Құрамы тізілімінен шығару мемлекеттiк қызмет стандартына 4-қосымша



жүктеу 51.47 Kb.
Дата06.02.2017
өлшемі51.47 Kb.
«Темір жол жылжымалы құрамын тiркеу

(қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару » мемлекеттiк қызмет стандартына

4-қосымша
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы

прямая соединительная линия 84


Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетi

Жұмыс кестесі: сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейін, жексенбі және мереке күндерді қоспағанда, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 24 бөлме, тел 8 (7172) 24-06-04. интернет-ресурс: www.mtс.gov.kz;





Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы көрсетедi: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде) және ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz.





ХҚО және портал арқылы Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

ХҚО-ға жүгінген кезде:

1) куәлікті не Тізілімнен шығару туралы хабарламаны беру сегіз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады; дәлелді бас тартуды беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

2) портал арқылы өтініш берген кезде:

куәлікті тізілімнен шығару туралы хабарламаны беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады; дәлелді бас тартуды беру үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

3) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні мемлекеттік қызмет көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 20 минуттан аспайды;






Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қызмет алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

ХҚО-да:


осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес Excel форматында электрондық файл түрінде белгіленген нысандар бойынша тіркеуге не қайта тіркеуге жататын, оның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға не мүлiктiк жалға, лизингке берiлген темiр жол жылжымалы құрамының түгендеу паркiнiң тiзбесi;

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтiнiш (өтініш сканерден өткізіліп, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі);

заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

жеке тұлға үшін – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

мемлекеттік қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттігін куәландыратын құжат;

дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік;

меншік құқығын растайтын құжат не мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiк басқару шарты (сканерден өткізіліп, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі);

жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық паспорты (формуляры) (сканерден өткізіліп, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі).

Жеке басын куәландыратын құжатты, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті не анықтаманы, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлікті ұсыну олардағы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал немесе ХҚО ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

Порталда:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандар бойынша тіркеуге не қайта тіркеуге жататын, оның iшiнде сенiмгерлiк басқаруға не мүлiктiк жалға, лизингке берiлген темiр жол жылжымалы құрамының түгендеу паркiнiң тiзбесi;

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

жеке тұлға үшін – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік;

меншік құқығын растайтын құжат не мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг не сенiмгерлiк басқару шарты (сканерден өткізіліп, мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электронды көшірмесі нысанында жолданады);

жасаушы зауыттың темiр жол жылжымалы құрамының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық куәлігі (формуляр) (сканерден өткізіліп, мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электронды көшірмесі нысанында жолданады).

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік анықтама, дара кәсіпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жіберіледі.

Темір жол жылжымалы құрамын Тізілімнен шығару кезінде:

ХҚО-да:


4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтiнiш;

темiр жол жылжымалы құрамын есептен шығару туралы акті не оның зақымдалуы, жоғалуы, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжат (сканерден өткізіліп, ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі нысанында жіберіледі).

Порталда:

4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтiнiш;

темiр жол жылжымалы құрамын есептен шығару туралы акті не оның зақымдалуы, жоғалуы, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ шетелдік тұлғаға иеліктен шығару туралы құжат (сканерден өткізіліп, мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі түрінде жолданады).

Белгiленген үлгiдегi өтiнiштiң бланкісі ХҚО күту залындағы арнайы тағанда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы өтініш толтырылады.

ХҚО құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ атқарылатын қызметі және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық өтінішті жолдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Өтініш автоматты түрде уәкілетті органға жіберіледі.




Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық–анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:



©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет