы жасауы керек.*. Өзіңе мәлім, біз бәріміз де кеңеске адал қызмет қылып келдік. Жасырын ісіміз еш болмаған. Бірақ бұл сөзде қазақтың бар мақсұты орындалды дей алмаймыз. Толып жатқан мақсұттар бар жүзеге шығаратын. Оның бер жағында Қужақ барғаннан бастап отаршылдық саясат басталып, жүріп жатқанын айту керек. Қазақтың жерге орналасуының өзгермегені үстіндегі (алдағы – авт.) 5 жылда 320 мың іштен түкті ауыздарды көшірмекші болып отырғанын, қазаққа берілген жақсы жерге кеңес шаруаларын салып жатқандары, шаруа жүзінде қазақ малына тиісті қам қылмаулары, малдың (арабша жазылған. Тәргілеу шығар – авт.) орындату не еш фабрика-заводтың жоқтығы, сауда-саттық жайында Казторг,Упсырзаг, госплан, склад... тар қазақстандықтарды жойып, мұнда байлағаны. Мәдениет майданын шала етіп, жастардың елге аттанысы - елді кеңестен бездіретін талай болып жатқан жұмыстар жайында, басқару жөнінде: қазақтың қолынан жұмыс келетіні аз. Азаматтары – бірі - ұлтшыл, бірі - пәлен деп, партиядан айдап, ылғи оңбағандарды жинап алып, қазақ атынан жұмыс жүргізіп жатқаны, мекемені қазақтандыру жөнінде, орысты ақша шығарып оқытып жатқандығы... Тап күресі деп қазақтың қалтылдаған шаруасын күйзелтіп жатқанын – қысқасы отаршылдық саясаттың барлап жатқанын түгел айту.

Міне біз бұған қарсымыз, риза емеспіз. Бұл ұлтшыл болғандықтан емес, Лениннің ұлт саясатын дұрыс жүргізбегендіктен, декларация прав народта орын берілген құқықтарды жүзеге асырмағандықтан. Бізді ұлтшыл деген жапқан жала, себепті, ұлтшылдықтың мағынасы: екінші ұлтты жұту, ойран қылу. Бұл бізде жоқ, болуы да мүмкін емес. Біз: қазақ - шаруа, мәдениет майданында басқа ұлттармен тең болуы керек дейміз. Ол ұлтшылдыққа жатпайды, мұны декларация правта кеңес өкіметі өзі беріп отыр. Өлгеніңді жасырарсың – көмгеніңді қайтерсің дегендей – бізге бұғуға болмайды. Бұл ірі орын - білсін. Біз айтпағанда кім айтады. «Жығылсаң жардан – ажалың әлдеқайдан». Бұл жерге келген соң тәуекел. Санасуға тиісті, осы күні өзінің қалы торға түскен торғайдай, біздің жайымызды түрік газеттері жазыпты. Әке дегенмен жан қалмайды. Қорғанудың жөні жоқ. Көп болса қазақ үшін құрбан болармыз – онда тарихи борышымызды өтеген боламын... Не жаныңдағылармен сөйлесіп жазып бер. Алдымен шығып терезеден бер, байқап бер, сақ бол. «15» маған жапқанды оқыдым депсің. Ол сөйлескен, менімен кездескен. Менің жауабым ба, сені кім, неге оқытты. Пәлен түгенді айттыңдар ма? Таран отрядын ұстап бердіңдер дегенге не деп жауап беремін. Мен «А.О-ның» істегендеріне жауап беремін дедім. Мен басқа сұрағанға жауап бермедім, сен не дедің? (86-бет. Бұл М.Дулатовтың сөзі. Оның жай-жапсары алдыңғы жауаптарда айтылған – авт.).

Басқа қағаз.



« 13 күні мені Сейсенбектермен кездестірді. Жауапта Сұрша мен уақытша орынбасар болып жүрген ұзын орыс болды. Сұраушы ұзын. Оқысаң менің берген жауабымды көрген шығарсың: ол заманда істелген істерге жауапкермін, ойлаймын жолдастарым да бас тартпайды... деген. Осыдан басқа тоқсан түрлі сұрағына жауап бермедім. Ұзынның бір жауабына – мұндай ақымақ сұрауға берер жауабым жоқ - дегенге ашуланып, мені қорқытпақшы болып сөз сөйлеп еді, мен қорықпаймын, мені қорқыта алмайсың - деген соң қойды. Сонан кейін жанымдағы кісіні алып, бұл жаққа жүргенше жалғыз болдым.

Үйілдің 3 күнгі жауапта тағы да орынбасар сұрады. Арасында Сейсектің айтқаны өтірік деп едім, ол (қағаз алып): қалмақ бет қазақтың берген жауабы, сен оны қорғаштайсың, ал ол сендерді аяған жоқ. Міржақыппен екеуіңді, пәленді, түгенді атты деп отыр деді. Қағаздан екеуіміздің атымызды көрдім. Ол сенен: Ордада Иманның баласын, түгенді аттыңдар ма (деп), Атбасарға кеткен түкті ауыздар туралы сұрады ма, сұраса сен не дедің. Сейсек солар туралы сұрады ма, не дедің? Сейсекпен кездесуді Селеумен екеуміз: бір жағынан қоқан–лоқы, екінші жағынан – Кесірқараны ұйымнан айдау үшін істеген шығар деп жорыдық, бұл қалай? Нақ осы күні бізді Орда жұмысына айыптар ма? Мені Шашпен кездестірмейді. Мұнысына түсінбеймін. Біздің ісіміз бір. Оларды қалай ол жақта қалдырды. Бізді мұнда әкелді, бұл қалай? Артынан Елдеспен, Шаш(пен) кездестім. Білдірмей кездестім.

Мұнда келгенде менің алынған нәрсеме және ақшама екі квитанция берген еді. Соны бүгін алып, нәрселерімді, квитанциясын берді. Ақша жоқ. Ақшамды да береді деп үміттенгенмін... Өйткені мұнда келген соң екі рет арыз жазып едім. «Өткіз, ақша керек» деп. Арыз бойынша мұнда салған шығар деп ойлап отырмын. Маған жазба, бермейді дейді мұндағы «білгіштер», мына бергеніне қарағанда бізге жалпақ жұрттан басқашарақ қарағандай ма.

Хош десеміз» ( 84 бет).

Бұл жұқа, жыртық қағазға жазылған.



Орта тұсы - Міржақыптың жазғаны, ал соңы не Халел Ғаббасовтікі, не Жүсіпбек Аймауытовтікі. Өйткені екеуі де ақша жіберу туралы жазған хаты сақтаулы. Х.Ғаббасов дегенге ден қоямыз.
Тергеу ісінің ҮІІ томының соңына үкім тіркелген:
«ОГПУ (сот) коллегиясының 1930 жылғы 4 көкек күнгі кеңесінің хаттамасынан көшірме.

Тыңдалды: №78754 іс бойынша айыпталған: Байтұрсынов Ахмет пен Міржақып Дулатовты - ҚЕ 58/2,58/4,58/11,58/10 баптары бойынша,

Есполов Мырзағазыны - ҚЕ 58/2,58/10 баптары бойынша,

Ғаббасов Халильді - ҚЕ 58/2 бабы бойынша,

Әділев Дінмұхамед пен Аймауытов Жүсіпбекті - ҚЕ 58/2,58/8,58/11 және 58/10 баптары бойынша,

Бірімжанов Ғазымбекті - ҚЕ 58/4,58/11 және 58/10 баптары бойынша,

Юсупов Ахметсафаны - ҚЕ 58/1,58/13 және 58/10 баптары бойынша,

Болғамбаев Хайретдинді, Жұмабаев Мағжанды, Байтасов Абдолланы, Омаров Елдесті, Жәленов Кәрімді - ҚЕ 58/11 және 58/10 баптары бойынша,

Битілеуов Дамолланы - ҚЕ 58/4 бабы бойынша,

Дулатов Асқарды...”- деп жиыны 42 адамды айыптан шыққан.
Біз өзіміздің мақсатты мүддемізге орай тікелей қатысы бар “Алаш” қайраткерлерінің ғана тізімін келтірдік. Өкініштісі сол, осы бір баптардың қойылуы барысында Жүсіпбек Аймауытовтың Дінше Әділевпен бір тізімге ілінгендігі. Тергеу ісінің ең түйіткілді “тұлғасы” Дінше Әділев болғандықтан да, бұл тұзақтан жазасыз құтылу мүмкін емес еді. Егерде, басқа тізімге іліккенде тым құрымағанда тағы да алты-жеті жылдай жарық дүниенің дәмін тату мүмкіндігі бар еді. Алла тағалам оған мұндай мүмкіндікті жазбапты.. Енді осы тергеу ісіндегі үштіктің сот үкімін толықтай келтіреміз. Әрине, кейбір адамдардың аты-жөні сіздерге бірінші рет кезігуі мүмкін. Оның басты себебі, біздің мұқым іс барысын толық келтіруге ешқанадй да мүмкіндігіміздің болмағандығынан еді.

«Қаулы еттік:

  1. Байтұрсынов Ахмет,

  2. Дулатов Міржақып,

  3. Есполов Мырзағазы,

  4. Ғаббасов Халиль,

  5. Әділев Дінмұхамед,

  6. Аймауытов Жүсіпбек,

  7. Бірімжанов Ғазымбек,

  8. Юсупов Ахмет-Сафа,

  9. Кеншімов Мәдібек,

  10. Тоқманбаев Бақай,

  11. Әбдікеев Бітімбай,

  12. Әбдікеев Питтибай,

  13. Байділдин Әбдірахман

А Т Ы Л С Ы Н.

  1. Битілеуов Дамолла,

  2. Дулатов Асқар,

  3. Бөлтіріков Оспан,

  4. Исмағамбетов Теміржан,

  5. Барлыбаев Жарахмет,

  6. Жұрқақов Құлахмет,

  7. Есполов Есенбай,

ең жоғарғы жазаға кесілсін де ол үкім он жыл концлагерьде отыру жазасымен айырбасталсын.

  1. Жұмабаев Мағжан,

  2. Омаров Елдес,

  3. Ұрзабеков Абдолла,

  4. Сәтбаев Ибрагим,

  5. .Әділев Асқар,

  6. Әділев Әбуәли,

  7. Әділев Әбубәкір

он жыл түрмеде отыруға кесілсін.

  1. Болғамбаев Хайретдин,

  2. Байтасов Абдолла

бес жыл түрмеге қамалсын, ол жаза ПП ОГПУ арқылы солтүстік аймаққа сол мерзімге жер аударылсын.

  1. Жәленов Кәрім,

  2. Кенжімбаев Дархан,

  3. Мұратов Төреқұл,

  4. Ибраев Акбар,

  5. Кәрібаев Нұрлан,

  6. Байдуллаев Ағабек

бес жыл түрмеге қамалсын. Ал төмендегі сотталғандардың:

Байтұрсынов Ахметтің, Дулатов Міржақыптың, Әділев Дінмұхамедтің (Мұқыш), Жұмабаев Мағжанның, Дулатов Асқардың, Бөлтіріков Оспанның, Исмағамбетов Теміржанның, Барлыбаев Жарахметтің, Есполов Есенбайдың, Мұратов Төреқұлдың, Кеншімов Мәдібектің

еңбек мөлшерінен артық мүліктері тәргіге түссін.

  1. Арғымбаев Мұхамедия,

  2. Алин Артықбай,

  3. Бектұрсынов Бажай,

  4. Майлиев Ерке,

  5. Тұрдыбеков Әбдірахман,

  6. Мұханов Кәкен,

  7. Ұлмұратов Тәжібай

үш жылға түрмеге (концлаерьге) қамалсын.

Іс архивке тапсырылсын.

ОГПУ-дің хатшысы- қолы.”
Осымен ОГПУ-дің тергеуі мен соты аяқталған. Алайда арада бір жыл өткен соң мынадай қосымша ұйғарым шыққан.
1931 жылы 8 қаңтар күні істі қайта қарау мәселесі тыңдалды, онда мынадай қаулы қабылданды.

ОГПУ коллегиясының 4/ІҮ-30 жылғы мына азаматтарға шығарған үкімі: Біірмжанов Ғазымбекке, Есполов Мырзағазыға, Дулатов Міржақыпқа, Байтұрсынов Ахметке

шығарылған үкім күшін жойсын”- делінген.

Бұл тізімге, өкінешке орай, Жүсіпбек марқұм ілінбей қалды-ау. Бұл үкімге келесі бөлімдерде толық талдау жасалынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет