Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы

Loading...


жүктеу 79.93 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі79.93 Kb.






Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы _____________
№ ___________ қаулысына
қосымша






Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті
техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі

1. Жалпы ережелер

      


1. Осы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 77-бабы 4-тармақшасына сәйкес әзірленіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалатордың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу тәртібін айқындау жергілікті атқарушы мекемелердің бақылауымен жүргізіледі.

2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті


техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен алу «Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2. Жүк көтергіш механизмдер

      


2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жүк көтергіш механизмдерін (эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, лифттерді) есепке қою жүк көтергіш механизм иесінің жазбаша өтініші және паспортына сәйкес жүргізіледі.

       3. Паспортпен бірге дайындаушы паспортында көрсетілген құжаттар тізбесі және жүк көтергіш механизмдердің түрі мен үлгісіне қарай құжаттар тізбесі беріледі.

       4. Дайындаушы паспорты жоқ жүк көтергіш механизмді есепке қою мамандандырылған сараптама ұйымымен жасалған паспорт телнұсқасы негізінде жүргізіледі.

       5. Есепке мыналар қойылмайды:

       қол жетекті механизмдерімен барлық типтегі крандар, қол жетекті механизмі қозғалысы кезінде көтеру механизмі ретінде пневматикалық немесе гидравликалық цилиндр қолданылған крандар;

       көпірлі крандар және жылжымалы немесе жүк көтергіштігі 10 т дейін қоса алғанда, еденнен кранға ілінген тетігі бар аппарат немесе стационар пульт көмегімен басқарылатын айналмалы консольді крандар;

       жүк көтергіштігі 20 тоннаға дейін қоса алғанда жебесі бар крандар;

       үнемі ұшырылатын немесе айналу механизмімен жарақталған жебе үлгісіндегі крандар;

       монтаждалатын құрылыста орнатылатын діңгектерді, ғимараттарды, құбырларды монтаждау үшін жылжымалы крандар;

       оқу мақсаттарында кәсіби техникалық училищелер мен техникалық курстар полигондарында орнатылған көпірлі және мұнаралы крандар;

       экскаваторларда, уату-жүктеу агрегаттарында және басқа да технологиялық машиналарда орнатылған, бұл машиналарды жөндеу үшін қолданылатын крандар;

       жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін кран-манипуляторлар;

       электр тальдар және жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырлар.
       6. Жүк көтергіш крандар есептен шығарылғанда және қайта монтаждағанда, кранды басқа заңды немесе жеке тұлғаға бергенде, кранды тіркелмейтіндер тобына ауыстыру кезінде есептен шығарылуы тиіс.
       7. Жаңадан орнатылған лифт немесе қайта қалпына келтірілгеннен (жаңғыртылғаннан) кейін лифт пайдалануға енгізілгенге дейін есепке қойылады (тіркеледі).

       Шағын жүк көтеретін лифт ішкі есепке қойылады.


       8. Лифт кабинасы металл құрылымын толығымен жаңа кабинаға ауыстыру жүргізілген жаңартудан кейін лифтіге жаңа паспорт жасалады.
       9. Лифтіні есепке қою (тіркеу) лифт иесінің немесе пайдаланушы ұйым басшысының жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.

Өтінішке мыналар:



  1. дайындаушы паспортта көрсеткен құжаттар тізбесі;

2) техникалық дайындық актісі және аталған комиссияның лифтіні қабылдау актісі.

       10. Жүк көтергіш механизмді есептен алу лифт иесінің немесе пайдаланушы ұйым басшысының жазбаша өтініші бойынша паспортта есептен алу себептері туралы жазба қалдырылып ресімделеді.


3. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар

    


  11. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қысыммен жұмыс істейтін объектілерін: 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді есепке қою меншік иесінің өтініші және жабдықтың паспортына сәйкес жүргізіледі.

       12. Қазанды есепке қою (тіркеу) кезінде мыналар ұсынылады:

       1) Қазан паспорты;

       2) қазанды техникалық куәландыру актісі;      

3) монтаждау сапасы туралы куәлік;

       4) қазан орналасқан үй-жайдың сызбасы (жоспар және көлденең кескінтілік, қажеттілігіне қарай және жара тілік);

       5) жобаның су дайындығына сәйкестігі туралы анықтама;

       6) сору құралдарының бар болуы және сипаттамасы және жобаға сәйкестігі туралы анықтама;

       7) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже;

       8) Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген қазандықтарды қолдайтын ақпарат.

       13. Қазанды есепке қою, дайындаушының паспорты болмағанда мамандандырылған сараптама ұйымымен құрастырылған паспорттың түпнұсқасы негізінде жүргізіледі.

       14. Ыдыстар, оларды жұмысқа қосқанға дейін есепке алынады.

       15. Мыналар есепке алынбайды:

       1) қабырға температурасы 200 оС жоғары болмаған кезде жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықта (литрлерде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 0,05 (500) аспайтын 1-ші топтағы ыдыстар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген температурада жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықтағы (литрлерде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 1,0 (10 000) аспайтын 2, 3, 4 топтағы ыдыстар;

       2) жылу оңашалағыш қаптаманың ішінде орналасқан ауа бөлетін қондырғылардың және газдарды бөлетін аппараттар (регенераторлар, ұстындар, жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, адсорберлер, бөлгіштер, буландырғыштар, сүзгілер, салқындатқыштар және қыздырғыштар);

       3) технологиялық қондырғылар құрамындағы тоңазытқыш қондырғылар және тоңазытқыш блоктар ыдыстары;

       4) ауа электр ажыратқыштарының резервуарлары;

       5) турбиналарды, генераторларды және сорғыларды реттеу, майлау және тығыздау жүйесіне кіретін ыдыстар;

       6) сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған бөшкелер, стационарлы орнатылған, сондай-ақ сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарды тасымалдауға және (немесе) сақтауға арналған, қоса алғанда сыйымдылығы 100 л дейін баллондар;

       7) гидрометеорологиялық қызметпен пайдаланылатын сутегін алуға арналған генераторлар (реакторлар);

       8) мұнай мен газды өндіріп алудың жабық жүйесіне енген ыдыстар (ұңғымадан магистральды құбыр өткізгішке дейін);

       9) сұйытылған газдарды, қысымның астындағы сұйықтарды және сусыма денелерді тасымалдауға арналған ыдыстар оларды мерзімді түрде босату кезінде;


       10) сығылған және сұйытылған газдары бар, өздері орнатылған көлік құралдарының қозғалтқыштарын отынмен қамтамасыз етуге арналған ыдыстар;

       11) жер астының тау-кен өндірістерінде орнатылған ыдыстар;

       12) газ құбырларында, газ үлестіру станцияларында, пунктерінде және қондырғыларында орнатылған висценді және басқа сүзгілер.

       16. Ыдысты есепке қою, есептен алу үшін ыдысты пайдаланатын ұйымның басшысы өтініш береді.

Есепке қою үшін ыдыс иесі мыналарды ұсынады:

       1) Қысыммен жұмыс істейтін ыдыс паспорты;

       2) монтаж сапасы туралы куәлік;

       3) қысым көзі, оның жұмыс ортасы, арматура, бақылау-өлшеу құралдары, автоматты басқару құралдары, сақтандыру және бұғаттау құрылғылары көрсетілген ыдысты қосу сызбасы;

       4) өткізу қабілеті есептелген сақтандыру клапаны паспорты;

       5) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы қағида;

       6) Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес ыдыстарды Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілгендігін растайтын ақпарат.

       17. Дайындаушы паспорты жоқ қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою аттестатталған сараптама ұйымымен құрастырылған паспорттың түпнұсқасы негізінде жүргізіледі.

       18. Ыдыстардың норма бойынша істелінген қызметін есепке қою кезінде оның әрі қарай қауіпсіз пайдалануға болатындығы туралы сараптама ұйымының қорытындысы ұсынылады.

       19. Ыдысты жаңа орынға қайта орнату кезінде немесе жабдықты басқа иесіне беру кезінде, оны қосу сызбасына өзгертулер енгізу кезінде жабдық іске қосқанға дейін қайта тіркеледі.


       20. Ыдысты есепке қоюдан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №358 бекіткен қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 245-тармағына сілтеме беріле отырып, бас тарту себептері жазбаша түрде көрсетіледі.


       21. 0,07 МПа астам қысыммен жұмыс істейтін құбыр өткізгіштерге дайындаушы және монтаждаушы ұйым ұсынатын құжаттама негізінде иеленуші кәсіпорын Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбыр паспортының формасы" 26-қосымшасына сәйкес паспорт жасайды.

       22. І санат құбыр өткізгіштігі шартты өту 70 мм, ал ІI және ІІІ санаттардағы құбыр өткізгіштер үшін шартты өтуі 100 мм жұмысты іске қосқанға дейін тіркеледі. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес басқа құбыр өткізгіштер құбырларды пайдаланатын ұйымдарда есепке қойылады.

       23. Құбыр өткізгішті тіркеу кәсіпорын әкімшілігінің-құбыр өткізгіш иесінің жазбаша өтініші негізінде техникалық куәландыру жүргізгеннен кейін жүргізіледі.

       Мұнда келесі құжаттар ұсынылады:

       1) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбыр паспортының формасы" 26-қосымшасы бойынша құбыр өткізгіштің паспорты;

       2) құбыр өткізгіштіктің орындау схемасы;

       3) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбыр элементтерін дайындау туралы куәлік" 20-қосымшасына сәйкес құбыр элементтерін дайындау туралы куәлік;

       4) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының "Құбырды монтаждау туралы куәлік" 21-қосымшасына сәйкес құбырды монтаждау туралы куәландыру;

       5) монтаждау ұйымынан иесімен құбырлы қабылдап алу актісі;

       6) ұйымдағы өндірістік бақылау туралы ереже.


4. Қорытынды ереже
   24. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне құжаттар пакетін дайындауды және есепке қоюды қауіпті техникалық құрылғылардың иелері, оларды пайдаланатын және қызмет көрсететін ұйымдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

       25. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою, есептен алу туралы хабарламаның берілуімен өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою, есептен алу жүзеге асырылады.



       26. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою, есептен алу кезінде Басқарманың қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою журналында және қауіпті техникалық құрылғылардың паспортында тиісті жазба жүргізіледі.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...