Өрт қауіптілігі әртүрлі дәрежелі ғимараттарда, құрылғыларда және құрылыстарда өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау

Loading...


жүктеу 135.08 Kb.
Дата26.04.2017
өлшемі135.08 Kb.


Өрт қауіптілігі әртүрлі дәрежелі ғимараттарда, құрылғыларда және құрылыстарда өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау

ӘДІСТЕМЕСІ

1. Жалпы ережелер


1.1. Осы нормаларда баяндалған жеке өрт қатерін бағалау әдісі 12.1.004-91* ГОСТ-қа 2 қосымшада баяндалған әдістемені дамыта және толықтыра әзірленді және «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің ережелерін қоғамдық ғимараттарға қатысты іске асыру болып табылады.

1.2. Осы өрт қауіптілігі әртүрлі дәрежелі ғимараттарда, құрылғыларда және құрылыстарда өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) ғимараттарда, құрылғыларда және құрылыстарда (бұдан әрі - ғимарат) өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау тәртібін белгілейді және өрт қауіптілігінің дәрежесі төмендегідей ғимараттарға таралады:

Ф1 – адамдардың тұрақты тұруына және уақытша келіп-кетуіне арналған ғимараттар, соның ішінде:

а) Ф1.1 – балаларға мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, қарттар мен мүгедектер үйлерінің ғимараттары (пәтерлік емес), ауруханалар, интернат типтес білім беру мекемелерінің және балалар мекемелерінің жатын корпустары;

б) Ф1.2 – қонақ үйлер, жатақханалар, санаторийлер мен жалпы типтегі демалыс үйлерінің, кемпингтердің, мотельдер мен пансионаттардың жатын корпустары;

в) Ф1.3 – көппәтерлі тұрғын үйлер;

г) Ф1.4 – бірпәтерлі тұрғын үйлер, соның ішінде блокталғандар;

Ф2 – ойын-сауық, мәдени-ағарту мекемелері, соның ішінде:

а) Ф2.1 – театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, цирктер, трибуналы спорт құрылыстары, кітапханалар және есептік орын саны бар жабық жайлардағы басқа да мекемелер;

б) Ф2.2 – музейлер, көрмелер, би залдары және жабық жайлардағы осыған ұқсас мекемелер;

в) Ф2.3 – театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, цирктер, трибуналы спорт құрылыстары, кітапханалар және есептік орын саны бар ашық алаңдағы басқа да мекемелер;

г) Ф2.4 – музейлер, көрмелер, би залдары және ашық алаңдағы осыған ұқсас мекемелер;

Ф3 – Халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың ғимараттары, соның ішінде:

а) Ф3.1 – сауда ұйымдарының ғимараттары;

б) Ф3.2 – қоғамдық тамақтану орындарының ғимараттары;

в) Ф3.3 – вокзалдар;

г) Ф3.4 – емханалар мен амбулаториялар;

д) Ф3.5 – келушілер үшін орын саны есептелмеген тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарының ғимарат жайлары;

е) Ф3.6 – дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, көрермендерге арналған трибунасыз ғимарат жайлары бар спорт-жаттығу мекемелері, тұрмыстық ғимарат жайлар, моншалар;

Ф4 – ғылыми және білім беру мекемелерінің, ғылыми және жобалау ұйымдарының, мекемелердің басқару органдарының ғимараттары, соның ішінде:

а) Ф4.1 – жалпы білім беру мекемелерінің, балаларға қосымша білім беру мекемелерінің, бастауыш кәсіби және орта кәсіби білім беру мекемелерінің ғимараттары;

б) Ф4.2 – жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің және мамандарға қосымша кәсіби білім беру (біліктілігін көтеру) мекемелерінің ғимараттары;

в) Ф4.3 – басқару органдары мекемелерінің, жобалау-конструкторлық ұйымдарының, ақпараттық және редакциялық-баспа ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, банктердің ғимараттары, кеңсе, офис ғимараттары;

г) Ф4.4 – өрт сөндіру деполарының ғимараттары.

1.3. Өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

а) ғимараттардың өрт қауіптілігін талдау;

б) өртқауіпті жағдайлардың іске асу жиілігін анықтау;

в) өрттің өршуінің әртүрлі сценарийлері үшін қауіпті өрт факторларының алаңын құру;

г) өрттің өршуінің әртүрлі сценарийлері үшін қауіпті өрт факторларының адамдарға әсерінің зардаптарын бағалау;

д) ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің болуы.

1.4. Өрт қатерін бағалау зақымдаушы өрт факторларының адамдарға әсерін есептеудің және өрттердің туындау жиілігі мен зардаптарын азайту бойынша қабылданған шаралардың негізінде жүргізіледі.

1.5. Қоғамдық ғимараттың өрт қауіпсіздігі жүйесі өрт қатерінің рұқсат етілген шекті мәннен аспайтын шамасын қамтамасыз етуі тиіс. Жеке өрт қатерін есептік бағалауды орындау қажеттілігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 3.1 бөлімінің 9-тармағына сәйкес анықталады.

1.6. Осы Әдістеме:

- «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде қарастырылған жағдайларда жеке өрт қатерін бағалау үшін;

- бірегей объектілер және өртке қарсы нормалар мен ережелер белгіленбеген объектілер үшін өрт қауіпсіздігі жүйесін жобалауға арнайы техникалық шарттар әзірлеу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын негіздеу үшін;

- олар үшін өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары толық көлемде орындалмаған қорғау объектілерінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілгендігін растау кезінде;

- объект өрт салдарынан адамдардың опат болу қаупін тудырады деген негіз болған жағдайда, қолдануға жатады.

Осы Әдістемеде пайдаланылған терминдер мен анықтамалар «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 2-бөлімінде баяндалған терминдер мен анықтамаларға сәйкес келеді.


2. Әдістің мәні


2.1. Осы әдіс 1.2 тармақта көрсетілген өрт қауіптілігі әртүрлі дәрежелі ғимараттардың персоналы мен келушілерінің жеке өрт қатерін есептеу тәртібін белгілейді. Жеке өрт қатерінің сандық мәні қауіпті өрт факторларының (ҚӨФ) қоғамдық ғимараттағы адамға әсер ету жиілігі Qв болып табылады.

Қарастырылатын ҚӨФ тізбесі «Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар»- ГОСТ 12.1.004-91* ССБТ- да айқындалған.

2.2 ҚӨФ әсер ету жиілігі ғимараттағы (құрылғыдағы) адамның өмірі мен денсаулығы үшін үлкен қауіппен сипатталатын өртқауіпті жағдай үшін анықталады.

3. Негізгі есептік тәуелділіктер


3.1 Өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі қажеттіге жауап береді, егер:

(1)

мұндағы нормаланған жеке қатер, = 10-6 год-1;

QВ — есептік жеке қатер.

3.2 Есептік жеке қатер Qв әрбір ғимаратта ( жайда) мына формула бойынша есептеледі:

Qв=Qп(1–Rап)Pпp(1–Рэ)(1–Pп.з), (2)

мұндағы Qп – жыл ішінде ғимаратта өрттің туындау жиілігі, осы Әдістеменің 7-қосымшасында келтірілген статистикалық деректердің негізінде анықталады. Ғимараттағы адам саны туралы деректер болған жағдайда нақтыланған бағалауды, ал олар болмаса, бір мекемеге арналған бағалауды пайдалану қажет. Статистикалық ақпарат болмағанда, әрбір ғимарат үшін Qп = 410-2 қабылдауға жол беріледі;

Rап – автоматты өртсөндіргіш қондырғылардың (АӨСҚ) нәтижелі іске қосылу ықтималдығы. Параметрдің мәні Rап техникалық құжаттамада келтірілген АӨСҚ элементтерінің техникалық сенімділігімен айқындалады. Техникалық сенімділік параметрлері бойынша мәліметтер болмағанда Rап = 0,9 қабылдауға жол беріледі. Ғимаратта автоматты өрт сөндіру жүйесі болмаған жағдайда Rап нөлге тең қабылданады;

Рпр – ғимаратта адамдардың болу ықтималдығы, ол Рпр= tфункц/24 арақатысымен анықталады, мұндағы tфункц – сағатпен берілген адамдардың ғимараттағы болу уақыты;

Рэ – адамдарды эвакуациялау ықтималдығы;

Рп.з – өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге бағытталған өртке қарсы қорғаныс жүйесінің нәтижелі жұмыс істеу ықтималдығы.

3.3 Эвакуация ықтималдығы Рэ мына формула бойынша есептеледі:

(4)

мұндағы tр – адамдарды эвакуациялаудың есептік уақыты, мин;

tнэ – эвакуацияның басталу уақыты (өрт туындаған сәттен бастап адамдарды эвакуациялау басталғанға дейінгі уақыт аралығы), мин;

tбл – өрт басталған сәттен бастап эвакуация жолдарына ҚӨФ таралуы салдарынан, мин;

tск – жол учаскелерінде адамдардың топталуының болу уақыты (жолдардағы адамлегіның тығыздығы 0,5 мәнінен артады).

3.4. Адамдарды ғимараттардан эвакуациялаудың есептік уақыты tр адамдардың сыртқа шығуға жылжуын модельдеу негізінде келесі тәсілдердің бірімен анықталады:

- адамдар легі жылжуының жеңілдетілген аналитикалық моделі бойынша (Қосымша 2);

- ғимараттан шыққан адамдардың жеке- лектік қозғалысының математикалық моделінің көмегімен (Қосымша 3);

- адамдар легі жылжуының иммитациялық-стахостикалық моделінің көмегімен (Қосымша 4).

Есептік эвакуация уақытын анықтау тәсілін таңдау ғимараттың көлемдік-жоспарлану сипатының өзіне тән ерекшеліктері, сондай-ақ ғимараттағы адамдар контингентінің ерекшеліктері ескеріліп жүргізіледі.

Есептеулердің нәтижелерін рәсімдеу кезінде эвакуациялаудың есептік схемасы ғимараттан (құрылғыдан) адамдарды эвакуациялау жолдарының барлық учаскелерінің параметрлерін (учаскенің ұзындығы мен ені, учаскедегі жол типі, учаскеден шығатын жердің ені, учаскедегі адамдар саны және т.б.) ескере отырып берілуі керек.

3.5. Эвакуацияның басталу уақытының мәні tнэ өрт ошағының қабаты үшін 0,5 мин тең қабылдануы қажет. Қалған қабаттар үшін эвакуацияның басталу уақытының мәні tн.э 1 қосымша бойынша анықталуы тиіс.

Егер өрт туындаған жер, адамдар оны бір мезгілде байқайтын зал болса, онда τн.э нөлге тең қабылдауға болады. Бұл жағдайда ықтималдық Рэ.п мына тәуелділік бойынша есептеледі:

(5)

3.6. Уақыт τбл эвакуация жолдарында әртүрлі уақыт сәттерінде ҚӨФ қауіпті мәндерге жету уақытын есептеу жолымен шығарылады. Қазіргі заманғы математикалық модельдердің теориялық негіздері және оларды есептеулер үшін қолдану тәртібі τбл 5 Қосымшада баяндалған.

3.7. Адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге бағытталған өртке қарсы қорғаныстың техникалық шешімдерінің нәтижелі жұмыс істеу ықтималдығы Рп.з, мына формула бойынша есептеледі:

, (6)

мұндағы Rобн – өрт сигнализациясы жүйесінің нәтижелі іске қосылу ықтималдығы. Параметрдің мәні Rобн техникалық құжаттамада көрсетілген өрт сигнализациясы жүйесінің техникалық сенімділігімен айқындалады. Техникалық сенімділік параметрлері бойынша мәліметтер болмаған жағдайда Rобн = 0,8 деп қабылдауға жол беріледі;

RСОУЭ – адамдарды өрт туралы хабарландыру жүйесінің нәтижелі іске қосылуының және өрт сигнализациясы жүйесі нәтижелі іске қосылған жағдайда адамдарды эвакуациялауды басқарудың шартты ықтималдығы;

RПДЗ – өрт сигнализациясы жүйесі нәтижелі іске қосылған жағдайда түтінге қарсы қорғаныс жүйесінің нәтижелі іске қосылуының шартты ықтималдығы.

Rобн, RСОУЭ и RПДЗ параметрлерін бағалау тәртібі осы Әдістеменің 5 бөлімінде баяндалды.

Адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге бағытталған өртке қарсы қорғаныстың техникалық шешімдерінің қатарына:

- өртке қарсы кедергілердің көмегімен эвакуация жолдарын ықтимал өрт ошағынан бөліп тастауға бағытталған конструктивті өртке қарсы шараларды;

- өртке қарсы кіргізіп-шығаратын желдеткіш жүйесін;

- ғимараттар мен құрылғылардағы өрттер кезінде хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйесін жатқызу керек.

4. Жеке өрт қатерін бағалау тәртібі


Ғимараттың өрт қауіптілігін талдау

4.1.Өрт қатерін талдау үшін ғимарат туралы деректер жинау жүзеге асырылады, олар:

көлемдік-жоспарлау шешімдерін;

қоршау құрастырылымдары мен орналастырылған жабдықтың жылуфизикалық сипаттамаларын;

жанғыш заттар мен материалдардың түрін, мөлшерін және орналасуын;

адамдардың санын және ықтимал орналасу орнын;

өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру, түтінге қарсы, адамдарды өрт туралы хабарландыру, адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерін қамтиды.

4.2. Алынған деректердің негізінде ғимараттардың өрт қауіптілігіне талдау жүргізіледі, бұл кезде мыналар ескеріледі:

өрт өршуінің ықтимал динамикасы;

өртке қарсы қорғаныс жүйесінің құрамы мен сипаттамалары;

өрттің адамдарға және ғимараттың құрастырылымына әсерінің ықтимал зардаптары.

Өртқауіпті жағдайлардың іске асу жиілігін анықтау


4.3. Өртқауіпті жағдайлардың іске асу жиілігі ғимаратта жыл ішінде өрттердің туындау жиілігімен анықталады. Ғимаратта жыл ішінде өрттердің туындау жиілігін анықтау тәртібі осы Әдістеменің 3 бөлімінде келтірілді.
Өрт өршуінің әртүрлі сценарийлері үшін қауіпті өрт факторлары алаңын құру
4.4. Қауіпті өрт факторлары алаңын құру үшін ғимараттағы адамдар үшін неғұрлым нашар зардаптар күтілетін өрт сценарийін немесе сценарийлерін сараптап таңдау жүргізіледі.

Өрттің өршу сценарийін жасау мына кезеңдерден тұрады:

өрт ошағының бастапқы орнын және оның өршуінің заңдылықтарын таңдау;

есептелетін аумақты белгілеу (есептеу кезінде қарастырылатын жайдың жүйесін таңдау, есептеу кезінде ескерілетін жайдың ішкі құрылымының элементтерін, ойықтардың жай-күйін анықтау);

қоршаған орта параметрлерін және жайдың ішкі параметрлерінің бастапқы мәндерін белгілеу.

Осы Әдістеменің 5 Қосымшасына сәйкес өрт өршуінің математикалық моделі жасалады және оның өршу динамикасын модельдеу жүргізіледі. Есептеулер нәтижесінің негізінде қауіпті өрт факторларының алаңын құру жүзеге асырылады және эвакуация жолдарын жабу уақытының мәні ОФП tбл. белгіленеді.


Қауіпті өрт факторларының адамдарға әсер ету зардаптарын оның әртүрлі өршу сценарийлері үшін бағалау

4.5. Қауіпті өрт факторларының адамдарға әсер етуінің зардаптарын бағалау өрт кезінде адамдарды ғимараттан эвакуациялау ықтималдығын анықтаудан тұрады. Адамдарды эвакуациялау ықтималдығы мына формула (4) бойынша, адамдарды эвакуациялаудың есептік уақытының және қауіпті өрт факторларының эвакуация жолдарын жабу уақытының мәндерін салыстыру негізінде есептеледі.

Адамдарды эвакуациялаудың есептік уақытын tр анықтау үшін осы Әдістеменің № 2-4 Қосымшаларына сәйкес адамдарды ғимараттан эвакуациялау моделі анықталады, есептік эвакуация схемасын құру жүргізіледі және адамдарды эвакуациялауды модельдеу жүзеге асырылады.

4.6. осы Әдістеменің 3 бөліміне сәйкес жеке өрт қатерінің шамасын Qв анықтау және оны жеке өрт қатерінің нормативтік мәнімен .салыстыру жүргізіледі.


Ғимараттың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің болуын есепке алу

20. Ғимараттың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің болуы (6) формуласына және осы Әдістеменің 5 бөлімінің қағидаларына сәйкес ескеріледі.

Жеке өрт қатерін есептеу тәртібін бейнелейтін блок-схема 1 суретте көрсетілген.

Сурет 1. Жеке өрт қатерін есептеу тәртібі





5. Өрт қатерін есептеу кезінде қосымша өртке қарсы шараларды есепке алу тәртібі


5.1. Жеке өрт қатерінің есептік шамасы нормативтік мәннен артық болған жағдайда ғимаратта өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге бағытталған қосымша өртке қарсы шаралар көзделуі тиіс.

Өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге бағытталған өртке қарсы шаралардың қатарына:

көлемдік-жоспарлық шешімдерді және өрттің таралуын шектеуді қамтамасыз ететін қосымша құралдарды қолдану;

өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау талаптарына жауап беретін қосымша эвакуациялық жолдар құру;

адамдарды өрт туралы хабардар етудің және адамдарды эвакуациялауды басқарудың жоғары типтегі жүйелерін орнату;

қауіпті өрт факторларының әсерінен қорғайтын түтінге қарсы қорғаныс жүйесін қолдану;

ғимараттағы адамдар санын ғимараттан қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін мәндерге дейін шектеу жатады.

5.2. Жоғарыда санамаланған өртке қарсы шаралардың әрқайсысының нәтижелілігі tр , tбл , tнэ, параметрлеріне әсер ету дәрежесімен, ал өрт сигнализациясы, түтінге қарсы қорғаныс жүйесінің және өрт кезінде адамдарды хабарландыру, адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерінің (Rобн, RСОУЭ и RПДЗ ).өрт кезіндегі міндеттерді шартты ықтимал орындауымен анықталады.

5.3. Өртке қарсы қосымша шара ретінде көлемдік-жоспарлық шешімдерді және өрттің таралуын шектеуді қамтамасыз ететін құралдарды қолдануға ықтимал өрт ошағы бар жайдың қоршау құрастырылымдарында пайдаланылатын қаптама құрылыс материалдарының нормаланған отқа төзімділік шектерін және төмендетілген өрт қауіптілігін қамтамасыз етумен қол жеткізіледі.

Өрттің таралу динамикасына аталған өртке қарсы қосымша шараның әсер ету дәрежесі және, сәйкесінше tбл параметрінің мәні ғимараттың көлемдік-жоспарлық схемасына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін tбл қайталап есептеу жүргізу жолымен анықталады.

5.4. Өртке қарсы қосымша шара ретінде қосымша эвакуациялық жолдар мен шығатын жерлер құруды қолдану кезінде түзету енгізілген көлемдік-жоспарлық шешімдер ескеріліп tр параметрді бағалау бойынша қайталап есептеу орындалуы керек.

5.5. Өртке қарсы қосымша шара ретінде адамдарды өрт туралы хабардар етудің және адамдарды эвакуациялауды басқарудың жоғары типтегі жүйелерін орнатуды қолдану кезінде өрттің туындауының және өршуінің сценарийлеріне байланысты эвакуация схемасының өзгеруін және эвакуацияланатындардың легін қайта бөлуді және, сәйкесінше адамдарды өрт туралы хабардар ету және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерінің жұмыс істеу алгоритмін ескеріп, tр параметрін бағалау бойынша қайталап есептеу орындалуы тиіс.


Аталған техникалық шешім үшін RСОУЭ параметрінің мәні техникалық құжаттамада көрсетілген адамдарды өрт туралы хабардар ету және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелері элементтерінің техникалық сенімділігімен анықталады. Техникалық сенімділік параметрлері бойынша мәліметтер болмағанда RСОУЭ = 0,8 деп қабылдауға жол беріледі.

5.6. Түтінге қарсы қорғаныс жүйесінің өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету деңгейіне әсері қолданылатын өртке қарсы қорғаныстың желдеткіш жабдығының техникалық сипаттамасын есепке ала отырып, tбл мәнін есептеу арқылы бағаланады. Желдеткіш жабдықтың параметрлерін іріктеу өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте есептеулерді орындау үшін аймақтық немесе далалық модельдерді қолдану қажет.

Аталған техникалық шешім үшін RПДЗ параметрінің мәні техникалық құжаттамада көрсетілген өртке қарсы қорғанысты басқару автоматикасы элементтерінің техникалық сенімділігімен анықталады. Техникалық сенімділік параметрлері бойынша мәліметтер болмағанда RПДЗ = 0,8 деп қабылдауға жол беріледі.

5.7. Ғимараттағы адамдар санын ғимараттан қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ететін мәндерге дейін шектеу қолданыстағы көлемдік-жоспарлық шешімдер және өрт кезінде эвакуацияланатындардың шектеулі мәні кезінде tр параметрінің мәнін қайталап есептеу арқылы ескеріледі.



5.8. Осы Әдістемеде көзделген есептеулерді жүргізуге қажетті бастапқы деректерді алу үшін анықтамалық ақпарат көздерін және ғимараттың жобалық құжаттамасын пайдалану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...