«Павлодар қаласының №11 модульдік үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» мм, (мекен-жайы: Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 3/1), «Павлодар қаласының №26 жалпы орта білім беру мектебі» мм,



жүктеу 39.9 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі39.9 Kb.
«Павлодар қаласының № 11 модульдік үлгідегі жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» ММ, (мекен-жайы: Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 3/1), «Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебі» ММ, (мекен-жайы: Семенченко көш., 70) директорларының лауазымдық бос орындарына «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ конкурс жариялайды.

Лауазымдық еңбекақысы 82468, 02 теңгеден 99988,05 теңгеге дейін.

Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметі – жалпы орта білім беру саласындағы білім беру қызметі.

Функционалдық міндеттері:

  • мекеме Жарғысына сәйкес білім беру ұйымының барлық қызметтеріне басшылық етеді;

  • оқу орнының кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып оқыту жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу үрдісінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеп, бекітуді ұйымдастырады;

  • білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілер құрамын қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

  • қоғамдық мұғалімдік (педагогикалық) ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметтеріне ықпал етеді, заңнамаға сәйкес қоғамдық, сондай-ақ балалар мен жастар ұйымдарының қызметін реттейді;

  • балалардың тағамдануын ұйымдастыруға және медициналық қызмет көрсетілуіне, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің денсаулықтарын нығайтуға және сақтауға қажетті жағдайларды іске асырады;

  • оқу – тәрбиелік үрдістің әдістемелік қамтамасыздығын ұйымдастырып, жетілдіреді;

  • бекітілген тәртіп бойынша ұйымның мүлкіне және қаржысына басшылық етеді, қаржылық және материалдық қаражаттардың келіп түскендігі мен шығындалуы жөніндегі жыл сайынғы есебін тапсырады;

  • жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан болған тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын-үйлі, еңбектік) қорғайды, туыстық қатынастарға қолдау көрсету мақсатында оларға қажетті барлық жағдайларды жасайды;

  • бекітілген нормалардан төмен болмаған жағдайларда тәрбиеленушілер мен оқушылардың күтіп-бағылуын қамтамасыз етеді;

  • нормативтік талаптарға сәйкес оқу – материалдық базасының есебін, сақталуы мен толықтырылуын қамтамасыз етеді, санитарлық – гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы ережелерінің орындалуына жауап береді;

  • педагогикалық кадрлар мен көмекші әлеуетті таңдау және олардың орналастырылуын жүзеге асырады, еңбек туралы заңнамаға, ішкі тәртіп ережелеріне, біліктілік сипаттамаларға сәйкес қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді; кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды;

  • педагогикалық кеңеске басшылық жасайды;

  • білім беру ұйымдарында еңбегімен ерекшеленген мұғалімдер мен басқадай қызметкерлерді марапаттау мен наградаларға ұсынады, өз құзыретінің деңгейінде сөгіс жариялайды;

  • қоғаммен байланысты жүзеге асырады;


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.

  • бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;

  • үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;

  • сотталмаған болуы тиіс (бұрын).

  • ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», «ҚР бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүгедектігі мен мүмкіндіктері шектелгендігі және асыраушысын жоғалтқандығы жөнінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен балалар қараусыздығы мен қадағалаусыздығының алдын алу туралы» Заңдарды және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік актілерді; педагогика негіздерін, педагогикалық психологияны, жас мөлшерлік физиологиясын, жалпы міндетті мемлекеттік білім беруді дамыту стандарттарын, қаржылық – шаруашылық қызмет негіздерін, өрттен қорғану қауіпсіздігінің техникасын, еңбек пен еңбекті қорғау нормалары мен ережелері туралы заңдарды, мектеп гигиенасын, мемлекеттік тілді білуі тиіс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 cәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіретін азаматтар конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды табыстайды:



- нақты тұратын мекен - жайын, тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсете отырып конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;

- жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

- білімі туралы құжаттың көшірмесі;

- еңбек кітапшасының көшірмесі;

- фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

- бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

- біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;

- № 086 қалыбы бойынша денсаулығы жөніндегі анықтама;

- сотты болмағандығы туралы анықтаманы ұсынуы қажет.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар нотариалды куәландырылған немесе жұмыс орны кадр қызметі куәландырған болуы тиіс.



Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конкурс туралы хабарландыру жергілікті БАҚ – та жарияланғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде: Кривенко көшесі, 25, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің конкурстық комиссиясы, 407 кабинетке ұсынады. Тел. 32-18-77, электрондық мекенжайы - kalieva.oo.ap@pavlodar.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет