ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Балалар психологиясы»



жүктеу 1.01 Mb.
бет1/6
Дата07.09.2017
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.65

/03-2013


«Балалар психологиясы» пәні бойынша

оқытусшыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Редакция № 2 02.09.13. орнына Редакция №




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Балалар психологиясы»


5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2013



Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар



4 Студенттің өздік жұмысы

1.Глоссарий

Агрессия-белгілі бір мақсатқа жету құралы және басқалардың шабуылынан қорғанумен сипатталады.

Адаптация-орта біртіндеп бейімделу.

Зейін-баланың санасының белгілі бір затқа бағытталып тұрақталуын көрсететін құбылыс.

Дағды-сансыз қайталау нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып,оңай,шапшаң,дәл орындалып отырады.

Ерік-әрекет жасауды қажетсіну.

Жас дағдарысы-онтогенездердің психологиялық өзгерістерімен сипатталатын,уақыты жөнінен ұзақ емесерекше кезеңдері.

Әдет-әрект жасауды қажетсіну.

Госпитализм - жабық типтегі балалар мекемелерінде пайда болатын құбылыс. үлкендермен қаоым қатынастың аздылығынан балалардың дамып жетілуі күрт қала бастайды. Іс әрекет (амал )_ белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс әрекеттің біршама аяқталған элементі .ол ішкі және сыртқы болып ажыратылады. Іс әрекет қызмет - қоршаған болмысқа ықпал етумен сипатталатын белсенді қарым қатынас. Диалогиялық сойлеу- әңімелесуші адамның қолдап отырған сөзі екі немесе бірнеше адамның арасындағы сөйлеу бұлсөйлеу өтіп жатқан жағыдаймен тым жоғарғы дәрежеде байланысты сондықтан бұл сөздің жағдайға байланыстылғы жөнінде айтылып жүреді

Дидактика-оқыту теориясының мәселелерін зерттейтін педагогиканың бөлімі.

Қашықтық талдауыштары (анализаторлары)- рецепторлары зат іс әрекетінің тікелей ықпалдарына шалынатын талдауыштар .бұған есту және көру талдауыштары жатады. Тәртіптілік адамның жеке басының дағдысы үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі. Мектепке дейінгі шақ-психикалық даму сатысы, үштен жетіге дейінгі жас аралығына сәйкес келеді. Рухани қажеттілік - тек адамға ғана тән мәдени қажеттілік . мәдени қажеттіліктерде адамның белсенді іс әрекетінің адамзат мәдениеті жемістеріне байланыстылық көрінеді .әр түрлі экономикалық және қоғамдық құрылыста осы құрылысқа тән мінез құлықты игеру мен тәрбиеге байланысты адам әр түрлі мәдени қажеттілікке йе болады. Тәбиғи қажеттілік - белгілі сыртқы ортаның жағдайларына организмнің өмір сүруіне қолдануға керекті қажеттілік. бұған тамақ ішу қажеттілігі дем алу қажеттілігі жылыну қажеттілігі т. б .жатады. Күнделікті ұғымдар - арнаулі үйретусіз, өмір тәжірибесі нәтижесінде меңгерілген ,ғылымға дейінгі ұғымдар. Нышандар - қабілеттіліктер дамуының тәбиғи жағдайлары түрінде көрінетін организмнің іштей туа біткен автономиялық физиологиялық ерекшеліктері ( нерв жүйесінің типі рецепторлар құрылысының ерекшеліктері т б). Есте сақтау - болмыстағы заттардің немесе құбылыстардың бейнелерін есте берік сақтауға мүмкіндік беретін ес процесі .есте сақтау үнемі таңдамалы келеді: біздің сезім мүшелерімізге тигізгендердің бәрі бірдей есте сақтала бермейді . Қорғаныш рефлексі - шартсыз қорғану рефлексі Белгі - болмыстың өзге элементінің баламасы ретінде көрінетін оның кез келген элементі. белгілі адамның психикалық іс әрекеттің тәсілі ,бұл не қоғамдағы орган ,не әлеуметтік құрал .әлеуметтік құралдың белгісі болып тіл, жазу, есептеу, сурет, салу саналады . Ойын іс әрекет(қызметі )- негізінен үлкендердің іс әрекеттері мен қарым қатынастарын ерекше түрде елестетумен сипатталатын мектеп жасына дейінгі балалар іс әрекетінің басты түрі . Мотивтер иерархиясы( сатысы )_ мінез құлықтың түрткі күштерінің жүйесі. мәні төмен түрткі күштер мәні жоғары түрткі күштерге бағынады . Бейнелеу іс әрекеті - сурет салудың ,жапсырудың құраудың т б жалпы аты .бейнелеу іс әрекетінің жемісі/ ерекше формада көрсетілген объективтік болмыстың көрнекі бейнелері.

Былдыр сөз-негізінен жеке буындардан тұратын айланыссыз, түсініксіз сөйлеу бала тілі дамуының алғашқы кезеңі.

Жеке дара даму - өмір мен іс әрекет процесінде әрбір адамның дамуы ( онтогенез).

Инстинкт- мінез құлықтың адам дүниеге келгенде бітетін фомасы белгілі ынтаға жауап ретінде мақсатқа сәйкес іс әрекет жасау қабілеті.

Ақыл ой сезімдері - ойлау іс әрекетінен туатын сезімдер( таң қалу әуестік сенімділік және шүбалану сезімдері).

Ынта_ мотивтер түрі ,адамның қажеттілігінің көріну формасы.

Интероривация -сыртқы іс әрекеттен заттардың бейнелері және олар туралы ұғымдар арқылы іштей орындалатын іс әрекетке көшу процесі.

Инфантилизм -дамудың тоқырауы. сәбилік шаққа тән дене және психикалық кейіптің белгілерін сақтау .

Қыңырлық-ақылдың ережелеріне қарамастан өз дегеніне тұрып алуға тырысудан көрінетін жағымсыз қылық .қыңырлық баланы тәрбиелеудің немесе оның ауру күйде екендігінің нәтижесі болып табылады.

Сөздың байланыс функциясы -араласу функциясы әңгімелесіп отырған адамға тура не жанама әсер ету .

Шаттану комплексі - баланың ішкі жан дүниесінің жағымды жауабыу. ересек адамды коргенде оның дауысын естікенде бала күлімсіреп дыбыс шығара бастайды оған тесіле қарайды осы кезде оның аяқтары мен қолдарының қозғалыс ырғақтары өзгереді шаттану комплексі баланың алғашқы әлеуметтік жауабы деп санау қабылданған.

Қабылдаудың тұрақтылығы -қабылдау шарттары өзгергендегі зат бейнесінің біршама тұрақтылығы .

Жуықтасу талдауыштары-рецепторлары заттардың тікелей әсеріне шалынатын талдауыштар .мысалы ,тері талдауышы анализаторы.

Тиянақталған сөйлеу-әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу .

Темперамент-нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешіліктері.

Тест-белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып,балаларға ұсынылатын тапсырмалар жүйесі.

Синтез-бөлшектерді,жақтарды,белгілерді біріктіру,жалпылау,топтау бүтін қарау.

Сензитивтік кезеңдер-организмнің қоршаған ортаға өте жоғары сезімталдығын көрсететін кезеңдер.

Психикалық даму факторлары-бұл индивидтің өмірлік іс-әрекетін қажетті түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.

Психика-өмір дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын ұйымдасқан материяның қасиеті.

Үнсіз сөйлеу-сөйлеу әрекетінің ерекше түрі.

Ұғымталдық-сезім мүшелерімен ақыл-ой арқылы тез қабылдауы.

Эмоциялық дүниенің дамуы-үштен жеті аптаға дейінгі баланың жандану кешені
2.«Балалар психологиясы» пәнінің дәрістік материалдары.

1. Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері.

  1. Балалар психология пәні. Міндеттері.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттеу әдістері.

  3. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі.

  4. Психикалық дамыту және үйрету.

  5. Психикалық дамытуды кезеңге бөлу.

  6. Балалардың психикалық дамуының психикалық ерекшеліктері.

Қазіргі заман ғылымының дамуына оның ғылыми салалары пәндер мен проблемалық салалардың ықпалдасуы мен саралап жіктелуі сияқты негізгі 2 беталысының өзара әрекеттесуі неғұрлым айқын көрініп келеді. Ғылымның ықпалдастығын талдай келе Ж.Пиаже , Б.Г.Ананьев, К.М.Кедров ғылыми білімнің ортасында адам туралы ғылым-психология тұр деп көрсеткен. Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі. Жаратылыстану ғылымдары

Философия Қоғамдық

Ж.Пиаженің келесі пайымдауымен сәйкестендіріледі: «... психология басқа ғылымдардың өнімі ретінде маңызды орын алып тұрған жоқ. Ол сондай –ақ олардың дамуы мен қалыптасуына түсініктеме бере алушы бастауыш ретінде орталық орын алады.

Г.Б.Ананьев ойынша адамды тереңірек зерттеу саралап жіктеу, сонымен бірге осы саладағы барлық зерттеулердің ықпалдасуы адам проблемасының жалпы ғылымдық сипатқа ие болуына ықпалын тигізеді. Жантану ғылымының негізгі салаларының бірі – жасерекшелік психологиясы. Оның бөлімдерінің бірі балалар психологиясы, яғни мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттейді. Зерттеу объектісі – адамның дүниеге келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, жасөспірімдер, балан жастағылар, кәмелетке келген және ересек, кәрілік, қарттық жастағылардың психологиясы. Бұлар да жан қуаттардың дамуының жас ерекшелігіне қарай дамып, қалыптасып отыратындығы ілім – білімді меңгеруге лайықты мүмкіндіктер қарастырады. Балалар психологиясы балдырғандарды зерттейді. Балдырғандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан қалай ләззат ала білетінін , ересек адамдарға қалай айналатынын анықтап береді. Жас балдырған үлкен адамдарға ұқсамайды. Тек біліммен ғана емес баланың сезінуі ойлауы үлкен кісілермен емес екендігін білеміз. Сәбилердің сезімдері күшті, бірақ көбінесе тұрақсыз болуы мүмкін. Құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Астарлап сөйлегенді балалар түсіне бермейді. Өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды. Баланың қолынан келмейтіні көп. Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар : Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеруі дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы. Балалар психологиясының маңызды міндетідаму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру. Балалар психологиясының негізгі зерттеу компоненттері – балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі қарастырылады.



Стол үстіндегі ойыншыққа қолын созуы, қасындағы сызғышты пайдалануы, саналы іс-әрекетке көшу. 2-3 жастан кейін бала алдын ала күрделі емес ойын сюжеті арқылы игереді. Мысалы, гараж машина сыятындай болуы керек. Мұның бәрі іс-әрекет үстінде ойлаудан практикалық іс-әрекетке бағыттап, жөнге келтіре бастайтын ақыл мен ойлауға өту болып отыр. Сәбилік және мектепке дейінгі шақ – баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ. Балалар психологиясы – балалардың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестердің және сапаларының дамуын оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым. Дамудың жалпы заңын білу –бала психикасына балалардың психикалық дамуын зерттеуге дұрыс жол табу. Сананың қалай пайда болуын дүниеге келген «табиғаттың , кішкене тірі организмнің қалайша дүниеге адамзат т әжірибесі арқылы көз тастайтын қоғам мүшесі болып шығатынын айқындауға көмектеседі. Басқа ғылымдармен байланысы балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын адам психикасы туралы білімге сүйенеді. Жалпы психикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін психикалық зерттеудің ерекше әдісі – генетикалық әдіс. Жас ерекшелік анатомиясы мен физиологиясы нерв жүйесінің дұрыс жетіліп нерв қызметінің дамуы – жұмыс істеуі психикалық дамудың маңызды шарты . Балалардың психикалық дамуы, даму заңдылықтары баланың эмоциялық ерекшеліктерін, бейімділігі мен ынтасын білу , балабақшадағы оқу –тәрбие жұмысының маңызды шарты болып табылады. Баланың психикалық дамуы коптеген жағдайларға байланысты. Мидың ауырғанына ешқандай педагогикалық тәрбие берілмегендіктен сөйлеспеген, ойнамаған, үйретпеген т.б. Көрнекті совет зоопсихологі Надежда Николаевна Ладыгина өз семьясында Иени атты 1,5 жастық шимпонзені 4 жылға дейін тәрбиелеген. Тәрбиелеген , зерттеуді күнделікке жазып отырған. 10 жылдан кейін Рудольф (Руди) деп қояды. 4 жылға дейін бақылау жүргізеді. Нәтижесінде «шимпонзенің жас баласы мен адамның жас баласы» атты кітабы шығады. 2 сәбиді бақылағанда ойын және сезім белгілерінде ұқсастығы мол. Өзгешеліктері: шимпонзенің аяғынан тік басып , қолын жерден босата алмайтындығы. Ол адам іс-әрекетіне үйрене алмайтынымен, дағдыларды дұрыс жетілуге апармайды. Қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да, маңызын түсінбейді. Мысалы, шегені қаға алмауы, творчестволық , конструкциялық сипаттағы ойындар. Маймыл баласын асыраған американдық ерлі-зайыпты Келл Локктар да шамамен осындай нәтижеге жеткен. ХХ ғасырдың басында үнді психологы Рид Синх қасқыырдың інінен 8 жасар және 1,5 жас шамасындағы екі қыз баланы тауып алады. Синх екі қызды адамша тәрбиелейді. Олар 4 аяқтап жүреді, адамды көрсе ырылдап, айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішісі Амала 1 жылдан соң қайтыс болады. Үлкені Камала 17 жасқа дейін өмір сүреді. 9 жылда қасқырдың әдетін қойғызды, дегенмен асыққан кезде төрт аяқтап кетеді, 40 сөзді ғана дұрыс айта алатын болған. Адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін емес. Енді адамның миы қоғамдағы адамға тән емес жағдайда өміріне қажетті жағдайы жоқ жерде адам психикасы пайда болмайды. Адам бояу үшін мидың құрылысы да, белгілі өмір сүру жағдай да, тәрбие де қажет. Юни шимпонзе болып қалды, Камала адам болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты. Маймылдың мінез-құлқының белгілері тұқым қуалаған. Ерекше икемділік-үйренгіштік – адам миын хайуанаттар миынан ажырататынын аса баңызды айрықша белгілердің бірі. Хайуанаттар миы инстингтер механизімі мінез құлық формасы бекіген, мидың қалыптастыру процесі негізінен туған кезге дейінгі аяқталады, ал адамда жағдайына байланысты болатынын дәлелденген. Таза жерін толтырады да, оның құрылысына әзер әсер етеді. Балалар психологиясы – балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс –әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ – бұл баланың мектеп жасы дамуы қалыптасатын шақ. Баланың дамуы - бала бақшадағы зерттеулердің мәліметтермен ата- аналарын мұқият сұрау арқылы жанұядағы тәрбиесі мен мінезінің ерекшелігін баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психикалық мінездеме болып табылады.


2. Нәрестелік және ерте сәбилік шақтағы психикалық ерекшеліктер.

1.Шартсыз рефлекстер және олардың баланың дамуындағы маңызы.

2.Сезім мүшелерінің даму ерекшеліктері.

3.Эмоциялық өрісті дамыту , жандану комплексі.

Дүниеге келу бала организмі үшін күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы вегетативтік (ана организмі ) өсіп – өнушілік тіршіліктен ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан – алуан тітіркендіргіштерге толы . Ауалы ортадағы мүлдем жаңа жағдайға яғни бұрынғы дәрменсіз тірі және жан дәрежесіне ақыл – есті адам болып өсетін дүниеге шығады.Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Бұл нерв системасының организмнің сыртқы жағдайларға лайықтауға белгілі дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Бала туған бойда организмнің негізгі жүйелерінің жұмысын (тыныс, қан айналысын, зәр шығару) қамтамасыз ететін рефлекстер жасалады.

Терінің қатты тітіркенуі – дененің қорғаныш реакциялары – қорғаныш рефлексідеп аталады.

Басқа тітіркендіргішпен жанасу реакциясында байқауға болады , олар бағдарлау рефлекстері.

Нәресте дүниеге келген алғашқы 3 күн ішінде жарық көзіне қарай басын бұрады. Бағдарлау, тамақтану рефлексі пайда болады. Езуіне , бетіне жақындау , қарыны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады , бала тітіркенгіш жаққа басын бұрып , аузын ашады.

Реакциялар: ему рефлексі, жармасу реакциясы, итеру рефлексі(ембектеу)

Органикалық қажеттілік: баланың психикалық дамуының негізі бола алмайды, олар тек қана баланың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Шартсыз рефлекстер мінез – құлықтың адамдық формалардың пайда болуына қамтамасыз ете алмайды.

Баланың хайуанаттың арғы атасын тұқым қуалайтын – атавизандық рефлекстер. Баланың ембектеуі – аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалуынан басталады , бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады. Қолын кезек қозғап алға жылжиды.

Нәрестенің негізгі ерекшелігі – жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез – құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық қажеттілікд белгілі дәрежеде қанағаттандырылса онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер қалыптасады(әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым - қатынас) .

Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі: көруі, естуі дене қозғалысынан жылдам дамиды. Баланың алдымен қозғалысынан хайуанаттардан бөлек ерекшелігі осы. Жаңа туған кезеңдегі мидың дұрыс жетілуіне қажетті жағдай сезім мүшелерінің соның көмегімен сыртқы алемнен алынатын әртүрлі сигналдардың миға өтуі. Бірте – бірте бала үлкендерге бағытталған жандану комплексі қозғаушы реакциясы пайда болады.

Жандану комплексі – баланың өзіне қарап еңкейген адамға көз тоқтатуы оған жымиып күлімсіреуі, қолдары мен аяқтарын қозғап жай ғана дыбыстар шығаруы, бұл әлеуметтік қажеттілік, жандану кезеңінде пайда болатын жаңа туған кезеңмен нәрестелік кезең шекарасы болып табылады.



3. Нәрестелік кезең танымдық процестер.

1)Қарапайм түстерді ажырыта алу үш айлығында болады. Ол генетикалық қан арқылы беріледі.

2)Балалардың көз тоқтатуы алдымен горизонтальды жатқан затқа көз тоқтадады. Одан кейін бала вертикальды затқа қарады.

3)2-3 айда балалар таныс және таныс емес адамдарды ажырата бастайды.

4) 3-4 айда бала таныс емес адамдармен қарым-қатынасқа түскісі келмейді себебі, бірді-бір сегіз айында көру аймағы азайады.

5)Ассоциациалық ес-байланыс 2 жаста аяқталады, бір сөздің орнына екінші сөз пайдалану бастапқы сөз еске түсуі, яғни көру, есту екі жаста аяқталады.

6)Бағдарлау зерттеу әрекеті жүзеге асырылады сөйлеуге келетин болсақ бірінші дыбыс шығарады, 2-3 айда гуілдейді, содан кейін былдыр пайда болады, 9-10 айда алғашқы сөз пайда болады.

Заттар мен қарым-қатынас 7-10 айында болады. Мысалы, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау бірінші мимика, екінші сөйлеу арқылы жасалады.

1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбектік кездегі негізгі ерекшеліктері:

1)Адамдармен қарыс-қатынас жасауда түсіну пайда болады.

2)Ойлауға өзін-өзі тежеу қалыптасада.

3)Тілдің дамуы 1 жастажеке сөз айтылады: 2 жаста 2-3 сөзді құрастырып айтады, 3 жастың аяғында толық балалармен қарым-қатынас жасайды.

4)Фанемадан кеінгі кезеңде фанемді сөзге ауысады.

5)Экоцентрлік сөз 1 жастан аяқталады.

Заттық әрекеттер монепулярлық тұрғыда емес, мағынасын түсініп жасауда болады, ойын 1-3 жаста алғашқы сюжеттік ойындар ойнай бастайды.

3 жаста бала қарапайым жаңа форманы ажыратады.

Спектордың негізгі түстерді ажыратады. Іс-әрекеттен іске асады.
4 Сәбилік кезең.


  1. Сәбидің анатомиялық және физиологиялық дамуына сипаттама.

  2. Сәбилік кезең дамуының басты белгілері

  3. Сәбилік кезеңдегі баланың психикасының дамуы.

  4. Үш жас кезеңіндегі балада кездесетін дағдарыстар

  5. Мінез-құлық өзгерістері: жағымды және жағымсыз.

Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе жүзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналғанымен назар аударарлық жағдаяттар өте көп. Анатомиялық және фихиологиялық тұрғыдан қарар болсақ өсу кезеңдерінде бала ерекше дамиды. Нәрестенің алғашқы бір жылы дүниеге келген куннен бастап 4 апта, яғни 28 кун аралығын – нәрестелік кезең деп атайды. Ал емшектік кезең 1 жасқа толғанға дейінгі аралықты қамтиды. Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге көндіктіру үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің функцияларын өзгертуге тура келеді. Емшектегі баланың органдары мен клеткаларының  анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері, иммунитет қабылдау мүмкіншіліктерінің жеткіліксіздігі әр түрлі ауруларға шалдығуын күшейтіп, олардың ұлғаюына себепші болады. Емшектегі баланың дене салмағы туылған куннен кейін бір шама өзгерістерге ұшырайды, баланың дене салмағының артып, бойының өсуі оның жалпы дамуына тән қасиет.

Баланың туған кездегі салмағы: мерзімінде туған (39—40 аптадан кейін туған) ер баланың салмағы 3500±450 грамм; Қыз баланың салмағы 3300±460 грамм;

Бойлары 47—56 cм аралығында болады (кейде 50—51 cм).



Салмақ қосу барысы: алғашқы айда сәбидің дене салмағы 700—800 грамға дейін өседі де, кейін біршама баяулайды, бірінші жарты жылдықтың әр айында 600 грамнан, екіншісінде — 500 грамнан. Баланың салмағы 5—6 айлығында 2 есе, ал бір жасқа толар шағында 3 есе өсіп, 10-11килограмға жетеді. Ірі болып туған балаларға қарағанда жеңіл салмақпен туған балалар айына салмақты көбірек қосады.

Бойларының өсу барысы: емшектегі баланың бойы да айтарлықтай өседі, бір жасқа толарда баланың бойы орта есеппен 25 см өседі;

нәрестенің бойы алғашқы 4 айда шапшаң өседі де, айына 3 cм қосып отырады, бұдан кейін бойының өсу қарқыны біртіндеп баяулайды: 4 айлығынан 6 айлығына дейін айына 2—2,5 cм; 7 айлығынан 9 айлығы аралығында айына 2 cм; 10 айлығынан 12 айлығы аралығында айына 1,5 cм.

Сондай – ақ дене күтімі де басты назар аудартады: Емшектегі баланың әсіресе жаңа туған нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де, ол тез жарақаттанады. Сондықтан дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастайды. Сүйек тканьдерінде тұз аз болғандықтан, олар шеміршек тәрізді майысқақ болып келеді де, сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, егер баланы жастыққа отырғызса, аяғына ерте тұрғызса), тез қисаяды. Сәбидің  бас сүйегі онша жетілмей туады, бас сүйектің қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады. Оны еңбегі деп атайды. Ол балаға 9—14 ай толғанда қатады. Емшектегі баланың басы үлкен болады:


    • жаңа туған нәрестенің басының шеңбері 34—36 cм;

    • бір жастағы баланың басы 45—46 cм.

Қолы мен аяғының ұзындығы бірдей, ал бойының ұзындығына қарағанда аяғы біршама қысқа келеді.

Дене температурасы ересектердің температурасына қарағанда емшектегі нәрестенің температурасы 0,3—0,4°С жоғары болады. Олар сыртқы температураның өзгерісін тез сезінеді, тіпті оның әсерімен сәбидің денесінің температурасы да өзгеруі мүмкін. Баланың тамыр соғуы ересектерге қарағанда өзгеше жылдам,  тамыр соғуы жиі өзгеріп отырады (мысалы, бала қатты жылаған кезде минутына 160—200 рет cоғатын болады).

Сәбилік кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүргіш кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойында мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады. Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.

Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.

Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады. Енді біз сәбидің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің тілдің шығу сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым – бұл мәселе ең, алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі – құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу – аруақпен күресумен бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді жоймай бұл мәселені дұрыс шешу мүмкін емес.

Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада тіл байланысы пайда болады, бүл байланыс баланың «сағат»деген сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсінреміз.

Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады саналады.

Құрылымдық көзқарас тозығы жеткен ескі теория және сынаудың өзі де әурешілік сияқты. Дегенмен, сөздің мағынасы біржола пайда болып, ол тұрақты келеді деген түсінік сәби тілің дамуындағы бірден-бір байлық деген ұғымның сақталып қалуына негіз болды. Менің ойынша, бала тіліне қатысты дұрыс теорияны осы пікірден бастау керек сияқты. Құрылым теория—-қолдаған зертгеушілер сөз мағынасын дамыту жағына жете мән бермеді. Олар құрылым теориясына сенгенімен, бірақ оны психологаялық жағынан сөздік белгінін пиада болу механизміз дұрыс түсіндіре алмады. Бұдан соң осы мәселеге қатысты теорияның тарихи дамуына сәйкес В.Штерн бастаған екінші тобы пайда болды.

Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды байланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды байланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз сальш оған қарауды үйретуге болады) дейді. Сәбидің, – дей; Штерн, – біріншіден өз өзмірінде ғаламат жаңалық ашатыны оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін, немес (осы заңның екінші ұғымы) сәбидің белгі мен маңызы арасындағы байланысты ашатыны, яғни, тілдің символдық қызметін білуі кез келген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады.

Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап біліуі мүмкін емес. Ал балаға, – дейді Штерн, – қанша сөз берілсе, сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс дейді. Адамзатқа тән үшінші нышаннын мәні – сәбиде ат туралы бастапқы сұрактар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез келген затты «Бұл нс?» деп сұрай береді. Осы аталған нышандардың үш түрі де балалық шактың ер кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан жаңалық пікір мен оның теориясының мәні кандай? Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі нышанның бе де сәби тілінің даму негізін құрайды және баланың дамуындағы сөйлеуінің шығу мәнін ашып көрсетеді. Оның алғашқы сөйлем құрауының мәнін ашып көрсетіп, белгі мен мағына арасында-байланыстың құрылымдық сипатын бекерлейді. Үшіншіден тілдің дамуындағы болып отырған өзгерістер өте шапшаң болып отыратындығын көрсетеді. Алайда онын теориясында аталған жайтты қате түсіндіруі оның өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді Штерннің өзіне айтқаным бар. Ол ттпті осы теория негізденгеннен бергі уакытта, яғни «Бала тілі» деген кітабы жазьшғаннан бері өзінің кейбір ойларының мазалап жүргендігін айтты және ондай келіспеушілік жайлы өзге сыншылдар да айтқанын есхе алды. Штерн өз теориясын анықтаумен айналысуда, бірақ ол мен келіспеген бағьпта емес, басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл тергеу ізін Штерннің соңғы жұмыстарыңан кездестіреміз.

Штерн теориясына қарсы пікір айту үшін, менің ойымша мағынасы терең фактілерді келтіре отырып, оларды дұрыс шешудің жөн- жосығын анықтап алу керек сияқты.

Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған сәби соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай жаңалықты ащуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі – тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы сәби тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтьш сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму жәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Штерн мұндай келіспеуішлік пікірлерді дұрыс мойындайды.

Екішіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым жастағы сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді. Сәби үшін тіл оның санасында белгілі таңба ретіндеігі түсінік сипатында қалыптаса қоймайды. Сондықтан бұл жайттың Штерн «жаңалығынан» айырмашылығы ұшан-теңіз. Алайда бал тілінің бастапқы сатысы алдағы өтпелі кезеңдерде елеуд өзгерістерге ұшырап отыратындығын бекерлеуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда біз бала тілінің дамуындағы дербестік немес басқаша сөйлеу кезеңдеріндегі ғана емес, сондай-ақ оның ода әрі даму кезеңдерінде бірқатар секірмелі өзгерістерге ұшыра отыратындығын көреміз.

Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан баста- уымыз керек, мұндай материалдарды түсіктіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуьшдағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенін түйінді жері бяланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.

Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердіц қойған талаптары мен айткандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осыкдай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шғылданғысы келетінін көрсетеді. Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, ондай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала әрекетіндегі өзіңдік санасындағы өзғерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың сіне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, оңца ол бұл жағдай өзінін көніліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз орындайды. Біз клиникада өзіміз байқаған мынадай мінез-құлықты мысал етіп келтірейін. Үш жастағы дағдарыс кезеңі созылып кеткен 4 жасар қыз бала өзін балалар мәселесін талқылайтыи конференцияға ертіп баруды өтінеді. Қыз оған баруға жинала бастайды. Мен қызды жүре ғой деп шақырдым. Бірақ оны мен шақырғандықтан, ол тіпті барғысы келмей калды. Ол барынша қарсыласып бақты. «Оңда бері келе ғой», – деп едім, оған да келмеді. Оны өзімен өзін қалдырғанда, ол жылай бастады. Оны ертпегеніме өкпеледі. Бұл орайда оның қасарысып айтқанға көнбеуінен ызаланып булығып ренжу пайда болды. Ол өзінің барғысы келгенімен, оған жүр деп айтқан сөз ұнамай, қарсылық білдірді.

Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: «Мына көйлектің түсі қара» десе, ол қарсылық’ көрсетіп, «бұл. көйлектің түсі ақ» дейді. Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі.

Жағымсыз әрекетгің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балара айтқанды істеп, оны ықтыру орындалатын әрекет маңызына емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздык мінез-қылық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға: бағытталған. Екінші ерекшелік – баланың өзінің ашу-ызасына; деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің. көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға үмтылады. Ашу-ызара бой билету мен әрекетгену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жандайда көрініс табады.

Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі – жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.

Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.

Үшінші сәт – баланың қыңырлық кезеңі.

Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы қандай? Қыңырлык жекё бастын ерекшелігі емес. Жағымсыз қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы қарсы бағытталған әрекеттері. Ал қыңырлық бала тәрбиесінің қалпына қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады: ол «ой қойшы!» деген баланың өзіне тән риза болмауын білдіреді, сәби өзіне ұсынылғанның, істегеннің бәріне жауап береді. Бұл жерде қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды ұсыну қалпына қатысты. Қырсықтықтын қасарысудан айырмашьшығы сол, ол қалайда өзінік қажетін орындауға табандылық көрсетуі.

Буржуазиялық сипаттағы тәрбиеде қырсықтық үш жастағы бала бойындағы дағдарыстың негізгі белгісі болып саналады, Өйткені бұрын әулетте еркелетіп өсірілген бала енді айналасындағы адамдармен қатынасы дөрекілене бастайды. Баланың бойында енді назарылық білдіру пайда болып, оған бұрынғы жасалған әрекеттерге жасырын түрде қарсы шығып, өзінің риза еместігін білдіреді,

Еңді төртінші ерекшелік – өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінез деп аталады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді. Енді бала бәрін өзі істегісі келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет