Павлодар каласының №35 жалпы орта білім беру мектебі» мм бағыты: «Таза табиғи орта – Қазақстан 2030 стратегиясын іске асырудың негізі»



жүктеу 317.82 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі317.82 Kb.
Павлодар каласының

35 жалпы орта білім беру мектебі» ММ



Бағыты: «Таза табиғи орта – Қазақстан - 2030 стратегиясын іске

асырудың негізі»
Секция: Валеология
Тақырыбы: «Әлемдік бренд – «Қаз қонақтың» маңыздылығы»

Ойыншықтар қалай пайда болды?



Орындаған: 4 «Ә» сынып оқушысы

Суйндик Исаәділ  






Ғылыми жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі

Жаркина Камал Қабдоллақызы







Павлодар қаласы

2016 жыл

Мазмұны


КІРІСПЕ-----------------------------------------------------------------------------------------7


І. Негізгі бөлім
1.1 Тың тарихтың мекені – Қаз қонақ («Құс өткелі»)----------------------------------9
1.2 Ертістің Павлодар өңірінің гиппариондық фауна өкілдері ---------------------11
ІІ. Практикалық бөлім
2.1. «Қаз қонақ» – бірегей палеонтологиялық және

биологиялық объект--------------------------------------------------------------------------15


2.2 «Қаз қонақ» әлемдік брендін қорғау және дамыту-----------------------------17
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------------20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ --------------------------------------22

АҢДАТПА
Зерттеу мақсаты: «Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің маңыздылығы мен ғылыми құндылығын анықтау және «Қаз қонақ» брендінің қала тұрғындары үшін қандай пайдасы бар екенін белгілеу.
Міндеттері:

– Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетке талдау жасау;

– Табиғат ескерткішінің тарихын зерттеу;

– гиппарионды фаунаның ерекшеліктерін тану;

– «Қаз қонақ» әлемдік брендін қорғау және дамыту;

– Айтулы тақырып бойынша сауалнама жүргізу;

– «Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің тарихы мен ғылыми құндылығын біліп, бренд ретіндегі рөлін зерделеу.
Болжам: Павлодар қаласының тұрғындары өз қаласының тарихынан өзге, қаласын басқа жерлерден ерек етіп тұрған «Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің ерекшеліктері мен маңыздылығын білсе, онда олар ескерткішті сақтап, қорғап, оның жан-жақты дамуына және ғылыми, туристик бренд ретінде қызмет етуіне себепші болады.
Зерттеу кезеңдері:

1. Проблеманы қою, зерттеу тақырыбын белгілеу, зерттеу мақсатымен міндетін тұжырымдау;

2. Зерттеу гипотезасын қою;

3. Зерттеудің практикалық бөлімін өткізу;

4. Зерттеу нәтижелерін өңдеу;

5. Зерттеу нәтижелеріне талдау жасау;

6. Қорытынды жасау;

7. Зерттеу нәтижелерін безеңдіру


Зерттеудің әдістері: әдебиетке көздеріне талдау жасау, салыстыру, жинақтау және сараптама жүргізу.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы: Мен жұмыста туған қаламыздағы миллиондаған жылдарды артта қалдырған тарихы бар табиғаттың өзі сыйлаған ескерткіштің маңыздлығы мен ерекшелігін ашып көрсету жолдары қарастырылған.
Жұмыстың практикалық маңызы: Бұл зерттеу жұмысы материалдарын «Өлкетану», «Дүниетану», «Биология», «География» пәндеріне және сыныптан тыс сабақтар үшін қосымша материал ретінде қолдануға әбден болады. Бұл жұмыстың бір данасы оқушылар мен мұғалімдер «Қаз қонақ» табиғи ескерткіші туралы мәліметттерге қанығу мақсатында Павлодар қаласының №35 жалпы білім беру орта мектебінің кітапханасына тапсырылады.

АННОТАЦИЯ
Цель исследования: Определение важности и научной ценности памятника природы «Гусиный перелёт» и установление пользы бренда «Гусиный перелёт» для жителей города.
Цели:

- Анализ научной литературы по изучаемой теме;

- Изучение истории памятника природы;

- выявление особенности гиппарионовой фауны;

- защита и развитие мирового бренда «Гусиный перелёт»

- проводить опрос по изучаемой теме;

- Выяснение истории и научной ценности памятника природы «Гусиный перелёт» и осмысление роль как бренд.
Прогноз: Если жители города Павлодар узнают из истории своего города об особенности и важности памятника природы «Гусиный перелёт» что делает его уникальным и отличительным от других местностей, тогда они оберегут и защитят памятника, и способствуют его развитию и служению в качестве туристического бренда.
Этапы исследования:

1. Постановка проблемы, формулирование темы, цели и задачи исследования;

2. Выдвижение гипотезы исследования;

3. Проведение практической части исследования;

4. Обработка результатов исследования;

5. Анализ результатов исследования;

6. Заключение;

7. Оформление итогов исследования


Методы исследования: анализ литературных источников, сравнение, подытоживание и анализ.
Научная новизна работы: В моей работе рассматриваются способы выявления важности и особенности памятника, дарованный самой природы, несущий в себе историю сотни миллионов лет нашего родного города.
Практическая значимость работы: Материалы данной исследовательской работы могут быть использованы для предметов «Краеведение» «Познание мира», «Биология», «География» а также могут быть использованы в качестве дополнительного материала для внеклассных уроков. В целях осведомления школьников и учителей о памятнике природы «Гусиный перелёт», один экземпляр данной работы передан библиотеке общеобразовательной средней школы № 35 города Павлодар.

ANNOTATION
Objective of the study: Determination of the importance and scientific value of the natural monument «Goose flight» and defining of benefit of the brand «Goose flight» for city residents.
Objectives:

- Analysis of the scientific literature on the studied topic;

- Study of the history of the natural monument;

- Identifying peculiarity of hipparion fauna;

- Protection and development of the world brand «Goose flight»

- Conducting a survey on the studied topic;

- Defining the history and the scientific value of the natural monument «Goose flight» and understanding of the role as a brand.
Forecast: If the Pavlodar residents learn from the history of the town of the peculiarity and the importance of the natural monument «Goose flight» that makes it unique and distinctive from other areas, then they would preserve and protect the monument, and contribute to its comprehensive development and serving as a tourism brand.
Stages of study:

1. Setting goals, formulation of the topic, goals and objectives of the study;

2. Study hypotheses;

3. Practical part of the study;

4. Study results processing;

5. Study results analysis;

6. Conclusions;

7. Making the results of the study


Study Methods: analysis of the literature sources, comparison, summing up and analysis.
Scientific novelty: My work considers the ways of identifying the importance and peculiarity of the natural monument bestowed by nature, carrying a history of hundreds of millions of years of our hometown.
The practical significance of the work: The materials of this study can be used for school subjects as «Local Studies», «Worldview», «Biology», «Geography» and they can also be used as supplementary material for extracurricular lessons. For information purposes for the students and teachers of the natural monument «Goose flight» a copy of this work handed in the library of the secondary school no.35 in Pavlodar.


КІРІСПЕ

Мен бұл жобаны жазуыма өте қызықты оқиға себепші болды. Әңгіме арманшыл бала жайында. Ол бала кезінен ерте кезеңдегі жануарлар әлеміне қызығып, оның құпияларын ашқысы келді. Орманшының баласы Гетчинсонның «Өлген құбыжық» («Вымершiя чудовища») кітабын қайта-қайта оқып, қолынан тастамайтын. Күндердің күнінде оның тағдырын бір ғана саяхат шешеді. Бала әкесі және бауырымен Солтүстік Двинадағы атақты орыс полеонтологы Владимир Амалицкидің қазба жұмыстарына жол тартады.

Ол ежелгі дәуір жануарларының қалдықтарын жерден қалай қазып шығаратынын және ғылымның жаңа беттері жаңалықтар мен жаңа табыстармен қалай толығатынын өз көзімен көруге асықты. Ия, бұл күн оның болашақтағы өміріне ықпал етіп қана қоймай, естен кетпес сәт болып қалды.

Уақыт өткен сайын оның ерте дәуір иелеріне қызығушылығы арта түсті. Ол өзіне палеонтолог болуды мақсат етті, осы мақсаттың орындалуы үшін барын салып, жанын беруге шешім қабылдайды. Ол есейгенде Санкт-Петербор университетінің Анатомо-гистологиялық кабинетіне оқуға түседі. Сонымен қатар, зоологиялық біліммен он жыл бойы сабақ береді.

Бірде ол геолог танысымен кездесіп, екеуінің әңгімелерінен кейін өзінің бұрынғы арманымен жалындай түседі. Бұл кездесуден соң ол ғылыми жаңалық іздеуге нақ шешім қабылдайды. Досының кеңесімен ол жазғы демалысында қазба жұмыстарына Сібір және Қазақстанға шықпақ болады. Ол дайындық кезінде көп әдебиеттер оқып, палеонтологтар мен геологтармен кездеседі. Содан ол алғашқы қазба жұмыстарынан да табысты оралды. Кейін ол бір кездегі бала арманын жүзеге асыру мақсатында КСРО Ғылым Академиясының Палеонтологиялық институтына жұмысқа орналасады. Содан ол келесі қазба жұмыстарымен Одессадан да табысты қайтады. Бұл жолы ол палеонтолог болу оның тағдыры екенін шын түсінеді. Міне, енді ол келесі экспедициясын біздің туған өлкеміз – Павлодарға жол тартуға дайындалуда. Бұл 1929 жыл еді. [1-47,48,49,50 б.]

Ол кезде Павлодар кішкентай ғана уездік қала болатын. Оның экспедициясының мақсаты Ертістің Павлодар өңірінен қазба жұмыстарынан көне жануарларды табу еді. Бұл аймақтан бұрын неоген дәуірінен өсімдіктер табылғаны бар, ал жануарлардың қалдықтары ешкімнің уысына түспеген табыс еді. Міне, менің ғылыми жұмысыма арқау болған «Қаз қонақтың» тарихы дәл осы жерден басталып кетті.

Ғылыми жаңалық іздеген, ерте дәуірдегі тарихқа қызыққан жас ғалым Ертіс бойымен құпиялы әлемнің сырын ашуға жол тартты. Асыл арманының жетегінде жүріп, үлкен мақсаттарға жетуді аңсаған жанның кім екенін ұққан шығарсыздар. Ол – бүгінгі Павлодар қаласының Ертіс өзенінің оң жақ ағысында орын тепкен «Құс өткелі» табиғи ескерткішінің тұсауын кескен палеонтолог ғалым Юрий Орлов еді. Оның ашқан жаңалығы бір төбе де, ол әлемдік бренд ретіндегі теңдесіз ғылыми жаңалықтың біздің туған қаламызда орналасқаны бір төбе. Сондықтан «Каз қонақ» табиғи ескерткіші ЮНЕСКО-ның көзіне түсті.

Бүгінде біз «Қаз қонақ» туралы үлкендер мен мұғалімдердің айтқандарынан өзге ешнәрсе білме бермейміз. Біздің қолымызда бұл табиғи ескерткіш туралы тарихи дерек, баспасөз бетіне жарияланған бірді-екілі мақалалар, табылған сүйек қалдықтары ғана бар. Дегенмен, бұл салада Ертістің Павлодар өңірінде терең зерттеу жасап жатқан ғалым да ғылыми-зерттеу жұмыстары да өтіп жатқан жоқ. Менің жұмысымның өзектілігі туған қаламыздағы миллиондаған жылдарды артта қалдырған тарихы бар табиғаттың өзі сыйлаған ескерткіштің маңыздылығы мен ерекшелігіне тоқталып, осы табиғи бренд арқылы бірінші ғылыми, содан кейін туристік нысан бола алатынын дәлелдеу.



І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Тың тарихтың мекені – Қаз қонақ («Құс өткелі»)
Павлодар қаласының солтүстік бөлігі, Ертіс өзенінің оң жағалауында, темір жол көпірінен сегіз жүз метрге (кей жерде 500 метр делінген) созылған аумақты «Қаз қонақ» деп атайды. Бұл атаудың да өзіндік мәні бар. 1949-1950 жылдары көпір салынғанға дейін әр жылдың қарашасында сұр жабайы қаздар тізіліп осы жерге кеп қонып, сапарларын дәл осы жерден жалғастыратын болған. Жергілікті халық арасынан арнайы келіп қаздары тұзаққа түсіріп, қысқы азығын әзірлейтіндері де болыпты деседі. Ал 1928 жылы бұл қаз қонған мекенінде палеонтологиялық жаңалық ашылып, жер жаһанның назарын өзіне аудартады.

Осыдан 88 жыл бұрын Омбыдан бері пороходпен келе жатқан жас палеонтолог Юрий Орловтың назарын Ертіс жағасындағы дәл осы жердің топырақ құрамы қызықтырса керек. Ол күтпеген жерден жағалаудан тауып алған ақ сүйек әлденеше миллион жыл бұрын өмір сүрген керіктікі болып шығады. Келесі жылы қиын-қыстау заманға қарамастан, Мәскеу қаласынан арнайы жабдықталған экспедиция келіп, табысты жұмыс жасайды. Аңғардан табылған антилоптардың, керік, гиен, бұғы, хилотерий мүйізтұмсықтары, пілдердің аталары – мастодонттар, түйеқұс, тасбақа және басқа да байырғы жануарлардың бөліктей және бүтіндей 16 тонна қаңқалары бірнеше вагондарға тиеліп, Мәскеуге жөнелтіліпті. Бұл фаунаны Грекияның Афин қалсы маңындағы Пикерми ауылы маңынан ғасыр бұрын табылған пикермиялық фаунаның баламасына теңейді. [2, 5б] Бұл жөнінде Ю. Орлов өз еңбегінде былай дейді: «Шүбәм жоқ, менің алдымда «пикермиялық фаунаның» қалдықтары, басқаша айтқанда «гиппарион фаунасы». [3,5-6 б]

Осы жұмыстардың нәтижесінде Ю. Орлов «Ежелгі жануарлар әлемінде» деген палеонтологтар үшін таптырмас еңбек жазып шықты. Және де осы еңбектің арқасында белгілі кеңістік ғалым, академик, КСРО Ғылым академиясының палеонтологиялық институты директоры болады. Юрий Орлов – палеонтологиялық ғылымға зор үлес қосқан ұлы ғалым. Оның «Көне жануарлар әлемінде» еңбегі қаншама жас ұрпақты өсіріп, ғылымға деген қызығушылығын оятып келеді. Бұл палеонтолгтың есімі дүниежүзі ғылымында өзінің орыны бар.

Павлодарлық тәжірибе геологиялық әлемді зерттеуде жаһандық жаңалық болғаны белгілі. Өйткені дәл осындай көлемде табылған гиппариондық фауна жер жүзінің еш жерінде кездеспеген еді. Құс өткелі аңғарынан көне дәуірдің 20 бұғысы, 40 керігі, 130 мүйізтұмсығы мен 200 гиппарион жылқылары табылған. Солардың ішіндегі ең ерекшесі көне дәуірдің атымен аталатын үш бақайлы гиппарион жылқылары болған. [3, 7б]

Ежелгі сүйектерді Мәскеуге атқарар жолда қызық жайт орын алыпты. Павлодардың теміржол бекетінің басшысы палеонтологтардан аңдардың аусыл індетімен ауырмағаны жайында анықтама сұраған көрінеді. Мәскеулік ғалым сүйек қаңқалардың миллион жылдық ғұмырын дәлелдеп, Павлодарда бір ай бойына бөгеліп қалған екен.

Бүгінде Мәскеу РҒА паленонтологиялық мұражайында «Қаз қонақтың» мекендеушілерінен тұратын экспонаттар толығымен бір залды алып жатыр. Ал бір бөлігі Ленинград қаласында сақталыпты. Байырғы дәуірдің тіршілік иелерін Павлодар қаласының өлкетану музейінен және педагогикалық институты музейінен де көруге болады.

1960 жылы қазақстандық ғалымдар алуан түрлі және ерекше жануарлар мен ұсақ омыртқалыларды тауып, «Құс өткелінің» мұраларын толықтырды. Мысалы, ежелгі қояндар, жыландар, қосмекенді жәндіктер, шиқылдақ, қосаяқ, және құстар табылды және де ғалымдардың қолына планетадағы ең үлкен қанжар тісті махайрод жолбарысының жағы түседі. 1978 жылы Павлодар облысы, Лебяжі ауданына қарасты Жамбыл ауылының Ертіс жағасынан бұғы да табылды.

Палеонтологтардың айтуынша бұл аңғардан әлі жер-жаһанды таңғалдыратын талай жаңалық шығады.

Аймақ екі геологиялық қалыптасудың тоғысында тұр. Олар бір кездері айрылысып, қайта қосылған. Сондықтан бұл жерде мүлдем екі бөлек фаунаның қосылуын байқауға болады. Қазіргі күндері кейбір әлемдік палеонтологтардың африкалық жануарлар Еуразия құрлығында қалыптасқан деген пікірін жиі естіп жүрміз. Ал қазақстандық ғалымдар Павлодар қаласындағы «Қаз қонақта» оған дәлел болатын ескерткіштер бар екендігін айтуда. Бұл жердің топырағы да ерекше дейді ғалымдар. «Қаз қонақта» табылған жануарлар жердің жаратылуынан бергі ең ерекше кезде – кайнозойлық дәуірдің неогендік уақытында өмір сүрген. Олардың сүйек-қаңқаларын зерттеу арқылы ғалымдарымыз Жердің даму тарихынан талай сырға қанық болады. [4, 10б]

Осыдан ондаған миллион жылдар бұрын Ертістің Павлодар өңірі қазіргі Африкадай болған. Африканың бастауы осы жер, яғни бүгінгі Кереку жері. Ғалымдардың айтуынша, ол жерде лавр, банан, пальма ағаштары өсіпті. Павлодар шаһарының іргесіндегі бұл ескерткіштің тағы бір ерекшелігі мұнда ескекаяқтылардың омыртқалы түрлері кездескені. Мәселен, морж да табылды. Бұл деген, ғалымдардың мәлімдеуінше, бүгінгі Павлодар облысы аумағында миллиондаған жылдар бұрын теңіз болғанын айғақтайды. Кайназой дәуірінде өмір сүрген аң-құстардың жаппай қырылуы немесе олардың мекен ауыстыруы климаттың күрт өзгеріске ұшырауынан дейді ғалымдар. [5, gazeta.caravan.kz]



1.2. Ертістің Павлодар өңірінің гиппариондық фауна өкілдері
«Құс өткелі» деген атпен аты мәшһүр болған табиғи ескерткіш 1928 жылдан бері табылған дүниелерімен құнды. Ондағы табылған жануарлар сүйектерінің саны жағынан және кейбір қазбалардың сирек кездестіндігімен ерек. Сондықтан Ертістің бойындағы табылған сүйек қаңқалар миллиондаған жылдар бойына сақталауымен де әлемнің басқа да аймақтарынан табылған ескерткіш орындарынан қымбат деуге болады. Ал табылған ескерткіштерге жалпы «гиппарион фаунасы» деген ат берілді. Өйткені табылған ескерткіштер арасынан үш тұяқты жылқы тектес гиппарионның қаңқалары көп табылған. 6-8 метр тереңдіктен табылған сүйек қалдықтарының қалыңдығы 3-4 метр. Және де бұл 7-10 миллион жыл бұрын өмір сүрген гиппарионды фауна Еуразиядағы ең ірі табыс болып табылады. [6, 219б]

Енді осы табылған жануарлардың кейбіреулеріне қысқаша тоқталып кетсем. «Қаз қонақтан» 70 түрлі жануарлардың сүйектері кездесті. Солардың біразымен таныстырып кетсем:



Солтүстік аюы – бүгінгі аюдан ірі болып келеді. Бұл аю жыртқыш емес, қорек те талғамайды. Жануардың негізгі қорегі өсімдік болды. Оның өткір тістеріне қарап ғалымдар жұмсақ әрі қатты өсімдікпен қректенгенін болжайды. Бұл аюдың сүйек қалдықтары Железинка ауылы мен Павлодар қаласы маңынан жиі табылады екен.

Мастодонт – биіктігі 2,5 м, қысқартылған жоғары бассүйегі болды. Астыңғы жағының ұзындығы орташа, азуы жоқ. Ал жоғары азуы өте ұзын және тік, тілігі овалды, эмальсіз. Оның құнарлы шөп, жапырақ, су батпағын өсімдіктерімен қоректенгеніне қарағанда ол су жағасында өмір сүрген.

Мамонт – денесі қалың және ұзын жүнді келеді. Қалың жүні мен тері астындағы май мұзды дәуірде суық климатта қорған болған. Мамонт денесінің ұзындығы 3,5 м, ал салмағы 6 тонна болды. Азуы 380-450 см ұзындықты қамтыды, екі түрі өзгерген жоғары кескіші, 4 тамырлы тістері бар. Азуының мықтылығынан қазіргі пілдерден басы ірі болды. Азуы жануарға шабуыл жасағанда және қорек іздегенде қорған бола алды. Жалпы мамаонттың сүйегі Ертістің Павлодар өңірінің барлық жерінен табылды. Белгілі жануар шамамен 40 мың жыл бұрын өмір сүрген.

Ұзын мүйізді бизон – табылған сүйектерге қарап Павлодар аймағында 240-250 мың жыл бұрын өмір сүрген болуы тиіс. Олардың мүйізді негізі әлсіз соңында иілген және ұзын, жіңішке болып келеді. Ал бассүйегі заманауи зубрлардың бассүйегіне ұқсас келеді. Ұзын мүйізді бизондардың сүйек қаңқалары Железинка, Моисеевка, Жана ауыл, Песчаное, Ямышево ауыл маңдарынан табылған.

Байырғы өгізірі өгіз тұқымынан, зубрдан біршама көлемді. Оның биіктігі 170-180 см ал салмағы 600 келі. Ол уақыттың өгіздері юүгінгі өгіздерден жеңіл болған. Жануардың шоқтығы аса биік болмаған, арқасы тік. Мұндай өгіздің сүйектері Бобровка, Жас қайрат, Жаңа ауыл мекендеінен табылған.

Трогантер немесе хозар пілі – өте ірі жануар, кеудесі қысқа, аяғы ұзын, Ертіс жағалауының ашық кеңістігінде мекен етті (Павлодар қаласы, Железин, Қашыр, Жас қайрат, Бобров, Чернояр, Григоьевка). Бұл жануар шамамен 240-300 мың жыл бұрын қмір сүрген. [7]

Бұл ежелгі жануарлардың қандай сипатта болғанын білу үшін Павлодар облысы өлкетану музейден және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының музейінен көруге болады.


1 Кесте
«Қаз қонақтан» табылған орманды далада мекен еткен ірі сүтқоректілер




Табылған жануарлар

Жылдары

Ғалымдар

1

Samotherium irtushense (керік)

1962, 1979

Година

2

Sivatherium sp. (керік)

1962, 1979

Година

3

Palaeotragus asiaticus (керік)

1962, 1979

Година

4

Cervavitus orlovi (бұғы)

1950, 1973, 1974

Флеров (1950), Абдрахманова (1973, 1974).

5

Traagocerus irtushense (бұғы)

1950, 1973, 1974

Флеров (1950), Абдрахманова (1973, 1974).

6

T. Frolovi (бұғы)

1950, 1973, 1974

Флеров (1950), Абдрахманова (1973, 1974).

7

Gazella dorcadoides (кейіктің бір түрі газель)

1974

Дмитриева

8

G. deperdita (кейіктің бір түрі газель)

1939

Орлов

9

Mastodont sp. (мастодонт)

1939

Орлов

10

Chilotherium orlovi (мүйізтұмсық)

1982

Байшашов

11

Hipparion longipes (ұзын аяқты гиппарион)

1952

Громова

2 Кесте



Орман-далаларда мекен ететін жыртқыштар


№№

Табылған жануарлар

Жылдары

Ғалымдар

11

H.elegans (гиппарион)

1978

Жегалло

22

Ictiherium hipparionum (гиен)

1936, 1939

Орлов

33

I.Robustum (гиен)

1936, 1939

Орлов

24

Crocuta eximia (гиен)

1936, 1939

Орлов

55

Machairodus irtyshensis (қылыш тісті жолбарыс)

1936, 1939

Орлов

3 Кесте



Қосмекенділер мен кеміргіштер




Табылған жануарлар

Жылдар

Ғалымдар

2

Liciopterca sp. (балық)

1972

Савинов

3

Perca sp. (балық)

1972

Савинов

4

Sakya sp. (тұщы суды мекендейтін тасбақалар)

1989

Чхиквадзе

5

Strutio chersonensis (құс)

1935

Тугаринов

6

Sushkina pliocaena (құс)

1935

Тугаринов

4 Кесте



Ұсақ сүтқоректілер




Табылған жануарлар

Табылған жылдары

Ғалымдар

1

Similisorex orlovi (жертесер)

1988

Савинов

2

Crocidura pavlodarica (жертесер)

1988

Савинов

3

Microtoscoptes sibiricus (атжалман)

1988

Савинов

4

Eutamias sp. (тиін тектестер)

1972

Савинов

5

Myoxinae gen. indet. ()

1972

Савинов

6

Lophocricetus ()







5 Кесте



Теңіз жануарлары




Табылған жануарлар

Табылған жылдары

Ғалымдар

1

Semantor macrurus (ескекаяқты)

1931

Орлов

2

Chelodoniidae (тасбақа)

1958

Кузнецов



ІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1. «Қаз қонақ» - бірегей палеонтологиялық және биологиялық объект
«Қаз қонақтан» табылған 70-ке жуық жануарлар түрлерінің 20-сы ғылым үшін жаңалық болды. Осындай бай гиппарионды фауналық мекенде екі сүйекті көкжиекті (костеносный горизонт) жүздеген куб метрлік қазба жұмыстарын жасай берудің өзі бұл орыннан айрылып қауіпі бар дейді өз мақаласында Б.У.Байшашов. Ол оны 80 жылдық жоспарлы жасалған қазба жұмыстарынан, соңғы 30 жылда аңғар шамамен 20 метрге шегініп, өзгеріске ұшырауымен түсіндіреді. [2, 48б]

Кез келген палеонтолог Қазақстанның Павлодар қаласында «Қаз қонақ» аймағында өте бай мұра жатқанын айтады. Себебі олар бұл ескерткіштің таптырмас әрі қайталанбас құнын жақсы біледі. Көне заманды зерттеушілер аты аңызға айналған осы аймақта қазба жұмыстарын жүргізуді арман етеді. Тіпті, миллиондаған жыл бұрын тіршілік еткен «Қаз қонақтың» мұраларына Жапония мен АҚШ ғалымдары қызығушылық танытып келеді. Мұндай қорғандар Грекияда, Үндістанда, Қытайда, Моңғолияда кездеседі. Бірақ осы аталған елдерде табылған ескерткіштердің сирек түрлері мен сақталуына қарай бірі де «Қаз қонақпен» салыстыруға да келмейді екен. [8, 45-46 б-р]

«Жақында Павлодардағы «География үйі» қоғамдық бірлестігі, шаһардан 40 шақырым жердегі Жаңақала ауылы тұсынан тропикалық жан-жануарлардың 19 дана сүйек бөлшектерін тапты. Демек, Ертіс бойын әлі де зерттеп қазатын болса неше түрлі жәдігерлердің табылатыны анық. Сол себепті, еліміздің беймәлім бренді болып қалған «Қаз қонақты» қаперге алып, қайтадан зерттеулер жүргізу қажет-ақ», – деп жазды журналист Есенбек Санатұлы pavlodarnews.kz сайтында. Журналистің мақаласында көрсетілген азды-кемді мәліметіне сүйенсек, Г. Потанин атындағы мұражайға сілтеме жасай отыра былай деп жазады: музейдің бірінші залында келушілер біздің өлкеміздің ежелгі табиғатымен таныстырады. [9, pavlodarnews.kz] Бұл залда кайназой дәуірі көлемді көрсетілген (65-70 млн. ж.б.). палеоген, неоген кезеңінің табиғатының қолайлы болуына байланысты көптеген хайуанаттар мен өсімдіктердің өсіп-өнуіне жағдай жасалды. Экспозицияда біздің өлкеміздің 8-10 млн. жыл бұрын мекен еткен жануарлардың сүйек қаңқалары мен реконструкциясы қойылған.

Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ тарих кафедрасының доценті, Павлодардың археологиялық экспедициясының басшысы Виктор Мерц әлемге әйгілі ескерткіш туралы былай дейді: «Қаз қонақ» – әлемдегі теңдесі жоқ палеонтологиялық ескерткіш. Мұндай көне мұралардың жер жаһанда бірнеше нысаны ғана бар. Ал Қазақстанда Павлодардан басқа еш аймақта жоқ. Аспан астындағы орын қаламыздағы, облысымыздағы шетелдік туристерді және ғалымдарды қызықтыратын, еліміздің туристік кластерін дамытуға зор үлес қосатын бірден-бір орын және бұл ескерткіштің Павлодар облысында болғандығы біз үшін өте тиімді. «Қаз қонақ» әлемдік деңгейдегі ескерткіш. Өңіріміздегі ешбір ескерткіштер мұндай дүниежүзілік деңгейді қамти алмайды. Сондықтан да ЮНЕСКО бұл палеонтологиялық ескерткішке қызығушылық танытып, оны дүниежүзілік мұралар дәрежесіне көтеріп, қорғауға алғысы келгені бекер болмаса керек». [4, 10б]

«Қаз қонақтың» бірегейлігі осы аймақта 25-2 миллион жылға дейінгі болған гиппариондық фаунаға тиесілі 70-ке жуық жануарлардың сүйектерінің қалдықтары сақталғандығында. Бұл жер құрамы екі сүйекті көкжиектен (костеносный горизонт) тұрады. Яғни, осы аймақты бірегей де ерекше палеонтологиялық және биологиялық объект деуге болады.

Бұл аумақ Павлодарлық жер қабатын белгілейтін жер. Халықарлық геологияда «павлодарлық жер қабаты» деп белгіленген бағыт бар. Міне осы жер қабаты шөгінділерінің стрототипі, үлгісі, эталондық объектісі қаламыздың орталығында, өзен жағасында орналасқан. [4, 10б]

Сондықтан «Қаз қонақ» тек әлемдік туристерді ғана емес, геологтарды, палеонтологтарды, палеозоологтарды, тіпті көне фаунаға құмартқан әркімді қызықтырады. Кез келген геолог бұл жерден көне фаунаның таза күйіндегі жер шөгінділеріне куә бола алады. Осындай ғылми тұрғыдан объект бірегей мекен болып есептеледі.

«Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің тарихы мен маңыздылығын аша түсу мақсатында сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 50 қала тұрғыны қатысты. Сауалнаманы мектеп оқушылары арасында жүргізуге баса назар аудардым. Қатысушылардың 35-і мектеп оқушылары. Ал қалғаны 18 жастан асқан азаматтар. Сауалнама мынандай қарапайым сұрақтардан тұрды:

1. Павлодар қаласында қандай табиғи ескерткіш бар?


  1. «Қаз қонақ» қйда орналасқан?

  2. «Қаз қонақты» алғаш ашқан кім?

  3. Бұл ескерткіштің ерекше қорғалуына не себеп?

6 Кесте



Сауалнаманың нәтижесі




Саны

Жасы

Толық

Қанағат.

Білмеді

1

9

7-9

5

1

2

2

15

10-12

10

3

2

3

6

13-15

2

2

2

4

5

15-18

3

1

1

5

15

18-ден жоғары

7

3

5

Сауалнаманың нәтижесін саралай келе, өз қалаларында орналасқан табиғи ескерткіш туралы қатысушылар қанағаттанарлық біледі деген қорытындыға келуге болады. Себебі, тоғыз жасқа дейінгі балалар мен есейген азаматтар сұрақтарға жауап бере алмай сүрініп жатты. Ал 10 жастан асқан мектеп оқушылары өздерінің зерек жастығымен ерекшеленіп, сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Дегенмен, бұл сауалнаманың нәтижесі әлі де қала тұрғындары арасында «Құс өткелі» жайында ақпардың аздығы білінеді.




2.2 «Қаз қонақ» әлемдік брендті қорғау және дамыту

«Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткішкін сақтау мәселесі қазақстандық палеонтог ғалымдар үшін өзекті мәселе болып тұр. Өткен ғасырдың 50 жылдарынан бері бұл мәселені бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы ғалымдар жиі көтеріп келеді. Жалпы, Кеңес дәуірінде «Қаз қонақ» аймағы көп зерттелгенімен, ол жерден табылған археологиялық құндылықтарды шетелдік ғалымдар өздерімен вагондап алып кететін болған. Біріншіден, ол уақытта Павлодарда өлкетану мұражайы, екіншіден, ғылыми ұйым болмапты. Осы екеуі жұмыс жасаған жағдайда бәлкім палео қалдықтар күні бүгінге дейін сақталар ма еді деген өкініш бар. [2, 104 б]

«Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің палеонтологиялық ескерткіш ретінде сақталуына ерекше өз үлесін қосқан биология ғылымдарының докторы Валерьян Бажанов болды. 1948 жылы өңіріміздің «Қаз қонаққа» қатысты жағдайы өзгерді. Қазақстан палеонтологиялық ғылымының негізін қалаушы Валерьян Бажанов мемлекеттік билікке республикамыздан гиппариондық фаунаның шетелге шығарылмауын өтініп хат жолдады. Сондай-ақ, «Қаз қонақты» мемлекеттік қарауға алуды да қоса өтінді. [2,4б]

Нәтижесінде табиғи ескерткіш 1971 жылдан бері заңдық тұрғыдан республикалық деңгейдегі табиғи ескерткіш саналады (Қазақ КСР Министирлер Кеңесінің 1971 жылғы 7 желтоқсан № 672 Қаулысы). Алайда осы уақыт арлығында тәжірбиелік тұрғыдан еш жұмыстар атқарылмаған екен. [2, 47б]

Бұл көне ескерткіштерді жіті зерттеуді ғылымнан бұрын, табиғаттың өзі талап етеді. Әр көктемде өзен тасып, өзен де оңға қарай жылжып барады. Бұл Қаз қонақ аңғарына су жақындап келеді дегенді білдіреді. Судан бөлек тұрғындардың тастайтын қоқыстары естеліктің өміріне зиян келтіруде.

Жыл сайын Ертіс жағалауын су тасқыны шайып өтеді. Табиғаттың осы құбылысы қоршалмаған тарихи құндылықтарды да құртып кетеді екен. Ертіс өзенінің шайылып кетуінен бөлек, бұл қазбаларға заңсыз қол салатындар да болады екен. Сүйек қалдықтарын ғаламтор арылы сататындар да бар көрінеді дейді биология ғылымдарының докторы Қанат Ахметов баспасөз бетінде. Демек, халыққа рухани, мәдени, табиғи, палеотологиялық маңызы зор мекен мемлекет тарапынан қорғау шаралары қолданбаса, құрудың нақ алдында тұр. [10, 1б, 3б]

1983 жылы «Қаз қонақтың» орналасқан жерінде Ертіс арқылы өтетін жүргінші көпір салу жоспарланған. Құс өткелінің сақталып қалуына республиканың Ғылым Академиясы мен Пируза Тілеубердина мұрындық болды. П. Тілеубердина бұл жаңалықты ести сала, Алматыдан арнайы Павлодарға келіп, жергілікті билікке шағымданған. Көпір орнына палеонтологиялық саябақ құруды да қоса айтыпты. Көпірді салу жоспары жүзеге аспаса да, табиғи ескерткішті толығымен сақтап қалу да мүмкін болмаған екен. [11,4б]

Облысымыздың белгілі сәулетшісі Ертіс Камзин «Құс өткеліне» жанашыр боп жүрген жандардың бірегейі. Ол осы жерде ғылыми-танымдық кешен ашуды да биліктен бірнеше рет сұрады. Тіпті Е.Камзин палеонтологтармен келісілген сәулет жобасын да ұсынды. Ұсыныс бойынша, ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын қазба жұмыстарын жүргізіп, қалаға келуші туристер мен облыс тұрғындарына саябаққа келіп демалуына болушы еді. Ертіс Камзиннің айтуы бойынша, бір жылдары әлемнің теңдессіз құндылығына айналған аймақты өз пайдасына жарату үшін қытайлықтар мен жапондықтар Керекуге арнайы келсе керек. Бірақ қорғаусыз әрі қоршаусыз, аянышты күйде жатқан жерді көріп, кешірім сұрап, өз ойларынан айныпты.[12, pavon.kz ]

2001 жылы Құс өткеліне «Егемен Қазақстанның табиғат ескерткіші» мәртебесі берілді. Бүгінде қаламыздағы палеонтологиялық мұра ЮНЕСКО қорғайтын нысандар қатарына ілініп, халықаралық қорғауға алынатыны туралы хабары келді. Мұраны ЮНЕСКО-ның қорғауына алынғаны әрине оның сақталуының мүмкіндігінің арта түсетініне жол болады. Алайда біз осы мүмкіндіктерді пайдаға асыра аламыз ба? [13, egemen.kz]

Бұл туралы pavlodarnews.kz тілшісіне Павлодар облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы туризмді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Нұрмағамбетова «Қаз қонақ» ескерткішінің ЮНЕСКО халықаралық ұйымның тізіміне енгізуге бірнеше жыл қажет екендігін хабарлады. Табиғи ескерткішті «Мәдени және табиғи мұра» халықаралық бағдарламасына енгізу – үшін алдымен жергілікті жердің өзінде қорғалу керек екен. Маманның айтуынша, ескерткіш өз тұрғындары тарапынан қорғалмаса, халықаралық қорғалуға ілікпейді. [14, pavlodarnews.kz] Демек, «Қаз қонақтың» ЮНЕСКО-дай ұйымның қолдауына, былайша айтқанда халықаралық деңгейде танылуы мен жарнамлауына өзіміз кедергі келтіріп отырмыз. Сондықтан бізге бұл табиғи құнды нысанды жергілікті билік және тұрғындар тарпынан қорғауға алғышарттар жасауға тиіспіз.

Көптеген батыс қалалары әлемге танылу және туризмді дамыту мақсатында табиғи құндылықтары жоқ қалаларына бренд ойлап тауып, шаһардың өзіндік келбетін жасап жатады. Бұл да үлкен сала. Осы сала мамандары туризмді дамыту үшін жоқтан бар жасап, болмаған тарихи аңыздар да ойлап тауып жатады. Ал бізде табиғаттың өзі сыйға берген – теңдесіз «Қаз қонағымыз» бар. Оны ресми түрде қаланың бренді ретінде қалыптастыру қажет деп есептеймін.

Сондай-ақ, болашақта да көне дәуір естелігін туристік объект ретінде де қолдануға жол ашсақ, шетелдік туристер үшін Павлодар өңірі Қазақстандағы ең танымал және қызықты мекенге айналмақ. Тіпті осы бір көне ескерткіштің өзі қаланың, облыстың бейнесін өзгерте алады. «Қаз қонаққа» қазақстандық бренд ретінде қарау керек, өйткені бұл миллиондаған жылдық тарихы бар ескерткіштің қайталанбас бірегей мұрасы екенін түсінетін кез келді.

«Қаз қонақ» – әлемдегі теңдесі жоқ палеонтологиялық ескерткіш. Мұндай көне мұралардың жер жаһанда бірнеше ғана объктілері бар екені жоба барысында да айттық. Ал Қазақстанда Павлодардан басқа еш аумақта тіпті жоқ. Бұл ескерткіш қаламыздағы, облысымыздағы шетелдік туристерді және ғалымдарды қызықтыратын, еліміздің туристік кластерін дамытуға зор үлес қосатын бірден-бір орын. Және бұл ескерткіш Павлодар облысында болғандығы біз үшін өте тиімді. «Қаз қонақ» әлемдік деңгейдегі ескерткіш. Өңіріміздегі ешбір ескерткіштер мұндай дүниежүзілік деңгейді қамтый алмайды. Сондықтан да ЮНЕСКО бұл палеонтологиялық ескерткішке қызығушылық танытып, оны дүниежүзілік мұралар дәрежісіне көтеріп, қорғауға алғысы келгені бекер емес. Мұраны ЮНЕСКО-ның қорғауына алғаны әрине оның сақталуының мүмкіндігі арта түседі деген сөз. Сондай-ақ, болашақта да көне дәуір естелігін туристік объект ретінде де қолдануға жол ашылады. Демек, біз бұл міндеттерді жүзеге асырсақ, шетелдік туристер үшін Павлодар өңірі Қазақстандағы ең танымал және қызықты мекенге айналмақ. Тіпті осы бір көне ескерткіштің өзі қаланың, облыстың бейнесін өзгерте алады. «Қаз қонаққа» қазақстандық бренд ретінде қарау керек, өйткені бұл миллиондаған жылдық тарихы бар ескерткіштің қатйланбас бірегей мұра екенін түсінетін кез келді.


ҚОРЫТЫНДЫ
Мен Павлодар өлкесінің бай тарихымен мақтанамын. Осы уақыт бойына өзімнің зерттеп білгенімді достарыммен міндетті түрде бөлісетін боламын. Болашақта ұлтымыздың мақтанышы, еліміздің құндылығы, табиғаттың сыйы – «Қаз қонақ» жайлы біз білмейтін көп сырлар ашылып, оған лайықты мәртебе мен баға беріледі деген үміттемін. Маңыздысы, біз табиғаттың және тағдырдың бізге берген мүмкіншіліктерін пайдалана білсек жақсы болар еді. Алақаннан сырғып кеткен алтын секілді біз қолда бар дүниелерді қолдана алмай жүргеніміз туған қаламды сүйетін тұрғын ретінде мені қынжылтады. Мәдени, ғылыми, жалпы әлемдік дәрежедегі құнды естеліктер әзірге қолымыздан сусылдап кетіп барады. Егер бұл көне ескерткішке қаржы салса, ертең ол көптеген ұрпақтың пайдасына жарайды. Өйткені мұндай объект басқа еш жерде жоқ екенін түсінген жөн.

Тұрғылықты халық өздерінің мұрынының түбінде тұрған мұраның құнын білмейтіні қалыпты жағдай. Себебі ол оныңкі, күнделікті көріп жүрген әдеттегі жар ретінде көреді. Оның мағынасына да үңіле бермейді. Ал мақсат етіп, алыстан іздеп келген жандар үшін «Қаз қонақтың» бағасы қымбат. Қасында отырған адам оның құнын түсінбейтіні шын. Павлодарлықтар дәл осы жағдайда. Ал ғалымдардың қолы байлаулы. Оған себеп біреу – оларда қаражаттық мүмкіндіктің жоқтығы.



Жұмыс міндееттеріне сай мен «Қаз қонақ» табиғи ескерткіші туралы бірқатар ғалымдардың еңбектері мен қоғамда мәселе ретінде көтеріп жүрген журналистердің мақалаларын қарап шықтым, тарихына үңілдім. Бұл еңбектер негізінде зерттеу жұмысының гипотезасын пысықтап, өзектілігін анықтадым. Ал жобаның тәжірибелік бөлімінде осы тақырып аясында жарық көрген әдебиеттерді саралап, сауалнама қорытындысын бағамдап, зерттеудің нәтижелерін өңдедім.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде мынадай қорытындыларға келдім:

1. Табиғат ескерткішінің тарихын зерттеу барысында палеонтологиялық табыстар өткен күннің тарихын зерттеуге, жануарлар мен адамзаттың, флора мен фаунаның эволюциялық құпияларына қанығуға жол салатын «құжаттық» дәлел болатынын білдім.

2. Мен оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, оларға «Қаз қонақ» палеонтологиялық ескерткіштің тарихы мен маңыздлығы, оның өлкеміздің бренді ретіндегі рөлі туралы баяндама жасағанда балалар арасында қызғушылық туды. Туған өлкемізде, қаламызда орыналасқан әлемдік деңгейдегі теңдесіз ғылыми ескерткіш – біздің ұлттық мұрамыз, геологтар мен палеонтологтар үшін жер жүзіндегі санаулы жерлердің ішіндегі ең құндысы екенін түсіндім. Бағымызға орай осы бір қаламызда орын тепкен, туристердің қызығушылығын тудырған ерекше мекенді болашақ үшін сақтап қалуға, қорғауға міндеттіміз.

3. Ежелгі уақытта Павлодар облысы табиғатының қандай болғанын білу және гиппариондық фаунаның ерекшеліктерін тану арқылы «Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің теңдесіз ғылыми мекен екенін анықтадым.

4. «Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің тарихы мен ерекшелігін білу арқылы бұл ескетрткіш Павлодар қаласының туризімін дамыту мақсатында бренд болуға лайықты екендігін аңғарып, қорғалуға мұқтаж екенін түсіндім.



Қорыта келе, келесі ұсыныстарды ұсынамын:

1. Ескерткіштің тарихын зерделей келе, «Қаз қонақты» қорғап қалуға қадамдар жасалған. Алайда, бұл іс жүзінде аспай қалған сөз ретінде қалып қоя берген. Теңдесіз мұраны қоқыс қалдықтарынан, Ертіс өзенінің шайып кетуінен сақтап қалу үшін мен бұл аймақты қоршауға алып, көптің тілегі саябақ салудан басқа кішігірім ғылыми орталық болса дұрыс болар еді. Онда табылған сүйек қалдықтарының үлгілерінен өзге, гиппариондық фаунаның құм үлгілері, көптеген тарихи деректер мен дәйектер көрсетіліп, мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстармен айналысатын ғылыми зертханасы болар еді. Балалардың өз көзімен үлгілерді көріп, ғылыми жаңалықтарды өздері ашуға талпынатын болар еді. Өз кезегінде бұл орталықта болашақ палеонтологтар, геологтар, географтар мен биологтар тәлім алып, алғашқы ғылыми қадамдарын жасайды.

2. «Қаз қонақты» Павлодар қаласының бренді ретінде мойындап, ресми бекіту қажет деп есептеймін. Дүниежүзінде көп қалалардың брендтері бар. Сол бренд арқылы қаланы танып жатады. Тіпті, қаласында ел қызығатын дүниесі болмаса да еуропалықтар шаһардың айнасы ретінде бір нышанды ойлап тауып жаһанға танылып жатады. Ал бізде Табиғаттың өзі берген Құс өткелі ескерткіші бар!? Онда, осы бренд арқылы Павлодар қаласының туризмін неге дамытпасқа.

3. Біз тұрғындар «Қаз қонақ» ескерткішінің ерекшілігі мен бірегейлігі туралы ақпаратты білген болса, оның құндылығын дөп түсінген болар еді. Қала автобустарының телеарналары мен қаладағы жарнамалық банерлерден «Қаз қонақтың» маңыздлығы туралы кішігірім жарнамалық роликтер көрсетуді ұсынамын. Заманауи қоғамның экологиялық мәдениеті мен білімін осылайша көтерген болар едік.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Султан Камалдинов, «Вестник Палодарского Дома географии» №3 (7), август-ноябрь, 2015

2. «Палеонтологиялық табиғат ескерткіштері – табиғи мұра: зерделеу, зерттеу перспективалары және оларды сақтау проблемалары» халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Павлодар, 2008

3.Алиясова В. Н., Ахметов К.К. Палеонтологический памятник природы «Гусиный перелет». Биологические науки Казахстана.– Павлодар, 2002. - № 4.

4. Елешова Ж., «Қаз қонған мекеннің құпиясы», «Білік», 2015 жыл, 23 сәуір.

5. Исабеков Р., «Кто спасет Гусиный перелет?» Караван, 2008 жыл, 25 сәуір.

6. «Павлодарское Прииртышье» энциклопедия, Павлодар, 2003 жыл.

7. Потанин атындағы облыстық өлкетану музейінің ежелгі жануарлар туралы материалы, Павлодар, 1991 жыл.

8. Орлов Ю.А. «В мире древних животных: Очерки по палеонтологии позвоночных» – 3-е изд. – Москва, Наука, 1989 жыл.

9. Санатұлы Е., «Қаз қонақ» ескерткіші ЮНЕСКО-ның «Мәдени және табиғи мұра» бағдарламасына енгізілмек», www.pavlodarnews.kz, 2015 жыл, 1 сәуір.

10. Санатұлы Е., «Қазақстан Африкасы керекуліктерге керек болмай тұр», «Алаш айнасы» 2009 жыл 21 сәуір.

11. С. «Гусиный перелет» хватит ли сил для старта» Казахстанская правда, 2013 жыл, 18 қаңтар.

12.Куприн В., «Кому нужен Кере Ку», pavon.kz сайты, 2010 жыл, 30 қыркүйек.

13. Бықай Ф., «Табиғат – туған ұямыз!» – дейді павлодарлық «Болашақ бүгіннен басталады» акциясына қатысушы жастар», Егемен Қазақстан, 2012 жыл, 12 сәуір.

14. Ақмарал Есімханова, «Қаз қонақ» ескерткіші ЮНЕСКО-ның «Мәдени және табиғи мұра» бағдарламасына енгізілмек», 2015 жыл, 1 сәуір. pavlodarnews.kz





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет