Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер

Loading...


жүктеу 68.4 Kb.
Дата16.01.2017
өлшемі68.4 Kb.
Профессор Қ.Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер


Кілт сөздер: термин ,ғылым, принцип, терминология, терминжасам

Терминология – жетілдіруді қажет ететін үнемі даму үстіндегі ғылым. Ол мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оның ғылым тіліне қызмет ету мүмкіндігін арттыруды мақсат ететін сала. Дәл осы сала өз бастауын сонау ХХ-ғасырдың 10-жылдарынан алды. Демек, бүгінде қазақ терминологиясы «бүтін» ғылымға айналып отырған жайы бар. «Бүтін» ғылым деу себебіміз, өзінен кейінгіге жол салған бастауы бар, өзінен дейінгіден үлгі алып, өзінен кейінгіні жалғайтын бел ортасы бар. Бастауы қазақ тілінде терминдердің алуан түрін жасап, өзі жазған оқу құралдарын ендіріп, қолданысқа қосқан Ахмет Байтұрсынұлы болса, бел ортасы қазақ терминологиясының енді ғана айқындала бастаған тұсында келіп, қазақ тіл білімінің мәселелеріне ден қойып зерттеген лингвист Құдайберген Жұбанов еді. Ахмет Байтұрсынұлы ғылымға жол салушы болса, Құдайберген Жұбанов саралаушы, жалғастырушы болды. Бүгінгі әңгімеміз осы Қ.Жұбанов жөнінде болмақ.

Қ.Жұбанов тұтас дәуірдің болашағын қазақ тілінің өркендеуімен, ғылым тілінің дамуымен, қазақ интеллегенциясының қазақылануымен байланыстырады. Болашақтың сұранысы мен қажеттілігін көрегендікпен болжай білген ғалым Қазақстандағы озат оқытушылар съезінде былай дейді: «Қазақ тілін танып-білу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тілінің тарихын зерттеуге үлкен мән берілуі керек… Болашақта қазақ тілі мен қазақтың әдеби тілінің бой көтеріп өркендеуі үшін біз орфография мен терминологияны дұрыс жолға қоюымыз керек». Осыдан-ақ терминологияны зерттеу нысаны етіп алғаны анық байқалады.

Өзінің терминология мәселелері турасындағы жоспарлы жұмысы мен салмақты ойларын 30-жылдары жүзеге асыра бастады. Бұл жөнінде Ө.Айтбаевтың «Тілғұмырлар» еңбегінде былай делінген: «1935 жылы енгізілген мәдениет саласы қызметкерлерінің Бүкілқазақстандық съезі ашылар қарсаңында Қ. Жұбановтың жетекшілігімен Мемелекеттік терминология комиссиясы «Бюллетенінің» 4 саны жарық көрді. Бұл төртеуіндежария болған 17 зерттеу мақаланың тең жартысы термин мәселесіне бағышталған. Емле, әліппе, әріп жөніндегі мақалалардың өзінде термин сөзге соқпай кететіні жоқ» [1.381]. Бұл дегеніміз халқының рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси өмірінде орын алған өзгерістердің ортасынан табылып, кез келген мәселенің (жазу, емле, терминология) басы-қасында жүрген Қ.Жұбанов. Бұл –бір. Екіншіден, енді ғана бой түзеп, қатарға қосыла бастаған қазақ терминологиясын жүйелі түрде зерттеген өз тұсындағы жалғыз лингвист тағы да Қ.Жұбанов еді.

Сол кезеңдегі қоғам өміріне назар аударсақ, ғылым тарихында алуан түрлі көзқарастар мен талас пікірлер жүрегені байқалады. Оның себебі, мына сөз термин, мына сөз термин емес деген талас-тартысқа нүкте қояр нақты анықтама мен қағидаттың жоқтығы. Терминнің мағынасын жан-жақты ашып түсіндіру барысында ойға оралатын тұжырымдаманың бірі «Термин –деген сөз, тілдегі сөзге тән қасиеттердің ешқайсысы да оған жат емес» деген сөз [2. 6]. Профессор Қ.Жұбанов өз сөзінде: « ... термин ғып алған сөздер көбінесе-ақ адам түсінбейтін сөздер болып шыққан» дейді [3.350].

Демек, заман жылжыған сайын «термин деген не?», «термин деп нені танимыз?» деген сұрақтар көбейіп, терминге анықтама беру қажеттігі арта түсті. Бұл жөнінде ғалым: «Мынау қазақ сөздерінің денесіне жабысқан дерт қой. Енді сол дертті қазақ сөздерінің денесінен сылып тастап, термин принциптерін дұрыс шешу үшін: термин деген не, белгілі бір ұғымды арналып, басқасына бұрылмайтын стандарт термин болуға лайық қандай сөздер, алдымен осыны шешіп алу керек» дейді [3. 350]. Ғалымның термин сөздің анықтамасының дұрыс түзілмеуіне деген күйініші анық байқалады.

Осылайша ғалым термин сөздің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын көрстеіп, тіл тұтынушысысының барлығына дерлік түсінікті дәрежеде ұсынды: ««Термином называется специфический вид определенных словесных обозначений, передающих определенныепонятия, установленные на данном этапе развития наукии революционной практики, причем передаваемые термином терминологическое понятие может не совпадать сословарным значением, которое присуще данной словеснойвеличине в обыденной жизни»[4.16].

Сөз бен терминнің айырмасы әлі де айқындала қоймаған тұста, ғалымның бұл анықтамасы бар мәселенің түйінін шешкен жаңалық болды.

Ұлттық терминологияның өміршең ғылымға айналуын көздеген Қ.Жұбанов ең алдымен дұрыс жолға салынған жүйесінің болуын қадағалайды. Бұл жүйеде ол термин жасамның сол кезеңдегі кемшілігін сынға ала отырып, «екі кемшілікті» баса назарға алады. Оның бірі – жалпыға ортақ терминдерді қазақыландыруды қателік деп түйіп, екінші тілге аударудың қажеті жоқ екенін айтады. Ал екіншісі – терминнің күнделікті тіршілікте қолданылатын лекикалық мағынасы басым тұрып, терминдік ұғымнан алшақтай беруінде.

Бұл тұрғыдан келгенде ғалым қазақ терминдерін қалыптастыруда тірек болатын екі нәрсені меңзейді: « Оның бірі – көп ұлтты кеңес елінің бәріне ортақ халықаралық сипат алғантерминдерді сол қалпында қабылдау болса, екіншісі – қазақтілінің өз ішкі мүмкіндігі арқылы жасалған терминдердідұрыс қолдану» [1. 62]. Бұдан байқайтынымыз, ғалымның негізгі мақсаты біріншіден қазақ терминологиясын тұрақтандыру болса, екіншіден біріздендіру, үшіншіден реттеу болды.

Профессор Қ.Жұбановтың ұсынған бірінші принципі бойынша революция, совет, теория, практика, медицина сияқты терминдер аударылмай алынды. Қазақ тілінде балама аудармасы жоқ болып, аударылған жағдайда түсініксіз болса, сол күйінде қалуын дұрыс деп тапты.

Сонымен қатар, алуна түрлі ғылым саласында бір мағынада қолданылатын түбір, форма, материя, морфология, реакция,экскурсия сияқты терминдерді бірегейлетіп алу, халықаралық терминдерді (пролетариат, pyreltarijt емес) орысшақалыптасқан түрінде қабылдау дұрыс деп мақұлданды.

Міне осындай елеулі еңбектің нәтижесінде қазақ терминологиясында жүйелілік пен сауаттылық көрініс тапты.

Ғалым «Ауыл мұғалімі» журналында жарық көрген «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» атты еңбегінде «анықтауыш», «толықтауыш» терминдеріне мынадай түсінік береді: «Біздің анықтауыш деген терминіміздің бұрынғы анықтауыш жайындағы ұғыммен, біздің толықтауыш деген бұрынғы толықтауыш жайындағы ұғыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Өйткені, біз анықтауыш, толықтауыш деп алғанда, анықтайтын не толықтайтын емес, тек даяр тұрған терминді жаңа мағынамен алып отырмыз. Біз ондай мағынамен анықтауыш не толықтауыш деп отырғанымыз жоқ. Мағына жағынан мұның екеуі де айқындауыш. Сондықтан, біздің анықтауыш, толықтауыш деген терминдерімізді бұрынғы ... анықтауыш, толықтауыш дегендермен шатастырмау керек» дейді[5.1;3]. Бұл ғалымның анықтауыш пен толықтауышты басқаша түсіндіруге талпынысы деп білеміз.

Қ.Жұбанов терминология мәселелернін шешумен қатар, термин жасау ісімен де аййналысқаны мәлім. Оның Дара етістік, қаратпа, қыстырма, біріккен сөз, біріккен түбір, жетек сөз, түп мүше, жамау мүше, тұйықша, сүйеншек есімше, қосалқы сөз, қиюлы сөз, жалғауыш т.б. осыған дәлел.

Ғалым «Қазақ тілінің программы» деген бағдарламасында «хабарлы сөйлем» деген терминді алған. Бұл термин қазір де қазақ тілі грамматикаларында қолданылып жүр.

Жай сөйлем түрлерін Құдайберген Жұбанов, тек қана жалаң мен жайылма және толық сөйлем мен олқы сөйлем деп қарастырған [3.157]. Жалаң сөйлемге негізгі мүшелер ғана (бастауыш пен баяндауыш) бар, айқындауыш мүшелері жоқ сөйлем деп ереже берген. 

Профессор Қ.Жұбанов ұсынған принциптер мен анықтамалар өз кезеңі үшін ауадай қажает еді. Бүгінге дейін терминология саласында құндылығын жоймаған еңбектері аз болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, өзінен кейінгілерге сапалы дүниелер қалдырған ғалым қазақ термниологиясын біріздендіруді мақсатым деп білді.

«Профессор Қ.Жұбанов ұсынған принциптердің біразы қазақ термнинологиясының қазіргі даму мен сұранысы тұрғысынан қарғанда сын көтере қоймайтын тұстары да бар. Әрине негізінен ғылыми тұрғыда дәйектелген бұл қисындар терминжасам процесінде зор рөл атқарғанын айту лазым. Біз профессордың осы жүйелеуінің арқасында ғылым тілін бір ізге салуға жол ашқандай болдық» - дейді Ө.Айтбайұлы.

Қазақ тарихында халықтың сауатын ашып, білім мен өнерге, ғылым мен мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан біртуар перзенттер аз болмады. Олардың қай-қайсысы да ұлтына қалтқысыз қызмет ете жүріп, олардың ғылымнан кенде болмауын өмірлік ұстанымдарына айналдырды. Сондай ерен тұлғалардың бірі – Қ.Жұбанов еді.

Астана қаласында өткен ғалымның 100 жылдық мерейтойында сөз сөйлеген көркем әдебиетіміздің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері Ә.Кекілбайұлы: «…Оның бойында бір басына жетерлік ондаған адамды айрықша көзге түсіре алатындай ерекше іс-қабілет пен таланты бар, әрі тілші, әрі әдебиетші, әрі өнертанушы, әрі тарихшы, әрі жазушы, әрі суретші, әрі шебер, әрі әдіскер, әрі педагог, әрі ұйымдастырушы, әрі суреткер, әрі сазгер. Бұл жайсаңды ерте жоғалтқаннан біздің ұлтымыздың ұтылған ұпайын санап шығудың өзі мүмкін емес» деп Құдайберген Қуанұлының бар болмысы мен қабілет-қасиетін ағынан жарыла жайып салады [6.6]. Қ.Жұбановтытек қана «лингвист» немесе «профессор» деп тануды оның бітім-болмысына қойған шектеу деп ұққан Ә.Кекілбайұлы «жайсаң» деп атап бойындағы бар қасиетін бір-ақ сөздің бойына жинай білді.

Сайып келгенде, бар ғұмырын халқына арнаған жайсаңдардың бірегейі кезек күттірмейтін мәселелер мен күрмеуі қиын істердің шешімін тауып, терминологияның сара жолын салып кетті. Сол жолды жалғастырып, өміршең ғылымға айналдыру болашақтың еншісінде болмақ.


Әдебиеттер:

  1. Айтбайұлы Ө. Тілғұмырлар. (Қазақ лингвистері мен тіл жанашырлары)– Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014.

  2. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. Алматы. "Сөздiк-Словарь", 2005.

  3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер –Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010.

  4. Жубанов К. Исследования по казахскому языку. Алматы, 1966

  5. Жұбанов Қ. Жаңаграмматиканыңжаңалықтарыжайынан. // Ауылмұғалімі. 1937, № 1-3.

  6. Ана тілі. 2015 жыл,№6

Аннотация. Мақалада профессор Қ.Жұбановтың қазақ терминологиясына қосқан үлесі мен оны қалыптастырудығы рөлі, сондай-ақ терминжасамға енгізген принциптері сөз болады.

Аннотация. В статье рассматривается вклад в казахскую терминологию и роль профессора К.Жубaнова в его развитии, а также принципы, введенные им в терминообразование.

Annotation. The article considers the contribution of the Kazakh terminology and the role of Professor K. Zhubanov in its development, as well as the principles that were imposed by him into formation of terms.

Кілт сөздер: термин ,ғылым, принцип, терминология, терминжасам

Ключевые слова: термин ,наука, принцип, терминология, терминообразование



Key words: term, science, principle, terminology, formation of terms.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі
publications -> АҒылшын тілін оқытудың Қазіргі замандық Әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...