«Психоневрологиялық ұйымда анықтама беру» мемлекеттік қызметі



Дата22.01.2017
өлшемі37 Kb.
«Психоневрологиялық ұйымда анықтама беру»

мемлекеттік қызметі


2013 жылғы 15 сәуір № 88-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының  3-тармағына сәйкес, Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту»№ 160/5 қаулысының: (2016.19.02. өзгерістерімен, толықтыруларымен), Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінде, мемлекеттік қызмет көрсетіледі «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беріледі».

      Бұл қызмет психиатрдың, психологтың, қатысуымен медициналық сараптама жүзеге асырылады, орталық деректер базасынан тексеріледі. Психоневрологиялық ұйымынан анықтама, азаматтарға қажет:



  • Оқуға түскенде;

  • Жұмысқа орналасқанда;

  • Әскери комитетке

  • Қамқоршылықты рәсімдеуге;

  • Тұруға рұқсат алуға;

  • ҚР шет елге шығуа;

  • Құпия ақпаратпен жұмыс істеуге;

  • Есірткі, психотроптық, химиялық заттармен, улы химиялық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат алуға;

  • Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін;

  • Қаруға рұқсат алу үшін;

  • Көлік құралдарын жүргізу құқығын алу үшін;


Автокөлікті басқаруға рұқсат беру туралы мәселені шешуде медициналық тексеруден өтетін тұлғалар үшін хабарлаймыз:
«Психоневрологиялық ұйымында анықтама беру» үзіліссіз

сағат 09.00-ден-17.00-ге дейін сенбі, жексенбі, күндерінен басқа күн сайын:   



  • "Азаматтарға арналған үкіметмемлекеттік корпорациясыкоммерциялық емес акционерлік қоғамынан, автокөлкіті жүргізуге азаматтар анықтаманы ала алады. Мекен-жайы: Павлодар қ., Космонавтов көшесі, № 2.

  • «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» КМҚК мекен-жайы: Павлодар қ., Усолка көшесі № 42. анықтама үстелінде беріледі.

"Көлік құралдарын басқару құқықтарын алуға үміткер адамдарға медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы

№ 350 бұйрығы.


Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды
психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық
қарап тексеруі
19. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруі Кодекстің 123-бабының 2-тармағына сәйкес ерікті түрде жүргізіледі және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне енгізілген жоқ.

20. Ақы төлеу психиатриялық ұйымдарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарындағы ақылы қызмет көрсету шарттары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі.


      21. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруді өткізуіне мынадай мамандар қатысады:
      1) психиатр дәрігер;
      2) медициналық психолог болмаса маман психолог;
      3) медициналық тіркеуші.
      22. Медициналық қарап тексеруден өту кезінде Үміткер ұсынатын қажетті құжаттар:
      1) Үміткердің жеке басын куәландыратын құжат;
      2) мекенжай анықтамасы;
      3) әскери билет (әскерге жарамсыз және есептен алынған адамдарды қоспағанда).
      23. Психологиялық тестілеуі бар психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеруі:
      1) осы Ережелерге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру журналына тиісті деректерді енгізе отырып медициналық тіркеушінің үміткерді сәйкестендіруін;
      2) психиатр дәрігерде динамикалық байқауда тұруы/тұрмауы туралы медициналық тіркеушінің деректер базасы бойынша тексеруін;
      3) психиатр дәрігердің сауалнамасын;
      4) қорытындысы осы анықтамада көрсетілетін психологтың психологиялық тестілеуін;
      5) психиатр дәрігердің қарап тексеру қорытындысын шығаруын қамтиды.
      24. Психиатр дәрігер психологиялық тестілеуі бар өз қорытындысын шығарады және оны өз қолымен және өз мөрімен куәландырады.
      25. Психиатр дәрігерден медициналық қарап тексеруден өту уақыты 20 минуттан аспайды.
      26. Психиатр дәрігер Үміткердің психикалық бұзушылығына күдіктенген кезде психиатриялық ұйымда медициналық қарап тексеруді қосымша тағайындайды. Үміткер тұрғылықты жері бойынша психиатриялық ұйымға жіберіледі, онда медициналық көрсетілімдері бойынша қажетті қосымша зерттеп-қараулардан өтеді және психиатр дәрігерлердің қорытындысын шығара отырып, құрамында кем дегенде үш психиатр дәрігері бар комиссия қорытынды шығарады.
      27. Үміткердің қосымша зерттеп-қарау деректері амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.
      28. Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды психологиялық тестілей отырып, психиатр дәрігердің медициналық қарап тексеру қорытындысының негізінде не көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды психиатр дәрігерлердің комиссиясы қорытындысының негізінде жасалған түпкілікті қосымша зерттеп-қарау қорытындысы Анықтамаға енгізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет