Практикум (Баяндама) Тақырыбы: «Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалану арқылы студенттердің жан жақты құзреттілігін арттыру жолдары»



жүктеу 138.45 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі138.45 Kb.
«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

Облыстық семинар – практикум

(Баяндама)

Тақырыбы: «Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалану арқылы студенттердің жан – жақты құзреттілігін арттыру жолдары»

Дайындаған: Сармалаева С.К.,

мектепке дейінгі педагогика,

психология пәндерінің оқытушысы

Ақтау қаласы


Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалану арқылы студенттердің жан – жақты құзреттілігін арттыру жолдары.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге,  әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, отандық және әлемдік мәдениеті бойына қалыптастырған, шығармашыл, кәсіби маман дайындау.

Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарында бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр түрлі пікірлер жиі айтылуда.

Зерттеп отырған құзыреттілік мәселесін, кәсіби құзыреттілік туралы Б.Т.Кенжебеков, Г.Ж.Меңлибекова, А.Дорофеев, А.Б.Ежова, А.В.Райцев, Б.Б.Кенджаева, М.Ж.Жадрина, Г.Қасымова, Р.Даулетова және т.б. еңбектерінде қарастырады.

“Құзыреттілік” түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. “Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік” ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, “кәсіптілік”, “біліктілік”, “кәсіби мүмкіндіктер” және т.б. түсініктерді біріктіреді.

Д.И.Ушаковтың редакциясымен жарық көрген түсіндірме сөздіктің авторлары “құзыреттілік” және “құзырет” сөздерінің арасындағы айырмашылықтарды дәлелдеуге тырысқан. “Құзыреттілік” – хабардар болушылық, абыройлық; “құзырет” – жеке тұлғаның кәсіби қасиеті және қызметтік сипаттардың нақты жиынтығы.

Ғалым С.М.Вешнякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Кәсіби құзыреттілік (латын сөзі) competenens - қабілетті, белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген.

Ғалым Дж. Равеннің «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты еңбегінде «кәсіби құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама беріледі
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы,ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.

Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.

Сонымен педагог-психолог, ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы маманның бойында белгілі бір құзіреттіліктер қалыптасуы қажет:


  • бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);

  • мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

  • оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

  • коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

  • ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

  • әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

  • тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Колледжде осы аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойында дарыту, мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда оқу – тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін, педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану көзделеді.



Жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:

Оқу үрдісін жетілдіруді жаппай қолға алу; оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту- тәрбиенің негізі.

Жаңа педагогикалық технологияның өзін мұғалім түрліше/ орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен/ іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушының әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.

Сабақта оқытушы студенттерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуі керек. Оқытушы қауымнан студенттер тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етеді.

Жеке тұлғаны білімге, өмірге бағыттауға тәрбиелеу үшін студенттердің өз бойынан дәл осындай жұмыс түрлерін өткізгенде ғана нәтиже берері анық.

Олай болса, студенттердің коммуникативтік құзіреттілік қабілеттерін дамытуда жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Студенттер әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады:

I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)

II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау)

III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру)

Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор.



Ойын технологиясы бойынша студенттермен «Іскерлік ойын», «Идеялар банкі», «Сюжетті ролдік ойындар» арқылы сабақтар жүргізуде әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі, яғни талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті артады .

Іскерлік ойында Мысалы, «Балалар бақшасындағы серуен» тақырыбын алатын болсақ ,студенттерді үйге берілген тапсырмалар бойынша мынандай рөлдерге: тәрбиеші, балалар, меңгеруші, әдіскер етіп бөліп, әр қайсысының мақсатымен таныстыру, тапсырмалар беру арқылы өткен тақырыпты қайталау.

Ойын барысында ойнаушылар педагогикалық процестің ішкі дүниесіне көз жіберіп, бала мен тәрбиеші арасындағы қарым – қатынасты танып, әдіскер мен меңгеруші жұмысының тікелей қандай жұмыстар атқаратынын білуге мүмкіндік туады.

Идеялар банкі. Топтың алдына бір міндет қойылады (мысалы: тәрбиешінің ата – аналармен жүргізетін тиімді жұмыстары) осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды бір топ жинап алып, оларға баға береді. Сонда бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылады, ол топтармен талдау жасалып, бағаланады.

Біліміне қарай саралап оқыту технологиясын пайдалануда мен студенттердің мүмкіндіктерін, талап – тілектерін ескере отырып тапсырма беруде оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу) қалыптастыруды іске асыру бағыты орындалады. Мысалы: «Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері» 2,3 студент баяндама жасап келсе, кейбір оқушыларға ата – аналармен жүргізілетін сауалнамалық сұрақтар, педагогикалық кеңестер, сөзжұмбақ құрастыру тапсырмаларын беру. Тапсырма алмаған студенттерге карточкілермен сұрақтар, педагогикалық жағдаяттарға жауап дайындатуға болады. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беру: сөзжұмбақты,ребустар құрастыру,шешу,қосымша әдебиеттерден тақырып бойынша мәліметтер жинақтауда Оқушылар жұмыстарын орындап, білімдерін өздері бағалауға үйренеді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 

Осы мақсатта «Мектепке дейінгі жастағы эстетикалық тәрбие» тақырыбындағы сабақты мысал ретінде алатын болсақ, шағын топтардың ішінен лидер, аналитик, бақылаушы, хатшы сайланады.

1.Лидер көшбасшы, барлық жағдайды ұйымдастырады, проблемаларды шешуге,ортақ жұмыс жасауға жағдай жасайды.

2.Аналитик – Әр студенттің сұраққа берген жауабының ойлылығын, идеяларының жүйелілігін қадағалайды, әшкерілейді.

3.Бақылаушы – топтың әрбір мүшесінің сабаққа белсенді қатысуын бақылайды, бағалайды, қорытындылайды.

4.Хатшы – Сұрақ жауаптарын, идеяларды, мысалдарды жазып отырады.

Орындайтын тапсырмалар мазмұны келесідей болады:


  1. «Жанды сұрақ», барлық топтарға өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады/бірден айту/.

  2. «Тиімді әдістер» тақтадағы сұрақтарды лидерлер бір – бірден суырып, келген сұрақтар бойынша өз тобымен дайындалады.

  3. «Егер мен болсам» Педагогикалық жағдаяттарды шешу / лидер педагогикалық жағдаяттары бар билетті суырады/тобымен талдайды/

  4. «Миға шабуыл», проблемалық сұрақтарға жауап

  5. Ойын «Көлеңке». Мақсаты- байқағыштық, есте сақтау, дербестікті дамыту.

Білімді бағалау кестесі




Аты - жөні

Әдістемелердің тиімділігін нақтылау шеберлігі

Сұраққа жауабы

Тапқырлығы

Белсенді

лігі


Байқағыш

тығы


Қорытынды


































































































Студенттерді өз және өзгенін пікірін тындай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілетін арттыруда сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану көп нәтиже береді. 

Студенттер кез келген мазмұнға байланысты ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді. Басты мақсат оқушыларды бірнеше пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен тәсілдері:

- Шақыру;

- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету;

- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету;

- Оқу іс-әрекетіне негіздеме қалыптастыру;

- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.

Мысалы,«Балабақша тәрбиешісінің бала өміріндегі ролі» деген тақырыптағы сабақты алсақ,


  1. Әр шағын топқа бөліп тапсырма (тәрбиешіге қойылатын негізгі талаптар қанай болуы керек, тәрбиешінің жетістіктерге жетудегі негізгі шарттары ж.т.б.) беру;

  2. Барлық топқа жалпы ортақ дидактикалық ойын «Көзқарас», бұл ойында айтылған ой – пікірге арналған сұрақтарға өз көзқарастарын білдіреді. Мысалы: Таңертең үнемі жылап келетін балалармен қалай жұмыс жасар едіңіз? Балабақшада балаларды қатаң ұстау керек пе? Мінез – құлқы нашар ата – аналармен қарым – қатынасыңызды қалай орнатар едіңіз? және .т.б.

  3. Пікірсайысқа арналған педагогикалық жағдаятты талдау (тәрбиешінің іс – әрекетіне байланысты):

Тәрбиеші серуен кезінде балаларға даусын көтеріп, жекіп сөйлеп, жүгіріп жүрген балаға «Сен неге басқа жаққа қарай шауып бара жатырсың, жоғалып кетсең мен жауап беруім керек пе?, осы жерден шықпа», екінші балаға « Серік, сен немене бүгін туған күнім екен деп, басқа балаларға қыр көрсетіп жүрсің?» деп жұлқылап тұрғызып қойды. Осы кезде балабақшаның әдіскері серуенді өткізіп жүрген тәрбиешіге қарай келе жатыр еді.Әдіскерді байқап қалған тәрбиеші тез арада балаларды ортаға жылы шырайлы дауыспен шақырып, шеңбер етіп тұрғызды да, Серікті ортаға қойып, басқа балаларға «Балалар, бүгін Серіктің туған күні, кәне барлығымыз оны құттықтап қол соғайық, оны ортамызға алып, ән салып берейік» деп айта бастады. Балалар болса тәрбиешінің аяқ астынан өзгеріп кеткен қылығына жатырқап қарап, ортаға жинала бастады.

Сұрақ:

1.Тәрбиешінің осы қылығы бізге нені түсіндіреді?

2.Тәрбиешілер алға қарай да осы бағытта жұмыс жасаса балалар қандай болуы мүмкін?

4. тапсырма. Ораторлар сайысы: «Мен тәрбиеші болғанда...» шағын жазба дайындап оқиды.

Менің сабағымда студенттермен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуге көп көңіл бөлінеді. Топпен жұмыста олар бір-бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді. Студенттерді топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:

1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады;

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды;

3. Топтарының сұрақтарына жауап береді;

4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды;

5. Қорытынды шығарады.

Топқа берілетін тапсырмалар, шығармашылық сұрақтардың жалпы мазмұны, көтерген тақырыптар жайында жан-жақты ізденуге, толықтырулар жасауға, болжамдар айтуға, өз идеяларын ортаға салуға, еркін сөйлеуге негізделді.

Топтасып жұмыс жасауда педагогика пәнінен сабақтан тыс шара «Адамгершілік тәрбиесі» тақырыбын келесідей мазмұнда өткізуге болады:

1.Мұғалімнің сөзі.

2.Сергіту сұрақтары: «Адамгершілік еліне саяхат», «Адамгершілік дегеніміз не?», адамгершілік істерді атаңыз?ж.т.б.

3.Тапсырмалар: Топтық жұмыс. 4-5 топқа бөліп, нақыл сөздерді талдап, плакатқа түсіру:

- «Әділдіктен асқан ізгілік жоқ»

- «Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар»ж.т.б.

4. « Адамгершілік құндылықтар» /өзара қарым – қатынастағы жарасымдылық, сыйымдылық ж.т.б./ атау

5.Талқылау/топтарға /мысалы: Адамның адамгершіліктен тыс әрекетін бейнелеп,оның істің ақырын біле тұра, өзін – өзі ұстай алмауындағы жағдайын сипатта.

6.Сауалнамалық сұрақтар:

1.Адамдардың бойындағы мынандай қасиеттерді... құрметтеймін;

2.Балалардың ата – аналар алдындағы міндеттері қандай?

3. «Отан оттан да ыстық» деген сөзді қалай түсінесің?

4.Қоғамдағы қандай рухани – адамгершілік мәселелерді білесіз?

5.Дос болу дегенді қалай түсінесіз?ж.т.б.

Әрбір сабақтан кейін студенттер өзінің ой-толғанысын әртүрлі сұрақтарға жауап беру арқылы білдіріп, бөлісіп отырғаны абзал. Осындай тәжірибелер негізінде, қазіргі оқытушы студенттердің ішкі мүмкіндіктерін ашу арқылы,

    олардың шығармашылық қабілеттерін тани білуге;

    студенттерді ойларын айтып дағдыландыруға;

    өзге пікірлерімен санасуға;

     жаңашыл іс-әрекет жасауға;

    білімге деген жетіспеушілігін сезіп білуіне;

    өмірде кездесетін көптеген жағдаяттарды шеше білуге;

    жаңаны танып білуге деген құлшынысын, қабілеттерін оята білуге тәрбиелесе  ғана  заман талабына сай педагог «жасап шығаруға» мүмкіндік туады деп есептеуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж. Педагогика, Алматы – 2002 ж.

2. Поляков С.Д. Технология воспитания, 2008 ж.

3. Майғаранова Ш., Иманбаева С.,ӘшімбаеваБ. «Тұлғалық бағдарлы

тәрбие технологиясы», Алматы.2010ж.



  1. С.Б.Бабаев, Ж.Қ. Оңалбек Жалпы педагогика, Алматы – 2007 ж.

5. Г.К.Ахметова, З.А.Исаева, Н.С. Әлқожаева Педагогика, Алматы –

2007 ж.


6. Машарова Т.В. Современные технологии обуения, 2009 ж.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет