Оқу жылының талапкерлеріне арналған шығармашылық емтихан талаптары 0403000 «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық шығармашылық өнер



жүктеу 20.1 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі20.1 Kb.
0403000 «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық шығармашылық өнер (сала бойынша)» мамандығы 0403013 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі бойынша

2017-2018 оқу жылының талапкерлеріне арналған

шығармашылық емтихан

ТАЛАПТАРЫ

0403000 «Әлеуметтік – мәдени қызмет және халықтық шығармашылық өнер (сала бойынша)» мамандығы 0403013 «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігі (оқу мерзімі 3 жыл 10 ай) білім беру бағдарламасы бойынша оқуға жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбын аяқтаған балалар қабылданады. Талапкердің бастауыш хореографиялық білімі болуы тиіс: өнер мектептері, балет студиялары (оқуды бітіру куәлігінің болуы; аяқталмаған техникалық-кәсіптік білімі (хореографиялық) туралы анықтама).

Құжат тапсырғанға дейін талапкер іріктеуден өтеді. Іріктеу қорытындысы бойынша Қабылдау комиссиясына құжат тапсыруға рұқсат беріледі.
1 шығармашылық емтихан. Келесі критерийлер бойынша дене физиологиясының ерекшелігі және талапкердің жеке кәсіби дағдылары анықталады:


  • сыртқы келбеті және дененің физиологиялық пропорциясы;

  • аяқтың бұралуы, айналмалығы;

  • аяқ басының көтерілуі;

  • би қадамы;

  • икемділігі;

  • секіру;

  • музыкалық есту, ырғақ (әннің бір шумағын немесе қайырмасын орындау, берілген музыкалық ырғақты қайталау);

  • станокта экзерсис;

  • зал ортасындағы экзерсис;

  • секіру;

  • айналу.

Ескерту: 1 шығармашылық емтихан қорытындысы бойынша талапкер келесі кезеңге жіберіледі немесе жіберілмейді.
2 шығармашылық емтихан. Талапкер өз қалауы бойынша алдын-ала дайынған ұзақтығы 3 минуттан аспайтын би орындайды.

Қабылдау комиссиясы талапкердің музыканы сезінуін, икемділігін, мәнерлілігін, әртістігін, қозғалысының көркемдігін бағалайды.


Ескерту: 2 шығармашылық емтихан қорытындысы бойынша талапкер келесі кезеңге жіберіледі немесе жіберілмейді.
3. Қазақ тілі немесе орыс тілінен (тест) емтихан.
Бағалау жүйесіне сәйкес әр кезең қорытындысы бойынша тиісті балл қойылады.
Арнайы емтихан тапсыру кезіндегі үміткердің сыртқы келбеті мен киім үлгісі:

  • қыз балалар үшін: шашты буып, жинақтау, купальник, балеттік трико немесе біртүсті колготки, жұмсақ балеттік аяқ киім немесе чешки;

  • ер балалар үшін: ұқыпты шаш үлгісі, ақ немесе қара түсті майка (футболка), балеттік трико, ақ немесе қара түсті шұлық, жұмсақ балеттік аяқ киім немесе чешки.

  • еркін киім үлгісі рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет