ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 450.27 Kb.
бет1/3
Дата07.04.2017
өлшемі450.27 Kb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3-деңгейлі СМЖ құжат


ПОӘК



ПОӘК

«Жалпы тіл білімі» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы



№2 басылым

«__» _____ 2015жыл

ПОӘК 042-18-28.1.00/00-2015





5 В 020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған «Жалпы тіл білімі»


ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015
Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс


3 Тәжірибелік сабақтар

4 Курстық жұмыстар (жоба)

5 Білім алушылардың өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ
1. Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.

2. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.

3. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.

4. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.

5. Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған).

6. Натурализм латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.

7. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.

8. Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

9. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.

10. күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады.

11. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.

12. Этнолингвистика – грекше ethnos халық, тайпа) – тілдің халық мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.

13.Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт.

14. Сөйлеу дегеніміз - әрекет.Әрекет белгілі бір нәтижеге жету үшін, бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.

15. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят-хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады.



16. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады.

17. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады.

18. Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.

19. Семиотика - әр түрлі хабарлар, мәліметтер беру үшін қолданылатын таңбалар жүйесі


2 ДӘРІСТЕР
№1 модуль Жалпы тіл білімінің қалыптасуы.

№1 дәріс тақырыбы: Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.


1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері

2. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.

3. Тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы.
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.

Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.



Бақылау сұрақтары:

1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?

2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001

2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974

3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№2 дәріс тақырыбы: Ежелгі дәуір лингвистикасы. Ежелгі Қытай лингвистикасы.

1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар.

2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.

3. Ежелгі Қытай тіл білімінің дамуы.


Қытай – мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған. Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым – Конфуций (Кун-Цзы). Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы – иероглифке негізделген.Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі – көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі – иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі – фонология. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізгі міндеті – тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған.

Бақылау сұрақтары:

1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттарды атаңыз?

2. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай?

3. Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2000

2.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001

3.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974

4.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999
№3 дәріс тақырыбы: Ежелгі Үнді тіл білімі.
1. Көне үнді тіл білімі.Оны туғызған себептер.

2.Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасы.


Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Біздің дәуір алдындағы 6 ғасырларда белгілі болған бұл ескерткіштер жинағын үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл «киелі» жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және «Веда» тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен «Веданың» тілін зерттеген. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады.

Бақылау сұрақтары:

1.Көне үнді тіл білімін туғызған себептер қандай?


2. Яски мен Панинидің қандай еңбектері бар?

3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

2. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
№4 дәріс тақырыбы: Ежелгі Грек тіл білімі. Рим тіл білімі.
1. Грек тіл білімі тарихының даму жолының басталу кезеңі.

2. Грек тіл білімі тарихында филология дәуірімен философтардың тіл жайындағы пікірлері.


Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері – атаудың табиғаты, зат пен оның атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдің қайдан, қалай пайда болғаны және тілдің грамматикасы мен логика арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.

Заттың өз атауына қатысы жөніндегі мәселе Ежелгі Грецияда бірнеше ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі мәселе болған. Олардың Героклит бастаған бір тобы – атау зат тың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит бастаған екінші тобы оған қарсы – зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс – шартты, кездейсоқ байланыс деген тұжырым жасайды.

Ежелгі Грек философтарының тілге байланысты сөз еткен екінші проблемасы – тілдің шығуы жөніндегі мәселе. Бұл мәселеде де олар дұрыс шешімге келе алған жоқ. Грек ғалымдары көтерген тағы бір проблема – грамматикалық мәселелері. Грамматиканы да алғашында философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді, соның бір саласы ретінде, логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған.

Бақылау сұрақтары:

1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?

2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


№5 дәріс тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі. Ш-XVIIIғасырлар лингвистикасы.
1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі.

2.Тіл ғылымындағы  канондық тіл жайлы.


Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет-парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар тілі деп жарияланды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады. Сөйтіп, дін тараған аймақтардағы халықтар өз ана тілімен қатар канондық тілді де қолданды. Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті, киелі кітабы - Құранның тілі болды. Араб тілі оқу пәні болды. Оны молдалар, дін иелері оқытты. Еуропа халықтары үшін канондық тіл - латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды.

Бақылау сұрақтары:

1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ?



2. Тіл ғылымындағы  канондық тіл дегеніміз не?

3. Реалистер мен  номиналистер дегеніміз кімдер?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


№6 дәріс тақырыбы: Араб тіл білімі.
1. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер.

2. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы.

3. Араб тіл білімінің грамматикасы.
Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп – екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.

Баср мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан және ертедегі поэзиядан алынған. Сибавейхи дыбыстардың жасалуының 16 түрлі орнын көрсете келіп, оларды соған сай топтастырады: сөз таптарын етістіктер, есімдер, сан есімдер деп үшке бөлді.

Лексикология мен лексикография саласында арабтар айтарлықтай табысқа жетті. Олар лексика материалдарын көптеп жинап, түрлі сөздіктерге топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері бойынша да маңызды зерттеулер жүргізген. Ұлы ғалым өзінің «Ғылымды классификация жасау» деген 5 бөлімнен тұратын еңбегінің бірінші бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап, өзара түсінісетін құралы – тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған.

Бақылау сұрақтары:

1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?

2. Араб тіл білімінің өкілдері?

3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


№7 дәріс тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. XVII-XVIII ғасыр тіл білімі.
1. 17 – 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер.

2.Қайта өркендеу дәуірінің лингвистикалық проблемасы.

3. Универсал грамматика бөлімдері.

Қайта өркендеу дәуірі тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша тұрғыдан келу, бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын ашуды қойды. Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің «Француз тілі граммтикасы». 1693 ж. Уоллистің «Ағылшын тілі грамматикасы». 1659 ж Лавренти Зизанидің «Славян грамматикасы». 1757 М В Ломоносовтың «Россия грамматикасы».

Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, Қайта өркендеу дәуірі 14-16 ғасырлар арасын қамтиды. Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері туралы», Р. Стефанустың 1553 жылы шыққан «Латын тілі қазынасы» және «Грек тілі қазынасы» атты еңбектерін атауға болады.

Универсал грамматика 1660 жылы жарияланған. Оны француз ғалымдары – логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен грамматист, филолог, профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған.



Бақылау сұрақтары:

1. Қайта өркендеу дәуірінің тіл ғылымы үшін маңызы қандай?

2. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ?

3. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№ 8,9 дәріс тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі.
1. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері.

2.Тіл философиясының алға қойған мақсаты.

3. Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы.
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.

1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады.

Ф.Боптың ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы». Расмус Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер» деп аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.



Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі В.Гумбольдт болды.

Бақылау сұрақтары:

1.19 ғ. бас кезінде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде қандай еңбектер жарық көрді?

2. Тіл философиясы қашан пайда болған?

3. Типологиялық зерттеудің қалыптасуы қай кезден басталады?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985

2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000

3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


№10 дәріс тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері мен ағымдары.
1. Натуралистік немесе биологиялық қөзқарастар.

2 Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт.

3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері.
Тіл білімі өзінің бүгінгі көтерілген сатысына ішкі қайшылықтарсыз, талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму тарихында әр түрлі ағымдар, пікір таластары болып отырды және қазір де бар. Осындай көзқарастағылар өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өз алдарына лингвистикалық мектептер болып қалыптасты. Олардың қатарына натуралистік, психологиялық, жас грамматикалық деп аталатын лингвистикалық мектептер жатады. Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп шешуге ұмтылушылар.Тіл білімінде натурализм көрнекті неміс ғалымы,

А. Шлейхер есімімен байланысты. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген екінші бағыт – психологиялық ағым деп аталады. Тіл психологиясының объектісі – адамдардың сөйлеу әрекетіне болатын психикалық процестер. Тіл психологиясының қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына Берлин университетінің профессоры Г.Штейтальды жатқызуға болады.

Жас грамматикалық көзқарас ХІХ ғасырдың 70 ж. бастап қалыптасты. Бұл ағымның Германиядағы өкілдері К. Бургман, А Лескин т.б. Францияда

М. Бреаль, Швейцарияда Ф де Соссюр,Россияда Ф.Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.

Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептері ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі, И. А. Бодуэн де Куртенэ. Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ ғ 70-80 ж. Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған академик

Ф.Фортунатов.Ол еуропа тілдерінің фонетикасының морфологиясын зерттеп, бұл саладағы біраз еңбектер берген.



Бақылау сұрақтары:

1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?

2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?

3. Қазан және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М. Березин. История лингвистических учении М 1975

2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях. М. 1960,1965.
№11 дәріс тақырыбы: ХХ ғасыр тіл білімі.
1. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер.

2. «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептер.

3. М.Д.Бартоли жазған «Неолингвистиканың қосымша очеркі»еңбегі
Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. 19ғ.соңғы он жылы мен 20ғ. бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестірілді. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады.

Сөздер мен заттар. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Г.Шухардт (1842-1927).

20 ғ.бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Неолингвизм. (гр. neos – жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Оның негізін салушылар М. Д. Б. (1873-1946), Д. Бонфанте (1904 ж.) . Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері – П. Лафарг Ф.де Соссюр , А.Мейе, П. Лафарг. 

Структурализм бірден пайда болған жоқ. Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады.
Бақылау сұрақтары:

1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?

2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?

3. Неолингвизм қашан қалыптасты?

4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996

2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993

3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975


12 дәріс тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.
1. Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі.

2. 20-30 жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар.

3. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі.
Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.

Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы «Правда» газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.


Бақылау сұрақтары:

1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?

2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975

2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979

3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974


13 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
1. Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.

2. Ғылымдар байланысының себептері.


Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.Ол – ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды.Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшінші біреулер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты.Олардың әрқайсыларының өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал, шындығына келсек, тілде аталған сипаттардың барлығы да бар.Әңгіме солардың қайсысының негізгі екенін дұрыс тануда.

Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.

Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.

Тіл білімі және психология. Психология – психика туралы ілім.Психологияның мақсаты – адамдардың психикалық әрекеттерінің объективтік заңдарын, адамның ой – санасын, психикалық қасиеттерінің қалыптасып, даму жолдарын айқындау.

Тіл білімі және физиология, физика, медицина. Сөйлеу әрекеті – физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының да, нерві жүйесінің де қатысы бар.

Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл – айрылмас бірліктегі құбытлыстар.Тіл - әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.

Тіл білімі және тарих, этнография, археология. Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет