Платформаларға сәйкес келетін жер бедерінің ірі пішіндері



жүктеу 0.57 Mb.
бет1/4
Дата07.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
  1   2   3   4
Платформаларға сәйкес келетін жер бедерінің ірі пішіндері

Платформалар

Сәйкес келетін жер бедері

Биіктіктер

(метр есебімен)



Орташа

Абсолюттік

Шығыс Еуропа

Шығыс Еуропа Жазығы

200-300

471

Сібір










Қытай – Корея










Арабия










Үнді










Оңтүстік Америка










Геосинклиналдарға сәйкес келетін жер бедерінің ірі пішіндері

Геосинклиналды белдеулер

Сәйкес келетін тау жүйелері

Орташа биіктігі

(м)


Абсолют биікігі (м)

Альпі - Гималай

Белдеуі


  1. Альпі

  2. кавказ

  3. Памир

  4. Гималай

3000-4000

Монблан, 4807

Шығыс Тынық мұхиттық

  1. Камчатка түбегі таулары

  2. Жапон аралды таулары

  3. Сахалин аралы таулары







Батыс Тынық мұхиттық

  1. Кордильера таулары

  2. Анд таулары

  3. Антарктида түбегінің таулары






«Жер қыртысының құрылысы» мен физикалық карталарды салыстыра отырып, оқушылар материктер негізін құрайтын ежелгі платформалар мен оларға сәйкес келетін жер бедері пішіндерін және геосинклинальдық белдеулер мен оларға сәйкес келетін жер бедері пішіндерін анықтайды, олардың нәтижесін дәптерге кестеге толтырады:






Жер қыртысы

құрылысының

картасы


Физикалық карта




Платформалар

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі, м

1.

2.



3.

Шығыс Еуропа



Шығыс Еуропа жазығы


200-500





Геосинклинальды

белдеулер



Сәйкес келетін тау жоталары

Басым биіктіктері мен абсолюттік биіктігі, м

1.


Альпі- Гималай белдеуі


А) Альпі
Б) Кавказ


В) Гималай

3000-4000м, Монблан,4807м


4000-5000м, Эльбрус, 5642м
6000-8000м, Джомолунгма, 8848м

Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушылар дәптерлеріне мынадай сызбаны толтыру орынды.



Пайдалы қазбалар

Кен орындары

Мұнай-газ

Теңіз, Қашаған, Кеңқияқ, Қарашығанақ,

Құмкөл


Көмір




Оқушылар картамен істеген жұмыстарының қорытындысын мынадай кестеге түсірулеріне болады.

Таулы өлке

Оған кіретін тау жоталары

Ең биік нүктесінің

Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы)

Мұғалжар


Маңғыстау

Көкшетау

Ұлытау


Шыңғыстау


Көкшетау 947м

Қорықтардың салыстыру қорытындысы:


Қорықтың аты (ұлттық парктер, қорықшалар) және құрылған уақыты

Географиялық орны

Табиғат зонасы

Атқаратын міндеті және онда жүргізілетін ғылыми жұмыс



Жер бедерінің ірі пішіндерінің жердің геотектоникалық құрылысы мен пайдалы қазбалардың арасындағы байланыстарды анықтау.

Жер бедерінің ірі пішіндері

Қандай тектоникалық құрылымдарға жатады

Беткі қабаты қай эраның тау жыныстарынан тұрады

Пайдалы қазбалар

Маңызды кен орындары

Мезозой, кайнозой эраларының шөгінді жыныстары

Архей, протерозой эралары интрузивті, магмалық жыныстар

Каспий маңы ойпаты

Ежелгі платформа

Бор, неоген,

Төрттік дәуірлер шөгінді жыныстарынан тұрады



Мұнай, газ, тұздар







Ауа массаларына сипаттама:


Қазақстанға әсер ететін ауа массалары

Қалыптасатын аймағы

Ауаның қасиеті

Қыста және жазда ауа райының өзгеруі

Континенттік ауа массасы

Теңіздік ауа массасы

Арктикалық ауа массасы

Солтүстік мұзды мұхиттың орталық және шығыс бөлігінде

Суық, құрғақ

Қыста да, жазда да суық құрғақ




Қоңыржай ауа массасы













Тропиктік ауа массасы















Топырақ эрозиясының түрлері сипаттама:

Топырақ эрозиясының түрлері

Жел эрозиясы

Су эрозиясы

Беттік

Сызықтық

Беттік

Сызықтық














Зоналық табиғат кешендеріне сипаттама:

р/с

Зоналық табиғат кешенінің аты

Топырағы

Өсімдік жамылғысы

Жануарлар дүниесі


Шаруашылық маңызы

Антропогендік процестер

Экологиялық жағдайы

Құрамды бөліктері (компоненттері) арасындағы байланыс



























Тақырыптар бойынша географиялық тапсырмалар.

Географиялық карта. Глобус

  1. Жердің пішіні__________тәрізді. Жердің білігінен экваторға дейінгі қашықтық ________км, ал полюске дейін ___________км.

  2. Экватордың ұзындығы ___________км. Глобустардың масштабтары: 1: _______, 1:________, 1: __________.

  3. Астанадан экваторға дейін _________км, ал Солтүстік полюске дейін ___________км.

  4. Егер 2000 км қашықтық 20 см-ге тең деп алынған болса, картаның масштабы қандай болғаны?________

  5. Орталық бөлігі 190 о.е. пен 470 ш.б.-та орналасқан аралда ең кішкентай шала маймылдар тіршілік етеді, оның денесінің ұзындығы 12 см. Осы аралдың километрмен есептегендегі ұзындығы мен ені қандай?________________.

  6. Алматы қаласының координаталарын анықтаңдар: ендігі __________, бойлығы_______, абсолют биіктігі___________.

  7. 770 ш.б. орналасқан Алматы қаласында 16 сағат болғанда, 740 б.б. орналасқан Нью-Йоркта сағат неше болады?

  8. Астананың географиялық координаталарын анықтау:_________ с.е., ___________ш.б.

  9. Градус торы арқылы Қазақстанның батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығын градус және километр есебімен өлшеу арқылы анықтау.

  10. Астанада белдеулік уақыт бойынша сағат 12 болғанда Мәскеуде, Стамбулда және Вашингтонда сағат қанша болатынын есептеу. Атмосфера

  1. Атмосфераның маңызы:

  1. _________________________түсіреді.

  2. ______________________ қорғайды.

  3. _________________________пайда болады.

  4. _________________________білдіреді.

  1. Егерде биіктігі 40 м төбенің басында барометр 758 мм с.б. көрсетіп тұрса, онда төбенің етегіндегі атмосфералық қысым _______мм с.б. тең болады.

  2. Ұшақ 5 км биіктікке ұшып барады. Егерде жер бетіндегі ауа температурасы 180 градусқа тең болса, ұшақ бортының ауа температурасы ______0 болады.

  3. Егер салыстырмалы ылғалдылық 20 С0 температурада 50%-ке тең болса, абсолюттік ылғалдылықта қандай болады?

Гидросфера

  1. Гидросферадағы барлық судың мөлшері шамамен __________. Оның ________мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су; __________мұздықтар мен тұрақты қарлар;_________жер асты сулары; өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су болып табылады. Тұщы судың үлесіне ______ тиеді.

  2. Төмендегі жоспар бойынша Обь, Хуанхэ, Миссисипи, Конго, Ертіс, Іле өзендерінің географиялық орындарына төмендегі жоспар бойынша сипаттама беріңдер:

А) өзенді атау және картадан көрсету;

Ә) қай метерикте орналасқаны;

Б) басқа табиғи объектілерге қатысты орны;

В) қайдан басталады, қай бағытта ағады, қайда құяды?

3. Гольфстрим және Лабрадор ағыстарына сипаттама беріңдер.

А)жылы ағыс па, суық ағыс па? Ә) қай мұхитта?

Б)ағысы қайда бағытталған? В) Қандай материктің жағалауына жақын ағып жатыр?

4. Ағынды көлдерді екі сызықпен, ағынсыз көлдерді бір сызықпен сызыңдар: Байқал, Онега,

Каспий, Танганьика, Арал, Ыстықкөл, Балқаш, Зайсан, Алакөл.


  1. Каспий және Охот теңізі бір-бірінен өте алыс орналасқан. Табиғат жағдайлары да ұқсамайды. Дегенмен, бұл екі теңізде аттас географиялық объектілер бар. Ол қандай объеккт және екі теңіз несімен бір-біріне ұқсайды?

Географиялық қабық

  1. Біз тұрған жер________ белдеуінде орналасқан. Тұрған жеріміз_______ табиғат зонасына жатады. Климаты__________. Жауын-шашын _______мм мөлшерінде түседі. Қаңтардың орташа температурасы _______ С0, шілденің орта температурасы________С0. Тұрған жерімізден _______өзені ағып өтеді. Оның ағысы________. Арна _______аңғары _________өзен __________айында қатады. Топырағы ________. абайы жануарлар ___________кездеседі.

  2. Жер бедерінің айырмашылықтары айқын байқалатын жерді таңда. Ол жерге келесі жоспар бойынша сипаттама бер.

А) ол жердің аты және табиғат кешендерінің түрлері.

Ә) табиғат компоненттерінің байланыстарын айқындап, табиғат кешендеріне сипаттама беру.

Б) адамның табиғат кешенніне әсері.

В) экологиялық проблемалар.



Географиялық диктант (климаттық белдеулер бойынша):

  1. Бұл климаттық белдеу тропиктік және қоңыржай ауа массаларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

  2. Ұзақ әрі қатал қыс қоныржай ауа массасының енуіне байланысты қысқа әрі салқын жазға ауысады.

  3. Бұл белдеуде жыл бойы тропиктік ауа массасы басым болады, оның жазғы температурасы өте жоғары, ал қыста сәл төмендеу болады.

  4. Бұл климаттық белдеуде жыл мезгілдері айқын ажыратылады, бүкіл жыл бойы бір ғана ауа массасы әсер етеді.

  5. Бұл белдеуде ауа температурасы жыл бойы жоғары, жауын-шашынның жылдық мөлшері өте мол және біркелкі түседі.

Қазақстанның жер бедері: «Қай жер туралы»

  1. Кәрлі, қатерлі, ай дала – жазық тегістік деген мағына береді, оның жер беті біркелкі жазық, тек кейбір жерлерінде ғана сорлар мен тұнбалы көлдері бар құрғақ сайлар мен жайпақ ойыстар кездеседі. Үстіртте ағын су мүлдем жоқ. Солтүстік-шығыс бөлігі неғұрлым биіктеу (600 м-ге дейін), тақтатасты, кей жері гранитті және жер бедері төбелі, ал оңтүстік-батыс бөлігі бірте-бірте аласарады, ол горизонталь бағытта жатқан ежелгі теңіз бен континенттік шөгінділерден түзілген. Бұл қай жер?

  2. Әбден үгіліп, мүжілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің бұзу әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізгі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты, басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үгілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады. Бұл қандай өлке?


Тест сұрақтары

Ашық тест сұрақтары:

1. География ғылымы нені зерттейді?

2. География ғылымы қандай салаларға бөлінеді?

3. Физикалық географияның зерттейтін объектілеріне сипаттама беріңдер?

4. Экономикалық және әлеуметтік географияның зерттеу объектілері қандай?

5. «Ұлы географиялық ашулар заманы» деп қай кезенді айтады?

6. Х. Колумб саяхатының географиялық маңызы неде?

7. Ф. Магеллан саяхаты нені дәлелдеді?

8. Тынық мұхитының ашылуы мен аталу тарихы қай саяхатшының есімімен байланысты?

9. Алғаш географиялық картаны кім жасады?

10. Біздің заманымыздың ІІ ғасырында өмір сүрген грек ғалымы кім?
Жер – Күн жүйесінің планетасы

Аспан денелері қандай топқа бөлінеді?

Күн неліктен жұлдыз боп есептеледі?

Жұлдыздар мен планеталардың қандай айырмашылығы бар?

Күн жүйесіне қандай планеталар кіреді?

Планета» деген грек сөзін қазақ тіліне аударғанда қандай мағына береді?

«Орбита» деген латын сөзін қазақ тіліне аударғанда қандай мағына береді?

Планеталар ненің әсерінен тұйық жол жасап Күнді айналады?

Егер ғарыштағы тарту күші кенет жойылса, ондағы объектілер қандай жағдайға душар болар еді?

Жер шарының полюстік радиусы экваторлық радиусынан шамамен 21 км қысқа. Осы дерек нені білдіреді?

Қалай ойлайсыңдар, Күн сәулесі жер бетіне біркелкі түсе ме? Егерде әркелкі түсетін болса, оның себебі не?
План және карта

Көкжиек және көкжиек сызығы деген не? көкжиектің негізгі және аралық тұстары қалай аталады?

Тұсбағдар бойынша көкжиек тұстарын қалай анықтайды?

Көкжиек тұстары қандай табиғи белгілер арқылы анықтауға болады?

Астанадан Алматыға бару үшін қай бағытта қозғалуымыз керек?

3150 азимут қандай көкжиек тұсына сәйкес келеді?

Азимут дегеніміз не?

Масштаб дегеніміз не? масштабтың қандай түрлері бар?

Жергілікті жердің планы дегеніміз не?

Абсолют биіктік нені көрсетеді? Абсолют биіктік қай жерден басталып есептелінеді? Абсолют биіктікке мысал келтіріңдер.

Салыстырмалы биіктік деп нені айтады?

Литосфера

Литосфералық тақталар дегеніміз не? олардың аттарын ата?

Литосфералық тақталар қалай жылжып отырады?

Тау жыныстарының қандай түрлері бар? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Жер қыртысында қандай қозғалыстар болады?

Жер сілкіну дегенімі не? жер сілкінуді болжауға бола ма?

Жанартау әрететтерінің маңызы қандай?

Жанартау қалай пайда болады?

Ыстық бұлақтардың суын адам өз шаруашылығында қалай пайдаланды?

Материктердің қайсысында жер сілкіну болмайды?

Тау дегеніміз не?

Атмосфера

Атмосфера Жердің газ тәріздес қабығы екендігін дәлелдеңдер.

Атмосфера құрамындағы газдардың қасиеттеріне сипаттама беріңдер.

Күн радиациясы дегеніміз не?

Ауа қабатының биіктеген сайын өзгеру себептерін айтыңдар.

Атмосфераның маңыздылығы неде?

Биіктік артқан сайын қысымның кемитіні неліктен?

Температура ауытқуының тәуліктік амплитудасы дегеніміз не?

Жыл ішінде жылу мөлшерінің өзгеруі неге байланысты деп ойлайсыңдар?

Ауа массалары туралы не білесіңдер? Олардың қалыптасу себептерін түсіндіріңдер.

Жердің ауа қабығының төменгі қабатын қалай атайды?

Гидросфера

Гидросфера дегеніміз не?

Дүниежүзілік мұхиттың құрамына қандай мұхиттар кіреді?

Мұхиттар мен теңіздер жағалауындағы толысу мен қайту құбылыстары ненің әсерінен пайда болады?

Неліктен мұхиттарда судың тұздылығы әр түрлі?

Бастау, сала, саға, өзен аңғары, арна, жайылма, өзен алабы, суайрық ұғымдарына анықтама бер.

Планетамыздың ірі сарқырамаларын ата.

Обь, Хуанхы, Миссисипи, конго, Ертіс, Іле өзендерінің географиялық орындарына сипаттама бер.

Қазақстанның ірі көлдерін ата.

Көлдерді шығу тегіне байланысты қандай топтарға бөледі?

Ағынды көлдер деп қандай көлдерді айтады?

Биосфера

Биосфера дегеніміз не?

Биосферадағы тірі организмдердің рөлі қандай?

Адамзаттың биосфераға әсері қандай?

Табиғаттағы топырақ ресурстарының маңызы қандай?

Қоршаған ортаға бейімделушілікті қалай түсіндіре аласыңдар?

Географиялық қабық туралы айтып беріңдер.

Не себепті экватордан оңтүстікке және солтүстікке қарай өсімдіктер дүниесінің саны азаяды?

Географиялық қабықтың жер қабатындағы біртұтас жүйе екендігін дәлелдеп беріңдер.

Биосфера Жердің қандай қабықтарын қамтиды?

Организмдер атмосфераның қандай қабатында таралған?

Географиялық қабық

Табиғат компоненті деп нені айтады?

Табиғат кешенді деп нені түсінесіңдер?

Табиғат кешеніне сипаттама беріңдер.

Табиғат кешеніне табиғат зоналары жата ма?

Табиғат кешендеріндегі табиғат компоненттерінің өзара байланысын ашып көрсетіңдер.

Географиялық қабық дегеніміз не?

Қазақстан жерінде қандай табиғат кешендері таралған?

Тундра зонасында ормандардың болмауы неліктен?

Антропогендік кешендерді ата.

Таулардағы табиғат зонасының алмасуы қалай аталады?

Жер бетіндегі адамзат

Нәсілдік белгілері бойынша халықтар қандай топтарға бөлінеді?

Жер шарындағы қандай дамыған , ірі мемлекеттер бар? Астаналары ата.

Саяси карта дегеніміз не?

Адамдар теңдігі дегеніміз не?

Халық тығыздығы, демографиялық саясат ұғымдарын қалай түсінесіңдер?

Қазіргі заманғы адамдар қашан пайда болды?

Қай материкте тұрғылықты халық жоқ?

Әлемдегі ең көп халық.

Жер көлемі ең үлкен мемлекет.

Бүкіл құрлықты алып жатқан қай мемлекет?

Сәйкестендіру тесттері

Жер бедері.

1. Белуха тауы Алтай

2. Мұзтау тауы Сауыр

3. Қарақия ойысы Маңғыстау

4. Джомолунгма шыңы Гималай

5. Хан Тәңірі Тянь-Шань



Құралдар:

Барометр-анероид Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал

«Дождомер» Жаңбыр мөлшерін өлшейді

Флюгер (Желбағар) Желдің бағытын көрсетеді

Анемометр Желдің күшін анықтайды

Тұсбағар (Компас) Көкжиек тұстарын анықтайды

Деңгейлегіш (Невелир) Салыстырма биіктіктерді өзшейді

Материктер Ауданы

Еуразия 54 млн км2

Африка 30,3 млн км2

Солтүстік Америка 24,2 млн км2

Оңтүстік Америка 18,3 млн км2

Антарктида 14 млн км2

Аустралия және Мұхит аралдары 9 млн км2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет