Отбасы және неке мәселелері бекешова г.Ө



жүктеу 124.18 Kb.
Дата22.01.2017
өлшемі124.18 Kb.
ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
БЕКЕШОВА Г.Ө.

Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университеті, Ақтөбе қаласы
Отбасы-қоғамның ажырамас бөлігі, бақыттың бастауы. Ең бастысы адам баласын адамгершілікке бастайтын алғашқы бас-палдақ. Шаңырағы шаттыққа толған елдің болашағын баянды етіп елестетеміз. Олай болса, шаңырақтың шайқалмай берік ұсталуы сол отбасындағы адамдардың қаншалықты бақытты екендігін көрсетеді. Өкінішке қарай, қазіргі кезде бүгін қосылып ертең ажырасып, құрған шаңырақтарының шырқын бұзып жат-қандар аз емес. Тіпті айрандай ұйып отырған отбасылардың арасында тағдырдың кезекті соққысына шыдай бере алмай ажырасуы жиіледі. Балалардың болашағын ойламастан осындай қадамға баратын ата – аналардың жауапсыздығына не түрткі болуда?

Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері-атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-анасы ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға, екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмілетке толма-ған балалары қалсы, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.

Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:


  • Қайта өңдіру, ұрпақ келтіру

  • Шаруашылық – экономикалық, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру

  • Тәрбиелеу

  • Қарым-қатынас құру

  • Қайта қалыпқа келу

Отбасы ұғымына анықтама беру, оның оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым - қатынас мәселелерін тандау көптеген зерттеулерде орын алған. Обасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасал-маған. Г.М.Свердлов отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасындағы ықпалы туралымөз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.

Отбасылардың өздеріне тән ерекшелітеріне орай топтасуы төмендегідей:

Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлер): үш әулетті отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі әулетті отбасы – ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш оданда көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-ана-сының біреуі жоқ; перзентсіз және т.б. отбасылар: отбасы тұр-мысы және даму жағдайларына байланысты (жарасымды және қисыны кеткен жанұялар): отбасылық тәрбие стиліне орай (әкім-шіл, адамгершілікті, либералды).

Әкімшіл (авторитарлы) отбасы – бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптармен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділітен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.

Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата –аналардың бала тұлғасында болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой–пікірлерін қабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді.

Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істеседе бетін қайтармауға, оның жауапкершілігінің төмендігі мен өзім-шілдігіне бастау береді. Балалар ата –аналарының сүйіспенші-лігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұ-райлығына тап болады. Бұл – баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтандыққа душар етеді.

Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуа-ғын арнаған ата –ана, негізінен адамгершілікті демократтық стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерінің қолдануды да ұмытпайды.

Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалып-тасқан:



  • Баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;

  • Балаға әсер ететін құрғақ сөз емес, оның қалай айтыл-ғаны, шын көңілден шыққандығы мәнді;

  • Баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау –дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін тандап, қолдануға болады;

  • Баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, алғыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;

  • Жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз;

  • Бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн; жұрт алдында өз беделінде жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз баланың сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;

  • Балаға үйрететініңді алдымен өзін үйреніп, біліп ал;

  • Бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жөн көреді. Ата- анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата –анасын сүйеді;

  • Баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сқхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашіп құтыла алмайды;

Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер – бұл өнеге үлгі, бірлікті еңбек.

Отбасы тәрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшелітеріне, әлеуметтік – мәдени салт дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап – тәртіп ұстанымдарына байла-нысты.

Отбасы қарым – қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бойұсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым – қатынасының қазіргі кездегі отбасы ерекшеліктері әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, ақпарат байлығы болып, өзара қарым – қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым – қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байла-ныстарын нығайта түсетін аса маңызды саланың мақсаты. Отбасының материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету, нәтижесінде ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым – қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсініс-тікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасымен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын маңызды қарым – қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.

Неке-отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қаты-настарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақты-неке деп түсінуіміз қажет.

Адамдар арасындағы некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасын-дағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бер-мейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіс-пеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. От-басылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұ-рыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқан-дары қадірлеп, құрметтеу).

Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық . Біріншісінде – отба-сының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жө-ніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу ( АХАТ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органы.

Екінші түрі - отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың, іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата –анасы тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.

Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАЖ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар -әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата -ана-ларының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек кқрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.

Ажырасуға түрткі болатын ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген адалдығы, ата -аналарымен қарым –қатынастың дқрыс бол-мауы, махаббатсыз үйлену, яғни алып қашу, тұрмыстық қиын-шылық секілді негізгі себептер бар. Осының ішінде мамандар ажырасудың ең басты себебін екі жастың арасындағы махаббат-тың тұрақсыздығымен, рухани адамгершілік қатынастағы қайшы-лықтардың күшеюімен ба байланыстырады. «Отбасындағы екі адамның арасындағы жарастылық берік орнысқа адуын қайынжұрттың қахары түк емес» дейтіндер бар. Жағдайдын тағы бір ұшы сүйіп ұосылған екі жастың бір баланың тәтті күлкісіне зар болуына келіп тіреледі. Бүгінгі экология ма, дәрігерлер соңғы жылдары бедеулікьің әйелдер ғана емес, еркектердің арасында жиі кездесіп жатқанын алға тартады. Бұл да еліміздегі отбасын-дағы орнықтылықтың сақталуына аландаушылық тудыратын көрініс. Мәдениеттің нақты - әлеуметтік шарттарына, дәстүр-леріне сәйкес бұл өтпелі кезең әр түрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдай-ларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында оқумен сәйкес келеді.

Жеткіншек үлкендердің өзінің есейгенімен, өзбеттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен, орындағысы келеді. Осыған басында туысқандары қарсы шығады. Үлкендер-дің балаларға қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегеннен емес, оны «бала» деп тапсырманы бүлдіріп алады деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр», -дейді. Егер мұндай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.

Жеткіншек бұрын ынталы орындайтын талаптарға қарсы-ласа бастайды; өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала сенімді» қамқорлық жасап, бағып –қаққанға , тіл алуды талап етіп, жазалағанға оның мүдделерімен, көзқарастары-мен, пікірімен санаспағанда, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір –қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген құқығынан айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Жеткіншектің ересектігі сезімнің және төңірегіндегілердің оны мойындауын қажетсінуінің пайда болуы ересек пен жеткіншектің бір –бірімен қарым – қатынастарындағы құқықтары мүлдем жаңа мәселені туғызады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орны баланың қарым – қатынасына тән.

Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді дегенде, жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан, сол жеңеді деуге болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К.Левин «ойлық бө-гет» деп атаған. Мұны солай деудің себебі жеткіншек пен үлкен-дер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес.

Тәрбиенің ең негізгі саласы –жастарды шыңдыұұа және адалдыққа тәрбиелеу. Баланың үлгілі, тәртіпті, көргенді болып өсуі, көбінесе, отбасындағы ата –анамен туған- туыстарының тәр-биесіне, олардың өздерінің өнегелігіне байланысты. Жас балаға ес кірісімен – ақ отбасындағы жағдай өте үлкен әсер етеді.

Дана ақынымыз Абай: «Жақсы бала ата-анаға қызық, жаман балаға ата-ана күйік» дейді. Бұл өте орынды өмір дәлелдеп берген ақиқат. Демек, «бала –адамның бауыр еті», ең алдымен, сол баланың қызығын да, азабын да көретін ата мен ана. Оларды жергектен бастап бағып –қағатын да, өсіріп, ширатып, қанағаттандыратын да солар. Оларға тңғыш рет үлгі мен өнеге беретін де, сана мен сезім егетін де әке – шеше. Бала өз отба-сында ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Отбасында негізгі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналады. «Таяқтау – оңай, тәрбиелеу - қиын», «Балақан өсіру – балапан ұшыру емес», деген мақал-мәтелдерден көруге болады. Яғни, бала ата-анаға, қоршаған ортаға қарап өседі, үлкендерден үлгілі өнегесіне қарап тәлім алады. Баланың адам ретінде қалыптасуына тәрбиенің негізгі ата –анадан деп есептелгенімен, жүрген ортаның, жора жолдастың, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетін ақиқат. Бұлардың бәрін ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласақ, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі – әке-шешесі. Тәрбие – білім бастауы. Қазақстанда қазіргі уақытта білім беру жүйесі – болашақ ұрпақты жан-жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таң-дауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жал-пыға бірдей жағдаяттар боолады: олар:


  • туған күннен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал;

  • отбасындағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспен-шілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі;

  • ұрпақтан ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым қатынасы және ықпалы.

Оқу мен тәрбие егіз, олардың бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В.Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп айтқан болатын. Бүгінгі бәсекеге қабілет-тілікті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұн-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қара-шығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Сондықтан ұстаздар қауымының мақсаты: бүгінгі ұрпақ – елімідің болашағын қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға етіп өсіру.

Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл ұа-сиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қа-лыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы, жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата – анасына, құрбы – құрдастарына, олардың іс -әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты. Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс.

Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл күймен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Тәрбие негізінен баланың бал дәуренінен бастап азамат болғанына дейін тәні мен жанына бірнеше арнамен құйылады: отбасы, мектеп, қоршаған орта, жұмыс орны. «Тәртіптің ең тамаша мектебі- отбасы» «Ұяда не көрсең, ұшқанда соңы ілерсің» дейді халқымыз. Ия, ұрпақтың тәрбиесі – қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкер-шіліпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деп М. Әуезов деп айтқан. Бала тәрбие-сінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Мемлекеті-мізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жас-тарды рухани –адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Тәрбие жұмысы – педагогтардың нақты міндеті, яғни шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс-әрекеті.

Тәрбиенің түп қазығы – отбасы, ата – ана, тегі. Бұл мәсе-ленің маңызын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ең алдымен, әрбір балаға әке –шешеден, ал оларға ата бабадан қанмен өткен ақыл –парасат, сана-сезім, түйсік деңгейі болады. Біреуде бұл өзекті қабілеттер жоғары, айқын болса, ал басқа біреуде төмен, бұлыңғыр. Мұны «тегіне тартты» дейді. әрине, бұл кесіп айтар әңгіме емес. Әркімнің де тегіңде ақыл – парасаты мен дарыны мықты адамдар да, керісінше ақымақтар немесе өз күйбеңін күйттеуден аса алмай өткен тоғышарлар да көп болған. Баланың бойынан әйтеуір соның бірінің қасиет – қарымы қалқып шы,ары анық. Сондықтан «тегіне тарттыдан» гөрі «жетесіне берсін» деген сөз әлдеқайда шындыққа сай келсе керек. Баланың қандай болып туылуы және қалыптасуы тікелей әке мен шешенің, яғни алдыңғы буынның биіктігіне тікелей байланысты. Әке-шеше отбасында қандай орта, қандай жағдай қалыптастырса, бала сол ортаның шеңдерінде өседі.

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыс-қандықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жекебастың құыұтарымен байла-нысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құ-қықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Песпубликасының «Неке және отбасы туралы» Кодексі болып табылады.

Қорыта айтқанда, бла тәрбиесі күрделі де жауапты міндет екен-дігі бәрімізге белгілі. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім – тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағ-дайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Сондықтан ата – аналармен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Жастар еліктегіш, әр нәрсеге қызығушылық танытады. Көргенді, естігенді тез жадында сақтайды. Сондықтан отбасын-дағы береке, ауызбіршілік жас ұрпаққа үлкен әсер тигізеді. Сол себепті отбасын қорғау, оны қолдау өсіп, өркендейтін мем-лекеттің ең басты міндеті.



Әдебиеттер

  1. Л.П.Крившенко. Педагогика. Москва – 2009.

  2. Ж.Әбиев., С.Бабаев., А.Құдиярова. Педагогика. Дарын-Алматы- 2004.

  3. Н.И. Олифирович., Т.А.Зинкевич – Куземкина., Т.Ф.Велентина. Психология семейных кризисов. СПб.: Речь, 2006.


Түйіндеме

Бұл мақалада, отбасы мен неке мәселелері туралы және отбасының толық және толық емес түрлері, отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері, отбасының құқықтары мен мүд-делері қарастырылған.



Резюме

В данной статье рассматриваются проблемы полной и неполной семьи, определенные правила положительного воспи-тания в семье, права и преимущества семьи.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет