ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



жүктеу 4.84 Mb.
бет2/25
Дата15.01.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Назар аударыңыздар! 2016-2017 оқу жылынан бастап республика мектептерінің кезең-кезеңімен бес күндік оқуға көшу басталады. 2016-2017 оқу жылында бес күндік оқуға республиканың бірінші сыныптары көшеді. 1-шы сыныпта бес күндік аптаға арналған сабақ кестесін жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама оқу жылының қарсаңында білім басқармаларына жіберілетін болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» 18-тармағына сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді..

Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.

Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) бойынша реттеледі.

Қағидалар бойынша ҚБТ барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар еркін нысанды білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып оқуда ҚБТ-ын пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері бар өтініш жазады. Мүгедек балалар ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі және жергілікті атқарушы орган негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» және «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» бойынша жүзеге асады.

БҒДМБ іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы қол жетімді біліммен қамтамасыз ету арқылы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында деңгейлік бағдарлама бойынша оқуға педагог кадрлар белсенді тартылады.

Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг процесі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдану дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.

Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

- жоспарлау процесін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.



Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

- менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.



Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

- мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг процесін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;

- білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс.

Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді процеске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген тірек мектептері арқылы Бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:

(Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша:

- Бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.

(Бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша:

- бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;



- мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

- әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

- бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқыту табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

- әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.



(Бағдарламаның бірінші (жетік) деңгейі бойынша:

- бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;



- мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

- әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

- бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқыту табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

- әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу;

- мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;

- деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау.

Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігі үшін оқыту процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруға арналған нормативтер ұсынылады (1-кесте).
1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері




Бақылау нысанасы

Нормасы

1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау

Аптасына 3-4 сабақ (директордың орынбасарлары үшін);

Аптасына 3 сабақ (мектеп директорлары үшін).



2

Сынып журналдарын тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

3

Оқушылардың күнделіктерін тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

4

Пәндер бойынша оқу бағдарламалары-ның орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет

5

Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру

Жылына 2 рет

6

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 1-2 рет

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде келесі құралдар әзірледі және олар Академияның сайтында (www.nao.kz) орналастырылды:

1) PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша әдістемелік құралдар. Мұнда әдістемелік ұсыныстар мен оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде қолданылған тапсырмалар енгізілген;

2) білім беру салалары бойынша қолданбалы курстардың мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар;

3) ұлттық тілде оқытылатын мектептерде көптілді оқытудың озық тәжірибесін тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда қазақстандық мектептерде көптілділікті дамыту жолдары қарастырылған, ұлттық мектептерде пәндерді екі тілде (мектептің оқыту тілінде және мемлекеттік тілде) қатар оқыту ұсынылған;

4) ұлттық тілде оқытылатын мектептерде «Математика», «География», «Физика», «Биология» пәндерін көптілді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда жалпы білім беретін мектептердегі сабақта көптілді оқытуды ұйымдастыру мен пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар, сабақты жүргізудің типтері мен формалары, әдістемелік тәсілдердің жиынтығы көрсетілген. Пәнді көптілді оқытудың дидактикалық тәсілдері суреттелген, пән бойынша оқушылардың тілдік құзыретін және функционалды сауаттылығын дамытудағы жұмыстың мазмұны, әдістері және нысандары бойынша ұсыныстар берілген;

5) ғылым негіздері бойынша ұлттық мектептерге арналған терминологиялық сөздік. Әдістемелік құралда терминологиялық сөздікті әзірлеудің әдістемелік негіздері ашылып, қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдеріндегі оқу әдебиеттерін оқып білуде көмек болатын кең таралымды және жиі қолданыстағы пәндік терминдердің жиынтығы берілген. Сөздікте ұлттық тілде оқытатын мектептерде тілдік пәндердің бірыңғай тақырыптық минимумы көрсетілген және ғылым негіздері бойынша көрсетілген тілдерде шамамен 11500 термин мен сөз тіркестері жинақталған.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларын кешенді қолдауды Академия сайты қамтамасыз етеді (www.nao.kz). Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:



  • «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік-нұсқау хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);

  • «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері);

  • «Семинарлар, конференциялар» (Академияда атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т.б.);

  • «Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);

  • «Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақтар қоюға болады).

Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.

Жаңартылған білім мазмұнына көшетін 1-сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ НЗМ сайтына (sk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру) ұсынылған Жүйелі-әдістемелік кешен (ЖӘК) әзірледі.


Мектеп формасы туралы

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы


14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.

Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлылық сипатына сәйкес келуі қажет.

Мектеп формасының үлгісі және түсі классикалық үлгігіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес түстерді қосуға болады. Шымқай ашық түстер емес жағымды түстер таңдалады.

Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

Ер балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті киетін көйлек (қысқы кезеңге: тоқыма желет, водолазка). Ер балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі.

Қыз балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, белдемше, шалбар, классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңге: тоқыма желет, сарафан, водолазка). Қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі.

Ер балаларға арналған мерекелік форма ақ көйлекпен, қыз балалар үшін ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады.

Ер балаларға және қыз балаларға арналған спорттық формаға: спорттық костюм (спорттық шалбар , футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды) жатады.

Мектеп формасының негізгі түсіне немесе кереғар түсіне сәйкес келетін классикалық үлгідегі галстугі болады. Мектеп формасында түрлі конфессиялардың діни киімдерінің элементтері болуына рұқсат берілмейтініне білім беру ұйымдарының басшылары ерекше мән беруі қажет.

Мектеп формасында орта білім беру ұйымдары ерекшеленетін белгілерін орналастыра алады (эмблема, жапсырма және т.б. ). Олар киімнің жоғары бөлігінде немесе аксессуарында орналасады (пиджак, желет, галстук).

Мектеп формасына қойылатын талаптардың ауа райына, оқу сабақтарының өтетін орнына және оқу бөлмесінің температуралық жағдайына байланысты іске асырылуы маңызды. Сонымен қатар, мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша зақымдайтын фурнитуралармен киімді және аксессуарларды киюге болмайды.

Мектеп формасының матасы ретінде жартылай жүн және құрамы жақсартылған мақтадан жасалған, тозуға төзімді , бактерияға қарсы, антистатик қасиеттері бар маталар қолданылады. Мектеп формасының түстерін, үлгісін және белдемшенің ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымдары анықтайды және қоғамдық кеңеспен, мектептің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітеді.

Мектеп формасы туралы сұрақты талқылауға қатысуға және оны жетілдіруге ұсыныс енгізуге ата-аналардың құқығы бар. Оларға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылады.
Үйде оқытудың ерекшеліктері
Денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыруда білім беру бағдарламаларын игеру жалпыға міндетті білім беру стандартының аясында жүргізіледі. Қазіргі таңда балаларды үйде оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Білім туралы" заңымен бекітілген. Оқыту бағдарламасын (жалпы білім беру бағдарламасы, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бағдарлама, бірінші және екінші типті коррекциялық қосымша бағдарлама) ата-аналардың қатысуымен психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия (ПМПК) анықтайды. ПМПК-ның ұсынысына қарай білім беру ұйымы оқыту бағдарламасын әзірлейді.

Үйде оқытуды жүргізетін әр мұғалім міндетті түрде кемтар балалардың дамуы мен білімді сапалы игеруі туралы динамикалық бақылау күнделігін жүргізеді. Баланың іс-әрекетіне талдау оның психика-дене дамуына қатысты жасалады.

Сабақ кестесі Типтік оқу жоспары және баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып мұғалімдердің дайындаған жекелеген оқу жоспарының негізінде құрастырылады. Сабақ кестесі ата-аналармен келісіліп, үйде оқытуға жауап беретін мектеп директорының орынбасарымен бекітіледі.

Үйде оқытуды жүргізетін мұғалім өткізілген сабақтарды тіркейтін журналды толтырып отырады. Журналда сабақтың өткізілген күні, оқытылған материал мазмұны және оған бөлінген сабақтар саны көрсетіледі.



Білім алушыларды аттестациялау және көшіру «Білім туралы» заңға, «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациялау жүргізудің үлгі ережесіне (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген (04.11.13 жылғы өзгертулер мен толықтырулар) сәйкес жүргізіледі.

Денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша бақылауды мектепішілік тексеру аясында мектеп әкімшілігі жүргізеді.




1 «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жүйеқұраушы «Мәңгілік Ел» құндылығын жалпыұлттық патриоттық идеясы ретінде ұсынды.

Оның құрылымдық құрамдастары ретінде тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, тұрақтылық, толеранттылық, қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік анықталды.

Мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі таңда тәрбие процесін қазіргі қазақстандық қоғам дамуының негізгі стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қалануы тиіс. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы мақсатты түрде жүргізілуі тиіс, оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.

Жаһандану және ақпараттандыру процестері, көші-қонның өсуі, әртүрлі мәдениеттер тасымалдаушыларымен түрлі деңгейде халықаралық байланыстың артуы, бірыңғай әлемдік экономикалық, ақпараттық, мәдени, білім беру кеңістігін қалыптастыру білім алушы тұлғасын мәдениетаралық қатынастар субъектісі ретінде тәрбиелеу жұмысын күшейтуді талап етеді.

Уақыттың жаңа сын-тегеуріндері мен тәуекелдері көпмәдениетті тәрбие мәселесі және білім беру ұйымдарының жұмысында мәдениетаралық, этносаралық қатынастарды күшейту өзекті әрі маңызды болады.

Көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық және «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» патриоттық акциясын өткізу бойынша шаралар ұйымдастыру қажет. Еліміз Қазақстан-2030 стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, егемен дамуының 25 жыл аралығында әлемнің дамыған 50 елі қатарына енгенін, 2050 стратегиясын, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын жүзеге асыруды бастағанын түсіндіре отырып, әрбір оқушының бойында өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру қажет.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мектептерде мерекелеудің негізгі мақсаты мемлекеттілікті, халықтар бірлігін және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылықтары төңірегіне шоғырландыруды одан әрі дамыту: Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жыл аралығындағы жетістіктері мен табыстарын көрсету; қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуын біріктіретін түйіні болатын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын және оның құндылықтарын алға бастыру; бірегейлік пен бірлікті нығайту; елі үшін мақтаныш сезімін нығайту; еліміздік барлық азаматтарын мемлекеттің басты стратегиялық міндетін – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін іске асыру болуы тиіс.

«Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 85-ші және 89-шы қадамдар Мәңгілік Ел идеясына арналған. Сынып жетекшілері тәрбие жоспарына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық актіні түсіндіру және зерделеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын енгізу қажет (төменде ұсынылып отыр).



Сынып сағаттарын өткізу кезінде тәрбиенің жаңа технологиялары мен белсенді формаларын өнімді пайдалану ұсынылады. Ресурс ретінде отандық әдебиеттерден, кинематограф, жарияланымдарды, поэзияны, өзінің өмірлік жағдаяты туралы шығармаларды қолдану ұсынылады. Қазақстан тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болып табылатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу туралы материалдарды пайдалану орынды болар еді және еліміздің беделін қалыптастыруға, экономикасы мен мәдениетін, туризмін дамытуға өз үлесін қосады.
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актісін түсіндіру және зерделеуді ұйымдастыру жөніндегі ісшаралар жоспары


№ р/с

Ісшаралар атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру

1

Педагогикалық оқулар өткізу (дәрістер)

Білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру


Ұсыным-дама

МДОБД, ТКБД,

ЖЖОБД

2016 жылғы тамыз


Қарастырылған қаражат шегінде

2

«2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатқа «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі» тарауын енгізу

Әдістеме-лік-нұсқау хат

МДОБД,

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА

2016 жылғы

шілде



Қарастырылған қаражат шегінде



3

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жөніндегі барлық курстардың оқу жоспарларына «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі

міндетті дәрісін енгізу

Дәріс

МДОБД, «НЗМ»ДББҰ (келісім бойынша)

«Өрлеу» АҚ БАҰО, «Бөбек» ҰҒПББСО

Ұдайы

Қарастырылған қаражат шегінде


4

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі бойынша тақырыптардың тізбесін анықтау;

-Қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет сабақтарына арналған шығармалар мен эсселер;

-Қазақ тілі және орыс тілі сабақтарына арналған диктанттар;

Сабақтарда пайдалану.

Шығармалар мен эсселер тақырыбы, ЖАО хат

МДОБД,

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА

2016 жылғы қыркүйек, ұдайы


Талап етілмейді

5


2016 жылы - 1 сыныптарда , 2017жылы - 2, 5, 7 сыныптарда, 2018 жылы - 3, 6, 8, 10 сыныптарда,

2019 жылы- 4, 9,11,12 сыныптарда іске асырылатын «Мәңгілік ел» патриоттық актісі білім беру мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру бағдарламаларына енгізу

ҚР БҒМ бұйрығы

МДОБД,

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, ЖАО

2016-2019

жылдар

Талап етілмейді

6



Онлайн-кездесу өткізу «НЗМорта мектеп: «Мәңгілік ел» патриоттық актісі ( НЗМ тәжірибесін тарату бойынша «Шаңырақ»жобасын іске асыру)

Ақпарат

МДОБД,

«НЗМ»ДББҰ, ЖАО (келісімі бойынша)


2016-2017 оқу жылы

Талап етілмейді

7

Әлеуметтік сұрақ жүргізу жастар патриоттық деңгейінде «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын іске асыру аясында 2000 жасөспірімдер мен жастарды қамту

Жаппай сауалнама

ЖСД

ЖЖОБД

2017 жылға дейін

Қаралған қаражат шеңберін-де

8

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі және жалпыұлттық патриоттық идеяны түсіндіруді ұйымдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қоғамдық пікір, жастар ортасында танымал блогерлер мен көшбасшыларды тарту, (АПТ құру)

Ақпараттық жұмыс

ЖСД,

ЖЖООБД

Жыл бойына

Қарастырылған қаражат шегінде



9

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын меңгеру және түсіндіру бойынша әдістемелік әдістемелік материалдарды әзірлеу Ғылыми – танымдық www.zivatker.ora сайтында балаларға арнап орналастыру

Әдістемелік

Материалдар

МОБД

РОСО

Жыл аяғына дейін

Ұдайы

Қарастырылған қаражат шегінде



10

Қазақстанды мекендейтін басқа этностар мен қазақ халқының салт-дәстүрін және мәдени құндылықтарын түсіндіру бойынша өлкетану және туристік экспедициялар ұйымдастыру (шығу және жаяу)

ҚР БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары

Ұдайы

ЖБ –дан қаралған қаражат шеңберін-де, демеуші-лердің және ата-аналар-дың есебінен

11

Қайта Өркендеу ұлттық мектептерінің желісін кеңейту Қазақстан халықтары Ассамблеясы «Үлкен ел үлкен отбасы» жобасы аясында жастар мен балаларды қамтуды кеңейту (Ұл жоспары 86- қадам)

ҚР БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары

Ұдайы

ЖБ-да қаралған қаражат шеңберін-де

12

www.ziyatker.org порталында «Жалаңаш патриоттың» туристік маршруты . Интернет-жобасын құру

Туристтік

маршруты

МОБД, ҚБРОӘО

2017 жыл

РБ-да қаралған қаражат шеңберін-де

13

Ең үздік балалар белсенділігіне өңірлік конкурстар өткізу. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде балалар мен жастардың белсенді жобалараның мәліметтер жинағын құру

ҚР БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары

Ұдайы

ЖБ –де қаралған қаражат шеңберін-де

14

2016 жылғы 1 қыркүйек-Білім күні «Мен елімнің патриотымын» атты Бірыңғай сабақ өткізу

Ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары

Сентябрь 2016 жыл қыркүйек

Қаралған қаражат шеңберінде

15

«Үлкен ел үлкен отбасы» (Ұл жоспары 86-қадам)жобасы аясында жазғы демалыс және сауықтыру мекемелерінде жалпыреспубликалық кезек өткізу

ҚР БҒМ-ге ақпарат

МДОБД,

«Балдәурен РОСО,

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары

Ұдайы

Қаралған қаражат шеңберін-де

16

www.ozin-ozi-tanu.kz порталында педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында «Рухани-адамгершілік тақырыбына әңгіме» айдарын құру

Интернет портал рубрикасы

МДОБД,

«Бөбек»

ҰҒПББСО

2017 жыл

Қаралған қаражат шеңберін-де

17

Республикалық ісшаралар өткізу:

-«Менің ОтанымҚазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың слеті (жарыс, жорықтар);

-Мәдени-танымдық «Ұрпақ*» жобасы асында жас өлкетанушылардың, экологтардың және табиғат зерттеушілерінің "ЭКСПО - 2017" форумы




МДОБД,

ҚБРОӘО,


2016-2019 жылдар

Қаралған қаражат шеңберін-де

18

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі білім беру ұйымдарында ақпараттық стендтер, бұрыштар, кітап көрмелерін дайындау

Ақпарат

ЖСД,

МДОБД,

ЖАО

2016 жылға дейін

Қаралған қаражат шеңберін-де

19

Республикалық қашықтық конкурстары:

-шығаршылық (эссе, өлеңдер, зерттеу жобалары, туған өлке туралы бейнефильмдер, суреттер) «Ұлы Дала Елі» педагогтер арасында, колледж және мектеп білім алушылары арасында;

- колледж және мектеп білім алушылары арасында - «Отанға жиырма бес игі іс!»;

- колледж және мектеп білім алушылары арасында «Көк байрағым» мемлекеттік рәміздер және геральдикалар тарихынан білімдері

Конкурс

МДОБД,

ҚБРОӘО

2016-2017 жылдар

Талап етілмейді

20

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі білім беру ұйымдарында ата-аналарға арналған қоғамдық тыңдау өткізу

Ақпарат

ЖСД,

МДОБД,

ЖАО

2017 жыл


Қаралған қаражат шеңберін-де



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет