ПОӘК 042-18 35/03-2015 №1 баспа 11. 06. 2015ж

Loading...


бет1/9
Дата06.02.2017
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ПОӘК 042-18-4.1.-35/03-2015

№1 баспа 11.06.2015ж.

беттен бет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.



3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ОӘК 042-18-4.1.- 35/03 -2015



«Төлем жүйесі» пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер

Баспа № 1 11.06.2015ж.

5В050900 «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

«ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ » ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР

Семей

2015

Мазмұны


1.

Глоссарий




2.

Дәрістер




3.

Практикалық сабақтар




4.

Оқушының өздік жұмысы





1.ГЛОССАРИЙ
АТМ – автоматы кассалық машина немесе банкомат.

Аваль – иесінің алдында вексельді төлеу үшін жауапкершілік алатын (авалисттің) тұлғаның кепілдемесі.

Авизо – белгілі бір тапсырмаларды орындағаны туралы, операцияларды жүргізгені туралы, төлемдердің түскені өзара есеп-айырысулар жағдайының өзгеру туралы куәландыруға арналған ресми пошталық немесе телеграфты хабарлама, мәліметтер.

Авуарлар – берілген банкінің тапсырысы бойынша қаржылық операцияларды орындайтын осы банкінің шетелдік банк корреспондеттеріндегі шоттарындағы шетел валютасымен саналған қаржысы.

Аккредитив – бұл банкінің клиенттің сұрауы және оның нұсқауларына сәйкес немесе өздігінен көрсетілген бенефициарға төлем жасауға алған міндеттемесі немесе бенефициарлармен шығарылған аудармалы вексельдерді акцептеу (рұқсат ету) және төлеу немесе егер аккредитивтің барлық шарттары орындалса осы аккредитивпен белгіленген мерзімге көзделген құжаттарға қарсы осы вексельдерді шығару.

Қайтарылмайтын аккредитив – банкке аккредитивпен көзделген коммерциялық құжаттарды көрсеткенде және бенфициар барлық шарттарды орындағанда, оның шығарған аудармалы вексельдерді төлеуге, акцепттауға (рұқсат етуге) немесе сатып алуға байланысты банк-эмитенттің нақты міндеттемесі. Оның ішінде аккредитивті қайтаруға болмайтын мерзім көрсетіледі.

Есеп-айырысулардың аккредитивтік түрі – тауар және қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшасыз есеп-айырысулар түрі, жабдықтаушымен көрсетілген құжаттардың төлемақы тауардың жөңелтелуі немесе қызмет көрсетулер жабдықтаушы банкпен жүргізеді.

Акцепт – төлеушінің белгіленген мерзімде аударымды вексельді төлеуге берілген шотты төлеуге; басқа талаптарды төлеуге қанағаттандыруға арналған міндеттемесі.

Акцептант – вексельдерді төлеуді өзіне алған жеке немесе заңды тұлға.

Банкілік акцептеу – төлем құжаттардың ақы төлеуіне банкттің келісімі және оларды төлеудің кепілді нақты түрі.

Акцептелген тапсырма – акцепт бойынша жеке шоттағы соманы төлеушінің өз банкіне төлемақы тапсырмасымен, жабдықтаушымен есеп-айырысуларды жүргізу.

Акцептелген вексель – осы документте көрсетілген ұсынылған және есекерілген мезгілде вексельді төлеу міндеттемесі немесе банк келісімі бар көрсетілген соманы төлеу кепілі болу.

Акцептелген чек – банк жағынан көрсетілген соманы төлеу кепілі бар чек.

Аллонж – вексельге бекітілген қосымша бет, қолдан-қолға берілетін жазулар жазылады, егер вексельдің сырт жақ бетінде орналаспаса.

А-ФОРФЭ - регресс құқығынсыз аударылатын вексельдерді есептеу жолымен халықаралық сауданы қаржыландыру, яғни вексель сатып алушы төленбеген төлемді алу тәуекеліне барады және алдында болған иеге арыздана алмайды.

Қолма-қол ақшасыз есеп-айырысулар – ақшаны айналдыру, яғни ақшаның сақталуы мен қозғалысы қолма-қол ақшаның қатысуынсыз жүреді.

Банкоматтар – пластикалық карточкалармен операцияларды орындауға қолданылатын банктік автоматтар.

Банк-эмитент – соңғы алынған тауарларды және қызмет түрлерімен қолданғанда тұлғаның дебетті карточкасынан ақша алуды орындайтын банк.

Банк-эквайер – қызмет ету ауктесімен есеп-айырысуларды және транзакцияны жүзеге асыратын банк.

Акцепсіз төлемдер – даусыз ретте, төлем талаптарының негізінде жүзеге асатын мекемелердің, кәсіпорындардың, азаматтардың төлемдері.

Қолма-қол емесе ақшалар – банктік шоттағы ақша құралы, бір шоттан екінші шотқа аударылу үшін қолданылатын төлем.

Бенефициар – тұлғаға арналған ақшалай төлем.

Варрант – құнды қағазға арналған қосымша, ол оның иесіне қосымша құқықтар мен жеңілдіктер береді.

Вексель – Ұзақ мерзімді міндеттеме түріндегі құнды қағаз, нақты түрі бойынша жазбаша түрде құрылған.

Құжатты есеп-айырысулар – бұл документтерді ұсынғанда банк орындайтын төлемдер, жазбаша түрде сатушы мен сатып алушы арасындағы қарастырылған келісім, банк практикасында да қолданылады: коносамент, транспорттық құжаттар, почталық түріртектер, сақтандыру полистері, сапа сертификаттары, және варранттар және т.б. құжаттар.

Валюттау күні – оның төлеу тапсырмасында бастаушымен көрсетілген күн, ақша бенефициармен тиісті алынған болу керек.

Дебетті аударымдар – ақы төлеуге арналған құжаттарға (ақша жіберушілермен) төлемдерді бенефициарлық ұсынулары арқылы жүзеге асатын қолма-қол емес ақша төлемдер.

Дамно – номиналды ақша құны және олардың құны арасындағы айырмашылық, банкттік мекемелердің шығындары осы вексель бойынша қолма-қол ақшаны алу.

Дебетті карточкалар – «пластикалық ақшалардың» бір түрі, банк шотындағы ақшаға тең сомалы төлемдерді жүргізу.

Импринтер – механикалық құрылғы, клиенттің төлем карточкасында берілгендердің мағлұматын алуға мүмкіндік береді.

Инкассо – бір клиенттен басқа клиентке (салымшы) ақша аударудағы банк операциясының бір түрі.

Инкассалайтын банк – бұл банктің операциялары, сатушы мен сатып алушы арасындағы қарастырылған келісімде, бастаушымен ұсынылған төлем және басқа көрсетушілердің құжат есеп айырысуларында жүзеге асыру негізіндегі операция түрі.

Инкассо – банкке ақша жіберуші бенефицардың талабын тапсыруымен өзіне міндеттеме ретінде қабылдайтын банк.

Несиелік аударымдар – қолма-қол емес ақша төлемдері, төлеу тапсырмасын алу банкке бастаушы ұсыну жолымен жүргізеді.

Банк карточкасы – банкпен берілетін несие карточкасы.

Ақша карточасы – автоматтан қолма-қол ақша алуға арналған карточка, төлеуші шотынан алушының шотына тез, жылдам ақша аударуға мүмкіндік береді.

Карт-ридер – төлем ақы карточкаларынан ақпаратты оқуға арналған арнайы құрылғы.

Клиринг – бір-біріне сатылған тауарларды, құнды қағаздарды және жасалған қызметтерді төлеу шарттарынан тыс қолма-қол ақшасыз ел, мемлекет, компания, кәсіпорын арасындағы есеп-айырысулар.

Корреспонденттік шот – есеп-айырысулар көрсетілген шот, корреспонденттік келісім негізінде бір несие мекеменің тапсырысы бойынша орындалады.

Мультимедиялық киоск – бұл мониторы бар арнайы аппарат, төлем карточкасы бойынша клиенттің жеке операция жүргізуіне мүмкіндік беретін аппарат.

Пин-код – карточка иесіне берілетін жеке идентификационды номер, төрт таңбалы құпия код.

Пос-терминал – электронды құрылғы, төлем карточкасы бойынша операцияның орындалу мақсатында банкпен байланыс жүргізуге көмектеседі, магнитті жолақтан немесе карточканың микрочипінен оқуға мүмкіндік береді.

Қарапайым вексель – қарыз алушы, вексель беретін тұлғаның қарыз берушіге, вексельге ие тұлғаға келісілген уақытқа қарызды қайтару міндеттемесін куәландырады.

Төлеу құжаты – бұл құжат негізінде немесе көмегімен азаматтық келісім, келісім-шарттар, Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары және сот шешімінің шарттарына сай ақша міндеттемеі.

Пластикалық карточка – бұл мамандандырылған төлем құралы, карточкаға ие тұлға түрлі қызмет түрімен қолдана алады және қолма-қол ақшаны банк бөлімдерінде (филиал) және банк автоматтарында алуға мүмкіндік береді.

Процессингтті орталық – мамандандырылған (арнайы) есептеуіш орталық төлеу жүйесінің технологиялық ядросы.

Төлемдерді аудару жүйесі – нұсқаулықтарды және ақша аударуды ережеге сай жіберу реттілігі.

СВИФТ – компьютерлермен және банк аралық телекоммуникацияларды қолдану арқылы халықаралық есеп-айырысу және төлемдерді орындаудың автомматалған жүйесі.

НОСТРО-шоттар – банктік корреспонденттік шоттар, яғни несие мекемесінің шоттары банк корреспонденттерінде болады.

Чектермен есеп-айырысулар – қолма-қол ақшасыз есеп-айырысулар түрі, лимиттелген және лимиттелмеген чек кітаптарынан есеп-айырысу чектері қолданылады.

Тратта – аударымды вексель, сыртқы саудадағы негізгі есеп құжаттары.

Чек – көрсетілген ақша сомасын чек иесіне төлеу туралы чек жазатын тұлғаның банкке бұйрығы.

Чек жазатын (беретін) тұлға – чек жазған тұлға.

Чек ұстайтын тұлға – жазылған чек иесі.

Чекті клиринг – бір банкпен жазылған чек басқа банкпен қабылданатын ақша қорларының қозғалыс жүйесі.

Эквайринг – төлем карточкалары көмегімен орындайтын операциялары бойынша сауда және қызмет көрсету кәсіпорындармен есеп-айырысуды орындайтын қызмет.

2.ДӘРІСТЕР: оқу сабағының формасы, оның мақсаты логикалық формадағы пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру болып табылады.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.



Модуль 1.Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қалыптасуы және қазіргі кездегі жағдайы

Каталог: ebook -> umm
umm -> Тарау Пән бойынша глоссарий Тарау Лекциялардың қысқаша конспектісі Тарау соөЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар Тарау Бақылау – тексеру құралдары. Тарау Пән бойынша глоссарий
umm -> «Қазақ тілінің стилистикасы» ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей 2015 Мазмұны
umm -> Әбікенова Гүлнат Төкенқызы Когнитивті лингвистика
umm -> Глоссарий
umm -> Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере; Үш әулетті отбасы: ата-ана, бала, немере
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> 1 Менеджмент туралы түсінік Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып
umm -> Мемлекеттік басқару проблемаларын жете түсіну үшін қазіргі менеджмент теориясының кейбір жайларын білу аса тиімді және қажет
umm -> Дәріс №1 Тақырыбы: Ежелгі елдердегі мемлекет және құқық. А курстың оқыту пәні және әдісі б ежелгі Вавилон


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...