ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Ғылыми-техникалық ақпараттарды іздестіру әдістемесі» 5В011200 – «Химия» мамандығы үшін студенттерге арналған пән бағдарламасы



жүктеу 157.59 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі157.59 Kb.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-34.1.49/02-2014


ПОӘК

«Ғылыми-техникалық ақпараттарды іздестіру әдістемесі»

пәнінің

студенттерге арналған бағдарламасы



11.09.2014 ж.

№ 1 басылым


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Ғылыми-техникалық ақпараттарды іздестіру әдістемесі»

5В011200 – «Химия» мамандығы үшін


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014

Алғы сөз

1 ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы _______ «__02__»___09____2014 ж. А.К. Сапакова, б.ғ.к.,

доцент м.а., «Химия және география» кафедрасы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия және география» кафедрасының отырысында


«__02___»___09______2014 ж., № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Д.Р. Онтагарова
2.2 Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


«__03___»____09_______2014 ж., №1 хаттама
Төрайымы_________ З.В.Абдишева
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға

мақұлданған және ұсынылған
«___11__»___09______2014 ж., №1 хаттама
ОӘК төрайымы ____________ Г.К. Искакова
4. АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕҢГІЗІЛІП ОТЫР

Мазмұны





  1. Жалпы ережелер

  2. Оқу пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарды бөлу

  3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар

  4. Курс форматы

  5. Курс саясаты

  6. Баға қою саясаты

  7. Әдебиет



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Сапакова Айгуль Касенкановна, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент м.а.

Химия және география кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел: 77-33-58, оқу ғимараты №3, кабинет №418

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 407

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 3
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Ғылыми-техникалық ақпараттарды іздестіру әдістемесі» пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және «Химия» мамандығында оқитын студенттер үшін кәсіптік пәндер блогының таңдау бөлігі болып табылады, өйткені студенттерге профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс. Дүниежүзіндегі ғылыми-техникалық және педагогикалық ақпараттар жүйесі. Химиядан білім беру облысындағы алғашқы құжаттар: кітаптар, мақалалар, тезис-баяндамалар, энциклопедиялар, анықтама кітаптар, есептер мен дисертациялар, нормативті-техникалық құжаттар (стандарттар және т.б.), патенттер және басқа құқық қорғайтын құжаттар: аннотация, реферат және шолулар. Библиографиялық және реферативті басылымдар (реферативті журналадар). Халықаралық ұйымдардың, дүние жүзіндегі экономикалық дамыған елдердің және Қазақстан Республикасының химиядан білім беру саласындағы ғылыми және ақпараттық басылымдар. Интернет жүйесінен ғылыми-педагогикалық ақпараттарды іздеу әдістемесі.

1.3 Пәнді оқып-білудің мақсаты: ғылыми-техникалық және педагогикалық ақпараттарды іздеуінің жалпы заңдылықтары туралы ұғымды анықтау.

1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті: бастауыш және екіншілік құжаттар туралы ұғымды беру; ғаламтордағы ғылыми-техникалық және педагогикалық ақпаратты іздеуінің дағдылары мен іскерліктерін өндіру; халықаралық ұйымдарының химиялық білім беру саласындағы библиографиялық және ақпаратты басылымдарын білу; алынған білімдерін оқк процессінің жаңа технологияларында қолдану білу.

1.5 Оқып-білудің нәтижелелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



  • әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру;

  • бастауыш және екіншілік құжаттар туралы ұғымды меңгеру;

  • ғаламтордағы ғылыми-техникалық және педагогикалық ақпаратты іздеуінің дағдылары мен іскерліктерін өндіру білуі;

  • теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстыра білуі;

  • халықаралық ұйымдарының химиялық білім беру саласындағы библиографиялық және ақпаратты басылымдарын білу тиіс;

  • ақпаратты қайта өңдеу, қабылдау жолдарының түрлері мен негізгі әдістерін, компьютермен ақпаратты басқару үшін қолдана алуды меңгеру тиіс;

  • алынған білімдерін оқу процессінің жаңа технологияларында игеру тиіс;

  • химиялық заттардың құрылымының түрлі орналасуының деңгейлерінде физико-химиялық зерттеу кезінде зат құрылысының қазіргі теориясының жобаларын және негізгі түсініктерін қолдана алуы тиіс;

  • есеп нәтижелерін іс жүзінде алынған эксперименталды мәліметтермен салыстыруды түсіну тиіс;

  • химиялық есептерді шешуде спектроскопиялық зерттеу әдістерін қолдану жайында мәлімет болуы тиіс;

  • химиялық есептерді шешуде спектроскопиялық зерттеу әдістерін қолдану жайында мәлімет алуы тиіс.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 бейорганикалық химияның теориялық негіздері

1.6.2 периодтық жуйедегі элементтер химиясы

1.6.3 аналитикалық химия

1.6.4 физикалық химия

1.6.5 органикалық химия

1.7 Курстың постреквизиттері:

1.7.1 химиялық технология

1.7.2 химиялық синтез


2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

1 кесте


т/б


Тақырыптың атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

ПС

ОСӨЖ

СӨЖ

1.

Қазақстан Республикасы жоғарғы мектеп орындағы студенттердің ғылыми педагогикалық жұмыс жүйесі.


4

-

2,5

2,5

7.1.1 -7.1.8

2.

Шығармашылық пен ғылыми танымның методологиялық негіздері.


2

10

4

13

7.1.1 -7.1.8

3.

Ғылыми зерттеудегі таңдау бағыттары және ғылыми педагогикалық жұмыстарының этаптары. Ғылыми жаңалықтарды жинау және іздену.


4

6

4

13

7.1.1 -7.1.8

4.

Тәжірибе. Тәжірибелік зерттеу нәтижелерін өңдеу.


2

2

4

13

7.1.1 -7.1.8

5.

Ғылыми жұмыс нәтижелерін дайындау және хабар беру.


2

8

4

13

7.1.1 -7.1.8

6.

Енгізу және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі. Ғылыми ұжымда жұмыс ұйымы.


1

4

4

13

7.1.1 -7.1.8




БАРЛЫҒЫ:

15

30

22,5

67,5

135


3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Ғылыми-техникалық ақрпаратты іздестіру әдістемесі курсын оқыту өзара байланысты үш форманы қажет етеді: дәріс, практикалық жұмыс және СӨЖ - студенттің өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Практикалық сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдармен таңысу; заттарды алудың есептеулерін жасау, алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, зертханалық сабақтарға дайындалады.
4 КУРС ФОРМАТЫ

«Ғылыми-техникалық ақрпаратты іздестіру әдістемесі» – 3 кредит.

Курс бойынша 50 минуттық дәріс аптасына 1 рет, 50 минуттық практикалық сабақ аптасына 2 рет болады. Дәрістерге, практикалық сабаққа қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір физико-химиялық параметрлердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, химиялық реакциялар тендеуін жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес студент практикалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.


5 курс саясаты

Студент пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды.

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген


«Ғылыми-техникалық ақрпаратты іздестіру әдістемесі» пәні бойынша балдардың таралуы

2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Балдардың барлығы

Қосымша

1-7

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Практикалық жұмыстарды орындау (есеп, қорғау)

2

Есеп шығарудағы логикалық-психологиялық процестің анализі.

  1. Бақылау, салыстыру, өлшеу.

  2. Тәжірибе және аналитикалық-тәжірибелік әдістер.

  3. Заттық материалдың объектілерінің қасиеттерін бейнелеудегі модельдеудің рөлі.

20

Практикалық сабақта

3

Есеп шығарудағы логикалық-психологиялық процестің анализі.

  1. Бақылау, салыстыру, өлшеу.

  2. Тәжірибе және аналитикалық-тәжірибелік әдістер.

  3. Заттық материалдың объектілерінің қасиеттерін бейнелеудегі модельдеудің рөлі.

20

Практикалық сабақта

4

Модельдік әдістердің классификациясы.

  1. Математикалық модель және оның түрлері.

  2. Физикалық модель. Макет проектісін құрастыру әдістері.

  3. Функционалды модель.

  4. Априорлы модельдеу.

  5. Модельдің масштабы және критерийлары.

20

Практикалық сабақта

5

Модельдік әдістердің классификациясы.

  1. Математикалық модель және оның түрлері.

  2. Физикалық модель. Макет проектісін құрастыру әдістері.

  3. Функционалды модель.

  4. Априорлы модельдеу.

  5. Модельдің масштабы және критерийлары.

20

Практикалық сабақта

6

Шығармашылық методологиясы.

  1. Жаңа идеяларды тудырудың қазіргі заман әдістері.

  2. Ғылыми-техникалық мәселелерді шешудегі шығармашылық ойлауды дамыту.

20

Практикалық сабақта

7

Межелік бақылау №1.

90

Сабақ кестесіне сәйкес

Студенттің өздік жұмысы

4


  1. «Творчества мен ғылыми танымның методологиялық негіздері» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жазабаша түрде жауап беру:

  • Эмпирикалық және теориялық зерттеулерде пайдаланылатын әдістер: олардың маңызы, мүмкіншіліктеріне шек қоюда.

  • Индукция және дедукция.

  • Анализ және синтез.

  • Абстрактісі. Идеализация. Формализация.

  • Тарихи әліс. Аналитикалық әдіс.

  1. «Модельдік әдістердің жіктелуі» тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (20 сұрақтан, 5 жауабымен).

  2. «Творчество» тақырыбы бойынша кроссворд құрастыру.

40

Сабақ кестесіне сәйкес


6


1. «Тәжірибелік зерттеу нәтижелерін өндеу» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:

  • Жұмысшы орны және оның ұйымы.

  • Оперативті құжаттаманың дайындығы.

  • Эксперименттің сапасы мен жүруіне психологиялық факторлардың әсері.

  • Жүйелі қателіктерді шығару әдістері.

  • Кездейсоқ қатедердің теория негіздері және математикалық статистиктері.

  • Кездейсоқ қатедердің анықтама әдістері..

  1. «Ғылыми жаңалықтарды жинау және іздену» тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (20 сұрақтан, 5 жауабымен) құрастыру.

  2. «Эксперимент» тақырыбы бойынша кластер құрастыру.

40

Сабақ кестесіне сәйкес


1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270




8-15

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Практикалық жұмыстарды орындау (есеп, қорғау)

8

Ғылыми жаңалықтарды жинау және іздестіру.

  1. Ғылыми зерттеулердің түрлері. Ақпараттың таралуы және ескіруі.

  2. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесі. Ғылыми-техникалық бағыттағы периодтық басылымдар.

  3. Ақпаратты іздестіру жүйелері: қарапайым және автоматты.

  4. Ғылыми хабарлардың жинақталуы.

15

Практикалық сабақта

9

Ғылыми-техникалық хабарлардың негізгі теориялары мен практикалары.

  1. Ізденіс аппарат қоры және оның жүйесі.

  2. Елдердің ізденіс қорлары.

  3. Универсалды ондық классификация: құрылымы, класы, белгілері.

15

Практикалық сабақта

10

Эксперимент түрлері.

  1. Табиғи және жасанды, бірфакторлы және көпфакторлы, активті және пассивті, лабораториялық және өндіріс, ашық зерттеу жүргізу.

  2. Эксперимент жүргізу негізін жоспарлау критерийлары.

  3. Метрологияның негізі.

15

Практикалық сабақта

11

Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін өңдеу.

  1. Тәжірибе нәтижелерін графикалық тұрғыдан өндеу әдістері.

  2. Графикалық дифференциялау және интеграциялау әдістері.

  3. Зерттелетін процесстердің математикалық сипаттамасы.

  4. Эмпирикалық формулалардың іріктеп алу әдістері. Тегістеу әдісі.

15

Практикалық сабақта

12

Баяндама және ғылыми хабарлау.

  1. Ерекше хабарлардың ауызша ұсынулары.

  2. Баяндама тезистері.

  3. Көрнекілік материал және оның техникасы.

  4. Рецензиялау және ғылыми жұмыстың оппонированиесі.

  5. Конкурстарға, көрмелерге, конференцияларға студенттік ғылыми жұмыстарды дайындау.

15

Практикалық сабақта

13

Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі және оны өндіріске енгізу.

  1. Мемлекеттік енгізу жүйесі.

  2. Енгізу кезеңі.

  3. Жеке-жеке және комплексті енгізу тәсілдері.

  4. Авторлық қадағалау.




15

Практикалық сабақта

14

Ғылыми ұжымдағы жұмыстарды ұйымдастыру.

  1. Ғылыми ұжымды басқарудың негізгі принциптері.

  2. Іс жүргізу жұмысының негіздері.

  3. Ұжымды құру және біріктіру әдістері.

  4. Ғылыми еңбекті ұйымдастыру және оның гигиенасы.

10

Практикалық сабақта

15

Межелік бақылау №2

90

Сабақ кестесіне сәйкес

Студенттің өздік жұмысы

10

1. «Ғылыми ұжымда жұмыс ұйымы» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:

  • Ғылыми ұйым және зерделі енбек гигиенасы, енбек орынды тәртіп және демалыс.

  • Ғалым өнегелі жауыптылық».

  1. «Ғылыми баспалар» тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (20 сұрақтан, 5 жауабымен).

  2. «Дипломдық жұмыс – ЖОО ғылыми зерттеу» тақырыбы бойынша глоссарий құрастыру.




40


Сабақ кестесіне сәйкес

14

  1. «Ғылыми жұмыс нәтижелерін дайындау және хабар беру» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:

  • Хабар тоқтату қабылдауы.

  • Редакциялау.

  • Журналға қол жазба дайындауы.

  • Конкурстарға студенттік ғылыми жұмыстарды дайындау, көмелер, маслихаттар.

  1. «Енгізу және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі» тақырыбы бойынша кластер құрастыру.

  2. Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша тезис дайындау.

40

Сабақ кестесіне сәйкес

15

Межелік бақылау 2- 8-15 апта дәріс материалдары бойынша кешендік тестілеу

90 б.

Сабақ кестесіне сәйкес

8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270




Емтихан балдарының барлығы

400




Академиялық мерзімде балдардың барлығы

1000




Студенттердің білім бағалау шкаласы:




Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

-«-
В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

75-79


-«-

В-

2,67

-«-

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

-«-

С-

1,67

60-64

-«-

Д+

1,33

55-59

-«-

Д

1,00

50-54

-«-

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз



  1. ӘДЕБИЕТ




    1. Негізгі әдебиет

      1. Карапетьянц М.Х., Дракин С.Н. Общая и неорганическая химия. – М.:Химия, 2000.

      2. Потапов Р.М., Кочетова Э.К. Химическая иформация. Что, где и как искать химику в литературе. – М., 1978.

      3. ГОСТ 8011-72. Показатели точности измерений и формы представления результатов измерений.

      4. Гавриленко А.Г., Тусупова К.С., Тарасенко С.В. Оформление курсовых и дипломных работ. – Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 2000.

      5. Основы научных исследований: Учебник для технических вузов/ В.И. Крутов, И.М. Грушко, В.В. Попов и др. – М.: ВШ, 1989.-400 с.

      6. Кузнецов И.Н. Научные работы. Методика подготовки и оформления. – Минск: Амалорея, 1998. – 272 с.

      7. Ғаламтордағы ақпараттық сайтттар

      8. Юшков А.В. Основы планирования научных исследований: метод. Пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 55 с.



    1. Қосымша әдебиет





      1. Курсовые и дипломные работы. Планирование, написание, защита. Методические указания/ Б.Г. Иоганзен, Н.А. Залозный, В.И. Романов. – Томск, 1989. – 42 с.

      2. СТ РК 1.5-95 «Общие требования к тестовым документам».

      3. ГОСТ 7.1.-84 «СИБИД. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила оформления». – М.: Изд-во стандартов, 1984. – 77 с.

      4. ГОСТ 7.11.-78 «СИБИД. Сокращение русских слов и словосочетаний в библиографическом описании произведений печати». – М.: Изд-во стандартов, 1996. – 24 с.

      5. ГОСТ 7.32-81 «»СИБИД. Отчет о научно-исследовательской работе. Общие требования и правила оформления». – М.: Изд-во стандартов, 1981. – 13 с.

      6. ГОСТ 15.011-97 «Отчет о патентных исследованиях» Стандарт предприятия СТП-02-99 «Правила оформления издательской деятельности». – Семипалатинск: ГУ «Семей», 1999.- 12 с.




Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет