Педагогика



жүктеу 1.13 Mb.
бет1/6
Дата28.05.2017
өлшемі1.13 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Құрастырушы- авторы С.С. Жұмашева «Педагогика» пәнінен тестілік тапсырмалар, 2011-2012 жж.



  1. Педагогика -

  1. Тәрбие туралы ғылым.

  2. Адам психикасы туралы ғылым.

  3. Баланың денсаулығы туралы ғылым.

  4. Саясат мәселелерімен айналысатын ғылым .

  5. Техникалық жетістіктерін зерттейтін ғылым.




  1. Педагогиканың объектісі ( нысанасы) -

  1. Адам психологиясы.

  2. Қоршаған педагогикалық шындық.

  3. Студенттердің ғылыми қоғамы.

  4. Іскерлік қарым – қатынас.

  5. Ұжымдық тәжірибе.




  1. Педагогиканың зерттеу пәнi:

  1. Кредиттер жүйесі.

  2. Өндірістік практика.

  3. Тұтас педагогикалық процесс.

  4. Өзін-өзі тану.

  5. Болон процесі.




  1. Педагогиканың негiзгi категориялары:

  1. Тәрбие, оқыту, бiлiм беру, педагогикалық процесс.

  2. Тұлға, іс-әрекет

  3. Ұлттық мәдениет, ұлттық тәрбие .

  4. Аттестаттау, аккредиттеу.

  5. Даму, қалыптастыру.




  1. Тәрбие (кең мағынада) -

  1. Тәжірибені игеру

  2. Құнды бағдарлау.

  3. Психикалық даярлық.

  4. Студенттерді қосымша мамандандыру.

  5. Адамзат жинақтаған тәжірибені жас ұрпаққа беру процесі.




  1. Тәрбие (тар мағынада) -

  1. Балаларды түрлі өмірлік жағдайларға дайындау.

  2. Әдіскердің арнайы бағытталған әсері.

  3. Білім беру деңгейінің көрсеткіштері.

  4. Студенттің білімінің нәтижесін тексеру процесі.

  5. Тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған процесс және оның нәтижелері.




  1. Педагогикалық ғылымдар жүйесiне мыналар енедi:

  1. Физиология, медицина, эстетика, анатомия.

  2. Биохимия, биомеханика, антропология, этика.

  3. Дене шынықтыру және спорттық құқықтық негiздерi, спорт экономикасы.

  4. Жалпы педагогика, жас ерекшелiктерi педагогикасы, педагогика тарихы, жеке пәндер.

  5. Әлеуметтану, мәдениеттану, физиология, анатомия.


  1. Тәрбие туралы ғылымның қызмет саласын дәлме-дәл анықтайтын термин:

  1. Андрогогика.

  2. Педология.

  3. Антропогогика.

  4. Антропология.

  5. Педагогика




  1. Педагогика алғашқы рет осы ғылымның аясында қалыптаса бастады:

  1. Физиология.

  2. Мәдениеттану.

  3. Әлеуметтану.

  4. Философия .

  5. Психология




  1. Әдіснама деген:

  1. Ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім.

  2. Педагогикалық қызметтi ұйымдастыру тәсiлдерi.

  3. Педагогикалық зерттеу әдiстерiнiң жүйесi.

  4. Педагогиканың ұғымдары мен терминдерiнiң жүйесi.

  5. Ғылыми-педагогикалық бiлiмнiң мәнi.




  1. Педагогиканың әдiснамалық негiзi -

  1. Материалистiк диалектика .

  2. Этнопсихология.

  3. Неопозитивизм тұжырымдамасы.

  4. Экзистенциализм.

  5. Бихевиоризм .




  1. ҚР “Бiлiм туралы” Заңы, өзгерістер мен толықтырулар еңгізіліп, қабылданды:

  1. 2011ж..

  2. 2010ж..

  3. 2009ж..

  4. 2008ж.

  5. 1999ж.




  1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi бөлiгi -

  1. Бастауыш мектеп .

  2. Орта мектеп.

  3. Орталау мектебi.

  4. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi .

  5. Жоғары оқу орындары .




  1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiнiң бастауыш сатысы:

  1. Мектепке дейiнгi бiлiм беру .

  2. Орталау мектеп .

  3. Бастауыш мектеп .

  4. Қосымша бiлiм беру мекемелерi .

  5. Арнаулы орта бiлiм беру оқу орындары.




  1. Жеке тұлға –

  1. Әлеуметтiк қатынастар мен саналы iс-әрекеттiң субъектiсi

  2. Биологиялық тіршілік иесі.

  3. Адами қасиеттер мен сапалар комплексi .

  4. Индивидтiң психофизиологиялық қасиеттерi.

  5. Адамның даму ерекшелiктерi.




  1. Даралық -

  1. Тұлғаның өзін-өзі анықтауы.

  2. Адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі.

  3. Бір адамның басқа адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығы, ерекшелігі.

  4. Жеке адам тұрғысынан қарау.

  5. Адамның әлеуметтік мәртебесі.




  1. Индивид (жекелік) -

  1. Адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілі.

  2. Ойлау, сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі.

  3. Адам әлеуметтік қатынастар иесі ретінде.

  4. Адамның мінез – құлық нормаларын меңгеруі.

  5. Бұл адамның тек өзіндік жеке сапалары.




  1. Тұлғаның дамуы

  1. Адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, танымдық іс-әрекетіндегі сандық және сапалық өзгерістер .

  2. Физиологиялық және анатомиялық тұрғыдан сандық өзгеру процесі

  3. Адамның белсенділік әрекет түрі.

  4. Логикалық ойлаудың бір түрі.

  5. Адамның әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасуын есепке алу.



  1. Тұлғаны қалыптастыру -

  1. Адамға моралдық ықпал ету.

  2. Адамның әлеуметтік құбылыс ретінде дамуы.

  3. Логикалық ойлаудың бір түрі.

  4. Адамның психикасының өзгеруі.

  5. Жеке тұлғаның дамуының нәтижесі.




  1. Тұқым қуалаушылық -

  1. Балалардың жас ерекшеліктері.

  2. Балалардың ата – анасынан қалған биологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.

  3. Әлеуметтік ортаның адамның қалыптасуына ықпалы.

  4. Жеке адамды жетілдірудің өте күрделі процесі.

  5. Адамның дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас.




  1. Ата – анадан балаға тұқым қуалаушылық арқылы беріледі:

  1. Әлеуметтік тәжірибе.

  2. Ойлау ерекшеліктері.

  3. Танымдық өзгерістер.

  4. Жүйке жүйесінің түрі.

  5. Адамгершілік қасиеттері.




  1. Әлеуметтік орта-

  1. Педагогикалық процесс.

  2. Проблемалық жағдаят.

  3. Адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар.

  4. Өмірлік мақсат.

  5. Спортпен айналысуға қолайлы жағдайлар.




  1. Тұлғаның дамуына әсер ететін шешуші факторлар:

  1. Тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие.

  2. Ғылыми дәлел, заңдылықтар.

  3. Жоғары жүйке қызметі.

  4. Тұлғаның үміттенуі.

  5. Психологиялық зерттеулер.




  1. Тұлғаның дамуына әсер ететін ең маңызды фактор:

  1. Орта.

  2. Тұқым қуалаушылық.

  3. Тәрбие.

  4. Оқыту.

  5. Әлеуметтану.




  1. Акселерация-

  1. Адамның өзіндік жеке – дара дамуы.

  2. Жеке тұлғаның алдына қойған мақсатқа жетудегі табандылық корсетуі.

  3. Адамның әлеуметтік тәжірибесі.

  4. Жасөспірімдік жастағы балалардың физиологиялық- психологиялық тұрғысынан жылдам дамуы.

  5. Жеке тұлғаның белсенді іс-әрекет процесі.




  1. Жас ерекшеліктері -

  1. Адамның бір нәрсеге құмарлығы.

  2. Белгілі бір жастағы балалардың көпшілігіне тән ерекшеліктері мен сипаттары.

  3. Қоғамға тән құндылықтарды әр жеке адамның ұғынуы.

  4. Стратегиялық құндылықтардың адамның санасына енуі.

  5. Адам организміндегі өзгерістер процесі.




  1. Дарындылық-

  1. Адамның әлеуметтік белсенділігі.

  2. Тұлғалық сапа.

  3. Адамның интелектуалдық мүмкіндігімен байланысты болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі.

  4. Тұлғаның азаматтық позициясы.

  5. Адам дүниетанымының негізі.




  1. Балалардың педагогикалық өсу кезеңдері бойынша 6-10 жас аралығы:

  1. Мектепке дейінгі балалық шақ.

  2. Жасөспірімдік балалық шақ.

  3. Жоғары мектеп жасы.

  4. Бастауыш мектеп балалық шағы.

  5. Кемелдену кезеңі.




  1. Балалардың педагогикалық өсу кезеңдерi бойынша 11-15 жас аралығы:

  1. Мектепке дейінгі балалық шақ.

  2. Жоғары мектеп жасы.

  3. Кемелдену кезеңі.

  4. Жеткіншек( орта) жас.

  5. Бастауыш мектеп балалық шағы




  1. Балалардың педагогикалық өсу кезеңдерi бойынша 15-18 жас аралығы:

  1. Мектепке дейінгі балалық шақ.

  2. Бастауыш мектеп балалық шағы.

  3. Жасөспірімдік балалық шағы.

  4. Сәбилік шақ.

  5. Жоғары мектеп жасы.




  1. Балалардың педагогикалық өсу кезеңдерi бойынша 3-7 жас аралығы:

  1. Жасөспірімдік балалық шақ.

  2. Бастауыш мектеп балалық шағы.

  3. Жоғары мектеп жасы.

  4. Мектепке дейінгі балалық шағы.

  5. Сәбилік шақ.




  1. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдiстерi –

  1. Ішінара қайта жаңғырту әдістемесі.

  2. Педагогикалық әрекеттестік тәсілдері.

  3. Оқу-тәрбие процесіндегі қарама-қайшылықтарды шешу жолдары.

  4. Тұлғаға тәрбиелік ықпал жасау тәсілдері.

  5. Зерттеудiң таным операцияларының тәртiбiн белгiлейтiн әр түрлi әдiс-тәсiлдерiнiң жиынтығы.




  1. Әңгiме әдiсi -

  1. Ғылыми әдебиеттерді талдау.

  2. Адамдардың қатынастарын зерттеу.

  3. Педагогикалық құбылыстарды талдау.

  4. Тұлғаның диагностикасы.

  5. Адамның өзінен және оны қоршаған адамдардан сөздік мәліметтер алу.




  1. Бақылау әдiсi:

  1. Зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.

  2. Тұлғаның мінездемесін жасау.

  3. Тұлғаға әсерін тигізу тәсілдері.

  4. Балаларды салыстырмалы зерттеу.

  5. Коэффиценттерді есептеу.




  1. Зерттеудiң эксперименталды-эмпирикалық әдiстер тобына кiрмейтiндер:

  1. Бақылау.

  2. Педагогикалық эксперимент.

  3. Әңгімелесу, сұхбат алу, сауалнама.

  4. Педагогикалық тәжірибені зерттеу.

  5. Талдау мен жинақтау.




  1. Зерттеудiң теориялық деңгей әдiстерi тобына кiрмейтiндер:

  1. Математикалық және статистикалық әдістер.

  2. Болжау әдісі.

  3. Жинақтау.

  4. Әдебиет көздерін зерттеу.

  5. Әңгімелесу, сұхбат алу, сауалнама.




  1. Педагогикалық құбылыстарды олардың өту барысының нақты белгіленген жағдайларында зерттеуге бағытталған ғылыми- зерттеу әдiсi:

  1. Математикалық және статистикалық әдіс.

  2. Медициналық-биологиялық тестілер.

  3. Педагогикалық эксперимент.

  4. Сауалнама жүргізу.

  5. Нәтижелерді өлшеу.




  1. Педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерiстер арасындағы сандық тәуелдiлiктiлiгiн анықтау үшiн қолданылатын әдiстер – ол:

  1. Электрофизикалық әдістер.

  2. Бақылау.

  3. Математикалық және статистикалық әдістер.

  4. Үлгілеу.

  5. Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтау.




  1. Педагогикалық процесс -

  1. Оқушылардың ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын бiрлескен iс-әрекетi.

  2. Оқушыларға бағытталған бағдарлау iс-әрекеті.

  3. Мектептiң әкiмшiлiк жұмысы.

  4. Оқушылардың сабақ кезiндегi өзiндiк танымдық әрекетi.

  5. Мұғалiмнiң танымдық iс-әрекетi.




  1. “Педагогикалық процесс” ұғымын тұңғыш рет ғылымға енгiзген:

  1. П.Ф. Каптерев .

  2. Я.А. Коменский.

  3. М.А. Данилов .

  4. Н.Д. Хмель .

  5. Р.Г. Лемберг .




  1. Жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң педагогикалық процесiнiң мақсаты:

  1. Жасөспiрiмдердiң жалпыеңбектiк iскерлiгiн дамыту.

  2. Оқушы тұлғасын қалыптастыру .

  3. Оқушылардың өзiндiк саяси санасын қалыптастыру .

  4. Балалардың құқықтық мәдениетi мен мiнез-құлықтарын дамыту .

  5. Жарыстар кезiнде жас спортшыларға көмек көрсету .




  1. Педагогикалық процестiң компоненттерiн құрайтын:

  1. Білім беру технологиялары мен педагогикалық техника.

  2. Тұлғааралық әрекеттестік және қарым-қатынас..

  3. Педагогтар, оқушылар, мақсат, мiндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдiстер, тәсiлдер мен тапсырмалар .

  4. Педагогикалық құзыреттілік пен педагогикалық шеберлік.

  5. Педагогикалық менеджмент және мектепті басқару .




  1. Жалпы бiлiм беретiн орта мектебiнiң педагогикалық процесiнiң ең басты құрамдас бөлiктерi:

  1. Мақсат пен міндеттер.

  2. Әдістер мен тәсілдер.

  3. Тапсырмалар.

  4. Педагогтар мен оқушылар.

  5. Құралдар мен формалар.




  1. Педагогикалық процестiң қозғаушы күштерi:

  1. Мұғалімдердің кәсіби іс – әрекеті.

  2. Ғылыми- педагогикалық зерттеулер.

  3. Жаңа педагогикалық технологиялар.

  4. Даму үстіндегі тұлғаның қарама – қайшылықтары.

  5. Тұлғаның өзін іс жүзінде көрсетуі.




  1. Педагогикалық процестiң заңдылықтары деген:

  1. Педагогикалық процестiң әр түрлi жақтары мен құбылыстары арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективтi байланыстар.

  2. Педагогикалық тәжірибені жинақтау.

  3. Жүйелілік қағидасы.

  4. Ғылымилық қағидасы.

  5. Оқу-жаттықтыру процесін болжау.




  1. “Оқу орнының педагогикалық процесi қоғамының әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiне сай болады” деген ол:

  1. Тәрбие принципі.

  2. Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері.

  3. Оқыту принципі.

  4. Тәрбиелеу ережелері.

  5. Педагогикалық процестің заңдылығы.




  1. “Педагогикалық процестiң мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетедi, ол әлеуметтiк тапсырыс ретiндегi, бiлiм беру заңдары арқылы талап етiледi” – деген ол:

  1. Оқыту әдісі.

  2. Тәрбиелеу принципі.

  3. Педагогикалық процестің заңдылығы.

  4. Пән мұғаліміне арналған әдістемелік нұсқау.

  5. Педагогикалық басқаруға қолданбалы ұсыныс.




  1. “Педагогикалық процесс екi жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетiмен байланысты, мiндеттi түрдегi екi жақты iс-әрекет”. Бұл -

  1. Зерттеу әдісі.

  2. Педагогикалық басқару ережесі.

  3. Тәрбие принципі.

  4. Педагогикалық процестің заңдылығы.

  5. Тәрбиелеу ережесі.




  1. “Оқушылардың творчестволық белсендiлiгi мұғалiмнiң мұқият ойластырылған және ұйымдастырылған iс-әрекеттiң нәтижесi”. Бұл -

  1. Тәрбиелеу ережесі.

  2. Педагогикалық процестің заңдылығы.

  3. Әдістемелік нұсқау.

  4. Жас спортшыларды жаттықтыру тәсілі.

  5. Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныс.




  1. “Педагогикалық процестiң қызметi оқушылардың жас ерекшелiктерi мен даму деңгейлерiне сай келуiне байланысты”. Бұл

  1. Мұғалімдерге қойылатын педагогикалық талап .

  2. Басқару ережесi.

  3. Педпроцестiң заңдылығы .

  4. Бiлiм саласындағы мемекеттiк саясаттың принципi .

  5. Спорттық жарыстар ережесi .




  1. “Педагогикалық процесс бөлiктерiнiң бiр-бiрiне бағыныштылығы мен бiр-бiрiне әсерi бар”. Бұл -

  1. Кәсiби-педагогикалық түсiнiк.

  2. Тәрбиелеу ережесi .

  3. Қазіргі сабаққа қойылатын әдiстемелiк талап .

  4. Педагогикалық менеджмент ережесi.

  5. Педагогикалық процесс заңдылығы




  1. “Педагогикалық процесс бiр қас қағым сәттiк емес, ол ұзақ мерзiмге, уақытқа бағытталған”. Бұл:

  1. Ақыл-ой тәрбиесіне қойылатын талап.

  2. Оқыту әдісі.

  3. Тәрбиелеу ережесі.

  4. Педагогикалық процесс заңдылығы

  5. Ұжым ережесі.




  1. “Педагогикалық процестiң iшiндегі бағыттардың әсерi көптеген факторларды тудырады”. Бұл -

  1. Ақыл-ой тәрбиесінің принципі.

  2. Басқару талабы.

  3. Тәрбиелеу тәсілі.

  4. Педагогикалық процесс заңдылығы.

  5. Басқару ережесі.

.

  1. Педагогикалық процестiң тәрбиелеушi механизмдерi:

  1. Мұғалiмдер мен оқушылар арасындағы және оқушылардың бiр-бiрiмен өзара iс-әрекеттерi мен қатынастары

  2. Тәрбие формалары мен құралдары .

  3. Тәрбие әдiстерi мен тәсiлдерi .

  4. Оқушыларға берiлетiн түрлi тапсырмалар .

  5. Мектептен тыс көпшiлiк шаралар .




  1. Тәрбие мақсаты:

  1. Ғылыми-педагогикалық зерттеу мiндеттерiнiң жүйесi.

  2. Нақты педагогикалық жағдайды ұғыну .

  3. Тәрбиелеу процесiнiң заңдылықтары .

  4. Әлеуметтiк сұранысқа бағытталған бiлiм беру идеалы.

  5. Нақты тәрбие мiндеттерiнiң жүйесi.




  1. Тәрбие мақсаттарының түрi:

  1. Классикалық және қазiргi кезеңдегi.

  2. Сыныптық, жалпымектептiк.

  3. Жалпы және жеке .

  4. Ұжымдық.

  5. Ұжымдық және топтық.




  1. Тәрбиенiң жалпы мақсатын нақтылағанда негiзгi фактор болып есептелетiн

  1. Ата-аналардың талаптары.

  2. Саясат және мемлекет идеологиясы .

  3. Өндiрiстiң сұранысы .

  4. Өркениеттi қоғамның даму деңгейi .

  5. Әлемдік тәжірибе.




  1. Әлеуметтендіру:

  1. Тұлға болуға қажеттiлiк.

  2. Адамның әлеуметтiк позициясы.

  3. Адамның нақты мақсатқа сәйкес өз тұлғасын қалыптастыруы .

  4. Түрлi типтегi әлеуметтiк қауымдастықтар мен әлеуметтiк қатынастар жүйелерiмен жеке адамның ықпалдасуы .

  5. Тұлғаның сандық және сапалық өзгеруi.




  1. Тәрбиенiң ең басты стратегиялық мақсаты:

  1. Тұлғаның дене дамуы.

  2. Тұлғаның құқықтық тәрбиесi.

  3. Тұлғаны жан-жақты және үйлесiмдi дамыту.

  4. Ұлттық тәрбие .

  5. Азаматтық тәрбие.




  1. Тәрбие мiндеттерi деген:

  1. Тәрбиелеу процесiн ұйымдастыру заңдылықтары мен бастапқы ережелерi.

  2. Тұлғаны қалыптастырудың нәтижесi.

  3. Тәрбиенiң нақты мақсатына жетуге әсерiн тигiзетiн талаптардың жүйесi .

  4. Тәрбиешiнiң, педагогтың берген тапсырмасы .

  5. Тәрбие проблемаларын шешу жолдары .




  1. Тәрбиенің негізгі құрылымдық бөліктері:

  1. Экономикалық және құқықтық тәрбие.

  2. Валелогиялық және экологиялық тәрбие.

  3. Әлеуметтік тәрбие, ұлттық тәрбиесі.

  4. Эстетикалық және әдеп тәрбиесі.

  5. Дене тәрбиесі, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесі.




  1. Тәрбие принциптерiне жатады:

  1. Тәрбиелiк ықпалдарының бiрлiгi.

  2. Тәрбиенiң объективтiлiгi мен тәуелдiлiгi.

  3. Тәрбиеленушiлердiң белсендiлiгi мен өзiндiк әрекеттенуi.

  4. Ғылымилылық пен жеткiлiктiлiк.

  5. Өзiн-өзi тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу.




  1. Тәрбие принциптерiне жатады:

  1. Оқушылардың жас және дербес ерекшелiктерiне сәйкестiлiк

  2. Тәрбиенiң объективтiлiгi мен тәуелдiлiгi .

  3. Көрнекiлiк.

  4. Тәрбиеленушiлердiң белсендiлiгi мен өзiндiк әрекеттенуi .

  5. Өзiн-өзi тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу .




  1. Тәрбие принциптерiне жатады:

  1. Тәрбиенiң қоғамдық бағыттылығы.

  2. Тәрбиенiң объективтiлiгi мен тәуелдiлiгi .

  3. Тәрбиеленушiлердiң белсендiлiгi мен өзiндiк әрекеттенуi.

  4. Ғылымилылық пен жеткiлiктiлiк.

  5. Өзiн-өзi тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу.




  1. Тәрбие принциптерiне жатады:

  1. Жеке тұлғаға бағыттау.

  2. Тәрбиенiң объективтiлiгi мен тәуелдiлiгi.

  3. Топтық мақсаттар.

  4. Тәрбиеленушiлердiң белсендiлiгi мен өзiндiк әрекеттенуi .

  5. Өзiн-өзi тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу




  1. Педагогикалық процестiң қозғаушы “механизмдерi”:

  1. Тәрбиенiң мазмұны.

  2. Тәрбиешiнiң талаптары.

  3. Тәрбиенiң әдiстерi, тәсiлдерi мен формалары.

  4. Оқушылар.

  5. Мұғалiмдер.




  1. Тәрбие әдiстерi деген-

  1. Тәрбиешiлерге арналған нұсқаулар.

  2. Тәрбиелiлiк ықпал тәсiлдерi.

  3. Тәрбие мiндеттерiн шешуге бағытталған тәрбиешi мен оқушылардың өзара байланысты iс-әрекетi.

  4. Адамгершiлiк дағдылары, әдеттерi мен сенiммен балаларды қаруландыратын тәрбиешiнiң көмекшi құралдары.

  5. Оқушыларда белгiлi қасиеттердi қалыптастыруға арналған ұсынбалар.




  1. Тәрбиелеу тәсiлдерi -

  1. Оқушылар мен мұғалiмнiң бiрлескен iс-әрекетiнiң сыртқы көрiнiсi.

  2. Тәрбиелiлiк шараны өткiзуге нормативтiк талаптар.

  3. Мұғалiмнiң iс-әрекетiн бағалау жөнiнде ұсыныстар.

  4. Тәрбие әдiсiнiң жеке көрiнiсi

  5. Тұлғаға ықпал ету ережелерi.




  1. Тәрбиелеу құралдары деген:

  1. Тәрбиелеу тәсiлдерiнiң жиынтығы.

  2. Тұлғаға ықпал ету ережелерi.

  3. Тәрбиенiң жалпы әдiсiнiң бөлiгi.

  4. Жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері

  5. Тәрбиелiлiк ықпалдың тиiмдiлiгiн көтеру тәсiлдерi.




  1. Тәрбиелеу формасы:

  1. Тәрбиенiң жалпы әдiсiнiң бөлiгi.

  2. Тәрбиелiлiк ықпалдың тиiмдiлiгiн көтеру тәсiлдерi.

  3. Тәрбиелеу процесiнiң сыртқы көрiнiсi.

  4. Тұлғаға ықпал ету ережелерi.

  5. Дене шынықтыру пәнi мұғалiмiне арналған әдiстемелiк құрал.




  1. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдiстерiне жатады:

  1. Насихат.

  2. Жаттығу.

  3. Үйрету.

  4. Тапсырма беру.

  5. Қоғамдық пiкiр.




  1. Сананы қалыптастыру әдiсі:

  1. Пікірсайыс

  2. Жаттығу;

  3. Үйрету;

  4. Тапсырма беру;

  5. Қоғамдық пiкiр.




  1. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдiстерi тобына кіретін:

  1. Әңгіме-сұқбат

  2. Жаттығу.

  3. Үйрету.

  4. Тапсырма беру.

  5. Қоғамдық пiкiр.




  1. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдiстерiне жатады:

  1. Үлгіге негізделген әдіс.

  2. Жаттығу.

  3. Үйрету.

  4. Тапсырма беру.

  5. Қоғамдық пiкiр.




  1. Сананы қалыптастыру әдiсі :

  1. Сендіру.

  2. Жаттығу.

  3. Үйрету.

  4. Тапсырма беру.

  5. Қоғамдық пiкiр.




  1. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдiстері тобына жатады:

  1. Түсiніктеме беру.

  2. Жаттығу.

  3. Үйрету.

  4. Тапсырма беру.

  5. Қоғамдық пiкiр.



  1. Iс-әрекеттi ұйымдастыру және мiнез-құлықты қалыптастыру әдiстерiне жатады:

  1. Тапсырма беру.

  2. Әңгiме.

  3. Түсiндiру.

  4. Ұғындыру.

  5. Лекция.




  1. Iс-әрекеттi ұйымдастыру мен мiнез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдiстерi тобына:

  1. Тәрбиелiк жағдайлар әдісі.

  2. Әңгiме.

  3. Түсiндiру.

  4. Ұғындыру.

  5. Дәріс.




  1. Ынталандыру әдiстерiне жатады:

  1. Мадақтау.

  2. Нұсқа беру.

  3. Пікірсайыс.

  4. Тапсырма беру.

  5. Жаттығу.




  1. Мiнез-құлық пен iс-әрекеттi ынталандыру әдiстерiне жатады:

  1. Жазалау.

  2. Түсініктеме беру.

  3. Пікірталас.

  4. Тапсырма беру.

  5. Жаттығу.




  1. Мiнез-құлық пен iс-әрекеттi ынталандыру әдiстерiне жатады:

  1. Жарыстар.

  2. Жаттығу.

  3. Нұсқа беру.

  4. Лекция.

  5. Этикалық әңгiме.




  1. Мадақтау -

  1. Баланың жақсы қасиеттерiн дамыту мақсатында педагогикалық ықпал тигiзу тәсiлi.// оқулық,

  2. Жағымды iстер үшiн мақтау әдiсi.

  3. Балалардың жағымсыз әрекетiн алдын алу тәсiлi.

  4. Тәрбиелiлiк деңгейдi бағалау түрі.

  5. Оқушыларға адамгершілік нормаларын түсіндіру тәсілі.




  1. Жазалау -

  1. Оқушының психикасына астыртын әсерін тигізетін дұрыс тәсіл.

  2. Жағымсыз әрекеттердің алдын алып,оларды тежеу, адамдар алдындағы кінәсін түсінуге педагогикалық ықпал ету тәсілі.

  3. Оқушының бәсекелестікке, алда болуға ықпал тигізетін тәсіл.

  4. Тәрбиеленушiге педагогикалық ұсыныстар.

  5. Пән мұғалiмiнiң “қиын” баламен жұмыстану ұстанымы.




  1. Жарыс -

  1. Қол жеткен нәтижелердi бекiту жолы.

  2. Басқа қатысушылардың жетiстiктерiмен өзiнiң нәтижелерiн салыстыру процесiнде тұлғалық қажеттiлiктi қалыптастыру мен бекiту әдiсi.

  3. Түрлi жолдармен басымдыққа тырысу тәсілі.

  4. Белгiлi бағдарлама бойынша спорттық жарысу.

  5. Оқушыларға сөз арқылы әсер ету тәсілі.




  1. Дүниетаным -

  1. Адамның табиғатқа, қоғамға, еңбекке, таным процесіне көзқарастарының жүйесі

  2. Адамның қиял- сезімдері.

  3. Тұлғаның құнды бағдарлауы.

  4. Адамның өмірлік ұстанымдары.

  5. Тұлғаның ой-өрісі дамуының көрсеткіші.




  1. Дүниетанымның құрылымына енетін:

  1. Әдепкі ойлау.

  2. Білім, көзқарас, сенім.

  3. Білік, дағдылар.

  4. Мақсат, міндеттер.

  5. Әдістер мен тәсілдер.




  1. Азаматтық тәрбие -

  1. Тұлғаның интегративтік қасиеті ретіндегі азаматтылықты қалыптастыру.

  2. Адамгершілік санасын қалыптастыру процесі.

  3. Еңбек мәдениетін қалыптастыру.

  4. Мінез-құлық қасиеттерін тәрбиелеу.

  5. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру.




  1. Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты:

  1. Еңбекке позитивтік қатынасты қалыптастыру.

  2. Гигиена негіздері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.

  3. Балалардың экологиялық мәдениеті.

  4. Спортпен шұғылдануға мотивацияны қалыптастыру.

  5. Әр адамда қоғамдық адамгершілік идеалдарын, Отанға деген сезімдерін, бейбітшілікке талпынысын тәрбиелеу.




  1. Азаматтылықтың басты элементі:

  1. Адамгершіліктің негізі.

  2. Салауатты өмір салты.

  3. Интеллектуалды мәдениет.

  4. Экологиялық мәдениет.

  5. Шығармашылық қабілеттері.




  1. Азаматтық сананы қалыптастыру – бұл:

  1. Дене тәрбиесінің міндеті.

  2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеті.

  3. Азаматтық тәрбиесінің міндеті.

  4. Экологиялық тәрбиесінің міндеті.

  5. Экономикалық тәрбиесінің міндеті.




  1. Әлеуметтік белсенділікті, азаматтық мінез-құлық пен тәжірибесін қалыптастыру – бұл:

  1. Дене тәрбиесінің міндеті.

  2. Дене тәрбиесінің адамгершілік тәрбиесінің міндеті.

  3. Эстетикалық тәрбиесінің міндеті.

  4. Экологиялық тәрбиесінің міндеті.

  5. Азаматтық тәрбиесінің міндеті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет