Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Әдістемелік хат



жүктеу 140.25 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі140.25 Kb.
Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті

Әдістемелік хат

«Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде пәнді оқытудың бір тұтас талаптарын орындау бойынша математика және физика мұғалімдерінің жұмыс бағыттары»
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мекемелер мұғалімдерінің пән мұғаліміне қойылатын бірыңғай талапты орындау жағдайын реттейтін құжаттың болмауына байланысты қала көлемінде оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларына, журналдың толтырылуына, оқушылардың жұмыстарына және білім, білік, дағдыларын бағалауға қойылатын бірыңғай талаптар топтамасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан, мектептің дамуының қазіргі деңгейінде қала мектептерінің математика және физика пәнінің мұғалімдері пәнді оқытуға қойылатын төмендегі бірыңғай талаптарды басшылыққа алулары тиіс.
І. Оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларына қойылатын бірыңғай талаптарды орындау бағытындағы мұғалімнің жұмысы.

  1. Мұғалімге қажетті: сабақта берілетін мазмұндаманың баяндалу барысын мұқият ойластыру, барлық тұжырымдамалардың, сұрақтардың дұрыс және нақты айтылуы; жазбалардың барлық түрлерінің (тақтада, журналда, оқушылардың күнделіктерінде және т.с.с.) сауатты орындалуы; түсінікті жазумен жазылуы.

  2. Өз сөзінде құрылымы дұрыс емес сөйлемдер мен сөз тіркестерін, дыбысталу нормаларының бұзылуын, сөздің орынсыз қолданылуын және тапсырмалар мен анықтамалардың тұжырымдамаларында қателіктерді болдырмау.

  3. Оқушылардың сөздік қорын толықтыру мен нақтылау бағытында, оқытылатын пән бойынша жаңа терминдермен таныстыру бағытында үздіксіз жүйелі жұмыс жүргізу. Жаңа терминдерді түсіндіргенде сөзді анық, таза айту, тақтаға жазу және дәптерлеріне жаздыру, олардың мағынасының меңгерілуін және дұрыс қолдануларын үнемі тексеріп отыру. Оқытылатын пәнге, бағдарламаның айтылмыш тарауына қатысты жазылуы мен дыбысталуы қиын сөздерге плакаттар мен кестелерді қолдану.

  4. Барлық сабақтарда оқылған материал бойынша талдауды, саралауды, салыстыруды, сәйкестендіруді, жауап беру барысында қажетті дәлелдемелер келтіруді, қортындылаудың немесе түйіндеуді және жинақтауды орындай алу бейімділіктерін қалыптастыруға көп көңіл бөлу.

  5. Оқушыларды оқулықпен, әртүрлі анықтамалық әдебиеттермен, тізімдемелермен, картотекалармен жұмыс жасауға үйрету.

  6. Дәптерлердің ұқыпты жүргізілуі мен ондағы барлық жазбалардың сауатты толтырылуын қадағалау.

  7. Жіберілген қателерді түзетіп отыру.

  8. Дәріс алушыларда оқытылатын пәндер бойынша арнайы дәптерлерінің болуын, олардың мектепте бекітілген тәртіпке сай толтырылуын, жүргізілуін, бірыңғай орфографиялық режімнің орындалуын қадағалау.

  9. Оқушылардың математикалық тіл мәдениетін жетілдіру үшін сабақтан тыс жұмыстардың барлық түрлерін қолдану (олимпиада, сайыстар, факультативтер, үйірмелік оқулар, пікір таластар, семинарлар, КВН, т.с.с.).


ІІ. Білім алушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар

Оқушылар орындауға міндетті:

- материалды логикалық тұрғыдан дұрыс және бірізді баяндау;

- логикалық екпінді, үзіліс жасауды, дұрыс дауыс ырғағын сақтай отырып қатты және нақты жауап беру.

Оқушылардың сөйлеу мәдениеті үшін мынадай біліктіліктері де маңызды, мұғалім мен жолдастарының сөзін тыңдай білу және түсіне білу, басқалардың пікіріне мұқият көңіл бөлу, сұрақ қоя білу, мәселені талқылауға қатысу біліктілігі.
ІІІ. Оқушылардың жазбаша жұмыстары мен дәптерлері туралы


  1. Жазбаша жұмыстардың түрлері туралы

    1. Оқушылардың сыныпта және үйде орындайтын жазбаша жұмыстарының негізгі түрлері оқыту жұмыстары болып табылады.

    2. Математика мен физикадан ағымдағы және қорытынды жазбаша бақылау жұмыстары, өзіндік жұмыстар, тест түрінде жүргізіледі.

Ағымды бақылау жұмыстарының мақсаты оқушының бағдарламалық оқу материалын игеруін анықтайды; олардың мазмұны мен жиілігін мұғалім оқу материалын қиындық деңгейіне, сонымен қатар әр сыныптың ерекшеліктеріне қарай реттейді.

Ағымды бақылау жұмысына толық бір сабақ көлемін немесе сабақтың бір бөлігін арнайды.

Қорытынды бақылау жұмысы:

- бағдарламаның ең негізгі тақырыптарынан кейін,

- жарты жылдықтың, жылдың аяғында жүргізіледі.

Мұғалім мен мектеп әкімшілігінің келісімімен ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу кестесі құрылады. Жазба бақылау жұмыстарын тоқсан аяғына шоғырландырмай, әр сыныпқа бақылау жұмыстарын тоқсан бойынша бірдей мөлшерде бөлу қажеттіліктерін ескере отырып, жоспарлайды.

Тоқсанның бірінші күні, мерекеден кейінгі күні, аптаның бірінші күні бақылау жұмыстарын өткізуге болмайды.

Бақылау түрлерінің мақсатына қарай өздік және тестілеу жұмыстарына толығымен бір сабақ, сонымен бірге сабақтың бір бөлігіне арналуы мүмкін.

2.Оқушылардың жұмыс дәптерлерінің саны мен арналуы

оқыту жұмыстарының барлық түрлерін орындау үшін оқушыларда келесі кезектегі дәптерлер саны болуы керек:



Пәні

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

Математика

2 жұмыс дәптері және

1 бақылау жұмыс дәптері






Алгебра

1-2 жұмыс дәптері и

1 бақылау жұмыс дәптері алгебра және геометриядан

( математикадан)


1 жұмыс дәптері и

1 бақылау жұмыс дәптері алгебра және геометриядан

( математикадан)


Геометрия

1 жұмыс дәптері

1 жұмыс дәптері


физика

1 жұмыс дәптері

1 бақылау жұмыс дәптері

1 зертханалық жұмыс дәптері


1 жұмыс дәптері

1 бақылау жұмыс дәптері

1 зертханалық жұмыс дәптері


Бақылау және зертхана жұмыстарының дәптерлері оқу жылы бойы мектепте сақталады және оқушыларға бақылау жұмыстарын орындау үшін ғана беріледі.



3. Дәптерлердің жүргізілу мен толтырылуына қойылатын талаптар

- 5-6 сынып оқушылары 12 -18 беттік стандарт дәптерлерді қолданады. Қалың дәптерлер 7-11 сынып оқушыларына қолдануға рұқсат беріледі.

-Пәнге арналған дәптер сырт келбеті ұқыпты болу керек.

-Дәптердің мұқабасын толтыру талабы: дәптердің неге арналғанын көрсету (математика пәніне арналған, бақылау жұмысына арналған). Оның мұқабасында (алдыңғы бетіне) келесі жазу болады:



Дәптер 
КММ "__орта мектебінің " 
___ сынып оқушысы
Тегі, аты (ілік септігінде)

математика пәніне арналған дәптері
Бақылау және зертхана жұмыстарына арналған дәптердің мұқабасында келесі жазу болады:


Дәптер 
КММ "__орта мектебінің " 
___ сынып оқушысы
Тегі, аты (ілік септігінде)

математикадан бақылау жұмысына

арналған дәптері



Дәптердегі жазу жұмыстары таза және анық болуы керек, мұғалім оқушылардың каллиграфиялық дағдысына көңіл аударуы қажет.

  • Жұмысты орындау барысында оқушыларға шет сызығына шығуға болмайды (шет сызығының сыртына жоғарғы сынып оқушыларына дәріс барысында ескертулер жазуына рұқсат етіледі). Барлық пәндерде дәптерге азат жолдан бастап жазу ережесі сақталады.

  • Математикада 5-11 сыныптарды күнді шет сызығының ішіне немесе жолға цифрмен жазуға болады.

  • Шет сызығының өлшемін мұғалім өзінің пәніне байланысты (4-5 тор көз) бекітеді.

  • Математика, алгебра және геометрия бойынша әр сабақта дәптерде жұмыстың түрін көрсету керек (сынып жұмысы, үй жұмысы, өздік жұмысы т.б.). Жаңа жолдан сабақтың тақырыбын жазу керек.

  • Тапсырманы орындау барысында оқушы тапсырманың, сұрақтың, жаттығудың нөмірін көрсетуі қажет.

Дәптерде тор көз қалдыруда келесі тәртіп бекітіледі:

  • Математикада (алгебрада, геометрияда)-ең жоғарғы толық тор көзден бастап жазады, шет сызығынан бір тор көз, бүкпенің алдынан 2 тор көз, әр есептің арасынан 2 тор көз, үй жұмыстары мен сынып жұмыстарының арасында 4 тор көз, жұмыс тақырыбы мен күннің арасында 2 тор көз қалдыру керек.

  • Математика мен физикадан бақылау және зертханалық жұмыстар арнайы дәптерлерде орындалып, оқу жылы көлемінде мектепте сақталып, бақылау жұмыстары мен қатемен жұмыстар жасағанда оқушыларға таратылып беріледі.

  • Оқушылар дәптерге көк немесе күлгін пастамен жазады. Қара немесе жасыл сияны, қарандашты графиктерді салуда, жазудың астын сызуда және т.б. қолдануға болады. Оқушыларға қызыл пастамен жазуға болмайды.


4. Оқушылардың жұмыс дәптерлерін тексеру тәртібі

4.1 Оқушылардың математикадан сынып және үй жұмыстарына арналған дәптерлерін тексеру талаптары:

  • 5 сыныпта және 6 сыныптың бірінші жартыжылдығында - барлық оқушылардың үй және сынып жұмыстары күнделікті тексеріледі;

  • 6 сыныптың екінші жарты жылдығында және 7-9 сыныпта нашар үлгеретін оқушылардың дәптерлері күнделікті, ал қалған оқушылардың дәптерлері аптасына 1 рет тексеріледі (геометриядан 8-9 сыныптарда – екі аптада 1 рет тексеріледі );

  • 10-11 сыныпта нашар үлгеретін оқушылардың дәптерлері күнделікті, ал қалған оқушылардың дәптерлері айына 2 рет негізгі тапсырмалар тексеріледі;

  • 5-11 сыныптырда математикадан бақылау жұмыстары тексеріліп, келесі сабақта оқушыларға қайтарылады;

  • қатемен жұмыс, ереже бойынша жұмыс дәптерлерде жүргізіледі;

  • ГОСО 2012 бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларын бағалауға тиісті ережелерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың бақылау жұмыстарын бағалау.

4.2. Мұғалім тексеру жұмыстарында келесі ережелерді басшылыққа ала отырып, белгілеп және қателерді түзетеді:

- Математика және физикдан оқушылардың дәптерлерін (үй, сынып жұмыстары және т.б.) тексергенде мұғалім жіберілген қателерді түзетеді.

- математика және физикадан 5-11 сыныптар оқушыларының бақылау жұмыстарын тексеру барысында мұғалім жіберілген қателердің астын сызады.

- мұғалім жіберілген қателердің астын қызыл пастамен сызады.

4.3. Оқушылардың бақылау жұмысының бағалары журналға түсіріледі. Егер өздік жұмысы толық сабаққа жоспарланбаса, онда өздік жұмысына (тест) қойылатын бағалар іріктеліп, мұғалімнің таңдауымен қойылуы мүмкін.

4.4. Оқушылардың жазба жұмыстары тексерілгеннен кейін мұғалім типтік қателердің болдырмауын ескертетінін тапсырмалар, қатемен жұмыс береді.



IV. Математика және физика пәндерінен оқушылардың білімдерін және дағдыларын бағалау нормалары.

  1. Математика және физика пәндерінен оқушылардың жазбаша бақылау жұмыстарын бғалау.

Жауап «5» деген бағамен бағаланады, егер:

  • Жұмыс толық орындалған;

  • Логикалық пайымдауларда және есепті шешу негізінде кемшіліктер мен қателіктер жоқ;

  • Есептің щещімінде математикалық қателіктер жоқ (оқу материалын білмегендіктен немесе түсінбегендіктен емес пайда болған жаңылыс және нақтылық болмауы мүмкін)

«4» бағаның қойылуы, мүмкін жағдайлар:

  • жұмыс толық орындалғанмен, шешу қадамдарында негіздеудің жетіспеуі,

  • бір қатенің жіберілуі немесе кескінде, суретте, сызбада не графикте екі-үш кемшіліктің не түзетудің болуы.

«3» бағаның қойылуы, егер

- оқушы міндетті білім деңгейін меңгерген, бірақ бір артық қате немесе кескін, сызбаларда екі-үш кемшілік жіберілуі, түзетудің болуы.



«2» бағаның қойылуы, егер

  • оқушы міндетті деңгейді меңгермегенін көрсететін өрескел қателер жіберсе.

  1. Оқушылардың математика және физика пәндерін оқудағы ауызша жауаптарын бағалау.

Оқушы жауабы «5» бағаланады, егер

  • бағдарлама мен оқулық көлемінде берілген оқу материалының мазмұнын толық ашса;

  • математикалық терминология мен символиканы дәл қолдана отырып, белгілі логикалық тізбек бойынша материалды сауатты түрде жеткізсе;

  • жауап берумен бірге сурет, сызба, графикті дұрыс орындаса;

  • теорияны ашатын мысалдар келтіріп, практикалық тапсырманы жаңа жағдайда қолдана алса;

  • алдыңғы байланысты тақырыптардан алған теориялық білімін көрсете алса;

  • мұғалімнің жетелеуінсіз, өздігінен жауап берсе;

  • қосалқы сұрақтарға жауап беруде бір-екі кемшілік жібергенмен, мұғалімнің ескертуінен кейін оларды оңай түзете алса.

Оқушы жауабы «4» бағаланады, егер:

- жауаптың негізгі мазмұнын ашу барысында бір-екі кемшіліктер жіберіліп ескерту жасалғаннан кейін түзетілген;

- қосалқы сұрақтарға жауап беруде бір-екі кемшілік жібергенмен, оларды мұғалімнің ескертуінен кейін түзетуі.



Келесі жағдайларда жауапқа «3» баға қойылады:

- материал мазмұны толық ашылмауы (ретін сақтамай, үзінді түрде жеткізуі), сұрақты жалпы түсініп, бағдарламалық материалды игеруіне жеткілікті біліктілік байқалса;

- математикалық (физикалық) терминологияны, символиканы қолдануда, схемаларда, қосымшаларда қателер жіберілсе және мұғалімнің бірнеше сілтеме сұрақтарынан кейін тапсырма орындалса.

- оқушы практикалық тапсырманы орындау барысында теориялық білімін жаңа жағдайда қолдана алмаса;

- теориялық материалды біле отырып, теорияның қолдануын көрсететін негізгі білік, дағдылардың қалыптасуы жеткіліксіз болса.

Келесі жағдайларда жауапқа «2» баға қойылады:

- оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаса;

- оқушының оқу материалының көпбөлігін немесе ең маңызды бөлігін білмейтіндігі анықталған жағдайда;

- ұғымдар анықтамасында математикалық терминдерді қолдануда, суреттерде, сызбаларда немесе графиктерде қателер жіберілсе және олар мұғалімнің сілтемелерінен кейін түзетілмесе.



3. Қателердің жалпы классификациясы.

Оқушылардың білім, білік және дағдысын бағалауда барлық қателерді (өрескел және өрескел емес), жіберілген кемшіліктерді ескеру қажет.



3.1. Өрескел қателер:

- негізгі ұғымдардың анықтамасын, заңдарын, ережелерін, теорияның негізгі қағидаларын, формулаларын, шамалардың жалпы қабылданған белгіленуін, шамалар мен олардың өлшем бірліктерін білмеу;

- өлшем бірліктердің атауын білмеу;

- жауапта ең негізгісін бөліп көрсете алмау;

- есептерді шығару барысында білімін, есепті шешу алгоритмін қолдана білмеу;

- қорытындылау мен жалпылау жасай алмауы;

- графикті оқи және сала білмеуі;

- түпдерек, оқулық пен анықтамалықты қолдана білмеу;

- теңдеудің түбірін жоғалтуы немесе бөгде түбірді қалдыру;

- еш түсіндірмесіз бір түбірді алып тастау;

- есептеулердегі қателер, егер олар байқаусыз жіберілмеген жағдайда;

- логикалық қателер.



3.2. Өрескел емес қателерге жатқызылады:

- анықталатын ұғымның негізгі белгілерінің толық қамтылмауынан туындаған дәйектеме, анықтама, түсінік, теориядағы дәлдіктің (нақтылықтың) жетіспеуі немесе осы бір-екі белгісінің қосалқы белгілермен ауысуы;

- графиктің дәл болмауы;

- есепті тиімді емес әдіспен шешуі немесе жауаптың жеткілікті түрде ойластырылмаған шешімі (логиканың сақталмауы, жекеленген сұраақтардың қосалқы сұрақтармен ауысуы)

- анықтамалықпен немесе қосымша әдебиетпен жұмыс жасағанда жұмыстың тиімді емес әдісін қолдануы;

- есепті жалпы түрде шеше алмауы.



3.3. Кемшіліктер

- есептеулер және түрлендірулер тәсілдерінің тиімді еместігі;

- сызбаны, графикті, жазбаларды ұқыпсыз орындау.

V. Журналда жазбалар жүргізу туралы.

Сынып журналы мемлекеттік нормативті-қаржылық құжат болып саналады. Сынып журналын ережеге сай жүргізу мектеп мұғалімдерінің барлығына міндетті.

1. Сынып журналындағы барлық жазулар нақты, ұқыпты, көк немесе қара түсті шарикті қаламмен жүргізілуі тиіс.

2. Ұстаздың, сынып жетекшісінің аты-жөні – толық (Қалиева Айгуль Асылханқызы) жазылуы тиіс.

3. Журнал бетінің сол жағында сынып жетекшісі пәннің атауын кіші әріппен, сынып құрамының тізімін алфавиттік тәртіпте әрбір тоқсанның басында барлық оқу пәндері бойынша жазуы тиіс.

4. Мұғалім оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеріп, бағалап отыруға міндетті, сонымен қатар әр сабақта ж әрпімен сабақта болмаған оқушыны белгілеуі, ауызша және жазбаша жауапты (жұмыс жүргізілген күннің тұсындағы бағанға) бағалауы керек. Жазбаша жұмыстың бағалары уақтылы журналға қойылуы керек.

Журналға нүкте, минус таңбасы ретінде баға қоюға тыйым салынады.

5. Журнал бетінің сол жағында мұғалім сабақтың өткізілу күнімен айын жазады.

6. Журнал бетінің оң жағында мұғалім

- сабақтың өткізілу уақытын;

- сабақта оқыған тақырыпты;

- үйге берілген тапсырманы;

- біріктірілген сабақ өткізгенде сабақ уақытын екі рет жазып көрсетеді.

Өткізілген практикалық және зертханалық жұмыстар, серуендер, жазбаша бақылау жұмыстары бойынша мұғалім олардың нақты тақырыптары мен ретін жазып көрсетеді.

«Үй тапсырмасы» бағанына мұғалім параграфты, оқулықтың бетінің немесе басқа әдебиеттің бетінің номерін, есептер мен тапсырмалар номерін, практикалық жұмыс бойынша берілген тапсырманы, сонымен қатар тапсырмаларды орындау түрін (оқу, мазмұндау, жаттау т.с.с.) жазады. Егер білім алушыға қайталауға тапсырма берілсе , онда оның көлемін нақты көрсетіп жазуы тиіс.

7. Әр тақырып бойынша сағат саны пән бойынша бағдарлама мен бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес болуы керек.

8. Баға қойылатын бетке «бақылау жұмысы», «өзіндік жұмыс» т.с.с. деген жазуларды жазуға болмайды.

9. Әр сабақ сайын пән мұғалімі білім алушылардан сабақ сұрауды жоспарлап және бағаларын журналға қойып отыруға міндетті. Білім алушы жұмысы «2» деп (екі балмен) бағаланған жағдайда мұғалім (мүмкіндігінше) оны 2-3 күн ішінде қайта сұрап бағасын журналға қоюы керек.

10.Қортынды баға үш күнделікті бағадан кем емес бағалар негізінде қойылады. Қортылмайды деген баға үш күнделікті бағасы болмағанда, берілген пән бойынша сабақ уақытының 50%-нан артығында жоқ болғанда немесе себеппен босатылған жағдайда қойылады.

11.Сынақ сабақтары мен тақырыптық бақылау жұмыстары аралығында өтілген тақырып бойынша аралық аттестаттауды қарастырған жөн.

12.Сабақтың тақырыбы бекітілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес етіп жазылуы керек.

Мынадай жазуға тыйым салынады: Бақылау жұмысы №1.



Дұрыс жазылуы:

Бақылау жұмысы №1 «Натурал сандар және шкалалар» немесе Б.ж. № 1 «Натурал сандар және шкалалар».

Сынақ № 3 «Есептеулерді орындауда амалдардың қасиеттерін қолдану»

Зертханалық жұмыс №1. «Кинематика және динамика» немесе З.ж. № 1 «Кинематика және динамика»

ҚӘК әдіскері А. Нүрпеиісова

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет