ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жоо химияны оқытудың жаңа технологиялары» 6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары

Loading...


жүктеу 0.8 Mb.
бет2/3
Дата22.06.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   2   3

Электр құбылыстары





Модульдің құрылымы

Сабақ реті

Сабақтың мазмұны мен түрі

Сағат саны

ескертулер

Кіріспе бөлім


1-сабақ


1. Модульге кіріспе

2.Әңгіме дәріс

3.Тақтамен жұмыс

4. Қорытындылау


1 сағат


Сұхбат бөліміне дайындық

Сұхбат бөлімі


1- сабақ


Диалогтық бөлім ойын түрінде

1 сағат

Ізденіс жұмыстарына баулу

2-

сабақ



Деңгейлік тапсырмалар (есеп шығару)

1сағат


Есеп шығара білуге үйрену

3-сабақ


1. Өзіндік жұмыс

2. Технологиялық карта «Ромашка»- мен жұмыс

3. Брейн-ринг


1 сағат


Шығармашы -

лыққа баулу


4-сабақ


1. Топпен жұмыс

2 Технологиялық карта «триада – логика»- мен жұмыс



1 сағат


Қорытынды бөлімге дайындық

Қорытын


ды бөлім

1-сабақ


Сөзжұмбақ ребус, анограмма шешу. Тест тапсырмаларын алу.

1 сағат

Қайталау

2-сабақ


Бақылау жұмысы

1 сағат



Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.

3 деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей – бұған қарағанда күрделірек, ал 1 деңгейді – өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Қорыта айтқанда, оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары деңгейде. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады.

Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:

1. Уақыт үнемделеді.

2. Сабақтың сапасын көтереді.

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкінді тудырады.

4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.

Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада


  • Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.

  • Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.

  • Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.

  • Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу

  • Оқушының білім деңгейін дәл анықтау.

Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады.

Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.

Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазір арнайы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін дизайн мамандығына осы жаңа технологиялардың бірі — модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады.

Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.

Қазіргі таңда оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оларды өмірге қажетті өз болашағына азық болатын тәрбие беру де қолға алынуда.

Жоғарыдағынын бәрін қорытындылай келе «Модульдік оқыту технологиясы» атты жобамыздың соңына да келіп жеттік. Алға қойылған міндеттер мен мақсаттар толығымен орындалды.

Бекіту сұрақтары:

1 Модульдік оқытудағы педагогикалық бақылаудың міндеті.

2 Оқу модулінің ерекшеліктері

3 Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейлері

4 М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы қандай деңгейде?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.

2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.

3.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.

4.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.

5.Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.

6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Қазақстан халқына

Жолдауы//, 28.02.2007




Дәріс 11,12

Тақырыбы: Жобалап оқыту технологиясы

Жоспар:



1. Жобалап оқытудағы технологияның тиімділігі.

2. Оқыту әдістемесінің салалары.

3. Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарттары
Жобалап оқыту технологиясының сапалы білім берудегі тиімділігі магистранттың жеке басының ізденімпаздық қабілетінің дауымен байланысты анықталады. Жобаны орындау барысында магистрант пен студенттің қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Осы үдерісте магистрант пен студенттің ерік жігері, тілдік қабілет ресурстары, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі.

Бұл технология қазақ тілін үйренуші магистранттың дүниетанымдық көзқарасы адамгершілік қасиетімен тоғысқан жеке тұлға ретінде, кәсіби маман ретінде қалыптасуына қызмет етеді. Жаңа кезеңде жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқыту жүйесі ретінде таңдап алудың бірнеше себептері бар.

Біріншіден, бұл технология – кредиттік оқу жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндігі мол технология. Кредиттік оқу жүйесінде магистранттың өз бетімен орындайтын жұмысына басымдылық беріледі. Ол оқытушының басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыс деп бөлінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, жобалай оқыту технологиясы мен кредиттік оқу жүйесінің өзара бірлігі айқын байқалады.

Жобалап оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің ережесі мынадай: тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол магистранттың қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлеледеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланады; талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет; жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет. Осындай жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның шығармашылық белсенділігін тудыруға және топ мүшелерінің өзарар ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Соған орай бүгінде оқыту жүйесінде жаңаша оқыту технологиясы деген сөз жиі қолданыста жүріп жатыр делік.

Жаңаша оқыту деген мәселе оқу жүйесін мүлдем өзгерту, бүкіл мазмұнды жаңарту емес. Бар дүниені тірек етіп, соның мазмұнын толықтыру, жаңаша қарап жаңарту, жаңаша оқыту. Жалпы, оқыту әдістемесінің үлкен екі саласы бар. Оның:

1) Педагогиканың дидактика мәселелері.

2) Оқытылатын негізгі обьектілер.

Оларға бұл тараптан тілдің теориялық салалары жатады. Бұл мейлі таза тереңдетілген қазақ тілі болсын, мейлі басқа тілді аудиторияда оқытылатын қазақ тілі болсын немесе ауызекі сөйлеу, тіл дамыту болсын т.б.

Міне, осы обьектілердің қайсысын болса да, оқыту барысында дидактиканың жалпы мәселелеріне сүйенеді. Ал оларға не жатады? Оның негізгі жататын обьектісі сабақтың тақырыбы деп алатын болсақ, енді сол тақырыптың ғылыми мақсатын қою мәселесі ойластырылады. Ол сабақтың біліктілігі, ал тақырыпқа келетін болсақ, оның обьектісі немесе өзіндік белгілері алынады. Яғни, енді әдістемелік жағы бойынша бұл тақырыптың мазмұнынан нені білгізу, неге көңіл бөлу, нені анықтау керек екенін оқытушы анықтап ойланады. Негізгі көңіл бөлетін мәселелерді тақырыптан тауып белгілейді. Сабақтың ең негізгі мақсаты мен міндеті де осы болады. Мақсаты мен өзіндік белгісінен кейін қалай оқыту, немен оқыту технологиясын қарастырылады. Сонымен сабақтың негізгі мақсатын қоюдың үш кезеңі де анықталады. Бұл жерде сабақ мақсатының қалған екі түріне (дамытушылығы мен тәрбиелілігіне) тоқталмай-ақ қоялық, ол баршасына белгілі мәселе, бізде практика жүзінде тақырыптың мақсатын қоюда ғылыми біліктілігіне нақты көңіл бөлмей, тек үстіртін және жалпылама түрде ғана жүріп жататыны бүгінге дейін бар. Сондықтан бұл жерде тек сабақтың ғылыми мақсатын қою ғана әңгіме етіледі. Келесі мәселе, қойылған мақсатты орындау үшін не істелінуге тиіс, қалай оқытуға, түсіндіруге болады деп магистранттар мен студенттердің ақылына ғылыми жағын ұялатудың, түсіндірудің жолдары ойластырылады. Мақсат қоюдың ең негізгі тақырыптың ғылыми өзіндік белгілерін анықтап көрсету болып келеді де, соны түсіндірудін жолын іздестіру болады. Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса көңіл аудару аса маңызды:

1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі;

2. Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пәннен магистранттың кепілді дайындығы болу принципі;

3. Оқу процесінің модульдік жобалау принципі;

4. Жоғарғы оқу орнындағы кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс арақатынаста үйлесімді пайдалану принципі;

5. Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік принципі;

6. Жоғарғы оқу орнының мұғалімдері мен студенттерінің магистранттардың оқу процесіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;

7. Магистранттардың жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдістерін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принциптері;

8. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;

9. Әр магистрант жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі. Сонымен, педагогикалық технологиялар теориялық білімдерді, біртұтас педагогикалық үрдісті практика жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы – барлық білім беру жүйесін модернизациялау үрдісінің негізін қалаушы әдістемелік құжат ретінде қазіргі тенденцияларды ескереді. Ғылым мен білімді дамыту біз үшін аймақтық және әлемдік деңгейде лайықты орын алу тәсілі, ұлттық қызығушылықты дамытуға, әлемдік білім беру кеңістігінде интеграция формасын кеңейту болып табылады.



Жобалап оқыту технологиясы:

Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей. Ол жобалау әдісі туралы былай дейді:

- оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс.

- жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі;

- оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді;

- ұжымда жұмыс істеп үйренеді;

- зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді;

- оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Бекіту сұрақтары:

1. Жобалап оқыту технологиясының сапалы білім берудегі тиімділігі қандай?

2. Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы кім?

3. Оқыту әдістемесінің үлкен екі саласына тоқтал

4. Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты қандай?


Падаланған әдебиеттер тізімі:

1. А.А.Елизаров. Методика преподавания химии в школе.//Издательство « БИНОМ. Лаборатория знании» 2010

2. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті

50 елдің қатарына кіру стратегиясы».

3. «Химик анықтамалығы» журналдары. №1 (15),2010 жыл, №2 (16),

2010 жыл.

4. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

5. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту»Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж


Дәріс

Тақырыбы: ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТӘСІЛДЕРІ.

Жоспар:

1.Интерактивті оқытудың тиімділігі.

2. Интерактивті оқытудың тәсілдері мен технологиясы.

3.Интерактивтік оқу технологиясын қолданатын оқыту процесінің құрылымының кезеңдері

Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол, сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.

Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барасында оқуышылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Оқыту тәсілдері мен технологиясы:

Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) жәнге ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетіннің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады.

Мазмұндық жағына – мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын күрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық материалдарды күрделендіру және т.б.

Процесуалдық жағына – бағдарламалау тәсілдері, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б.



Мотивациялық – оқу барысында оқушының белсенділігін қамтамасыз ету тәсілдері, танымдық қызығушылықты қалыптастыру т.б.

Ұйымдастыру – мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, оқу пәнін жете меңгеруі.

Осы тәсілдердің бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, проблемалық оқыту тәсілі: проблемалы-сұхбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмалар, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-бағдарламалық, проблемалы-контекстік, проблемалы-модульдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.

Интерактивтік оқыту технологиясы мен тәсілі интеракция (ағлш. Interaction – өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арасында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында жүзеге асады.

Осы тәсілді қолдаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. Ойындар мұғалімге оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышыларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.

Интерактивтік оқу технологиясы – оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Интерактивтік оқу технологиясын қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:



Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен сараптаушыларды дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл жағдайлар, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне түсінік береді. Оқушылар қосмша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұны туралы өзара талқылайды.

Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.

Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында сарапшылар сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз ұстанымдарын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, ойын барысында туындаған қиындықтары, ой-пікірлері туралы әңгімелейді.

Интерактивтік оқу технологиясын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқулықтар, топ – топ, топ – оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламалық – технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқыту сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

§ Пән бойынша базалық білімді меңгері;
§ Алған білімді жүйелеу;
§ Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
§ Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

Оқушыларға оқу материалдарымен өздігімен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын қабылдау және оқушыларды ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Қорытындылай келе бүкіл оқыту барысында оның әртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Бұл оқыту тәсілі әртүрлі технологиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, сонда ғана технология педагогикалық тұрғыда әсерлі болады.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттақ сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электорондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технолгиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.


: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...