ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



жүктеу 4.84 Mb.
бет15/25
Дата15.01.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

Шет тілі

Жалпы орта білім беру деңгейі тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейлеріне қатысты:

10-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»);

11-сынып – В1+ («Қалыптасқан игерім 1.2»).

Шет тілін тәрбиелік, танымдық және басқа ұлттық мәдениетпен және оны жеткізушілермен өзара әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шетел тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша шартталған.

«Шет тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаттары оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруден және өзінің мәдениетін әлемдік масштабта кеңінен насихаттай алатын, болашақ мамандығында шет тілін тәжірибе жүзінде қолдана алатын көпмәдениетті, көптілді тұлғаны қалыптастырудан тұрады.

10-11-сыныптарда пәнді оқытудың міндеттері:

- оқушылардың шет тіліндегі жалпы мәдениаралық қарым-қатынаста әлеуметтік-тұрмыстық және оқу-кәсіптік саладағы коммуникативтік мәдениеті мен әлеуметтік білімін дамыту;

- жалпы мәдени үлгіде түрлі мәдениттану ақпараттарын жинақтау, жүйелеу мен өңдей білуді дамыту және коммуникативті-танымдық мәселелерді шеше білуде түсіндіру, қолдана білу;

- пікірталастық қарым-қатынаста ағылшынтілді елдер мен Қазақстанда адамдардың мәдениет, өмір сүру салты мен стилін шет тілінде әдеп негізіне оқыту;

- шет тілінің вариативтілігі мен оның ағылшынтілді және әлемнің басқа елдеріндегі қызметіндегі ерекшелігін, ресми және бейресми қарым-қатынастағы ауызша және жазбаша мәтіндердің құрылымдық ерекшелігі туралы оқушылардың филологиялық білімдерін тереңдету;

- оқушыларды тілдік, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени құзыреттілік қалыптасу деңгейінде өзін-өзі бағалау негізіне оқыту және тілдік өз білімін жетілдіру қажеттілігін дамыту;

- оқушыларды ағылшын тілін шет тілі ретінде білу деңгейінің халықаралық талаптарымен таныстыру.

Орта мектепте ағылшын тілінде білім берудің аяқталу кезеңінің негізгі айырмашылығы – шет тілі бейіндік оқытуды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Нақты бейіндік бағыт, яғни оқу мазмұнын қайта құрылымдау есебінен, жалпы білім беру тақырыптарының қысқарту мен болашақ оқушының мамандыққа бағытталған түпнұсқалық оқу материалының кіріспесіне, коммуникативтік құзыреттілікті сөздік қорды байыту жолымен мәтіндік материал негізінде бейіндік бағытты жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.

Сондай-ақ, жоғары сыныптарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жалғасын табуы тиіс. Бұл орайда қазіргі әлемде және Қазақстанда шет тілін білудің қажеттілігі мен маңыздылығы болашақта мансаптық өсуде кәсіби дамуға зор мүмкіндіктер ашатынын түсінуді қалыптастыру қажет. Шет тілі сабақтарындағы тыңдау материалдарын пайдалану- жас ерекшеліктері мен жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мүддесіне жауап беруі, елдегі оқытылатын тілдің олардың кәсіптік бағдарлық және қайта даярлаумен танысуды қамтамасыз етуге,таңдаған кәсіптің ерекшелігімен және шет тілінің болашақ мамандықты меңгерудегі рөлімен танысуға, ғылыми-техникалық және мәдени өрлеуге қосылуға, таңдап алған салада кәсіби бағыттағы жалпы ой-өрісін кеңейтуді қамтамасыз етуі қажет.

Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір продуктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сондай-ақ білімін, сөйлеу қызметінің барлық түрінде шеберлігі мен дағдысын арттыруға, әрі қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында бейіндік бағыттағы базаны жалғастырып оқытуға мүмкіндік береді.

Тұлғалық және бейіндік бағыттағы оқыту мазмұны мен шығармашылық-креативті оқыту деңгейін көтеруге мүмкіндігі бар қолданылған оқыту технологиялары жалпыеуропалық стандартқа сәйкес шет тілдерін В1 деңгейінде білуді қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын игеруі тиіс, әңгімелесу барысында тілдік материалды пайдалану, оқу және нақты тақырыптар шеңберінде коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі монологтік және диалогтік сөйлесімдерді түсіну және ой қорытуы тиіс.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес шет тілі бойынша сағат саны:

- қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-11-сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 136 сағатты құрайды;

- жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 68 сағатты құрайды.

Оқушы дәптерлерінің саны мен түрлері

Оқушыларда оқытуда барлық жұмыс түрлерін орындау үшін 10-11сыныптарда шет тілдері бойынша 1 жұмыс дәптері (егер оқулықпен бірге арнайы дәптерлері болса, онда жұмыс дәптерін жүргізу қажет емес, өйткені жұмыс кітабы тақырыптар бойынша толық жаттығулар жиынтығын қамтыған, осыған орай 1 дәптер жүргізу ұсынылады), шет тіліндегі сөздерді жазу үшін 1 сөздік дәптер, бақылау және жазба жұмыстарына арналған 1 дәптер (кабинетте жыл бойына сақталады) болуы қажет.

Қазіргі білім беруде заманауи бағытты, соның ішінде шет тілдерді оқыту бойынша процесті ескере отырып, сөздік дәптерін үш тілде жүргізу ұсынылады (қазақ, орыс, ағылшын). Сонымен қатар, дұрыс дыбыстауға дағдыландыратын транскрипцияға ерекше көңіл бөлу керек және жеке сөздерді жазумен ғана шектелмей, сөздер мен идиомалық тіркестерді де жазып отыру қажет.

Оқушы дәптерін жүргізуге қойылатын негізгі талаптар:

- дәптердің сырты оң жақтағы жоғарғы бұрышына қаланың, мектептің, сыныптың, пәннің атуы мен оқушының тегі, аты шет тілінде жазылып толтырылады;

- дәптердегі жазулар тек шет тілінде жүргізіледі;

- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

- міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі;

- мұғалім оқушының қателерін көрсетіп, түсініктемелермен бағаны оң жаққа қояды;

- оқушылар дәптерлеріне жазуды көк немесе күлгін сиялы қаламмен жүргізеді. Қара және жасыл сияларды, қарындашты астын сызуға немесе кесте құрғанда қолдана алады. Оқушыларға қызыл сиямен жазуға тыйым салынады.



Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар

Мұғалім оқушылардың жұмыс тәртібін тексергенде келесі тәртіпті ұстанады:

10-11-сыныптар, маңызды деген жұмыстарды 2 аптада 1 рет.

Бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмалары барлық түрлері бүкіл оқушыларда тексеріледі. Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді ұстану керек: бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмаларын келесі сабаққа дейін тексеру қажет; тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді; оқушылардың бақылау жұмыс дәптерлерін жыл бойына сақтайды.

10-11-сыныптарда шет тілі бойынша тексерген жұмыстарда оқушының жіберген қателерін түзеуде келесі ережелерді басшылыққа алады:

орфографиялық қатені мен цифрды сызғанда үстіңгі жағына қажетті әріпті жазады;

- қажет емес пунктуациялық қате сызылады, қажеттісі қызыл сиямен жазылады;

- 10-11 сыныптарда эссе тексеру барысында орфографиялық және пунктуациялық қателермен қатар грамматикалық және тілдік қателерді де белгілейді;

- 10-11 сыныптарда шет тілі бойынша оқушы жіберген қатені түзеп, қажетті әріпті жазады.

Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары.

Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылына 7 бақылау жұмысын жүргізуді ұсынамыз.

№1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексика-грамматикалық аспектілерін қамтиды.Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен уәжін төмендетуі мүмкін.

Ағылшын тілі бойынша №2 бақылау жұмысы – 1-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, граматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 баллға қойылады.

Ағылшын тілі бойынша №3 бақылау жұмысы – 2-тоқсан қорытындысы бойыша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 баллға қойылады.

№4 диагностикалық тест. Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанда алған білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады, тек лексика-грамматикалық аспектісін қамтиды. Тест тапсырмаларының саны - 25, жауаптар нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балл. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен уәжін төмендетуі мүмкін.

Ағылшын тілі бойынша №5 бақылау жұмысы – 3-тоқсан қорытындысы бойыша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 баллға қойылады.

Ағылшын тілі бойынша №6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы бойыша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып,1-ші тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым бойынша-5 тапсырма, оқылым бойынша – 5 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға -14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 баллға қойылады.



Ұсынылатын жазба жұмыстадың нормалары:

Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту үшін жазба жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді. Эссе жазуда келесі сөздердің нормаларын ұсынамыз (барлық артикль сөздерді,есімдіктер мен қосымшаларды ескере отырып):

- 10-11-сыныпта 140-150 сөз

Оқытылатын пәнге деген уәж бен қызығушылықты арттыру үшін пән бойынша үйірме жұмсының бір түрін ұйымдастыруға болады, мысалы мәнерлеп оқу клубын. Бұл клубтың мақсаты - шетел әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру. «Полиглот» клубы – көптілдікті дамытады және т.б. Клуб мүшелерінің жиыны ең аз дегенде жылына 4 рет болады, соңғысы есеп беру.



Мектеп бітірілушілер білімін қорытынды аттестаттау

Шет тілі бойынша мектеп бітірілушілер білімін қорытынды аттестаттаудың негізгі ережелері:

- шет тілін бесінші пән ретінде таңдаған 11- сынып түлектері қорытынды аттестаттауды емтихан түрінде өтеді;

- емтихан шет тілінде алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын қорытынды бақылау ретінде қарастырады.

Шет тілі бойынша емтихан үш кезеңнен тұрады: лексика-грамматикалық тест, таңдау бойынша бір тақырыпқа айтылым және мәтінді мазмұндау.

Лексика-грамматикалық тест 25 сұрақтан тұрады, оның 11 меңгерілген лексиканы қамтиды, 11 сұрағы грамматика бойынша және 3 сұрақ оқып жатқан тілдің елі, тарихы туралы. Бұл тест Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі бойынша бағаланады, яғни «5» деген баға – 21-25 балл, «4» - 14-20 балл, «3» - 0-13 балл.

Оқушының пәнге деген уәжін арттырып, оны қолдау үшін «2» деген баға қою ұсынылмайды. Лексика-грамматикалық тесті орындауға 25-30 минут беріледі.

«Айтылым» кезеңі. Бұл кезеңге тақырып оқып жатқан шетел тілінің оқу бағдарламасынан алынады. Тақырыптар саны «шетел тілін» таңдап алған оқушылар санына байланысты, яғни бір оқушы - бір тақырып. Емтихан тапсырушылар саны аз болса 10-нан кем емес тақырып таңдалады, ал саны көп болса 25 тақырыптан көп емес. Айтылым 5 балдық жүйемен бағаланады.

«5» деген жоғары балды айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдері арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестер мен мақал-мәтелдерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере алатын, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын емтихан тапсырушы ала алады.

«4» деген бағаны тақырыпты толық ашқан, айтылымында кідіріс бар, тіл құрлымын орынсыз пайдаланған, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданатын, идиомалық тіркестерді қолданатын, емтихан алушының қарапайым сұрақтарына жауап беретін емтихан тапсырушы алады.

Егер тақырып толық ашылмаса, айтылымда логикалық байланыс болмаса, тіл құрлымы дұрыс қолданбаса, сөздерді дұрыс айтқанмен, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берсе, онда емтихан тапсырушыға «3» деген баға қойылады.



«Мазмұндау» кезеңі. Мазмұндауға арналған мәтіндер, оқытылатын тіл бойынша оқу бағдарламасын толық қамтитын қосымша дереккөздерден алынады.Мәтін көлемі 500-700 сөзден аспау керек. Мазмұндауға арналған мәтін әдеби үзінді – әңгіме, тарихи дерек, мақала, өмірбаян және т.б. Мазмұндауға дайындалуға 10 минут беріледі. Емтихан тапсырушы мәтінді кемінде 2 рет оқып шығып, мазмұндап беру керек. Бұл кезең «5», «4», «3» деген бағалармен бағаланады.

Жоғары балл мәтінді логикалық тәртіпте, мәтіндегі уақытқа, деректерге, цифрларға ерекше мән беріп, жаңаша айтып берген емтихан тапсырушыға қойылады. Емтихан тапсырушы мәтінді дайын үлгі бойынша ғана айтып бермей, перифраз қолданады, кейбір сөздерге анықтама береді,сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап береді.

Мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтып, бірақ дайын үлгідегі мәтіннен алшақтамай, яғни мәтіндегі лексиканы ғана қолданып, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап берген емтихан тапсырушығы «4» деген баға қойылады.

Ең төменгі балл мазмұндауға берілген мәтіннің көлемін сақтамаған, кейбір сөздерді қиындықпен айтатын, мәтіндегі маңызды кезеңдеріне тоқталмайтын, емтихан алушының сұрақтарына қиындықпен жауап беретін оқушыларға қойылады.

Үш кезең қорытындысы бойынша ортақ балл шығарылады. Барлық үш кезеңнің бағалары хаттаманың қосымшасына қойылады.Қосымшасыз хаттама жарамсыз болып есептеледі.Оқушылардың тест жұмыстары, қосымша жауаптар парақшалары хаттамамен бірге тігіледі.

Емтихан бағалары журналға қойылады.

Бұл ережелер барлық оқытылатын шет тілдеріне міндетті болып саналады.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері

Кемінде 3 шет тілі мұғалімнен құрылған бірлестік шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі болып табылады. 2016-2017 оқу жылында әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі бағыттары:



  • мемлекеттік стандартты орындау;

  • жаңа нормативті құқықтық құжаттарды зерделеу (79-шы қадам, 2016-2017 оқу жылына жаңа мемлекеттік стандарт, балалар құқықтары туралы конвенция, Білім туралы заң, Еңбек туралы заң);

  • 2016-2017 оқу жылына әдістемелік нұсқаулық хатпен танысу;

  • мұғалім-кеңесшінің, көмекшінің негізгі міндеттерін атқаруда шығармашылық тәсілмен кәсіби құзыреттілікті шыңдау;

  • оқытуда жаңа технологияларды қолдану;

  • шет тілі мұғалімдерінің жеке біліктерін арттыру және өздігінен білім алуы;

  • шет тіліндегі ілгері басқан процестерді зерделеу;

  • оқушылардың білім сапасын артыру үшін шет тілі бойынша оқытудағы электронды дереккөздерді пайдалану.

Шет тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі, оқу жылы басында жұмыс жоспарында көрсетілген бірқатар міндеттер қояды. Әдістемелік бірлестіктің жоспары барлық мүшелерімен келісіліп құрылады, міндеттер өзара тең бөлінеді.Жоспар оқу жылының әр айына құрылып,оқу мекемесінің басты міндеттерімен тығыз байланысады.Әдістемелік бірлестіктің жоспары мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесімен, әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен бекітіледі. Жоспарда әдістемелік бірлестік мұғалімдері жұмыстарының және барлық білім беру деңгейлерінің (бастауыш, негізгі, орта) негізгі кезеңдері қарастырылады. Оқу жылына 6 әдістемелік бірлестіктің отырысын өткізу ұсынылады. Әдістемелік бірлестіктің әр отырысы ақпараттық-танымдық сипатта болу керек:баяндамалар, пікірталастар, презентациялар мен коучингтер және олар келесі тақырыптарды қарастыру керек:

  1. Ашық сабақтармен қатар оқу мекемесінде өткізілген ашық ісшараларды(әдістемелік бірлестіктің барлық мүшелері қатысқан) қамтыған әдістемелік бірлестіктің тақырыптық онкүндігі;

  2. Пән бойынша олимпиада (олимпиаданың мектепішіндегі өткізілген кезеңінің күні көрсетіледі);

  3. Дарынды және пәнге деген уәжі төмен балалармен жұмыс;

  4. Жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс,егер бар болса;

  5. Жас мамандармен жұмыс, тәлімгерді тағайындау. Тәлімгер мен жас маманның жұмысы;

  6. Бірлестік мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуы (өзара сабақтарға қатысуы);

  7. Емтихандарға, байқауларға, семинарларға дайындық;

  8. Кіріс құжаттарымен жұмыс;

  9. Мектепшілік бақылау;

  10. Әкімшілік бақылау;

  11. Біліктілік санатын жоғарлататын немесе растайтын мұғалімдермен жұмыс;

  12. Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі;

  13. Бірлестік мұғалімдерінің рейтингі;

  14. Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жыл соңында);

  15. Оқушылар білімдерінің қорытынды аттестаттауы бойынша есеп.

Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілу керек және әдістемелік бірлестіктің отырысында көрініс табуы қажет. Жыл соңында толық жан-жақты есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).

2016-2017 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағытты (математика, биология, химия, география) пәндермен біріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Осындай түрдегі іс-шараларды жоспарлау көп ізденісті қажет етсе де, күтілетін нәтижелерімізді ақтайды. Зерттеу нәтижесі бойынша кіріктірілген сабақтар пәнге деген қызығушылықты арттырады. Осындай түрдегі онкүндіктер бастауыш деңгейде үш кезеңде (бастауыш, кейін орта және жоғары буын оқушыларымен) өткізіледі. Бұндай іс-шаралар мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы арқылы қолданылып жүрген әдістерін біріктіруге және жетілдіруге жұмылдырып, оқушылардың ғана емес, мұғалімдерді де өз пәндері аясында жаңалықтарға ынталандырады. Оқытылып жатқан тілдер мемлекеттерінің тарихы пен мәдениетін тереңдете оқыту мақсатында білім беру ұйымдары базасында өткізілетін тақырыптық іс-шаралармен бірге көрінуі тиіс мерейтойлар, атаулы күндерге көңіл аудару ұсынылады.


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Жалпы орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» пәндері екі бағытта (жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық гуманитарлық бағыт) оқытылады.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім беру мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы процестер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады. Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады. Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі – адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі өмірде еркін бағдар алуға қажетті адам қызметімен байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Берілген курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.

Информатика пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларда бастапқы теориялық білім мазмұнын қалыптастыру болып табылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.

Математика және информатика пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында келесі педагогикалық тәсілдерді қолдану ұсынылады: саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелі оқыту.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық іс-әрекеттерді дамыту жұмыстарын жалғастыру ұсынылады. Жобалау технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, тәжірибелер жүргізу, орындалған жұмыстың нәтижелерінін көрсету, талдау мен бағалау, сонымен қатар өз жобаларын қорғау бойынша біліктіліктерін дамытады.

2016-2017 оқу жылындағы 10-11 сыныптарда математика және информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі кестеде берілген. Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.



31-кесте

Сынып

Пәннің атауы

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы сағат саны

Бақылау жұмыстарының нормасы

10 ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

7-8

Геометрия

2

68

7-8

Информатика

1

34

3-4

10 ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

7-8

Геометрия

1

34

3-4

Информатика

1

34

2-3

11 ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

5-6

Геометрия

2

68

4-5

Информатика

1

34

2-3

11 ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

6-7

Геометрия

1

34

3-4

Информатика

1

34

4-5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет