Орта Азия мемлекеттерінің ақша несие саясаты



жүктеу 88.66 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі88.66 Kb.
Орта Азия мемлекеттерінің ақша - несие саясаты

Бүгiнгi таңда егемендi елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету дұрыс ақша - несие саясатын жүргiзуге тiкелей байланысты екенiн уақыттың өзi дәлелдеп бердi. Оны ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында да айтып өткен болатын. Ал осы ақша-несие саясатын дұрыс жүргiзу барысында ақша айналымын жақсарту, дұрыс жолға қою үшiн маңызды реформалар жүргiзiлген. Әрбiр реформаның өзiндiк ерекшелiктерi мен осал тұстары болған.

Әлемге танымал экономист А.Смит: “Ақша – бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы”,-деп анықтама берген ақшаның бүгiнгi өмiрiмiзде алатын орны күшеймесе әлсiреген жоқ. Ол экономиканы тұрақтандырудың бiрден-бiр құралы болып отырғаны аян. Әрбiр мемлекет дағдарыс тұсында дұрыс ақша реформасын жұргiзiлуiнiң нәтижесiнде тығырықтан шыққаны белгiлi.

Барлық мемлекеттер құрылымындағы маңызды сала және әр мемлекет жүргізетін маңызды саясаттардың бірі – ақша – несие саясаты. Ақша – несие саясаты – бұл әр елдің өз заңдарымен бекітілген валютасының тұрақтылығын, оның төлем қабілеттігін, шетел валютасына қатынасы тұрғысындағы тұрақтылығын қамтамасыз ететін және де мемлекеттегі барлық ақша массасын басқаратын, банктердің төлем қабілеттілігін, несие қабілеттілігін бағалайтын маңызды экономикалық сектор немесе мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты саясаты болып табылады.

Орталық Азия мемлекеттерінің ақша - несие саясатына талдау жүргізе келе айта кететін жайт, ақша – несие саясатын жүргізу үшін мемлекетке ең алдымен өзінің ұлттық валютасы керек. Ал Орталық Азия мемлекеттері өз ұлттық валюталарын 1993 жылы ғана, басқа бұрынғы кеңес республикаларынан кеш енгізді. Бұған негізгі себеп : Орталық Азия мемлекеттері өз тәуелсіздіктерін жариялағанымен ортақ экономикалық кеңістікті сақтап қалғысы келген еді. Бұл кездерде « рубль зонасы» деген ұғым қалыптасып, әр мемлекет, өз экономикасын жаңа өзгерістерге дейін тұрақтылықта сақтап тұру үшін сол зонада қалуды мақсат етті. Бірақ 1993 жылы маусым айында Ресей Федерациясы «рубль зонасының» ең негізгі әрі үлкен мемлекеті, КСРО рубльінен бас тартты және 1991 жылы желтоқсан айында енгізген қазіргі рубль валютасымен өз экономикасын дөңгелетіп алып кетті. Осылайша, Орталық Азия мемлекеттері де өз ұлттық валюталарын енгізе бастады.

1993 жылы 10 мамырда бұрынғы КСРО мемлекетттерінің ішінде, ең алғаш өз ұлттық валютасын енгізген Кырғыз Республикасы болды. 1993 жылдың 10 – 15 мамыр аралығында Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі айналымға 1 сериялы номиналда 1:5 және 20 сомдық банкноталарды шығарды. Алғаш енгізілген кезінде, 1 сом – 200 КСРО рубльі болатын.

Қырғыз Республикасының 2012-2014 жылдарғы валюталық бағам айналымына салыстырмалы түрде талдау жасасақ:

Уақыты

USD

EUR

RUB

KZT

29.10.12

47,0925

61,2556

1,507

0,3128

29.10.13

48,5502

67,0551

1,5262

0,3151

29.10.14

56,5083

71,7316

1,333

0,3124

2009 жылдың наурыз айында айналымға атақты кино актер Суйменкула Чокморовтың бейнесімен 5000 сомды номиналды банкнотасы шығарылды. 2009 жылдың 3 шілдесінде Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі айналымға 4 сериялы 20, 50 және 100 сомды банкноталарды шығарды. 2010 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 4 сериялы 200, 500 и 1000 сомды номиналды банкноталар эммисиялана бастады.

Түркменстан Республикасының ұлттық валютасы – манат. Айналымға 1993 жылы 1 қарашада енгізілді. Бастапқы манаттың валюталық бағамы 1 манат = 100 туркмен теңгесі болатын. Түркменстан Республикасының 2012-2014 жылдарғы валюталық бағам айналымына салыстырмалы түрде талдау жасасақ:

Уақыты

USD

EUR

RUB

KZT

29.10.12

2,85

3,6839

0,0907

0,0189

29.10.13

2,85

3,933

0,0897

0,0185

29.10.14

2,85

3,6047

0,0679

0,0157

2009 жылы қаңтар айында Түркменстан Үкіметі деноминация жүргізді. 5000 ескі манатты 1 жаңа манатқа ауыстырды. Қазіргі кезде 1;2;5;10;20;50;100;500 манат банкноталары эмиссияланады. 2012 жылы Туркмен Орталық банкі жаңадан өзгертілген 1,5,10,20 банкноталарын шығарды. 1.01.2009 жылға дейін Туркменстан ұлттық валютасы  «манат» – TMM (жалпыресейлік валюта классификаторы негізінде). 01.01.2009  жылдан бастап - TMT жаңа туркмен манаты деп аталатын болды.

Тәжікстан Республикасының ұлттық валютасы - сомони, ол айналысқа 2000 жылдың 30 қазанынан бастап түсіп, тәжік рубльін алмастырды. Валютадан валютаға көшу 2001 жылдың 1 сәуіріне дейін жүргізілді. Банкноталары: 1, 5, 20 и 50 дирам, 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200 және 500 сомони. Монеталары: 1, 2, 5, 10, 20, 25, 50 дирам, 1, 3 және 5 сомони. Тәжікстан Республикасының 2012-2014 жылдарғы валюталық бағам айналымына салыстырмалы түрде талдау жасасақ:



Уақыты

USD

EUR

RUB

KZT

29.10.12

4,7641

6,1652

0,1542

0,0316

29.10.13

4,773

6,6101

0,1505

0,0310

29.10.14

4,9991

6,3412

0,1175

0,0276

Өзбекстан Республикасының ұлттық валютасы - сум. Өзбекстан Республикасы өз валютасын бізбен бірдей 1993 жылы 15 қарашада енгізді. Өзбекстан Республикасы 1993 жылы енгізген сум – купон (сум – купон мен рубль 1:1 қатынаста) орнына ішкі нарықтағы рубль массасының жеткіліксіздігінің орын алмауы үшін 1994 жылы 1 шілдеде «сумды» енгізді. Сум айналысқа Өзбекстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы 16 маусымда қабылданған № 870 УР қаулысы бойынша 1 сум = 1000 сум – купон теңдігінде енгізілді. Осы кезде 1$ =7сум еді. Өзбекстан Республикасының 2012-2014 жылдарғы валюталық бағам айналымына салыстырмалы түрде талдау жасасақ:

Уақыты

USD

EUR

RUB

29.10.12

1952,6

2546,9

63,43

29.10.13

2173,94

2950,08

68,63

29.10.14

2383,98

3035,95

57,02

Қазіргі кезде Өзбекстан мемлекетінде (1992 жылы шығарылған сум – купоннан басқа) барлық банкноталар заңды есеп айырысу құралы болып табылады, Бірақ 100 – 1000 сум аралығындағы банкноталардың қолданылу көрсеткіші өте төмен, ресми ақпарат көздеріне қарасақ 2013 жылдың кыркүйек айында 1000 сум банкнотасының эквиваленті 15,5 рубльге тең келіпті. 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап Өзбекстан Орталық банкі құны 5000 ақша – купюрасын айналымға шығара бастады.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге, ол 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Алғашқы кезде шығарылған теңгенің бірінші қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды: 


• 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
• 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар; 
• 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған). 
Кейіннен айналысқа :

1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар


• 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ; 
• 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ; 
• 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 
• Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ).
• 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар және 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

Қазақстан Республикасының ұлттық валютаның енгізілгенінен кейін, тура 13 жылдан соң, 2006 жылдың 15 қарашасында банкноталарды жаңарту процесі басталды. 2006 жылдың 15 қарашасынан 2018 жылдың 14 қарашасына дейін ескі және жаңа банкноталар қатар айналымда болады. 2018 жылдың 14 қарашасына дейін ескі банкноталарды жаңа банкноталарға ауыстыру операциялары жүргізілетін болады. Бұл операциялар тек Ұлттық банк нысанында, банкнотаның жалған еместігіне арналған экспертизадан өткеннен соң ғана алмастырылатын болады. Өз еліміздің, Қазақстан Республикасының 2012-2014 жылдарғы валюталық бағам айналымына салыстырмалы түрде талдау жасасақ:



Уақыты

USD

EUR

RUB

29.10.12

150,56

195,86

4,82

29.10.13

154,09

212,77

4,84

29.10.14

180,87

229,54

4,25

Еліміздің инфляция жағдайына келетін болсақ, Қазақстандағы жоғары қарқынды инфлияға қарсы күресте пайдалануғңа мүмкiндiк беретiн келесi бiр факторға шет ел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Сондықтанда елiмiзде жүргiзiлiп отырған ақша несие саясатына баға берiлiп, оның ерекшелiктерi қарастырылып, боның негiзгi көрсеткiштерiне болашаққа болжам жасалынды. 2014-2018 жылдары Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 6-8% шамасында болады деп болжанып отыр. Бұл жөнінде Экономикалық саясат жөніндегі Үкімет отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. «2014-2018 жылдары Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 6-8% шамасында болады», - деп атап өтті отырыста 2014-2018 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын сөз еткен министр.

Ақша – несие саясаты тек мемлекеттегі ақша массасын ғана бақылап қоймай, әр мемлекеттің өз төлем баллансының тұрақтылығын, мемлекеттегі инфляция қарқынының тұрақтылықта болуын және осы секілді маңызды экономикалық қызметтерді өзіне кіріктірген маңызды саясат болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:




  1. Википедия материалдары

  2. www.google.kz интернет сайты

  3. Өзбекстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми сайты (NBU)

  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми сайты

  5. Тәжікстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми сайты.

  6. Қырғыстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми сайты. http://www.nbkr.kg/index1.jsp?item=1562&lang=RUS

  7. Түркменстан Республикасының Ұлттық банкінің ресми сайты.

  8. http://www.finmarket.ru/

  9. http://strategy2050.kz/news/685


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет