ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 0.61 Mb.
бет1/3
Дата07.09.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.71/03-2016


ПОӘК

«Еңбекті ұйымдастыру, нормалау және төлеу» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар



№ 1 басылым

11.06.2015



5В050600 - «Экономика» мамандық студенттері үшін

«ЕҢБЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, НОРМАЛАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ»

ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей - 2016



Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы



  1. Глоссарий

айлық жалақының ең төменгі мөлшері - біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері;

ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;

біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;

Бірыңғай еңбек нормалары - экономикалық қызметтің бір немесе бірнеше  түрлеріне арналған өндірістің ұқсас жағдайларында бірдей технология бойынша  орындалатын  жұмыстарға әзірленеді және  оны жұмыс берушілер  тиісті жұмыс түрлеріндегі  қызметкерлердің еңбегін нормалау кезінде  эталон ретінде  қолданады.

Демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы үзіліссіз тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;

Еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;

еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбекжағдайлары;

Еңбек нормалары - шығарылатын өнімнің өзіндік құнын айқындау кезінде  аса маңызды көрсеткіштердің  біреуі болып табылатын оңтайлы технологиялық және  еңбек  процесін таңдау үшін,  қызметкерлер мен  өндірістік жабдықтың санын айқындаудың құралы ретінде қызмет етеді.

еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде,еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы; 

еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;

� және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге дееңбек жағдайлары;

еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбекшартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

Еңбекті нормалау - өндірісті басқару функцияларының жұмысты орындауға кететін қажетті еңбек шығындарын (уақытты)  айқындау бөлігіндегі құрамдас бөлікті білдіреді және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау үшін шектен тыс психофизикалық жүктемелердің алдын алу мақсатында, адамның еңбек қызметінің барлық кезеңі кезінде  олардың жұмысқа қалыпты қабілеттілігін сақтауға ықпал ететін,еңбек шығыны мен  қызметкердің біліктілігі деңгейін регламенттеудің, бағалаудың негізі болып табылады.

еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу;

жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;

жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;

зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары

зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

Мерзімді еңбекақы - төленетін қызметкерлердің  еңбек тиімділігін арттыру мақсатында, оларға жоғарыда  көрсетілген еңбек нормалары  түрлерінің негізінде  нормаланған  тапсырмалар белгіленуі мүмкін.

Нормаланған тапсырмалар - бұл мерзімді еңбекақы төленетін жұмыстардағы қызметкер немесе қызметкерлер тобы жұмыс ауысымында немесе өзге де  жұмыс уақыты бірлігінде орындайтын жұмыстың  белгіленген көлемі.

Техникалық негізделген нормалар - жабдық жұмысының прогрессивті режимін, еңбектің тиімді тәсілдері мен әдістерін, жұмыс орындарын ұйымдастыруды және оған қызмет көрсетуді, қызметкерлердің тиімді жұмыспен қамтылуын қарастыруға және жұмыс орындарының мүмкіндіктерін барынша пайдалануды, өнімнің жоғары сапасын, қызметкерлердің денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау, олардың еңбекпроцессінде үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге тиіс.

Уақыт нормасы - белгілі ұйымдық-техникалық жағдайларда, тиісті  біліктілігі бар  қызметкердің немесе қызметкерлер тобының (бригаданың)   жұмыс бірлігін орындау үшін белгіленген жұмыс уақыты шығынының шамасы.

Қызмет көрсету нормасы - белгілі ұйымдық-техникалық жағдайларда, тиісті  біліктілігі бар қызметкер немесе қызметкерлер тобы (атап айтқанда, бригада), жұмыс уақытының бірлігі ішінде қызмет көрсетуге міндетті өндірістік нысандардың (жабдық бірлігінің,  жұмыс орнының және т.б. ) саны.

Қызметкерлер санының нормасы - белгілі ұйымдық-техникалық жағдайларда, нақты өндірістік, басқарушылық функцияларды немесе  жұмыс көлемін орындау үшін қажетті белгілі бір кәсіптік-біліктілік құрам қызметкерлерінің белгіленген саны.

Қызметкерлердің еңбегін нормалау - уақыт нормасы,  өнім шығару нормасы,  қызмет көрсету нормасы, адам санының нормасы (нормативі),  нормаланған тапсырмалар,  бірыңғай және үлгілік нормалар қолданылады, олар   жабдықтың жұмыс режимінің,   жекелеген элементтерді (кешендерді) орындауға, жабдық бірлігіне,  жұмыс орнына, бригадаға,  құрылымдық бөлімшеге қызмет көрсетуге кететін еңбек(уақыт) шығынының, жұмыстағы  үзіліс уақыттарының және т.б., сондай-ақ, өндірістік, басқарушылық функцияларды немесе  нақты  ұйымдық-техникалық жағдайлар мен өндіріс факторларына қарай  өлшем бірлігіне алынған жұмыс көлемінің регламенттелген  мәні (шамасы) болып табылады.

Үлгілік еңбек нормалары - жұмыс түрлері бар ұйымдардың көпшілігінде немесе бөлігінде қолданылып жүрген ұтымды ұйымдық-техникалық жағдайларды (осы өндіріске арналған) ескере отырып, үлгілік технология бойынша  орындалатын жұмыстарға  арналып әзірленеді.   Үлгілік жобалар өндірістің ұйымдық-техникалық жағдайлары, олар есептелген деңгейге  әзірше сәйкес келмейтін  ұйымдар үшін эталон ретінде ұсынылады. 

Өнім шығару нормасы - белгілі ұйымдық-техникалық жағдайларда, жұмыс уақыт бірлігінде, тиісті біліктілігі бар қызметкер немесе қызметкерлер тобы (атап айтқанда, бригада) орындауға (жасауға, тасымалдауға және т.б.) міндетті жұмыстардың белгіленген көлемі (өнім бірлігінің саны).

Ірілендірілген кешенді нормалар - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) бірлігіне, әдетте  аяқталған бұйымға, торапқа,  бригада жиынтығына, техникалық айрықшаланған қайта бөлуге,  ауыл шаруашылық жұмыстары көлеміне, құрылыс сатысына немесе нысанына  белгіленеді.


  1. Дәрістер



  1. Еңбекті ұйымдастыру, нормалау және төлеу пәні бойынша дәрістер жинағы:

Тақырып 1. Экономиканы дамытудағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру ролі

Сұрақ:


  1. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың мәні.

  2. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың мақсатттары

  3. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың негізгі бағыттараы

  4. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың және нормалаудың принциптері.

1. Қоғамның басты өндіргіш күші – адамдар. Қанадай салада немесе қай кәсіпорында болса да өндірістің нәтижесі адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан еңбекті ұйымдастыруға әрқашан назар аударылуы қажет.

Ұйымдастыру деген ұғым тәртіпке, белгілі бір жүйеге келтіруді талап етеді. Қандай еңбек ұжымын алсақ та ол адамдардан құралады. Адамдардың әр тобына немесе әрқайсысына нақтылы тапсырма беріледі де, осы тапсырманы орындауға қажетті өндіріс құралдары бекітіледі және жағдай туғызылады. Осы адамдардың еңбегінің нәтижесі әркімнің өз міндетін жете біліп, оны абыроймен орындауына байланысты. Бұл үшін адамдардың еңбегін дұрыс ұйымдастыра білу қажет.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру деп әрбір ұжымдағы адамдардың еңбегін ғылым мен озат әдістердің жетістіктерінің негізінде реттеп, үнемі жетілдіріп отыруды осы арқылы адамдардың ден саулықтарын сақтай отырып жоғары еңбек өнімділігіне жетуді айтады. Бұл ұғым өндіріс құралдарының неғұрлым ұтымды пайдаланылуын, озық технологияны қолдануды және жұмыс істеу мен дем алуды өзара үнемі үйлестіріп отыруды талап етеді.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру – жұмыс уақытын үнемдеуге, еңбек өнімділігін арттыруға, адамның жұмыс істеу қабілетін неғұрлым ұзақ мерзім бойы жоғары дәрежеде болатындай қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған шаралар жүйесі.

2. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру 3 түрлі мақсатқа жету үшін қолданылады. Олар: экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік мақсаттар.

Экономикалық мақсатқа еңбекті ұйымдастыруды үнемі жетілдіріп отыру арқылы адам күшін үнемдей отырып, еңбектің өнімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз ету және өндіріс құраладарын ұтымды пайдалану кіреді.

Психофизиологиялық мақсат жұмыс орнында адамдарға ең қолайлы жағдай тудыру арқылы олардың жұмысты жақсы істеуін ғана емес, сонымен қатар ден-саулықтарын және жұмысқа қабілеттілігін сақтауды көздейді.

Әлеуметтік мақсат – жұмысшылардың мәдени техникалық дәрежесін арттыруға бағытталған.

Еңбекті нормалаудың басты мақсаты өнім өндіруге қажетті еңбек шығынын анықтау.


  1. Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін әрбір басшы немесе адамдар мен жұмыс істейтін мамадар өз ұжымында мына шараларды іске асыру қажет:

1) Жұмысты бөліп беру, жұмысқа жұмылдыру, еңбек ұжымдарын ұйымдастыру

2) Жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру, реттеу.

3) Жұмыстардың орындалуын жетілдіріп отыру, ол үшін озат тәжірибелерді пайдалану.

4) Адамдарды іріктеу, әркімге өзіне лайық жұмыс тапсыру, адамдардың білімін көтеруіне қамқорлық жасау.

5) Адамдардың жұмыс істеу, дем алу тәртібін ойластырып, қолайлы түрін қолдану.

6) Еңбекті мөлшерлеу, адамдардың еңбекке ынталы болатын жолын тауып қолдану.

7) Еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз ету.

4. Еңбек дұрыс ұйымдастырылуы үшін ол ғылыми негізде, жинақтылы, үйлесімді, нәтижелі және психофизиологиялық түрдегі жүйеге келтірілуі керек.

Ғылыми негізде деп еңбекті ұйымдастыруды жетілдіре беруге арналған шаралардың ғылыми талаптарға сәйкес болуын айтады.

Жинақтылы деген ұғым еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың жан-жақты жүргізілуін, яғни өндірістің барлық бағыттарында, салаларында іске асуын талап етеді.

Үйлесімді түрге еңбекті ұйымдастырудың осы ұйымның нақтылы жағдайларына, ғылыми талаптар мен озық тәжірибенің сәйкестілігі жатады.

Нәтижелі деп еңбек ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты еңбек өнімділігінің, өндірістің тиімділігін артуын айтады.

Психофизиологиялық түрде еңбектің ұйымдастырылуы еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасалып, олардың жұмыс істеп жүрген жеріндегі психофизиологиялық, санитарлық және эстетикалық жағдайлардың туғызылуын талап етеді.

Тақырып 2. Еңбек процесін ұйымдастыру

Сұрақ:


1. Еңбек процесстерін жіктеу.

2. Өндірістік операция

Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы.

Негізгі өндіріс процесі деп өнімнің негізгі түрлерін шығаруға бағытталған бір-бірімен технологиялық жүйелілікте біріктірілген негізгі және көмекші операциялардың жиынтығын айтамыз.

Операция - бір не бірнеше жұмысшы қолмен немесе еңбек құралдарының көмегімен белгілі бір еңбек затын өңдеу процесінің бір бөлігі. Операцияларды біруақытта бірнеше жұмыс орындарында,сонымен қатар бір жұмыс орнында бірнеше жұмысшы орындауы мүмкін.

. Негізгі өндіріс процесі

Негізгі операциялар Көмекші операциялар

1) дайындық операциялар 1) транспорттық операциялар

2) технологиялық операциялар 2) қызмет етуші операциялар

3) тексеру операциялар

4) табиғи операциялар

5) қорытындылау операциялары




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет