ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогикалық зерттеу әдістері» «5В016600 – География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/7
Дата07.09.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/03-2013


ПОӘК

«Педагогикалық зерттеу әдістері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Педагогикалық зерттеу әдістері»
«5В016600 – География» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013

Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәрістер




3

Зертханалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмыстары





1. Глоссарий

Абсолюттік биіктік - жер бетінің алыс нүктесінің теңіз деңгейіне қатысты алғандағы биіктігі. Абсолюттік биіктік картада горизонтальдармен және жеке нүктелер түрінде көрсетіледі.

Азимут - бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикаль жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Азимут меридианның солтүстік ұшынан сағат тілі бағытымен 00-тан 3600-қа дейін өлшенеді.

Аласа таулар - онша тілімделмеген, биіктік зоналарына жіктелмеген, биіктігі 1000-1500 м-ге дейінгі таулар.

Альпілік қатпарлану - атмосфералық қысым жоғары аймақ. Оның орталық бөлігінде қысым жоғары, шеттеріне қарай төмендейді. Антициклондық аймақта желдер солтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен, ал оңтүстік жарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта соғады. Карталарда антициклон орталығында қысым жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесі түрінде бейнеленеді. Антициклонның көлемі – 2000-3000 км, олар көбінесе жоғары ендіктерде, ал қыс кезінде қоңыржай ендіктерде де қалыптасады. Антициклонға ашық ауа райы тән, ауа ағындары отасынан шетіне қарай төменге бағытталған.

Артезиан сулары - жердің су өткізбейтін қабаттары аралығында қысыммен жатқан сулар. Ұңғымаларды бұрғылағанда артезиан сулары жер бетіне ағып шығады немесе фонтан күйінде атқылайды.

Атмосфералық жауын-шашын - жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйде (жаңбыр, қар, шық, бұршақ, қырау) келіп түсетін ылғал.

Аккумулятивті жазықтар - шығу тегі әртүрлі (теңіздік, көлдік, аллювиалды, мұздық) шөгінділермен жабылған жазықтар. Аллювиалды жазықтарға Тұран ойпаты, ал теңіздік жазықтарға Каспий маңы ойпатын жатқызуға болады.

Белдеулік уақыт - әрбір сағаттық белдеудің орта меридианындағы жергілікті уақыт. Жер шарында әрқайсысы 15 градустан болатын 24 сағаттық белдеу бар, әр белдеуге өзіндік уақыт тән.

Биік таулар - биіктігі 3000 м-ден асатын, жер бедері күрделі, биіктік белдеулері айқын ажыратылатын таулар. Биік таулардың қар сызығынан жоғары жатқан бөліктеріне мұздық жер бедері тән.

Географиялық бойлық - нүкте мен бастапқы меридиан арасындағы бұрыштық қашықтық. Бастапқы меридианнан шығысқа қарай шығыс бойлық, батысқа қарай – батыс бойлық жатыр. Бойлық 0 градустан 180 градусқа дейінгі аралықта өлшенеді. Бір меридиан бойынша орналасқан нүктелердің барлығының бойлығы бірдей.

Географиялық ендік - нүктеден экватор кеңістігіне дейінгі бұрыштық қашықтық. Солтүстік және оңтүстік ендіктерді ажыратады, 0 градустан 90 градусқа дейін өзгереді.

Географиялық координаталар - жер бетіндегі нүктенің экватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын анықтайтын шамалар.



Геохронологиялық карта - жердің геологиялық тарихында болған оқиғалардың ретін бейнелейтін кесте. Геохронологиялық шкалалар эраларға, олар өз кезегінде дәуірлерге жіктелген. Геохронологиялық карта тау жүйелерінің пайда болған уақыты мен пайдалы қазбалардың қалыптасу кезеңін, тіршіліктің даму тарихын да көрсетеді.

Гумус - пырақтың органикалық бөлігі, топырақ құнарлылығын анықтайтын басты көрсеткіш. Гумус тірі организмдердің қалдықтарынан түзіледі, топырақтың беткі қабатын қара, қоңыр түстерге бояйды.

Декреттік уақыт - тәуліктің жарық мерзімін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында бір сағатқа ілгері жылжытылған белдеулік уақыт. 1930 жылы енгізілген.

Денудация - тау жыныстарының үгілу өнімдерінің жайлылығы, жер бетінің неғұрлым ойпаң бөліктеріне тасымалдануы (сумен, желмен, ауырлық күші әсерінен). Ойпаттарда жыныстар жиналады, мұны аккумуляция дейді.

Денудациялық жазықтар - қатты кристалды жыныстардан түзілген және төбелі жазықтар (Сарыарқа). Денудациялық жазықтар қатарына шөгінді жыныстардан тұратын Үстіртті де жатқызады.



Диорит - күңгірт түсті интрузивтік тау жынысы.

Жазықтар - біркелкі тегіс немесе аздап көтеріңкі жер бедері тән кеңістіктер (құрлықтың 60 %-ын құрайды). Жазықтар көбінесе платформаларға сәйкес келеді. Ойпатты жазықтардың биіктігі 200 м-ден аспайды, төбелі жазықтардың биіктігі 200-500 м шамасында болады. Шығу тегіне қарай аккумулятивтік және денудациялық жазықтар жіктеледі.

Жер бедері - жер бетінің кедір-бұдырлығы. Жер бедері көлеміне, жасына және шығу тегіне, сыртқы түріне байланысты жіктеледі. Жер бедерін зерттейтін ғылым саласын геоморфология деп атайды.

Жер сілкінулер - жер асты дүмпулері мен жер бетіндегі тербелістер. Жер сілкінулер 5-700 км тереңдегі ошағынан (гипоцентр) басталып, жан-жаққа таралады. Жер сілкіну күші мен қарқындылығын баллмен есептейді.

Жер қыртысы - литосфераның сыртқы қабығы, шөгінді, гранит және базальт қабаттарынан тұрады.

Изосызықтар - картада бейнеленетін құбылыстардың бірдей шамаларын қосатын сызықтар. Тереңдігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар изобаталар, температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды горизонтальдар, ал қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар дейді.

Климат - белгілі бір аумақта жылма-жыл қайталанып отыратын ауа райының көп жылдық орташа жиынтығы.

Каньон - беткейлері тік болатын, өте терең және тар аңғар. Қазақстанда ірі Шарын каньоны орналасқан.

Ландшафт - құрамындағы табиғат компоненттері мен морфологиялық бөліктері өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар аймақтық табиғат кешені.

Магма - жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, балқыған, құрамында газ болатын масса. Суынғаннан кейін магмалық (жанартаулық) жыныстар түзеді.

Магмалық тау жыныстары - суынған лавадан түзіледі. Жер қыртысында қатып қалған магмалық тау жыныстары интрузивтік, ал жер бетіне ағып шыққандары эффузивтік деп аталады. Құрамындағы кремнезем мөлшеріне байланысты магмалық тау жыныстары қышқыл (алтын, хром, платина кендері), негізгі (темір мен титан кендері) және ультранегізді (никель, хром, платина кендері) болып бөлінеді.

Метаморфтық тау жыныстары - агмалық немесе шөгінді тау жыныстарына жоғары қысым немесе температура әсер еткенде қалыптасады. Магмалық жыныс гранит гнейске, ал шөгінді жыныстар мәрмәр, кварцит, тақтасқа айналуы мүмкін.

Минерал - минерал тау жыныстары құрамына енеді, олардың тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, кварц, слюда магмалық тау жыныстарға, ал доломит шөгінді жыныстарға тән.

Сейсмикалық белдеулер - литосфералық плиталардың шекараларындағы қозғалмалы аймақтар, мұнда тау жасалулар жүреді, жер сілкінулер жиі қайталанады.

Тақырлар - шөлдердің өсімдіксіз бөліктері, негізінен сазды шөлдерге тән. Суды нашар өткізетіндіктен бетіндегі ылғал тез буланып кетеді. Біртіндеп жер беті жарылып, тақырлар қалыптасады. Тақырлар көбінесе Батыс Қазақстанда таралған.

Тау жотасы - созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері. Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды, мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады. Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйіндері деп атайды. Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады.

Тау жыныстары - жер қыртысын құрайтын табиғи күйдегі минералдар. Шығу тегіне қарай магмалық, шөгінді және метаморфтық деп бөлінеді.

Сортаңданған топырақтар - құрамында едәуір тереңдікке дейін еріген күйдегі тұздар болатын топырақтар. Мұндай топырақтардың беткі бөлігі құрылымсыз, тығыз келеді. Сортаңданған топырақтар дала зонасының оңтүстігінде, шөлейт пен шөлде кездеседі.

Үгілу - тау жыныстарының сыртқы күштер әсерінен бұзылу процесі. Физикалық үгілу тау жыныстарының температураның күрт өзгерістері нәтижесінде бұзылуы болса, аяздық үгілу кезінде жыныстар саңылаулар мен капиллярларда судың қатып қалуы әсерінен бұзылады. Химиялық үгілу - әртүрлі қосылыстар әсерінен жыныстардың тотығып, үгілуі, ал органикалық немесе биологиялық үгілу тірі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде жүреді.

Циклон - ауа массаларының құйын тәрізді қозғалатын аймағы, орталығында төмен қысым байқалады. Қысымның таралуына байланысты желдер шеттерінен орталыққа қарай соғады. Жер шарының өз осінен айналуына байланысты желдер солтүстік шарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта, оңтүстік шарты шарда сағат тілі бағытына сәйкес соғады.

Шөгінді тау жыныстары - минералды бөлшектердің, тірі организмдердің қалдықтарының жиналуынан түзілетін жыныстар. Құрамындағы бөлшектерінің мөлшеріне қарай саз (0,001 мм-ден аз), лесс (0,1 мм-ге дейін), қиыршық тастар (1-10 мм) және т.б. деп бөлінеді. Тіршілігін тоқтатқан организмдердің қалдықтарынан әктас, мұнай сияқты шөгінді тау жыныстары түзіледі.

Эндемик - таралу ауданы өте шектеулі өсімдіктер мен жануарлардың түрі, туысы, тұқымдасы.

2.Дәріс сабағының тезистері


Тақырып: Евразия материгінің жер бедерінің ерекшеліктері




Жердегі ең зор континенттің негізін құраған Европа және Сібір платформасы. Солардың төңірегінде Евразия құрлығының онан әрі ұлғаюы байқалады. Олар осы уақытта дейін өзінің тұтастығын жәнге дамуының платформалық типін сақтаған. Басында бүтін болған Қытай платформасы кейін бөлшектенген. Екі дербес платформалық учаскеге Қытай-Корея және оңтүстік Қытай суперплатформасына бөлінді. Европа платформасы шетелдік Европа жерінде Скандинавия түбегінің шығысын және Финляндияны алып жатқан Балтық қалқанынан және негізгі бөлігі ТМД жерінде жатқан плитаның батыс шетінен тұрады. Қытай платформасы шегінде кембрийге дейінгі фундаменттің үстінде таралған қатпарлы-жақпарлы және жақпарлы таулар ежелгі фундаменттің ойыстары сай келетін аккумуляциялық ойпатты жазықтар және үстіртермен кезектескен. Евразияның ежелгі платформасының шегінде пайдалы қазбалардың едәуір қоры шоғырланған: архей мен протерозой құрылымдары үшін темір марганец, хром, рудаларының сондай-ақ кейбір түсті және сирек металлдардың бар болуы тән. Үндістан платформасының жер қойнауында алтын, алмас, аслы тастар бар. Евразия материгінің кең байтақ кеңістігі құрылымдарының өте әр түрлілігімен және мезокайназой бойы даму сипатының әр алуандығымен ерекшеленетін палезой жасындағы қатпаллылық Урал тауы жүйесіндегі және Батыс сібір плитасында бар. Шетелдік евразияда ерте және соңғы палеозой ғимараттары таралған. Жер бетінің қалыптасуында үлкен роль атқарғандар бірнеше рет қайтадан жаңарған тегістеу мен аккумулияциялық процессері сондай-ақ әр түрлі дәрежеде көрінге неоген және антропоген кезіндегі тектоникалық жандану. Тау массивтері герцин қатпарлығындағы синеклизаларға және тектоникалық жарылулар зонасына сай келетін ойпаңдармен бөлінген. Азия палеоген жағасындағы қатпарлы ғимараттар әсіресе неоген –антропоген кезінде жандануға ұшыраған, оның нәтижесінде Орталық Азияның Моңғолдық Алтай Тянь-Шань және оның тармақтары аса биік қатпарлы жақпарлы және қайта қалпына келген жақпарлы таулары пайда болған.

Азияның шығысы да палеозойдың негізіндегі орташа тіпті аласа жақпарлы қатпарлы таулардың басым болуы тән. Палеозой қатпарлық құрылмдар тараған облыстар, әсіресе шетелдік Европаның жері , түсті және сирек кездесетін рудаларына бай.






Солтүстік Америка

Солтүстік Америка – батыс жарты шардағы құрлық. Жер аум. 20,36 млн. км2 (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солт. Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Қрі аралдары: солт-нде Гренландия, Канаданың Арктик. топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Королева Шарлотта; шығ-нда Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солт-нде), Лабрадор, Флорида (шығ-нда), Юкатан (оңт-нде), Аляска, Калифорния (бат-нда).

Солтүстік Американың шеткі нүктелері:

  • Солтүстігінде Мерчисон мүйісі (71°51' с.е.),,

  • Оңтүстігінд Марьято мүйісі (7°12' с.е.)

  • Батысында Принц Уэльс мүйісі (168°б.б.),

  • Шығысында Сент-Чарльз мүйісі (55°40').


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет