Патшалық отарлаудың П. Г. Галузо еңбектерінде көрініс табуы



жүктеу 357.12 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі357.12 Kb.
ПАТШАЛЫҚ ОТАРЛАУДЫҢ П.Г. ГАЛУЗО ЕҢБЕКТЕРІНДЕ КӨРІНІС ТАБУЫ.

Д.Ж. Танзенов

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

2 курс PhD докторанты



daniyal1984@mail.ru

Қазақстан мен Орта Азияның Ресей құрамына енуі мәселесінің кеңес дәуірінде зерттелуі ХХ ғасырдың басынан бастап, 80 - жылдарға дейінгі кезеңді қамтыды. Бұл кезеңде қазақ даласы мен Түркістан өңірінің Ресей бодандығын қабылдауы терең әрі ғылыми тұрғыда зерттелді.

Алғашқылардың бірі болып Патшалық Ресейдің отарлық саясатын зерттеу нысанына айналдырған тарихшылардың бірі - П.Г. Галузо болды. Зерттеуші ғалым Қазақстанның Ресей құрамына өз еркімен қосылуы сипа-тына қарсы шығып, Қазақстан толығымен жаулап алынды деген тұжырым-даманы қалыптастырады. П.Г. Галузо әсіресе, ХІХ – ХХ ғасырлардағы орыс зерттеушілерінің еңбектеріне сыни баға беріп, олардың патша өкі-метінің жаулап алу саясатын бүркемелеп, жасырын көрсеткен-дігін ашып айтты. П.Г. Галузо Ресей империясы саясатының Қазақстан мен Орта Азия, яғни, мешеу қалған, жабайы, алауыздыққа толы елдері үшін прогрессивті еместігі туралы әділ тұжырым жасады. Шын мәнінде патшалық Ресейдің Қазақстанды өзіне бодан етудегі мақсаты оны отар елге айналдыру екенді-гін уақыт өзі дәлелдеп берді [1]. Оның ғылыми еңбектерінің негізі орыс патшалығының отарлық саясатына, өлкенің қоғамдық дамуына тигізген зардаптарын айқындауға бағытталды. Осы орайда белгілі тарихшы ғалым Т.Ә. Төлебаев өжет тарихшының еңбектерінен мынадай жолдарды келтіре-ді: «Кеңес дәуірінде одақтас республикалардың, Сібір мен Қиыр Шығыс-тың тарихы мәселелеріне партия саясатымен бірге орталықтағы, мәскеулік тарихшылардың да ықпалы болғанын білеміз. Қазақстандағы аграрлық мә-селенің зерттелу барысы мен дәрежесіне орталықтағы тарихшылардың Ре-сейдегі, негізінен еуропалық бөлігіндегі аграрлық қатынастардың дамуын-дағы капитализмнің дәрежесі туралы пікірталастары үлкен әсер етті. Бұл мәселедегі пікірталас та 1950 - жылдардың соңына қарай басталды. Оған әсер еткен жағдайлар да болды. Сталиндік жеке басқа табынудан арылу барысындағы тарихты қайта қарауға ұмтылыс кезінде, 1950 – жылдардың ортасын қарай соғыстан кейінгі жылдары жоғары білім алып, ғылыми-зерт-теу жұмыстарына машықтанған тарихшылардың бір тобы өсіп шықты. Мұнымен қатар сталиндік репрессияда қуғынға түсіп, ақталған П.Г. Галузо, С.М. Дубровский сияқты бұрыңғы зерттеушілер аграрлық проблематиканы зерттеуге қайта араласты. Сөйтіп, аграрлық мәселе тарихының ауқымы кеңи түсті. В. Казаков, М.Симонова, К. Ливачева, Т. Воскресенская, А. Гребенев және П. Верещагиннің мақалалары мен еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектер Ресейдегі аграрлық құрылыстың ерекшеліктерін, ондағы ка-питалистік дамудың дәрежесін айқындау қажеттігін көрсетті. 1958-1960 жылдар арасында А.М. Анифимовтың ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы Ресейдегі аграрлық құрылысының ерекшеліктері туралы бірнеше еңбектері жарық көрді. Оларда Ресейдің ауыл шаруашылығында капиталистік қаты-настардың болғандығын мойындай отырып, бірақ капиталистіктен гөрі жартылай крепостниктік басым болды деген тұжырым жасайды. Бұл кезде-рі М.А. Рубачтың және Н.А. Елизарованың Украина мен еуропалық Ресей-дің ауыл шаруашылығында капитализмнің өктемдік еткенін дәлелдейтін еңбектері де дүниеге келді.

1960 жылы мамырда «Ұлы Қазан социалистік революциясының тарихи алғышарттары» атты Ғылыми кеңесі болды. Осы жиында Қазақстандық та-рихшылар арасында бұл пікірталасқа П.Г.Галузо қатысты. Ол «Революция-ға дейінгі Жетісудағы аграрлық қатынастар тарихынан (ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басы) атты тақырыпта хабарлама жасады. Ол ХХ ғ. басында көшпелі мал шаруашылығы егіншілікпен астасты, сондықтан шаруалардың байлар-мен жер үшін күресі антифеодалдық сипатта болды. Бірақ Жетісудағы шаруашылық жүйесін қайта құру процесі біріншіден, отарлық, әскери-фео-далдық империализм өктемдік еткен жағдайда жүрді, патша үкіметі «көш-пелілерді» жерін қалауынша бөлуді өз құқы деп білді, қоныстандыру және басқа да мақсаттар үшін жерді тартып алып отыруы қазақтардың отырық-шылыққа көшуін тежеді, олардың жер үшін күресі царизмнің отаршылдық саясатына қарсы күреске ұласты. Екіншіден, мал бағушы – егінші шаруа-шылыққа көшу феодалдық қатынастырдаң қойнауында капиталистік қаты-настардың тууына және дамуына жалғасты. Егер жергілікті шаруалар бай-лармен және жергілікті отаршыл билеушілермен жер үшін күресе отырып, салыстырмалы түрде тәуелсіз және жеке ұсақ өндірушілер болуға ұмтылса, байлар феодалдық езгінің түрлерін дамытатын және сақтайтын капитализм-ді қалады. Сонымен шаруалар мен байлардың арасындағы күрес «Жетісу-дың ауыл шаруашылығындағы капитализм дамуының екі мүмкін жолының күресі болды», - дейді. Жергілікті шаруалардың күресін біршама прогрес-сивті капитализмнің оған қарағанда регресшілдеу капитализммен күресі тү-рінде сипаттайды» [2].

П.Г. Галузо 60 – 70 - жылдары ғылыми ізденістерін қайта жалғастыр-ды. 1965 жылы П.Г. Галузоның тарих ғылымындағы ізденістерінің қоры-тындысы icпеттec “1867-1914 жылдардағы Қазақстанның оңтүстігіндегі аг-рарлық қатынастар” деген ең көлемді де іргелі еңбегі жарық көрді. Бұл ең-бек XIX ғасырдың соңғы кезеңдері мен XX ғасырдың басындағы Қазақ-станның оңтүстігіндегі Ресей патшалығының отарлық саясатын ашып көр-сетуге және аграрлық қатынастардың дамуына арналған[3].

Ресейдегі империализм және оның Қазақстан мен Түркістандағы үс-темдіктің отарлық сипаты туралы лениндік бағаға тоқтала келіп, П.Г. Галу-зо былай деп көрсетеді ... Бұл кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ға-сырдың басы) тек қана отарлардың әскери-феодалдық қаналуының одан әpi дамуы және күшеюімен ғана емес, олардың ресейлік капитализм жүйесіне енуімен, отарларға капиталистік (кейінен империалистік) қанаудың таралуымен сипатталады [3].

Ал, патшалықтың отарлық саясатын бағалаудағы И.В. Сталиннің пікір-лерін сараптай келе, П.Г. Галузо, өз ойынша, одан төмендегі қателіктерді табады: 1) Сталин әскери - феодалдық империализмнің лениндік анықтама-сына сілтеме жасай отырып, оған өзінше, лениндік анықтамаға дәл келмей-тін мағына береді. 2) Сталиннің түсінігі бойынша, бұл әскери-феодалдық империализм де, капиталистік империализм де емес, ол бip мезетте царизм-нің баскесерлігі болып табылатын царизм саясаты. 3) Сталиннің пікірлері-нен “Ресей классикалық империализм елі болған жоқ, тіпті бола алмаған” деген қорытынды жасауға болады. Бұл жерде царизм империализмді ауыс-тырып тұрғандай. 4) Мәселеленің бұлай қойылуы Сталинді дәл осы импе-риализм (капиталистік империализм) отарлардағы өндіргіш күштердің да-муына, өндірістік капитализмнің дамуына кедергі болғанын, феодалдық қа-тынастарды сақтағанын көрсету мүмкіндіктерінен айырды. Сталиннің ойынша, отарлардағы қоғамдық дамуға кедергі келтіретін жалғыз ғана күш царизм болып табылады. 5) Отарлардағы халықтың экономикалық қаналуы (тек қана саяси қаналуы ғана емес) Сталинннің назарынан тыс қалады. Ал осы бағытта өте мықты экономикалық күшпен қимылдаған империализм болатын. 6) Сталинннің қағидаларында капиталистік империализм толығы-мен жоғалады. Ол “капиталдың күш қуаты”, “орыс национализмі” деген ұғымдармен шектеледі. Сталиннің империализм туралы айтқандарының барлығы, ресейлік емес, батыс еуропалық елдердің империалзмге қатысты болды.

П.Г. Галузо патша үкіметінің өз отарлары - Қазақстан мен Түркістанда-ғы аграрлық заңдарына (1886, 1891) тоқтала келіп, мынадай корытындылар жасайды. 1) Барлық заңдар басынан аяғына дейін мазмұны жағынан кре-постниктік болды. Оның негізгі мақсаты - Түркістан мен Қазақстандағы отырықшы және көшпелі шаруалардың жерге патшаның помещиктік мем-лекеттік аппаратының крепостниктік, әскери-феодалдық билігін орнату. 2) Уақыт өткен сайын Орта Азия шаруаларының жерге Ресей мемлекетінің құкығы кеңейе түсті. Осының салдарынан Ресейден бүкіл мемлекеттік және әлеуметтік, феодалдық-крепостниктік жүйесі мен отарланған шаруалардың мүдделері арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті. 3) Өлкенің аграр-лық қатынастарына патша билігінің араласуы жер аумақтарының жергілікті шаруалардың қолынан орыс казактары мен қоныс аударушы шаруалардың қолына күштеп өтуіне әкеп соқты. Бұл қазақтың көшпелі мал шаруашылы-ғынан отырықшы мал және егін шаруашылығына біртіндеп ауысу, даму үр-дісін тежеді [4].

П.Г. Галузо аталған еңбегінде Қазақстанның оңтүстігіндегі казактар отарлауына алғашқылардың бipi болып көңіл аударды. Автордың зерттеуі-не қарағанда, Жетісуды казактардың отарлауының 70 жылдық тарихы бар. Ол 1847 жылы басталып (Сергиополь станицасының салынуы), 1917 жылғы революциямен аяқталды. П.Г. Галузоның пікірінше, бұл нағыз крепостник-тік, феодалдық отарлау түpi болды. Қорытындысын автор төмендегі кесте-мен береді.
XIX ғасырда Жетісуды казактардың отарлауының қорытындысы[5].

Кезеңдер

Құрылған

қоныстар-

дың саны

Кезеңнің соңындағы облыстағы барлық казак тұрғындар

1867 жылмен салыстырғанда тұрғындардың өсу пайызы (%)

ерлер

әйелдер

барлығы

  1. 1847-1867


2. 1868-1880
3. 1881-1899

14
12
3

7 832
10 548
14 789

6 816
9 243
14 005

14 648
19 791
28 791

-
34,6
96,1


XX ғасырдың басындағы казактар отарлауының қорытындысы[6].

Уездер

1901

ж.

1914 ж. 1 қаңтар

Казак

қоныстары-

ның саны

Жан

саны

Казак

қоныстарының

саны

Жан

саны

1901 жылмен салыстырғанда,

%

Верный

Капал

Лепсі

Жаркент

Пржевальск

Пішпек

6

12

5

6

-

-

16863

8035

8073

2611

-

-

6

13

5

7

2

1

24147

12243

12238

3870

938

904

143,1

153,7

151,6

148,2

-

-

Барлығы

29

35582

34

54340

152,1

П.Г. Галузо мәліметтеріне қарағанда, 1902 жылғы есеп бойынша об-лыстағы 703 879 десятина өңделген жердің 186 241 десятина, немесе, 26,4 пайызы казактардың қолында болды. Бұл жердің барлығын өз уақытында қазақтар өңдеген еді және казак станицалары үшін үкімет тартып алған бо-латын. Казактар 186 241 десятина құнарлы жердің 18,9 пайызын ғана іске жаратты, ал қалған 80 пайызы бос қалды [7]. Бұл көрсеткіштерден казак-тардың жерді игеру мен пайдалану деңгейінің өте төмен болғанын көруге болады. П.Г. Галузоның айтуынша, казактар пайдалы еңбекпен айналыс-паған. Олар үшін жұмысты барлығын қазақ жатақтары (Жеке шаруашы-лығы жоқ, көшіп-қонуға құралдары жоқ, кедейленген) атқарды. Ақысына олар казактардан жерінің бір бөлігін пайдалануға рұқсат алды. Жайылым-дық жерден қуылған малшы қазақтар, казактардың қарамағына өткен жайылымдарды пайдаланғаны үшін, немесе сол жерлер арқылы малдарын айдап өткізгені үшін казактарға жоғарғы төлем төлеуге мәжбүр болды [8].

П.Г.Галузо аталған еңбегінде өлкені қоныс аударушы шаруалар отар-лауына ерекше көңіл бөлген. XIX ғ. 60 - жылдарының соңында Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Кауфман және Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковский өлкені казак отарлауына қарағанда қоныс ау-дарушы шаруалармен отарлау орыс патшалығы үшін әлдеқайда пайдалы деген ұстанымға келді. Сөйтіп, 1869 жылы Кауфманның нұсқауы негізін-де Колпаковский Жетісу облысын шаруалармен отарлаудың жаңа жоспа-ры жасалды. Бұл жоспар бойынша облыстағы 5 уезінде жалпы саны 1345 жанұяны құрайтын 33 ауылдарға орналастыру көзделді. Орыс жаулап алушылары жергілкті халықпен санаспады патша үкіметіне қараған жер-лер «Орыс империясының меншігі» деген ойларын жүзеге асырды. Кау-фан өзінің есебінде мынадай жолдарды келтіреді: «Жетісу облысы енді орыстікі ондағы ірі жетістік ретінде казак әскерімен отарлаудан гөрі, шаруалармен отарлау дұрыс шешім болды деген тоқтамға келді. Себебі, өлкеге әрбір орыстың келуі мемлекеттің әскери-феодалдық империализм-нің қолдаушысы болады деп есептеді [9]. Казак жасақтары негізінен жер-гілікті тұрғындардан жерді күштеп тартып алу үшін, яғни жаулап алу үшін және олардың қарсылығын тұншықтыру, шекара қауіпсіздігін қам-тамасыз ету үшін қызмет eтті. Өлке жаулап алынып, ұлт-азаттық күрес бәсеңдегеннен кейін (1874 - 1917 жж.) казак отарлауына қарағанда шаруа-лар отарлауы патша үкіметіне тиімді болды: казактарға қарағанда орыс шаруаларына жер аз бөлінді (казак отбасына 30 десятина, орыс шаруа от-басына 10 десятина), казактарға қарағанда орыс шаруалары экономикалық пайда әкелді, қажет жағдайда әскери тipeк те бола алды 1892 жылдан бас-тап Түркістан өлкесінің орыс қоныстанушылары қарулана бастаған бола-тын. Патшалықтың Түркістан өлкесіне шаруаларды қоныс аудару саясаты шовинистік әскери-феодалдық сипатта iскe асты. Патшалықтың өз үстем-дігіне әскери тipeк жасау әрекеті қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алып, сол жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру шараларымен бас-талды. Жетісу және Сырдария облыстарындағы шаруалар отарлауын

П.Г. Галузо статистикалық мәліметтермен былай қорытындылайды.

Жетісу облысындағы шаруалар отарлауының 1895 жылғы қорытындысы [10].



Жетісу облы-сы

1884 ж.


1895 ж.

1896 ж.



Казактармен салыстыр-ғанда қоныс аударушылардың пайызы (%)


Шаруа қоныста-рының саны

Барлық жан саны

Шаруа

қоныс-рының саны

Барлық жан саны

1884 жылмен салыстырғанда тұрғын-дардың жалпы санының пайызы (%)

Казак-тардың жан

саны

Барлы

Ғы

31

19157

32

35569

185,7

16,194

135,8


1906 жыл. Сырдария облысының казак уездеріндегі шаруалар отарлауының қорытындысы [11].


Уездер

Қоныстар саны

Ауыл саны

Тұрғындар

Бөлінген десятина жер

ерлер

әйелдер

барлығы

Шымкент

Әулиеата

Перовск

Қазалы

18

27

4

-

1190

2204

174

-

4332

7726

382

-

3997

7160

346

-

8329

14886

728

-

57067

66035

12038

-

Барлығы:

49

3568

12440

11503

23943

135140


ХХ ғасыр басындағы Жетісу облысындағы шаруалар отарлауы[12].




1901

1906

1914 жылдың 1 қаңтарына


Жеті-су

Облысы

Қоныс-

тар саны

Бар-лық орыс тұрғындары


Қо-ныс-тар саны

Барлық орыс тұрғындары

Бұрыңғы қоныстар

қ


Жаңа қоныстар

Барлығы


1901

жылмен

салыстыр-ғанда, %

Қо-ныс

тар саны

Барлық орыс тұрғын-дар саны

Қо-ныс-тар

саны

Барлық орыс тұрғын-дар

Қо-ныс-тар

саны

Барлық

орыс тұрғын-

дары




Бар-

лығы

34


43295

34

52439

36

75280

155

94042

191

169322

391,0


Орыс шаруаларының қоныстары үшін жер тартып алудың қазақтар мен қырғыздардың жер шаруашылығына тигізген әcepі[13].


Отарлау кезеңдері

(жылдар)

Қоныс аударушылардың жылдық орташа саны

Жылдар

Қазақ және қырғыз болыстары

Мал басының өсімі (%)

Егіс алқаптары-ның (%)


1903-1906

1907-1909

1910-1913


1914-1915


2579

11276


7300

1903

1904

1905

1906

1907

1908

1909

1910

1911

1912

1913

1914

1915

100,0

145,0

140,7

140,6

100,0

81,3

96,2

100,0

86,9

89,2

92,1

84,1

?

100,0

111,0

101,0

100,6

100,0

98,7

100,5

100,0

106,9

96,8

43,3

?

?



1915 жыл. Сырдария облысы шаруалар отарлауының қорытындысы

(қазақ уездері бойынша) [14].


Уездер

Қоныстар саны

Аула саны

Тұрғындар


Шымкент

Әулиеата

Перовск

Қазалы


69

86

7

-


3750

7078

294

-

ерлер

әйелдер

барлығы

11221

22131

820

-

10776

22476

795

-

21997

44607

1615

-

Барлығы

162

10828

34172

34047

68219


Кестеден қоныс аударушылардың басым бөлігі болып жер шаруашылы-ғының дамуы үшін қолайлы Шымкент және Әулиеата уездерінің аумағына тұрақтанғаны байқалады.

П.Г. Галузоның пікірінше, XX ғасырда патшалықтың қоныс аудару саясаты жаңа сатыға көшті. Егер XIX ғасырда патшалықтың Жетіcy мен Сырдария облыстарына қоныс шаруаларын қоныстандыруы стратегиялық және әскери-полицейлік мақсатта жүзеге асырылса, ал XX ғасыр басында бұл екінші кезекке ығыстырылып, басты мақсат - Ресейден кедей және ор-та шаруалардың мейлінше көп бөлігін көшіріп, Ішкі Ресейдегі шаруалар-дың жер үшін күресін әлсірету болды. Крепостник-помещиктер Қазақ-станда, Түркістанда, Сібірде жерлерді тонау арқылы өздерінің Ресейдегі крепостниктік латифундияларын сақтап қалғылары келді. Крепостниктің мемлекеттік крепостник-помещиктердің мүддесі үшін жүргізген шаруалар отарлауы әскери-феодалдық сипатта болды. Өз жерлерінен айрылған жер-гілікті шаруалардың бұзылған мүдделері тікелей орыс помещиктерінің мүдделерімен емес, помещиктік крепостниктік мемлекет мүддесімен соқ-тығысты. Қазақ шаруаларының өз жерлерін тонаушылыққа қарсы күpeci әу бастан-ақ саяси сипатта болды [15].

П.Г. Галузо шаруалар отарлауын қорытындылай келе былай деп көр-сетеді: Ташкент-Верный жазықтығындағы орыс шаруаларының қоныста-нуының нәтижесінде Сырдария және Жетісу облыстарының экономикалық өміріне әсер еткен соншалық, тіпті, бұрынғы көшпелі өмір тәртібін жалғас-тырудың мүмкіндігі қалмады. Шаруашылықтың жаңа түрін іздестірудің қа-жеттілігі туындады. Қазақтың ауыл шаруашылығының табиғи даму үрдісін-де шаруашылықтың бұл түрі де пайда бола бастаған болатын. Ол дегеніміз яғни көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы мал және жер шаруашылы-ғына өту болды. Бірақ орыстардың өңірді алдымен казактармен, кейін шаруалармен отарлауы, Жетісуда жер аумақтарының қайта бөлінуіне әкеліп, көшпелі мал шаруашылығы да, отырықшы жер шаруашылығы да терең дағ-дарысқа тап болды. Қайта құру үрдістері енді, әрине, жаңа қиыншылықты түрлерді қабылдап, өндіргіш күштердің қирауына әкеп соқты[16].

Қорыта келе, кеңес үкіметі кезеңінде биліктің қаһарынан тайсалмай әр-дайымда өзінің ой-пікірін, ғылыми тұжырымдарын ашық білдірген П.Г. Га-лузоның қалдырған мұрасы бүгінгі тәуелсіз ел жағдайында өткен тарихы-мызды шынайы танып білуге қосқан үлесі деп атап өткеніміз жөн.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. О.Мұқатова «Патшалық Ресейдің отарлау саясатының әлеуметтік-экономикалық салдарлары» Алматы, Қазақ университеті, 2014 20-21- б.

  2. Т.Ә. Төлебаев ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы капитализмнің енуінің тарихнамасы - Алматы, 2002 119-120 бб.

  3. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг., 3 - б. Галузо П.Г. Вооружение русских перенселенцев в Средней Азии. – Ташк, 1926. 90 с.; Сонікі. Туркестан - колония. - М.. 1926. 164 с. сонікі. Т.С. Тұмабаев Отарлау саясаты Галузо көзімен // Қазақ тарихы. 2004, №3.

  4. Т. Тұмабаев Галузо отарлау саясатын қалай әшкереледі. Қазақ тарихы, - 2005 №4 62 –63 бб.

  5. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг., 164 - б.

  6. Сонда, 169, 170 - бб.

  7. Сонда, 171 - б..

  8. Сонда 195 - б.

  9. Сонда, 203 -206 бб.

  10. Сонда, 203 -206 бб.

  11. Сонда, 213 - б.

  12. Сонда 227 - б.

  13. Сонда, 228 - б.

  14. Сонда, 228 - б.

  15. Сонда, 214 -217- бб.

  16. Сонда, 229 - б.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет