Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидалары

Loading...


жүктеу 180.39 Kb.
Дата28.03.2017
өлшемі180.39 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы « » № бұйрығына

1-қосымша



Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік деңгейінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін айқындайды.

  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

  1. өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат;

  2. халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.



2-тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру

тәртібі
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өтініш беру тілінде, мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасын қамтамасыз ете отырып анықтама беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (мемлекеттік немесе орыс тілінде);

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы.

Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

5. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып уәкілетті органға жібереді.

6. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам не ол уәкілеттік берген адам анықтама алу үшін қағаз түрінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықтама беру туралы өтінішті уәкiлеттi органға осы Қағидалардың4-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып жібередi.

7. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттардың толық көлемде берілмеу не олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде уәкiлеттi орган олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тартудың жазбаша негіздемесімен оларды қабылдаудан бас тартады.

8. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның өтінішін қабылдауды және тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

9. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды уәкілетті орган құрған Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) қарауға жолдайды.

10. Комиссияқұрамына міндетті түрде уәкілетті органның, білім беру, индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың, ішкі істер органдарының, сондай-ақ шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызметтер түрлерінің) және олардасұранысқа ие мамандықтар тізбесінде көзделген салаларға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

11. Комиссия шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өтініштерін қараған кезде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасында көзделген тәртіппен уәкілетті орган бекітетін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптердің біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді.

Анықтама беру туралы өтініш беретін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс.

12. Комиссия шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттарды талдаудың, сондай-ақ осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген біліктілік сипаттамалары өлшемшарттарының негізінде бағалау жүргізеді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру не осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен одан бас тарту туралы ұсынынымдар береді. Комиссияның шешімі әрбір шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.

13. Комиссия шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға төменде көрсетілген біліктілік сипаттамаларының өлшемшарттарына сәйкес мынадай балдар есептейді:

1) білімі:

экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жоғары білімі – 3 балл;

экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі – 4 балл.

2) жұмыс өтілі:

экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтілі:

1 жылдан 3 жылға дейін – 2 балл;

3 жылдан 10 жылға дейін – 4 балл;

10 жылдан жоғары – 6 балл.

14. Уәкілетті орган Комиссия ұсынымдарының негізінде өтінішті қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойыншаөз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру туралы шешім қабылдайды.

15. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беруден бас тартуға:

1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасында көзделген тәртіппен уәкілетті орган бекітетін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге қойылатын мамандық бойынша біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға;

2) шетелдікті немесе азаматтығы адамды бағалау нәтижесінің бес балды құрайтын шекті мәніне қол жеткізбеу негіз болып табылады.

16. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қағаз түрінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойыншаөз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама анықтама береді, ол туралы шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға жазбаша хабарлайды.

17. Анықтама беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес оның негіздемесін көрсетеді және шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.

18. Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері бойынша уәкілетті орган берген анықтамаларды не себептерінің дәлелді негіздемесімен анықтамаларды беруден бас тарту туралы шешімдерін уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Қазақстан РеспубликасыСыртқы істер министрлігіне шығу елдерінің Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне қайта жолдау және одан әрі өтініш берушілерге беру үшін жібереді.

19. Уәкілетті орган берген анықтама басқа адамға берілмеуге тиіс және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

20. Анықтама үш айдан аспайтын мерзімге беріледі.

21. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган Анықтаманы еңбек шартында көзделген, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге береді.


22. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам қағаз түрінде экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша анықтаманың негізінде жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) уәкілетті орган бұрын берген анықтама;

2)жұмыс беруші туралы, атауын қосатын мәліметтер, жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмiрi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi көрсетілгенеркін нысандағы өтініш;

3) еңбек шартының көшірмесі.

23. Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген жағдайда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді.

24. Жұмыс беруші өзгерген кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға анықтамасын ұзарту осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

25. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бес жұмыс күні ішінде осы туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді.

26. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықтаманы кері қайтарып алуға негіз болып табылады.

27. Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

Шетелдік және азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді

Уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.

Анықтама жоғалған, бұзылған жағдайда уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар анықтаманың телнұсқасын береді.

Бұл ретте берілген телнұсқа жоғалған немесе бұзылған анықтаманың түпнұсқасында көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданылады.

Жоғалған, бұзылған анықтамалар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам оның жоғалғаны, бұзылғаны туралы өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып саналады.

28. Мынадай:

1) ол берілген мерзім аяқталған;

2) берілген анықтама кері қайтарылып алынған;

3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;

4) ұсынған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның жалған ақпарат бергені анықталған жағдайларда анықтаманың қолданысы тоқтатылады.

Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларына

1-қосымша

нысан


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне

кімнен _____________________________________


(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)    
____________________________________________
(паспортының/жеке куәлігінің №, берілген күні   
және берген орган)

Мекенжайы, телефоны, факсы___________________

______________________________________________

Резиденттік еліндегі мекенжайы, телефоны________________________________


           

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________________


(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы « » бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым саласы (экономикалық қызмет түрі), кәсіп көрсетіледі)

мамандығы бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді сұраймын.


Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке:

1)___________________________________________;

2)___________________________________________;

3)___________________________________________ қоса беріледі.
Өтініш 20_жылғы "__"________________берілді
Өтініш берушінің қолы _______________________________________

Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларына

2-қосымша

нысан


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы АНЫҚТАМА

№ _____                         20__ ж. "__" __________

_________________________________________________
                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді: ________________________________________­­­­­­­­­­­­­­­____________________________________________________________________________

(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы « » бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіп, сала көрсетіледі)


Анықтаманы беру үшін негіздеме ____________________________________

Анықтаманың қолданылу мерзімі __________бастап ______________дейін


                              (күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)

М.О.                                        ___________________ _______________


                                                   (тегі, аты-жөні) (қолы)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы « »

бұйрығына

2-қосымша
Шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі





Экономиканың басым салалары

Экономикалық қызмет түрі

Кәсіптер




1

2

3

4

1.

Білім беру

Жалпы орта білім

1. Мұғалім –Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7- біліктілік деңгейлері

(білім ұйымында қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:


1. биология мұғалімі (шетел тілін білетін)

2. информатика мұғалімі (шетел тілін білетін)

3. қосымша білім беру педагогі (шетел тілін білетін)

4. физика мұғалімі (шетел тілін білетін)

5. химия мұғалімі (шетел тілін білетін)


Техникалық және кәсіптік орта білім

1. Оқытушы –Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7- біліктілік деңгейлері

(білім ұйымында қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:


1) жалпы білім, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы (бейін бойынша) пәндер оқытушысы (шетел тілін білетін)

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

1. Оқытушы –Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8- біліктілік деңгейлері

(білім ұйымында қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:


1) арнайы пәндер мұғалімі (шетел тілін білетін)

2)ғылыми қызметкер (шетел тілін білетін)

3) менеджер (ректор, проректор, декан, құрылымдық бөлімшелер басшылары)(шетел тілін білетін)


2.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ұсыну

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

1. Анестезиолог-реаниматолог дәрігер

2. Балалар хирург дәрігері (неонаталдық)

3. Жалпы пракика дәрігері

4. Неонатолог дәрігер

5. Онкогематолог дәрігер

6. Онколог дәрігер

7. Патологоанатом дәрігер (оның ішінде цитолог дәрігер)

8. Педиатрдәрігер

9. Психиатр-нарколог дәрігер

10. Физик инженер (медицинадағы)

11. Фтизиатр дәрігер


3.

Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар жалға алу және тұтынушыларға қызметтер ұсыну


Есептеуіш техникамен байланысты қызмет

1. Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман (компьютерлік арнайы эффектер жөніндегі маман, электроника және ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, анимация және компьютерлік графика жөніндегі маман)

2. Бағдарламашы (компьютерлік), (Бағдарламашы-жасаушы)

3. Деректер қорының әкімшісі

4. Жаңа техника мен технологияларенгізужөніндегі инженер

5. Жүйелік сәулетші

6. Жүйелік талдаушы




Зерттеулер мен игерулер

1. Астроном

2. Климатолог



4.

Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер ұсыну


Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру саласындағы қызмет

1. Әртіс

2. Бутафор

3. Жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер (аудио-, бейне-)

4. Дыбыс жазу инженер (Dolby дыбыс жүйелері)

5. Өнертанушы

6. Таспаны сынау және өңдеу жөніндегі инженер (кинотаспаны дайындау жөніндегі инженер)

7. Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері барзаңгер, экономист, инженер

(ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) орталық директоры (мұражай-көрме, ғылыми-техникалықшығармашылық)


5.

Көлік және байланыс

Теміржол көлігі қызметі

1. Зауыттағы қабылдаушы-инспектор (теміржол өнімін)

Әуе көлігі қызметі

1. Авиациядағы инженер-конструктор

2. Авиациялық тасымалдарды (жолаушылар, пошта-жүк, халықаралық) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер (ұшуды ұйымдастыру жөніндегі маман)

3. Авиациялық техниканы диагностикалау жөніндегі инженер (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және диагностикалау жөніндегі бақылаушы-инженер)

4. Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық жөніндегі инженер

5. Әуе кемесінің жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі маман

6. Ғарыш аппараттарын баллистикалық қамтамасыз ету жөніндегі маман

7. Ғарыш аппараттарының борт жүйелері жөніндегі маман

8. Өндірістік-диспетчерлік қызмет диспетчері (әуе кемелерінің ұшуға дайындығын бақылау, тәуліктік ұшу жоспарын қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі) (авиациялық нормативтер мен жарияланымдарды бақылау жөніндегі маман)



9. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі әкімші (ұшу қауіпсіздігі жөніндегі маман)

Теңіз көлігі қызметі
        1. Заңгер,инженер, экономист– Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері

(ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) порт флотының басшысы

2) порт флоты басшысының орынбасары

2. Капитан-тәлімгер

3. Кеме жасаудағы инженер-конструктор


4. Кеме жасаудағы техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға инженер

5. Механик-тәлімгер

6. Су асты-техникалық жұмыстар жөніндегі инженер (теңіз құбырларын салу жөніндегі инженер, теңіз құбырлары жөніндегі маман)

7. Супервайзер (теңіз құрылыстары жөніндегі)

8. Электр жүйелерінің инженері (теңіз жабдығын басқару)


6.

Өңдеу өнеркәсібі


Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдарөндірісі
  1. Заңгер,инженер, экономист– Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8біліктілік деңгейлері

(ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарматөрағасы, басқарушысы)

2) инвесторларменбайланысжөніндегі директор

3) директордыңөндірісжөніндегіорынбасары (директор, вице-президент)

4) инвесторларменбайланысжөніндегі менеджер


5) инвесторларменбайланысжөніндегібөлiмбастығы)

Кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдар өндірісі
  1. Заңгер,инженер, экономист– Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8біліктілік деңгейлері

(ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарматөрағасы, басқарушысы)

2) инвесторларменбайланысжөніндегі директор

3) директордыңөндірісжөніндегіорынбасары (директор, вице-президент)

4) инвесторларменбайланысжөніндегі менеджер


5) инвесторларменбайланысжөніндегібөлiмбастығы)

Сусындар мен темекіні қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісі
  1. Заңгер,инженер, экономист–Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері

(ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарматөрағасы, басқарушысы)

2) инвесторларменбайланысжөніндегі директор

3) директордыңөндірісжөніндегіорынбасары (директор, вице-президент)

4) инвесторларменбайланысжөніндегі менеджер


5) инвесторларменбайланысжөніндегібөлiмбастығы)

Химия өнеркәсібі және мұнайгаз-химия

1. Бақылау-өлшеуаспаптары мен автоматикажөніндегі инженер

2. Жабдықтыжинақтаужөнiндегі инженер (газ тасымалдаусаласында)

3. Желілік құрылыстар инженері (газ тасымалдау саласында)

4. Өндіріс бастығы

5. Сынақтарды ретке келтіру жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласында)

6. Технолог-инженер

7. Технологияны ретке келтіру, жетілдіру және пайдалану жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласында)

8. Химик-инженер

9. Электрик-инженер (энергиямен және сумен жабдықтау және электр химиялық қорғаныс)


Машина мен жабдықтар өндірісі

1. Бас инженер

2. Еңбекті нормалау жөніндегі инженер

3. Заңгер,инженер, экономист–Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері

(ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарматөрағасы, басқарушысы)

2) инвесторларменбайланысжөніндегі директор

3) директордыңөндірісжөніндегіорынбасары (директор, вице-президент)

4) инвесторларменбайланысжөніндегі менеджер


5) инвесторларменбайланысжөніндегібөлiмбастығы)

4. Электрик-инженер



Электр жабдығы, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі

1. Бас инжинер

2. Заңгер,инженер, экономист–

Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8біліктілік деңгейлері

(ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарматөрағасы, басқарушысы)

2) инвесторларменбайланысжөніндегі директор

3) директордыңөндірісжөніндегіорынбасары (директор, вице-президент)

4) инвесторларменбайланысжөніндегі менеджер

5) инвесторларменбайланысжөніндегібөлiмбастығы)

3. Технолог-инженер

4. Электрэнергетикалықжабдықтыреткекелтіружәнежөндеужөніндегі инженер


Басқа металл емес минералдық өнімдер өндірісі
  1. Заңгер,инженер, экономист–Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8біліктілік деңгейлері

(ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:

1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарматөрағасы, басқарушысы)

2) инвесторларменбайланысжөніндегі директор

3) директордыңөндірісжөніндегіорынбасары (директор, вице-президент)

4) инвесторларменбайланысжөніндегі менеджер


5) инвесторларменбайланысжөніндегібөлiмбастығы)




: sites -> default -> files
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...