Пән : «Коммуналды гигиенасы»



жүктеу 1.78 Mb.
бет1/10
Дата12.04.2017
өлшемі1.78 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Гигиена-2» кафедрасы

ДӘРІС КЕШЕНІ

Пән : «Коммуналды гигиенасы»




Пән коды - KG 4211

Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Оқу сағатының көлемі (кредиттің) - 360 сағат/ 8 кредит
Курсы және оқу семестрі: ІV- курс 7- 8 – семестр

2014-2015 оқу жылдары
Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.
Хаттама № ____ ________ 2013ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______________С.У. Ескерова

1.



1.Тақырыбы: Кіріспе дәріс. Коммуналды гигиена пәні. Пәннің даму тарихы. Коммуналды гигиенасы саласындағы қоғамдық денсаулық бакалавры жұмысының негізі ретіндегі заңнама.

2.Мақсаты: студенттерді коммуналды гигиена пәнімен, даму тарихымен таныстыру. Коммуналды гигиенасы саласындағы қоғамдық денсаулық бакалавры жұмысының негізі ретіндегі заңнамаларды қарастыру.

3. Дәріс тезистері:

Коммуналды гигиена - оқу жоспары бойынша медико – профилактикалық факультетінің алдыңғы қатарлы, арнайы пәні болып саналады және аса ауқымды әрі салалы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысының бөлімі болып табылады. Коммуналды гигиена - қаланы салу құрылысынын ірі көлемді мәселелерінен бастап, елді мекендерді көркейту, астаналық мегаполистан адамдар ұжымы (космостық корабль, су асты кайығы) өмір сүретін автономды нысандарда тіршілікке қажетті жүйелерді дамытуға дейін айналысады. Соған байланысты коммуналдық гигиена елдегі қоғамдық – экономикалық қатынастарға, мемлекеттік құрылымға және меншік түрлеріне байланысты болады.

Гигиеналық пәндердің арасында коммуналдық гигиена ерекше орын алады, өйткені ғимараттардың құрылысын бөлінетін жер телімдерін бөлуді және оларды таңдауды, оларды санитарлық тұрғыдан оңтайлы көркейтуге (сумен қамту, су бөлу, санитарлық тазарту, жылумен қамту, жылыту, желдету), атмосфералық ауаны, су көздерін, топырақты ластанудан қорғау шараларын негіздейді, санитарлық қорғау аймақтарының көлемін бекітуді анықтайды. Бұл талаптарды одан ары қарай басқа да гигиеналық пәндер (еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, балалар және жас өспірімдер гигиенасы) іске асырады.

Коммуналдық гигиена фундаменталды гигиеналық ғылым ретінде санитарлық-эпиедмиологиялық қызмет органдарының тәжірибе жүзіндегі ғылыми негізі болып саналады. Себебі, ағымды және ескертпелі санитарлық қадағалау жүргізу барысында санитарлық – гигиеналық және санитарлық – эпидемияға қарсы іс-шараларды халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағыттап жүзеге асырады. Жоғарыда айтқандарды ескере отырып коммуналды гигиенаның қазіргі кездегі анықтамасын беруге болады.

Коммуналды гигиена – елді мекендер жағдайында тұрғындар денсаулығына қоршаған орта факторларының тигізетін әсерін зерттеп соның нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру жағдайын қолайлы етуге және денсаулығын сақтауға бағытталған гигиеналық нормалармен және санитарлық ережелерді жасайтын гигиенаның бөлімі.
Коммуналды гигиенаның негізгі бөлімдері:

1.Су және елді мекендерді сумен қамту гигиенасы.

Бұл бөлімде шаруашылық – ауыз су мен қамту үшін су сапасын гигиеналық нормалауды ғылыми тұрғыда негізделеді, судың сапасы эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және органалептикалық қасиеті бойынша қолайлы, сонымен қатар елді мекенде шаруашылық ауыз сумен қамту нормасы бекітіледі.

2.Су нысандарын санитарлық қорғау.

Су нысандарындағы судың сапасын ғылыми тұрғыда негіздейді. Себебі, ол су орталықтандырылған шаруашылық – ауыз сумен қамту су көздері ретінде және демалу тағы басқа мақсаттарға қолданылады. Су нысандарын ластаушы көздерді зерттеп олардың тұрғындар денсаулығына қауіптілігін тексереді. Су нысандарындағы биологиялық және химиялық ластаушылардың ШРЕМ негіздейді, судың сапасын жоғары болуын қамтамасыз ету үшін су нысандарына іркінді суларды жіберу жағдайын зерттеп анықтайды.

3.Топырақты санитарлық қорғау және елді мекендерді тазарту.

Бұл бөлім топырақты биологиялық және химиялық заттармен ластаушы көздерді және ластану жағдайларын қарастырады, топырақтағы экзогенді химиялық заттардың шектеліп рұқсат етілген мөлшерлерін, атмосфераның жерге жақын қабатындағы ластаушылардың топыраққа көшуін зерттейді, өсімдік текті азық-түліктерге зиянды заттардың жинақталуын ғылыми түрде негіздейді. Елді мекендерде салауатты өмір сүру жағдайын жасау үшін елді мекенді тазартуға қойылатын санитарлық талаптарын негіздейді.

4.Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау.

Атмосфераның ластаушы көздерін және атмолфералық ластаушылардың таралу қашықтығын және қарқымдылығын қарастырады. Атмосфералық ластаушылардың концентрациясын ғылыми тұрғыда негіздейді, олар тұрғындар денсаулығына зиянсыз және өмір сүрудің санитарлық тұрмыстық жағдайын бұзбайтындай болуы қажет (максималды бір реттік ШРЕМ мр және орташа тәуліктік ШРЕМ от концентрациялар).

5.Елді мекендердегі физикалық факторлардың гигиеналық маңызы.

Тұрғындардың денсаулығына және өмір сүру жағдайына шу, діріл, электромагниттік өрістер секілді физикалық факторлардың әсерін зерттейді. ШРЕД және тұрғындар денсаулығына физикалық факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алуға бағытталған шараларды ғылыми тұрғыда негіздейді.

6.Тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар гигиенасы.

Ғимараттың ішкі ортасын және баспаналық азаматтық мақсаттағы құрылымдардың адам үшін қолайлылығын сәулеттік жоспарлау мәселелерінің маңызын инженерлік, қондырғылардың, бөлменің ішкі ортасының қолайлы гигиеналық жағдайын қалыптастыруда қондырғыларды дұрыс пайдалану мәселесін пайдаланады.

7.Елді мекендерді жоспарлау гигиенасы.

Табиғи-климаттық жағдайлардың сауықтыру маңызын және тұрғындардың өмір сүруі үшін олардың қолайлы жағдай қалыптастырудағы рольін қарастырады. Елді мекендер жоспарлауда, елді мекендер территориясын таңдауда, функционалдық аймақтарға бөлуде оларды қалай ескеру қажеттігін қарастырады. Қала құрылысын салуда қолайлы табиғи факторларды дұрыс пайдалануды және олардың қолайсыз әсерін төмендету мәселесін ғылыми тұрғыда негіздейді. Тұрғындар денсаулығына антропогендік факторлардың қолайсыз әсерінің алдын алу үшін қаланы салуды гигиеналық талаптарды жасайды.

8.Тұрғындар денсаулығы қоршаған орта жағдайының көрсеткіші ретінде.



Коммуналды гигенаның дамуы

Коммуналды гигиенасы мәселелеріне А.П. Доброславин және В.В. Эрисман деген ғалымдар ерекше мән берді. Алексей Петрович Доборславин (1842-1889), ол ғалым ретінде гигиена тәжірибесінде зертханалық әдістерді ендіруде көңіл бөлді, химиялық аналитикалық гигиеналық зертхана ұйымдастырды «Гигиена. Қоғамдық денсаулық курсы (1882)» 2 томдық оқулық шығарды. Ресейде алғаш рет «Денсаулық» атты гигиеналық журналды ұйымдастырып шығарды (1874). Ол тәжірибелік санитарлық ұсыныстарды ғылыми зерттеу нәтижесінде негіздеуді ұсынды. Ол жалпы гигиенаны ауа, су, топырақ, азық түліктерді зерттейді және адам денсаулығына сыртқы орта факторлерінің әсер ететінін біле отырып зерттеуге көңіл бөлген. Елді мекендерді сауықтыру бойынша секцияға жетекші болып халық денсаулығын қорғау Рессей қоғамында жұмыс жасады.

Ф.Ф. Эрисман (1842-1915). Ол оқушыларды көз көру бұзылыстарының қолайсыз санитарлық жағдайдың әсерінен болу мәселелсінен үлкен мән берді. Соның нәтижесінде гигенаға деген қызығушылығы туды. Эрисман М. Петтенкофер және К. Фойттан тәжірибе өтті.

А.Н. Сысин қатысуымен «Баспананың санитарлық қорғау туралы» декреттің жобасы, «Тұрғын ғимараттарды салу бойынша санитарлық талаптар» (1929), «Шаруашылық - ауыз су құбырларына ерілетін судың сапасының уақытша стандарты» (1939) және тағы басқа құжаттар дайындалды.



Тұрғындар денсаулығына су факторының әсері мәселесін С.Н.Черкинский (1897-1980) Совет одағының АМН (МҒА) мүше корреспонденті (1945), Рессей федерациясының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері (1968). 260-тан аса ғылыми жұмыстардың авторы. Черкинскийдің басты зерттеу бағыты су қоймаларын санитарлық қорғау, су және сумен қамтамасыз ету мәселесі болды. Ол су ортасында химиялық заттарды гигиеналық нормалаудың негізін қалаушылардың бірі болды. Ол ұсынған әдістемелі тәсіл осы уақытқа дейін ғылыми тәжірибелік маңызын жоғалтпады. Ауыз су сапасын стандартын жасаушылардың бірі. Черкинскийдің жетекшілігімен «Коммуналдық гигиена бойынша нұсқау 2 том (1962) және сумен қамту гигиенасы бойынша нұсқаулық (1975)» шықты .

Атмосфералық ауадағы химиялық заттарды гигиеналық нормалау бойынша В.А.Рязанов (1903-1968) РСФСР еңбек сіңірген дәрігері, АМН СССР академигі, профессор. 1926 жылы Воронеж университеті медициналық факультетін бітіріп санитарлық дәрігер болып жұмыс жасаған.

Топырақтағы экзогенді химиялық заттарды нормалау бойынша

Е.И. Гончарук (1932-2004), Украин гигиенисті, профессор АМН СССР академигі.

Жасанды өмір сүру ортасындағы факторды гигиеналық нормалау бойынша М.С. Громософ болды. Шу факторын гигиеналық нормалау аясында И.Л. Карагодина жұмыс жасады.

Әлеуметтік– гигиеналық мониторингі – бұл тұрғындар денсаулығының жағдайын және өмір сүру ортасын қадағалайтын, талдайтын және бағалайтын, болжайтын мемлекеттік жүйе. Мониторингтің негізгі мақсаты басқару шешімін қабылдауға қажетті және тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайын қамтуға бағытталған ақпараттар жүйесі болып табылады.

Қоршаған орта факторының тұрғындар орталығына әсерін бағалауға гигиеналық нормативтер – ШРЕМ немесе ШРЕД қолданылады.

Иллюстрациялы материалдар: слайдтар - 16

Әдебиет:

1.Мазаев В.Т., М.М. Гимадеев, А.А.Королев, Т.Г. Гилепнина, Коммуналыд гигиена Ү.2 код В.Т.Мазаева – 2 ші. Испр. И.дом.М: ГЭОТАР – медиа 2006-304 бет.

2.Коммуналды гигиена Неменко Б.А., У.И.Кенесариев Алматы Ғылыми басылым, 2003-463 бет.

Коммуналды гигиена Акулов К.И., Буштуева К.А., М. Медицина 1986-608 бет.

Жалпы гигиена под ред. А.М.Большакова, В.Г. Маймагулова 1986-608бет.

Қорытынды сұрақтары:


  1. Коммуналды гигиена түсінігіне анықтама беріңіздер.

  2. Пәннің негізгі бөлімдерін атаңыз.

  3. Коммуналды гигиенаның даму кезеңдерін атаңыз.

  4. Коммуналды гигиенаның дамуына әйгілі ғылымдардың қосқан үлесі туралы айтып беріңіз?

  5. Қазіргі кездегі коммуналды гигиенаның ерекшеліктерін атаңыз.

  6. Коммуналдық гигиенадағы заңдық құжаттарды атаңыз.

2.



1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасында мемлекеттік санитарлық қадағалау. Ескертеплі және ағымды санитарлық қадағалау. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы мен функциялары.

2.Мақсаты: студенттерге Қазақстан Республикасында тұрғындардың денсаулығын қорғауда санитарлық қадағалаудың маңызын, ескертеплі және ағымды санитарлық қадағалаудың кезеңдерін, ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы мен функциялары түсіндіру.

3. Дәріс тезистері:

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасы арнайы заңдылықтармен, гигиеналық нормалар мен ережелермен, жинақтарымен, адамдардың әртүрлі регламенттік шаруашылық міндеттері: жоба, құрылыс, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар құжаттарды пайдаланады. «Денсаулық сақтау заңдылықтарының негіздері» олар заңға сүйенген негіз болып табылады. Гигиеналық нормативтерге (ШРЕМ, ШРЕД, ШБҚД/ОБУВ) санитарлық нормалар мен ережелер (СанПиН) мемлекеттік стандарттар құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП) және басқа да нормативтік құжаттар (ВСН т.б.). коммуналды гигиенада мемлекеттік санитарлық қадағалау арнайы санитарлық – гигиеналық іс-шаралар жүргізу, қоршаған ортаның ластануын алдын-алу (су айдындарын, топырақ, атмосфералық ауа) ауру – сырқауларды төмендету сауықтыру мекемелерін ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Тексеру орган және санитарлық –эпидемиологиялық қызметтік мекемесінде ағымды және ескертпелі санитарлық қадағалауды және сауықтыру іс-шараларымен санитарлық-гигиеналық және санитарлық –эпидемиологияның қызметкерлері қадағалайды. Қаланың және ауданның, облыстың, республиканың басты мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріне және оның орынбасарына құқық беріледі:

а) министрліктерге, ведомстваларға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға, лауазымды адамдарға және талаптың жеке азаматтарына санитарлық эпидемиологияға қарсы іс-шараның және оның орындалу мерзімінің нұсқауымен сипатталады.

б) іс-шарада жасалынып жатқан көптеген мәдени-тұрмыс ғимаратының қолданыстағы нысанның қанаушылығын, ұшақтардың мезгілсіз қозғалыста болуы оның адам ағзасына әсерін тоқтату, осыларды талқылау.

в) Құрылысқа бекітілуі жобаның бұзушылығын тоқтату. Санитарлық-гигиеналық тәртіп және ереже.

г) химиялық заттарды қолдануды тоқтату, әдістердің оның зияндылығыныңадамның денсаулығына ықпалы.

д) қажетті уақиғаларға ғылыми – эпидемиологиялық профилдің, гигиеналық экспертизаның өтілуін, оның бір-біріне тәуелсіздігін қадағалау.

ж) кедергісіз объектілерді тәуліктік қадағалау, қызметтік куәлікті беру, санитарлық бұзушылықты алдын-ала жою.

з) әр азаматтардың мағлұматтары, құжаттары сол нысан күйінің растаушысы ретінде қажет.

е) бұйымның ойығын жасау лабораториялық анализ және гигиеналық экспертизаға материал сонымен қатар азық-түліктен сынама алу.



к) ағымдық санитарлық қадағалаудың жұмысын қоғамдық санитарлық инспекторлар атқарады.
Лауазымды адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мемлекеттік қадағалау міндеті:

  • Сауықтыру іс-шараларында қаралған кейбір сөйлемдерді енгізу,

сонымен қатар іс-шаралар шын мәнінде деректермен және ресми нормативті құжаттардың сай кеуін қадағалау.

санитарлық-гигиеналық ережелерімен тәртіптері, тәртіп жазаларына салуы туралы сұрақтар қою. Қадағалаудың 2 негізгі түрлерін мемлекет санитарлық бақылауда қолданады алдын-ала жазбаша түрде және әкімшілік айыппұл , ол үшін лауазымды тұлға түрде орнату, құқық бұзушылыққа жауаптылығы, аспапты лабораторияның объективті түрде растайтын бұзушылықтар туралы актіні дұрыс толтыру, лауазымды тұлғалардың айыптылығын мақұлдай ресми нормативтік құжаттарға сілтемені сөзсіз мақұлдау. Тек осыдан кейін мемлекеттік дәрігерлер айыппұлды шығарады. Санитарлық дәрігер кейде бас мемлекеттік дәрігер қылмыстық кодексқа жалпы тұлғаларының таралуы туралы прокуратура мен сұрақты құруға құқылы болады.Кодекстің тиісті қылмыстық сілтемелер бұл... 1976 жылыы бұрынғы кеңес одағы барлық аумақтарында коммуналды гигиенаның бөлімі бойынша санитарлық – эпидемиологиялық станцияның жұмысы туралы инструкция жұмыс істеді. Негізгі оның жағдайлары жұмыс істеді және оның қай мемлекеттік санитарлық бақылауға сәйкес ҚР-ң аумағында қазір жатады.

  • Ауылшаруашылық басқа елді-мекендер, қала типтес ауыл, қала

курорты соның ішінде қалалар, қала маңындағы аймақтармен тұтасқан.

санитарлық аумағы, гидротехникалық ғимараттар, ғимаратты канализацияны және суқұбырын тазалау.

  • Шудың көзі болып объект, діріл электро магниттік сәулелену,

атмосфералық ауаның ластануы, суаттар, топырақ сонымен қатар атмосфераға зиянды лақтыруларын ұстау бойынша тазарту, құрылысы, суаттар, топырақты және санитарлық қорғау аймағы.

  • Жұмысшылардың техникасы, жатақханасы, студенттерге қонақүйлер.

  • Малшаруашылық және құс шаруашылық кешендер және ферма

  • Төсек орындарын тазалаудан өткізу, киімнің жеке қосымшалары,

шаштараздар, жеке бас гигиенасы, душ павильоны, банялар, моншалар, киімдерді кір жуатын үйге тапсыру, сауықтыру мекемелері.

  • Емдеу – профилактикалық мекемелер мен ұйымдар; соматикалық

аурухана, емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, консультация, дәріханалар, курорттар, санаториялар, демалыс үйлері, қарт үйлері.

  • Дене шынықтыру – спорт объекті – стадиондар, спорт залы, жабық

және ашық бассейндері, мұз айдындары, қоғамдық жағажайлар.

  • Көрермендер мәдениеті және көркейту мекемелері- кинотеатрлар,

театр, мәдениет сарайы, концерт залы, кітапхана, көрмелер.

  • Әмбебап, тұтыну тауарлары дүкені, кітапхана дүкені, өндірістік тауар

базасы.

  • Жаңа синтелектикалық материалдың үлгілері, тұрмыстық химия

өнімдері, үй тұрмысына қажетті заттары, тауар айналымына жіберу.

  • Автовокзалдар, жолаушылар, кемежайлары, теміржол және әуежайлар.

  • Қойма, тұрғындардағы қайталама шикізаттың қабылдануының

шатырымен тармақтары

полигондар, қоқыс тастайтын жер, өңдеу және тұрмыстық қоқыстың өртеуіне алған зауыттар.

Санитарлық-эпидемиологиялық станция келесі қызметтердің орындалуына байланысты.



  • денсаулық сақтау жергілікті органдарының шешімдері, сонымен бірге

коммуналдық гигиеналық сұрағының, бұйрықтардың жобаларын;

  • жылдық жоспар санитарлық сауықтыру шаралардың алдын-алу және

санитарлық эпидемияға қарсы ұйымдарының перспективалық жобаларын құрайды;

  • бақылаушы объектердің санитарлық жағдайын ары қарай жақсартуы

бойынша ғимарат және өткізілген шаралардың тиімділігін талдайды.

  • тұрғынның тұру шартын құрайтын зиянды факторлар тағы басқалар

қоршаған ортаның ластануы, шу, дірілдеудің көздері, электромагниттік сәулеленуді айқындайды;

  • әлеуметтік-гигиеналық факторларды, демографиялық жағдайды

үйретеді, сонымен қатар қоршаған ортаның өмір сүруінің зияндылығын;

  • коммуналды гигиенаға қатысты сұрақтарды жергілікті органдарға

кіргізеді;

  • жаңа ұйымдастыру формаларын тәжірибеге игеріп енгізеді, тиімді

әдістер профилактиканың құралы, коммуналды гигиена бөлімі бойынша жұмыстың әдістері.

  • лабораториялық зерттеулер жүргізіледі және әмбебап өлшемдер

бақылаушы объектілерге кейбір өндірістік орындардағы ластануды лабораторияға бақылауға алады және оны бақылайды.

объектілердің еңбекшілерінің насихаттауында қатысады

  • қоғамдық инспекторды дайындайды және оның жұмысын бақылайды.

  • еңбекшілердің хаттарын, арыздарын қабылдайды, олардың жұмысын

жүзеге асырады.

Санитарлық-эпидемиология республика станциясы, облыстар және қалалар, районға қатысты, коммуналды гигиенаға қатысты бөлімдерді ұйымдық-әдістемелік жұмысты аудандық СЭС жүзеге асырады :



  • әдістемелік жобаларды іс-шаралар өткізу арқылы, көптеген қызметтік

және басқа да құжаттарды, жұмысқа қатысты сұрақтарды, бұйрыққа қатысты нұсқауларды денсаулық сақтау министрліктер дайындайды.

  • құқық заңдылықтарды орындауға қол астындағы санитарлық

эпидемиологиялық станциялардың жұмысқа бақылауы мен сонымен бірге коммуналдық гигиеналық бұйрықтары және денсаулық сақтауды министрліктің нұсқауларының шешімдері орындайды.

  • ұйымның қадағаланатын СЭС-ң көмегінің және мемлекеттік

санитариялық бақылауды жүзеге асыруды көрсету.

  • Коммуналды гигиена бойынша жалпылау және алдыңғы нормалар

және жұмыстың әдістерінің таратуының зерттеулері.

  • Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігерлердің

квалификациясын мамандандыру және жоғарылатуға арналған және олардың көмекшілерін тағайындау көптеген конференциялар ұйымдастыру. Санитарлық станциядағы жұмысшыларға курстық іс шаралар ұйымдастыру тиісті әкімшілік аумақтарда қадағаланатын объектерге ішінара мемлекеттік санитариялық бақылауды өткізу.

Сан-эпид станция өзінің жұмысы бойынша гигиена арнайы бөлімдерді қолданады:

а) Тексерілетін объекттің санитарлық сипаттамасының әдісі.

б) лабораториялық және әмбебеап әдістемелер жасау.

в) Материалды өңдеудегі статистикалық әдістемесі.

Объектілерді тексеру, жаппай комплект түрде жүргізеді, яғни эпидемиолог санитарлық дәрігер басқа әрбір тұлғалық объектісін қадағалайды. Тексеру қорытындысы акт бойынша жүргізіледі. Ол акт тексеру объектісінен сәйкес болу шарт. Қажетті олардың орындауының көрсетілген мерзімі бар шараларының өткізуі туралы талаптардың обекттің қанағаттанарлықсыз санитарлық күйінде көрсетеді.


4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар - 16

5. Әдебиет:

  1. Мазаев В.Т., М.М. Гимадеев, А.А.Королев, Т.Г. Гилепнина, Коммуналыд гигиена Ү.2 код В.Т.Мазаева – 2 ші. Испр. И.дом.М: ГЭОТАР – медиа 2006-304 бет.

  2. Коммуналды гигиена Неменко Б.А., У.И.Кенесариев Алматы Ғылыми басылым, 2003-463 бет.

  3. Коммуналды гигиена Акулов К.И., Буштуева К.А., М. Медицина 1986-608 бет.

  4. Жалпы гигиена под ред. А.М.Большакова, В.Г. Маймагулова 1986-608бет.

6. Қорытынды сұрақтары:

1. «Санитарлық қадағалау» түсінігінің анықтамасын беріңіз.

2. Ескертпелі санитарлық қадағалаудыжүргізудің мақсатын айтыңыз.

3. Ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу кезеңдерін атаңыз.

4.Ағымды санитарлық қадағалаудың гигиеналық маңызы қандай?

5.ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің функциясын айтып беріңіз.

3.

1.Тақырыбы:Шаруашылық–ауыз сумен қамтамасыздандырудың гигиеналық мақсаттары. Тұрғындардың денсаулығы мен тіршілігінің санитарлық жағдайы үшін судың саны мен сапасының маңызы.

2.Мақсаты: студенттерді шаруашылық–ауыз сумен қамтамасыздандырудың гигиеналық мақсаттарымен, тұрғындар денсаулығы үшін судың физиологиялық мәнімен, химиялық құрамымен, органолептикалық қасиеттерімен таныстыру.

3.Дәріс тезистері :

Сумен қамтамасыз ету - бұл әртүрлі тұтынушыларды сумен қамту бойынша шаралар мен техникалық құрылымдардың жиынтығы. Су пайдалану - бұл тұрғын, ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, көліктік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін су обьектілерін пайдалану. Суды пайдалануды 2-категориясы бар: 1-категориясы су обьектісін шаруашылық -тұрмыстық , өндірістік мақсатта пайдалану, сонымен қатар тағам өндірісінде тұтыну, ал 2-категорияда су обьектісін тұрғындардың мәдени-тұрмыстық мақсатта, рекреация, спортта пайдалануы.

Суды алуға байланысты сумен қамтудың 2-түрін ажыратады: жергілікті (орталықтанбаған) - су құбырларының көмегінсіз су тікелей су көзінен алынады (суаттар, құдықтар) және орталықтандырылған - су көзінен механикалық жолмен шығарылып және құбырлар желісі бойынша тұтынушыға жеткізіледі. Су құбыры дегеніміз – су алатын орынды, суды дайындайтын орынды, су құбырлары насостық станцияларын, суды тазартатын стансаны, су таратушы торапты және тұтынушыларды резервуарларды айтамыз. Бірнеше елді мекенді сумен қамтамасыз ететін су құбыры – топтық су құбыры деп аталады.

Шаруашылық- ауыз су және мәдени-тұрмыстық тағайындаулардан басқа, су ауыл шаруашылығының мұқтаждығына және өнеркәсіпте, басқада мақсаттарға қолданылады. Суды пайдалану мақсатына қарай су бөлінеді:

1. Ауыз суы - судың бактериологиялық, органептикалық көрсеткіштері және токсикалық химиялық заттардың көрсеткіштері санитарлық нормаға сай болатын су.

2. Техникалық су - ауыз судан басқа минералдық және өндірістік және халық шаруашылығының кез келген сласында пайдалануға болатын су.

3. Жылу энергетикалық су- термалді су, жылу энергетикалық ресурстарда, сонымен қатар халықтың әр түрлі салаларында қолдануға болатын су.

4. Өндірістік су - өндірістік ауқымда белгілі компоненнтерді алуға жеткілікті ресурсты сулар.

5. Минералды су пайдалы ауыз-емдік мақсатта пайдалануға сай болатын су болып саналады.

Елді мекендердің тұрғындары суды келесі мақсатта пайдаланады. Ауыз су көптеген шаруашылықта, коммуналдық тұрмыста, бала бақшада, емдеу профилактикалық мекемелерде, тағам өндірісінде, қоғамдық орындарда, жасыл желектерде, өрт сөндіруде. Коммуналдық су құбырлары арқылы келетін ауыз суын көптеген технологиялық өндірістерде, тағам өндірісінен басқа өндірістерде пайдаланған орынсыз.

Талапқа сай ауыз суда патогендік бактериялар болмауы керек, олар-фекалдық ластану индикаторлары. Алайда бүгінгі күні бұл мәселенің практикалық шешімі болмай отыр, сол себепті оларға нормативтер белгіленіп отыр. Көп реттік зерттеулер жүргізу нәтижесінде судың ластану дәрежесімен және анықталған бактериялар –сапрофиттердің жалпы мөлшерімен арасында тығыз байланыс бар екендігі анықталған.

Әлемде бірінші рет 1914 жылы АҚШ- да ауыз судың стандарты қабылданған, ауыз судың жалпы бактериологиялық көрсеткіші - 1мл-ден 100 аспайтын болуы керек деп анықтады. Бұл нормативті өзгеріссіз басқа елдерде де қабылдады. Сонымен қатар біздің мемлекетте соңғы СанПиН-ның шығуына дейін осы көрсеткішті ұстанған, алайда соңғы СанПиН-да бұл көрсеткіш 50 бактерияға дейін қысқартылып, талап күшейтілді. СанПиН-ге сай ауыз судың эпидемиологиялқ қауіпсіздігінің көрсеткіштері:

1. Термотолерантты колиформды бактериялар -100мл болмауы керек (3-реттік)

2.Жалпы колиформды - 100мл-де болмауы керек .

3. Жалпы микроб саны - 1мл суда өсетін коллиниялардың саны 50-ден аспауы керек.

4.Колифагтар - 100 мл судағы бляшкотүзуші бірліктердің болмауы.

5. Сульфитредуцирлеуші клостридилердің споралары - 20мл суда болмауы керек.

6. Лямблийлердің цисталары - 50мл суда болмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет