ПӘннің ОҚу- әдістемелік кешені «Тіл біліміне кіріспе»



жүктеу 0.81 Mb.
бет1/4
Дата07.09.2017
өлшемі0.81 Mb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК


ПОӘК

«Тіл біліміне кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


Баспа №2


9.09.2014
ПОӘК 042-18-28.1.5/03-2014


ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Тіл біліміне кіріспе»

5 В 050117 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Білімалушылардың өздік жұмыстары



ГЛОССАРИЙ
Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.

Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

Билингвизм-күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану

Грамматикалық категория — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі.

Диахрония-тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.

Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.

Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы.

Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.

Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі.

Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.

Лексикография- грек тілінің lexis («сөз») және grapho («жазамын») деген сөздерден құралған сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді.

Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.

Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім.

Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.

Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең,

Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі.

Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.

Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.

Орфоэпия (грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.

Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.

Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.

Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.

2 ДӘРІСТЕР

1 Модуль. Тіл білімі және оның басқа ғылымдармен байланысы

1 дәріс тақырыбы: Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және оның басқа ғылымдармен байланысы


1. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы
2.Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны
3.Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні

Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.


Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді. 
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары .Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.

Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты.

Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.

Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады.

Бақылау сұрақтары:

1. Тіл білімі ғылымы нені зерттейді?

2.Тіл білімі қандай салалардан тұрады? Тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?

3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімінің зерттеу нысанына не жатады?

4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі нені қарастырады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010

2. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа.,2008.-7063с.

3. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А: Өлке, 2010. - 240 б.
2 дәріс тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі. Тіл мен ойлау
1.Тілдің табиғаты, мәні мен қызметі

2. Тілдің қоғамдық қызметі



3.Тіл мен ойлау

4.Тіл мен сөйлеу


Өмірде алуан құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді.Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады.

Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды . Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет . Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет. Тілдің қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметіне қоса тағы бір қызметі бар: ол – экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның адамның субъективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі аталады.

Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты.Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды.

Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің мәні мен табиғаты жайлы қандай көзқарастар бар?
2. Тіл қандай қоғамдық қызмет атқарады?
3.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?
4. Тілі негізгі қызметі қандай?
5.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
3 дәріс тақырыбы: Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаттары. Синхрония мен диахрония

1.Тілдің таңбалық сипаты

2.Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты

3.Синхрония және диахрония


Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.

Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы. Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.

Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі.

Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес. Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.

Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не ?
2. Тілдің құрылымдық және жүйелік сипатын неден көреміз?

3.Тіл мен ойлаудың арақатынасы қандай?
4. Синхрония және диахрония дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
4 дәріс тақырыбы: Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі. Тілдің дыбыстық жүйесі. Фонема мәселесі. Үндестік заңы. Дыбыстардың алмасуы. Буын.Екпін және оның түрлері
1. Фонетика және оның салалары
2. Тілдің дыбыстық жүйесі

3.Фонема мәселесі


Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі. Тіл дыбыстары, әдетте сөз ішінде айтылады.

Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды. Тіл дыбыстары, олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда, тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы фонетиканың басқа да маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды. Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада мәселелерін, мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.
Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда, дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да , құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес . Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені (тембр), дыбыстың созылыңқылығы.

Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.

Бақылау сұрақтары:

1. Фонетика қандай салалардан тұрады?

2.Дыбыстың жалпы теориясын қай сала қарастырады?

3. Акустика дыбыстарды қандай белгілері арқылы ажыратады:?

4. Фонема деген не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.


5 дәріс тақырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері. Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі

1. Жазудың қандай түрлері бар?

2. Жазу және оның даму кезеңдері

3. Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия.

4. Транскрипция мәселесі
Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.

Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.
Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.
Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографиялық жазудың үлгілерін өтө ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады.
Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді.

Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.

Сөздердің бірізді айтылуы (сондай- ақ бірізді жазылуы) тілдік қатынасты жеңілдетеді.Керісінше,белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып,көңілді алаңдатады.Көрнекті ғалым Н.Сауранбаев 1947 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы туралы былай деп жазады. “Сөздің дыбысталуы мен айтылуының арасындағы арақашықтық біржола жойылды”

Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі проф – М.Балақаев.Ол өзінің “Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері” деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: “Бірақ сөздердің айтылу нормасы және сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді. Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынас теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді – бәрібір – әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек ”.



Бақылау сұрақтары: 
1. Қоғамның және тілдің дамуындағы жазудың рөлі қандай?

2. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?

3. Орфоэпияның зерттелу нысаны жайлы не білесіз?

4. Транскрипция мәселесі дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.



4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
6 дәріс тақырыбы: Тілдің лексикалық жүйесі. Лексикология және оның салалары, сөз және оған тән белгілер, сөздердің типтері мен варианттары, полисемия және сөздің лексикалық мағыналарының түрлеру. Сөз мағынасының өзгеруі. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер.


  1. Лексикологияның міндеті мен зерттейтін нысаны

  2. Лексикология және оның түрлері мен салалары

3. Сөзге тән басты белгілер. Сөздің лексикалық мағынасының түрлері
4. Сөздің көп мағыналылығы. Омоним, синоним, антоним құбылыстары

5. Полисемия мен омонимияның айырмашылығы
Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді.Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктен екендігін қарастырады. Ономосиологияның айрықша бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі – антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады. 
Лексикологияның жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында деген сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады.

Сөз - өте-мөте күрделі тілдік единица. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Тарихи тұрғыдан қарағанда, сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінеді.Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алып қарағанда, сөз мағыналарын екі түрге бөліп қарауға болады: оның бірі – тура мағына, екіншісі келтінді (немесе ауыспалы) мағына. Сөздің келтірінді мағынасы бір емес бірнеше болуы мүмкін. Келтірінді мағыналар өз ішінде метафоралық мағына және метафонимиялық мағына болып сараланады.

Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді.

Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.



Бақылау сұрақтары: 
1.Лексикологияның зерттеу нысаны мен міндетіне не жатады?

2.Лексикологияның қандай салалары бар?

3. Сөз дегеніміз не?

4 .Сөздің көп мағыналылығы (Полисемия) дегеніміз не?

5.Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы не білесің?

6. Полисемия және омоним құбылыстарының айырмашылығы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
7 дәріс тақырыбы: Табу мен эвфемизмдер. Этимология және халық этимологиясы. Тілдің сөздік құрамы. Кірме сөздер. Терминдер мен терминология. Фразеологиялық оралымдарға тән белгілер және оның түрлері. Лексикография және сөздіктердің түрлері.
1.Табу және эвфемизмдер туралы түсінік

2. Этимология және халық этимологиясы

3. Тілдің сөздік құрамы. Кірме сөздер.

4. Терминдер мен терминология. Лексикография және сөздіктердің түрлері

5.Фразеологиялық оралымдарға тән белгілер және оның түрлері. 6.Лексикография түрлері
Табу (полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда «тыйым салу») — алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым.

Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б.

Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамға тілдің күллі сөз байлығы енеді. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Тілдің сөздік құрамы үздіксіз даму үстінде.

Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.

Кемінде екі сөздің тіркесімен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады.



Лексикология (грек. lexіkos сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғылыми әдістемесін жасайды. Сөздіктің теориялық мәселелері теоретикалық лексикологияда қарастырылады; ол лексикология теориясы мен лексикология тарихына бөлінеді.

Бақылау сұрақтары: 

1.Табу сөздер дегеніміз не? Эвфемизм дегеніміз не?

3. Этимология дегеніміз не?

4. Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не? Негізгі сөздік қор дегеніміз не?

5. Терминдер мен терминология дегеніміз не?

6. Фразеологиялық оралымдарға қандай белгілер тән?

7. Лексикография нені зерттейді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет