ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



жүктеу 4.84 Mb.
бет9/25
Дата15.01.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Негізгі орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:

5-6-сыныптар - «Математика», «Информатика»;

7-9-сыныптар - «Алгебра», «Геометрия», «Информатика».

Аталған пәндерді негізгі орта білім деңгейінде оқыту практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажет математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеруге; математикалық сауаттылықты, алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

Білім беру саласының пәндерін оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.

«Математика» пәнін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен оқушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.

«Информатика» пәнін оқыту барысында ақпараттық сауаттылық деңгейін көтеруге (ақпаратты, оның ішінде мәтін, сан, дыбыс, көрнекілік түрде берілген ақпараттарды іздеу, алу және көрсету әдіс-тәсілдерін меңгеру); ақпараттық есептерді шешуде АКТ-біліктілігінің негізіндерін (компьютерді және басқа да АКТ құралдарын қолдану) білу және түсіну; алгоритмдік және логикалық ойлауды игеру (алгоритмге сәйкес әрекет жасау  және  алгоритмді құрастыру) айрықша көңіл аудару керек.  

Математика және информатика пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелілік оқыту педагогикалық тәсілдерін қолдану ұсынылады.

Пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдарының бірі оқушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерінін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.

2016-2017 оқу жылындағы 5-9-сыныптарында математика және информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі кестеде берілген.



22-кесте

Сыныптар

Пән атауы

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы сағат саны

Бақылау жұмысының нормасы

5

Математика

6

204

12-14

Информатика

1

34

5-6

6

Математика

6

204

14-16

Информатика

1

34

6-7

7

Алгебра

3

102

7-9

Геометрия

2

68

7-8

Информатика

1

34

6-8

8

Алгебра

3

102

7-9

Геометрия

2

68

7-8

Информатика

1

34

5-6

9



Алгебра

3

102

8-9

Геометрия

2

68

6-7

Информатика

1

34

3-4

Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.

Академия мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулеріне оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірледі. Жинақты Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Ғылыми жаратылыстану білімі ерекше және өзекті маңызға ие болады. Ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және олардың дүниетанымдық, мәдениеттанымдық және тәжірибеге бағытталған сипатын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін тәрбиелейді.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:

– жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін түсінуді қалыптастыру;

– оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, оқушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;

– оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: жаратылыстану, география, физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері кіреді.

Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.

1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы оның негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Оқушылардың:

– ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау білігін;

– дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;

– зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.

География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктерді дамыту үшін:

«Проблеманы түсіну» – білім және білікті мәтін, диаграмма, формула немесе кесте түрінде берілген ақпаратты түсіну үшін қолдануға және олардан қажетті ақпаратты бөліп алуға, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты кіріктіруге;

«Проблеманы сипаттау» – проблемадағы ауыспалыларды және олардың арасындағы байланыстарды анықтауға, ауыспалылардың қайсысы проблемамен байланысты және қайсысы байланысты емес екенін шешуге, шартта берілген ақпаратты анықтауға, ұйымдастыруға және сыни бағалауға;

«Проблеманы таныстыру» – проблеманы шешу, ақпаратты ұсынудың бір түрінен екінші түріне өту үшін кесте, график, белгілердің көмегімен немесе сөз түрінде, немесе шартта көрсетілген үлгіні қолдану арқылы ақпаратты таныстырудың жолын әзірлеуге;

«Проблеманы шешу» – қойылған проблеманың шарттарына сәйкес шешімдер қабылдауға, ұсынылған жүйеге талдау жасауға және мақсатқа жету үшін проблемада көрсетілген жүйені жоспарлауға, оны шешудің тәсілдерін ұсынуға;

«Шешімді ойластыру» – алынған шешімді зерттеуге және қажет болған жағдайда оны дәлелдеу үшін қосымша ақпарат іздеуге, неғұрлым тиімді шешім іздеу үшін алынған шешімді түрлі көзқарас тұрғысынан бағалауға және түсіндіруге;

«Проблеманың шешімін хабарлау» – алынған нәтижені көрсетудің жолдарын таңдауға және оны басқа оқушылар үшін нақты түсіндіруге ерекше көңіл аударылады.

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс,

Қазақстандық мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуының нәтижелері ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының қалыптасу деңгейінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін көрсетеді. Осыған байланысты «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқыту барысында аталған компонентті қалыптастыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік құралдар ұсынылған (www.nao.kz).

2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына, өз білімдері мен біліктерін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын есептер, тапсырмалар оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.

Оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану біліктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтын келесі жағдайларды айқындауға болады:

– «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқыту барысында оқушылардың білім және білікті кешенді қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағытталған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру (оқушылардың кешенді практикалық және зертханалық жұмыстар орындау, кешенді тақырып бойынша хабарламалар әзірлеу және т.б.);

– мұғалімнің іс-әрекетін оқушылардың бойында «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша білім және біліктерін қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға бағыттау.

Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктерінің табысты қалыптасуы үшін, мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:

– оқушыларды өздерінің білімдері мен біліктерін кешенді қолдануы бойынша өз беттерінше іс-әрекетке бағыттау;

– пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;

– репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктерді кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;

– кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және білікті кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктерді кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.

Сабақ барысында зертханалық құралдарды дұрыс пайдалану, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау, бақылаулар және өлшеу жұмыстарының нәтижелерін түрлі тәсілдермен (суреттер, кестелер, сызбалар, фотосуреттер, кино түсірілім және бейнежазба) белгілеп отыру білігін дамыту қажет,

Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:

– оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;

– оқушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын;

– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;

– оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін;

– Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;

– есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;

– виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.



Сандық зертханалар ғылыми-жаратылыстану бағытындағы түрлі зерттеулер жүргізудің жаңа, заманауи электронды құралдары болып табылады. Олардың көмегімен пәннің оқу тақырыптары, сондай-ақ басқа тақырыптар бойынша да көптеген жұмыстар жүргізуге болады. Зертхананы қолдану оқу жұмысының көрнекілік дидактикасын айтарлықтай жоғарылатады. Сандық зертханалардың құралдары жан-жақты, оның құрамына оқушылар мен мұғалімдердің уақытты үнемдеуіне, «дала жағдайында» өлшеу жұмыстарын жүргізуге қажетті түрлі эксперименттік құрылғылар қосылуы мүмкін. Олар өлшеу жұмыстарының параметрлерін жеңіл өзгертіп, оқушыларды шығармашылыққа тартады. Сонымен бірге бейнеталдау жасауға арналған бағдарлама бейне көріністерден деректер алуға мүмкіндік береді, оларды мысал ретінде қолдануға және оқушылардың өздері түсірген, оқу және өмірлік нақты жағдаяттарды зерттеуге мүмкіндік туады, сондай-ақ оқу және танымал бейнефильмдердің көріністерін қолдануға болады.

Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс. Сабақ барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.

3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.

Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқушылардың жеке зерттеушілік жобалар орындауы маңызды болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты үш бағытта жүргізуге болады:

– теориялық зерттеулер (ақпаратпен және модельдермен жұмыс істеуге бағытталған танымның теориялық әдістерімен байланысты топтық және жеке жұмыстар);

– эмпирикалық зерттеулер (практикалық және зертханалық жұмыстар);

– жеке зерттеушілік жобалар.

Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.

Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық және практикалық жұмыстар орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және номерлермен белгіленген.

Мектеп оқушыларына оқыту процесі барысында экологиялық білім және тәрбие беру ең алдымен табиғаттың тұтастығы, ондағы құбылыстардың өзара қарым-қатынасы және олардың шарттарының себебі туралы көзқарас қалыптастырумен байланысты. Білім беру саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты көзқарас алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.

Бұл тәрбие жағынан қарағанда өте маңызды, себебі оқу пәндерін «экологияландыру» оқушыларды экология мәселелерімен таныстырып қана қоймайды, сонымен қатар оларды табиғатты жауапкершілікпен қорғауға тәрбиелейді. Табиғатты жауапкершілікпен қорғау көзқарасы табиғатты қорғаудың тәжірибелік іс-әрекеті барысында пайда болады.

Сабақтан тыс уақытта келесі экологиялық зерттеулерді жүргізу ұсынылады:

– табиғат кешендерінің экологиясы;

– мектеп ішіндегі жарықты өлшеу;

– түрлі сусындардың қышқылдылығын өлшеу;

– мектеп ішіндегі бөлмелер ауасының физикалық-химиялық параметрлерін өлшеу;

– сыныпты желдетудің микроклиматқа әсері;

– топырақ құрамы қышқылдылығының өсімдік түрлерінің құрамына әсері;

– ортаның абиотикалық факторлары;

– урбандалған аумақтардың экологиясы;

– гүлденген судағы оттегі концентрациясын анықтау;

– қаланың түрлі ғимараттары ауасындағы оттегінің құрамын анықтау.

Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.

Ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.

Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.

Сапалық және сандық есептерді шешуге бірдей деңгейде көңіл аудару керек, себебі құбылыстардың, процестердің мәнін түсіну және олардың шешімін табу дағдыларын қалыптастыру өте қажет.

Оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, барлық оқу құралдарын және техникалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануы маңызды болып табылады.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары сарайлары жанындағы іштей және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік қоғамы» қоғамдастығының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.

Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about

Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-house.ru/alternativnaya-energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады.

Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме: kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz

ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо;

http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017

4. «Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сыни ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды:

– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;

– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;

– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;

– жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.

Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:

1) Ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың қорытындысына да қолданылуы мүмкін.

2) Дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді құрылымдайтын немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді немесе болжамдарды анықтаңыз.

3) Ақпараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу және ауызша дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.

4) Жеке компоненттер арасындағы ұқсастықтарды және айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз.

5) Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз.

6) Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы келетінін бағалаңыз.

7) Сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді қолданыңыз.

8) Тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеңіз.

5. Жаратылыстану, география, физика, химия және биология сабақтарындағы пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.

Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді.

«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «өмір», «адам», «табиғат кешені», «экономика және экология», «зат», «дене», «энергия», «күш», «қозғалыс» және «даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын оқу барысында, басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы, жаратылыстану, география, биология курстарынан алынған білім).

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).

Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.

6. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.

«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады.

7. Оқушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Оны дұрыс ұйымдастыру арқылы, сабақ барысында алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға деген тұрақты қызығушылығын арттыруға мүмкіндік пайда болады. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:

– үй тапсырмаларын оқулық параграфтарын жаттап алуға және тапсырмаларды орындауға ғана пайдалануға болмайды. Шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды көбірек қолдану қажет;

– үй тапсырмаларына оқушылардың өз оқу әрекеттерінің нәтижелеріне өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу;

– үй тапсырмасына мазмұны және орындалу түрі бойынша түрлілігімен ерекшеленетін тапсырмалар беру;

– үй тапсырмасының көлемін анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

8. Білім беру саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының ұсынылатын тақырыптар. Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет