ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



жүктеу 4.84 Mb.
бет18/25
Дата15.01.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Технология

«Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өміріне дайындалуларына, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік жасайды.

10-11-сыныптарда пәнді оқытудың мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген (оқу, зияткерлік, кәсіби) шығармашылық көзқарасын дамыту.

Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:

- техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

- құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

- технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

- оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

- еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

- оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

«Технология» пәнін оқыту барысына барлық төрт компонент кіреді азаматтардың әлеуметтік тәжірибесі: біліп тану саласының тәжірибесі (түрлі облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал әдістер саласында тәжірибе орындау, шығармашылық қызмет тәжірибесі мен эмоционалды-құндылықтар қатынас объектілеріне және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар.

Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында ер балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (34-кесте).

«Қазіргі заман өндірісі және жоғарғы білім» жаңа бөлім, оған оқу барысында тұлғалық қасиеттер және мамандық таңдау, қазіргі заман талабы, кәсіптік саласы, жоғарғы оқу орындары және жоғарғы білімді алып меңгеру жолдарын оқыту кіреді. Ұйымдастыру пішіндерін технологиялық дайындау оқушының дамыту деңгейін анықтау және әдістерді қолдану, олардың оқуына еңбекке, қызмет көрсету саласына дайындығы.
34-кесте. 10-11-сынып ер балаларына арналған бөлімдердің тақырыптары

Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника және технология.

3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

6. Электротехника және электроника негіздері.

7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар.

8. Шығармашылық жобалау саласы.

9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.


1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

2. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

3. Металды қолмен және механикалық өңдеу технологиясы.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Электротехника және электроника негіздері.

6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы жөндеу жұмыстар.

7. Шығармашылық жобалау саласы.

8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық кәсіби білім.


Технологиялық дайындықты ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін қолдану оқушылардың дайындық деңгейіне, олардың оқу-еңбек, қызмет көрсету іс-әрекеттеріне араласуға дайындығының деңгейіне байланысты анықталады.

Сабақ өткізу барысында қазіргі заманғы оқыту технологияларын қолданады, пішіндер, ұйымдастыру әдістері және оқу процестерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, «Технология» пәнін оқыту барысында ерекше сапалыларын іске асыруға арналған дидактикалық талаптар.

Басым әдістер – жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жобаларын жасауы және қорғау. Жобалар жеке, сондай-ақ, топ оқушыларының орындауымен де болуы мүмкін.

10-11-сынып оқушыларымен кәсіби бағытты апталық өткізу барысында мақсатқа лайықтылық, қалыптастыруға дайындық кәсіби шешім қабылдау, тренинг сабақтар өткізу, сонымен қатар, сана-сезімімен қажетті негізгі және қосымша (ықтималды) варианттарды таңдау үшін жұмысқа тұру немесе білім беру саласының траекториясы, әмбебап қабілеттерінің дамуы, керекті кәсіптік ұтқырлық үшін және бәсекелестік қабілеттілік.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Қоғам және адамның іс-әрекеті негізінде еңбек ең басты құндылық болып саналады, жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыру үшін «Технология» пәнінің мәдениеттің бастапқы қағидаларға сәйкес болу мүмкіндігі қарастырылған.

Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (35-кесте).

35-кесте. Қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары


Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Тағам әзірлеу технологиясы.

2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дайындау.

3. Жобаны қорғау.


1. Тағам әзірлеу технологиясы.

2. Құрастыру, моделдеу және иық киім өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін тігіп дацйындау.

3. Жобаны қорғау.

Қолөнер кәсібі әрбір халықтың мәдениетінің материалдық тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың еңбек пен технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оның тұлға ретіндегі еңбекқорлық, азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынамыз.

Қаладағы, ауылдағы және шағын жинақты мектептерде сыныптардың толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.

Оқушылардың технология бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

10-11-сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Дене шынықтыру

Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Оқыту мақсаты:

- қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

- салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:


  • денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

  • базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;

  • өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;

  • дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау;

  • тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.

Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.



Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

- мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында;

- мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

- оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

- дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері).

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу барлық қажетті медициналық құжаттардың ұсынуымен, медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz).

Типтік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығына) сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:

10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты;

11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.


Алғашқы әскери дайындық
«Алғашқы әскери дайындық» (бұдан әрі – АӘД) меншік түрі мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери қызметке даярлау, өткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып табылған құжаттар мыналар:

1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.

2) «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Ре спубликасы Үкіметінің 2013 жылғы
11 ақпандағы №118 қаулысының күші жойылды, оны «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 609 бұйрығымен ауыстыру қажет.

Алғашқы әскери даярлау теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.



Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.

Оқу пәнінің міндеттері:

  • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;

  • оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны (ДОЖ) өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.

11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.

10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.

Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:

1) қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі;

2) алғашқы әскери дайындық, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме;

3) саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;

4) рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын;

5) сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;

6) тактикалық алаң;

7) кедергілерден өту жолының кешені;

8) жабдықталған ату тирі;

9) әскери және еңбек даңқының бұрышы.

Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдар макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.



«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша далалық оқу жиынына 30 және сынаққа 4 сағат вариативті бөлімнен қарастырылған;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.

6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2016-2017 оқу жылында шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Типтік ереже) басшылыққа алынады.

Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар, оларды оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ескеру қажет: материалдық-техникалық базасының әлсіздігі және инфраструктураның дамымағандығы, әртүрлі жастағы біріктірілген сыныптарда оқыту қиындығы, педагогикалық кадрлардың, оқу-әдістемелік және ақпараттық ресурстардың жеткіліксіздігі. Оқушылар санының аздығы бәсекелестікті және коммуникативті іскерліктердің дамуын төмендетеді. Шағын жинақты мектептің жағдайлары оқушыларды бейінді пәндермен және олардың кәсіби бағытын ескеретін таңдау бойынша курстармен толық қамтамасыз ете алмайды.



Шағын жинақты мектеп (бұдан әрі – ШЖМ) өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:

  • білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;

  • бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;

  • біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру;

  • даралап және саралап оқыту;

  • оқу процесінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін және вариативтілігін жүзеге асыру;

  • білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

  • тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;

  • оқушылардың оқу барысындағы бір–біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.

Типтік ережеге сәйкес шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда сынып кіші топтарға бөлінеді.

Сыныптарды басқа бір сынып-кешенге біріктіргенде әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10-нан аспауы тиіс. ШЖМ-дегі сыныптардың толымдығы 3-10 адам және одан көп адамға дейін рұқсат етіледі.

Мектептiң бастауыш білім беру деңгейінде оқушыларды сыныптық-құрамдарға бiрiктiрудiң мынадай нұсқалары болуы мүмкiн: 2+3, 3+4; 2+4, 2+3+4.

1-сынып оқушылары жеке оқытылуы тиіс, себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіннің тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.

Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), әрбiр сыныппен сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.

Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек:



  • жазу сабағы бойынша: 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;

  • математика сабағы бойынша: 2-сыныпта 15 минуттан, 3-сыныпта
    20 минуттан аспауы тиiс.

Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейлерінде сыныптарды бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты.

Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте біріктірген дұрыс: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде бір пәндік ұстанымға негізделген пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуға болады.

Пәнішілік байланысты жүзеге асыруға болмайтын жағдайда пәнаралақ кіріктіре оқыту мүмкіндігін қолдануға болады. Сабақтас пәндерді кіріктіре оқытуды ұйымдастырғанда пәндерді келесідей кіріктіре оқыту: тіл - әдебиет, тарих-әдебиет, химия-биология, тарих-география, география-биология, математика-информатика, физика-химия және т.б. ұсынылады.

Кіріктірілген сабақтардың негізіне білім беру мазмұнының басты элементтерін бөлуге мүмкіндік беретін, жүйені құрайтын идеяларды, түсініктерді, оқу әрекетінің тәсілдерін дамытуды қарастыратын пәнаралық байланыстар салыну керек. Кіріктіру, бір жағынан «әлемді біртұтас» көрсетуге мүмкіндік береді, басқа жағынан бейінді саралау үшін қолдануға болатын оқу уақытын босатады.



Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқытудың мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:

- білім беру саласындағы пәндердің мазмұнын әртүрлі деңгейде тұтастай игеру;

- оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарды білім, білік дағдылар негізінде кешенді игеруге бағыттау;

- ұжымдық оқыту әдісін тиімді қолдану және білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

- жоғарғы сынып білім алушылары өзінің білімін кіші жастағы сынып оқушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану.

9, 11-сыныптар мектепті бiтiрушiлер болғандығын ескере отырып, олардағы бала саны аз болған жағдайдың өзінде де өзге сыныптармен қосып оқытылмайды.

Шағын жинақты мектептегі қызметті ұйымдастыру дамытатын педагогикалық ортаны құруды талап етеді. Оның негізінде әртүрлі жастағы оқушылардың өзара нәтижелі әрекеттестігі мен өздігінен білім алу идеяларын жүзеге асыруға болады. Әртүрлі деңгейдегі бір сыныптың аясында оқытуды саралау мақсатында жеке және топтық кеңестер, оқушылармен үйірмелік және факультативтік жұмысты қолдану ұсынылады.

Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар: деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.

Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылардың арасында олардың танымдық өзара қарым-қатынасын, бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында балалардың қарым-қатынасының тапшылығын азайтуға, монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.

ШЖМ-ке электронды оқытуды енгізу жеке және өздігінен оқытуды кеңінен қолдану арқылы әртүрлі жастағы ұжымдарда педагогикалық әрекеттегі қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік береді. Қашықтықтық технологияларды қолданатын электронды оқыту бейіналды дайындық пен бейінді оқытудың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Физика, химия және биология бойынша виртуалды зертханалар болса, мұғалімдер аталған пәндерді меңгеруге қажетті оқу жабдығының жеткіліксіздігі мәселесін шеше алады. Сондай-ақ, педагог әрекеті ақпаратты жаңғырту емес, оқушыны оқу-танымдық процесте психологиялық-педагогикалық қолдайтын тьютор, сессиялық және сессияаралық кезеңдерде магниттік мектеп оқушыларының проблемалық аймақтарының орнын толтыру бойынша түзету жұмысын ұйымдастырушы рөлінде болады. Мұғалім-тьютордың көмекшісі рөлінде оқу материалын өздігінен игеру дағдылары мен іскерліктерін меңгерген оқушы да бола алады.

Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭОАЖ) құрылды: білім беру ұйымдарының порталы, Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі - ҰБДҚ), ішкі корпоративтік қор, электрондық кітапхана, білім беру ұйымын басқару жүйесі және электрондық оқытудың басқа да құрауыштары. Берілген электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі https://e.edu.kz сайтында қолжетімді. ЭОАЖ-нің маңызды құрауышы 7511 цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі - ЦБР) орналасқан электрондық кітапхана болып табылады.

Цифрлық білім беру ресурстары – бұл оқу пәнінің нақты тақырыбына әзірленген, ЭОЖ-ге қосылған мектептерге онлайн қолжетімді цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар. Әрбір ЦБР интегративті кешен және оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиялық түсіндіру, интерактивті тапсырмалар мен тестілеу сұрақтар элементтерінен тұрады. ЦБР-дің бұл құрылымы электрондық оқыту жүйесінде оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз етеді, ал мұғалімге сабақтың әрбір түрі немесе кезеңінің, яғни жаңа материалды түсіндіру, материалды бекіту немесе оны меңгеру деңгейін тексерудің нақты дидактикалық міндеттеріне байланысты оқытуды ұйымдастырғанда берілген ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді.

Мұғалімдерге көмек ретінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірленген. Олар ҚР БҒМ порталының (https://e.edu.kz/98) «Педагогтерге арналған басшылық» бөлімінде, сондай-ақ Ұлттық ақпараттандыру орталығының сайтында: http://nci.kz орналасқан және ашық қолжетімді.

Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы ғылым мен мәдениет және т.б. салаларда ақпараттардың дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдалану, қашықтан оқыту, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) сессияаралық кезеңде байланыс орната отырып, олардың білім қорларын пайдалану жүзеге асырылады.

Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеуде дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады.

Оқу процесінде әртүрлі білім құралдарын және педагогикалық технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:

- МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнын игеру, оқушылардың білім сапасын арттыру;

- белгілі практикалық іс-әрекеттер түрлеріне оқушылардың қабілеттерін дамыту;

- оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды тиімді пайдалану;

- оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау;

- белгіленген білім саласын тереңдетіп оқуға оқушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыру;

- оқушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;

- қашықтықтан оқыту.

Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық - жасаралық және басқа да ерекшелік ұстанымдарын ескере отырып, оқыту технологияларының бағыттарын анықтау қажет. Шағын жинақты мектептер жағдайында инновациялық білім технологияларын жасау – уақыт талабы.

Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде құрылған тірек мектептері (ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 149 ресурстық орталық құрылған, оған 464 магниттік шағын жинақты мектептер бекітілген.

Ресурстық орталықтар (тірек мектептер) өзінің білім беру әрекетінде келесі қағидаларға бағдарланады:

- тірек мектебінің білім беру ресурстарына (оқу-әдістемелік, ақпараттық және материалды-техникалық) магниттік мектептің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- ресурстық орталықтар (тірек мектептер) мен магниттік мектептердің білім беру процесін біріктіру және синхрондау мақсатында сессияаралық және сессиялық кезеңдердегі нақты, әрі бірізді өзара байланысқан бағдарламаларды әзірлеу;

- кіріспе, аралық және қорытынды тестілеу нәтижесінің негізінде жеке траекторияны әзірлеу арқылы оқытуды жекелендіру;

- сабақтарда, қосымша сабақтарда, шығармашылық зертханалар мен шеберханаларда, сыныптан тыс шараларда оқушыларды әлеуметтендіру және жағымды ынтаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау;

- ресурстық орталықтың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын ұйымдастыру мақсатында әртүрлі жастағы топ оқушыларының қызығушылықтарына, бейімділіктеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес бірыңғай ақпараттық-білім беруші кеңістікті құру;

- білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;

- бейіналды дайындық және бейінді оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың ерте бейінділігін дамытуға жағдай жасау;

- шеберлік сабақтарын, коучингтер мен семинарлар ұйымдастыру арқылы мектептің әдістемелік бірлестігінде және пән кафедраларында «бірдейлерді өзара оқыту» (магниттік мектептердің мұғалімдерін оқыту) негізінде ресурстық орталықта (тірек мектебі) қызметті ұйымдастыру.

Магнитті ШЖМ-нің оқу-тәрбие жоспарларын ескере отырып тірек мектебінде оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарлары, бірыңғай жұмыс оқу жоспарлары, бірыңғай күнтізбелі-тақырыптық жоспарлау, әдістемелік жұмыстың жоспары, сессияаралық кезеңді жүргізу жоспары, тікелей сессияны жүргізу жоспарлары, қашықтықтан сессия өткізу жоспарлары, жобалық, зерттеушілік, бейінді бағыттағы арнайы курстардың бірыңғай бағдарламалары, оқытудың жеке маршруттарын әзірлейді және жүзеге асырады.

Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) 10 күннен оқу сессиялары (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, сессияаралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде және қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады.

Сессия басталғанға дейін магнитті ШЖМ білім алушыларын кіріспе тестілеп, оларды оқытудың жеке маршруттары анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс жоспарланады. Шағын жинақты мектеп оқушылары сессия кезінде оқу процесіне белсенді қатысады. Олар физика, химия, биология сабақтарында толық жабдықталған кабинеттерде зертханалық жұмыстарды орындауға және ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға мүмкіндік алады.

Биологияны оқыту кезінде зертханалық жұмыстарды тақырыптары бойынша біріктіру ұсынылады (мысалы, 6-сыныптағы 35 зертханалық жұмыстың кейбіреулерін «Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі бойынша; «Тамыр», «Өркен», «Гүл, жеміс », «Гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктер», «Даражарнақтылар класы» тараулары бойынша, «Саңырауқұлақтар дүниесі» бөлімі бойынша біріктіруге болады).

Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеті тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі, сессияаралық кезеңде оқу қиындықтар аймағын жоюға жеке нұсқаулар беріледі. Магнитті мектеп оқушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін айқын көруі үшін салыстырмалы талдау, мониторинг, графиктер салынады, шағын жинақты мектеп оқушыларының оқу қиындықтар аймағын жою бойынша дербестігін белсендету мақсатында түзету жұмыстары жүргізіледі. Жеке оқыту маршрутын жүзеге асыру бойынша қорытынды сессияда білім алушының негізгі пәндері мен таңдау курстары бойынша түйінді қиындықтары анықталып, олардың дайындық деңгейі бағаланады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталық) қазақ, орыс, шет тілдерін, информатика пәндерін оқытқанда, ырғақ, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, технология сабақтарында, сондай-ақ, бейінді пәндер бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыс жүргізгенде кіші топтарға бөлу рұқсат етіледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып толымдығы – 20-25 адам, ал 8-11-сыныптарда – 15-20 адам болғанда тірек мектебі (ресурстық орталық) Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі.

Магнитті мектептердің оқушыларының тірек мектебінде оқыту деңгейіне байланысты білім беру процесін келесідей ұйымдастыру ұсынылады:

Магнитті мектептердің 1-4-сыныптары сырттай оқиды, яғни шығармашылық, зерттеушілік жобаларды орындайды, сайыстарға дайындалады және т.с.с. Жылына бір рет тірек мектебіндегі конкурстар мен конференцияларға қатысу үшін бара алады.

5-7-сыныптар магнитті және тірек мектептеріндегі пән мұғалімдерінің жетекшілігімен қашықтан оқытылады (магнитті және тірек мектептерінде МТБ жеткілікті, интернет болған жағдайда). Бұл үшін кафедралар немесе МӘБ отырысында жұмыс жоспарлары, тесттік тапсырмалар әзірленеді. Сонымен қатар, магниттік мектептің мұғалімдеріне, оқушыларына арналған онлайн семинарлар ұйымдастырылады.

8-11-сыныптар тікелей оқытылады және сессияларға шығады (бейіналды және бейінді дайындықтың ұйымдастырылуымен). Сессияаралық кезеңді сессиялық кезеңмен сабақтастықты сақтай отырып жүргізу қажет. Берілген жұмыс тірек және магнитті мектептердің даму бағдарламасы мен шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет