«Қоршаған орта мен еңбекті қорғау»

Loading...


бет1/8
Дата26.03.2020
өлшемі485.86 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Маңғыстау техникалық колледжі

«Қоршаған орта мен еңбекті қорғау»

және «Еңбекті қорғау және өндірістік экология» пәндерінен

дәрістер жинағы


Дайындағын: Адайбаева А.

1 дәріс

Кіріспе

Қоғамымыздың басты мақсаты-еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыру. Ал, тиімді еңбек ету үшін еңбекшілерге қажетті жағдай жасау, олардың денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы осы мәселелермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың проблемаларымен айналысады.

Халықаралық еңбек ұйымының дерегі бойынша дүние жүзінде жыл сайын орта есеппен 50 миллион немесе күніне 160 мың жазатайым оқиғалар болып тұрады.

Қысқасы, еңбекті қорғау дегеніміз-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Еңбек қорғау ғылымы өндірістегі жазатайым оқиғалардың, кәсіби сырқаттардың, жарылыстар мен өрттің себептерін анықтап, оны болдырмаудың қажетті шараларын жасайды.

Еңбекті қорғау еңбек қорғаудың заңдылықтарын, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік техникасын, және өрт қауіпсіздігін қамтиды.

Еңбек қорғаудың заңдылықтарына Қазақстан Республикасының Заңдары мен мен басқа да мемлекеттік актілер, Министрлер кабинетінің, кәсіподақ ұйымы мен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері , сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.

Өндірістік санитария дегеніміз- еңбекшіге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын ұйымдастыру, гигиеналық және санитарлық-техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі.

Қауіпсіздік техникасы дегеніміз- еңбекшіге қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын ұйымдастыру және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі.

Өрт қауіпсіздігі дегеніміз- өрттің алдын алудың, өрт шығу себептерін жоюдың, өрттің жайылуына жол бермеудің, адамдарды, жануарларды және материалдық құндылықтарды жедел көшіруді ұйымдастырудың және өртті сөндіру шараларының жүйесі.

Еңбек қорғау ғылымы міндеттерінің күрделілігі одан еңбектің қауіпсіз және тиімді жағдайларын жасауға қатысы бар басқа да ғылымдардың жетістіктерін пайдалануды, ең алдымен, әлеуметтік –құқықтық ғылымның, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың, әсемдік пен эргономиканың жетістіктерін пайдалануды талап етеді. Мысалы, машиналарды, аппаратураларды, басқа да жабдықтарды қауіпсіз пайдаланудың тәсілдерін дайындау барысында еңбекті қорғау ғылымы техникалық ғылымдардың шешімдерін пайдаланса, санитарлық талаптарды дайындау барысында кейбір медициналық және биологиялық пәндердің зерттеу қорытындыларын пайдаланады.

Еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын жақсартудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор.ол еңбекшілердің өмірін қорғаумен қатар, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбекшілердің еңбекке қатысу мерзімін ұзартуға, мамандарды тұрақтандыруға ықпал етеді және түрлі жағдайларға байланысты жұмсалатын шығынды азайтады.

Қазір еліміз бойынша жыл ішінде пайдаланылмаған барлық жұмыс күнінің 60-80 % еңбекшілердің түрлі себептермен науқастануынан болады.Егер осы жұмысқа уақытша жарамсыздықтың жылдық орташа көрсеткіші бір күнге кемітілсе, онда еліміздің халық шаруашылығы қосымшы 18 млн. Жұмыс күнін сақтаған болар еді.

2 дәріс

Тарау 1.Еңбек қорғауды ұйымдастыру

Еңбекті қорғауға қатысты негізгі құжаттар

Еңбек қорғаудың заңдылықтарына Қазаұстан Республикасының Еңбек кодексі мен басқа да мемлекеттік актілер, республика Министрлер кабинетінің , кәсіподақтарының орталық кеңесінің заңдылық актілері және кәсіподақ ұйымымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері , сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еібек қорғаудың нормалары жатады.

Еңбек қорғау мәселелері Қазақстан Республикасы Конститутциясында, Қвазақстан Республикасы Еңбек кодексінде, кәсіпорынның ережесінде айқындалған.2007 жылы 15 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы деп атап көрсетілген.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады. Кодекстің бөлімі жалпы ережелерді қамтиды, оның ішінде осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар, Қазақстан Республикасы еібек заңнамасының мақсаты мен принциптері, қолданылу аясы, мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзіреті, еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзіреті, еңбек қатынастары субьектілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген. Осы кодекстің 9-бабында оның күші жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады делінген.

Кәсіпорындар, оның ішінде жекеленген жалдаушылар мен еібек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер, кооператив мүшелері, өндірістік практикадан және өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери қызметшілер, үкімнің орындалуын бақылайтын органдар белгілейтін кәсіпорындарындағы жұмыс кезінде сот үкімі мен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.

Кодекстің екінші бөлімі еңбек қатынастарына , яғни еңбек шартын жасау, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, жұмыс және тынығу уақыттары, еңбекке ақы төлеу, мамандарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстары, жұмысқа орналастыру, кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі және жеке еңбек дауларын қарау мәселелеріне арналған.

Осы Кодекстің 24-бабында « Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшін тиісті біліктілігі бойынша жұмысты атқарады жіне еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал жұмыс беруші еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келісімінде көзделген жалақыны уақытылы және толық көлемінде төлейді және өзге де төлемдерді жүзеге асырады» делінген.

Кодекстің үшінші бөлімінде қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері, атап айтқанда, жасөспірімдер мен әйелдердің еңбегін реттеу, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда, вахталық әдіспен немесе үйде жұмыс істейтін қызметкерлердің, мүгедектердің және шағын кәсіпкерлік субьектілері қызметкерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері сараланған.Кодекстің 16,17 –тараулары әйелдер мен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін зиянды және қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарға, ауыр жүк көтеру, оны қолмен тасуға байланысты жұмыстарға пайдалануға заңда белгіленген тәртіппен шек қойылады.Мүгедек қызметкерлердің еңбек жағдайына байланысты Кодекстің 223 бабында « Еңбекті нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары, жұмыс режимі, кәсіптерді қоса атқару тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келісімі бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердің жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды» делінген. I және II топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді және оларға ұжымдық шартта белгіленген қосымшы жеңілдіктер берілуі мүмкін.

3 дәріс



Еңбек қорғауды ұйымдастыру, жоспарлау және басқару.

Кәсіби басқару үшін ГОСТ Р 12.0.006-2002 ЕҚСЖ «жалпы талаптарға сәйкес еңбек ұйымы «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі - жалпы жүйесінің бір бөлігі тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз басқару (менеджмент) компаниясы денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы іс-шаралар ұйымдастыру.

жүйесі ұйымдық құрылымын, жоспарлау қызметін, бөлу кіреді жүзеге асыру, дамыту үшін жауапкершілік, рәсімдер, процестер мен ресурстарды, мақсаттарға қол жеткізу, еңбекті қорғау саясаты мен шараларын талдау ұйымдастыру.

жүйесі олардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті басқару қызметкері қатысу нысанын құру керек міндеттері, жұмыс берушінің міндеттері (оның өкілі), басқа да лауазымды тұлғалары және олардың өзара іс-қимыл. Негізгі міндеті жүйесін қолдану - өндірістік процесіне қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау іс-шаралар. Ұйым, егер бұл қол жеткізуге болады Барлық жұмыс орындарында қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау.

Басқа шарттар еңбек және демалыс оңтайлы режимін құру, өмір сүру үшін жеткілікті қолайлы психологиялық климат, еңбек қажеттіліктері және, сайып келгенде, әлеуметтік қауіпсіздік қызметкерлер.

асыру ол белгілі бір жүйесі шеңберінде міндеттерді жүзеге асыру үшін орынды болып табылады, Еңбекті қорғауды басқару жүйесін қоса алғанда, кез келген басқару жүйесі, өйткені (Еңбекті қорғау), еңбек қорғауды ұйымдастыру жоғары деңгейін талап етеді ұйымдастыру.

Жылы: еңбекті қорғау кезек мынадай негізгі компоненттерін тұруы мүмкін

1) қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған мақсаттары мен міндеттері еңбек;

2) әдістері және осы мақсаттарға жету құралы;

3) қол жеткізу үшін құрылымы мен әкімшілігі мен ұжымның өзара Осы мақсатта. Бұл компоненттер кез келген сияқты белгілі бір корреляция болуы тиіс кез келген процестерді басқару жүйесі. Бұл қарым-қатынастар арқылы салынған жүйесінің элементтері.

1. Негізгі элементтері мен ұйымдастыру еңбекті қорғауды басқару жүйесін құру

ретінде Еңбекті қорғау ортақ жүйенің басқару бірлік болуы тиіс деп атап өтті ұйымның экономикалық қызмет. Менеджмент жүйесі - түрлі арқылы халықтың өнімді қызметін өзара байланысы ақпараттық және Басқару барлық деңгейлерде әсер жаттығулар басшылары:

қаласында тұтастай ұйым - жетекшісі (бас инженер) ұйымдастыру;

қаласында семинарлар, өндірістік аймақтар - департаменттер, бөлімдер басшылары.

басқару Кіріс ақпарат негізінде орган (саясат және нормативтік аспаптар) мақсаттарды орнату үшін қажетті ақпаратты бақылау жасайды, немесе қызметтерді жүзеге асыру үшін тікелей басқару шешімі, кафедралар, семинарлар және т.б. осы өндірістік бірлік. D. шенеуніктер бақылау пәндерді бар, т. е. асыратын орган. Мүмкін Connection Manager және атқарушы органдар.

Басқару әсер ету және жүйенің элементтері арасындағы қарым-қатынас ауызша ақпарат берілген бұйрықтар, регламенттер, телекоммуникация пайдалану жоспарлап отыр қорлар мен дербес компьютерлер.

Еңбекті қорғау осындай стандарт ретінде кәсіпорынның (STF) стандарттарына, пайдалануды көздейді моральдық және материалдық стандарттары, кәсіби қауіпсіздік коэффициенті деңгейін есептеу мемлекеттің әкімшілік және қоғамдық бақылау ынталандыру Occupational Safety және басқалар.

2. Мақсаттары мен міндеттері еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Мақсаты Еңбекті қорғауды басқару жүйесін құру және оңтайлы қамтамасыз ету болып табылады Ұйым қызметкерлері үшін (Рұқсат етілген) еңбек жағдайлары. Осы іске асыру үшін міндеттері, келесі әдістер мен құралдар.

Бухгалтерлік есеп және бағытталған қондырғыда еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау басқару, талдау еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін себептерін анықтау және қорытуға, стандарттар, ережелер мен қауіпсіздік стандарттары, сондай-ақ жоспарланған жеткізбеу себептері шешу үшін нақты іс-шаралар жұмыс және еңбекті қорғау іс-шаралары кемші...

4 дәріс

Еңбек қауіпсіздігіне еңбек ұжымының ықпалы.

Бір мекемеде еңбек істейтін адамдар еңбек ұжымын құрайды. Олар еңбек үдерісі кезінде және жұмыстан бос кездерінде бір-бірімен, тіпті өзге адамдармен қарым-қатынаста болады. Адамдардың осындай өзара қарым-қатынастарының жайы да еңбек қауіпсіздігіне әсер етеді. Өзара тілектестік пен мейірімділік орнаған, алауыздығы жоқ еңбек ұжымының еңбек қауіпсіздігіне оң әсері болады. Еңбекшілерді жасына, жынысына, дайындығы мен тәжірибесіне қарай айырып бөлудің өзі еңбек жағдайына теріс әсер етуі мүмкін. Ұжым мүшелері еңбек тәртібі мен технологиялық талаптарды саналы түрде қолдап, өндірістік тапсырмаларды орындауға ынталы болуы және еңбек қорғаудың талаптарын орындауға мүдделі болуы қажет.

Ұжым мүшелерінің мінез-құлқына басшылар мен мамандардың тәртібі де әсер етеді. Сондықтан олар үнемі тәртіпті, ұқыпты, сергек болып еңбек, еңбек қорғаудың талаптарын орындауда қатардағы жұмысшыларға үлгі көрсетуі тиіс.

Қысқасы , өндірісте жарақаттануды болдырмау үшін жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайын жасаумен қатар еңбекшілердің тиісті мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын қалыптастыру қажет.

Еңбек ұжымдарын және кәсіпорындарды, мекемелдерді, ұйымдарды басқаруда олардың рөлін арттыру туралы заңда еңбек қорғау мен еңбек жағдайын жақсарту саласында еңбек ұжымдарына төмендегідей өкілеттіктер берілген:


  • еңбек жағдайын жақсартудың, еңбек қорғаудың және санитарлық –емдеу шараларының жоспарларын талқылау, мақұлдау және оның орындалуын қадағалау;

  • техникалық қайта жабдықтау, өндірісті жарақаттандыру мен автоматтандыру, өндірістің мәдениетін арттыру, қолмен жасалатын ауыр жұмыстарды қысқарту бағыттарындағы өздерінің ұсыныстарын енгізіп, оның іске асырылуына белсене қатысу;

  • әйелдердің еңбек етуі мен тұрмыстық жағдайын жақсарту, ана мен баланы сақтау шараларын жасау және оны іске асыру;

  • мекемеде еңбек қорғау ережелері мен нұсқауларының орындалуын, еңбек қорғау жұмыстарына бөлінген қаржылардың дұрыс пайдалану мәселелерін талқылау және өздерінің ұсыныстарын енгізіп отыру;

  • қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне өз ұсыныстарын енгізіп, оны жүзеге аысруға қатысу;

  • еңбек қорғау ережелері мен қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарының бұзылуына кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде мәселелер қойып отыру.

5 дәріс

Автокөлік кәсіпорнындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.

Адам еңбек ету кезінде түрлі еңбек құралдарымен, машиналармен, сондай-ақ басқа адамдармен қатынаста болады. Сондай-ақ жұмыс кезінде адамға ауаның температурасы, ылғалдылығы, шу, діріл, жарық, т.б. түрлі өндірістік жағдайлар да әсер етеді. Осының барлығы белгілі бір өндірістік жағдайды қалыптастырады және адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеті, жұмысының өнімділігі осы жағдайларға байланысты болады.Егер осы жағдайлар нашар ұйымдастырылған болса, ол еңбеккердңғ жарақаттануы мен науқастануына басты себеп болады.

Еңбек жағдайы дегеніміз-еңбек ету кезінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы.Өндірістік фаторлар үш топқа бөлінеді:


  1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.

  • нормативтік-құқықтық факторлар, яғни еңбек туралы заңдар, ережелер, нормалар, стандарттар және олардың орындалуын бақылаудың тәжірибелері;

  • әлеуметтік –психологиялық факторлар, яғни жұмысшының еңбекке ынтасы, ұжым мүшелерінің өзара қатынасы, ұжымда қалыптасқан жағдай;

  • қоғамдық- саяси факторлар, яғни еңбек жағдайын жақсарту жолындағы қозғалыстар, жаңашылдық;

  • экономикалық факторлар, яғни түрлі жеңлілдіктер мен өтемақылар, моральдық және материалдық ынталандырулар;

  1. Техникалық және ұйымдастыру факторлары, яғни еңбек жағдайының материалдық-заттай элементтерін қалыптастыруға тікелей әсер ететін факторлар.Оған жататындар:еңбек құралдары, өндірісті ұйымдастыру шаралары, еңбек демалыстың режимі;

  2. Табиғи факторлар, яғни еңбек ететін жердңғ ауа райының, жер қыртысы мен суларының, өсімдіктерінің, тағы басқа ерекшеліктерінің жұмысшыға әсерін білдіретін факторлар.

Егер жоғарыда айтылған факторлар еңбекшінің науқастануына немесе жұмысқа қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқса, онда ол факторлар зиянды өндірістік факторлар болып есептеледі.

Аса қауіпті (апаттық) жағдай деп өндірісте жазатайым оқиғаны тудыратын төтенше жағдайды айтады. Еңбекшінің жарақаттануына әкеліп соқтыратын жағдайлар жұмысшының өзінің немесе жанындағы адамның қимылының дұрыс болмауынан, машиналар мен басқа да техникалардың істен шығуынан немесе еңбекті ұйымдастыру тәртібінің бұзылуынан болады. Өндірістің жоғары мәдениеті орныққан жұмыс орындарында, өндірістік және технологиялық тәртіп жоғары ұйымдастырылған орындарды, техниканы пайдалану ережелері бұлжытпай орындалатын жерлерде жарақаттану сирек кездеседі, кездескен жағдайда жұмысшының өз кінәсінен болады.

Еңбектің қауіпті және зиянды жағдайларын тудыратын факторлардың өзі төрт топқа бөлінеді:


  1. Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар: қозғалыстағы машиналар мен механизмдер, станоктар мен стендтер, жұмыс орнының шаңдануы мен газдануы, температуралық режим, шу, діріл, қысым, ылғалдылық, жарық.

  2. Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.оған жататындар: денені уландырғыш, қоздырғыш , түршіктіргіш, жүрек айнытатын заттар, ойлау , ескеру мүшелерінің қызметіне әсер ететін факторлар.

  3. Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Оған жататындар: бактериялар , вирустар, денедегі микроағзаны қоздыратын

факторлар, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың денсаулыққа, жүйке жүйесіне әсері.

  1. Психикалық-физиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.Оған жататындар: жүйкеге шамадан тыс күш түсіретін, ойлау мүшелерін зорықтыратын факторлар мен еңбектің бірқалыптылығы, қызбалық, еңбекшінің тез әсерленушілік қасиеті.

6 дәріс



Өндірістің қауіпті және зиянды факторларының, шаңданудың, газданудың

шуыл мен тербелістің шамаларын өлшеу.
Зиянды өндірістік факторлар – ол, адам ағзасына түскен кезде, зиянды әсерлер туындататын факторлар.

Қауіпті өндірістік факторлары – ол, белгілі бір жағдайда ғана адамға зиян тигізетін факторлар. Қауіпті және зиянды факторлар арасында анық айырмашылық жоқ. Қауіпті факторлар зиянды да бола алады.

Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары, өзінің генезі бойынша химиялық, физикалық жіне биологиялық болып бөлінеді.

Физикалық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары – микроклимат, өндірістік шаң, шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, иондалмайтын сәулелену, иондаушы сәулелену.

Химиялық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары – химиялық заттардың газдары мен булары, токсикалық химиялық заттардың аэрозольдері.

Биологиялық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары - макро- және микроорганизмдер, микроорганизмдердің метаболикалық іс – әрекеттерінің өнімдері және микробиологиялық синтез өнімдері, сонымен қатар табиғи негізі бар органикалық заттар.

Өндіріс орындарындағы микроклиматқа кіреді: температура, ауа ылғалдылығы, ауа қозғалысы, адамның қоршаған ортамен жылу алмасу және жылу бқлу қасиеті.

Адам ағзасына қажетті терморегуляциялық гомеостазды қамтамасыз ету, температуралық диапазонның қысқа болуына байланысты қиын. Микроклимат жылулық баланс әсеріне байланысты келесі дәрежелер бойынша ерекшелінеді - нейтралды, жылытушы және суықтаушы. Өндіріс орындарындағы микроклиматқа арнайы гигиеналық талаптар даярланады.

Шу – қатты ортаның механикалық тербелістері. Шу дегеніміз, кез – келген жағымсыз немесе ретсіз жиынтықтағы, түрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстар, олар адам ағзасына жағымсыз жұмыс пен демалысқа әсер етеді. 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер адам ағзасына қалыпты болып саналады, оны дыбыстық деп атайды, ал 16 Гц төмен жиілік – инфрадыбыс, 20 кГц жоғары жиілікті – ультрадыбыс деп атайды. Шу әсерінен адамда кәсіптік кереңділік пайда болады және ағзаның басқа да жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық нормативтері болады.

Діріл – қатты байланыстары бар жүйелердің тербеліс қозғалыстары. Дірілдің таралуына байланысты – жалпы және локальді дірілді ажыратады. Спектрдің қасиетіне байланысты дірілдер тар жолақты және кең жолақты, жиілікті құрамына байланысты – төмен жиілікті (октавты жолақта максималды жиіліктердің болуымен 8 – 16 Гц сипатталады), ортажиілікті ( 31,5 және 63 Гц ),жоғары жиілікті (125, 250, 500 және 1000Гц) - локальді діріл үшін , жұмыс орындарының дірілі үшін – 1 және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31,5 және 63Гц. Уақыт бойынша дірілдер тұрақты, олар үшін виброжылдамдық 2 еседен көп өзгермейді ( 6 дб – ға ) бақыланған уақыт аралығында (1 мин.кем), және тұрақсыз – виброжылдамдық 2 еседен кем емес өзгереді (6 дб –ға) бақыланған уақыт аралығында 1 мин.кем емес. Тұрақсыз дірілдер уақытта тербелетін келесілерге бқлінеді : үзілмелі және импульсті. Діріл көзі –ұрмалы аспаптар ( барабан ), ұрмалы - айналмалы әсері бар машиналар, механизацияланған айналмалы машиналар.

Жалпы діріл тасымалданушы, тасымал – технологиялық және технологиялық болып бөлінеді.

Діріл адам ағзасына әсер еткенде діріл ауруы пайда болады. Діріл ауруының ең маңыздысы, айқын қан тамыр өзгерістеріне алып келетін және полиневропатиялық симптоматикамен кездесетін түрлері.

Ультрадыбыс деп қатты ортаның механикалық тербелістерін айтады, оның жиілігі есту шегінің жоғарғы көрсеткішінен жоғары болады ( 20 кГц – тен). Ультрадыбыс, дыбыс сияқты физико – химиялық көрсеткіштермен сипатталады. Ультрадыбыс көзі ретінде ультрадыбысты жиілікті тербелістерді туындататын генераторлар.

Ультрадыбыс мүмкіндіктері кең, тірі организмдерге де әсері белгілі. Бактерицидті әсер көрсетеді.

Вегетотамырлық дистония мен астениялық синдром – ультрадыбыстың адам ағзасына әсер ететін ең жиі кездесетін аурулар.

Инфрадыбыс – акустикалық тербелістер жиілігі 20 Гц – тен төмен. Адам ағзасына әсері – жағымсыз сезім тудырады, астенизация, ағзаның функционалды жүйелерін өзгертеді.

Инфрадыбыс кең жолақты және гармониялық, тұрақты және тұрақсыз. Инфрадыбыс дауыс қысымының деңгейімен сипатталады. Күресу жолдары – ең негізгісі, пайда болатын көздердің алдын алу. Жеке бас қорғану шаралары – тығындар, наушниктер.

Өндіріс шаңы өндіріс аэрозольдерге жаталы. Өндіріс аэрозольдері – аэродисперсті жүйелердің түрі, олар өндіріс кәсіпорындарының жұмыс салдарынан пайда болады, бұл жерде дисперсті орта ретінде ауа саналады, ал дисперсті фаза – қатты және сұйық бөлшектер. Дизинтеграция аэрозольдері, конденсация аэрозольдері, шаң дисперстілігі. Шаң органикалық және бейорганикалық болады. Шаңның ағзаға негізгі әсері – өкпе тінінің фиброздануы. Қорғану шаралары – ұжымдық қорғаныс шаралары, жеке бас қорғаныс заттары.

Өндіріс шаралары – адам ағзасымен байланысқа түсетін заттар, аурушылдыққа немесе бөгде өзгерістерге байланыс уақытында және байланыс үзілгеннен кейін келешекте әсер ете береді. Улы заттар классификациясы түрлі ( адам ағзасына әсеріне қарай, ағзаға енуіне қарай, топтардың химиялық құрамына қарай, токсикалық дәрежесіне қарай бөлінеді).

7 дәріс



Автокөлік кәсіпорнындағы өндірістік жарақат пен кәсіби аурулардың

алдын алудың негізгі іс-шаралары.
Қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшының кездейсоқ оқиғаға ұшырауы өндірісте болған қайғылы оқиға деп аталады.

Егер жұмысшы жұмыс кезінде өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жарақат алса, ол өндірістік жарақаттану деп аталады. Өндірістік жарақаттануға, сондай-ақ , жұмысшының сол мекеменің көлігімен жұмысқа барар жолда, яки қайтарды алған жарақаттары да жатады.

Ал, жұмысшы мас болуы, ұрлық жасауы кезінде, болмаса әкімшіліктің рұқсатынсыз жеке басының қажетін өтеу кезінде алған жарақаты өндірістік жарақаттануға жатпайды.

Қоғамдық тапсырмаларды орындау кезінде, адамдарды құтқару кезінде және жұмысқа бару немемсе жұмыстан қайтуда жаяу, яки жалпы көлікпен жүрген кезінде алған жарақат жұмысқа байланысты деп есептелінеді. Жұмыстан бос уақытта алған жарақаттар тұрмыстық жарақат болады. Денені жаралап алу , соғып алу, затты өңдеу кезінде құрал- жабдықтарды абайламай қолданудан, жарамсыз апспаптарды пайдаланудан, балғаның басының сабынан шығып кетуінен , ауыр аспаптың немесе өңделіп жатқан заттың жерге түсіп кетуінен , аспаптың қолдан шығып кетуінен болады.Механикалық жарақаттанудың ерекше түрі-қолдың терісінің жарылуы, тітіркенуі.

Өндірісте адамдардың электр тогының әсерінен алған жарақаты көптеп кездеседі. Адам электр тогына түскенде оның терісінің және көзінің күюі , дене түршіккен кезде еріксіз қозғалудың немесе биіктен құлаудың әсерінен жарақат алуы және электр соққысының әсерінен жалпы электрлік жарақат алуы мүмкін. Электр соққысы адамның жүйкесін зақымдайды, бқлшық еттерінің құрысып –тырысуына, тіпті есінен тануына әкеліп соқтырады.Электр жарақатының ауыр түрлері жүректің қызметін және тыныс алу мүшелерінің жұмысын бұзады. Осының әсерінен адам клиникалық қазаға ұшырауы мүмкін.

Зиянды еңбек жағдайының әсерінен пайда болған науқас өндірістің қолайсыз жағдайларының ұзақ уақыт әсерінен еңбекшінің денсаулығының бұзылуы кәсіби науқастану деп аталады.Кәсіптік улану кәсіби науқастанудың ерекше түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби науқасқа жататын аурулардың тізімін бекіткен. Бұл тізімде ауруды тудыратын зиянкестердің және ондай аурулар көп кездесетін кәсіптер мен өндірістердің тізімі берілген.


  1. Пневмокониоздар(тыныс алу мүшесінің ауруы )

  2. Тербелмелі аурулар денеге дірілдің әсерінен пайда болады. Бұл аурулар денеге дірілдің әсерінен пайда болады. Бұл ауру үнемі пневматикалық және электрлік аспаптармен жұмыс жасайтындарға тән болады.

  3. Қолдың терісінң қатты және созылмалы ауруы (дерматит) металды термиялық өңдеу жұмыстарына, хромдаушылар мен металға химиялық жолмен ойып өрнек жасаушыларға тән болады.

  4. Катаракта-көздің мөлдір қабығының ауруы.Ол сәуле энергиясының әсерінен пайда болады.

  5. Электро-офтальмия-көздің шырышты және мөлдір қабығының ультракүлгін сәулелердің кесірінен ауруы.

8 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...