Практикалық сабақтар студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады

Loading...


Дата28.05.2017
өлшемі336.17 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ӘҚ

ӘҚ 042-18-2.1.017-2016




«Маркетинг» пәнінің практикалық(семинар) сабағына арналған әдістемелік құралы

Басылым №1





Экономика және құқық факультеті

«Менеджмент» кафедрасы

5В050800 «Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы» мамандықтары студенттері үшін «Маркетинг» пәнінің практикалық (семинар) сабағына арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

\
Семей- 2016

Алғы сөз
Практикалық сабақтар – студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.

1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы __________ «____ »___ 2016ж., Самиева Гульмира Тулеугалиевна, аға оқытушы, «Менеджмент» кафедрасы
Әдістемелік құрал 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы» мамандықтары студенттері үшін «Маркетинг» пәні бойынша практикалық (семинар) сабағын жүргізу үшін арналған.

2 ТАЛҚЫЛАҒАН

Әдістемелік құрал «Менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды.

«____ »______ 2016ж. №____Хаттама


Кафедра меңгерушісі ___________ А. С. Койчубаев


Әдістемелік құрал оқу үрдісінде қолданылуы үшін Экономика және құқық факультетінің Оқу- әдістемелік Бюросының мәжілісінде ұсынылды.
«____ »________ 2016ж. № __ Хаттама

ОӘБ төрайымы____________________ Н.С. Газизова



Мазмұны


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Ұсынылатын әдебиеттер


Кіріспе
Көкейкестілігі және маңыздылығы. Нарықтық қатынастардың бекітілуі таурлар өндірісінің қажеттілігін тек қана нарық бағалай алатындығын білдіреді. Жаңа уақыт сатушылар мен сатып алушылардан маркетинг пен менеджмент саласындағы білімді игеруді талап етеді. Тауар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге жарамдылығын қамсыздандырудағы маркетинг жүйесінің рөлі көп жағдайда маркетингілік зерттеулерді талап етеді.

Маркетинг – бұл басқарушылық қызмет түрлерінің бірі, осыған сәйкес ол фирманың қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау процестерін іске асырады. Маркетинг кәсіпорынның өндірушілік қызметін өрістетеді, қызмет көрсету саласына енеді, тұтынушы үшін күресте жетекші құрал болып табылады.



Мақсаты: Студенттерді маркетингтің негізгі тұжырымдамалары мен қағидаларымен таныстыру, нарық жағдайында кәсіпорынды, фирманы басқару, шаруашылық және өндірістік-өткізу қызметіне қажет теориялық білімдерді меңгеру.

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:



білу:

  • маркетингінің теориялық негіздері мен тұжырымдамалары;

  • нарықтарты зерттеу, болжау және сегменттеу;

  • маркетингілік ортаны;

  • тауар және тауар саясатын, бөлу және тауар қозғалысы арналарын;

  • маркетингілік қызметті ұйымдастыру;

  • жоспарлау және бақылау сұрақтарын.

орындай алу:

  • маркетингтің мақсаттары, элементтері, стратегиялары және тұжырымдамаларын;

  • маркетинг теорияларын, тұжырымдамаларын, стратегияларын, зерттеулерін және элементтерін тәжірибеде толығымен қолдана білу;

  • қазіргі нарық жағдайында тұтынушылардың өзгеріп отыратын талап-тілектеріне; сұраныстарына сай қажетті тауарлар және қызметтерді қамтамасыз етуін.

дағдысының болуы:

  • маркетингінің міндеттерін, мақсаттарын пайдалану;

  • маркетинг стратегияларын және тұжырымдамаларын қолдану;

  • жарнама түрлерін және жарнама құралдарын таңдай алу дағдысы;

  • компанияның сыртқы ортасы және нарықты зерттеу дағдысы.


Практикалық сабақтың мазмұны
Модуль1.Маркетингтің теориялық әдістемелік негіздері Тақырып1.Маркетингінің теориялық негіздері және тұжырымдамалары Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып маркетингттің пайда болуы, ұғымы, тұжырымдамалары және мақсат, кешендері туралы түсініктер беріледі.

Жоспар

  1. Қазақстанда маркетинг пайда болуының және даму эволюциясының алғы шарттары. Маркетинг ұғымы, мәні және мазмұны.

  2. Маркетингінің негізгітұжырымдамалары.

  3. Маркетингінің негізгі мақсаттары, принциптері мен қызметі.

  4. Маркетинг кешені. «4 Р» жүйесі.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Берілген тақырыпқа байланысты кейс-жағдайларды қарастырыңыздар.

1. Кейс. Фирма өз жағдайына байланысты шығара алатын өнімдерді өндіреді. Сондыктан өндіріс шығындары қысқартылып, өнім өндіруде жетекші рөлді констуктор- технологтар атқарады. Фирманың негізгі мақсаты – өнімнің өзіндік құнын төмендету. Ұзақ мерзімді мақсаттары болмағандыктан өткізу көлемі бірқалыпты емес. Баға саясаты


өндіріс шығынын есептеуге негізделген. Тауар өндіру өндірістің негізгі қажеттіліктерімен анықталады.

Осы жағдайда фирма маркетингтің қай тұжырымдамасын қолданады?

2. Кейс. «Сименс» компаниясы электр тұрмыстық құралдары нарығында 70 жылдан бері қазіргі заманға сай техника ұсынады.

Сіз дүкенде сауда жасап келгенше, «Сименс» кір жуғыш машинасы киіміңізді жуып-шайып кояды, түскі тамақты дайындағанша, «Сименс» ыдыс жуғыш машинасы ыдысыңызды жуып жатады, кірді жайып болғанша, кофеқайнаткыш ыстық кофе дайындап қояды. Көптеген отбасылар үй жұмысының ыңғайлы, жеңіл болуын қалайды. Сондыктан компания нарықтың ықтималды көлемін бағалай отырып, тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын тиімді тауарлар жасайды.

«Сименс» компаниясының тауарларына нарықтағы сұраныс қандай?

Фирма сұранысқа байланысты маркетингтің қай түрін қолданады?

3. Кейс. «Ксерокс» компаниясының 70-жылдарда АҚШ нарығындағы үлесі жапондық бәсекелестерінің енуіне байланысты 88%-дан 40%-ға дейін төмендеді. Дегенмен шағын бизнестің тез дамуы (80 жылдары АҚШ-та апта сайын 2,5 мың дербес кэсіпорындар пайда болды) және елдегі байланыс құралдарының жалпы дамуы «Ксерокс» компаниясының кебейткіш құралдарына деген сұраныстың өсуіне жол ашты. Көптеген ұсақ фирмалардын «Ксерокс» өнімдерін алуға қаржылары жетіспеді.

«Ксерокс» компаниясы осы жағдайда сұранысқа байланысты маркетингтің қай түрін қолдануы қажет?

4. Кейс. АҚШ-та женіл автомобильдерге сұраныс өсуде.Осыған байланысты «Форд» және де басқа «Үлкен үштік»(«Большая тройка») мүшелері тұтынушылардың қанағаттану
деңгейін және талғамдарының өзгеруін зерттей отырып өз автомобиль модельдерін жетілдіріп жанартып отырды. Автомобильді тұтынушылыр талғамына сай бейімдеу және
өндірісті ұлғайту аркылы «Форд» компаниясы айтарлықтай пайда алды Жапониялық «Хюндай», «Тойота» компанияларымен бәсекелік күреске төтеп беру үшін «Форд» сапаға
қатаң бакылау жасады.

«Форд». компаниясы қолданган бұл іс-шара маркетингтің қандай түріне және тұжырымдамасына жатады?

5. «Домино-Пицца» компаниясының көптеген сауда орындары бар, олар неғұрлым сұранысы жоғары студенттер калашығына жақын орналасқан. Жаз мезгілінде пицца өндіру
көлемі нарық сұранысынан жоғары болады.

Осы сұраныс қалай деп аталады және соган орай маркетингтің қай түрі қолданылады.

6. Нарықта мына тауарларға сұраныс жағдайы қандай: темекі, спирттік ішімдіктері, балмұздақ, нан, тіс емдеу, ұялы (сотовый) телефон, суға түскенде киетін киім, қолшатыр.

Тақырып 2.Маркетингттік зерттеулер

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып бойынша маркетингттік зертеулердің рөлі, процессі және оның кезеңдерін әдістерін қарастыру.

Жоспар


  1. Маркетингттік зерттеулердің рөлі

  2. Маркетингттік зертеулердің процессі, әдістері

  3. Іріктеменің типтері және процедурасы.

  4. Сауалнама құрастыру және пікір алу әдістемесі.

  5. Мәліметтерді талдау

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

1. Кейс. Қандайда бір фирманын өнімдері бойынша зерттеу жүргізу үшін үй шаруашылығымен шұғылданатын әйелдерден 8 топ тандалып алынып, оларға интервьюлер беру ұсынылды. Зерттеуге қатысушылар біраз сый-сыяпаттар алды. Интервью уақыты 1 сағатпен шектеліп, еркін дискуссия ретінде етті. Ары қарай топтарға аты аталмаған өнімдердің дәмін татып көру, сыртқы пішінін салыстыру ұснылды. Бұл көріністің барлығы талдау жүргізу мақсатында үнтаспаға жазылып алынды.

Жүргізілген зерттеу әдістер қалай аталады? Олардың артықшылықтарын және кемшіпіктерін атаңыз.



2. Кейс. «Джилет» фирмасы жеке гигиена құраддарын, электр бритва, лезвия өндіреді. Фирма өндірілетін тауарлары үшін кешенді зерттеу бағдарламасын жасайды. Жыл сайын
тұтынушыларынан пікір сұрау өткізіп, олардың тауармен қанағаттану дәрежесін, бейінін, өнім сапасының бағамен сәйкес келуін, соңғы сатылып алынған тауарлар маркасын
анықтайды. Кімнен пікір сүрау керектігі ықтималды іріктеме көмегімен анықталады. Одан басқа тұрақты ерлер мен әйелдер тобынан да жыл сайын пошта бойынша соңғы
тұтынылған марка туралы пікір сұрау өткізіледі.

Фирма қандай ақпарат жүйесін және маркетингтік зерттеулердің қай әдістерін қолданады? Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.



  1. Жарнама тиімділігі, өткізу деңгейі туралы деректерді қандай алғашқы ақпараттың қайнар көздерінен аласыз?

  2. Бәсекелестік орта жағдайы, ұлттық нарық көлемі мен коньюнктурасы туралы деректерді қандай 2-ші ретті ақпараттың қайнар көздерінен аласыз?

  3. Кез келген қазақстандық фирма үшін маркетингтік зерттеулер өткізу мақсатына байланысты такырыптағы мәліметтердегі қолдана отырып, сауалнама құрастырыныз.
    Оның негізгі мақсаттары ретінде тауар нарығын зерттеу, тұтынушылардың талғамдарын аныктау, бәсекелестерді зерттеу және т.б. болуы мүмкін.


Тақырып 3 Маркетингттік орта

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта маркетингтті макро, микро және медиа ортасы және маркетинггті ұйымдастыру туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Макроорта және оның факторлары

  2. Микроорта және оның факторлары

  3. Кәсіпорындағы маркетингті үйымдастыру

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

1.Тұтынушылар нарығының кай түріне төмендегі тауарларды өткізуге болады: велосипед, комбайн, сабын, кір жуғыш машина, портативті компьютерлер, кеңсе жабдыктары,арматура, бетон, туристік қызметтер.

2.Салқындатқыш сусындар, транспорттық қызметтер және де электр-тұрмыстық құралдары нарығындағы бәсекелестердің басты 4 типін көрсетіңіз.


  1. Ай сайын шығатын «Лиза» журналын өткізуге байланыс аудиторияларының қай түрлері әсер етуімүмкін?

Кейс. Маркетинг кешені, «Беби-бум» ұрпағы АҚШ халқының 1/4 бөлігін құрайды және олар мода жасаушылар болып табылады. Олар өз ұрпағын кітап оқуға баулиды. Осыған байланысты Америкадағы балаларға арналған кітап басу ісі дамып, кітап шығару үлкен бизнеске айналды.

Қазір АҚШ-тағы туу деңгейі осыдан 30 жыл бұрынғы «Беби-буммен» салыстырғанда екі есе кеміді. 65 жастан жоғары адамдар саны өсуде, 50-ден асқан адамдар халықтың 1/5-ін құрап, тұтынушылар арасындағы ең ықпалды топқа айналды. Барлық американдық отбасылары мүлкінің 63% -осыларда, олар өндірілген тауардың 40%-ын сатып алады. Бұл сегменттің ұлғаюы кәсіпкерлерге қосымша мүмкіндік береді. Мысалы, айналары үлкен, алдыңғы панельдегі сандары ірі автомобильдер шығару, тайғанақ едені бар қоғамдық орындарда кілем төсеу. Тауарларды төмен бағамен сататын, «Кеймарт» әмбебап дүкендер желісі, мейрам алдында 55 жастан асқандарға қызмет көрсетудің арнайы уакытын белгіледі. Жасы ұлғайған адамдар сөрелер арасында көп уақытын кетірмес үшін дүкендер тауар тандаудың жаңа тәсілдерін ұсынуда, мысалы, теледидар арқылы керекті тапсырыс жасау.



Тапсырмалар:

  1. Сыртқы ортаның өзгеріске ұшыраған факторларын атаңыз және осы өзгерістерге сай фирмалардың реакциясын түсіндіріңіз.

  2. Өзіңізді аяқ киім (парфюмерия тауарлары, киім,...)өндіруші фирма басшысымын деп есептеңіз. Сыртқы орта факторларының өзгеруін ескере отырып, жасайтын ұсынысыңызды айтыңыз және оны түсіндіріңіз.



Модуль 2. Маркетингтік және нарықтық зерттеулер

Тақырып 4. Тұтыну нарығындағы сатып алушылырдың мінез құлқы

Сабақтың мақсаты: Берілген тақырып бойынша тұтыну нарығындағы сатып алушылырдың мінез құлқы туралы түсініктер беріледі.

Жоспар

  1. Сатып алушы мінез-құлқының үлгісі

  2. Сатып алушының мінез-құлқына әсер ететін факторлар

  3. Сатып алу туралы шешім қабылдау процесі

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар Берілген тақырып бойынша тәжірбиелік тапсырмалар(кейс жағдай) ұсынылады.

1. «Борден» компаниясының «Старлак» сүт ұнтағын шығаруға байланысты нарықтағы үлесі төмендеді. Осыған байланысты зерттеу бөлімі тұтынушылар туралы ақпараттар жинап, олар осы өнімді не үшін пайдаланатынын анықтады. Зертеулер сүт ұнтағын, көбінесе, әйелдер тұтынатындығын, оны дастарханға тағам ретінде қойылатындығын, аспаздық тағам дайындағанда пайдаланатындығын және шаймен кофеге қатылатындығын көрсетті. Сонымен қатар, зерттеулер ерлер мен балалар сүт ұнтагы мен табиғи сүттің айырмашылығын сезбейтінін айқындады. Әйелдердің айтуы бойынша, сүт ұнтағын қолданудың басты себебі - үнемдеу.

Пікірі сұралғандардың көпшілігі компания тауарын білетінін атады, пайдаланбағандардың өзі «Старлак», «Дейзи» маркаларын білетіндігін, олар туралы ақпаратты журнал беттерінде кездестіргендерін және теледидар жарнамаларын көргендерін айтты.

Тұтынушылардың біразы «Сларлакты» «Дейзиге» карағанда артық көріп пайдаланатындығы анықталды. «Старлакты» қабылдау туралы ақпаратты ұнтактың дәмін тату үшін әйелдерге тарату арқылы жинады.

Осы кейсті талдай отырып «Старлакты» сатып aлу туралы шешім қабылдау процесінің басты кезеңдерінің сипаттамасын беріңіз. Сүт ұнтағын сатып алу туралы дәлелдердің шешіміне қандай факторлар әсер етті?



  1. Мына тауарлардың басты қасиеттерін бөліп атаңыз: сүлгі, жазатын қағаз, жихаз, кітаптар, аяқ киім.

  2. Келесі тауарлардың қызмет аясының пайдалылығын көрсетіңіз: шаңсорғыш, электр ет тартқышы, шырын жасайтын (соковыжималка) құрал, конфеттер, печенье, торттар.

  3. «Жилет» лезвиясын қабылдаудың ерекшелігі мен әр түрлі нарық сегменттері көрсетілген кестені талдаңыз

(3.1-кесте).

3.1. – Кесте Тұтынушылардың «Жилет» лезвиясын қабылдауы



Қабылдау

Таңдалынып алынған респонденттер саны



«Ак жағалылар»

«Көк жағалылар

Қызмет көрсету саласы

Барлығы

Жаңашылдар

34

10

10

54

Ізбасарлар

27

13

14

54

Артта қалушыларр

14

9

8

31

Барлығы

75

32

32

139


Тақырып 5. Нарықты сегменттеу

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта нарықты сегменттеу және оларды жіктеу, оларға әсер ететін факторлар туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Сегменттеудің ұғымы, белгілері

  2. Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу қағида-
    лары

  3. нарықты сегменттеу кезеңдері мен тәсілдері

  4. Нарықтың мақсаты сегменттерін тандау

  5. Тауарларды нарықта позициалау

  6. Нарықтың сыйымдылығы және үлесі

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

1. «Тайд», «Миф», «Ариэль» кір жуу ұнтактарының нарықтағы жағдайларын зерттеңіздер. Осы тауарлардың нарықтағы негізгі сегменттерін көрсетіңіз жэне сол туралы қорытынды жасаңыздар.

  1. «Coca-Cola» компаниясы нарықты қамтудың қандай стратегиясын қолданады?

  2. «Шолпан» делдалдық шағын кәсіпорынының «Келвин Клэйн» фирмасының ерлер шалбарын сататын 9 коммерциялық дүкені бар. 2 жүйеден тұратын олардың әрқайсысы
    нарықтың әр түрлі сегментіне бейімделгендіктен дүкендердің жақын орналасуы бір-біріне әсер етпейді.

Осыган сәйкес нарықты жаулап алуда «Шолпан» қандай стратегияны қолданады ?

  1. Сегменттеу принциптерін пайдалана отырып «Үркер-косметик», «Ланком», «Орифлейм» фирмаларының косметика өнімін тұтынушылар нарығын сегменттеңіздер.

  2. Көп өлшемді жіктеу тәсілін пайланып, әйелдер киімін тұтынушылар нарығын сегменттеңіз.

  3. «Сименс», «Филипс», «LG» фирмаларының тұрмыстық электр құралдарының нарықтағы жағдайын зерттеңіз.

  4. Алматы ауыр машина жасау зауыты; (АЗТМ) нарықты сегменттеудің қандай принциптерін қолданады? Зауыттың сегменттерін бөліп көрсетіңіз.

  5. Егер елдегі тауар өндіру 283 мың дана, импорт 27 мың дана, коймалардағы қорлар 5 мың дана, экспорт 14 мың дана болса, нарық сыйымдылығы қалай анықталады?

  6. Кәсіпорын халық тұтынатын А, В, С тауарларын шығарумен айналысады. 6.1-кестені пайдалана отырып, нарықтағы фирмалар мүмкіндіктерін және әрбір өнімнің
    қанағаттандырылмаған қажеттілігін анықтаңыз.

6.1-кесте. Өнімдердің нарықтағы жағдайы туралы мәліметтер і, млн бірлік



Көрсеткіштер

А

В

С

Өнімнің кажеттілігі



313

275

290

Бір жыл ішінде өндірілетін өнім

180

150

170

Импорт көлемі

40

50

60

Экспорт көлемі


0

8

5

Өндіруші кәсіпорын қоймаларындағы калған өнім

3

6

10


Модуль 3 Маркетингтік кешендерін әзірлеу

Тақырып 6. Маркетинг жүйесіндегі тауар

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта маркетинг жүйесіндегі тауаржәне олардың түрлері мен жіктелуі туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Тауар және оның жіктелуі

  2. Тауар саясаты

  3. Жаңа тауар түсінігі және оны жоспарлау

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

  1. Тауарды сұранысқа байланысты топқа бөліңіздер:«Пушкин ертегісі» шоколады, қолшатыр, балмұздақ, энциклопедия, помидор, нан, дербес компьютерлер, сіріңке, алтын
    бұйымдар, түрлі бояулар, сүт, құлыптас, скрипка, тоңазытқыш, «Айша», «Индезит» кір жуғыш машиналары, «Шанель» иіс суы, «Миф» кір жуатын ұнтағы.

  2. Мына фирмалардың марка атауы туралы тәжірибесін анықтаңыз: «Проктер энд Гэмбл», «Дженерал электрик»,«Кетберри», «Нестле», «Хайнс», «Панасоник», «Сони», «Кока-
    Кола» «Үркер косметик», «ФудМастер», «Акцепт», «Рахат»,«Сымбат» Сэн академиясы, «Бахус», «Аралтұз» АҚ.

3. Фирманың тауар ассортиментінің кендігін, тереңдігін және үйлесімділігін көрсетіңіздер:

а)сауда жабдықтарын, алюминді терезелер мен есік блоктарын дайындаушы фирмалар;

ә) керамикалық плиткалар (еденге, бассейндерге), 6 түсті «Бетонакрил» бояуы, паркеттік лак (3 кг және 5 кг), 4 түсті эмаль бояулары, тұс қағаздарының бес түрі;

б)2 түрлі қабырға панелдер, люстралар және бралар,француз косметикасы, 2 турлі құлып, МАЗ, КамАЗ автомобильдерінің дөңгелектері, қүнбағыс майы, кофе.



Тақырып 7. Маркетинг жүйесіндегі тауар саясаты

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта таурадың өмірлік циклы, буып түю, орау және олардың талаптары, Тауар белгісі және бәсекеге қабілеттілігі туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Тауардың өмірлік циклі (ТӨЦ)

  2. Буып-түю, орау

  3. Тауар белгісі және брендинг

  4. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі және оны бағалау

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

1.Келесі тауарлар ТӨЦ-інің қандай кезеңінде орналасқан: велосипед, түрлі-түсті теледидар, электрлік радиатор, логарифм сызғышы, биотеледидар, қалам, фортепиано, күрек, ұялы телефон, портьер. Осы тауарлардың өмірлік циклінің қисығын салыңыз және соған қарай қолданылатын шараларды келтіріңіз.



Кесте 1 - Тауар өмірлік циклінің кезеңдері

Өнім

ТӨЦ-інің кезеңдері

Маркетингті шаралар

Велосипед

Даму




Түсті теледидар

Даму










...

2. «Агропродукт» компаниясы өнімдерінің ТӨЦ-інің кисыктарын салыңыз, оны талкылгп, ұсыныс беріңіздер.

2-кесте. «Афопродукт» компаниясының көрсеткіштері



Өнімдер

Жылдар



199

199

200

200

200

200

Май

202

204

205

206

208

210

Балқытылған сыр

120

145

180

175

160

157

«Пломбир» балмұздагы

130

134

130

125

120

118

Сүт

4800

5100

5140

5180

5200

5269

Айран

1970

1980

1990

1998

2010

2030

Тәтті сүзбе

6

7

15

18

20

13

3. Мына буып-түю, ораудың түрлері қандай кызмет орындайтынын айтыңыздар: шыны және пластмасса бөтелке, декоративті қорап.

4. Термос, 12 персонды ас үй сервизі, сүлгі, хрусталь люстра, электр шәйнегі, тіс ысқыш, кірпіш, айна үшін буып- түю, ораудың үлгісін жасаңыз.



Тақырып 8. Маркетинг жүйесіндегі баға саясаты

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта маркетинг жүйесіндегі баға саясаты туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі.

  2. Баға белгілеу факторлары Баға белгілеу тәртібі және оны жасау кезеңдері

  3. Баға белгілеудің мақсаттары, стратегиялары және әдістері

  4. Бағаның нарық жағдайына бейімделуі

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

  1. Мына тауарлардың қор айналымы қандай және олар бағаға қалай әсер етеді: банан, ананас, бүлдірген, картоп, ет, балық, шұжық, сүт, конфет, дэптер, кітап, теледидар, бензин,
    газ.

  2. Тауардың өзіндік қүны 200 теңге, ал саладағы пайда мелшері - 25%, делдал өткізу фирмаларының үстемелері - 35%, саудадағы пайда нормасы - 15% болса өнеркәсіптің
    фирманың көтерме бағасын өнеркәсіптің көтерме бағасын және тауардың бөлшек бағасын анықтаңыз.

  3. Келісім-шарт жасау кезінде өнімнің сату бағасы 6000 теңге болды, ал оны өндіруге кеткен шыгындары мынадай: электрэнергия - 20%, шикізат - 40%, еңбекақы - 30%, өндірістік емес шығындар - 10%. Келісім-шарт жасаудан бастап жеткізуге дейінгі аралықта элекр энергиясы - 20%, шикізат - 10%, еңбекақы - 25%-ға өсті. Келісім-шарт негізінде бағаның
    өсу пайызын анықтаңыздар.

4.Фирма әр түрлі жеміс-жидек қоспалары бар йогурт шығаруга шешім қабылдады. Алматы қаласындағы 125 граммдық йогурттың бағасы - 45 теңге. Фирма үшін икемді, бірыңғай, дискриминациялык және психологиялык бағаларды қолданудың мүмкіндіктерін сипаттаңыздар.

Тақырып 9. Өнімдерді өткізу және тарату саясаты

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта өнімдерді өткізу және тарату саясаты туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Тауар өткізу арналарының мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері

  2. Өткізудің маркетингтік жүйелері

  3. Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі

  4. Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы. Көтерме делдалдарының негізгі типтері мен сипаттамалары

  5. Бөлшек сауда, оның түрлері және даму тенденциялары


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

1. 10 өндіруші мен 20 тұтынушыдан тұратын нарықта делдалсыз және делдалдармен қанша байланыс болуы мүмкін?

2. Келесілер үшін қандай тарату шаралары тиімді болады?

а) бейнекассета өндірушілері;

э) музыкалык аспаптар шығаратын шағын фирма;

б) қорап және пластика өндірушілері;

в) бау-бақша өнімдерін өндіруші фирма.

3. Төмендегі тауарлар үшін қандай тарату әдісі тиімді?

а) экономикалық әдебиеттер;

ә) автомобильдер;

б) кондитер өнімдері;

в) француз иіс суы.


  1. Ойыншықтар, сүт өнімдерін, сусындарды, аяқ киім,тұс қағаздарды өндіретін фирмалар үшін қарқынды, селективті, эксклюзивті өткізуді қолдану жағдайларын анықта-
    ңыздар. Осы тауарлар үшін тауар қозғалысы элементтерін сипаттап, олардың стандарттарын жасаңыздар.

  2. Дүкен электротауарлар, жұмыс киімдерін, мәдени тауарларын, кондитерлік өнімдерді, жеміс, кітап, ойыншықтар, киімдер, нан өнімдерін сатумен айналысады Бөлшек
    дүкеннің түрін анықтап, ерекшеліктерін көрсетіңіздер.

Тақырып 10. Маркетингттік коммуникация саясаты

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта маркетингттік коммуникация саясаты және оның құралдары туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Маркетингтік коммуникация түсінігі мен түрлері

  2. Өнімді жылжыту бюджетін есептеу әдістері

  3. Өткізуді ынталандыру, оның түрлері және қүралдары

  4. Жеке сату және оның қызметтері

  5. Паблик рилейшнз, оның түрлері мен әдістері

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

  1. Өнеркәсіп орындарына да, жеке түлғаларға да компьютер мен бағдарламамен қамтамасыз ететін нарықтағы жаңа фирмаға арналған жарнамалық науқан жобасын және әр
    түрлі жарнама құралдарын пайдалану графигін жасаңыз.

  2. Тұтыну тауарларын өндіруші фирма өз іс-әрекетінде тікелей маркетингті қолдануды көздейді. Осы компания үшін:

а) газеттерге берілетін жарнама мәтінін;

э) пошталық жарнама хаттарының мәтінін (3 рет тарату керек);

б) сату орнындағы жарнама мәтіндерін құрастырыңыз.

Тақырып 11. Маркетинг жүйесіндегі жарнама

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар


  1. Жарнама, оның мәні, функциясы, рөлі мен мағынасы

  2. Жарнама қызметін жоспарлау

  3. Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау

  4. Жарнаманың экономикалық тиімділігі


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

3. Мысықтарға тағам дайындайтын «Вискас» фирмасы жарнама өткізу мақсатында А және Б журналының бірін таңдауы қажет. А журналын оқитындар саны 10 млн адамды


құрайды, түрлі-түсті жарнаманын журналдағы бір бағанның бағасы 3,4 млн теңге. Ал Б журналын оқитындар саны – 15 млн, беттегі бір бағанның бағасы - 2,7 млн теңге. А жур
налын окитын окырмандардың 80%-ың мысығы бар, ал Б журналын оқитындардың 60%-ның мысығы бар. Фирма өнімін жарнамалау үшін қай журналды тандау тиімді екенін
анықтаңыз. Жарнаманы таңдау кезінде ескерілетін факторларды атап көрсетіңіз.

4. Косметика шығаратын фирма шампунь мен қолға арналған кремнің жаңа сериясын шығарады. 4 апта ішінде сынау маркетингі жургізілді. Өнім әмбебап жэне мамандандырылған дүкендерде сатылады. Сынау маркетингінен кейін фирма 30 секундтық 2 жарнамалық роликті теледидардың екі арнасында көрсетті. Жарнаманы көрсету графигі - дүйсенбі, бейсенбі күндері 20:00-де, (№1 -жарнама ролигі), сейсенбі және жұма күндері 21:00-да (№2-жарнама ролигі). Екі ролик 4 апта бойы көрсетілді. Сату көлемінің өзгеруіне жарнама науқанының әсерін бағалаңыз (10.1-кесте).

10.1 -кесте. Фирма өнімінің сату көлемі

Сату орындарынын типтері

Шампунь

| Крем



Сынау маркетинг) кезіндегі сату көлем і

Жарнамадан кейінгі сату көлем і

Сынау маркетингі кезіндегі сату көлемі

Жарнамадан кейінгі сату көлем і

Супермаркеттер

12000

15000

3000

3300

Мамандандырыл-ган дүкендер

5000

5650

200

210

і



Тақырып 12. Маркетингтегі бақылау және жоспарлау

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта маркетингтегі бақылау және жоспарлау

туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.



Жоспар

  1. Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары

  2. Маркетингті стратегиялық жоспарлау

3.SWOT және GAP талдауларын жүргізу әдістемелері

4. Маркетингтік бақылау



Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

1. Төмендегі кәсіпорындар үшін бизнес түрін, мақсатын. мәселесін, шаруашылық қоржынға кіретін өнімін анықтап, олардың даму стратегиясын жасаңыздар (анықтаңыз):



  1. университет; 5) көлік фирмасы;

  2. cay да үйі; 6) туристік фирма;

  3. жихаз фабрикасы; 7) құрылыс кооперативі;

  4. кітап дүкені; 8) көкеніс өндіретін фермер

лік шаруашылық

  1. Тоқыма фабрикасы спорттық және басқа да тоқыма бұйымдарын ұсынады. Тоқыма бұйымдары ассортиментінің жаңа бағыттарына мектеп формасы мен кәсіпорындарға
    арналған бірегей формалар жатады. Әрбір негізгі үлгінің үш- төрт түрі бар. Осы ассортименттік саясатгың ықтимал мақсаттарын, сегменттеу және өсу стратегиясының ерекшеліктерімен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.


Тақырып 13. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта маркетингтегі стратегиялық жоспарлау туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Корпорация мен оның бөлімшелерінің стратегиялық жоспарлауы

  2. СББ-ны (СШБ) стратегиялық жоспарлау

  3. Компания және өнім маркетинг жоспарының кұрылымы мен мазмұны

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

1.Стратегияны жасау жолдарын пайдалана отырып, төмендегілердің стратегияларын тандап алуына әсер ететін факторларды сипаттаңыздар.

а) жеміс консервілеу комбинаты;
э) кондитер фабрикасы;

б) шағын наубайхана;

в) жанармай станциясы;
т) темір жол вокзалы;

ғ) әуежай.

2.Шағын фирма жұмсақ ойыншыктар өндіру жайында шешім қабылдады. Республикадағы балалар саны - 4,3 млн. Балалар үшін жұмсақ ойыншықты бір жылда сатып алу ыктималдығы 0,25. Фирманың алғашқы жылдағы нарық үлесі 8%, ал бәсекелестермен салыстырғанда 4% болуы мүмкін. Ойыншық бағасы - 100 теңге, өндіріске кеткен шығыны – 70 тенге. Фирманың даму стратегиясын және алатын пайда болжамын жасаңыздар.

3. Мына кәсіпорындар үшін жағдайлық талдау жүргізіп, маркетинг жоспарын құрыңыздар.

а)көкөніс өндіруші фермерлік шаруашылык;

э) жеке құрылыстармен айналысатын құрылыс фирмасы;

б)дәрі-дәрмек жасаушы фирма;

в)косметикалық фирма;

г)шәй фабрикасы;

д)өзіңізге ұнаған кез келгсн казақстандық компания.



Тақырып 14. Халықаралық маркетинг

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта халықаралық маркетинг және оны қоршаған орта, олардың маркетинг-микс стратегиялары туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Халықаралық маркетингтің ерекшеліктері және оны қоршаған орта

  2. Шетел нарықтарына шығу стратегиялары

  3. Халықаралық маркетингтегі маркетинг-микс стратегиясы

  4. Халықаралық маркетингтің мәдени және этикалық мәселелері

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

1. Ұлттық стильде сырт киім тігетін фирма басқа ел нарығына енуді жоспарлауда. Сол ел үшін нарық мүмкіндігін бағалаңыз.

а) натуралды шаруашылық типіндегі экономикасы бар ел;


э) шикізатты экспорттаушы елдер;

б) өнеркәсіптік дамушы елдер;

в) өнеркәсіптік дамыған елдер;

г) экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер.



  1. Қазақстанда біріккен кәсіпорын құру үшін шетелдік капитал көбінде ауыр және технологиялық тауарлар өндіруге емес, тұтынушы тауарларын өндіруге және сатуға бағыттаәлады. Неліктен?

  2. Қазақстан нарығында «Coca-Cola» компаниясының мүмкіндіктері мен болашағын бағалаңыз. Неліктен компания республика аумағында бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім кабылдады?

  3. Қазақстан нарығындағы төмендегі фирмалардың маркетингтік кешенін бағалаңыз: «Nestle», «Coca-Cola», «Филлип Моррис» компанияларының тауар және коммуникациялық саясаттарының ерекшеліктерін атаңыз.

Келесі тауарлар бойынша сыртқы нарықка бейімделу стратегиясының қайсысын қолдануға болады?

  • жеміс шырыны;

  • тұрмыстық электр кұралдары,

  • тігін машинасы;

  • компьютер;

  • жихаздар;

  • маталар.

6. Төмендегі мысалдарға халықаралық маркетинг ұйымдастырудың қандай түрін ұсынуға болады?

  • пластмасса ойыншыктар өндіретін шағын фирма;

  • ірі автогигант;

  • тез дайындалатын жартылай фабрикат өндіретін орташа фирмалар.

  • тұрмыстық техника өндіретін ірі фирмалар.

Тақырып 15. Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі

Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.

Жоспар

  1. Қызмет көрсету маркетингінің ерекшеліктері

  2. Коммерциялық емес іс-әрекеттегі маркетингтің мәні

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

  1. Қызмет көрсетулерді топтарға бөліңіздер: тоңазыткыштарды жалға беру, кілем тазалау, баспа машиналарын жендеу, машиналарды жуу, шаштараздық қызмет, аяқ киімжөндеу, бөлмелерді жалға беру, инженерлік консалтинг, автомобильді жөндеу, туризм, байланыс, тіс емдеу.

  2. Алматы қаласында жаңадан ашылған туристік фирма үшін әр түрлі ақпарат құралдарын қолдану графигін және жарнамалық науқанның жобасын жасаңыз.

  3. Тұлға (өзіңіздін) іс-әрекетінің бағдарламасын, қысқаша анықтамасын және қолдау хатын дайындаңыздар. Кадр бөлімі өкілімен сұқбаттасуга дейін, дәл сол кезде және оданкейін істейтін шаралар жоспарын жасаңыздар.

4. Мына фирмалар үшін қызмет көрету стандартын жасаңыз:

  • туристік фирма;

  • аудармашыларды дайындайтын курстар;

  • техникалық қызмет көрсету станциясы;

  • автокөліктерді жуу.

5. Сұранысқа әсер ететін факторларды атаңыз және төмендегілер үшін тұтынушылардың мінез-қүлық моделін кұрыңыз:

а)тарихи мұражай;

ә) сақтандыру компаниясы;

б)шаштараз;

в)санаторий;

г)кафе.


  1. Банктегі маркетинг бөлімінің басқарушысының атынан өнім сапасы туралы анықтама қағазын дайындаңыздар.Анықтамада өнім құрылымы, сапасы, бәсекеге түсу мүмкіндігі туралы жалпы ақпарат болуы қажет.

  2. Төмендегілер үшін сегменттеудің қағидалары мен критериилерін анықтаңыздар:

  • «ТұранӘлем» банкі;

  • Туристік фирма;

  • Мейманхана.

Негізгі тұтынушылардың бейінін жасап, мақсатты нарыққа сипаттама беріңіз.
3. Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер


1. Хожаназаров. Маркетинг негіздері. Алматы., Экономика. 1996.-288б.

2. С. Н. Нысанбаев, Г. А. Садыханова. Маркетинг негіздері - Алматы: Эверо, 2010. - 168 б.

3.Филипп Котлер. Основы маркетинга. С-П.» Коруна», 2007.- 656 стр.

4. С. Х. Тойкин, Ә. Т. Жайнақова, Қ. Б. Тәмпішева. Маркетинг негіздері - Астан -Фолиант, 2007. - 252 б.


5. Г.К.Есімжанова Маркетинг негіздері. Алматы., 2011.- 284б.

6. С.Қ. Тойкин. Маркетинг курсы бойынша ойын, тесттер, тапсырмалар. Семей, 2002.- 54б.


7. С. С. Сатыбалдыұлы, Б. А. Байтанаева. Маркетинг және менеджмент негіздері.- 2-басылым. - Астана: "Фолиант" баспасы, 2013. - 319 б.

8. Ж. Ж. Тоқбаева, Ж. Тасқынбай. Маркетинг негіздері.- Астана. "Фолиант" баспасы, 2014. - 192 б


Қосымша әдебиеттер

  1. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі №456 Заңы(2005.11.22. толықтырулар мен өзгертулер)

  2. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңы. (толықтырулар мен өзгертулер 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексімен)


  3. «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 112-IV Заңымен
  4. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III Заңы(толықтырулар мен өзгертулер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңымен енгізілді)

  5. Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 Заңы


  6. С. Есімжанова С.Р. Маркетинг практикумы. Оқу құралы. – Алматы: «ЭКО» Баспа үйі, 2007. – 136 бет

Пәннің бағыты бойынша ұсынылатын журналдар тізімі

1.Экономикалық журнал «Ақиқат»

2.Экономический журнал «АльПари»

3. Республиканская экономическая газета «Деловой Казахстан»

4. Журнал «Экономика и право Казахстана»

Интернет-ресурстар

1. www.mks.gov.kz/

2. http://www.npfcapital.kz/kazakhstan

3. http://government.kz/

4. www.stat.gov.kz

5. www.edu.gov.kz/

6. www.mzsr.gov.kz

7. http://www. Sciencedirect.com.Электронные научные журналы

8. http://diss.Rsl.ru Электронная библиотека диcсертаций Российской государственной библиотеки

Білім алушылар білімін бағалау критериялары

«А», «А-» («өте жақсы») – егер білім алушы барлық бағдарламалық материалды тереңнен игеріп, сәйкесінше, оны еш бұлжытпай баяндай білсе, тапсырма типі өзгерген кезде жауап беру барысында қиналмаса, қойылған мәселелерді еркін шеше алса, монографиялық материал білімін көрсетсе, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздей білсе, тәжірибелік жұмыстарды орындауда жанжақты дағды және ептіліктерді меңгере білсе, қателіктерді жібермей, материалды дербес талқалай білсе аталмыш баға қойылады;

«В+» «В», «В-» («жақсы») – егер білім алушы бағдарламалық материалды нақты білсе, оны мәні бойынша сауатты баяндай білсе, сұраққа жауап беру барысында айқынсыздықтарды жібермесе, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік мәселелерді шешуде қажетті дағдыларды қолдана білсе аталмыш бағалар қойылады;

«С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағат») – егер білім алушы тек негізгі материалды ғана меңгеріп, бірақ жекелеген бөліктерді білмесе, айқынсыздықтарды жіберсе, тұжырымдамалары жеткілікті түрде дұрыс болмаса, бағдарламалық материалды баяндауда ілеспелілікті бұзса және тәжірибелік тапсырмаларды орындауда қиналса аталмыш бағалар қойылады;

«F» («қанағат емес») – егер білім алушы бағдарламалық материалды білмесе, айтарлықтай қателіктер жіберсе, тәжірибелік жұмыстарды орындауда үлкен қиындыққа ұшыраса аталмыш баға қойылады.

Аталмыш криетрияларды оқытушы емтихан бағасын қою барысында да басшылыққа алады.



А- дан А, В-дан В+-ға дейін, D дан С+-ға дейінгі амплитуда бағаны таңдау білім алушының жоғарыда келтірілген критерияларға білімі мен ептілігінің сәйкес келуі дәрежесімен анықталады.
Каталог: ebook -> umm
umm -> Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий
umm -> «Қазақ тілінің стилистикасы» ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей 2015 Мазмұны
umm -> Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика
umm -> Глоссарий
umm -> Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере; Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере
umm -> ПОӘК 042-18 35/03-2015 №1 баспа 11. 06. 2015ж
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> 1 Менеджмент туралы түсінік Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып
umm -> Мемлекеттік басқару проблемаларын жете түсіну үшін қазіргі менеджмент теориясының кейбір жайларын білу аса тиімді және қажет


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...