Парағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 236.29 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі236.29 Kb.
Пән бағдарламасының Нысанпгу_блэк1

(Syllabus) титулдық ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



парағы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
EUTT 3305 – Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары

Павлодар, 2013



пгу_блэк1

Пән бағдарламасын Нысан

(Syllabus) бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.4/19


БЕКІТЕМІН


ММжК факультетінің

деканы________

Т.Т. Тоқтағанов

«___»_____________2013 ж.

Құрастырған: т.ғ.к., профессор _____________ Е. К. Ордабаев
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары EUTT 3305

5B071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Бағдарлама 2013 ж. «___» _____ бекітілген жұмыс бағдарламаға негізделіп құрастырылған.
2013 ж. «___»______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Қ. Қ. Абишев «___»______ 2013 ж.

Факультеттің Оқу әдістемелік кеңесінде құпталған «___»______2013 ж.

№___ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Ж. Е. Ахметов «___»______2013 ж.


1. Пәннің оқу құжаты
Пәннің атауы Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
Міндетті компонент пәні
Кредиттер саны және оқытылу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 5


Аудиториялық сабақтар саны, барлығы – 45 сағат

Дәріс - 15 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат

Зертханалық – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

соның ішінде СӨЖМ – 45 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 135 сағат
Бақылау түрі

Қорытынды бақылау нысаны Емтихан – 5 семестр


Пререквизиттер:

- математика

- физика

- жылутехника

- машиналар мен механизмдер теориясы

- машина бөлшектері мен конструкциялау негіздері

- сұйықтык пен газ механикасы, гидро- және пневможетек.
Постреквизиттер:


  • пайдалану материалдары

  • автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі

  • өндіріс технологиясы мен көлік техникасын жөндеу негіздері

  • көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері



2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Ордабаев Ерсен Қапсамадович

Ғылыми дәрежесі және лауазымы, қызметі: т.ғ.к., профессор.

«Көліктік техника және логистика» кафедрасы, аудитория Б-220

телефон: 87015429645, жұм.:67-36-23 (1216),

E-mail: E_tair2010@ mail.ru
3. Нысандары, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің нысаны «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары» 5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығы бойынша бакалаврды дайындауға қажет мемлекеттік компонент пәндерінің бірі болады.

Пәнді оқыту мақсаты

Пәнді оқытудың мақсаты энергетикалық кондырғының қүрылысы негізінде, жұмыс істеу принципі бойынша, әр түрлі көлік техникаларының энергетикалық қондырғысының жұмыс істеу ерекшеліктері бойьшша студенттерге қажетті салада білім беру және оларда өтетін процестерінің теориясын оку негізінде негізгі технико-экономикалық тиімді және экологиялық сипаттамаларын жоғарылату жолдарын анықтау.


Пәнді оқыту міндеттері

«Көлік техникасынын энергетикалық қондырғылары» пәні бойынша алынған білімдер 5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бакалаврларды, одан әрі магистрларды дайындау кезінде және энергетикалық қондырғының сенімділігін, тиімділігін және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды ескере отырып, олардың теориялык және тәжірибелік зерттеулерін өз бетінше өткізу үшін қажетті.



4. Білімге, іскерлікке, дағдыға, біліктілікке қойылатын талаптар
Пәнді оқу нәтижесінде студент:

– ІЖМ-нің цилиндрінде өтетін нақты цикл процестерінің мағынасын, ерекшеліктерін және сипаттау көрсеткіштерін;

– ІЖМ-да отынның химиялық энергиясын механикалық энергияға айналдырудың заңдылықтары мен тиімді әдістерін;

негізгі құрылымдық, режимдік және қолданыстық факторлардың нақты цикл процестеріне және мотордың тиімділік көрсеткіштеріне әсерін;

– мотор көрсеткіштері мен сипаттамалары жақсарту әдістерін;

– ІЖМ-нің негізгі жүйелері мен әлементтерін жобалаудың негізгі қағидаларын, есертеу әдістемесін және жетілдіру жолдарын;

білуге тиіс

Пәнді оқу нәтижесінде студент:

– ІЖМ-ның нқты цикл процестері мен көрсеткіштерін есептеуге;

– ІЖМ-ның басты сипаттамаларын есептемелік және тәжірибелік жолмен анықтауға;

– қолданыстық талаптарға сай көлік моторына техникалық күтім және жөндеу тәсілдерін меңгеруге

машықтануы тиіс



5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттарды бөлу


№ п/п

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

дәріс

Тәж.

Зерт.

СӨЖ

СӨЖО

1

Кіріспе

0,5













2

Энергетикалык кондырғылары және олардың жүйелерінің топталуы, құрылымы және конструкциялары

1,5

1




15




3

Жұмыстык процестердің теориясы және энергетикалык қондырғылардын есептелуі

4

4

4

15

10

4

Энергетикалык қондырғылардын куатын жоғарылату тәсілдері және сипаттамалары

3

2

2

15

10

5

Піспек козғалтқышы механизмінің кинематикасы мен динамикасы

2

3

4

15

10

6

Пайдалануда энергетикалық қондырғылардың жумысы

2

3

3

15

10

7

Энергетикалык кондырғылардың сенімділігі, динамикасы және оларды сынау

2

2

2

15

5

Барлығы

15

15

15

90

45


6. Дәріс сабақтарының мазмұны



1 тақырып Кіріспе

Жоспар:

1. «Көлік техникасының энергетикалық кондырғылары» пәні және оңың мазмұны. Еліміздің халық шаруашылыгындағы көлік техникасының және технологияның орны мен ролі: Көлік техникасының эиергетикалық кондырғыларының бірдейлігі және түрлі болуы және олардын еліміздегі халық шаруашылығы үшін маңызы. . [3, 12-34б., 5, 3-6б.]

2. Әр түрлі энергетикалық қондырғының жұмыс істеу принциптері. Отын энергетикалық қорларын пайдаланудағы энергетикалық қондырғының ролі және, қоршаған ортаны қоргау мәселелері. [2, 15-30б., 5, 13-26б.]

3. Әр түрлі энерғетикалық кондырғылардың кәзіргі жағдайы және болашакта дамуы. [2, 1-4б., 5,стр.3-6б.]


2 тақырып. Энергетикалык кондырғылары және олардың жүйелерінің топталуы, құрылымы және конструкциялары

Жоспар:

1. Әр түрлі техникалардың энергетикалык қондырғыларының топталуы және техникалық сипаттамалары. [3, 34-40б., 5, 40-50б.]

2. Энергетикалық қондырғының принциптік, жинақталу және кинематикалық сүлбалары: тағайындалуы әр түрлі кәзіргі заманғы піспекті қозғалтқыштардың негізгі түйіндерінің кұрылымдық ерешеліктері: газды турбиналық қозғалтқыштарының және қондырғыларының, көліктік дизель-генераторларынын, компрессорларының және тоңазытқыш машиналарының кұрылымдық және жылулык сұлбалары. [3, 50-150б., 5, 40-120б.]

3. Энергетикалық қондырғы жүйелерінің топталуы және тағайындалуы.

Ауамен қамыту, отын беру, жүмыс режимдерін автоматты реттеу, үйкелетін бөлшектерді майлау, жылумен кернеуленетін түйіндердін салқындату, оталдыру және оқтату, апаттық жұмыс режимдерінен автоматты қорғау жүйелерінің құрьлымдық ерекшеліктері, жүмыс істеу принциптері және сипаттамалары. Тартым трансформаторларының топталуы. Бірінші: және екінші жағында реттеудің негіздері. [3, 150-200б., 5, 120-140б.]

4. Тоназыткыш машиналарының жылуалмасу аппараттары және компрессорлар.

Дәстүрлік емес энергетикалық қондырғының қүрылымдық сұлбалары. [3, 9-34б., 5, 25-40б.]
3 тақырып. Жұмыстык процестердің теориясы және энергетикалык қондырғылардын есептелуі

Жоспар:

1. Отын және жанғаннан кейін қалатын заттар.

Жылулық энергетикалык қондырғыларда колданатын отындардың түрлері және олардың кысқаша сипаттамалары. Қоспа жасау тәсілдері. Әр түрлі жылулык энергетикалык қондырғыларда отын-ауа қоспасының жану процесінің физика-химиялык неғіздері. Жылулык козғалткыштарда отын жануының термохимиялық есебі. Жанғаннан кейін қалатын заттар және олардың қоршаган ортаға әкелер әсері. Жанғаннан кейін калатын заттардың зиянсыздандырылу тәсілдері. [1, 62-100б., 5, 120-190б.]

2. Пісіпектік іштен жану қозғалтқыштарының жұмыстық процесі.

Негізгі үғымдар мен анықтамалар. Піспектік іштен жану қозғалткышының ғаз реттеу циклдары, такттілері және фазалары. Көрсеткіш диаграммалары. Іштен жану қозғалтқыштар цилиндрінде өтетін жүмыстык продестердің теориясы: сығылу, жану-үлғаю, газ алмасу продестері. Процестердің негізгі параметрлері және оларды есептеу әдістері. Механикалық жоғалтулар. Керсеткіш және тиімді көрсеткіштері: іштен жану қозғалтқыштарының жылулық балансы. [3, 160-185б., 5, 180-190б.]

3. Қалактық машиналардың және газды турбиналык қозғалткыштардың (ГТҚ) жүмыстык процестері.

Негізгі ұғымдар мен аныктамалар. ГТҚ циклдары. ГТҚ-ның жүмыстық процесінің теориясы және есептеу негіздері. Газды турбиналарының жылулың есебі: турбинадағы газдың үлғаю процесінің теориясы. Турбинадағы жоғалтулар. Турбинаның ПӘК-і және қуаты. Көп сатылы турбиналар. Турбиналардың сипаттамалары. [2, 60-85б., 4, 80-90б.]

4. Турбокомпрессорда ауаның және тоңазыткыш компрессорында фреонның сығылу процесі: компрессордың ПӘК-і, оның пайдаланатын куаты және сипаттамасы. Компрессордың есебі. ЭЕМ-да қозғалтқыштың процестерін модельдеу. [2, 120-185б., 5, 100-150б.]

5. Қозғалтқьштың жұмыстық процесіне құрылымдық пайдаланғыштық және климаттык факторларының әсерін бағалау үшін модельді пайдалану.

Трансформатор орамының көмегімен кернеуді реттеу, әр түрлі байланыс сүлбаларының комегімен бір бағытта және карсы бағытта қосу сатысы. [1, 60-85б., 5, 80-90б.]


4 тақырып. Энергетикалык қондырғылардын куатын жоғарылату тәсілдері және сипаттамалары

Жоспар:

1. Энерғетикалық қондырғылардың сипаттамалары.

Піспекті: ІЖҚ және ГТҚ -ларының сипаттамаларының түрлері. Тоназытқыш агрегаттардың және компрессорлардың сипаттамалары. [4, 170-188б., 5, 120-140б.]

2. Энергетикалык қондырғылардың қуатын жоғарылату тәсілдері.

ІЖҚ-тарын үстеме үрлеу. Үстеме үрлеу жүйелері және сұлбалары. Форсирование. Ауаның аралық салқындатылуы. Тартым трансформаторларының сипаттамасы. [4, 125-135б., 5, 50-72б.]

3. Піспек машинасының және үстеме үрлеу агрегаттарының кәзіргі заманға сай жұмысы: кұрастырылған ІЖҚ-тарының жүмыстық процестерінің параметрлеріне қоршаған ортаның әсері. [3, 70-88б., 6, 20-40б.]


5 тақырып. Піспек козғалтқышы механизмінің кинематикасы мен динамикасы

Жоспар:

1. Піспек козғалысының кинематикалық сипаттамасы. ЭЕМ-да піспектік ІЖҚ-ның айналшак механизмдеріндегі бар күштерді есептеу және олардың сұлбалары; қозғалтқыштары теңгеру; білік жетегінін айналым тәрбелісі туралы негізгі үғымдар; атнидірілдік және демпферлердің тағайындалуы. [4, 20-35б., 6, 10-35б.]


6 тақырып. Пайдалануда энергетикалық қондырғылардың жумысы

Жоспар:

1. Пайдалануда энергетикалық кондырғылардың жұмысы: бос жүріс, түрақталған және түракталмаған режимдер. Пайдалану режимдеріндегі жұмыстың ерекшеліктері. [1, 120-150б., 6, 10-20б.]

2. Энергетикалык қондырғылардың пайдаланудағы жүмысының техника-экономикалық көрсеткіштері. Жүрістік және жүрістік емес жағдайларында трансформаторлардың жұмысы. Жұмыс көрсеткіштеріне пайдалану факторларының және климаттык жағдайдың әсері. Энергетикалық кондырғылардың сипаттамаларының кәлік техникасының техника-экономикалық көрсеткіштерімен және тартым касиептерімен өзара байланысы. Жалпы энергетикалық қондырғылардың және көлік техникасының пайдаланудағы кауіпсіздік сұрақтары. [1, 80-120б., 6, 25-40б.]
7 тақырып Энергетикалык кондырғылардың сенімділігі, динамикасы және оларды сынау

Жоспар:

1. Энергетикалык кондыргылардың сенімділігі және онымен қамту жолдары.

Техникалық диагностика жүйелері. Энергетикалық қондырғылардың техиика-экономикалык көрсеткіштерін жоғарылату үшін диагностиканы қолдану. Тартым трансформаторларын сынау түрлері. Сынаудың мақсаты және түрлері. Энергетикалық кондырғыларды сынақтан өткізу үшін қолданылатын әдістер мен күралдар. Экснерименттерді жобалау және өвдеудің математикалық әдістері. [1, 240-300б., 4, 50-70б.]


7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

1 Тәжірибелік жұмыс


Тақырыбы – Іштен жану моторының (ІЖМ) жұмыс циклін жылулық есептеу үшін бастапқы мәлімет таңдау және есептеу шартын талдау.

Сабақ мақсаты – Жұмыс циклін есептеу үшін қажет мотордың техникалық сипаттамасын зерделей білу және есептеу шартын түсіну .

Тапсырма – 1 кестеден төмендегі ескертпе бойынша мотордың түрі мен моделін таңдап, 2 - немесе 3 – кестеден оның негізгі көрсеткіштерін теріп алу.

Ескертпе:

1. Фамилиясы алфавиттің А әрпінен Н әрпіне дейін басталатын студенттер дизельді, ал қалғандары бензин моторын таңдауға тиіс.

2. Вариант нөмірі (мотор) студенттік кітапша нөмірінің соңғы саны бойыша, ал қосымша вариант (есеп шарты) соңғының алдындығы сан бойынша аңықталады.

3. Тапсырма варианты осы пән бойынша курстық жобаның варианты болып табылады!


2 Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы – ІЖМ жұмыс циклін жылулың есептеу.

Сабақ мақсаты – Жылулық есептеудің методикасын меңгеру.

Тапсырма – Бұрын таңдалған вариант бойынша 4 ырғақты мотордың жұмыс циклін жылулық есептеу.
3 Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы – Мотордың жылу балансын құру.

Сабақ мақсаты – Жылу балансының не үшін қажеттілігін түсіну және оны құру методикасын меңгеру.

Тапсырма Жылулық есеп нәтижесін ескере отырып, өз варианты бойынша жылулық баланс құру.

Зертханалық сабақтардың мазмұны
1 зертханалық жұмыс
Тақырыбы - Піспекті іштен жану моторының (ІЖМ) жалпы құрылысы

Мақсаты - ІЖМ жүйелері мен механизмдерінің құрылысы мен қызметі жөнінде мағлұматты пысықтау

Тапсырма - Бензин моторы және дизельдің жүйелері мен механизмдері туралы сұрақтарға жауап беріп, 1 және 2 кестелерді толтыру.
2 зертханалық жұмыс
Тақырыбы - Піспекті іштен жану моторының (ІЖМ) жұмыс тәртібі, негізгі ұғымдары мен көрсеткіштері

Мақсаты - 4 ырғақты үрмелі емес (атмосфералық) және үрмелі мотордың жұмысын зерделеу, жұмыс циклінің негізгі ұғымдары мен көрсеткіштерін түсініп, талдай білу

Тапсырма - Берілген материалды және оқулықтарды пайдалана отырып, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға диалог (онлайн) режимінде жауап беру.
3 зертханалық жұмыс
Тақырыбы - ІЖМ индикаторлық диаграммасы

Мақсаты - 4 ырғақты мотордың жұмыс циклін индикаторлық диаграмма бойынша талдай білу

Тапсырма - Берілген материалды және оқулықтарды пайдалана отырып, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға диалог (онлайн) режимінде жауап беру.

8. Өздік жұмысының тапсырмасы
1 тақырып. ІЖМ жұмыс процесін жылулық есептеу

Піспекті мотордың жұмыс циклі процестерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін есептеу. Индикаторлық және тиімділік көрсеткіштерін есептеу. Жылулық балансты есептеу және диаграммасын салу. Индикаторлық диаграмманы есептеу және салу. [2, 3, 9, 10]

Тапсырма – Тақырып бойынша материалды оқып, жылулық есеп, жылулық баланс және индикаторлық диаграмманы сипаттап, реферат жазу.
2 тақырып. Жұмыс процесінің теориясы және энергетикалық қондырғыны есептеу.

Моторлық отын түрлерінің негізгі сипаттамалары және қолданыстақ қасиеттері. ІЖМ нақты циклінің ерекшеліктері, индикаторлық диаграмма және газ алмастыру фазалары. Екі ырғақты цикл жөнінде түсінік. Мотор жүйелерін есептеу. ІЖМ-да қосынды түзу әдістері. Бензин моторы мен дизельдің отын аппаратурасының құрылысы мен жұмыс принципі.[1, 3, 6, 8, 10]

Тапсырма – Тақырып бойынша материалды оқып, моторлық отын түрлерінің негізгі ерекшеліктерін сипаттап, реферат жазу.
3 тақырып. Энергетикалық қондырғылардың сипаттамалары және қуатын ұлғайту әдістері.

Піспекті мотордың типтік сипаттамалары және анықтау әдістемесі. Курстық жобадағы сыртқы жылдамдық сипаттаманы талдау. ІЖМ-ның қуатын ұлғайту жолдары. Моторды үрмелеу жүйесі. Газтурбиналық үрмелеу. [1, 3, 7, 8, 10]

Тапсырма – Тақырып бойынша материалды оқып, үрмелеу тәсілдерін сипаттап, реферат жазу.
4 тақырып. Піспекті мотордың кинематикасы мен динамикасы.

ИІМ-ін кинематикалық талдау мақсаты. ИІМ тетіктеріне түсетін күштер мен моменттерді анықтау әдістемесі. Піспекті мотор жүрісінің әркелкілігі және оны теңдестіру. Иінді білік жүйесінің ширатылу тербелісі жөнінде түсінік. [1, 2, 8]



Тапсырма – Тақырып бойынша материалды оқып, ИІМ кингематикалық және динамикалық талдаудың мақсатын сипаттап, реферат жазу.

10. СӨЖМ кеңестерінің графигі (СӨЖМ-нің 25% СӨЖ құрайды)
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семертрдің СӨЖМ графигіне сәйкес жүзеге асырылады
11. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады
Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

ІЖМ жұмыс процесін жылулық есептеу




2 апта



3-апта

2

Реферат

Жұмыс процесінің теориясы және энергетикалық қондырғыны есептеу.




2 апта




5- апта




Межелік бақылау

Тақырып 1-4







тестілеу

8- апта

4

Реферат

Энергетикалық қондырғылардың сипаттамалары және қуатын ұлғайту әдістері.




3 апта




12-апта

5

Реферат

Піспекті мотордың кинематикасы мен динамикасы.




2 апта




15- апта




Межелік бақылау

Тақырып 5-7







тестілеу

15- апта




12. Студенттердің білімін бағалау өлшемдері


Пәнді оқу барлық өткен материалды қамтитын аралас (тестілеу+жазбаша) формада өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы (дәріске қатысу, үй тапсырмасы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибе тапсырмалары және межелік бақылау.) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалығымен есептеледі.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру) және жіберу рейтингін жинаған (50 баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі қорытынды бағамен (Қ) анықталады, ол жіберу рейтингі (ЖР) және қорытынды баға (ҚБ) қосындысынан және бардық салмақтық үлестерді (СҮ) есепке алып анықтайды:


Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылым кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 артық емес және ҚБ 0,3 кем емес болуы қажет.

Пән бойынша қорытынды баға студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бағалары дұрыс болған кезле ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелсіз себеппен келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға тең келеді.

Пән бойынша емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында босла келесі күні жеткізіледі.

Межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихандағы студенттің бідім бағасын 0-100 дейнгі % саналады.

Рейтинг бағасы ағымдағы баға мен межелік бақылау бағасыларының қосындысына тең болады:
Р1(2)=АҮ(2)*0,5+МБ1(2)*0,5
«Мамандыққа кіріспе. Көлік түрлері» студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі, икемділігі және құзыреттіліктері көп баллды әріптік жүйе бойынша анықталады:

Әріптік жүйесі бойынша баға

Балдың цифрлық баламасы

Пайыздық эквивалент

Дәстүрлі жүйемен баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз



13. Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер
Студенттердің барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы және қалып келмеуі міндетті болып табылады. Сабақ босатқан жағдайда деканатпен белгіленген тәртіп бойынша адалдайды (отрабатывает). Сабақты максималды екі рет босату рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет қалып келі бір сабақ босатқанға тең болады. Егер екіден коп босату болса әкімшіліктің шешімі қабылданғанша оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Жұмысты белгіленген уақыт мерзімінде тапсыру қажет. Емтихандық сессия басталуына 3 күн қалғанда – барлық тапсымаларды тапсырудың соңғы мерзімі болып табылады.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағында өткен материалдарды қайталау және адалдау міндетті. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тесстік және жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.



Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:

Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын қамтамасыз ему.

Екінші – оқытушының ақыл-кеңесін ескере отырып, студенттер өз бетінше оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін білуі және қажырлы болуы маңызды.

Үшінші – оқу барысында кездесетін қиындықтарды талдап, оның себептерін анықтауға тырысу, оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.

Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кеңес, нұсқаулар алу.

14 Әдебиеттер тізімі


Негізгі

1. Двигатели внутреннего сгорания: учебник в 3 кн. Под ред. В. Н. Луканина М: Высшая школа, 2005г.

2. Двигатели внутреннего сгорания: Устройство и работа поршневых и комбинированных двигателей: Учебник для студентов вузов по специальности «Двигатели внутреннего сгорания» /В.П. Алексеев, В.Ф. Воронин, Л.В. Грехов и др.; Под общей ред. А.С. Орлина, М.Г. Круглова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1990. – 288 с., ил.

3. Райков И.Я., Рытвинский Г.Н. Конструкция автомобильных и тракторных двигателей: Учебник для студентов вузов по специальности «Двигатели внутреннего сгорания».– М.: Высшая школа, 1986. – 352 с.

4. Энергетические установки транспортной техники (курсовое проектирование): Учебное пособие Е. К. Ордабаев, А. Б. Байгушкарова, Т. Р. Джармухаметов, Павлодар: Инновац.Евраз.Ун-т, 2009.–88с.

5. Лабораторный практикум по двигателям внутреннего сгорания, Е. К. Ордабаев, А. Б. Байгушкарова, Р. Г. Каримов, Павлодар: Инновац.Евраз.Ун-т, 2007.–72с.

6. Автомобиль және трактор моторының теориясы, Е. К. Ордабаев, Алматы, Респ. баспа кабинеті, 1995ж. – 271б.

Қосымша

7. Толиво, смазочные материалы, технические жидкости. Ассортимент и примечание: Справочник. Под ред. В. М. Школьникова, М.: Изд. Центр «Техинформ», 1999 – 596с.



8. Учебники по конструкции различных моделей двигателей, автомобилей и тракторов.

9. Тракторные дизели: Справочник /В.А.Взоров, А.В.Адамович, А.Г.Арабян и др. – М.: Машиностроение, 1981. – 535 с.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет