Қосымша 1 Қажетті құжаттар тізімі



жүктеу 43.31 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі43.31 Kb.
Қосымша 1

Қажетті құжаттар тізімі

1. Лицей бастығының атына балаларын Лицейге қабылдау туралы жазылған ата-ананың өтініші ( немесе ата-аналарды алмастырушылардың)

Өтініш еркін түрде жазылады. Баланың ата-анасының ( олардың иелерінің) үміткерді Лицейді аяқтағаннан кейін ары қарай оқуын Қорғаныс министрлігінің, өзге мемлекеттік Қарулы Күштер құрылымы мен шетелдік әскери оқу орындарында жалғастыратыны туралы Өтініште көрсетіледі.

Ата-аналар қайтыс болған жағдайда қайтыс болғаны туралы куәлік және қамқоршылық туралы куәлік (нотариуспен бекітілген) көрсетіледі.

2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі (ата-анасынікі).

3. Үміткердің (кандидаттың) Лицей бастығының атына лицейде оқығысы келетіні туралы, Лицейді бітірген соң оқуын әскери оқу орнында жалғастыратыны туралы жазылған еркін түрде жазылған өтініші.

4.Үміткердің өмірбаяны.

5.Туу туралы куәліктің көшірмесі (нотариуспен заңдастырылған).

6. Үміткердің үлгерім табелінің 7-ші сыныптық көшірмесі, сондай-ақ 8-сыныптағы оқу жылының тоқсандық қорытындысының көшірмесі (кешенді емтихан тапсыру кезіндегі мекен-жайы көрсетіледі, оқыған шет тілі көрсетілуі керек, бұның барлығы мектептің гербтік мөртаңбасымен заңдастырылуы тиіс).

7.Ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама ( не оларды алмастырушылардың), жұмыс істемесе еңбек биржасынан анықтама).

8. Кәмелетке толмағандардың істері туралы инспекциядан анықтама (тұрғылықты жерінен алынады).

9. Фотосуреті (бас киімсіз түсуі керек), 4,5 x 6 см – 4 дана.

10. Интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық және басқа жетістіктері туралы құжаттарының көшірмесі.

11. Ата-аналарының, жақын туыстарының (аға, әкпе) сотталмағаны туралы анықтама (халыққа қызмет көрсету орталығынан –ЦОН –нан алады).

12. Құжаттар папкаға тігілген күйде көрсетіледі.

Тууы туралы куәлік, 8-сыныптағы үлгерім табелі, сынып жетекшісінің және мектеп директорының қолы қойылған мінездемесі (мектептің гербтік мөртаңбасымен бекітілген құжаттар), интеллектуалдық, шығармашылық, спорттық және басқа жетістіктері туралы құжаттарының көшірмесін үміткер Лицейдің қабылдау комиссиясына іріктеудің қорытынды кезеңінде көрсетеді.


Лицейге оқуға түсу үшін үміткер толтыратын өтініш түрі
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің бастығы

запастағы генерал-майор С.С.Таулановқа

Тұрапов Аділ Шаяхметұлынан

Өтініш


Мен, Тұрапов Аділ Шаяхметұлы, тұған жылым 1996, Қазақстан Республикасының азаматымын, Алматы қаласының Самал-2 ықшам ауданының 19 үй, 4 пәтерінде тұрамын.

Мені «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-шы сыныбына оқуға алуыңызды өтінемін.

Өқу жағдайымен, барлық талаптармен таныстым және бәрімен келісемін.

«Арыстан» мамандандырылған лицейін бітірген соң Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігінің, Ұлттық кауіпсіздік комитетінің, Ішкі Істер Министірлігінің жоғарғы әскери оқу орындарына немесе шетелдік әскери оқу орындарына мамандық бойынша оқуды жалғастыруға дайынмын. Өзімді егеменді Қазақстанның мемлекеттік мүддесіне қызмет етуге арнаймын.


Қолы, мерзімі

Лицейге оқуға түсу үшін үміткердің ата-анасы толтыратын өтініш түрі
«Арыстан» мамандандырылған лицейінің бастығы

запастағы генерал-майор С.С.Таулановқа

Жұмабекова Сәуле Қапаровнадан
Өтініш

Мен, Жұмабекова Сәуле Қапаровна, Қазақстан Республикасының азаматымын, Алматы қаласының Самал-2 ықшам ауданының 19 үй, 4 пәтерінде тұрамын.

Менің ұлым Тұрапов Аділ Шаяхметұлын «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 9-шы сыныбына оқуға алуыңызды өтінемін.

Өқу жағдайымен, барлық талаптармен таныстым және бәрімен келісемін.

Оның «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітірген соң Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің жоғарғы әскери оқу орындарына немесе шетелдік әскери оқу орындарына мамандық бойынша оқуды жалғастыруына және егеменді Қазақстанның мемлекеттік мүддесіне қызмет етуіне келісемін.
Қолы, мерзімі


Медициналық куәландыру тұрғылықты жердегі денсаулық сақтау мекемелерінің ақырғы медициналық куәландырылған барлық құжаттар кандидаттар оқуға түсетін жылдың 30 шілдесіне дейін Лицейге тапсырылады:

1) психоневрологиялық диспансерінің анықтамасы (тұрғылықты жерден)


2) тері-венерологиялық диспансерінің анықтамасы (тұрғылықты жерден)
3) туберкулез диспансерінің анықтамасы (тұрғылықты жерден)
4) наркологиялық диспансерінің анықтамасы (тұрғылықты жерден)
5) аймақтық терапевттің анықтамасы (тұрғылықты жерден) (Созылмалы аурулары жайлы, сонымен қатар жұқпалы және паразитарлы аурулармен соңғы он екі ай ішінде ауырмағандығы және есепке алынбағандығы туралы);
6). медициналық анықтама (форма № 086/у);
7). пациенттің амбулаторлық медициналық картасы (форма № 025/у);
8). профилактикалық екпе картасы (форма № 063/у);
9). амбулаторлы, стационарлы картадан аурудың көшірмесі (форма № 027/у);
10). азаматтың денсаулығы туралы басқа да құжаттары, рентгенограмма, арнаулы зерттеме хаттамалары :

  • Қанның жалпы зерттемесі; сифилиске микропреципитация (микрореакция) реакциясы;

  • зәрдің жалпы сараптамасы

  • тыныштық күйдегі ЭКГ ( қимылдан кейін –көрсеткіш бойынша)

  • медициналық куәландыруға үш ай дейінгі кеуде қуысы мүшелерінің флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеулері

  • эхокардиография

  • мұрын қуысының рентгені (сипаттамасымен)

  • екі табан рентгені (сипаттамасымен)

  • қан талдамасы; вирустық жұқпалы ауруларға және гепатитке маркер В, С (ВИЧ и маркеры гепатитов В и С)

  • қан тобы және резус-фактор

  • үлкен дәреттегі ішек құрттарын анықтау ( кал на яйца глистов.)

   Медициналық зерттеулер нәтижесі Лицейдегі медициналық куәландыруға дейінгі 30 күнтізбелік күннен артық болмауға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет