Педагогикалық практика арқылы болашақ мамандардың ҚҰзыреттілігін арттыру



жүктеу 58.62 Kb.
Дата13.06.2017
өлшемі58.62 Kb.
УДК 37.01:371.3
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
Есеева Г.Б., Амангосова М.Г.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Бүгінгі студент –ертеңгі маман. Сондықтан қазіргі таңдағы білім сапасына сай құзіретті мұғалімдерді дайындауда студенттердің педагогикалық практикасының алатын орны ерекше.

Педагогикалық практика жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің құрамдас бөлімі болып саналады. Болашақ мұғалімдерді сапалы даярлауда, олардың таңдаған мамандығына сүйіспеншіліктерін, жағымды белгі-қасиеттерін қалыптастыруда, өз бетімен жұмыс жасауда педагогикалық практиканың маңызы зор. Педагогикалық практика кезінде студент өзінің теориялық білімін өзектілеу, тереңдету және кеңейту, нақты педагогикалық міндеттерді шешуде оларды қолдана білу, педагогикалық білік пен дағдыны қалыптастыру; танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ойлауды дамыту; мұғалімнің әлеуметтік - белсенді тұлғасын, мамандығына қызығушылығын, сүйіспеншілігін қалыптастыру іске асырылады.

Студенттерді педагогикалық практикасының мәтінімен, құрылымымен, заңды негіздерімен таныстыру мақсатында ҚР МЖМБС /5.03.005-2009, Астана/ негізделіп 5В011200 “Химия” мамандығы 4 курс студенттерінің мемлекеттік педагогикалық практикасын өтуге арналған бағдарлама жасалды. Бағдарламада педагогикалық (кәсіби) практиканың мақсаты, міндеттері, мазмұны және практика соңында тапсырылатын іс –қағаздар тізімі беріледі.

Педагогикалық практиканың мақсаты— жалпы ғылыми, мәдениеттілік, психологиялық педогогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерін тереңдету және сонымен қатар теориялық білім негізінде педагогикалық, дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін төмендегі міндеттер қойылады:

- кәсіби-педагогикалық және тұлғалық-кәсіби іскерліктерін дамыту (сабақтың оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттерін, өз мамандығының пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттерін шешу және анықтай білуі).

- студенттің болашақ мамандығына қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятып, педагогикалық қызметке шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу.

- мектептің, сыныптың тұтас педагогикалық процесс жағдайы және оқушы тұлғасын қалыптастыру және диагностикасын жүргізу үшін жалпыпедагогикалық және жалпыпсихологиялық білім, іскерлік, дағдыларды жетілдіру;

- педагогикалық құзырлығын (ұйымдастырушылық, коммуникативтік, құрастыра білушілік, қолданбалы және басқалар) дамыту және қалыптастыру;

- дәстүрлі және жаңашыл технологиялардың оқыту әдістерін үйлесімдікте пайдалану;

- кәсіби біліктілігін дамытуды жоспарлай білуді және оны нарық жағдайындағы білім беріді жүзеге асыру.

Сондай –ақ бағдарламада мектеп әкімшілігі және пәе мұғалімдерінің міндеттері анықталып, студент –практиканттардың міндеттері мен құқы көрсетілген.

Педагогикалық практиканың бірінші аптасы студенттің жаңа жағдайға үйренуіне қажетті уақытты талап ететіндіктен, оның жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында студент –практиканттың маңызды алғашқы апта жұмыс жоспарының үлгісі ұсынылады.

ІV курс студенті практикасының алғашқы апта жұмысының үлгі

жоспары



Іс - әрекет түрлері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Мектептің оқу-тәрбие жұмысымен танысу

Мектептің директорымен, оның орынбасарларымен әңгімелесу

Өз сыныбындағы пән мұғалімінің сабақтарына қатысу

Мұғалімдердің сабағына қатысу, мектеп кабинеттерімен танысу

Әртүрлі пән мұғалімдерінің сабағына қатысып, мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен, сабақ құрылымын өткізу әдістемесімен таныс

Мұғалімдердің сабағына қатысу.Кітапхана жұмысымен танысу

Мұғалімдердің сабағына қатысу

Оқушыларды., сынып ұжымын және құжаттарды зерттеу

Сынып жетекшісімен сынып оқушылары туралы әңгіме

Сынып оқушылары туралы әңгімелесу

Сынып белсенділерімен және жеке оқушылармен әңгіме

Сынып журналын зерттеу

Сынып жетекшісінің жоспарын зерттеу




Пән бойынша оқу-тәрбие жұмысы

Пән мұғалімінің сабақтарына қатысу

Пән мұғалімінің сабақтарына қатысу мен талдау

Белгілі бір тақырыптар бойынша оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын зерттеу

Практика кезеңінде сабақ беру графигін жасау,индевидуальды жоспар жасау

Ілгері сабақтардың тақырыптары бойыншағылыми оқу-әдістемелік әдебиеттерді оқу

Алда өткізер сабақтардың канспектілерін жасау. Дидактикалық жадығаттарды таңдау, көрнекі құралдарын жасау

Оқушылармен тәрбие жұмысы

Сыныптағы тәрбие жұмысының міндеттері мен жүйесі туралы сынып

Сыныптың белсенділерімен, жеке оқушылармен әңгіме

Келесі сынып сағатын өткізуге даярлық жүмыстарын жүргізу

Тәрбие сағатына қатысып талдау

Оқушылардың күнделігін тексеру

Бір оқушының үйіне бару

Әдістемелік және зерттеушілік жұмыс

Педагогикалық күнделікті толтыруды аяқтау жетекшілерімен әңгімелесу

Әдіскерлер мен мұғалімдерден оқу-тәрбие жұмысы бойынша кеңес алу

Әдіскерлер мен мұғалңімдірден кеңес алу

Оқушыларды зерттеуге арналған анкеталарды даярлау

Педагогикалық практиканың барысы туралы әдістемелік




Ұсынылып отырған бағдарлама негізінде өткізілген педагогикалық сараман болашақ мамандарды кәсіби, оқу –танымдылық, әлеуметтік –этикалық, ұйымдастыру –басқарушылық, өзін -өзі жетілдіру құзіреттілігінің талабына сай дайындауға мүмкіндік береді.

Студенттер практика кезінде химияның негізгі тараулары бойынша МЖМБС –та көрсетілген көлемде білімдерін тереңдетіп, жоғары ғылыми -әдістемелік деңгейде есептер шығарып, зерханалық –практикалық сабақтарды өткізіп, қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы болашақ мамандарының кәсіби құзіреттілігін дамытуда.

Студенттердің жалпы мәдени әлеуметтік–этикалық және ұйымдастыру–басқарушылық құзіреттілігі педагогикалық практика кезінде класс жетекшілік қызметін жүргізе отырып жетілдіреді.

Ізденіс және ақпарат таңдау кезінде мәтінмен жұмыс істей білу, ғылыми мәліметтердің ерекшеліктерін танып білу, кең көлемдегі (интернет) мақалалардың ресурстарын пайдалана білу негізінде, ақпараттық құзіреттілік қалыптасады.

Жоғарыда аталған мақсат міндеттерді жүзеге асырап, педагогикалық практиканың ойдағыдай өтуіне мектеп таңдаудың орны ерекше.



Мектепте сапалы білім беретін мұғалімдерді даярлауға жеткілікті материалдардың технологиялық базасы мен заман талабына сай жабдықталған кабинеті және кәсіби –құзіреттілігі жоғары пән мұғалімі болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет