ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 1.5 Mb.
бет1/8
Дата09.09.2017
өлшемі1.5 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-17.1.51/03-2014


ПОӘК

«Экономика және өндірісті ұйымдастыру» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар


№1 басылым


5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары студенттері үшін

мамандықтары студенттері үшін

«Экономика және өндірісті ұйымдастыру »



ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей- 2014




Мазмұны

1. Глоссарий

2. Экономика және өндірісті ұйымдастыру пәні бойынша дәрістер жинағы

3. Практикалық сабақтар мазмұны

4. Студенттердің өздік жұмысы

1. Глоссарий

Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым. Банкроттық кәсіпорындардың жабылуына не таралуына әкеліп соқтырады. Банкротқа ұшырағандар қарызды өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық дағдарыс кезінде банкрот етек алып, барлық саланы бірдей банкроттықа ұшыратуы мүмкін, бұл еңбекшілердің тұрмыс-жағдайын нашарлатады, жұмыссыздар санын көбейтеді, т.б.

Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның жалпы табысынан барлық өнімге (жұмысқа) кеткен шығынды алып тастағандағы пайда.

Жалпы өнім-кәсіпорындар мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл) өндірілген өнімнің (жұмыстың) жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері.

Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқарунәтижесінде тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп мекемелеріне жән жеке адамдарға түсетін ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер.

Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығындары қоғамның өнімдері өндіруге жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай шығындары болып бөлінеді. Қоғамдық өдіріс шығындарына өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс құрал – жабдықтары бағасының бір бөлігі әне қажетті еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын анықтайды. Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай түріндегі шығындары сол өнімнің өзіндік құны түрінде әрекет етеді. Өндіріс шығындарының бұл бөлігіне материалдық қорларға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жатады. Тауар өндірісі кезіндегі өндіріс шығындары құн түрінде көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс шығындары өндірілген өнімнің құнына тең болады.

Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш.

Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың айналым қаржылары өндірістік қор жасауы үшін, аяқталмай қалғанөнім қалдықтарын, дайын өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен өндірістің басқа қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады.

Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады, кіреді. Айналым қорларының негізгі элеметтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын ыдыс, өндірісте аяқталмай қалған өнім шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдардың шығындары т.б. айналым қорлары кәсіпорынның айналым қаржылар есебінен алынады.

Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауспалы айналым ақша түріндегі түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі.

Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын не саланың белгілі бір уақыт ішінде шығырған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері.

Негізгі шығындар-өнімді жасайтын технологиялық процесттермен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материал, энергия, амортизация, т.б.)

Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі қорға деген суранымы өндіріс көлеміне анықталады.

Негізгі қорлар-кәсіпорынның өдіріс құралы мен еңбек құрал жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдалынылатын өндіріс құрал – жабдықтары негізгі қорға жатады.

Өнім, бұйым-белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының шығарған өнімнің жиынтығы.

Өндіріс қуаты-өндіріс құрал– жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі бір саланың, кәсіпорының, цехтің тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудаң жоғары қабылеттілігі, мүмкіндігі.

Өндіріс циклі, айналымы-еңбек заттарын өнімді әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейін өндіріс процессінде болу мерзімі, уақыты.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Амортизация – ғимарат, машина, т.б. ұсталуына, тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна.

Аренда – жерді, малды, егістікті, кәсіпорынын, оның бөлімшелерінің, құрлысты, техниканы, үйді, мүлікті уакытшанемесеұзақ мерзімге пайдалану үшін жасалған шарт бйынша белгіленген жағдайда жалдап алады немесе жалға береді. Келісілген аренда ақысын төлейді немесе өнімін береі, жұмыс көлемін, қызметтерді орындап түрал\ды, жерді және басқаны жалдап алу – ол жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады, береді. Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға беруге рұқсат етіледі.

Еңбек биржасы – бұл жұмысшы күшін, еңбекті алып – сату кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы делдалдық қызметті жүйелі атқаратын мемлекеттік мекеме.

Сыртқы сауда – бір елдің, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелуі (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Сыртқы сауда экспорт пен импорттан құралады. Белгілі кезінде тауарлар экспорттың құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады.

Жүк айналымы – белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.

Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз қайталанып, жаңғыртылып отырылуы.

Жүк айналымы- белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.

Демпинг- бәсеке күрес түрлерінің бірі. Негізінен сыртқы рынокторды иелену үшін қолданылады.

Диверсификация- жан-жақты даму. Өндіріс диверсификациясы- бір-бірімен байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өнімнің таңдаулы жиынтығының ұлғайып отыруы.

Дивиденд- акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, яғни акция иесінің табысы.

Дотация- өндірілген өнім тиімділігі түрлі себептерден төмендеуі салдарынан кәсіпорындарға белгілі бір шығындарының орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақы.

Нарық сыйымдылығы- нарықта мүмкіндігінше сатылатын тауар мөлшері. Сұраныстың төлем қабілетіне қарай анықталады.

Заем, қарыз- белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясы. Белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат.

Импорт – елдің ішкі нарығына шетелден тауар әкелу.

Инвентаризация- мүлікті, ақшаны түгелдеу, мүліктерді тізімге алу. Мүліктің түгелдігін, дұрыс сақталуын және қаржы сметасының, есеп айырысу тәртібінің дұрыс жүргізілуін бақылаудың және меншік пен қоймадағы мүліктің есепке сәйкестігін тексеріп, түгендеп отыру.

Инвестициялық саясат- халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал салу. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешу бағытта шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдердің жиынтығы.

Инвестиция- пайда не табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығының саласына: кәсіпорындарға күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.

Интеграция- кейбір өндіріс бөлімдерінің немесе оның элементтерінің басқа салалармен бірігуі.

Еңбек қарқындылығы- белгілі бір уақыт өлшемі ішінде жұмсалған еңбектің деңгейімен, көлемімен анықталатын еңбек қарқыны.

Өндірісті интенсивтендіру- қоғамдық өндірісті дамыту бағыты, мұнда өнімнің үстеме өсуі, ұлттық табыстың көбеюі ең алдымен сапаның өзгеруінің, еңбек өнімділігінің артуы, материалды үнемдеп пайдалану, өндіріс қорларын және қуатын пайдалануды жақсарту, күрделі қаржы тиімділігін арттыру, өндіріс пен еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.

Инфляция- ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы. Елдің айналымдағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы, яғни ақша айналымының мейлінше тұрақсыз болуы.

Инфрақұрылым- экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы.

Ипотека- қозғалмайтын мүліктерді кепілге алу арқылы банкілердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.

Кадастр- уақтылы бір жүйеге келтіріп жасалатын керекті объектілерді бағалау тізімі туралы мәліметтер жиынтығы.

Калькуляция- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу.
2 Экономика және өндірісті ұйымдастыру пәні бойынша дәрістер жинағы:

Тақырып 1. Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (2 сағат)

Дәріс жоспары:



  1. Кәсіпорын түсінігі, негізгі мақсаты және міндеттері

  2. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орта элементтері

  3. Кәсіпорындардың жіктелуі

  4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

Дәріс:

1. Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.

Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:



  1. Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;

  2. Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;

  3. Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.

Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

  1. Пайда алу және оны өсіру

  2. Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету

  3. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау

  4. Сапалы өнім шығару

  5. Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау

  6. Өз қызметін дамыту

2. Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер:

А) Өндіріс қорлары

Б) Адамдар

В) Ақпарат

Г) Қаржы

Капитал – қосымша құн әкелетін кез келген құндылық.

Кәсіпорын қорлары – экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.

Материалдық қорлар.

Капитал, негізгі және айналым.

Жер қорлары.

Энергетикалық қорлар.

Материалдық емес қорлар – өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-заттық формасы жоқ қорлар.

Авторлық құқық.

Патент.


Сауда маркалары.

Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с.

Еңбек қорлары.

Еңбек


Кәсіпкерлік қабілет.

Қаржы қорлары (экономикалық емес) – кәсіпорында бар ақша:



  • өзіндіке – жарғылық капитал, пайда, амортизациялық қор және т.с.с.

  • келтірілген.

  • қарызды.

  • Басқа түсімдер – сақтық төлемдер, мемлекеттік бюджеттен түскен ақша, дивидендтер және с.с.

Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері:

А) Мемлекеттік органдар

Б) Кәсіпорындар – бәсекелестер, әріптестер, серіктестер.

В) Тұтынушылар

Г) Кәсіпорын қасында тұратын халық

3. Кәсіпорындардың жіктелуі

Жіктеу факторлары:

1) Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары. Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды.

2) Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері.

3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері:

а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту)

б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы)

в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі

г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі

д) энергия шығындары

е) қоршаған орта жағдайына қарай

ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне

з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай (ландшафтысы, климаты және с.с.)

и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай

4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады.

5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады.

6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай

4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.

  1. Шаруашылық серіктестіктер.

Шаруашылық серіктестіктер – белгілі бір мақсаттарға жету мақсатымен кәсіпкерлердің бірігуін айтады. Екі не одан көп қатусышысы болу керек. Табыс енгізген капитал үлесіне сәйкес бөлінеді. Барлық серіктестер ұйымның жұмысына міндетті түрде қатысу керек. Жалданды еңбек қолдана алады. Екі түрі бар:

1)Толық серіктестік. Оның мүшелері кәсіпорын қарыздары үшін бүкіл мүлігімен жауап беруге тиіс. Сондықтан да бұл ең сенімді ұйымның түрі. Әр серіктес ұйым атынан басқалардың келісімінсіз қызмет ете алады.

2)Коммандитті серіктестіктер. Мұнда толық серіктестермен бірге жай салымшылар коммандитисттер бола алады. Коммандитисттер компанияны басқаруға қатыспайды, тек енгізген капиталдан процент түрінде пайда алады.

2.Шаруашылық қоғамдар.

Шаруашылық қоғам – коммерциялық мақсаттарға байланысты капиталдардың бірігуі. Міндетті түрде жарғысы және құрылтай келісім шарты болу керек. Қоғамның жұмысына қатыспауға да болады. Түрлері:

  1. ЖШҚ – Жауапкершілігі шектелген қоғамдар: Мүшелердің жауапкершілігі олардың салымдар мөлшерімен ғана шектелген. Қатысушылар саны шектелмеген. Ең сенімсіз кәсіпорын формасы.

  2. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам: мүшелері қоғам қарыздары бойынша бүкіл мүлігімен өз салым үлесіне пропорционалды жауап береді.

  3. АҚ: Жарғылық капитал бірдей үлестерге – акцияларға бөлінеді. Түрлері:

  4. ЖАҚ: Акциялар акционерлердің көпшілігі берген рұқсатымен ғана сатылады. Қоғам мүшелері арасында ғана қолданылады.

  5. ААҚ: акциялар еркін сатылады.
3.Өндірістік кооперативтер

– бұл бірлескен өндірістік және шаруашылық қызмет жүргізу мақсатымен адамдардың бірігуі. Әр құрылтайшы кооператив жұмысына тікелей еңбек ету қажет. Жалданды еңбек қолдануға тыйым салынады. Табыс істеген еңбек үлесіне қарай бөлінеді. Жауапкершілік – берген салым (пай) мөлшерінде.
4.Унитарлы кәсіпорын.

Мұнда мүлікке меншік құқығы болмайды, барлық қызметкерлер жалданды болады.

Екі түрі бар:

Шаруашылық жүргізу құқығы бар: кәсіпорын қарыздары бойынша мемлекет жауап береді.

Оперативты басқару құқығы бар: (қазыналық кәсіпорындар) тек мемлекет ие болады (мысалы қорғаныс өнеркәсібі).

Кәсіпорындар ұйымдарға біріге алады:

Ұйымдардың келесі түрлері болады:

Корпорация – акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше кәсіпорындардың бірігуі, кіретін кәсіпорын қарыздары үшін жауап береді.

Концерн – келісімдік монополиялық бірлестік, шоғырландыру, кооперациялау, мамандану және интеграциялау артықшылықтарын қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі.

Консорциум – ірі экономикалық бағдарламаны орындау үшін кәсіпорындардың уақытша бірігуі.

Картель – нарықтарды бөлу, баға деңгейі, өнім өңдіру үлесі, төлем жасау мерзімдері және т.б. бойынша жасалынған келісім.

Трест – кәсіпорындар өз дербестігінен толығымен айрылады, бір орталыққа бағынады.

Синдикат – жабдықтау және өткізу сұрақтары бойынша қызметті жетілдіру мақсатымен ерікті түрде бірігу түрі.

Холдинг – акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алу үшін қолданады және оларға басқару жүргізеді.

Қаржылы-өнеркәсіптік топтар – ірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатымен өз активтерін біріккен заңды тұлғалар жиынтығы.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

    1. Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады?

    2. Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер?

    3. Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері?

    4. Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз.

    5. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары

    6. Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары.

    7. Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз.

Әдебиет

1. ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:

2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 59-71 б

3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б.

4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2000 г., 75-111 б

5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2001 г., 11-35,42-72 бб.

6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б

Тақырып 2. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары (3 сағат)

Дәріс жоспары:



  1. Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы.

  2. Негізгі қорларға баға беру.

  3. Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі

  4. Негізгі қорлардың амортизациясы

  5. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер

Дәріс

1. Негізгі өндірістік қорлар, түсінік беру және құрамы.

Негізгі капитал (негізгі қорлар,айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) – бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед.мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді. Өндірістік қорлар өз кезегінде активті (өндірістік процеске тікелей қатысатын) және пассивті (өндірістік процеске жағдай жасайтын) бөліктерге бөлінеді. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Натуралдық баға беру дегеніміз – олардың өндірістік сипаттамасын беру деген сөз.

Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері:


  1. Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.);

  2. Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.);

  3. Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері, т.б.)

  4. Машиналар және жабдықтар:

а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін шығарады);

б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді);

в) Өлшеу және реттеу аспаптары;

г) Есептегіш техника және т.б.



  1. Көлік құралдары;

  2. Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа құралдар);

  3. Өндірістік және шаруашылық жиһаз;

  4. Жұмысшы және өнім беретін мал;

  5. Көпжылдық өсімдіктер;

  6. Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;

  7. Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор).

Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.

2. Негізгі қорларға баға беру.

Негізгі қорларға баға беру келесі құн түрлері бойынша жүргізіледі:



  • Негізгі қорлардың бастапқы құны, оларды сатып алу жылы болған бағаларға, жеткізу шығындарына және құру және қою құнына тәуелді болады.


Бастапқы құны


Жеткізу шығыны


Негізгі қорлар бағасы


Қою (монтаж)

= + +


  • Қайта есептеу құны – берілген жыл бағалары бойынша негізгі қорларды жасау немесе сатып алу құны (қайта бағасын анықтау мезетіне байланысты):


Қайта есептеу құны


Бастапқы баға


Қайта есептеу коэффициенті

= *



Қайта есептеу құны


Қалдық бағасы


Қайта есептеу коэффициенті

= *


  • Қалдық құны бойынша – қорлардың тозуын есебке алу:


Амортизация


Қалдық бағасы


Бастапқы баға

= —


  • жою құны бойынша – баланстан шығарылатын қордың бағасы

  • баланстық құны бойынша – бухгалтерлік баланстың бірінші бөлімінде жазылатын құн

3. Негізгі қорлардың тозуы, ұдайы өндірісі

Тозу – негізгі қорлардың өндірістік процеске қатысу нәтижесінде өз құнын жоғалтуын сипаттайды. Негізгі қорлар оларды қолдануға немесе қолданбауға тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрі бар: табиғи және моральдык. Табиғи тозу – негізгі қорлардың пайдалануға немесе қоршаған ортаның ықпалына байланысты өз тұтынушылық, өнімді қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп қалады. Табиғи тозу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады.



Кт.т.= Қт/Қбас,

Мұндағы Қт – тозу құны, Қбас – бастапқы құны

Моральдық тозу – негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік факторларға байланысты). Моральдық тозу түрлері:


  1. Өндірістік: берілген қорды өңдіру шығындары азаюдың нәтижесінде болатын тозу.

Т = Қб – Ққ.е.

2. Экономикалық: берілген қор бағасына тең бірақ оған қарағанда өнімділігі жоғары қорлардың пайда болуы: П. Г. Бунича формуласы бойынша:

Т = Қбе – Қбе/(Өе*Тне) – (Қбж*Тқ*Өе)/(Өж*Тнж)

Мұндағы: Қбе, Қбж – ескі және жаңа машинаның бастапқы құны

Өе, Өж – ескі және жаңа машинаның жылдық өнімділігі

Тне, Тнж – ескі және жаңа машинаның нормативтік қызмет ету мерзімі, жыл

Тқ – Ескі техниканың қалған қызмет ету мерзімі, жыл

3. Маркетингтік: берілген машинаға сұраныстың өзгеруіне байланысты, нарықтағы өзгерістерге байланысты бағаның төмендеуі. Формуласы өндірістік моральдык тозуға сәйкес анықталады.

Тозу амортизация түрінде есептеледі.

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – негізгі қорлардың құнын қалпына келтіру және өсіру шараларының жиынтығы. Интенсивті (сапасы жағынан) және экстенсивті (саны жағынан) болуы мүмкін. Түрлері:

А) Жаңа құрылыс; Б) Қайта құру; В) Өндірістің кеңеюі; Г) Техникалық қайта қарулану; Д) Модернизация (жаңарту); Е) Қорды ауыстыру; Ж) Жөндеу (күрделі, орташа, ағымдағы, бақылау)

4. Негізгі қорлардың амортизациясы

Амортизация – бұл негізгі қорлар құнының шығарылған өнім құнына біртіндеп түсу процесі. Амортизацияның жылдық сомасы негізгі қорлардың қызмет ету мерзіміне тәуелді болады және амортизация нормалары негізінде құрылады. Амортизацияның жылдық көлемі келесі формула арқылы табылады:





Корт – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.

Тенг – қорды енгізу айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.

Кенг – енгізілетін қорлар құны.

Ешығ – шығарылатын қорлар құны.

Тшығ– қорды шығару айынан бастап жылдың аяғына дейін қалған ай саны.

Na – амортизация нормасы.

Амортизация нормасы – қорларды толығымен қалпына келтіру үшін амортизациялық төлемдердің нормасы:

Na = (Қбал – Қжою)*100 % /(Қбал*Тн)

Қбал, Қжою – қордың баланстық және жою құны



5. Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер

 Көрсеткіштердің екі түрі бар:

Жалпылама сипаттама беретін:


  • Қор қайтарылымдылығы – негізгі қордың әр бірлігінен шығарылатын өнім көлемі.



  • Қор сыйымдылығы – өнімнің бірлігіне жұмсалатын негізгі қор мөлшері.



  • Қорлармен қарулану деңгейі – бір адамға саналған негізгі қор құны.

Аорт.т. – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа тізімдік саны.

Сапалық көрсеткіштер – негізгі қорлардың сапасын сипаттайды:

Жаңару коэффициенті = Қенг/Қж.бас.; ҚКж.бас – жыл басындағы НӨҚ құны

Шығу коэффициенті =ҚКшығ /Қж.аяғ; Қж.аяғ – жыл аяғындағы НӨҚ құны

Тозу коэффициенті – жоғарыда формуласы көрсетілген

Негізгі қорлардың өсім коэффициенті = (Кенг – Кшығ)/Қж.аяғ

Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті = (Қбаст – тозу құны)/Қбаст

2. Негізгі қорларды жеке қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштер жабдықтардың немесе өндірістік ғимараттардың жеке топтарын қолдану тиімділігін сипаттайды.

Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті = Өі.ж./Өпаспорт (өнімділігіне қарай)

Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті = Ті.ж./Тнәт (уақытына қарай)

Жабдықты интегральды пайдалану коэффициенті = Ки*Кэ (қуатына қарай)



Нәтижелі уақыт қоры:

Экономикалық есептеулерде 3 түрлі уақыт қоры қолданылады:



  • Күнтізбелі уақыт қоры:Tk=365

  • Номинальды уақыт қоры – заң бойынша белгіленген уақыт қоры:

  • Тнк-(Мейрамдар+Демалыс күндер)

  • Нәтижелі уақыт қоры – пайдалы жұмыс істеу уақыты:

Тэффк-(Мейрамдар+Демалыстар)-Ткүрд.жөндеу

  • Ауданның 1 шаршы метрінен алынатын өнім = ТӨ/S

  • Сменалық коэффициент = Жұмыс істелінген станко-сменалардың саны/қойылған жабдық саны

  • Жабдықты тиеу коэффициенті = жоспарды орындауға қажет уақыт қоры/нәтижелі уақыт қоры

  • Жабдықты күрделі жөндеуден өткізуге кеткен шығындардың экономикалық тиімділігі:

Эк.ж. = Бжаңа – (Шк.ж. + Үқ*Т)

мұндағы Бжаңа— жаңа машинаның бағасы (қайта есептелінген құны); Шк.ж. — берілген машинаны күрделі жөндеуден өткізу шығындары; Үқ — жаңа және ескі машинаны қолданудан түсетін шығын үнемі; Т — жөндеуаралық мерзім (жыл).



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Негізгі капитал дегеніміз не?

  2. Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын білесің бе?

  3. Тозу дегеніміз не және оның түрлері?

  4. Амортизация?

  5. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері?

Әдебиет

  1. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 159-185 б.

  2. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 150-167 б

  3. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 146-165 б.

  4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 12-24 б

  5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 4-8 б

Тақырып 3. Кәсіпорынның айналым қаржысы (2 сағат)

Дәріс жоспары:



  1. Айналым қаржысы туралы түсінік.

  2. Айналым қаржының қалыптасу көздері

  3. АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

  4. Айналым капиталын басқару

  5. Қорларды басқару модельдері

Дәріс


1. Айналым қаржысы – бұл ақшалай формада айқындалатын айналым қорлары мен айналыс қорларының жиынтығы. Айналым қорлары өндіріс процесіне қатысса, айналыс қорлары айналыс өрісінде қолданылады.

Айналым қорлары – бір цикл ішінде толығымен тұтынылатын еңбек заттары. Айналым қорлары өз құнын дайын өнімге бірден түсіреді және өзінің натуралдық заттық формасын өзгертеді.

Айналым қаржының құрамы:

Айналым қаржысы

Айналым қорлары

Айналыс қорлары

Өндірістік қорлар

Аяқталмаған өндіріс

Болашақ мерзімнің шығындары

Дайын өнім

Жібеілген, бірақ әлі төленбеген өнім

Қосымша қорлар

Шикізат, материалдар, запас бөлшектер және с.с

Жұмыс орындарында қалған өндіріс процестегі еңбек заттары

Жаңа өнімдерді құрастыруға, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жұмыстарға арналған шығындар, болашақ мерзім өзіндік құнына кіреді.

Тексеруден өткен және қоймада орналасқан дайын өнім

Кәсіпорын есеп шотына төлемі әлі түспеген, бірақ жөнелтілген өнім

Кассадағы ақша, есеп шоттағы ақша, дебиторлық қарыздылық және т.с.с

Айналым қорлары үздіксіз қозғалыста болып үш кезеңнен өту қажет: өндірістік, тауарлық және ақшалай кезеңдерден.

Айналым қаржысы екі бөліктен тұрады: тұрақты және өзгермелі капиталдардан.

Тұрақты айналым капиталы (синонимы: ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) — бүкіл операциялық цикл ішінде олардағы қажеттілік мөлшері салыстырмалы тұрғыдан тұрақты болатын ағымдағы активтер.

Өзгермелі айналым капиталы (вариацияланатын ағымдағы активтер) — операциялық циклдың ең шиеленісті кезеңдерінде олардағы қажеттілік пайда болатын ағымдағы активтер бөлігі.

Ағымдағы міндеттемелер — мерзімі бір жылдан артық болмайтын қарыздар.

Таза айналым капиталы — ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы айырмаға тең болатын көрсеткіш. Оның жетіспеушілігі компанияның жоюылуына әкелу мүмкін. Бұл көрсеткіштің деңгейі компания қызметінің тәуекелділігімен және рентабельділігімен тығыз байланыста болады.

Активтер мен пассивтер арасындағы ара-қатысқа байланысты ағымдағы активтерді қаржыландырудың төрт стратегиясын көрсетуге болады: идеальды, консервативты, агрессивты және компромисты. Таза түрде ешқандай стратегияны қолдануға болмайды. Қорларға басқару саясатын оңтайландырғанда келесі есебке алынады:


  • тапсырыс жасалғанда қолданылатын қор деңгейі;

  • қорлардың минимальды мүмкін деңгейі (сақтық қор);

  • тапсырыстың оңтайлы партиясы.

2. Айналым қаржының қалыптасу көздері

1. Өзіндік АҚ:



  • айналым капиталы - меншік иелерінің қаржысы

  • пайда — негізгі көзі;

  • тұрақты пассивтер (өзіндік капиталға теңестірілген қаржы):

  • -еңбек ақы бойынша қарыз;

  • -бюджет бойынша қарыз;

  • -ыдыс бойынша қарыз;

  • -алдын ала төленген қаржы.

image52

2. Келтірілген қаржы:

  • қарызды (несиелер);

  • мемлекеттік несие;

  • басқа (мақсаты бойынша пайдаланбағана қорлар мен резервтердің қалдықтары).

АҚ нормалау – айналым қорларының минимальды қажет, экономикалық тұрғыдан дәлелденген деңгейін анықтау процесі. Норма көбінесе күндермен есептелінеді

АҚ нормативі— кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін ақшаның минимальды сомасы.

АҚ нормасы келесі формула бойынша анықталады (Нақ):

image53

(3.2)

мұндағы Тағ — ағымдағы қор (ең үлкен үлес алатын қор); Стр — сақтық қор; Тран — транспорттық қор; Техн — технологиялық қор; Пр — қабылдау уақыты.

Ағымдағы қор:



image54

(3.3)

мұндағы Сп — жеткізу құны; И — жеткізулер аранысндағы уақыт интервалы.

Сақтық қор



image55

(3.4)

Транспорттық қор жүк айналымы мерзімдерінің (тауарды жабдықтаушыдан сатып алушыға дейін жеткізу уақыты) құжат айналымы мерзімдерінен асуын сипаттайды.

Технологиялық қор — материалдарды өндірістке даярлау уақыты.

АҚ нормативы келесі түрде табылады

Нақ = Р* На.ос                                                                       (3.5)

мұндағы Р — АҚ орташа күндік шығыны; На.ос — АҚ нормасы. Келесі формуланы да қолдануға болады



image56

(3.6)

мұндағы В — мерзім ішінде АҚ элементі бойынша шығын (шығару) көлемі (теңге; Т — мерзім ұзақтығы (күн); На.ос — АҚ элемент бойынша нормасы (күндер). Аяқталмаған өндіріс бойынша АҚ нормативы

image57

(3.7)

Мұндағы Пц — өндірістік цикл ұзақтығы; К — шығындардың өсім коэффициенті, біркелкі өсу жағдайында ол келесі формула б-ша табылады:

image58

(3.8)

мұндағы Фе — біруақыттық шығындар; Фн — өсіп жатқан шығындар; С/С — өзіндік құн. Біркелкі емес өсу жағдайында

К = С/П                                                                                      (3.9)

мұндағы С — бұйымның аяқталмаған өндірістегі орташа құны; П — бұйымның өндірістік өзіндік құны.

Басқа формуласы:



К – шығыны өсімі коэффициенті, М – өнім өзіндік құнындағы материалдық шығындар, С – өнімнің өзіндік құны.

К-ны, көбінесе, өндіріс ортасы нүктесінде анықтайды:

Шығын


С

М

Уақыт



Болашақ мерзімдер шығындарының нормативы



image59

(3.10)

мұндағы П — болашақ мерзімдер шығындарының жоспарлы жылдың басына өтетін сомасы; Р — сметалар бойынша көзделген келесі жылдың болашақ мерзім шығындары; С — келесі жылдың өнімінің өзіндік құнына қосылатын болашақ мерзім шығындары.

Сондай-ақ келесі формула қолданылады:



мұндағы αб.п. – болашақ өнім өзіндік құнында болашақ мерзім шығындарының алатын үлесі;

Ст.п. – болашақ мерзімнің тауарлық өнімінің өзіндік құны.

Дайын өнім нормативы



3. АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

1. Бір айналым ұзақтығыо)

image60

(3.11)

мұндағы Со — мерзім ішінде АҚ қалдықтары; Тпер — мерзімдегі күндердің саны; Vреал — өткізілген өнім көлемі.

2. Айналымдылық коэффициенті белгілі бір мерзім ішінде АҚ жасаған айналым саны



image61

(3.12)

3. АҚ тиеу коэффициенті, өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы АҚ сомасын көрсетеді

image62

(3.13)

Айналымдылықты өсірудің нәтижесінде АҚ белгілі бір сомасы үнемделеді.

Абсолютті үнем келесі жағдайда болады



image63

(3.14)

мұндағы Со.факт — АҚ іс жүзіндегі қалдықтары; Со.план — жоспарлы көлемі; Vреал — өткізу көлемі. Абсолютті үнем келесі формула бойынша анықталады

image64

(3.15)

АҚ салыстырмалы үнемі айналымдылықты өндіріс көлемін өсіру арқылы пайда болады

4. Айналым капиталын басқару

Қорларға оңтайлы басқару жүргізу үшін мыналар қажет:



  • жоспарлы мерзімге шикізаттағы жалпы қажеттілікті анықтау;

  • шикізатқа тапсырыс берудің оңтайлы партиясын және тапсырыс жасау мерзімін мерзім сайын түзетіп тұру;

  • шикізатқа тапсырыс беруге және оны сақтауға кеткен шығындарды мерзім сайын түзету және салыстырып тұру.

  • Қорларды сақтау жағдайларын бақылап тұру;

  • Жақсы есеп жүргізу жүйесін қолдану;

Қорларға талдау жасау үшін айналымдылық көрсеткіштері және факторлық модельдер қолданылады. Аяқталмаған өндіріске оңтайлы басқару жүргізгенде келесі факторлар есебке алынады:

  • Аяқталмаған өндіріс көлемі өндіріс ерекшелігіне және көлеміне тәуелді болады;

  • Тұрақты қайталанатын өндірістік процестер үшін айналымдылықтың стандартты көрсеткіштерін қолдануға болады;

  • Аяқталмаған өндіріс өзіндік құны үш бөліктен тұрады: а) шикізат пен материалдардың тура шығындарынан; б) тірі еңбек шығындарынан; в) үстеме шығындарының бір бөлігінен.

  • Дайын өнімге оңтайлы басқару жүргізу үшін келесі факторларды есебке алу керек:

  • өндірістік цикл аяғы жақындаған сайын дайын өнім өсе береді;

  • ажиотажды сұраныстың болу мүмкіндігі;

  • маусымды тербелістер;

  • жатып қалған және сұранысы аз тауарлар.

Жиһазға қаржы салу екі түрлі тәуекелмен байланысты болады:

а) бағалардың өзгеруі;

б) моральды және табиғи тозуы.

«Дәл уақытында» жеткізу жүйесі (just-in time) келесі жағдайда тиімді болады:



  • ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жақсы ұйымдастырылған болса;

  • жабдықтаушылардың сапаны және жеткізуді бақылаудың жақсы жүйелері бар болса;

  • компанияда қорларды басқарудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі болса.

Сатып алушылармен тиімді қарым-қатынас жасау жүйесі келесіні көздейді:

  • несие беруге болатын клиенттерді сапалы түрде таңдау;

  • оңтайлы несие беру шарттарын анықтау;

  • арызды берудің нақты процедурасы;

  • клиенттердің келісім шартты орындауын бақылау жүйесі.

Әкімшілік жасаудың тиімді жүйесі келісіні көздейді:

  • дебиторларға барлық сұрақтар бойынша мерзім сайын мониторинг жүргізу;

  • жұмыстарды аяқтау, өнімді жіберу, төлем қағаздарын беру арасындағы уақыт интервалдарын ең аз етіп жасау;

  • төлем құжаттарын қажет мекен-жайларға жіберу;

  • клиенттердің төлем жасау жөнінде сұрауларын тыңғылықты қарастыру;

  • есеп-айырысу және төлемді алудың нақты процедурасын анықтау.

Кредиторлық қарыздылықты басқарудың алтын ережесі: іскерлік қарым-қатынасқа нұқсан келтірмей қарыздылықты төлеу мерзімін максимальды ұзарту. Ақшаның және оған эквивалентті қаржының көлемі үш фактормен анықталады: ағымдылықпен (ағымдағы операцияларды қамтамасыз ету), алдын-ала сақтану (кенет пайда болатын төлемдерді жабу үшін), алып-сатарлық (кенет пайда болған тиімді жобаға қатысу үшін). Ақшаны тиімді басқару үшін банкілермен қарым-қатынастарды жақсарту қажет. Ақшаның айналымнан алу уақыты деп аталатын қаржы циклы, қаржы менеджментінің аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Ақша қозғалысын талдау арқылы ақша ағынының сальдосын ағымдағы, инвестициялық, қаржы және басқа операция нәтижесінде анықтауға мүмкіндік береді. Ақша ағынын болжау үшін келесі көрсетікштерге баға беру керек: өткізу көлемі, табыстың ақшалай үлесі, дебиторлық және кредиторлық қарыздылық, ақша шығындарының көлемі және т.б.

5. Қорларды басқару модельдері

Басшылар келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: а) ақшаның және оның эквиваленттерінің жалпы көлемі қандай болу керек? б) олардың қай бөлігі есеп шотында, қай бөлігі тез өткізілетін бағалы қағаздарға аударылу тиіс? в) қашан және қандай көлемде ақша мен тез өткізілетін активтер арасында өзара трансформация жасалыну керек.

Батыста ең кең таралған модельдерге Баумол моделі және Миллер — Орр моделі жатады. Біріншісі В. Баумол (W. Baumol) 1952 жылы, ал екіншісін — М. Миллер (М. Miller) және Д. Орр (D. Оrr) 1966 жылы құрастырды. Бұл модельдерді отандық экономикаға енгізуге келесі факторлар кедергі болып жатыр: инфляция, пайыздық ставкалардың үлкен болуы, бағалы қағаздар нарығының нашар дамуы және т.с.с.

Баумол моделі

Кәсіпорын мақсатқа сай және оңтайлы ақша қорымен жұмыс істей бастайды да оны біртіндеп шығындайды. Тауар өткізуден түсетін ақшаны кәсіпорын толығымен қысқамерзімді бағалы қағаздарға салады. Ақшаның қоры біткеннен кейін, яғни нольге немесе алдын ала белгіленген қауіпсіздік нүктесіне тең болғанда кәсіпорын бағалы қағаздардың бөлігін сатып қайтадан бастапқы ақша көлемін қамтамасыз етеді. Сонымен, ақша динамикасы “ара” тәріздес графикке ұқсайды (сур 1).



wpe10.jpg (5633 bytes)

Сур. 1. Баумол моделі бойынша ақшаның өзгеру графикі

Толтыру сомасы (Q) келесі формула бойынша анықталады






image77

(3.17)

мұндағы V — мерзім ішінде ақшадағы болжанатын қажеттілік мөлшері (жыл, тоқсан, ай);

с — ақшаны бағалы қағаздарға конвертация жасау шығындары;

r— қысқа мерзімді бағалы қағаздардың кәсіпорынға оңтайлы, жеткілікті табыс пайызы, мысалы, мемлекеттік бағалы қағаздарға.

Сонымен, ақшаның орташа қоры Q/2 тең, ал бағалы қағаздарды ақшаға айналдыру келісімдерінің жалпы саны (k) былай табылады: к = V : Q                                                                     

Ақшаны басқарудың бұл саясатын іске асырудың жалпы шығындары (ОР) былай табылады:

OP= ck + r Q/2                                                                    

Бұл формуладағы бірінші қосылғыш тура шығындар болса, екіншісі ақшаны бағалы қағаздарға салудың орнына оны есеп шотқа салу нәтижесінде болатын ұтылыс мөлшері.

  Миллер — Орр моделі

Баумол моделі көбінесе, ақша шығындары тұрақты және болжанатын кәсіпорындарда қолдануға болады. Іс жүзінде ондай кәсіпорындар сирек кездеседі, есеп шоттағы ақша кездейсоқ түрде өзгеру мүмкін, және шамамен үлкен тербелістер жасауы мүмкін.

Миллер және Орр құрастырған моделі қарапайым және іс жүзіне сай деп айтуға болады. Ол келесі сұраққа жауап беруге мүмкіндік жасайды: егер ақшаның кірісін және шығысын дәл болжауға болмаса, кәсіпорын ақшаны қалай басқара алады? Миллер және Орр модель құрастырғанда Бернулли процесін қолданды — бұл стохастикалық процесс, мұнда мерзімнен келесі мерзімге ақшаның түсімі және шығыны тәуелсіз кездейсоқ оқиғалар ретінде саналады.

Қаржы менеджерінің іс-әрекеттері сурет 2-де көрсетілген. Ақшаның шоттағы қалдығы кездейсоқ тұрғыда өзгереді, бірақ егер оның мөлшері белгілі бір жоғарғы шекке жеткен кезде кәсіпорын ақшаны қалыпты мөлшерге жеткізу үшін (қайту нүктесі) сәйкес көлемде бағалы қағаздар сатып алады. Егер ақша көлемі төменгі шекке жетсе, кәсіпорын сәйкес көлемде бағалы қағаздарды сатады.

wpe11.jpg (12274 bytes)

Сур.2. Миллер — Орр моделі.



Өзін -өзі тексеру сұрақтары:

  1. Айналым капиталы дегеніміз не?

  2. Айналым қорларының құрамы мен құрылымын білесің бе?

  3. Айналым қаржысының қалыптасу көздері?

  4. АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді ата ?

  5. Айналым капиталын басқару қандай түрде жүзеге асады?

  6. Қорларды басқару модельдерін білесің бе?

Әдебиет

  1. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 198-220 б.

  2. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 167-194 б

  3. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 165-180 б.

  4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,

2002 ж., 24-36 б

  1. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы

/Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 19-21 б

Тақырып 4. Кәсіпорынның еңбек қорларын дамыту (2 сағат)

Дәріс жоспары:

1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы

2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері

3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет