«Педагогика-1» пәні бойынша тест сұрақтары Педагогика қандай негізгі мәселелерді қарастырады

Loading...


бет1/5
Дата02.12.2019
өлшемі1.06 Mb.
  1   2   3   4   5
«Педагогика-1» пәні бойынша тест сұрақтары
1. Педагогика қандай негізгі мәселелерді қарастырады:

А) Тәрбиенің қоғамдағы алатын орнын.

В) Педагогиканың ғылым болып қалыптасу ерекшеліктерін.

С) Оқу-тәрбие процесінің теориялық негіздерін.

D) Өткендегі аса көрнекті педагогтардың идеяларын.

Е) Басқа ғылымдармен байланысын

{Дұрыс жауап} = С
2. Педагогиканың негізгі категориялары:

А) Тәрбие, білім беру мазмұны, формалары және оқыту әдістері.

В) Тәрбие, оқыту, біліктілік, педагогикалық процесс.

С) Тәрбие, білім беру, оқыту.

D) Тәрбие, оқушылардың оқу әрекеті, өзін-өзі тәрбиелеу.

Е) Білім, білік, дағды.

{Дұрыс жауап }= С
3. Педагогиканың негізгі міндеттеріне жатпайды:

А) Үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін жасау.

В) Білім беру мазмұнын, ғылыми дәрежесін үнемі көтеру.

С) Оқу мен тәрбие процесін интеграциялау, гуманитарландыру.

D) Оқу мен тәрбие процесінің тұтастығын қамтамасыз ету.

Е) Оқушыларды кәсіби мамандыққа баулу.

{Дұрыс жауап} = Е.
4. Педагогика ғылымының дамуында жетекші ғылымдар :

А) Биология, анатомия, мектеп гигиенасы.

В) Физиология, генетика, медицина.

С) Математика, информа-тика, статистика.

D) История, этнография, экология.

Е) Философия, психология, физиология.

{Дұрыс жауап }= Е
5. Педагогика ғылымының салалары:

А) Психология, анатомия, биология.

В) Мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, арнаулы педагогика.

С) Жекелеген пәндер әдістемесі, физиология.

D) Жоғары мектеп педагогикасы, анатомия, мектеп гигиенасы.

Е) Мектепке дейінгі педагогика, педагогика, психология, биология.

{Дұрыс жауап} = В
6. Арнаулы педагогиканың салалары:

А) Педагогика тарихы, оқыту әдістемесі.

В) Психология,физиология, анатомия.

С) Тифло, сурдо, олигофрено педагогика.

D) Кәсіби педагогика, салыстырмалы педагогика.

Е) Мектепке дейінгі, мектеп педагогикасы.

{Дұрыс жауап} = С
7. Педагогика ғылымының негізгі зерттеу әдістері:

А) Лекция, әңгіме, әңгімелесу.

В) Диспут, өнеге, жарыс.

С) Бақылау, эксперимент, анкета сұрақтары.

D) Бақылау, анкета сұрақ-тары, лекция.

Е) Жазалау, мадақтау.

{Дұрыс жауап} = С
8. Педагогиканың негізгі категориясы:

А) Материя.

В) Тәрбие.

С) Іс - әрекет.

D) Қарым- қатынас.

Е) Тұқым қуалаушылық.

{Дұрыс жауап} = В
9. Педагогикада қолданылатын негізгі категория :

А) Жеке тұлға.

В) Құбылыс.

С) Қоғам.

D) Этнос.

Е) Мораль

{Дұрыс жауап} = А
10.Педагогика мынадай негізгі ғылыммен тығыз байланысты:

А) Кибернетика.

В) Психология.

С) Демография.


D) Статистика


Е) Георгафия.

{Дұрыс жауап} = В


11.Педагогика тығыз байланысты

А) Кибернетикамен

В) Психологиямен.

С) Демографиямен

D) Статистикамен.

Е) Географиямен

{Дұрыс жауап }= В
12. Тұлғаны әлеуметтендіру институтына жататындар:

А) Форма, әдіс,тәсіл.

В)Отбасы, мектеп,микросреда (шағын орта) .

С) Диспут, тәрбие сағаты, конференция.

D) Педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік.

Е) Ата-аналар жиналысы.

{Дұрыс жауап }= В

13.Ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам мұраты (идеалы):

А) Тәрбие мазмұны.

В) Дүниетаным компоненттері.

С) Білім мазмұны.

D) Дүниетаным формалары.

Е) Дүниетаным қалыптастыру құралдары.

{Дұрыс жауап }= В
14.Теориялық ойлаумен, тәжірибелік іс-әрекетте сезімдік қабылдаудың бірлігімен көрінетін іс-әрекеттің аталуы:

А) Еңбек ету.

В) Тәжірибелік.

С) Өз бетінше.

D) Танымдық.

Е) Ойын.


{Дұрыс жауап }= Д
15. Педагогика алғашқыда қай ғылым саласында дамыды:

А) Психологиялық.

В) Философиялық.

С) Антрпологиялық.

D) Этикалық.

Е) Эстетикалық.

{Дұрыс жауап }= В
16.Индивид:

А) Адам.


В) Жеке тұлға.

С) Мұғалім.

D) Оқушы.

Е) Басқа адамзат өкілдері.

{Дұрыс жауап }= А
17. Жеке тұлға:

А) Индивид.

В) Қоғамдық мәндегі адам.

С) Еңбексүйгіш адам.

D) Әділ адам.

Е) Азаматтық позицясы жоғары адам.

{Дұрыс жауап }= В
18. Педагогика жатады:

А) Жаратылыстану.

В) Әлеуметтік-гуманитарлық.

С) Техникалық.

D) Арнайы ғылымдарға.

Е) Экономикалық ғылымдарға.

{Дұрыс жауап }= В
19. ҚР білім беру жүйесін басқару мына негізде жүргізіледі:

А) Гуманитарлық білім берудің тұжырымдамасы.

В) Этномәдени білім беру тұжырымдамасы.

С) Жергілікті білім беру бөлімдерінің қатысуына.

D) Тіл туралы заңға.

Е) Білім беру заңына.

{Дұрыс жауап }= Е

20. “Ұлы дидактиканы” жазған кім:

А) Ж.Ж. Руссо.

В) И.Герберт.

С) Я.А.Коменский.

D) А.Дистервег.

Е) Джон Локк

{Дұрыс жауап }= С
21. Жас ерекшелік педагогикасына қатыстылар:

А)Сәбилер педагогикасы, мектеп педагогикасы, жоғарғы мектеп педагогикасы,ересектер педагогикасы.

В)Сурдопедагогика,тифлопедагогика,олигофренопедагогика.

С) Педагогика тарихы.

D) Салыстырмалы педагогика.

Е) Этнопедагогика.

{Дұрыс жауап }= А
22. Қазіргі замандағы педагогиканың атқаратын қызметі :

А) Ғылыми-теориялық, практикалық, болжам жасаушылық

В) Оқытушылық, тәрбиелік, тәжірибелік.

С) Қалыптастырушылық,болжам жасаушылық, дамытушылық.

D) Экономикалық ғылыми-теориялық, тәжірибелік.

Е) Мативоциялық, тәжірибелік экономикалық

{Дұрыс жауап }= А
23. Педагогика ғылымы байланысты :

А) Көркем тарих.

В) Математика.

С) Психология.

D) Биология.

Е) Физика.

{Дұрыс жауап }= С
24. Мемлекеттің білім беру жүйесіне жатқызылады:

А) Мектеп,конфессиалды ұйымдар,спорттық бірлестіктер.

В) Отбасы,пәндік үйірмелер,мектептен тыс ұйымдар.

С) Білім беру ұйымдарының жиынтығы (орта білім беру мекемелері,жоо, коледждер).

D) ЖОО, әскери ұйымдар,консерваториялар.

Е) Лицей,балалар үйі,діни ұйымдар.

{Дұрыс жауап }= С
25. Жеке тұлғаның объективті қоғамдық қатынасқа икемделуі:

А) Әдет.


В)Дағды.

С)Даму.


D) Әлеуметтену

Е) Іскерлік.

{Дұрыс жауап }= Д
26. Жеке тұлғаның дамуындағы негізгі қозғаушы күшіне жататындар:

А) Тұқымқуалаушылық.

В) Тәрбиенің принциптері.

С) Тәрбие әдісі.

D) Өзін-өзі тәрбиелеу әдісі.

Е) Қарама-қайшылық.

{Дұрыс жауап }= Е
27. Жеке тұлғаны қалыптастыру:

А) Әр түрлі жағдайлардың адамдардың саналы қызметіне тәуелсіз түрде ықпал етуі.

В) Адам ағзасындағы сандық өзгерістер процесі мен нәтижесі.

С) Білімді игеру барысында теориялық және тәжірибелік істерді атқаруға өздігінен салалы түрде дайындығы.

D) Нақты тәрбие міндеттеріне бағытталған тәрбие жұмыстарының нәтижесі .

Е) Барлық әлеуметтік, идеологиялық, психологиялық және т.с.с ықпалымен адамның әлеуметтік жан иесі ретінде қалыптасуы.

{Дұрыс жауап }= Е
28. Тұлғаның дамуына әсер ететін жетекші факторлар:

А) Қарым-қатынас.

В) Өзін-өзі тәрбиелеу.

С) Орта,тәрбие, тұқымқуалаушылық.

D) Отбасы.

Е) Жолдастары.

{Дұрыс жауап }= С
29. Қарым-қатынас ол:

А)Айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.

А) Адамның мінез-құлқы.

В) Алған білімді меңгеру.

D) Қазіргі заманды түсінудің проблемасы.

Е) Тұлғаның көзін жеткізу.

{Дұрыс жауап }= А
30. Жеке тұлғаны қалыптастырудың шешуші факторы:

А) Іс-әрекет.

В) Макросреда.

С) Микросреда.

D) Жолдастары.

Е) Ақпарат құралдары.

{Дұрыс жауап }= А
31. Педагогиканың ғылым ретіндегі дамуын анықтады:

А) Ғылыми қызметкерлердің қажеттілігі.

В) Ата-аналардың балалар бақыты жөніндегі қамқорлығы.

С) Тұқымды сақтаудың биологиялық заңы.

D) Адамның өмір мен еңбекке дайындалуының обьективтік қажеттілігі.

Е) Тәрбиенің өмірдегі ролін арттыру.

{Дұрыс жауап }= Д
32. Балалардың өздері сайлап алған ұжымдық басқару органы:

А) Менеджмент .

В) Сектор.

С) Староста.

D) Өзін -өзі басқару.

Е) Атамекен.

{Дұрыс жауап} = Д
33. “Педагогика”терминінің шыққан жері:

А) Македония.

В) Ертедегі Греция

С) Римде.

Д) Чехияда.

Е) Қытайда.

{Дұрыс жауап }= В


34. Педагогика өз алдына ғылым болып қай ғасырда бөлініп шықты?:

А) XV ғасырда.

В) XVІ ғасырда.

С) XVІІ ғасырда.

D) XІX ғасырда.

Е) XVІІІ ғасырда.

{Дұрыс жауап }= С
35. Мұғалім білуге тиіс емес:

А) Балалар құқық декларациясы.

В) Білім беру заңы.

С) ҚР Конституциясы.

D) ҚР қылмыс кодекісі.

Е) Мектеп уставы

{Дұрыс жауап }= Д
36. Педагогикалық білімге жатады:

А) Педагогикалық категория, ұғым, заңдылық, әдіс-тәсілдерімен оқу-тәрбиені ұйымдастыру.

В) Жалпы мектепке дейінгі жасөспірім, салыстырмалы, әскери, коррекциялық педагогика.

С) Педагогика тарихы, антропология, педагогика.

D) Әлеуметтану, психология, педология, физиолгия, актология.

Е) Мәдениет тарихы.

{Дұрыс жауап }= А
37. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті сапасының шешуші көрсеткіші не болып табылады:

А) Оқушыны тұлға ретінде дамыту деңгейі.

В) Оқушылардың үлгерімі.

С) Ата-аналармен жұмыс істей білуі.

D) Оқушыларға жеке қатынасты жүзеге асыру біліктілігі.

Е) Оқушылардың сабақтағы белсенділігі.

{Дұрыс жауап }= А
38. Мұғалімнің профессиограммасына жатпайды:

А) Болашақ маман жұмысының түрі мен жағдайларына қысқаша сипаттама.

В) Кәсіби қажеттіліктің нормативтері мен көрсеткіштері.

С) Жас маман таңдауға құралған бағалау шкалалары.

D) Болашақ кәсіби мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптар.

Е) Мұғалімдерді даярлау мақсатындағы приоритеттердің алмасуы.

{Дұрыс жауап }= А
39. Педагогикалық іс-әрекет компонентіне жатпайтындар:

А) Конструктивті.

В) Ұйымдастырушылық.

С) Мазмұнды.

D) Ізденіс.

Е) Коммуникативті.

{Дұрыс жауап }= С
40. Педагогикалық біліктілік:

А) Педагогикалық жобалау дағдысы мен тәжірибесінің барлығы.

В) Обьективтік шындық заттары мен құбылыстары туралы игерілген мәліметтердің, ұғымдардың, түсініктердің жиынтығы.

С) Адамның мүдделері мен қызығушылығын тәжірибе жүзінде орындауға бағытталған әрекет.

D) Адам санасы сенім мен көзқарас жүйелерін игеруге негізделген әрекет.

Е) Мұғалімнің жемісі, әрекеті, мақсатты оқытуды тарату.

{Дұрыс жауап }= А
41. Мұғалімнің инновациялық әрекетіне жатады:

А) Оқушылармен ойын әрекетін ұйымдастыру.

В) Танымдық әрекетті белсендіру.

С) Оқытудың дәстүрлі әдісін қолдану.

D) Мұғалімдердің озық тәжірибесін оқып үйрену.

Е) Оқытудың авторлық моделін жасау.

{Дұрыс жауап }= Е
42. Оқушы мен мұғалімнің кәсіби сауатты қарым-қатынас стилі:

А) Либералдық

В) Авторитарлық

С) Демократиялық

D) Зұлымдық

Е) Либералдық-демократиялық

{Дұрыс жауап }= Е
43. Педагогика:

А) Баланың даму заңдылығын оқытады және оны тәрбиелеу жолдарын айқындайды.

В) Тұлғаның кәсіби қалыптасу проблемасын қарастырады.

С) Бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге дүниетану көзқарасын қалыптастыру мақсатындағы өнері.

D) Жеткіншек ұрпақты дамытуға байланысты сұрақтарды оқытумен айналысады.

Е) Адамды тәрбиелеу туралы ғылым.

{Дұрыс жауап }= Е
44. Педагогика ғылымдары жүйесі:

А) Дидактика, психология, тарих, мектептану, тәрбие теориясы, мектеп гигиенасы, салыстырмалы педагогика.

В) Жалпы педагогика, жасөспірімдер педагогикасы, арнайы педагогика, жеке пәндерді оқыту әдістемесі, арнайы пдагогика, педагогика тарихы.

С)Жалпы пдагогика, этика, эстетика, мектепке дейінгі педагогика, мектепті басқару, мектеп тарихы.

D) Жалпы педагогика, этика, эстетика.

Е)Мектепке дейінгі педагогика, волеология, әлеуметтік педагогика, дидактика, тәрбие теориясы.

{Дұрыс жауап }= В
45. Педагогика пәніне не кірмейді:

А) Оқыту процесі.

В) Тәрбие процесі.

С) Педагогикалық процесс.

D) Білім беру жүйесі.

Е) Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті.

{Дұрыс жауап }= Е
46. Педагогикалық ғылым жүйесіне келесі пәндер кірмейді:

А) Мектепке дейінгі педагогика.

В) Тәрбие теориясы.

С) Психология.

D) Оқыту теориясы.

Е) Жоғарғы мектеп педагогикасы.

{Дұрыс жауап }= С
47. Ата-анасынан балаға тұқым қуалау бойынша беріледі:

А) Ойлау қабілеті

В) Мінез-құлқы.

С) Әр түрлі іс-әрекетке қабілеті.

D) Адамның жеке даму қабілетіне негіз болатын нышандар.

Е) Адамдарға қарым-қатынасы.

{Дұрыс жауап }= Д
48. Жеке тұлғаның дамуындағы негізгі фактор:

А) Тұқымқуалаушылық .

В) Ұжымдағы психологиялық жағдай.

С) Ата-анасы.

D) Жолдастары.

Е) Мұғалімімдердің пікірі.

{Дұрыс жауап }= А
49.Даму – бұл:

А) Сандық өзгерістердің адам ағзасына жиналуы.

В) Ескіні жою, жаңаның пайда болуы.

С) Өмір мен қызмет барысында жүзеге асатын адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалыптасуы.

D) Уақыт ішінде әрқилы факторлардың ықпалымен жүзеге асатын адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістер.

Е) Алдын-ала көзделген сапалық қасиеттердің адамдарда қалыптасуының белгілі бір мақсатқа бағытталған процесі.

{Дұрыс жауап }= Д
50. Оқушылардың дамуы бір-бірімен байланысты 3 бағытта жүреді:

А)Биологиялық, психолгиялық, әлеуметтік.

В)Психологиялық, физиологиялық, адамгершілік.

С)Әлеуметтік, еңбек, экономикалық.

D) Құқықтық, ақыл-ой, экологиялық.

Е) Тұқым қуалаушылық, биологиялық, эстетикалық, діни.

{Дұрыс жауап }= А
51. Адамға тұқым қуалау арқылы беріледі:

А) Таланттылық, салмақтылық.

В) Анотомиялық, физиологиялық ерекшеліктері.

С) Адамгершілік, мінез-құлық стилі.

D) Еңбексүйгіштік, ізгілігі.

Е) Хоббиі, өмір сүруі.

{Дұрыс жауап }= В
52. Жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі неге байланысты емес:

А) Тұқымқуалаушылыққа.

В) Оқу әректінің сипатына.

С) Оқулықтың сапасына.

D) Оқытушының талантына.

Е) Табиғат жағдайына.

{Дұрыс жауап }= Е
53. Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі іс-әрекетінің түрі:

А) Оқу танымдық.

В) Ойын ойнау.

С) Еңбек.

D) Спортпен шұғылдану.

Е) Көркем шығармашылық.

{Дұрыс жауап }= А
54. Бастауыш мектеп оқушыларының қарым-қатынасына әсер етушілер :

А) Ата-ананың пікірі.

В) Жолдастарының пікірі.

С) Оқытушының пікірі.

D) Өз пікірі.

Е) Ұжымының пікірі.

{Дұрыс жауап }= С
55. Қиын балалардың пайда болуына себепші факторлар :

А) Қоғамдағы экономикалық жағдай, ұжым, жанұя.

В) Жанұя,мектеп, қоғамдық сана формалары.

С) Жанұядағы ажырасу мәселесі.

D) Қоғам, жора – жолдастары.

Е) Нашар идеология,тәрбиешеілір әрекеті.

{Дұрыс жауап} = А
56. Акселерация:

А) Жеке тұлғаның қалыптасуы.

В) Мақсатқа орнықты жетуге талпынуы.

С) Жас өспірімдер мен кіші жастағы оқушылардың жедел дамуы.

D) Тұлғаның өздігінен дамуы.

Е) Ойлау қабілетінің дамуы.

{Дұрыс жауап }= С
57. Сендіру әдісінің мәні:

А) Оқушының сабаққа ынтасын

тәрбиелеу.

В) Өмірге тиянақты көзқарасын,

ұстанымын қалыптастыру.

С) Санасын,сезімін, түйсігін

дамыту.

D) Жағымды мінез – құлқын



тәрбиелеу.

Е) Орнықты іс- әрекетке бейімдеу.

{Дұрыс жауап} = В
58. Педагогикалық зерттеудің қортындысы негізделеді :

А) Ішкі сезім.

В) Педагогикалық эксперимент.

С) Ресми оппонент пікірі.

D) Экспериментке қатысушылардың контингенті.

Е) Зертеушінің тұлғасы.

{Дұрыс жауап }= В
59. Оқушыларды тәрбиелу әдістеріне жатады:

А) Сабақ барысында мұғалімнің оқушыларды бақылауы.

В) Адамгершілік тақырыбына шағын шығарма жазу.

С)Оқушылармен әңгімелесу.

D) Кинотеатрға бару.

Е) Тәрбие теориясы

{Дұрыс жауап }= С
60. Ғылыми зерттеу әдісіне жататындар:

А) Кезекші мұғалім асханадағы тәртіпті бақылайды.

В) Педагог курстың жекелеген тақырыптарын оқып-үйрену барысында оқушылардың дамуын компьютер бағдарламасының көмегімен бақылайды.

С) Сынып жетекшісі оқушылар киімінің ұқыптылығын қадағалайда.

D) Экскурсия кезінде биологияның мұғалімі оқушылармен бірге құмырсқалардың мінез-құлқын бақылайды.

Е) Жас мұғалім тәжірибелі әріптесінің қиын оқу материалын түсіндіру барысындағы әрекеттерін бақылайды.

{Дұрыс жауап }= Д
61. Әңгімелесу зерттеу әдісі ретінде:

А) Әлде қандай пдагогикалық құбылысты қабылдау.

В) Мұғалімдердің озық тәжірибесін оқыту.

С) Қажетті ақпаратты алу мақсатындағы өздігінен қосымша әдіс.

D) Кез-келген әдісті арнайы ұйымдастырылған тексеру.

Е) Қатаң қадағаланатын жағдайларда өткізілінетін, алдына белгілі бір мақсатқа бағытталған, сынаққа түскендердің барлығына арналған біркелкі зерттеу.

{Дұрыс жауап }= Е

62. Педагогикалық зерттеудің теориялық деңгейіне жатпайтын әдістер:

А) Әдебиеттерді оқу.

В) Анализ және синтез.

С) Моделдеу.

D) Анкета жүргізу.

Е) Болжам жасау.

{Дұрыс жауап }= А
63. Жеке тұлғаны үнемі зерттеу әдісі:

А) Салыстыру.

В) Абстрактілеу.

С) Индукция.

D) Деукукция.

Е) Байқау.

{Дұрыс жауап }= Е
64. Мұғалімнің зерттеу әрекетінің кезеңдеріне:

А) Педагогикалық консилиум.

В) Проблеманы анықтау.

С) Әдістемелік кеңестің отырысы.

D) Ата-аналарды педагогикалық ағарту.

Е) Қоғамды ұйымдарды тарту.

{Дұрыс жауап }= В
65. Педагогиканың негізгі категориясы:

А) Материя.

В) Тәрбие.

С) Іс-әрект.

D) Оқымыстылық

Е) Тұқым қуалаушылық.

{Дұрыс жауап }= В
66. Педагогикада қолданылатын ұғым (категория):

А) Жеке тұлға.

В) Көрініс.

С) Мемлекет.

D) Этнос.

Е) Дін.


{Дұрыс жауап }= А
67. Педагогика ғылымының объектісі:

А) Жеке тұлға.

В) Оқушы.

С) Мұғалім.

D) Ұжым.

Е) Педагогикалық іс -әрекеттің объективті жүріп жатқан жағдайы.

{Дұрыс жауап }= В
68. Педагогика пәніне жатады:

А) Бала.


В) Оқушылар ұжымы.

С) Жанұя.

D) Процесс.

Е) Мұғалімдер ұжымы .

{Дұрыс жауап }= В

69. Тәрбие прициптеріне жататындар:

А) Тұқым қулаушылық әсері.

В) Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі саналылық қажеттіліктің сәйкестілігі.

С) Ортаның әсері.

D) Ойын іс-әрекетіне қатысу.

Е) Жеке тұлғаның қалыптасу процесі.

{Дұрыс жауап }= В
70. Педагогикалық процестің негізгі компоненттеріне жатпайды:

А) Білім беру мазмұны.

В) Білім беру мақсаты.

С) Тәрбиенің міндеттері.

D) Оқытудың түрлері.

Е) Мұғалімдерді даярлау.

{Дұрыс жауап }= Е

71. Адамның қабілеттіліктерін дамыту және белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін қажетті және міндетті жағдай:

А) Қарым-қатынас.

В) Қажеттіліктер.

С) Іс-әрекет.

D) Қарама-қайшылық.

Е) Белсенділік.

{Дұрыс жауап }= С
72. Балаларды мектептен тыс тәрбиелеу мен білім беру саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулерден тұратын ғылым:

А) Жас ерекшелік педагогикасы.

В) Әлеуметтік педагогика.

С) Сурдопедагогика.

D) Тифлопедагогика.

Е) Дефектология.

{Дұрыс жауап }= В
73. А.С Макаренконың педагогикаға қосқан үлесі:

А) Мектепті басқару.

В) Жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу.

С) Шығармашылық.

D) Таным теориясы .

Е) Оқыту теориясы.

{Дұрыс жауап }= В
74. Тәрбиенің заңдылығына жатпайды:

А) Тәрбиені қоғамдық жағдайға сәйкестендіру.

В) Тәртіп пен мінез-құлықтың бірлігі.

С) Педагогикалық талап.

D) Оқушының жеке дара қажеттілігін есепке алу .

Е) Әлеуметтік ортаның артықшылығы.

{Дұрыс жауап }= Е
75. Тәрбиенің мақсты :

А) Тәрбиені гуманизациялау

В)Тәрбиені гуманиторландыру.

С) Еңбек және политехникалық білім беру.

D) Эстетикалық тәрбие.

Е) Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы.

{Дұрыс жауап }= Е
76. Тәрбиенің мақсатына берлген алғашқы анықтама:

А) Адамзат құндылығын қалыптастырудағы жағымды қатынас.

В) Жеке тұлғаның еркін қалыптасуы.

С) Джентельмен тәрбиелеу.

D) Мәдениетті адам тәрбиелеу.

Е) Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы.

{Дұрыс жауап }= В
77. Тәрбие туралы ғылымның мәнін көрсететін ұғым.

А) Антропология.

В) Андрогогия.

С) Педагогика.

D) Андропогия.

Е) Педоголия.

{Дұрыс жауап }= С
78. Тәрбиелік мақсатқа жетуде кешенді әдістер мен тәсілдерді пайдалану тәртібі:

А) Амал.


В) Әдіс.

С) Әдістеме.

D) Акт.

Е) Тәсіл.



{Дұрыс жауап }= С
79. Дүниеге көзқарастың құрылысына жатпайды:

А) Білім.

В) Білімге қажеттілік.

С) Көз жеткізу.

D) Іс-әрекетке дайындық.

Е) Идеал.

{Дұрыс жауап }= Д
80. Дүниеге көзқарастың жүйесі:

А) Ғылым.

В) Дін.

С) Дүниеге көзқарас.



D) Менталитет.

Е) Дүнитаным.

{Дұрыс жауап }= А
81. Ғылым дүниетаным жеке тұлғаға мүмкіндік береді:

А) Кәсіпті дұрыс таңдауға.

В) Өзінің қабілетін бағалауға.

С) Қоршаған ортаның құбылыстарын дұрыс қабылдау және ұғыну.

D) Тиімді оқып-үйрену.

Е) Нағыз достарды таңдау.

{Дұрыс жауап }= С
82. Дүниетаным:

А) Шынайлықты сезіну.

В)Адам санасының ерекше формасы.

С) Адамның қарым-қатынасты түсінуі.

D) Өзіндік позицияны таңдау.

Е) Басқа адамды түсіну қабілеті.

{Дұрыс жауап }= В
83. Дүниетанымдық негізге жатқызуға болмайды:

А) Ғылыми білім.

В) Білімге көзқарасы.

С) Сенімі.

D) Іс-әрект түрлері.

Е) Білім беретін мекемелер.

{Дұрыс жауап }= Е
84. Дүниетанымның құрамына кіретін компоненттер:

А) Ғылыми білік, біліктілік, дағды.

В) Қоғамдық пікір, ғылымға қатынасы.

С) Құндылық бағдар, сенім, діни көзқарастар.

D) Ғылыми білімдер жиынтығы, білімге қатынасы, сенім, қылық (іс)

Е) Экононмикалық білімдер, табиғатқа деген мінез-құлық стилі.

{Дұрыс жауап }= Д
85. Тәрбиенің құрамдас бөліктері:

А) Адамгершілік тәрбиесі, экологиялық тәрбие, азаматты тәрбиелеу, кәсіби білім, мамандық таңдауға дайындық.

В)Гуманизациялау, интерноционалдық тәрбие, эстетикалық тәрбие, атеистік тәрбие, экологиялық тәрбие .

С) Ақыл-ой тәрбиесі, атеистік тәрбие, саяси-идеялық тәрбие, дене тәрбиесі, тәрбиені демократияландыру.

D) Демократияландыру, экологиялық тәрбие, азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, жанұя тәрбиесі.

Е) Ақыл-ой тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, дене тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі.

{Дұрыс жауап }= Е
86. Экологиялық тәрбиенің міндеті:

А) Дене және спорттық қоғамдық маңызы және мәні туралы білімдер жүйесі мен оқушыларды байыту.

В) Мектеп оқушыларын көркем өнер шығармашылығына тарту.

С) Оқушыларда мәдени мінез-құлық және тәртіп қалыптастыру.

D) Табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас қалыптастыру және табиғатты қорғау іс-әрекетін ұйымдастыру.

Е) Оқушылардың ақыл-ой қабілетін дамыту.

{Дұрыс жауап }= Д
87. Эстетикалық тәрбиенің мәні:

А) Эстетикалық мінез-құлық нормаларын қалыптастыру.

В) Еңбексүйгіштік пен тәртіптілікке тәрбиелеу .

С) Оқушыларды әртүрлі көркем-эстетикалық іс-әрекетті ұйымдастыру.

D) Әлеуметтік жауапкершілікке және өз Отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Е) Оқушыларды идеялық бағыттылыққа тәрбиелеу.

{Дұрыс жауап }= А
88. Дене тәрбиесінің міндеттері болып табылады:

А) Дененің дұрыс дамуына әсер ету, организмді шынықтыру, қозғалыс сапасын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

В) Білім, біліктілік пен дағдылар жүйесін қалыптастыру.

С) Ақыл-ой дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру.

D) Жүйелі оқуға қызығушылығын қалыптастыру.

Е) Эстетикалық талғамын қалыптастыру.

{Дұрыс жауап }= А
89. Оқушылардың экономикалық тәрбиелілігінің көрсеткіші болып табылады:

А) ҚР-дағы экономикалық саясат, негізгі экономикалық ұғымдар мен жетекші идеялар туралы білімі.

В) Табиғатты қорғауға саналы жауапкершілік сезімі.

С) Экономикалық мәдениетті меңгеруі.

D) Табиғатты қорғау бойынша тәжірибелік іс-әрекеті.

Е) Математикалық білімі.

{Дұрыс жауап }= С
90. Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстың түрлері:

А) Музыкалық студия, өнер қайраткерлерімен кездесу, өнер лицейіне экскурсия.

В) Сынып сағаттары, сыныптан тыс оқу.

С) Өлкетану музейлеріне экскурсия, спорттық жарыс.

D) Ата-аналар жиналысы, дамыта оқыту бойынша семинар.

Е) Олимпиада, әңгімелесу, жарыс.

{Дұрыс жауап }= А
91. Мінез-құлықпен іс-әрекетті ынталандыру әдістер тобына жатады:

А) Мадақтау.

В) Сендіру.

С) Үйрету.

D) Жаттығу.

Е) Әңгіме.

{Дұрыс жауап }= А
92. Тәрбие әдісіне жатады:

А) Сынып сағаты.

В) Сабақ.

С) Педагогикалық талап.

D) Орта.

Е) Ұжым.


{Дұрыс жауап }= С
93. Тәрбиенің формасына жатады:

А) Тақырыптық кештер.

В) Дене жаттықтыру.

С) Кесте тоқу.

D) Кроссворд шешу.

Е) Өлең-тақпақ оқу.

{Дұрыс жауап }= А
94. Тәрбие жұмысының формасы:

А) Театр.

В) Сабақ.

С) Экскурсия.

D) Фильм.

Е) Кітапхана.

{Дұрыс жауап }= С
95. Тәрбие әдісіне жатады:

А) Кітап мазмұны.

В) Ересек адамның үлгі көрсетуі.

С) Тәрбие сағаты.

D) Тақырыптық кеш..

Е) Экскурсия.

{Дұрыс жауап }= В
96. Оқушылардың мінез-құлқын және іс-әректін ынталандыру әдісіне жатады:

А) Лекция.

В) Мысал келтіру әдісі.

С) Байқау

D)Жаттығу

Е) Жазалау

{Дұрыс жауап }= Е
97. Тәрбие әдісіне жатады:

А) Сендіру, жаттығу, ынталандыру, өзін-өзі тәрбиелеу

В) Әңгімелесу, тәжірибелік жұмыс.

С) Семинар, зачет.

D) Принцип, концультация.

Е) Көндіру, үйрету.

{Дұрыс жауап }= А
98. Теориялық әдістемелік зерттеудің пәніне жатпайды.

А) Жеке тұлғаны қалыптастыру барысындағы тәрбиенің мәні мен маңызы.

В) Тәрбие жұмысының мазмұнын анықтау.

С) Тәрбие әдістерін құрастыру.

D) Оқушының тәрбиесі мен оқуына әсерін зерттеу.

Е) Оқушылардың білім деңгейін зерттеу.

{Дұрыс жауап }= А
99. Оқушының тәрбиесіндегі іс-әрекеттің орны:

А) Қосымша роль.

В) Екінші роль.

С) Белгісіз роль.

D) Негізгі роль.

Е) Маңызды роль.

{Дұрыс жауап }= Д
100. Тәрбиелік шараларды өткізуде жүйе құрушы фактор болып табылады:

А) Құралдар.

В) Форма.

С) Нәтиже.

D) Мазмұн.

Е) Мақсат.

{Дұрыс жауап }= Е
101. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері:

А) Лекция, әңгіме, пікірталас.

В) Мадақтау, әңгіме, мысал.

С) Жаттығу, тәрбиелеушілік жағдаят туғызу.

D) Жарыс, әңгімелесу, мысал.

Е) Сыныптан тыс жұмыс, жарыс, жаттығу, сендіру.

{Дұрыс жауап }= А
102. Отбасы мен мектептің өзара әрекет формасы:

А) Сынып сағаты.

В) Ата-аналар жиналысы.

С) Экскурсия.

D) Байқау.

Е) Әлеуметтік.

{Дұрыс жауап }= В
103. Эстетикалық тәрбиенің құралдары деп есептелінеді:

А) Жаттықтыру жаттығуы.

В) Әңгіме.

С) Табиғат, әдебиет, өнер.

D) Мадақтау.

Е) Жазалау.

{Дұрыс жауап }= С
104. Мектептің педагогикалық ұжымының жоғарғы ұйымы

А) Директор.

В) Завуч.

С) Оқушылар ұжымы.

D) Ата-аналар комитеті.

Е) Педагогикалық кеңес.

{Дұрыс жауап }= Е
105. А.С.Макаренко балалар ұжымын дамытуда төмендегі сатыларды қарастырды

А) Екі.


В) Үш.

С) Төрт.


D) Бес.

Е) Бестен жоғары.

{Дұрыс жауап }= В
106. Оқушыларды тәрбиелейтін бірлестіктер:

А) Тұратын жеріндегі достары .

В) Замандастары.

С) Жолдастары.

D) Әріптестері.

Е)Сынып ұжымы.

{Дұрыс жауап }= Е
107. Мектептегі негізгі тәрбиелік қызметті атқаратын:

А) Сынып жетекшісі.

В) Мектеп.директоры.

С) Пән мұғалімі.

D) Сынып старостасы.

Е) Мектап завучы .

Дұрыс жауап }= А
108. А.С.Макаренко балалар ұжымын дамытуда мына перспективаларды бөліп қарады:

А) Қол жетпейтін, аздап қол жетпейтін, толық қол жетпейтін.

В) Жалпы, жеке, топтық.

С) Жақын, орта, алыс

D) Мектепке дейінгі,жасөспірімдік, жеткіншек.

Е) Балалық, ата-аналық.

{Дұрыс жауап }= С
109. Сынып жетекшісінің атқаратын қызметіне:

А) Администрациялық-шаруашылық.

В) Оқушыларды теориялық және тәжірибе жағынан дайындау.

С) Тәрбиелік, ұйымдастыушылық.

D) Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру және өткізу.

Е) Мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

{Дұрыс жауап }= С
110. Оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетінің түрі

А)Олимпиада, лекторлық, қызығушылық клубы.

В) Танымдық,құндылық-бағдар,қоғамдық-саяси.

С) Ізгілік, демократиялық, педагогикалық ынтымақтастық.

D) Оқушылардың рейтингісін анықтау.

Е) Анкета.

{Дұрыс жауап }= А
111. Отбасы тәрбие әдісіне жататындар:

А) Гуманизациялау демократияландыру.

В) Үлгі, әңгіме, әртүрлі істерді қолдану.

С) Мұғалімдермен кездесу.

D) Ата-аналар комитетінің отырысын өткізу және қатысу.
112. Оқушы мен мұғалімнің кәсіби саутты қарым-қатынас стилі:

А) Либералдық

В) Авторитарлық

С) Демократиялық

D) Зұлымдық

Е) Либералдық-демократиялық

{Дұрыс жауап }= Е
113. Отбасы тәрбиесі туындауы:

А) Құлдық қауымда.

В) Б.з.д. І-ІІІ ғасыр.

С) Алғашқы еңбек құралдарының пайда болуына байланысты.

D) Тәриенің қоғамдық қызметінің ерекшеленуіне байланысты .

Е) Моногамиялы отбасының пайда болуына байланысты.

{Дұрыс жауап }= Е
114. Отбасы тәрбиесінің негізін құрайды:

А) Еңбек тәрбиесі.

В) Нарықтық қатынас.

С) Азаматтық құқық.

D) Әкімшілік құқық.

Е) Құқықтық тәрбие.

{Дұрыс жауап }= А
115. Педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде педагогика мен психологияның жаңа жетістіктерін мына қағиданы ұсыныңдар:

А) Жүйелік.

В) Көрнекілік.

С) Нақтылы.

D) Ғылымилық.

Е) Жеткілікті.

{Дұрыс жауап }= Д
116. Оқу-тәрбие жұмысында жас ерекшеліктерін ескеруді алғаш рет ұсынған:

А) Каменский Я.А.

В) Демокрит.

С) Макаренко А.С.

D) Выготский Л.С.

Е) Ушинский К.Д.

{Дұрыс жауап }= А
117. “Жеңілден қиынға” “Қарапайымнан күрделіге” “Белгіден белгісізге” ережелері оқытудың қай принципіне жатады.

А) Ғылымилық.

В) Теорияның тәжірибемен байланыстылық.

С) Қол жетерлік.

D) Көрнекілік.

Е) Бірізділік.

{Дұрыс жауап }= Е
118. Қандай білім міндетті деп есептелінеді:

А) Бастауыш білім.

В) Орта білім.

С) Жоғары кәсіптік білім.

D) ЖОО-нан кейінгі кәсіптік білім.

Е) Арнайы.

{Дұрыс жауап }= В
119. Дағдыға дағдыландыру мақсатында ақыл-ой немесе жазбаша әрекеттің қайталанып бірнеше рет орындалуы:

А) Эксперимент.

В) Жаттығу.

С) Қайталау.

D) Иллюстрация.

Е) Диктант.

{Дұрыс жауап }= В
120. Жоғарғы тиімділікті көрсететін педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қатынасы:

А) Өзін-өзі басқару.

В) Өктемдік авториторлық басқару.

С) Коммунарлық әдіс.

D) Ынтымақтастық педагогикасы.

Е) Либералды басқару.

{Дұрыс жауап }= Д
121. Ұжымдық таным іс-әрекетінің түрлеріне жатпайды:

А) Іскерлік ойын.

В) Оқушылардың топтық іс-әрекеті.

С) Микротоптармен жұмыс.

D) Оқушының сабақтағы жауабы.

Е) Проблемалық жағдайда бірлесе шешу

{Дұрыс жауап }= Д
122. Ұжымдық шығармашылық әдісіне жататын:

А) Жеке жұмыс.

В) Алдын-ала диагностикалау.

С) Сыныптық активін таңдау.

D) Ұжымдық жоспарлау.

Е) Оқушылардың өзін-өзі басқаруын пайдалану.

{Дұрыс жауап }= Д
123. Ұжымдық танымдық істердің алғашқы кезеңі (ҰТІ):

А) Мұғалімнің ҰТІ жоспарлауы.

В) ҰТІ –ұжымды дайындау.

С) Ұжым мүшелеріне жұмысты бөліп беру.

D) ҰТІ-өткізу.

Е) ҰТІ-өткізу туралы жалпы қорытынды.

{Дұрыс жауап }= С
124. Мұғалімнің шешімі тиімді болмайды, егер ол:

А) Диагностикада жинақталмаса.

В) Ата-аналармен келісілмесе.

С) Мектеп әкімшілігі қолдамаса.

D) Оқушыларды тарту және қызықтыру жүзеге аспаса.

Е) Оның өзіндік қызығушылығы ескерілмесе.

{Дұрыс жауап }= А
125. Оқушылардың қабілеті мен қызығушылығының дамуы тәуелді:

А) Қалыптасқан дағдының, біліктіліктің көлеміне.

В) Мақсатты ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесіне.

С) Географиялық жағдайларға.

D) Оқып білген материалдың санына.

Е) Қоғамның даму тарихына.

{Дұрыс жауап }= В
126.Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі:

А) Өте жақсы баға.

В) Білімді, тәрбиелі, дамыған жеке тұлға.

С) Жақсы денсаулық.

D)Жақсы көрсеткіш.

Е) Жақсы психологиялық ахуал.

{Дұрыс жауап }= В
127. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алудағы негізгі атқаратын қызмет:

А) Ынталандырушылық, дамытушылық, бақылаушылық тәрбиелеушілік.

В) Қызметтестік, зерттеушілік, компьютерді танушылық.

С) Шығармашылық, мәдениетті қалыптастырушылық, тілді дамытушылық.

D) Ұлтаралық келісімді нығайту, этнопедагогиканы ендіру, сабақ беру деңгейін көтеру.

Е) Қарым-қатынас, педагогикалық іс-әрекеттің оның тәжірибелерін тарату, оқыту мотивтерін бекіту, оқу пәндерін нығайту.

{Дұрыс жауап }= А
128.Қазіргі жаңашыл педагогтар-бұл:

А) Е.М.Ильин, Ш.А.Амонашивили.

В) К.Д.Ушинский.

С) Л.Н.Толстой.

D) С.А.Макаренко.

Е) Ы.Алтынсарин.

{Дұрыс жауап }= А
129. Білім берудің мазмұнын көрсетпейтін құжат:

А) ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандарты

В) Оқу жоспары.

С) Сынып журналы.

D) Оқу бағдарламасы.

Е) Оқулық.

{Дұрыс жауап }= А
130. Балаларды қорғау бойынша халықаралық құжат:

А) «Білім беруң заңы.

В) Еңбек туралы кодекс.

С) БҰҰ-ң балалар құқығы туралы конвенциясы.

D) ЮНЕСКО-ң мәдениет жөніндегі құжаттары.

Е) Отбасы кодексі.

{Дұрыс жауап }= С
131. Мектептің оқу ісінің меңгерушісінің (завуч) міндетіне жатпайды:

А) Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

В) Сабақ кестесін жасау

С) Оқушылардың үлгерімі және тәртібін бақылау.

D) Оқу бағдарламасының орындалуын қадағалау.

Е) Оқу процесін қаржыландыруға байланысты сұрақтарды шешу.

{Дұрыс жауап }= Е
132. Мектептен тыс, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының міндетіне не жатпайды:

А) Мектептегі сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау.

В) Сынып жетекшілерге тәрбие іс шараларын өткізуді ұйымдастыруға әдістемелік көмек.

С) Сабақ кестесін жасау.

D) Тәрбие жұмысының жоспарының орындалуын бақылау.

Е) Белсенді оқушылардың сабақтан тыс тәрбие жұмысын өткізулеріне әдістемелік көмек.

{Дұрыс жауап }= С
133. Педагогикалық кеңестің мәжілісінде қарастырылмайтын мәселелер:

А) Педагогикалық озық тәжірибені тарату.

В) Жаңа педагогикалық технологияны ендіру.

С) Әдістемелік ұйымдардың жұмысы.

D)Мұғалімнің қосымша оқыған жұмысы (репиторлық).

Е) Тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру проблемалары.

{Дұрыс жауап }= Д
134. Мектептану – бұл оқу тәрбие мекемелелерін басқару:

А) Оқу және тәрбие теориясын оқытатын педагогиканың тарауы .

В) Кейбір жеке пәндерді оқыту әдістемесін қарастыратын педагогиканың бөлімі.

С) Басқару туралы ғылым.

D) Оқытудың түрлері туралы ғылым.

Е) Тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

{Дұрыс жауап }= С
135. Жалпы мектепішілік жоспарға кіретіндер:

А)Тақырыптық жоспар.

В) Мектептегі тәрбие жұмысының жоспары.

С) Сабақ жоспары.

D) Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстық жоспары.

Е) Сынып белсенділерінің жұмыс жоспары.

{Дұрыс жауап }= Е
136. Педагогиканың ғылым ретіндегі дамуын анықтайды:

А) Қоғамның қажеттілігі.

В) Ата – аналардың балаларға

қамқорлығы.

С) Тұқым қуалаушылықты

сақтаудың биологиялық заңы.

D) Адамның өмірі мен еңбекке дайындалуының объективтік

қажеттілігі.

Е) Тәрбиенің өмірдегі ролін арттыру.

{Дұрыс жауап} = Д


137. Педагогикалық ғылым жүйесіне келесі пәндер кірмейді:

А) Мектепке дейінгі педагогика.

В) Тәрбие теориясы.

С) Психология.

D) Оқыту теориясы.

Е) Жоғары мектеп педагогикасы.

{Дұрыс жауап} = С
138. Жеке тұлғаны қалыптастыру процесі:

А) Өзін-өзі тәрбиелеу.

В) Өзіндік білім алу.

С) Педагогикалық процесті нәтижелі ұйымдастыру.

D) Оқу-тәрбие процесінің нәтижесін арттыру.

Е) Тұлғаның жетілуін қамтамасыз етеді.

{Дұрыс жауап }= Е
139. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлар:

А)Биологиялық, физикалық.

В)Идеологиялық, әлеуметтік.

С)Биологиялық, тәрбие, әлеуметтік орта.

D) Ақыл – ой, қабілет.

Е) Жанұя, мектеп.

{Дұрыс жауап} = С
140. Жеке тұлғаның дамуындағы негізгі қозғаушы күш:

А) Қарама- қайшылық.

В) Тәрбие принципі.

С) Тәрбие әдісі.

D) Өзін- өзі тәрбиелеу.

Е) Тұқым қуалаушылық.

{Дұрыс жауап} = А\
141. Тұлғаны қалыптастыру:

А) Саналы іс- әрекетіне байланыссыз түрлі жағдайлардың адамдарға әсері.

В) Адам ағзасындағы сандық өзгерістері үрдістері мен нәтижесі.

С)Әлеуметтік тұлға ретінде адамның экологиялық, әлеуметтік, идеологиялық,психологиялық және т.с.с. факторлары барлығының

әсерінен қалыптасу үрдісі.

D)Нақтылы тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған тәрбиелік жұмыс үрдісі мен нәтижесі.

Е)Меңгерілген білімдер негізінде теориялық және практикалық әрекеттерді саналы және өзбетінше орындауға дайындығы.

{Дұрыс жауап }= С


142. Жеке тұлғаның дамуына әсеретуші фактор:

А)Белсенділік.

В)Ұжымдағы психологиялық жағдай.

С)Ата – анасы.

D)Жолдастары.

Е)Қоғам.


{Дұрыс жауап} = А
143. Жас ерекшелік:

А)Адам ағзасының үнемі өзгеріске ұшырауы.

В)Адам өмірінің белгілі бір кезеңіндегі анатомия-физиология-

лық және психологиялық сапасы мен қасиетін анықтайтын сипаттамасы.

С)Тұлғаның белгілі бір жасына сәйкес психологиялық қасиеті.

D)Адамның жасына байланысты сапалық айырмашылық тұрғы-сынан сипатталуы.

Е)Мектеп жасындағы оқушыларды айыру тәсілі.

{Дұрыс жауап} = В


144. Жеке тұлғаны қалыптастыру:

А)Әр түрлі жағдайлардың адамдардың саналы қызметіне тәуелсіз түрде ықпал етуі.

В)Адам ағзасындағы сандық өзгерістер процесі мен нәтижесі.

С)Адамның әлеуметтік, идеялогия-

психологиялық және т.с.с. ықпалы-мен әлеуметтік жан иесі ретінде қалыптасуы.

D)Нақты тәрбиелеу міндеттеріне бағытталған тәрбиелеу жұмыстары

процесі мен нәтижесі.

Е)Игерілген білімдер негізінде практикалық және теориялық әрекеттерді

саналы және өз бетінше орындауға дайындық.

{Дұрыс жауап} = С


145. Даму дегеніміз-

А)Адам ағзасында сандық өзгерістердің жинақталуы.

В)Ескіні жою және жаңаның пайда болуы.

С)Адамның өмірі мен қызмет процесі барысында жүзеге асатын

әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалыптасуы.

D)Әр қилы факторлардың ықпалымен адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістер.

Е)Алдын – ала көзделген сапалық қасиеттердің адамдарда қалыпта-

суының белгілі бір мақсатқа бағытталған процесі.

{Дұрыс жауап } = Д
146. Гректін «paidagogas» сөзінің мағынасы:

A) Баланы жетектеуші

B) Оқушыға білім беруші

C) Адам баласына білім беруші

D) Қожасының баласын жетектеуші құл

E) Тәрбие туралы ғылымның атауы

F) Қоғамды тәрбиеге бағыттаушы

G) Білім алушыға насихат беруші

H) Білім беруде озат тәжірибеге сүйенуші

{ Дұрыс жауап }= А, D,E


147. Жеке тұлғаның объективті қоғамдық қарым-қатынасқа бейімделуі аталады:

А) Әдет.


В) Дағды.

С) Даму.


D) Әлеуметтену.

Е) Интеграция.

{Дұрыс жауап} = Д
148. Тұлға:

А) Индивид.

В) Қоғамдық мәндегі адам.

С) Еңбек сүйгіш адам.

D) Әділ адам.

Е)Азаматтық позициясы айқын көрінетін адам.

{Дұрыс жауап} = В



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...