ҚР ҰҒА академигі А. М. Ғазалиевтың редакциясымен



жүктеу 1.37 Mb.
бет1/8
Дата19.03.2017
өлшемі1.37 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҰЛТ ТАРИХЫ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР
Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде
2-жинақ


Қарағанды 2014
ӘОЖ 94 (574)

КБЖ 63.3. (5 Каз)

Ұ 48


ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен
Құрастырушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, В.В. Козина,

Л.Г. Матвеенкова, Е.Н. Ивлева, А.К. Мубаракова, М.Ж. Сүлейменова,

С.Д. Шаймұханова, Н.З. Ошанов, Т.Ж. Мақалаков, А.Е. Даниярова,

Е.Г. Огольцова, А.А. Әбдірахманова, К.С. Тілеуғабылова.


Ұ 48 Ұлт тарихы толқынындағы ұлы тұлғалар. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 2-жинақ / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2014. – 93 б.


Жинақ Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар және олардың ролі туралы баяндайтын мақалалардан тұрады.

Жинақ материалдары кураторларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өнегесінде патриоттық тәрбиелеу Тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде кураторлық сағаттар мен басқа да іс-шараларды дайындау үшін ұсынылады.

ӘОЖ 94 (574)

КБЖ 63.3. (5 Каз)

©Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2014




Кіріспе
Қоғам қалай және қайтіп дамиды? Тарихты кім немесе не жасайды? Осы сұрақтарға философтар мен тарихшылар, социологтар мен политологтар бірге жауап іздеуге талпынады, бірақ ортақ пікірге келе алмайды.

«Тарих – бұл табиғи тарихи процесс», - деп тұжырымдайды біреулер.

«Тарих – саясатшылар әрекетінің нәтижесі», - деп санайды басқалары. «Тарих – кездейсоқ оқиғалар ісі», - деп үшіншілері олармен келіспей жатады. Дегенмен, әдетте, бәрінің бір мәселеге көзқарасы ортақ – тұтас адамзатқоғамының тарихында да, жеке алғанда ұлттар қоғамының тарихында да басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады.

Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі.

Өз заманындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу мәселесі ерекше мәнге и болмақ егер осы адамдар тек тарихты жасап қана қоймай, сонымен бірге сол қоғамның мәдени құндылықтарын, адамгершілік принциптері мен дәстүрлерін бойында сақтап, оның жетекшісі бола білген жағдайда.

Өздерінің ұлы бабаларының даңқты тарихына ортақ еткізу адам баласының өз еліне, оның ұлы тарихына, оны жасаған ұлы тұлғаларға деген мақтаныш сезімін қалыптастырады. «Біздің бабаларымыз қазіргі Қазақстанның ұлан байтақ даласын қорғап, төл мәдениетін сақтап, өмірді түйсіну мен танудың ерекше түрін бізге мұра етіп қалдырды. Бұл дала халқының бостандық сүйе білуі мен айбындылығы тарихтың қатал кезеңдерінде де жоғалтылмай, ата-бабаларымыз біз үшін сақтай алды», - деп Н.Ә. Назарбаев Л.И. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеттің студенттері алдындағы өзінің дәрісінде атап көрсетті (Казахстанская правда, 2007, 27 мамыр).

Сонымен, Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалардың өмірлік қызметінің тарихы қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.

Ұсынылып отырған жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары дайындаған, ұлы тарихи тұлғалар және олардың Қазақстанның тарихы мен мәдениетіндегі рөлі туралы баяндайтын материалдар берілген. Бұл материалдар кураторларға «Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар» тақырыбында кураторлық сағаттар дайындау және өткізу кезінде ақпараттық көмек береді.






В.В. Киянский,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,



Экология және табиғатты пайдалану

мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі

БІР АРМАН
Ұлы Абай айтқандай: «Ерте заманда «елбасы», «топ басы» деген атаққа ие болған адамдар болған. Олар дауларды шешкен, қоғам өмірін басқарған. «Елбасы» шешіміне қарсы келуге болмайтын. Оған үлкен құрметпен қарайтын, оны тыңдап, оған бағынатын. Және екінші – адамдар бірлікті жоғары бағалап, оны сақтауға тырысатын. Кімде-кім ата-бабасының атын атап, басқаларды көмекке шақыратын болса, барлығы өкпе-ренішті ұмытып, жәрдемдесуге жұмылатын».

Бүгінгі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті нығайту мен бірлікті асқақтату үшін ежелден келе жатқан «ел» деген түбір негізінде ортақтасқан «Мәңгілік Ел» атты Патриоттық акт жасауды және мемлекетімізге Қазақ Елі атауын беруді ұсынды. Бұл ретте Президентіміз өткенге көз сала отырып, көкейкөзділігімен болашақты да көре білді, ол егемен мемлекет құру кезінде уақыт сынынан өткен және «Қазақстан жолы-2050» Жолдауында көрсетілген құндылықтарға негізделу керек. Ол негіздер мыналар: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана; ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім; зайырлы қоғам және жоғары рух; индустриаландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалық өсу; Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы; тарих, мәдениет және тіл ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік.

Елбасы бізге, өзінің отандастарына былай дейді: өткенді ұмытпаңдар, болашаққа ұмтылыңдар. Мақсат қойылды, мақсатқа жеткізетін жол салынды және мақсатқа жету орны анықталды – ол «Мәңгілік Ел», оның аты Қазақ Елі. Осы жолмен жүре отырып, біз өткеннің ұшқынын емес, алауын алуымыз керек. Бұдан (оттан, құштарлықтан, қуаттан, шөптен, ошақтан, жанұядан) бүгін бізді біріктіріп отырған «отан» (атамекен, ошақ), «отандас» (замандас), «отау» (жанұя, жастар киіз үйі) сөздері пайда болды. Бұл оттың жылулығы – ата-бабамыздың үлкен сенімінде, оны Қазақстанның бүгінгі ұрпағы сақтап келеді, «Жасыл ел» және «Нұр Отан» халық партиясының жетекшілік рөлімен жүзеге асырылып отырған үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламаларының орындалуына үлес қосуда.

Қазақ Елінің болашағы бүгін қалануда, мұны Астананың келбетінен көруге болады, бұнда бүкіл елдің өсуі сипат алған және Қазақ елінің сәулет-мүсіндік кешені қалыптасқан. Бұл Отанымыздың асқақ бейнесі, тәуелсіздік символы, мұнда орталықтан стела бой көтерген, ол аспанға ұмтылған алтын Самұрық құсымен бейнеленген, ал стеланы көркемдейтін барельефтер әлемнің төрт жағына бағытталып, астананың еліміздің жүрегі және Еуразияның географиялық орталығы болып табылатындығын көрсетеді. Мұнда әр таң шығыстан Күннің шығуымен басталады, Бейбітшілік және Келісім сарайының үстімен өтеді, Ақ Орданың көгілдір күмбезіне сәулесін түсіреді, ал тал түсте Өмір ағашы – «Бәйтеректі» нұрландырады да, «Хан Шатырдан» асады, бұл бір күнде сәулет өнері жауһарларының бойында сақталған халық тарихын жарқын еткендей көрініс.

Күн сәулесінің тоқтайтын енді бір нүктесі Салтанат аркасы – «Мәңгілік Ел», ол алтын қимасының симметриясымен және үйлесімділігімен астанамызға келетіндер мен астанамыздан шығатындардың әрқайсысын қарсы алады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай бой көтерген 20 метрлік арка Сарыарқадай, арқадай (арқау, қорғаушы), Шығыс пен Батысты біріктірген «Мәңгілік Ел» атты мемлекетіміздің негізі болып табылады. Астанамыздың аркалық және арқанды көпір конструкциялары мен бірегей ғимараттарына қарап былайша айтуға болады: «Халқым, арқандай берік бола білсең, қанатты боласың». «Мәңгілік Ел» – бұл біздің ортақ үйіміздің ұлттық идеясы және ата-бабамыздың асқақ арманы.

Бүгінгі күні жаһандану деп аталатын өзгерістер әрдайым болды және әр уақытта түрліше аталды. Сол өзгерістер аясында мемлекеттер жойылып та, жаңа мемлекеттер пайда болып та жатты. Тек іштен өзімізді өзіміз ұйымдастыру, жүрек деңгейіндегі бірлік пен патриоттық сезім арқылы егемендігімізді нығайтып, тарихымызды кеңейте аламыз. Сондықтан ата-бабамыздың айтып кеткен нақыл сөздерін ешқашан ұмытпаймыз: «Ел бірлігі – ел теңдігі. Бірлікті ел бұзылмас».

Әр ұрпақтың өз арманы болу керек. Мен Жоғарғы Кеңестің 13-ші шақырылымының депутаты ретінде Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың астананы көшіру туралы сөзін тыңдау және оны қайта орналастыруға дауыс беру бақытына ие болдым. Бүгінгі күні бұл арманымыз орындалды, енді Елбасы Қазақ елі жайлы өзінің жаңа, ежелгі, көкейкесті арманын жариялады. Көшбасшымыздың бұл арманы Отанымыздың патриоттарының жүрегі мен санасына жетіп, үлкен күшке айналсын. Олар, бірінші кезекте, жастар Қазақстандық жолда-2050 бәрін де көтере алады, бұл жолда барлығының бір арманы, бір мүддесі, бір болашағы және Көшбасшымен бір арманы болу керек.
«Казахстанская правда», 2014, 26 ақпан.

С.И. Ферхо,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,



Әлеуметтік-мәдени дамыту

жөніндегі комитеттің мүшесі


САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛЫ ЕРЛІКТЕР РУХЫНДА
Бұл принципті ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Арыстан Ғазалиев мүлтіксіз ұстануда. Қазіргі заманғы жас буынды патриоттық сезімге тәрбиелеу әдістерін іздеу серпінді әрі терең ойлы адамды қазақстандық ғылыми қоғам мен студент-жастар өкілдерінде ұзақ жылдар бойы ұмытылмас әсер қалдыратын әрекеттер жасауға итермелейді. ҚарМТУ ұжымы ұйымдастырған және республикамыздың жетекші ғалым-зерттеушілерінің, қоғамдық-саяси қайраткерлерінің, «Нұр Отан» ХДП өкілдерінің, әйгілі Қазыбек би ұрпақтарының қатысуымен өткізілген «Қазақстанлық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы Қазыбек би ролі» аймақтық ғылыми-практикалық конференция осыған дәлел бола алады.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы өмірі заманауи қазақстандық мемлекеттіліктің негізіне айналған тарихи тұлғалардың мұрасын халыққа қайтарды. Кеңестік доктринершілік пен европоцентризм заманында, Қазақстанның бірқатар қоғамдық-саяси және мәдениет қайраткерлерінің ар-намысы тапталған уақытта ұмыт болған не әділетсіз қараланған Отан ұлдарының есімін қайтарудың өзін әділеттілік салтанаты деуге болады. Олардың қатарында қазақ халқының аса көрнекті ұлы Қазыбек би де бар, ол XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысы аралығында қазақ қоғамының нығаюына зор үлес қосты.

Қазақстанның тарихи өткенін мақсатты түрде иесіздендіру, патриотизм мен ұлтаралық достық сезімін қалыптастырудағы ұлт батырларының маңыздылығын жою замандастарымыздың өткен оқып-үйренуінде еш жеміс бермейді. Көп жылдар бойы тұлға термині сол тұлға өмір сүрген уақыттағы қоғамдық қатынастар жиынтығының бір адам бойында көрінуі деп түсініліп келді.

Алайда тұлға – нақты тарихи шама – константа, онсыз тарихи әрекет жоқ, ол жеке қасиеттерге ие. «Еш кезеңді оның ұлы адамдары туралы білмей түсіну мүмкін емес, – дейді мемлекетіміздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, – өйткені біз адам тағдыры арқылы тарихты көріп қана қоймай, сол тарихтың рухына бөленеміз».

Қандай да бір кезеңдегі тұлғалардың маңыздылығын ұғына отырып, біз сол кезеңді ғана емес, өзіміз өмір сүріп отырған әлемді де ұғына алатындығымызды сеніммен айтуға болады. Өйткені даму тізбегі өзінің ішкі мазмұны бойынша үздіксіз, жүйелі және көңілге қонымды.

Бүгін Қазақстан Республикасының әр жас азаматы ата-бабасының батырлық өткенін білу керек. Бізде ерте заманнан бастау алған идеялық-саяси негіз болу керек. Осы ретте Қазыбек бидің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлін бағалау өте қиын. Оның қызметі қазақстандық дипломатияның пайда болуына және қазіргі заманғы қазақстандық заңгерлердің құқықтық мектебіне негіз.

Аталған аймақтық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушылары мен қонақтары ғалымдар қоғамына Қазыбек бидің жан-жақты тұлға, шешен болғандығын, қазақ халқының мүддесін қорғауға ұмтылғандығын және көршілермен өзара тиімді шартқа отыруды көздегендігін көрсететін баяндамалар ұсынды.

«Қазақ мемлекетін құрудағы Қазыбек бидің ролі» атты ғылыми білім беретін бейне фильм жасау арқылы Ұлы Қазыбек би бейнесін біздің замандастарымыздың жадында сақтау осы конференцияның жетістігі болып табылады.

Бір тұлғада біріккен дипломат, шешен, сот данышпандығы, – Қазыбек би бойындағы сирек қабілеттер куәсі, бұл заманадастарымыздан асқан дәлдікпен зерттеуді қажет етеді. Ал Қазыбек бидің Әйтеке бимен және Төле бимен бірге атқарған әлеуметтік билер институты қазақ даласының бірегей сот органы болып табылады, және де Орта Азия халықтарының бірінде оған ұқсас ештеңе жоқ.

«Нұр Отан» ХДП партиялық форумының трибунасынан Ұлт Көшбасшысы қазақстандық жас буынға былай деген: «Сендердің көбің тәуелсіздік жылдарында өстіңдер. Тәуелсіздік құрдастары 2020 жылға қарай 30 жаста болады. Сендер басқа өмірді білмейсіңдер, алайда сендер бұл тәуелсіздік пен қазіргі жетістіктерімізге оңайлықпен қол жеткізбегендігімізді білулерің керек! Сендер қазір үлкен өмірге қадам басқалы отырсыңдар. Сендер ата-аналарың мен Отандарыңның алдында міндеттеріңнің бар екендігін ұғынуларың керек. Бұл міндеттер сендердің өмірлік жолдарыңды анықтайды, сонымен бірге нағыз азаматтың парызы мен құқығы болып табылады. Мен сендерді қалыптасқан тұлға, өз ісінің маманы, шынайы патриот ретінде көремін … Патриот болу дегеніміз – өз Отанын шынайы сүю. Өзі мен өз халқына сену, қоғамға қызмет ету. Алайда өз тарихын, ана тілін, ата-тамырын білмей, нағыз париот болу мүмкін емес. Біз сендерді мақтан тұтатын болайық!»

Әрине, біздің жастар өз тарихын, ата тегін, осы тарихты қалыптастырған және қалыптастырып жатқан тұлғалардың өмірі мен қызметін білмесе, жарқын болашақ құра алмаймыз. Сол тұлғалардың өмірлік тәжірибесі, олардың даналығы, қоғам мен Отанға шексіз беріліп қызмет етуі заманауи мемлекеттің қарқынды дамуының негізіне айналу керек. Ата-бабаларымыздың іс-әрекеті, ұлы тұлғаларымыздың өсиеті заманауи жастарда тұлға қалыптастырудың өлшемі болу керек.

Қазыбек бидің қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы роліне арналған ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша іс-шара қатысушылары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің негізінде ұлы тұлғалардың Қазақстан дамуына қосқан үлесін асқақтататын форумдарды жыл сайын өткізу туралы Білім және ғылым министрлігінің алдында өтініш жасау шешімін қабылдады. Сонымен бірге еліміздің жастарын патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігінің жетекшілігіне Қазыбек би туралы толық метражды көркем фильмдерді қаражаттандыру туралы, үлгерімі жақсы дипломаттарға арналған Қазыбек би атындағы үздіктер белгісін шығару туралы ұсыныс жасау мәселесі көтерілді.

Халық жадында өткен тарих беттерін орнына қайта келтіру жолында бізді әлі көп жұмыс күтіп тұр. Халық ата-бабаларының ұлы жеңістерімен өмір сүреді, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады, заманауи қазақстандық мемлекеттілік нығаяды.
«Казахстанская правда», 2012, 30 наурыз

С.Д. Шаймұқанова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасының

профессоры, т.ғ.к.

e-mail: sd_52@mail.ru

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, АЗАМАТЫ, ПАТРИОТЫ
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші тікелей бүкіл халықтық сайлауы болды, онда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Сайлауда ол сайлаушылардың 98,7 % дауысын алып, сенімді жеңіске жетті.

Н.Ә. Назарбаев – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан халқы Ассемблеясының Төрағасы, қазақтардың Бүкіл әлемдік Ассоциациясының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және бірқатар шет елдердің жоғарғы ордендерімен және медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта айқын көрінетін көшбасшылық қасиеттері бар және өзін-өзі дәлме-дәл бағалай біледі. Бойында көшбасшылықтың харизмалық және дәстүрлі типтерінің сипаты үйлесім тапқан, прагматик.

Стратегия мен тактиканы талғаммен үйлестіреді, перспективті және бір сәттік мақсаттар арасында қайшылық туған жағдайда стратегиялық жоспарлауға жол береді. Сарапшылар Н.Ә. Назарбаевтың саяси өмірін талдай отырып, нақ осындай саяси-психологиялық бейне жасады. Ол тек ұлттық қана емес, әлемдік ауқымдағы саясаткер болып табылады. 90-жылдардың басында Қазақстанның басшысы болған кезде КСРО атақты көшбасшылары рейтингінде бірінші орын алды.

Н.Ә. Назарбаевты бүкіл әлем біледі, мойындайды және құрметтейді. Біздің республикамыздың тәуелсіздік алуы, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаю кезеңі соның есімімен байланысты.

Еліміздің тәуілсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі қазақ тілінің статусы мен беделін арттыру, оны қолдану аясын кеңейту бойынша жағдай жасап келеді. Өткен жылдардағы мемлекеттік тілді қолдану аясының айтарлықтай кеңеюі Президентіміздің табандылығының, талапшыл-дығының арқасында мүмкін болды. Оның «Қазақ – қазақпен қазақша сөйлесу керек», «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» деген сөздері қанатты сөздерге айналды. Биылғы жылы ол қазақ тілді басылымдардың басшыларымен сұхбаттасты, онда қоғамдағы қазақ тілінің орны мен ролі туралы, оны дамыту мен жетілдірудің негізгі жолдарына толығырақ тоқталды.

Егемендік алған жылдар ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Президенттің аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдарында үнемі ізденісі Қазақстанның дамуына ғана ықпал етіп қоймай, басқа елдермен өзара қарым-қатынас кепілдігі ретінде де қызмет етеді. Біздің мемлекетіміз қазіргі таңда экономикалық реформаны жүргізу аймағында көшбасшы болып табылады. Қазақ халқында ежелден қоғам көшбасшысын сый-құрметке бөлеген. Н.Ә. Назарбаевты бүгінгі күні мемлекеттің негізін қалаушы, ұлт атасы ретінде мақтаныш етеді. «Назарбаев» пен «Қазақстан» деген сөз синоним болып қалды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты халық жақсы көруімен қатар, мақтаныш та етеді!

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, тәжірибелі көшбасшы бола тұра, экономикалық және саяси жетілдіру арасында, сыртқы және ішкі саясаты арасында, еліміздің жуық және ұзақ мерзімді мүдделері арасында соншалықты қажет тепе-теңдікті таба білді. Бұл оған маңызды стратегиялық мақсаттардан ауытқымастан елімізді алып шығуға мүмкіндік берді. Басты мәселе ретінде Тұңғыш Президент берік экономикалық негіз салу міндетін алға қойды, онсыз кез келген демократиялық түрлендірулер үстірт және тіршілікке қабілетсіз болып қалу қаупі бар. Алдымен экономика, сосын саясат – президенттік бағыттың лейтмотиві осындай болды, әрі бұл бағыт өзін толық ақтады. Тұңғыш Президенттің күшті әрі сенімді қолы жетелеген Қазақстан - экономиканы реформалауда, жаңа заманғы банктік-қаржылық, салықтық жүйені, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін құрудың көптеген өзекті мәселелеріне алғашқы із салушының өзі болды.

Осы мазмұны мен рухы бойынша либералдық түрлендірулер нәтижесінде Қазақстанда жігерлі және жаңаша ойлайтын бизнес-элита қалыптасты, барлық қажетті экономикалық және қаржы институттары құрылып, нығайтылды, орта кластың қалыптасуы басталды, миллиондаған азаматтар жеке тұрғын үй алды. АҚШ пен ЕЕ алғашқылардың бірі болып Қазақстан экономикасының нарықтық сипатын мойындауы тегін емес, ал Қазақстанның жинаған ең құнды тәжірибесі тек посткеңестік кеңістікте ғана емес, одан тыс алыс қияндарда да талап етілген болып табылады. Осының бәрі елімізге инновациялық экономиканы құру саласында анағұрлым күрделі және қиын міндеттерді жүзеге асыруға көшу және әлемнің 50 анағұрлым бәсекелестікке қабілетті елдерінің қатарына біртіндеп енуге талаптану мүмкіндігін берді.

Соншалық маңызды бастапқы тұрақтандыруға қол жеткізіп, стратегиялық жоспарлау бағытын алған Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістікте бірінші саяси көшбасшы болу фактісінің маңызы да аз емес. 1997 ж. қазанында-ақ Президент Н.Ә. Назарбаев еліміздің халқына жыл сайынғы «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайын жақсарту» жолдауымен үндеу тастады Ол онда үшінші мыңжылдықта мемлекет пен қоғамның даму Стратегиясын белгіледі [1, 81-б].

Осылайша, Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет болып құрылды, оның халықаралық аренада, әлемдік саясаттың ықпалды және беделді қатысушысы ретінде, жаһандық әлемдік шаруашылық байланыстарда маңызды рөл атқаратын ел ретінде өз келбеті мен тәртіп стилі бар. Қазақстан айтарлықтай күйзеліссіз, қан төгіссіз және азаматтық қайшылықтарсыз КСРО-ның құлдырауына байланысты дағдарыстық құбылыстарды қысқа тарихи мерзім ішінде жеңіп шығып, егеменді мемлекетке барлық қажетті атрибутын жасау фактісінің өзі - Тұңғыш Президенттің есімін отандық тарихтың анналдарына енгізуге жеткілікті негіз болып табылады.

Жаһандық дәуірдің күрделі дағдарыс жағдайларындағы жаңартылған түрлендірулерді табыспен жүзеге асыруы, күшті және динамикалық түрде дамыған мемлекет құруы Н. Назарбаевты - Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю, Дэн Сяопин, Махатхир Мохамад және т.б. сияқты көрнекті реформаторлар-мен бір қатарға қояды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қайраткері ретінде маңызды сипаты - стратегиялық түрде ойлай білуі, практикалық саясатта халықаралық өмірдің негізгі мегатрендаларын, оның ішінде әлемнің ЕЕ мен АТР бастап Латын Америкасы мен Таяу Шығысқа дейінгі барлық аймағында практикалық түрде байқалатын шоғырландыруға жалпыға бірдей бағытты сезімталдықпен түсініп, ескере білуі болып табылады. Осы қаталдықпен және прагматизммен ұштасқан көрегендік қасиеті оны, ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында жаһандық дәуірдің толқынды теңізінде жалғыз-жалғыздан табыспен құлашын сермеу мүмкіндігіне қатысты кейбір елес қуған посткеңестік дәуір саясаткерлерінің үлкен саңлақтарының арасынан бірден ерекше етіп көрсетеді. Тұңғыш Президентіміздің сөзімен айтқанда «шапқылау инерциясы біздің шоғырлануға салған күшімізден күштірек болды». Сондықтан көптеген посткеңестік көшбасшылар 1994 жылы 29 наурызда Н. Назарбаевтың М.В. Ломоносов атындағы ММУ сөз сөйлеу барысында тұжырымдалған, түрлі жылдамдықтағы және көп деңгейлі шоғырлануды дамытуды, «шоғырландыру орталықтарын» өзінше қалыптастыруды болжайтын еуразиялық бастамасына толық сәйкес және уақытылы жауап берген жоқ. Н.Ә. Назарбаев шоғырландыру бастамаларын алға жылжытып қана қоймай, оларды практикада табанды түрде, біртіндеп жүзеге асыратыны, әсіресе, маңызды. Көбінесе, оның беделі мен ықпалының арқасында Қазақстан еуразиялық шоғырландыру локомотивінің біріне айналды. Қазақстан, нақты жетістіктер мен шешілмеген мәселелердің көптігінен туған жүйелі дағдарысты өткерген ТМД-н реформалау инициаторы болды. Қазақстан ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысының күн тәртібін қалыптастыру кезінде прагматикалық тәсілді ұстануды ұсынды. ҚР Президентінің пікірінше, Ынтымақтастықтың барлық мүшелерінің мүдделеріне қатысты, «бір жыл – бір тақырып» принципі жөнінде мәселелер бойынша ғана жұмыс жүргізу қажет. Сондықтан ТМД қазіргі кездегі қызметінің бірінші жоспарына - көші-қон, транзиттік-көлік инфрақұрылым мен электр энергетика-лық жүйелерін дамыту сияқты мәселелер қойылды [2].

Н.Ә. Назарбаев – халықаралық ауқымдағы саясаткер. Аналитиктер бірауыздан, ол XX ғасырдың 90-жылдарында қарапайым мемлекет қайраткерінің шеңберінен шығып кеткенін атап айтты. Олар – ол, ұлттық саясаттың тар шеңберінде тұйықталып қалмас үшін шынайы стратег ретінде ауқымды кеңістіктік және уақыттық категориялармен ойлайды. Олардың пікірінше, Қазақстанның тұңғыш Президенті әуел баста жаһандық саясатқа ұмтылған және Қазақстанды әлемдік саясаттың жоғарғы эшелонына енгізу үшін барлық қажетті күшін салуда. Шынында да, Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бағытының негізгі принциптері Қазақстан тәуелсіздігі таңының жаңа ата бастаған кезінде, жас мемлекет сыртқы саясат саласында күрделі мәселелермен бетпе-бет кездесіп, бірақ осыған орай шетелдерде бір де бір дипломатиялық өкілеттілігі, сыртқы саяси мәселелер бойынша қарапайым атқарылған жұмысы жоқ және біліктілігі бар дипломатиялық кадрлар тапшылығын өткерген кезде тұжырымдалған [3].

ҚР тұңғыш президенті– экологиялық, энергетикалық, азық-түлік және т.б. ең маңызды жаһандық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосты. Сонымен, БҰҰ Бас ассамблеясының 62-сессиясы барысында ол БҰҰ шеңберінде, экологиялық апаттармен күресу механизмін жасап шығару процесін тездетуге арналған әлемдік энергетикалық мәселелер Тізімдігін жасауды тағы да бір рет ұсынды. Сонымен қатар, Н. Назарбаев БҰҰ шеңберінде Жаһандық энергиялық экологиялық стратегияны құрастыруды және оны 2012 жылғы тұрақтылықты дамыту жөніндегі Бүкіл әлемдік саммитте талқылауды ұсынды.

Қазақстан жаһандық энергетикалық баланс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жауапкершілігін мойындайды. Жеке алғанда, тұтынушыларға энергия тасымалдаушыларды жеткізуді одан әрі диверсиялау, сондай-ақ энергиялық ресурстарды өндірушілер үшін кепілдік беру мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев энергия жеткізу тұрақтылығының Еуропалық пактісін қабылдауды ұсынды [4].

VII Еуропалық медиа-форумда, сондай-ақ СЭФ форумында Таяу Шығыс жөнінде сөйлеген сөзінде біздің мемлекетіміздің Басшысы әлемдік қауымдастықтың назарын, өнімдерді тұтынудың артуы, биоэтанол өндірісінің өсуі мен климаттың өзгеруі сияқты бірнеше факторлардың нәтижесінде асқынған әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне аударды. Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша, тек соңғы үш жыл ішінде тамақ өнімдерінің әлемдік құны 83 пайызға өсті. Әлемнің 40-қа жуық елі азық-түліктің жетіспеушілігін сезінеді және көмекті қажет етеді. Осыған орай тұңғыш Президент, бүгінгі таңда көшбасшы елдерден, тұтас алғанда әлемдік қауымдастықтан кооперацияның жаңа түрлерін жасап шығару жөнінде батыл әрекеттер талап етеді, олар барлық әлемдік экономиканың дамуын тұрақтандырып, жаһандық диспропорцияны жеңе алады.

Тұңғыш Президент өркениет диалогын дамытуды белсенді қолдаушы болып табылады. Оның энергиясы мен табандылығы арқасында 2003 және 2006 жылдары Қазақстанда, өзара түсіністік табуға және планетамыздың «қайнаған ортасында» дін аралық шиеленісті тарқату механизмдерін қалыптастыруға арналған әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші және екінші Съезі өткізілді.

Тұтас алғанда, Қазақстанның тұңғыш Президенті халықаралық қарым-қатынастың жаңа сәулетін қалыптастыруға, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту, әрі жаһандық мәселелерді шешу мен өркениет аралық диалогты жақсартуда айтарлықтай үлес қосып келеді. Кейбір шетелдік политологтардың Н.Ә. Назарбаевтың планетарлық миссиясының анағұрлым беделді әлемдік саясаткерлер санына бұрыннан енгені туралы айтуы тегін емес.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бірегей саясаткер. Шынында да, саяси тәжірибе мен энергияның, теория мен практиканың, интуиция мен парасатты есептіліктің тоғысуы жаңа заманғы әлем тарихында жиі кездесе бермейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, қатаң жағдайларға қарсы жүруге, көпшілікке мәлім емес, бірақ өмірлік қажетті шешімдерді қабылдауға дайын саясаткерлердің тым шағын санына жатады. Ол популизмнің кез келген көрінісін жоққа шығарады, әрі мемлекеттік және қоғамдық өмірдің аса зәру мәселелері туралы ашық айтады. Саяси жобалардың нағыз генераторы бола жүріп Н.Ә. Назарбаев жаңа идеялар мен жаңа тәсілдерге, оны өзінің жақтаушылары ма немесе саяси оппоненттер ме - кім алға қоятынына қарамастан, ерекше зеректік танытады.

Көзқарасының осындай кеңдігі ҚР Тұңғыш Президентіне тек елін тиімді басқаруға ғана емес, уақыттан озып, ұзақ мерзімді болашақты ойластыруға, он жыл бұрын алға жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Ол қазіргі саяси және экономикалық конъюнктура туралы ғана емес, сондай-ақ Қазақстан 30-50 жылдан кейін қандай болатыны, ол келешектегі күрестер мен қауіптерге қарсы тұруға қабілетті бола ма – сол туралы ойластырады. Ол бұлыңғыр болашақ тұрғысынан бүгінгінің түбірі туралы талқылайды, ел ішіндегі және халықаралық аренадағы одан арғы стратегияны құрастырады [5].

Барлық осы қасиеттері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты халықаралық ауқымдағы нағыз талап етілген және беделді саясаткер етіп көрсетеді. Оның пікіріне әлемнің жетекші елдерінің көшбасшылары, ықпалды халықаралық ұйымдардың басшылары мен әлемдік бизнес-элита өкілдері ықыласпен құлақ қояды. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы саяси табыстарындағы арыстандай үлесі оның көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаевтың жоғарғы беделі мен жеке басының ықпалының арқасында болды деп батыл айтуға болады. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің феномені – жеке тұлғаның ұлттық және әлемдік тарихтағы ерекше рөлі туралы тағы бір ойлануға тұрарлық себеп. Біз Нұрсұлтан Назарбаев сияқты бірегей және ауқымды тұлғаға лайықты бағасын беруіміз керек, оның әлемдік қауымдастықта өз еліне және өз халқына лайықты орын қамтамасыз еткен жарқын саяси қайраткер, табысты реформатор және көреген стратег ретінде тарихқа енетініне еш күмән жоқ.


Әдебиеттер тізімі
1. Могильницкий В.М. Наш Назарбаев.- Астана, 2012.- 81 с.

2. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на XIX сессии Ассамблеи народа Казахстана «Казахстанский путь: стабильность, единство, модернизация» (Астана, 27 апреля 2012 года) // Казахстанская правда. - 2012, 27 апреля.

3. Конституция Республики Казахстан 30 августа 1995 // Казахстанская правда, 1995, 30 августа.

4. Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» 14 декабря 2012 // Казахстанская правда, 2012, 14 декабря.

5. Послание Президента Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее //Казахстанская правда, 18 января 2014 года.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет