Отбасы тарихы

Loading...


Дата16.01.2017
өлшемі500 b.







ОТБАСЫ ТАРИХЫ

  • ОТБАСЫ ТАРИХЫ



Бүгін отбасы туралы ұғымды кім немесе не қалыптастырады?

  • Бүгін отбасы туралы ұғымды кім немесе не қалыптастырады?





Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.

  • Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс деп есептейді. Сондықтан, әрбір шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы. Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.



Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналар арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.

  • Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ. Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналар арнайы сабақтарға қатысады. Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.



Үндістан балалары. Үнділер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ер жеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.

  • Үндістан балалары. Үнділер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі. Сондықтан, ер жеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол адаммен бас қосады.



Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақ өтті ме, онда ертең балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.

  • Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе. Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақ өтті ме, онда ертең балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп, біледі.



Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін - үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.

  • Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір есігін ашқаны ауғандықтар үшін - үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде «ат байлар» ұлдың құрметіне барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.



Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді», деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені.

  • Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай бүлдіршініне аңыз болып айтылады. «Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: «Мен әлі кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді», деп түсіндіреді. Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл, мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені.



Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе, сәби өмірге келген соң, ол ата-анасымен ауылда болады. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі.

  • Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе, сәби өмірге келген соң, ол ата-анасымен ауылда болады. Балақай екі-үш жасқа дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып өседі.



Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды.

  • Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала деп бөле-жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік жасайды.



Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.

  • Румын балалары. «Үлкендерге құрмет көрсету керек», «ата-ананы жақсы көріп, сыйлай білу керек», сонымен бірге «әрқашан әділ болу» керек. Мұндай өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы іске асуына күшін салады.



Лаос балалары. Лаостықтар балаларын өздері тікелей тәрбиелегеннен гөрі бауырлары, туыстары, басқа да жақындарының ықпалы арқылы әсер етіп, өсіргенді дұрыс көреді. Балалары ержетіп үйленер жасқа жеткенде де осы әдісті қолданады. Яғни, ата-анасы туыстары арқылы сөзін жеткізіп, балаларына үйленуге рұқсат береді.

  • Лаос балалары. Лаостықтар балаларын өздері тікелей тәрбиелегеннен гөрі бауырлары, туыстары, басқа да жақындарының ықпалы арқылы әсер етіп, өсіргенді дұрыс көреді. Балалары ержетіп үйленер жасқа жеткенде де осы әдісті қолданады. Яғни, ата-анасы туыстары арқылы сөзін жеткізіп, балаларына үйленуге рұқсат береді.



АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейльге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады.

  • АҚШ балалары. Жергілікті педагогика «әрбір бала өз бетінше өмір сүріп үйрене алу керек» деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға, коктейльге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады.



Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.

  • Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар «маран» атанады. Бұл - әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында тайпаның «рухани көсемі» болады.



















Отбасымен жұмыс. Отбасындағы тұлғааралық қатынас диагностикасы:

  • Отбасымен жұмыс. Отбасындағы тұлғааралық қатынас диагностикасы:

  • Тәрбиелеудегі қателіктерді диагностикалау әдістемесі (Э.Г.Эй-демиллер, В.В.Юстицкий);

  • «Отбасының кинетикалық суреті» әдістемесі (Р.Берне, С.Кауфман);

  • «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі (Сакс және Леви нұсқасы);

  • Референтометрия;

  • Рене-Жиль тесті;

  • Ата-ана қатынасының тест-сауалнамасы (А.Я.Варга, В.В.Столин);

  • «Ата-ананың нұсқаулығы мен реакциясының өлшемі» сауалнамасы (PARY);

  • «Үй – ағаш – адам» тесті;

  • Некеге қанағаттанушылық тест-сауалнамасы (НҚС);

  • «Біз қандай ата-анамыз?» әуесқойлық тесті;

  • «Сіз өз балаңызға кімсіз: ата-анасыз, әлде жолдассыз?» әуесқойлық тесті





















Каталог: files -> loader
loader -> Қазақстан Республикасы
loader -> 9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...